ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ «Бекітемін»
Оқу және оқу-әдістемелік істер
жөніндегі проректор
__________ Б.Қ. Исабек
«____» 2021 ж.
Психология кафедрасының оқу-әдістемелік, ғылым, тәрбие жұмыстарының барысын, құжаттардың мазмұны мен сапасын сараптау нәтижесі бойынша А Н Ы Қ Т А М А
(инспекциялық топтың қорытынды есебі)
Инспекциялық топ құрамында: Төрайымы:
Мүшелері:
2
3
Айтбаева А.Е.
Бегалиева Р.Н.
4
5
Райсова М.А.
Халыкова Г.
6
7
Пазылова А.
Жамалова А.
Шымкент, 2021 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры– Б.Қ. Исабектің 2021 жылдың 01 наурызындағы №15 Инспекциялық топ құрамын бекіту туралы» өкімі бойынша бекітілген инспекциялық топ құрамы (Айтбаева А.Е., Бегалиева Р.Н., Райсова М.А., Айдарова А.А., Халыкова Г., Пазылова А., Жамалова А.) 01.03.2021ж. – 09.04.2021ж. аралығында Тарих және педагогика факультетінің және факультет құрамындағы кафедралардың оқу-әдістемелік, ғылым, тәрбие жұмыстарының барысына және оқу үдерісіне қатысты құжаттардың сапасын анықтау мақсатында университеттің келесі құрылымдық бөлімдерінде тексеру жүргізді:
Құрылымдық бөлімдерді тексеру барысында сараптау комиссиясы келесі құжаттарды басшылыққа алды:
1) Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің істер номенклатурасы (14.02.2020ж);
2) Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің регламенті (№1 01.09.2020ж);
3) Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің академиялық саясаты (№1 01.09.2020ж);
4) ОҚМПУ жазба формаларының, журналдардың бланкілердің реестрі СМЖ ОҚМПУ ФР 02-1-2020.
Кафедрада күндізгі оқу түрлері бойынша білім алушы студенттердің жалпы саны –86, оның ішінде мемлекеттік білім грантының иегерлері 30 студент, келісімшарт негізінде оқитын студенттер саны 56.
Оқу түрі және студенттер құрамы бойынша статистикалық мәлімет төмендегі кестеде көрсетілген: