ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 30-қарашада Жолдауына орай өткізілген іс -шара



Pdf көрінісі
Дата15.02.2017
өлшемі0,83 Mb.
#4140

ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 

30-қарашада Жолдауына орай өткізілген іс –шара 

 

«Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті  күні»  мерекесі  қар-



саңында  біздің  Тұңғыш  Президентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаев  ел 

алдына  шығып,  халықтың  көңіліне  демеу  болар,  жүрегіне  сенім 

берер  жарияланған  Жолдауды  Өнер,  мәдениет  және  спорт 

институты,  «Бейнелеу  өнері  және  сәндік  қолөнер  теориясы  мен 

әдістемесі» кафедрасында «Тәуелсіздік мерекесі» атты ашық тәрбие 

сағатында каф.мегерушісі Сманова А.С. 2- курс магистранттарымен 

бірге өткізді.  

Қатысқандар:  Директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары 

Дилмаханбетов  Е.К.,  директордың  ғылыми  зерттеу  және 

халықаралық қатынастар ісі жөніндегі орынбасары Какимова Л.Ш., 

профессор С.Қ. Жаманқараев, аға оқытушы Құлжабаев Е.У., п.ғ.к., 

аға  оқытушы  Ибрагимов  А.И.,  өнер  канд.  Султанова  М.Э., 

фисоф.ғылым.канд.  Асембай  Е.,  аға  оқытушы  Абдрахманов  М., 

студенттер мен магистранттар:  

 

 

 



 Аталған  іс-шара  мақсаты  студенттер  мен  магистранттар 

және профессор оқытушылар құрамының арасында Елбасының 30-

қараша да   жоспарлап, жолдап отырған жолдауының маңызы мен 

міндеттерін талдап, алдағы білім беру мен білімді жетілдіруде негіз 

ету.   


БӨжСҚ  теориясы  мен  әдістемесі  кафедрасының  меңгерушісі 

п.ғ.к., аға оқытшуы Сманова А.С.  студенттер мен магистранттарды 

және  ПОҚ  алда  келе  жатқан  Тәуелсіздік  мерекесімен  құтықтап, 

өткен Тұңғыш президент күні қарсаңында жарияланған елбасының 

жолдауы туралы дайындаған баяндамасын оқып өтті. Бұл Жолдау – 

даналықпен,  ұлы  ақылмен  астасқан  асыл  қазына.  Егер  байыбына 

барсаңыз,  әр  сөзінің  артында  астар,  әр  ойының  астында  әр,  әрбір 

жоба-идеясының  ар  жағында  жаһанның  қажетіне  жарар  жауһар 

тұнып,  болашаққа  шұғыла  шашырап  тұр.  Оны  іске  асыру  –  бізге, 

билік пен халыққа шарт. 

  

 

 



Өсер  ел,  озар  ел  өткен  шақпен  өмір  сүрмейді.  Қазақстан 

бәйгенің  алдын  бермейтін  алтын  ғасырды  орнатады.  Елбасы  өз 

сөзінде «Қайырымды іс жасасаң, тек соның ғана жақсылығы, қайы-

ры болады» деді. Байлық  пен мансап бақыт әкелмейтінін, ел риза-

шылығын  алған  азамат  қана  бақытты  болатынын  айтып,  барша 

ауқатты қазақстандықтарды өз қаржыларын Отанға оралтып, елдің 

дамуына  салуға  шақырды.  Ендеше,  қазіргі  күрделі  заман  ұлттық 

рухымыздың  қайнар  көзі,  ұлттық  діліміздің  ұясы  –  Отанға,  туған 

жерге  қамқорлық  жасайтын,  содан  қуаттанып,  рухтанатын,  елдің 

батасымен  көгеретін  кезең  деген  орынды  болмақ.Бастысы  –  біздің 



еліміздің  жалпы  еңбек  қоғамы  екенін  ұғатын  ұрпақ  тәрбиелеу. 

Еңбекке  тәрбиелеу  тек  қана  ата-ананың  міндеті  емес,  сонымен 

қатар, мектептің де міндеті. Біз әр оқушының санасы мен жүрегіне 

жететіндей  шығармашылықпен,  педагогикалық  шеберлікпен 

жұмыс істеп, өзіміз де үлгі боламыз. 

2  курс  магистранты  Ырыстанұлы  Базар  Елбасының  халыққа 

жолдаған  жолдауында  жастарға  айтылған,  міндеттелген  талаптар 

жайлы ақпараттар беріп өтті:  

 

 

 



Дана  халқымызда  «Білекті  бірді  жығады,  білімді  мыңды 

жығады»  деген  қанатты  сөз  бар.  Қазіргі  уақытта  әлемнің  барлық 



дамыған  елдері  білімге,  ғылымға  барынша  көңіл  бөлуде. 

Сондықтан,  еліміздің  білім  беру  жүйесі  деңгейін  халықаралық 

стандарттарға  сәйкестендіру  замана  талабынан  туындап  отыр. 

Отандық  білім  беру  жүйесі  ең  алдымен  жаңа  технологияларды 

батыл  қолданатын,  еңбек  өнімділігін  тұрақты  арттыратын,  үздік 

әлемдік  стандарттар  негізінде  жұмыс  жасайтын  мамандар 

даярлауға  басты  назар  аударуы  қажет.  Ол  мамандар  өз  кезегінде 

қоғамның  сұранысына  сәйкес  мөлшерде  даярлануы  қажет.  Елбасы 

өз  Жолдауында  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесін 

дамыту мәселесіне айрықша тоқталды. 

2  курс  магистранты  Габдуллина  Лаззат  Қазақстан  Рес-

публикасы  Президентінің  биылғы  «Қазақстан  жаңа  жаһандық 

нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын біз ұжым 

болып  көгілдір  экраннан  көріп,  тыңдадық.  Көкейіме  түйгенін, 

қандай  уақытта  болса  да,  кез  келген  мемлекеттің  бүтіндігіне, 

беріктігіне  татулық  пен  ынтымақ  өте  қажет  екен.  Өйткені,  кешегі 

дағдарыстан  еліміз  «Ырыс  алды  –  ынтымақ»  деген  қазақы 

даналықты  берік  ұстағандықтан  бүтіндігін  сақтап,  бүгінде  әлем 

халықтары санасатын үлкен мемлекетке айналып отыр. 

Президент  Жолдауында  көрсетілген  асқаралы  міндеттерді 

абыроймен  орындау  әрбір  қазақстандықтың  Отан  алдындағы 

перзенттік борышы деп білеміз. 

Соңында  каф.меңгерушісі  Сманова  А.С.  елбасының  жолдауы 

бойынша айтылған, тыңдалған, жастар үшін берілген сенімдер мен 

мол  мүмкіндіктер  жайлы  қорытынды  жасап,  жақсы  білім  алып,  өз 

отаны мен қоғамның білікті, де, білімді жастары болуға шақырды.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет