Практикалық тапсырмалар Жеке оқушыға психолого педагогикалық мінездеме беру үлгісін көрсетіңіз



Дата05.12.2022
өлшемі30,1 Kb.
#55001
Байланысты:
Мінездеме


Практикалық тапсырмалар


1. Жеке оқушыға психолого - педагогикалық мінездеме беру үлгісін көрсетіңіз. Педагогикалық - психологиялық мінездеме

ШҚО Зайсан қаласы әкімдігінің «Ю.Гагарин атындағы 11 «А» сынып оқушысы Тусупбекова Ақбота Сымбатқызы.


Ақботаның дене дамуы қалыпты өзінің жасына сай, денсаулығы жақсы, созылмалы аурулармен ауырмайды, мектептің диспансерлік есебіне алынбаған.
Отбасында жайлы тұрақты қарым-қатынас қалыптасқан. Ақбота толық отбасында тәрбиеленуде. Ата-анасы баланың үйлесімді дамуына, оның денсаулығына және оқуына әрдайым көңіл бөліп отырады. Баланың бойында жақсы әдеттерді оның дүниетанымы мен өмірлік бағдары, көзқарасын дұрыс қалыптастырған.
Ақботаның оқу үлгерімі жақсы, қосымша білім көздерін пайдалана алады, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. Өз ойын дәл және еркін жеткізе біледі. Өте зерек, тапқыр. Үй тапсырмасын жүйелі орындайды, өз жұмыстарын ұйымдастыра біледі. Оқудағы жұмысы жүйелі және бірізді.
Сыныптастармен және мұғалімдермен қарым-қатынасы жайлы тұрақты қалыптасқан. Мектептің, сыныптың қоғамдық өміріне белсене араласады. Жасұлан ұйымының мүшесі. Қоғамдық жұмыстарды уақытында үлкен жауапкершілікпен орындайды. Мұғалімдердің сын ескертпелерін дұрыс қабылдайды. Әдептілігі мен шыншылдығының, қайырымдылығы мен ізеттілігінің арқасында айналасындағылардың алдында беделді. Мақсатқа жету жолындағы ұмтылысы қуантарлық, өз мінез құлқын реттей алады. Өз мүмкіндігін бағалай алады. Құлшынысты, шығармашыл, еңбексүйгіш


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет