ҚР білім беру мазмұнын анықтайтын нормативтік құжаттар
Білім беру мазмұнын анықтайтын нормативтік құжаттар төмендегідей:
Білім стандарты
Оқу жоспары
Оқу бағдарламасы
Білім стандарты ең маңызды нормативтік құжат болып табылады. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:
Орта білімнің базалық (міндетті) мазмұнының жалпы нормаларын, құрылымы мен құрамын анықтайды.
Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін, білім беру процесін ұйымдастыру жағдайларын, білімді бақылау мен бағалау жүйесін регламенттейді.
Жалпы орта білім беретін ұйымдарда білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді;
4) Білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптарды белгілейді.
Білім стандарты төмендегідей бөлімдерді қамтиды:
Мемлекеттік бөлім
Ұлттық-аймақтық бөлім
Мектептік бөлім
Стандарттың мемлекеттік бөлігі (инвариант) елдегі білім кеңістігінің біртұтастығы мен тұлғаның әлемдік мәдениет жүйесіне енуін қамтамасыз етеді
Ұлттық-аймақтық елдің ерекшелік-талаптарына (ана тілі мен әдебиетіне, географиясына, мәдениет пен өнеріне, еңбек, өндіріс дайындығына және т.б.) байланысты анықталады.
Мектептік бөлім мазмұны нақты оқу-орнының бағыт-бағдарына орай оқу пәндерінің енгізілуімен белгіленеді.
Стандартқа қойылатын талаптар:
қажеттілігіне, мүмкіндігіне сәйкес қызығушы жақтың әлеуметтік-мәдени жағдайын ескеру;
соңғы нәтиженің нормаға сәйкес бағдарлы болуы;
білім саласы бойынша стандарттың құзырлық келісімін сақтау;
мектептің әрбір сатысында тұлғаның даму міндетін ескере отырып білім мазмұнының толықтығын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
білім мазмұнының бірлігін тиімді формада жазып көрсету;
оқушылардың қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігін ескере отырып мектептің, аймақтың, мемлекеттің көзқарасымен сәйкестендіре көрсету;
оқушылардың оқу жүктемесін шамадан тыс асып кетпеуін қарастыру;
тексеру кезінде технологиялық жағынан дайын болу.
Оқу жоспары – оқу орынында игерілетін оқу пәндерінің құрамын, оларды меңгеру бірізділігі мен керек тәртібін, әр пән бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу жылының басы, аяқ мерзімі және апта, айларын анықтап беретін құжат.
Оқу жоспарлы түбір (типтік) және нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарларында мектеп (ЖОО) қабырғасында оқу жылдарына орай жүргізілетін барша оқу пәндерінің тізімі беріледі.
Міндетті оқу жоспары (базалық-мемлекеттік бөлік)
Мектептік (ЖОО) бөлік
Оқушылар қалауы бойынша оқу жоспары (аймақтық бөлік)