Дидактикалық материал
1-қосымша
ПОПУЛЯЦИЯ санының өзгеруіне әсер ететін факторлар
Кез келген популяцияның саны тұрақты өзгерiп отырады. Уақыт өткен сайын тұрақты күйге өтеді. Iс жүзiнде популяция саны бiр жерде тұрып қалмайды, жағдайлардың өзгеруiне сәйкес орташа деңгей төңiрегiнде үздiксiз ауытқиды. Бұл ауытқу қарқыны әртүрлi болады. Популяциялық динамиканың 3 түрi бар: тұрақты, өзгергiш және жарылғыш. Тұрақты деп бiрнеше мәрте өзгеретiн сандық өзгерiстердiң, өзгергiш – ондаған есе ауытқуын, ал жарылғыш деп қалыпты санның периодты түрде жүз және мың есе арту динамикасын айтады.
Популяция санына әртүрлi факторлар әсер етедi: ауа-райы, қорек мөлшері, жыртқыштар саны, аурулар, популяцияның жастық құрамы, жыныс және жас топтарының қатынасы және т.б.
Олардың iшiнде факторлардың екi тобын бөлiп қарастырады. Бiреулерiнiң әсерi бiржақты болып келетін абиотикалық факторлар. Олар тығыздығы мен санына тәуелдi емес, тiкелей популяцияға әсер етедi. Бұлар абиотикалық факторлар, мысалы, ауа-райы жағдайы: температура, жаңбыр, желдер, күн радияциясы, қысым және т.б. Олар өлiмдi азайтып немесе арттыруы мүмкiн кейде көбеюдi жақсартуы мүмкiн.
Бұл факторлар популяция тығыздығын реттемейдi, оған бiр жақты әсер етедi. Оларды зерттеу белгiлi территориядағы түр санына болжау жасау үшiн қажет.
Факторлардың екiншi тобына популяцияның санын реттеушiлер жатады. Реттелу – бұл екi жақты өзара әсерлесу. Ол керi қайтымды байланыс принципi бойынша түзiледi, популяция санының өсуi осы өсу кедергiсiнiң артуын тудырады. Реттеушi фактордың әсерi популяция тығыздығына тәуелдi. Түр саны артқан сайын, кедергiсi де артады. Санның төмендеуiне байланысты реттеушiлер әсерi азаяды. Осы принцип бойынша басқа түрлер де, өзiнiң тығыздығының өсуi де популяцияға әсер етедi.
Жемтiктер саны көп болса, жыртқыштар мен паразиттердiң қорегi артады, соған байланысты қатерлi аурудың қоздырғыштары көбеюi мүмкiн және бiр түрдiң iшiндегi бәсекелестiктi арттырады.
Популяция санын реттеушi факторлар, яғни тығыздану күйiнен қалыпты күйге ауыстырушы факторлар – бұл негiзiнен тураралық және түрiшiлiк қатынастары, яғни биотикалық байланыстар. Олар популяцияның тығыздығын белгiлi шектерде ұстап тұрады, түрдi қолайсыз жағдайға - өздерiнiң ресурстарын азайтуға дейiн апармайды.
Жемтiктер популяция тығыздығының артуы жыртқыштар үшiн қоректiң көбеюiн көрсетедi. Жыртқыштар табысы көбейедi. Мысалы, құстар ақ тышқандар саны көп болса, 1 емес 3-4 дараларды аулайды. Бұл жыртқыштың жемтек санына реакциясы, және бұл олардың санының өсуiн тоқтатуы мүмкiн. Жемтiк популяциясының динамикасының өзгергiш түрi керi қайтымды байланыс принципi бойынша түзiледi. Жыртқыш –жануалары үнемi болатын жерлердегi тiршiлiк ететiн түрлерге тән. Санының көбею осы кезде санды азайту үшiн жауапты реакцияны түзедi.
Барлық жағдайларда жыртқыш реакциясы жемтiк санының өсуiн тежей алмайды, өйткенi кез келген жыртқыш – дарада тойымдылық шегi бар.
Егер жемтiктер көбеюi өте тез болса, олардың популяциясының өсуi жалғасады.
Жемтiктерге әсердiң артуы жыртқыштың көбеюiмен байланысты. Олардың саны, және жейтiн жемтiктер саны геометриялық прогрессия бойынша артады және олардың жемтiк популяциясына реттеушiлiк әсерi артады. Ақ қояндар саны, қорек көп болған жылы 30-50 рет артады, олардың жемтiк популяциясына әсерi 120-200 рет артады.
Түрiшiлiк қарым-қатынастарда өздерiнiң тығыздығына тез және кешiгiп әсер етуi мүмкiн. Мысалы, жануарлардың территориялық мiнез-қылығы сол ұрпақтық санында көрiнедi, аналық туу қабiлеттiң төмендеуi немесе аталықтар саны артуы, болашақ ұрпақ сонымен ғана көрiнедi.
Сонымен, кейбiр реттеушi факторлар популяция тығызының өсуiн лезде тоқтады, кейбiреуi-кешiгiп әсер етедi. Сандық динамика түрi осыған байланысты. Егер кешiгушi әсер болса, түр жыртқыш әсерiнен уақытша босатылады, сандық жарылыс түзiледi.
2-қосымша
Графиктерге талдау жасаңыз
...................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
..................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
3-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |