Pisa форматындағы тапсырмалар бойынша пәндік құзіреттілікті қалыптастыру деңгейін анықтау



Дата25.03.2023
өлшемі36,52 Kb.
#76144
Байланысты:
Статья Досанова


PISA форматындағы тапсырмалар бойынша пәндік құзіреттілікті қалыптастыру деңгейін анықтау

Досанова Назгул Какембаевна, математика пәні мұғалімі


Целиноград ауданы, Ыбырай Алтынсарин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі


PISA – білім беру саласындағы ең ауқымды халықаралық зерттеулердің бірі. PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Үш бағыт бойынша білім алушылардың сауаттылығын бағалау технологиясы PISA жобасына қатысушылардың алған білімдерін қорыта отырып, мектептен тыс жағдайларда қаншалықты қолдана алатынын анықтауға мүмкіндік береді.
15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалау негізгі мақсаты болып табылады.
PISA халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады.
Әрбір тапсырма бір мәселені суреттеген мәтінді қамтиды және мәтінмен қатар төрт немесе бес нұсқада жауабы бар сұрақтар, немесе таңдау бойынша қатар екi жауабы болуы мүмкін жорамалдар мен нақты бекiтулер қалыптарында көрсетiлген қиындық дәрежесі әртүрлі бірден алтыға дейін сұрақтарды қамтиды.
Сұрақтардың қалған бөлімдеріне оқушылар өз жауаптарын құрастырулары керек, олардың кейбiрi қысқа жауапты, қалғаны толық жауаптарды талап етедi. Соңғысы тест тапсырушылардан жеке өзіндік пiкiрді талап етедi және өз көзқарасын айқындауға мүмкiндiк бередi. Өзге кейбір сұрақтар оқушылардан шеңберде шектелген жауаптар нұсқаларын таңдауын талап етеді, дұрыс немесе бұрыс болып бағаланады (жабық құрастырылған жауаптар).
Математика пәні мұғалімі ретінде «функционалдық сауаттылық», «математикалық сауаттылық» ұғымын аса мән беремін.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді, яғни кеңінен алғанда, білім берудің көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметке адамдарды белсенді тарту қабілеттілігі, сонымен қатар өмір бойы білім алу.
Білім алушылардың жаратылыстану бойынша ғылымдарының құзыреті ғылымды тануға қатынас пен негізгі ғылыми құбылыстар мен процестерді түсуге тікелей қатысы бар әртүрлі мән-мәтінде бағаланады (сурет 1).
Сурет 1. Жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылықты бағалаудың құрылымы


«Құзыреттер» бөлімі үш дағдыны қарастырады: ұғындыру, бағалау және түсінік беру. Ол үшін үш пәндік сала бойынша білімнің үш типін меңгеру керек:



  • құбылысты ғылыми тұрғыдан түсіндіру;

  • ғылыми мәселелері бағалау және қалыптастыру

  • деректер мен дәлелдерге ғылыми тұрғыдан түсінік беру.

