«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы
Орындаған : Құсайынова Эмиль Сымбатқызы
Тобы: 22- РТК-1
Қабылдаған: Солтан А.М
Ғылым мен техника салаларының жетістіктерін қолданбай электронды жүйелерімен, радиобайланыс және телекоммуникациялар жүйелерімен айналысатын өмірдің саласын атау мүмкін емес. Бұл салада жетістіктер таң қалдырғандай: жылжымалы және жерсеріктік байланысы, радиохабар және теледидар, компьютер және ақпарат жүйелері, ғаламды Internet желісі – осыларсыз қазіргі өмірді елестету мүмкін емес. Осының бәрі – радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарының қызметі.
Қызметі
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарының қызметіне телекоммуникациялар, радиобайланыс, теледидар, радиохабар, радиолокация мен навигация, радиобасқару, жылжымалы байланыс, телевизиялық және дыбыс белгілерін радиоберу мен радиохабарлау, микробақылаушы және микроЭЕМ көмегімен басқарылатын жүйелер мен электронды және компьютерлі жүйелер кіреді.
Осы мамандық түлектерінің кәсіптік қызмет объектісіне:
- байланыс тораптары мен коммутациялау жүйелері;
- көпарналы телекоммуникацилық жүйелер;
- радиобайланыс жүйелері мен құрылғылары, оның ішінде радиорелейлік, жерсеріктік және жылжымалы байланыс жүйелері;
- дыбыс және теледидар хабарларын таратудың, мультимедиялық техниканың жүйелері мен құрылғылары;
- электронды жүйелерді, соның ішінде беріліс объектілерін басқарудың, ақпаратты өңдеу мен жаңғыртудың электронды жүйелерін;
- телекоммуникациялық жүйелерде және тораптарындағы ақпараттық қауіпсіздік құралдарын пайдаланатын мемлекет экономикасының барлық салалары болып табылады
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласы мамандары қазіргі кәсіпорындардың осы қызмет түрлернің бәрін өткереді. Біздің өңірде олардың біліміне «Казахтелеком» ҰҚ, «Қазақстандық электролизді зауоды» АҚ, «Казэнергокабел» АҚ, «Павлодар мұнай өңдеу зауоды» ЖАҚ тәрізді кәсіпорындарға, радиобайланыс, радиохабар және теледидар кәсіпорындарында қажет.
Қазір елде табыстары тұрақты жылжымалы байланыстың төрт операторы мен жүзден аса телекоммуникация компаниялары жұмыс істейді. Жоғарыда аталған кәсіпорындарда студенттер ұйымдастыру мен пайдалану қызметі дағдыларын меңгеру мақсатында әр түрлі тәжірибелерден өтеді.
Радиотехника, электроника және телекоммуни-кациялар бакалаврының түлектерінің болашағы жарқын. Бұл мамандардың алдында Қазақстан теле-коммуникациясының ұлттық желісін жаңарту мен кеңейту, жаңа талшықты – оптикалық тораптарын салу, жаңа цифрлі АТС–ті іске қосудың маңызды міндеттері тұр. 2020 жылға қарай Қазақстан Жер орбитасына бес байланыс жерсерігін шығаруды болжап отыр, бұл жерсеріктік байланысты дамытуға кең мүмкіншілік береді. Елдің электроэнергетикалық саласын ауқымды жаңарту ішінара заманауи телекоммуникацияларды енгізу және ғаламдық корпоративтік ақпарат желісін құру негізінде жүргізіледі.