02.10.2023ж Пішіндерді салу мен өңдеудің негізгі құралдары
Суретте құралдардың топтарға бөлінгенін және әр топ бір-бірінен жіңішке сызықпен бөлінгенін көруге болады. Құралдар топтарын қарастырайық.
1 группа – орындау құралдары:
1) Sеlection Tool (V) (Выделение), ол объектілерді таңдауға, жылжытуға, масштабтауға және айналдыруға арналған.
2) Direct Sеlection Tool (A) (Направленное выделение) - түйіндер мен сегменттерді таңдауға және өңдеуге арналған.
Group Sеlection Tool (Групповое выделение) - қадамдық ауысулар мен топтарда жеке объектілерді таңдауға мүмкіндік береді.
3) Magic Wand Tool (Y) (Волшебная палочка) - бірдей толтырумен барлық нысандарды таңдауға мүмкіндік береді.
4) Lasso Tool (Q) (Лассо) - барлық объектілердің бірнеше түйіндерін бірден таңдауға мүмкіндік береді.
2 группа – негізгі сурет салу құралдары: 1) Pen Tool (P) (Перо) - қисықтарды салуға арналған
Add Anchor Point Tool (+) - бар жолға түйіндерді қосуға мүмкіндік береді.
Delete Anchor Point Tool (-) - қажет емес түйіндерді жоюға мүмкіндік береді.
Convert Anchor Point Tool (Shift+C) - контурларды өңдеуге арналған.
2) Type Tool (Текст). Оның көмегімен мәтіннің екі түрін жасауға болады: қарапайым (абзац) және бұйра.
Area Type Tool – аймақтағы мәтін.
Type on a Path Tool – мәтінді қисық бойымен немесе нысан бойынша.
Vertical Type Tool – тік мәтін
Vertical Area Type Tool – аумақтағы тік мәтін
Vertical Type on a Path Tool – жол бойындағы тік мәтін.
3) Line Segment Tool (Линия) - әртүрлі бұрыштарда түзу сызықтар салуға арналған.
Arc Tool (Дуга) - қисық сызықтарды жасауға арналған.
Spiral Tool спиральдарды салуға арналған.
Rectangular Grid Tool – төртбұрышты тор.
Polar Grid Tool – полярлық тор (дөңгелек).
4) Rectangle Tool (M) - тіктөртбұрыштарды салу үшін қолданылады.
Rounded Rectangle Tool – дөңгелек тіктөртбұрыш.
Polygon Tool - көпбұрыштарды құруға арналған.
Star Tool – төбелерінің саны әртүрлі жұлдыздарды салуға арналған.
Flare Tool - бөлектеу
5) Pencil (Карандаш) – қарапайым сызықтарды салу үшін қолданылады..
Smooth Tool – сызықтарды тегістеуге қызмет етеді.
Erase Tool - сегменттерді жою үшін қолданылады.
6) Paintbrush (Кисть) – қылқаламмен бояуға мүмкіндік береді.