«Құбылысты ғылыми тұрғыдан түсіндіру» құзыреті бірқатар табиғи және апаттық құбылыстарды анықтау, бағалау және түсіндіру қабілеті ретінде анықталады. Білім алушылар тиісті ғылыми білімді еске түсіріп, қолдану, түсіндіру және ұсыну үлгісін анықтау, пайдалану және жасау, тиісті болжамдар жасау және негіздеу, түсінік беру гипотезаларын ұсыну және ғылыми білімнің қоғам үшін әлеуетті салдарын түсіндіру керек. Бір сағаттан артық уақыт бойы ғылыми баяндамаларды және зерттеулердің нәтижелерін сыни тұрғыдан бағалауға қажетті «ғылыми мәселелерді қалыптастыру» құзыреті өлшенді. Осылайша, ғылыми зерттеуді сипаттау және бағалау, мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешу жолдарын ұсыну қабілеті анықталады. Бұл берілген ғылыми зерттеуде жаттанды сұрақты танып білетін білім алушылардың жүріс-тұрысынан көрініс табады. Ғылыми тұрғыдан зерттелетін және зерттелмейтін мәселелерді ажыратады. Бұл мәселені танып білу тәсілдерін бағалайды. Бұл мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеу тәсілдерін ұсынады. Ғалымдар деректердің сенімділігін қалай қамтамасыз ететінін, сонымен қатар олардың объективтілігін сипаттайды және бағалайды. «Деректер мен дәлелдерге түсінік беру» құзыреті ғылыми деректерді, тұжырымдарды және дәлелдерді әртүрлі жағдайларды талдау қабілеті ретінде анықталады. Әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратқа түсінік бере алатын білім алушылар, ғылыми тұрғыдан ғылыми мәтіндерде жасырынған дәлелдер мен дәйектерді анықтай алады және ғылыми қорытындыларды бағалай алады.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар қоғамның зияткерлік және материалдық сферасына ықпал етеді. PISA тесттерінің «Жаратылыстану сауаттылығы» бағыты төрт компонентті біріктірді. Бірінші блок. «Контекст» шынайы өмірлік жағдаяттарда берілетін үш тапсырмалар тобын қарастырады. Бұл «Жеке», «Әлеуметтік» және «Жаһандық» (Денсаулық, Табиғи ресурстар, Қоршаған орта, Қауіп көздері мен тәуекелдік, жаратылыстану және Технология). Екінші блок. «Құзыреттер» үш дағды тобын бағалайды, «Білу және ғылыми сұрақтар қою» (мәселелерді анықтау, басты сөздерді айқындау және негізгі ерекшеліктерін табу), «Құбылыстарды ғылыми түсіндіру» (білімін қолдану, құбылыстарды негіздеу немесе интерпретациялау, білу) және «Ғылыми дәлелдерді қолдану» (қорытындылау мен салдарына баға бере алу). Үшінші компонент. «Білім» «Физикалық жүйе» (заттың құрылысы, заттың химиялық өзгеруі, қозғалыс, күш және энергия), «Тірі организмдер жүйесі» (клетка, адам, популяция, экожүйе және биосфера), «Жер және космос» (Жер тарихы, қабықтар) және «Технология» (ғылым мен технологияның байланысы, өнертабыстары). Төртінші блок. «Қатынастар» білім алушылардың ғылымға және зерттеу мәселелеріне қызығушылық таныту дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайды. Сонымен, 15 жастағы жасөспірімдердің танымдық дағдыларын, жаратылыстану құбылыстарын түсіну, дәлелдеу және ғылымға негізделген қорытындылар ұсына білу қабілеттерін мазмұндық блоктар мен жаратылыстану бағытындағы құралдар арқылы анықтауға мүмкіндік береді.
Пиза-2021 зерттеу негізінде келесі анықтама қолданылады: «Математикалық сауаттылық- бұл әртүрлі тәжірибелік мазмұндағы есептерді шешу үшін математиканы қолдану, матемалық тұрғыда ойлау»
«Математикалық сауаттылық» – бұл математика саласында әр түрлі өмірлік жағдаяттарды шешудегі жеке дәлелдемелерінің таңдауында адамның өз білімдерін пайдалану қабілеттілігі.
Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың келесі қабылеттіліктері жатады:

  • қоршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешуге болатын мәселелерді тани білу;

  • бұл мәселелерді математика тілінде құрастыру;

  • бұл мәселелерді математикалық айғақтар мен әдістерді қолдана отырып шешу;

  • шешiмдерде қолданылған әдiстерді талдау;

  • қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсіндіру;

  • шешімдердің нәтижелерін құрастырыпжазу.

Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөліктерінің біріне сәйкес келеді:

  • Сандар (өлшем);

  • Кеңiстiк және пішін;

  • Өзгерiстер мен қатынастар;

  • Анықталмағандық, белгісіздік.

Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі, осы аталған мазмұнды бөліктерімен қатар «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзыреттiлiгi зерттеуде «тұлғаның математикалық бiлiмдерінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және қабілеттерінің үндесуімен» анықталады.
Зерттеуде үш математикалық құзыреттiлiктiң деңгейлерi қарастырылады: елестету деңгейi, байланыс орнату деңгейі, ойлау деңгейi.
Математикалық сауаттылық Білім алушылардың әртүрлі өмірлік жағдайлардағы қабылдаған жеке шешімдерін негіздеу үшін математикалық білімдерін қолдана білу қабілеттерін бағалайды. Зерттеуге қатысушылар тапсырмада берілген ақпаратты өздеріне таныс концепцияларды, процедуралар мен фактілерді қолдана отырып түсіндіре білулері қажет. Сондай-ақ, сыни ойлау мен талдау жасай білу дағдыларын көрсетулері тиіс. Математикалық тапсырмалар мазмұны квантитативтік (сандық), кеңістік және ықтималдылық теорияларын да қарастырады. Халықаралық зерттеу сұрақтарының бірегейлігі - оқушылар тест тапсырмаларын орындау барысында күнделікті өмірлік жағдаяттарға байланысты математикалық пайымдауларды қолданудың маңыздылығын түсінеді. Халықаралық сарапшылар PISA жобасындағы «Математикалық сауаттылық» бағытының негізін қалайтын екі принципті анықтады. Бірінші. «Фундаметалды математикалық идеялар» мынадай облыстарды қамтиды: «Айнымалы және қатынас» (айнымалылар арасындағы тәуелділік, тұрақты және ауыспалы байланыстар, математикалық моделдерді қолдану), «Кеңістік және пішін» (геометриялық формалар, сызбалар, пішіндерді кеңістікте визуализациялау) «Белгісіздік» (ықтималдылық және статистикалық құбылыстар, мәліметтерді анықтау мен жалпылау, ғылыми болжам жасау) және «Сан» (мәліметтерді түсіндіру және дәлелдеу, өлшем бірліктерін ұғыну және арифметикалық ойлауды қолдану). Екінші. «Математикалық құзыреттілік» - дағдының үш деңгейін біріктіреді. Бұл «Елестету» (нақты фактілерді қолдану, математикалық объектілерді тану, алгоритмдер мен есептеуді орындау), «Байланыс орнату» (әртүрлі тапсырмаларды шешу, бірнеше фактілер мен ақпараттар арасындағы байланысты таба білу) және «Ойлау, пайымдау» (әртүрлі бөлімдердегі білімдерін қолдану, кешенді тапсырмаларды шешу және табу заңдылықтарын орындау). Мысалы, бірнеше Пиза тапсырмаларын сараптай келе бір тапсырмада бірнеше құзыреттілікті айқындауға болады (Кесте 1).
Кесте 1. Математикалық құзыреттілігін анықтау

Мазмұндық идеясы

Математикалық құзыреттілік

Елестету

Байланыс орнату

Пайымдау

Сандар

Айырбастау 1,2
Географиядан тест 1

Кітап сөресі 1

Айырбастау 3



Кеңістік және пішін

Тұрғын үй 1



Тұрғын үй 2
Ойын сүйегі 1
Үшбұрыш 1
Құрлық аумағы 1




Өзгеріс және қатынас

Қына 1
Шамшырақ 1
Адам жүрісі 1
Жарыс машинасы 1,2,4



Алма ағашы 1,2
Интернет 1
Космосқа ұшу 1
Шамшырақ 2
Қына 2
Пицца бағасы 1
Адам жүрісі 2
Жарыс машинасы 3

Алма ағашы 3
Интернет 2
Шамшырақ 3

Анықтал-мағандық

Экспорт 1

Тонау 1
Экспорт 2




Қорыта келгенде, математика пәнінен PISA форматындағы тапсырмаларды орындай отырып, оқушылардың кездесетін қиыншылықтарын және оны шешу жолдарын анықтадым. Оқушының кездесетін қиындығы: есептің мәтінін түсініп оқымауы, есептің шартын көз алдына елестету және берілген сызбалардан сәйкес сызбаны табу, пәнаралық байланысты ұштастыру, тапсырманы өмірлік жағдаяттармен байластыру сияқты мәселелерді орындай алмауы.


Осы мәселелерді шешудің мынадай жолдарын ұсынар едім: есептің берілген шартын толық түсінік оқу, кеңістікте елестете алатын қабілеттерін дамыту, пәнаралық байланысы бар есептерді сабақта пайдалану және жандандыру, практикалық мазмұнды есептерді көбірек пайдалану.

Қолданылған әдебиеттер:


1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы.
2. PISA, PIRLS халықаралық зерттеулер контекстінде оқу сауаттылығын дамыту. Әдістемелік нұсқау. Развитие грамотности чтения в контексте международных исследований PISA, PIRLS. Методические рекомендации. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. – 80 б.
3. PISA – Халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал. – Астана, ҰББСБО, 2012, 123 б.
4. PISA-2015 халықаралық зерттеуге дайындықты әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік жинақ. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 118 б.
5. PISA: математическая грамотность. – Минск: РИКЗ, 2020. – 252 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет