Поэзия адамның жан дүниесіне рух пен энергия беретін жанр



Дата10.10.2024
өлшемі17,85 Kb.
#147546
Байланысты:
мақала Бүркіт Ысқақов жайлы


«Шоқтығы биік тұлға»
Поэзия – адамның жан дүниесіне рух пен энергия беретін жанр. Нағыз ақындарға тән нәрсе – бұл ағаш, өзен, боран немесе адам болсын, өз кейіпкерінің күйіне ену және тілді құрал ретінде қолдана отырып, сезілген күйді сөзбен қамту мүмкіндігі. Сөз сезімі ақынға тән нәрсе. Сөздің бұралуы үшін оған қуат, дем беріп, рухтандыру керек. Сонда ғана өлең "өзі үшін" жазылса да, өмірге келеді, естіледі. Нағыз ақындар бұл талантқа ие. Біз нағыз поэзиямен байланыста болған кезде, ол еріксіз өз дыбысымен біздің жанымызбен байланыста болады. Нағыз ақындар кетіп, өздері рухқа айналады, бізге өздерінің жан тербелісін поэтикалық формада мұра ретінде қалдырып кетеді. Сондықтан нағыз поэзия әрқашан заман талабына сай болып қалады.
Қазақ халқында ақынды ерекше қадірлеген. Оның әрбір сөзін қасиетті де қастерлі ұғым санап, әр сөзіне келісіммен қараған. Ежелден бергі мұралары үзіліссіз келе жатқан көптеген шешендер, ақындар қазақ елінде өте көп. Солардың асыл мұрасы біз үшін, қазақ әдебиеті үшін де таусылмас байлық, сарқылмас қазына. Зар заман ақындарынан келе жатқан елдің келешегін ойлап, қазіргісінің ащы шындығын шымырлата жазу бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келе жатыр. Солардың бірі - біздің жерлесіміз Қайып Айнабеков атамыз. Ол кедей отбасында дүниеге келсе де, әкесінен ерте айырылса да, жақсы тәрбие алып, әдебиетімізде орын алды. Нағашыларында тәрбиеленіп, кейін олардан бөлініп шығып, өз бетінше еңбек етіп, күн көрген. Қазақ даласындағы кедейдің сол кездегі кешкен тұрмыстық ауыр жүгін Қайып та бірге арқаласып, басынан бірге өткізеді. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, мектеп ашып, жастардың сауатты болуына молынан септігін тигізген. Ақынның Ұлы Отан соғысының ардагері екендігін де ұмытпауымыз қажет. Ақын өзінің жан тыныштығын осы поэзиядан табады. Әсіресе, өлеңдерінің тақырыбы лирикаға жақын. Бірақ лирикалық өлеңдермен бастағанмен, кейін олар үлкен әлеуметтік мәселелерге ауысады. Қайып ендігі жерде жоқшылықтың зарын, тұрмыстың тауқыметін, таршылығын тартқан қазақ еңбекшілерін жырына қосады. Үстем тап өкілдерінің елді жегідей жеген әр түрлі зұлымдық ниет, арам пиғылдарын, келіссіз іс-әрекеттерін ащы мысқылмен ашына түйрейді. Жиырмасыншы жылдары Қайып қазақ кедейлеріне бостандық алып беріп, әйелдерді еркін теңдікке жеткізген. Совет өкіметі туралы толып жатқан өлең, жырлар шығарады. "Өмірді ұқсату", "Тану", "Жұмсау", "Азат құс", "Үндеу", "Кедейлерге", "Әйелдерге", "Тілеу ниетім", "Қазақстанның мүшелеріне" секілді т.б. ақын туындылары осы кезеңнің үлесіне жатады. Қ.Айнабеков сонымен бірге айтыс ақыны. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген игілікті істерге белсене араласқан. Қарағанды ақындарының 1943 жылғы алғашқы айтысын бастаған осы Қайып болатын. Ақынның осындай еңбегін академик-жазушымыз Ғ. Мүсірепов дер кезінде жоғары бағалады: "Айтыс–ақындар қатарын молайта түсуге де, екшеуге де жол ашып отыр. Бұл күнге дейін қалтарыста қалған Қ.Айнабеков сияқты ақындарымыз Қарағанды айтыстарының үстінде өздерін жұртқа көрсете алды, өсіп те қалды. Басқа реттерде көптің бірі сияқты болып жүрген ақындардың ішінде шаршы топқа түскенде құлаштай алатындары барлығы да сол айтыстарда көрінеді. Шашубайға төтеп бере алған Көшен, іргелі ақын Сәби мен Ілиясты жеңген Қайып бұл айтыстарға дейін көріне алмай, елеусіз жүріп еді",–деп жазған. Оның артында сонша бай болмағанмен біраз әдеби мұра қалды. Сол үшін де ақын есімі халық жадында ұзақ сақталмақ.
Кезінде елі елмен жауласса, бір сөзге жауласса ақынның сөзіне тоқтайтын, ал қазір сөз қадірін ұғынар қазақ азайып барады. Еліміздің елдігінде егемендігін сақтау үшін, әр қазақтың өз ойы, пікірі құнды. Ақын сөйлесе, келісер, жамандығына күйінер, қиындықта бірігер. Нағыз тұтас ел болсақ, қадірлілерімізді ардақтай алсақ, еліміздің жоғарыдан көріне берері сөзсіз!

Қ.Шайменов атындағы ЖББМ


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бахриденова Зарина Серікжанқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет