Поэмасы Ә. Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» романы Ш. Мұртаза «Қызыл жебе»



бет1/2
Дата26.10.2022
өлшемі23,71 Kb.
#45393
түріПоэма
  1   2

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


«Прозадағы көркем ой» бөлімі
Шығармалар: І. Есенберлин «Қаһар» романы
К. Тоқаев «Түнде атылған оқ» повесі
Ж. Нәжімеденов «Келін» поэмасы
Ә. Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» романы
Ш. Мұртаза «Қызыл жебе» романы

1-БӨЛІМ
1. Тұжырымдарды композициялық құрылым ретімен орналастырыңыз

  1. Ақ патша мен оның өкілдерінің қазақ батырларының хаттарын жауапсыз қалдыруы. Қараөткел мен Жайық арасындағы ең үлкен ереуіл.

  2. Қоқан хандығы мен Ресей империясының қазақ жерін өз иеліктеріне қосып алу мақсатындағы жымысқы ойлары мен тартыстары. Ожардың опасыздығы.

  3. Әбілғазы мен Таймасқа жорытқан Кенесарының түсі. Ұлы жүз бен қырғыз жерінде Кенесарыға құрылған қақпан. Кекілітау бауырынан тапқан ажал.

  4. Қасым төренің билікті Кенесарыға беруі.

  5. Қасым төре, оның үлкен балалары Есенгелді мен Саржан шайқастары.

А) оқиғаның басталуы
В) оқиғаның байланысуы
С) оқиғаның шиеленісуі
D) оқиғаның шарықтау шегі
Е) оқиғаның шешімі

1) .... 2) .... 3) .... 4) .... 5) ....


[1]

2. «Ақиқат пен аңыз» романының бас кейіпкері?


А) Қасым Қайсенов
В) Әзілхан Нұршайықов
С) Баубек Бұлқышев
Д) Бауыржан Момышұлы
[1]

3. «...Екі адам, бір жолбарыс.


Бір адам, бір жолбарыс.
Жолбарыс...» - деген сөз қай кейіпкерге тиесілі?
А) Губернатор
В) Рысқұл
С) Тұрар
D) Бронников
[1]

4. Ұсынылған үзіндіде қандай мәселе көтерілген?


Қара талқан, қара талқан бір кезде
Қара нұр боп ойнап еді-ау бұл көзде.
Қара талқан! Қасиетіңді кеш маған,
Енді сені “сонау жыл” деп еске алам...
Сол тірлікті – кемпір, келін, шал бағып,
Аспан құсап қарайтұғын паңданып.
Алдап-сулап жөнелтетін мезгілді,
Және өздері қалатұғын алданып.
А) қара талқанның тарихы
В) соғыс тауқыметі
С) отбасылық құндылық
D) алданған адамдар
[1]

5. «Түнде атылған оқ» повесінде Черноносовтың Бақытжанды өлтіру себебі


А) Бақытжан Черноносовты күдікті деп танығаны үшін
В) Черноносов Бақытжанды күдікті деп танығаны үшін
С) Талғат пен Бақытжан дос болғаны үшін
D) Көлбастаудан кету үшін
[1]


2-БӨЛІМ
6. Ойларынан ажырады ол жай күнгі,
бірінші рет мойындады қайғыңды.
Бірінші рет сүйіп еді бір жігіт,
одан-дағы бірінші рет айрылды.
Тұңғыш шыққан гүл секілді ырғала –
тұңғыш рет жарық көрді бір бала.
сол күн бұған сезім берді жаңа тым,
сол күн бұған алып берді ана атын.
Тез арықтап семіз өмір, тойлы өмір
Қайта киді сыймай қалған көйлегін.
Өлең жолдарындағы автордың ойын жеткізудегі қолданған көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз.
[5]

7. Неліктен жазушы өз шығармасының атын «Ақиқат пен аңыз» деп таңдап алған? Тақырыптың шығарма идеясымен қандай байланысы бар?


[5]

8. «Тұрар болса «жетім қозы тасбауыр, түңілер де отығар» дегеннің керінде еді» деген жолды сол кезең және уақытпен байланыстыра 3-4 сөйлеммен түсіндіріңіз.


[5]


3-БӨЛІМ
9. Төмендегі екі тақырыптың бірін таңдап, 250-300 сөзден тұратын әдеби эссе жазыңыз.

  1. Ж.Нәжімеденов «Келін» поэмасының тарихи және көркемдік құндылығын бағалаңыз.

  2. І. Есенберлиннің «Қаһар» романындағы тарихи оқиғаларды суреттеудегі автор шеберлігіне талдау жасаңыз.

[10]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет