Пригород орта мектебінің 5 «А» сынып оқушыларына І жарты жыл бойынша математика пәнінен Анықтама Мақсаты



Дата26.12.2023
өлшемі13,28 Kb.
#144188
түріСабақ

Пригород орта мектебінің 5 «А» сынып оқушыларына І жарты жыл бойынша математика пәнінен
Анықтама
Мақсаты: Оқушылардың бастауыш буыннан жоғарғы буынға бейімделуін, білім-білік, дағдыларын анықтау.
5 «А» сыныбында 23 оқушы бар, 1 оқушы ерекше жағдайдағы білім алушы - Кувандыков Карим. Сынып оқушыларының жоғары буынға бейімделуі қалыпты, сабақта белсенділігі жақсы, ойларын еркін жеткізеді. Көпшілік оқушы үй тапсырмасын тұрақты орындап келеді.
Сабақта белсенділігі жоғары оқушылар – Райс А, Таскенов Ә, Сапарғалиев А, Жарылғасын С, Ықлас М, Жамаладин Ж, Өтебалин А, Рахмет А, Камыспаев Р, Сәбит Г. Қарқыны төмен оқушылар - Мақсат Н, Самат А, Әбілғазы А, Марат А, Достөреұлы Х, Жеңіс Қ, Күндебаев Ж, Кувандыков К.
Ерекше жағдайдағы білім алушы Кувандыков Каримнің тәртібі, мінезі қалыпты. Тапсырманы мүмкіндігіне сай орындайды, ерекше қадағалауды қажет етпейді, сыныптастырына кедергі келтірмейді.
5-сынып бағдарламасына сай натурал сандардың бөлінгіштік қасиеттерін оқушылар жақсы меңгерді. Жай бөлшектер, жай бөлшектерге амалдар қолдану бөлімі бойынша да көпшілік оқушылардың дағдысы қалыптасты, дегенмен бөлшектерге амалдар орындауда есептеу ережесін шатастыратын оқушылар бар. Бұл оқушылармен алдағы уақытта жұмыстанамын.
Бұл сыныпта тәртібі мен білімі бойынша ерекше көңіл бөлуді қажет ететін оқушы Жеңіс Құдайберген. Құдайберген үйден тапсырманы орындамайды, сабақ үстінде де жазуға жалқаулық танытып отырады. Сондықтан сабақ үстінде үнемі қадағалап, ерекше көңіл бөлу керек.
Жалпы сыныптың тәртібі, сабаққа қатысымы, пәнге қызығушылығы жақсы.


Пән мұғалімі Алишева А.А.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет