Тақырыбы: Бала еңбегі
Мақсаты: - Балалар мен ата-аналарды және ересектерді қоғамда кездесіп отырған балаларға қатысты еңбек ауыр түрлерінің зияны мен салдары туралы түсінік беру, талқылау.
- Оқушыларды жаңа тақырыптық талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой- өрісін, ойлау қабілеттінің белсенділігін арттыру. Заң сыйлайтын тұлғаны қалыптастыру.
Көрнекілігі:Презентация(13слайд),шығарылған суреттер
Барысы:Балалар (бала еңбегі)дегенде ойларынызға не келеді ?
Үйде ата-анаға көмек береміз бе?
Өз құқықтарыңызды білесіздер ме?
Конституциямыздың 24 – бабында:
Әрбір бала еңбек құқығына, қызмет және кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.Бала еңбегі мәселелеріне тікелей қатысты бірнеше халықаралық конвенциялар мен маңызды құжаттар бар. Ең танымалы 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы бала құқықтары туралы Конвенциясы маңыздысы болып табылады.
ҚР Кодексінде 18 жасқа толмаған тұлғаларды келесі жұмыс түрлеріне тартуға тыйым салынған:
ауыр жұмыстар, аса қауіпті немесе зиянды жағдайындағы
олардың денсаулығы мен рухани дамуына нұқсан келтіретін жұмыстар
( түңгі ойын – сауық мекемелері, ойын бизнесі)
түңгі уақытта (сағат 22 – ден таңғы 6 – ға дейін)
шұғыл жұмыс
жұмыс уақытын есептейтін жұмыс
8. кезекшілік әдістегі жұмыс
Негізгі ақпарат Жалпы көп адамдар балалар еңбегі мен еңбек тәрбиесін шатастырады. Еңбек тәрбиесі дегеніміз – үйде ата-анаға көмектесу, қоғамдық жұмыстарға араласу. Мұндай балаларға зиянсыз еңбектен келіп кетер еш қауіп жоқ. Керісінше, бұл баланы тәрбиелеудегі, болашақ өмірге бейімдеудегі негізгі құрал. Ал оған қарсы балалар еңбегін заңсыз пайдалану, мәжбүрлеп жұмыс істету деген ұғым бар. Бұл бала құқығымен санаспастан үлкендердің әлімжеттілік жасап, күні-түні ауыр жұмысқа салуы немесе еңбегіне қарай ақы төлемеуі.
Жалпы жас ерекшелігіне сай балаларды жұмысқа тарту жасы
14-16 жас аралығындағылар аптасына 24 сағат;
16-18 жас аралығындағылар аптасына 36 сағат қана еңбекке тартылуы керек.
Біздің елде 14 жастан асқан баланың сабақтан тыс уақытта еңбекке араласуы рұқсат етілгенмен, себебі баланың психикасы мен физиологиясына кері әсер ететін жұмыс істеуіне болмайды
2 Бөлім-Мақал мәтел жалғастыр 1.Еңбегі аздың ……….. 3.Еңбек етсен еріңбей
Тояды қарнын……
2.Еңбегімен ер сыйлы. 4.Еңбек ата-жер……
Өңбегімен……. 6.Еғбек бейнет емес ……
5.Еңбектің наны тәтті. 7.Еңбек адамның көркі
Жалқаудың ……..ттәтт. Адам…….көркі
Жұмбақты тап айдары 1.Маймылдан қалай адамды жасауға болады ?
Және қандай құралдар бұл прогреске көмектеседі(Еңбек)
2.Әрігерге де,акробатқа де еңбек үшін беріледі(айлық жалақы)
3.Өзі кірден арылмас,ізінен кір табылмас(шаңсорғыш)
4.Басқан ізі білінбес,қасы көзге ілінбес(Еңбегі еш адам)