Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Коммунальное государственное предприятие на ПХВ «Жамбылский высший медицинский колледж» управления здравоохранения акимата Жамбылской области
Психо-профилактикалық жұмыс (жұмыстың әдістемесі, жұмыстың қорытындысы)/
Психо-профилактическая работа (методы работы, результаты работы)
ТЖ-СМЖ/ВР-СМК
07-03-07
1 беттің беті
стр из 1
Хаттама №
Күні: 14.09.2022 ж.
Қатысқандар:
1. «Балауса» қыздар клубының жетекшілері: Оскенбаева А.Н, Мұхамодиева Н.Е.
2. ЖДО психологы: Жарқынбекова А.Т.
3. ЖДО әлеуметтік педагогы: Ақылбекова А.Д.
4. №5 ҚЕ және ЖДО гинекологы: Рүстембекова А.Б.
Күн тәртібінде:
Қыздарға репродуктивті жүйе туралы түсінік беру;
Жыныс жолдары арқылы келетін аурулардың диагностикасы және профилактика жолдары;
Ерте жүктілік және оның салдары.
Тыңдалды:
ЖДО – ның акушер-гинекологы Рустембекова А.Б: Репродуктивтік денсаулық тіршілік жағдайына, тамақтануға, экологияға, генетикалық тұқым қуалаушылыққа, сонымен қатар репродуктивтік денсаулық жұмысы мен оны қорғау қызметіне де байланысты болады. Репродуктивтік денсаулықты қорғау қызметіне мыналар жатады: әйелдерге кеңес беру орталықтары, босану орындары, отбасын жоспарлау орталықтары, ауылдық жерлердегі емханалар, фельдшерлік пунктер және т.б. Репродуктивтік денсаулық орталық қызметтеріне ғылыми-әдістемелік көмекті ана мен бала денсаулығын қорғаудың Республикалық Орталығы, медициналық университеттердің акушерлік және гинекологиялық кафедралары көрсетеді.
репродуктивтік денсаулық қызметтері:
босанудың қалыпты өтуі мен босанудан кейінгі емізу кезеңінің дұрыс өтуін қамтамасыз ету;