№ 1-ДӘРІС. ГРАФИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ БЕЙНЕЛЕУ НЕГІЗДЕРІ
1.
Компьютерлік графикаға кіріспе
2.
Растрлік графика
3.
Векторлік графика
4.
Фрактальді графика
5.
Үш өлшемді графикасының негізгі түсініктері
Мәліметтерді компьютер мониторында графикалық түрде бейнелеу ғылыми және
әскери зерттеулерде қолданылатын үлкен ЭЕМ-ге 50-ж –да іске асырылды. Сол уақыттан
бастап мәліметтерді графикалық түрде бейнелеу компьютерлік жүйелердің көбінде негізгі
болып табылады.
Программалық-аппаратты есептеу комплекстері көмегімен бейнелерді құру және
өндеу негізгі әдістерін зерттейтін информатиканың арнайы саласы компьютерлік графика
деп аталады. Ол монитор экранында немесе сыртқы тасымалдауыштағы бейнелерді
шығарудың барлық түрлерімен формаларын қамтиды. Компьютерлік графикасыз
компьютерлік әлем ғана емес, барлық шынайы өмірді де елестету мүмкін емес.
Мәліметтерді визуалдау адамның өмірінің әртүрлі салаларында қолданыс табады. Мысалға
медицинаны келтірейік (компьютерлік томография), ғылыми зерттеулер (заттың
құрылысын, векторлы өрістерді визуалдау және т.б.), матаны және киімді модельдеу,
тәжірибелі-конструкторлы жұмыстар.
Бейнелердің құрылу әдісіне байланысты компьютерлік графиканы растрлік,
векторлы және фрактальді деп бөлуге болады.
Виртуалды кеңістікте объектілердің көлемді модельдерін құру әдістерін зерттейтін
үш өлшемді графика жеке пән болып саналады. Мұнда бейнені құрудың векторлы және
растрлік әдістері қолданылады.
Түстік қамту бойынша ақ-қара және түсті графика деп бөледі. Әртүрлі салаларда
қолдану бойынша инженерлі графика, ғылыми графика, Web-графика, компьютерлі
полиграфия және т.б.
Компьютерлі, телевизионды және кино-технологиялар тоғысуында компьютерлі
графиканың және анимацияның жаңа облыстары дамуда.
Компьютерлі графикада ойындар үлкен орын алады. Ойындарда мәліметтерді
графикалық бейнелеу механизмі түсінігі пайда болды. Ойын программаларының
нарығының айналымы оншақты миллиардпен есептеліп, графиканың және анимацияның
дамуының жаңа этапы ретінде қабылданады.
Компьютерлі графика тек құрал ретінде есептеледі, оның құрылымы және әдістері
фундаменталды және қолданбалы ғылымдар жетістіктеріне негізделген: математика,
физика, химия, биология, статистика, программалау және т.б. Компьютерлі графика
информатиканың қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі және көптеген
жағдайларда бүкіл компьютерлік индустрияны алға тартатын локомотив болып саналады.