Пневматикалык (ауа кушімен ) байыту.
Пневматикалық отсадкалау машинасы
(ПОМ).Оның жалпы көрінісі схематикалық түрде 45-суретте көрсетілген.
45-сурет.Ауамен отсадкалау машинасының схемалы көрінісі;
1-корпус:2-тор:3-фарфор шарлары:4-клапан-пульсатор:5-секторлы затвор:6-шығарғыш Қалталар:7-винтті конвейерлер:8-желдеткіш:9-зонт:10-тесіктегіш плита:11-клапан.
Еш саңылаусыз (ауа кірмес үшін)жасалған және горизонтқа 10-11
0көлбеу орнатылған корпус (1)ішінде тесіктерінің диаметрі 1,2-1,5мм екі қабат тор (дека) (2)орнатылған. Екі тор арасына диаметрлері І5мм фарфор шарлары (3) тол-тырылған. Олар тор астынан тік бағытта берілетін ауаның біркелкі жайыла шығуына себеп болады. Камерадағы тор астындағы кеңістік оның ұзын бойына калқамен екіге бөлінген. Демек.торлы дека екі жарты декадан тұрады деуге болады. Ауа осы екі бөлімге клапан-пульсатор (4) арқылы кезек беріледі:бір бөлімге ауа түскенде, екінші бөлімге түспейді.Сөйтіп әр жарты декаға ауа үзілімді беріледі. Тордан және зат кабатынан өткен шаңды ауа корпус үстіне орнатылған зонт(9) астындағы кеңістіктен арнаулы жеке желдеткіштен тартылып тазалағыш циклондарға түсіп, одан әрі атмосфераға шығарылады.
Бастапқы көмір дека үстіне ішіне заттың түсуін реттейтін
секторлы-затвор(5)орнатылған бункерден түседі.Көмір әр жарты дека үстіне белгілі қалыңдықпен бір келкі түсу үшін үстіңгі тордан 50мм биіктікке, тесігінің диаметрі 50х50мм үшінші тор (10)орнатылған.Оның төменгі екі тордан айырмашлығы - ол шарнирлі ілгіштерге ілініп арнаулы қондырғымен тербелімді қозгалысқа келтіріледі.
Сонымен дека үстіне түскен зат кесектері салмағына қарай үзілімді ауа ағымы әсерімен кіші тесікті үстіңгі тор үстінде әртүрлі қабаттарға жиналады
. Көмір (жеңіл фракция) үстіңгі қабатта қалып, ал тау-жыныс минерал кесектері астыңғы қабатқа түседі.Осы екі қабат арасына екі аралықты қасиетті түйіршіктер жиналады.
Ауа деканын узын бойына бір қалыпты түсу үшін және әр қабаттағы фракциялардың шығымын және сапасын реттеу үшін торлар астындағы кеңістік көлденең бағытта үш секцияға бөлінген. Әр секцияға түсетін ауа көлемін арнаулы клапандармен (11)реттеуге болады. Әр секцияның біткен жерінде торларда жарықшалар бар. Астыңғы кабаттағы зат ығыса келе сол жарықшалар арқылы қалталарға (6) түседі.Олардан винтті конвейерлер (7) арқылы үздіксіз шығарылып отырады.Сөйтіп бірінші секцияның біткен жеріндегі жарықшаққа ең ауыр фракция бөлініп түседІ.Бұл кезде үстіңгі қабаттар тура жылжи береі.Екінші секция біткен жерде(1) жарықщаққа екі аралық қасиетті кесектер түседі.Ақырғы секциядан ең үстіңгі қабат (көмір концентраты)шығады. Егер оның сапасын көтеру керек болса бұл қабатты екі қабатшаға бөліп алуға болады,демек үстіңгі қабатша таза көмір қабаты түрінде,ал астыңғы кабатша екі аралық өнім түрінде алынады.Ол
қабатты қабатшаларға бөлу үшін көлденең бағытта жоғары -төмен
түсіруге болатын шибер орнату қажет.
Осы келтірілген жайлардан пневматикалық отсадкалау машинасыны
ң жұмысы сумен істейтін машиналардың жумысынан еш айырмашылығы жоқ екенін көреміз. Бұлардаң техникалық сипаттамасы тамендегідей;
2.6-4,4
125-420
19-24
27-37
80-100
Тор ауданы,м2
Ауаның берілу жиілігі,мин-1
Ауаның шығыны,мың м
3сағат
Ауаның қысымы,мПа
Өнімділігі,т/сағат
9. Гравитациялық байытудың технологиялық схемалары;
Пайдалы қазбалардың кай түрі болмасын байыту процесінде бірнеше не көптеген операциялардан өткізіледі.Демек,кеннен(сол сияқты көмірден де)тек бір операция ғана жүргізіп ақырғы өнімдер (концентрат және қалдық) алу қиын.Қолданылатын байыту операцияларының қажеттігі және саны бастапқы байытылатын заттың қасиеттеріне байланысты.
Байыту алдында жүргізілетін дайындағыш процестердің схемалары 4-тарауда келтірілген.Бұл параграфта тек олардан кейін
жүргзілетін гравитациялық байыту технологияларының ең қарапайым схемалары келтірілген.Іс жүзінде байыту фабрикаларында қолданылатын технологиялық схемалар әлдеқайда күрделі келеді.Әдетте оларда бір ғана процесс түрі (мысалы,отсадка және
т.б. )емес.бірнеше процестер қолданылады.
46-суретте кеннің концентрациялау столдарында байыталғанда қолданылатын үлгі схема түрі келтірілген. Ұнтақталған кен камералык гидроклассификаторда бірдей шөгу принципімен төрт не бес класқа бөлінеді. Әр ірілікті класс сол ірілікке сай режимде жұмыс істейтін концентрациялау столына түседі.Әр столдан екі не үш өнім алынады.Бірінші вариант-басқы столдарда екі өнім алынады. Егер қалдық ақырғы өнім ретінде алынса. концентраттың сапасы төмен болады да, ал оган бағалы зат бөлу дәрежесі жоғары болады. Сондықтан концентрат тазалау операцияларына түседі.Соның нәтижесінде сапалы концентрат және екі аралықты өнім алынады. Ақырғы аталған өнім қосымша ұнтақталғаннан кейін қайтадан байыту процесіне түседі. Екінші вариант-басқы столдарда тағы екі өнім алынады : ақырғы өнім ретінде жоғары сапалы концентрат және құрамында бағалы зат үлесі жоғары қалдық. Соған байланысты қалдық қосымша уақталады да қайта байытылады.Үшінші вариант-басқы столдардан үш өнім алынады: аралық өнімдер ретінде концентрат және қалдық, ал екі аралық өнім ретінде бөлінген зат қосымша ұнтақталып, қайта байытылады. Ақырғы вариантпен байыту ең тиімді технология больш табылада. Себебі қосымша ұнтақтауға шығымы аз тек екі аралық өнім ғана түседі. Ең тиімсізі ретінде екінші вариантты атауға болады. Айта кету керек, іс жүзінде әр түрлі технологиялардың тиімділігі не тиімсіздігі тек кеннін қасиетімен анықтала-ды. 46-суретте столдарда байыту технологиясының үшінші вариантының ең қарапайым түрі келтірілген. ^
Егер көн ірі сеппелі болса байыту технологиясы белгілі мөлшерге дейін ұсату процесінен кейін жүргізіледі.Мұндай жайда байыту отсадка процессін қолданудан басталады. Ұсақталған кен /5-50мм/ грохоттарды ірілік кластарға бөлінеді. Әр класс жеке отсадкалау машиналарда түседі.Отсадкалау технологиялық процестері де жоғарыда сипатталған варианттармен жүргізіледі. Айта кететін жай кен, әсіресе түсті метал кендері, ірі сеппелі түрде :сирек кездеседі.Соған байланысты ұсатылған кейіннен кон-центратты ақырғы өнім ретінде алу қиын. Сондықтан көпшілік жағдайда бастапқы отсадкалау машиналарынан алынатын концентрат уақталады.Уакталу дәрежесіне қарай одан әрі не отсадкалау ма-шиналарында не концентрациялау столдарында байытылады. Осы айтылған жайдан шығарылатын корытынды: кендер байытылғанда отсадкалау қолданылса. оған қосымша басқа да гравитациялық процесс түрлері қолданылып отырады. 47-суретте отсадкалап байыту техно-логиясының тек бір варианты ғана келтірілген.
47-сурет. Отсадкалаумен кен байыту технологиясының мысалды схемасы
48-суретте мысал ретінде ірілі-ұсақты сеппелі кенді әртүрлі гравитациялық процесстерді қолданып байытудың технологиялық схемасы келтірілген. 100ге дейін ұсатылған кен екі ірілік класстарға бөлінеді:-100+12және-12+0мм. Ірі клас (-100+12) ауыр суспензияда байытылып даяр алнады. Ауыр фракция тығыздығы жоғарылатылган екінші суспензиядан одан даяр концентрат бөлінеді.Алынған жеңіл фракция 12мм-ге дейін ұсаты-лып (оған бастапқы бөлінген -12+0 класы қосылады) екі ірілік кластарға бөлінеді: -12+5және-5+0мм. Олардың әр қайсысы отсадка процессімен байытылып даяр концентраттар (ауыр фракцяалар) аланады да,жеңіл фракциялары косылып ұнтақталғаннан кейіи концентрациялау столдарында және винтті бөлгіштерде байытылады.Демек кеннің сеппелігінің ірілігіне қарай гравитацялық процесстердің әртүрлі комбинациялары қолданылуы мүмкін. Олардың тиімді варяанттарын таңдау алдын-ала көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы анықталады. Кеннің сеппелік дәре-жесіне және минералдардын қасиетіне карай гравитациалық процестермен қатар басқа да байыту әдістері қолданылуы мүмкін.Мысалы, көптеген кен түрін байытуда гравитациялык және флотация-
лык әдістер бірге жиі қолданылады.