Ішек қуысында өтетін процестер
Өт қышқылы,өкілдері,маңызы
ТФП21-037
Есенқұл Аяулым
Өмірзақ Амина
Жондыбек Бекжан
Липидтердің
қорытылуы үшін өт
қышқылдарының
маңызы өте зор. 4 өт
қышқылы белгілі:
1) холь қышқылы;
2) дезоксихоль
қышқылы;
3) литохоль қышқылы;
4) хенодезоксихоль
қышқылы.
Өтте холь қышқылының мөлшері ең көп (~50%). Өт
қышқылдары бос күйде және жұп қосылыстар
күйінде кездеседі. Жұп қосылыстары дегеніміз –
тауринмен және глицинмен байланысқан өт
қышқылдары. Олар Na тұздары түрінде болады.
Өт қышқылдары майлардың беттік керілуін төмендетіп,
оларды эмульсиялайды. Олар май тамшыларының бетіне
адсорбцияланып, жұқа пленка түзеді. Осы пленка май
тамшыларының бірігіп ірі тамшыға айналуына бөгет болады.
осының нәтижесінде майдың өте ұсақ эмульсиясы пайда
болады.
Моноглицерид аздан ішек арқылы сіңіріледі және триглицерид
синтезіне қатысуы немесе ары қарай гидролизденуі мүмкін.
Түзілген глицерин суда
жақсы еритіндіктен ішектің
кілегей қабаты арқылы
сіңіріледі. Жоғарғы май
қышқылдары – стирин,
пальмитин, олеин
қышқылдары – суда ерімейді.
Олар өт қышқылының
көмегімен ғана сіңіріледі. Өт
қышқылымен суда еритін
комплекстер – холеин
қышқылдарын түзеді.
Бұл комплекстерде май қышқылдарының 1 молекуласына
әдетте 2-4 молекула өт қышқылы келеді. Холеин қышқылдары
комплексінде май қышқылының гидрофобты радикалдары
барлық жағынан өт қышқылдарыиен қоршалған. Өт
қышқылдарының гидрофильді бөлігі комплекстің сыртына
қараған. Осының нәтижесінде түзілген комплекс суда оңай
ериді де, эпителий жасушаларына өтеді.
Ішектің эпителий
жасушасында холеин
қышқылдары өт
қышқылдарына және
жоғарғы май
қышқылдарына
ыдырайды. Өт
қышқылдары қан арқылы
бауырға, одан өтке, ары
қарай қайтадан он екі елі
ішекке түседі. Сөйтіп, аз
ғана өт қышқылдары
бірталай майды
қорытуға қатысады.
Ішек қуысында өтетін процестер
1.Майлардың эмульсиялануы.
2.Липидтердің гидролизі (қорытылуы).
(Гидролазаларды қара).
3. Мицелланың түзілуі.
4. Сіңірілу.
Эмульсиялану- ащы
ішекке түскен ірі май
тамшылар ішектің
жиырылуы және
эмульгаторлар (жұп
өт қ-ры, ФЛ,
белоктар) әсерінен
ұсақ май
тамшыларына
ыдырайды.
Эмульгаторлар- беткі-активті заттар, май тамшыларының
бетіне адсорбцияланып, беткі керілу күшін төмендетеді. Жұп
өт қ-дар ұсақ май тамшыларының бетіне адсорбцияланып оны
бір текті теріс зарядтайды. Зарядтар өзара тебісетіндіктен
эмульсия тұрақты болады. Эмульсия құрамындағы ТАГ, ФЛ, ХС
эфирлері ұйқы безі және ішек сөлінің ферменттерінің әсерінен
гидролизге ұшырайды.
Мицелла түзілуі
Суда ерімейтін липидтердің гидролиз өнімдері – β-МАГ,
ұзын БМҚ (көміртек атомы 10-нан жоғары), ХС мицелла
құрамында ішек қабырғасына түседі. Мицелла
гидрофобты ядро мен гидрофилді қабаттан тұрады.
Ядро құрамына β-МАГ, ұзын БМҚ, ХС, ал гидрофилді
қабатына жұп өт қ-ры мен ФЛ-тер кіреді. Мицелланың
диаметрі 0,005 мкм тең.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |