Проблемалық ОҚыту



Дата17.06.2023
өлшемі19,75 Kb.
#101947
Байланысты:
3 – д ріс Математиканы о ыту дістері мен формалары, а идалары




ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ


Проблемалық оқыту – ғылыми ізденудің негізгі сипаты енгізілген оқыту әдіс –тәсілдеріне сәйкес әрекет тәсілі мен білімді шығармашылық игеру заңдылықтарына негізделген дидактикалық жүйе.
Оқытудың проблемалық әдісі – оқыту мақсатында туындаған проблемалық жағдайларды біртіндеп шешу бойынша жүргізілетін оқыту әдісі.
Проблемалық жағдай – ұсынылған міндеттерді шешуге қажетті білім мен игерілген білімнің арасындағы туындаған сәйкессіздікке қатысты қиынышылық.
Проблемалық жағдайды туғызатын міндеттер проблема немесе пролемалық міндет деп аталады. Проблемалық міндеттің белгілері:

  • проблемалық жағдайдың туындауы;

  • шешімін іздеуге деген ізденушінің қызығушылығы мен дайындығының айқындығы;

  • шешімді іздеудің әртүрлі бағыттылыға сәйкес шешім жолдарының біртұрғыда болмауы.

Проблема оқушыларға түсінікті болуы керек, ал оның болжамды тұжырымды оқушыларда оны шешуге деген қызығушылықты оятуы керек.
Ең алдымен проблема мен проблемалық міндетті ажырата алу керек.проблема кең ұғым, ол өзі жекелеген тізбектелген проблемалық міндеттердің жиынтығынан құралады. Проблемалық міндеттібір ғана міндеттен тұратын проблеманың дербес, қарапайым жағдайы деп қарастыруға болады. Мысалы, шаршыны қарастыру тақырыбында проблемалық жағдайды қарастыру. Бұл оқу міндетіне енгізілген бір проблемалық міндет шаршының қабырғаларының қасиеті.
Проблемалық оқыту оқушылардың шығармашылық әрекет пен оған деген қажеттілікке қабілетін дамытуды қалыптастыруға бағытталған. Проблемалық оқытуды оқу міндеттерінің құру үшін негіз дайындай отырып, мақсатты түрде проблемалық міндеттерден бастау керек.
Оқу проблемасының негізгі үш типі анықталған. Олар:

      1. Математикалау, математикалық сипаттау, математика ішінде, не одан тысқары туындаған жағдайлар мен міндеттерді математика тіліне аудару, яғни математикалық моделді құру проблемасы.

      2. Әртүрлі моделдер классын зерттеу проблесмасы, жаңа «кіші теорияларды» енгізу арқылы теориялық білімдер жүйесін әрі қарай дамыту бұл типтегі проблеманы шешудің нәтижесі деп қарастыруға болады.

      3. Жаңа жағдайға жаңа теориялық білімдерді қолдану, математикалық білімді жаңа объектілерді зерттеуге ауыстыру проблемасы.

Төмендегі кестеде математиканы оқытуда проблемалық әдісті қолдану жағдайындағы мұғалім мен оқушының әрекеттерін қарастырайық.


2- кесте- Проблемалық оқытудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1. Проблемалық жағдай туғызады

1. Қарастырылған құбылыстағы қарама –қайшылықты түсіну

2. Проблема туралы тұжырым жасауды ойластыру және оны қарастыруды ұйымдастырады

2. Проблеманы тұжырымдау

3. Туындаған қарама –қайшылықтарды түсіндіретін болжамды іздестіруді ұйымдастырады

3. Құбылысты түсіндіретін болжамдар ұсыну

4. Болжамды тексеруді ұйымдастырады

4. Есептерді шешуде, зерттеу жұмыстарында болжамдарды тексереді

5. Алынған нәтиже мен білімді жалпылап, қолдануды ұйымдастырады

5. Нәтижені сараптайды, қортынды жасайды, алған білімді қолданады

Проблемалық оқытудың құрылымы төмендегідей:

      1. Қарастырылатын материалға актуализация,

      2. Проблемалық жағдай туғызу;

      3. Оқу проблемасын қою;

      4. Проблемалық міндетті құрастыру;

      5. Проблеманы іздену және шешуі (болжамды қалыптастыру, болжамды дәлелдеуқадамдарға сараптама, жалпылау);

      6. Проблемалаларды шешуді тексеру. Зерттеу. Іздеушілік нәтижесіне сараптама.

Проблемалық оқыту барысында мұғалім оқушыларға дайын білім айтпайды, оқушылардың ізденушілік жұмысын ұйымдастырады. Математикалық ұғым, заңдылықтар, теориялар бақылау және сараптау негізіне қарастырылады.
Проблемалық оқыту өз ойын еркін білдіре алу жағдайында, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара диалог еркін болған жағдайда тиімді іске асырылады.
Проблемалық жағдай педагогикалық үрдістің бөлінбейтін бір бөлігі, бірақта барлық сабақты проблемалық оқыту тұрығысынан құру мүмкін емес. Барлығы сабақта проблемалық оқытуға тән қандай әдістер мен оқыту формаларының көлемі қолданылатынына тәуелді.
Проблемалық оқытудың өзіндік тиімді жағады және көзге көрінерлік ақаулықтары да бар.
Тиімді жақтарына оқушылардаң математикалық қабілеттерін, ойлай алу әрекетін дамыту, оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру, оқуда, шығармашлық бастауда белсенділікке тәрбиелеу болса, ал ақаулықтарына қажетті уақыт мерзімінің көптігі және мұғалімнің арнайы педагогкалық дайындығы қажеттілігі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет