ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ ПОРТФОЛИО ЖХМ-511 (F) тобының студенті:Мәлкен Талшын ТҮРКІСТАН 2016 ж. Пәні: КОЛЛОИДТЫ ХИМИЯ
SMART-МАҚСАТ Интербелсенді тақтаны пайдалана отырып студенттерге беттік керілу ұғымымен таныстырып, сұйықтың беттік керілуі, бір компонентті жүйенің беттік керілу күшін анықтау тәсілдерімен таныстыру.
Беттік керілу бетке перпендикуляр бағытта сұйық молекуласын ішке қарай тартатын ішкі қысым күшінің әсерінен пайда болатын құбылыс. Ішкі қысым молекулалық әрекеттесу күштің нәтижесінде пайда болатындықтан, оның мәні зат полюстігіне тәуелді, яғни берілген заттың полюстігі артқан сайын ішкі қысым да көбейеді. Ішкі қысым сұйықтың беткі қабатына орналасқаң молекулаларды ішке тартады және сұйықтың беттік шамасын (ауданын) барынша азайтуға, кішірейтуге тырысады. Сұйықтың беттік мөлшерін азайтуға себепші болатын аралық шектің бірлік өлшеміндегі ұзындығына әсер етуші күшті беттік керілу күші немесе жай ғана беттік керілу дейді. Оның өлшем бірлігі – дин/см және бұл кү ш сұйық бетіне әрқашан перпендикуляр бағытталған. Беттік керілу ішкі қысым нәтижесі болып табылады. Ішкі қысым молекуланы сұйық ішіне тартатын және бетке перпендикуляр бағытталған күш. Ішкі қысым зат полярлы болған сайын жоғары болады, себебі ішкі қысым молекулалық күштерге байланысты. Мысалы, судың ішкі қысымы 14800 атм., ал бензолдың ішкі қысымы тек 3800 атм. Ішкі қысымның бұл үлкен шамасы сұйықтардың сыртқы қысымнан аз сығылатынан түсіндіреді.