Райымбек батыр Райымбек Түкеұлы (1705-1785) жоңғар басқыншыларына қарсы



Pdf көрінісі
Дата26.01.2017
өлшемі91,84 Kb.
#2733

Райымбек батыр

Райымбек Түкеұлы (1705-1785) – жоңғар басқыншыларына қарсы 

шайқастарда атамекенін жаудан азат еткен батыр әрі әулие, қолбасшы.

Батыр қазіргі Алматы облысында туған. Ұлы жүз Албан ішіндегі Алжан 

руының Сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18-ші ғасырдың 1-

ші жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, 

Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан 

орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында 

жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанған. 

Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян батырларын 

жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге 

басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары 

аралығындағы «Ойрантөбе» деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге 

түскен.


Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан 

жеңілген қалмақ нояны Бадам-бахадүрдің есімімен 

байланыстырылатынын көп адам біле бермейді. Райымбек батыр 1729 

жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай 

сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін 

талқандаған. Ал, Итембес өзенінің бойында Шона Доба жасағы жер 

жастанған. 1758 жылы Райымбек батыр Наурызбай, Бөлек, Өтеген, Малай 

батырлармен тізе қоса отырып, Жоңғар империясының соңғы күшін қазіргі 

Сүмбе шекарасынан асыра қуып, Жетісу жерінен ығыстырып, Текестің 

Құйғаны мен Іленің басталар тұсынан әрі қарай Жұлдыз ойпатына дейін 

ығыстырып тастаған ерлігі жұртқа аян. 

1733 жылы Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. 

Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұранына 

айналғанын да білуге болады. 

Көзі тірісінде «көріпкел», «әулие» атанған. Ол Алматы алқабында 

Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірген.

Алматы облысында Райымбек есімімен аталатын жер-су аттары көп 

кездеседі. Торайғыр тауындағы Айырлы асуының маңында «Райымбек 

бастауы» бар. Алматы облысының Нарынқол, Кеген аудандары бірігіп, 

қазірде Райымбек атымен аталады, онда батырға ескерткіш орнатылған. 

Батырдың бейіті Алматы қаласындағы оның есімімен аталатын үлкен 

даңғылдың бойында.

Ел ауызындағы аңыз әңгіме бойынша Райымбек батыр дүниеден озар 

алдында ұрпақтарына «денемді ақ түйеге артып басын бос жіберіңдер. Ол 

қай жерге барып шөксе сол жерге жерлеңдер» деген өсиет айтса керек. 

Сол ақ түйе шөккен жердегі батыр есімімен аталатын зираттың басына 

зәулім кесене тұрғызылып, ақ түйенің мүсіні орнатылған. Қасиетті орын 

саналатын осы кесене тұрғызылған жерге адамдар келіп тәу етіп тұрады. 

1990 жылы «Райымбек» тарихи-этнографиялық қоғамы құрылды. 2005 

жылы Қазақстанда батыр бабаның 300 жылдық мерейтойы кеңінен аталып 

өтілді.


ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда қазақ жерінде тосынан тап беріп, Ақтабан-

шұбырынды, Алқакөл сұлама қасіретін төндірген жоңғар 

шапқыншыларына қарсы ақ білектің күшімен, ақ найзанының ұшымен 

тойтарыс берген Райымбек батырдың қаһармандық даңқы тәуелсіздік 

алғаннан кейін арта түсті.

Жастайынан жауға тиіп, күркіреген үнімен дұшпанын күңіренткен 

Райымбек батыр 1705 жылы дүниеге келген.

"15 жастан асқанша, садақ тарту, қылыш шабу, күресу секілді сарбазға 

лайық даярлықтан өтіп біткен Райымбек жоңғарларға қарсы жорықтарға 

қатыса бастайды. Жолбарыс жүректі жас жігіттің тапқырлығын 

қаруластары бірден байқаған. Оның негізгі ұстанымы: аз шығынмен 

жеңіске жету екен. Бұл мақсаты алғаш Іле бойындағы шайқаста жүзеге 

асады. Содан соң жас батыр жаудан Түргенді азат етеді. Қалмақ 

қолындағы тұтқындар босатылады. Керісінше, жаудың көп сарбазы 

тұтқынға түседі. Осыдан соң Райымбек жоңғардан Сөгеті мен Ойрантөбені 

және Жалағашты босатады. Алды-артына қарамай қашқан қалмақтардың: 

Ойрантөбе ойылды, Секер, Барақ жойылды. Райымбек келді де, Алмадай 

үзді мойынды, – деп зарлайтыны, міне, осы тұс еді. Батырдың бұдан 

кейінгі жорығы Жіңішкені, Таушілікті, Қарабұлақты, үш Меркіні, Кеңсуді, 

Қарқараны азат етуге арналды. Райымбек батырдың тағы бір үлкен 

жорығы ретінде Орта жүз еліне көмекке баруын атаймыз. Қабанбай 

батырдан оралған шапқыншы Тарбағатай мен Шәуешек арасын жауып, 

жауды өзара қатынасуға мүмкіндік бермеу туралы ұсынысын әкелгеннен 

кейін Райымбек батыр бірден атқа мінеді. Сарытау, Үйгентасты азат етуге 

атсалысып, Ілені бойлаған күйі Қорғаспен бері қайтады. Дәл осы дерек 

Шыңжаңдағы Зейнолла Сәнік зерттеуінде де бар" дейді тарихшы Мәмбет 

Қойгелдиев.

Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан 

тәлім алған Райымбектің жаужүректігі жастайынан байқалған. Жиендерінің 

жанарынан от байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарынан бәсіреге 

жүйріктің тұқымын, қолға ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы 

содан болса керек. Әке, баба, нағашы жұрт ортасында бұлаң салған 

баланың бәйгіде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы өр рух кейіннен 

жоңғарға қарсы алдаспан боп сермелді. 17 –інен Көкойнағын ойнатып, 

қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің арасында ерекше 

аталатыны қазірде Алматы-Нарынқол тасжолының 167 шақырымында 

тұрған Ойрантөбеде қалың қалмақты кезек жекпе-жекке шақырып, бөрі 

тиген қойдай дүрліктіруі. Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның 

Райымбек батырдан жеңілген қалмақ нояны Бадам-бахадүрдің есімімен 

байланыстырылатынын көп адам біле бермейді. Кеген деген жер атауы да 

калмақ тайшысы Гегенге телінеді. Бір деректер Геген діни лауазым дейді. 

Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, 

Қабанбай, Бөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары 

Мыңжаның әскерін талқандаған. Ал, Итембес өзенінің бойында Шона Доба 

жасағы жер жастанды. Қара су қақ жарылып жол беретін хас батыр 

атанған Райымбек Түкеұлының есімі бертінге дейін кең паш етілмеді. 

Мұның себебі беймәлім. Тіпті, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 


аяқталмай қалған “Райымбек, Райымбек” атты дастанын жариялағаны 

үшін “Лениншіл жас” газетінің жетекшісі Сейдахмет Бердіқұлов партиялық 

сөгіс алған. Алайда, қыран мінез ұлдарының есімін тұмарындай 

қастерлейтін халықтың Алматының ортасында жатқан батыр зиратына 

келіп сыйынуын тоқтату мүмкін емес еді. Еш саясат ер рухы мен ел 

рухының арасын алшақтата алмады. Қытай саясатының ықпалымен соғыс 

бастап, Шығыс Түркістандағы ұйғыр, одан бертіндегі қырғызды дем арада 

жаулап алған жоңғар мен қазақ ғасырға жуық арпалысты. Ұлтымыздың екі 

жасын екі жанарынан сорғалатып, алқасына сілемдей қатырған дұшпан 

швед офицері Густав Ренаттың көмегімен зеңбірек, тас ататын түрлі 

қарулар жасап, күйрете соққы беруді үдеткен. Жазушы Жолдасбай 

Тұрлыбайұлы бір мәліметінде Райымбек батыр ұсталарға сол зеңбіректің 

бір түрі "Қойшағырды жасатып, жау амалын өзіне қарсы қолданғанын" 

айтады.


Екі жарым мың жылдық тарихы бар ежелгі Алматының қақ ортасында 

кіндік қаны тамған, “Райымбек батыр” атанып тер төккен, сексен жыл өмір 

сүріп, әулиелікпен алдын болжап, келешегін бағамдап, дүние салар 

алдында:


“Елім Албан,

Жерім Жетісу.

Жайлауым Асы,

Қыстауым Алматының басы”, 

– деп сүйегін сол тұстағы Алматы қыстағының аумағына қойыңдар деп 

өзі өсиет еткен орынға жерленіп, бұл күнгі тәуелсіз елдің ұрпағы батыр, 

әулие баба өсиетін қалтқысыз орындап, сол сүйегі жатқан орынға зәулім 

күмбез тұрғызып, ақ атанның ақ мәрмәрдан алып мүсінін орнатқаны аса 

бір сауапты іс болды.

Батырдың 300 жылдығына орай ескерткіш қойылды. Бірқатар 

конференциялар өтті. Ең бастысы қазақ елдігін оятып, ертеңінторлаған 

қара бұлтты емен сапты найзасының ұшымен сейілткен ер есімі ел есінде 

қайта жаңғырды.

Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ облысының орталығы – Құлжа 

қаласының көрнекті бір ғимаратының алдына қызыл гранит тастан 

қаланған биік тұғырға Райымбектің ат үстіндегі мүсіні орнатылыпты. Оны 

орнатуға мұрындық болған сол Қазақ автономиялы облысының әкімі 

Қызайжан есімді азамат екен.



Елiне ұран болған Райымбек

Елбасымыздың тiкелей басшылығымен өмiрге келген «Мәдени мұра» 

бағдарламасы тарихымызды түгендеуге айтарлықтай әсер еттi. Аңыз 

төңiрегiнде - ақиқат, шежiре, әңгiме астарында - шындық жатады. Ел жады 

- ел тарихы, тың деректiң өзi көмескi дүние, ежелгi ғасырлар сырын ашып 

үлкен кәдеге асатыны күмәнсiз. Егемендiк тiзгiнiн ендi ала бастаған елдiң 



өткенiн iздеп, өз ата-тегiне назар аударуының еш әбестiгi жоқ. Бұл 

ұлтымыздың өзiн-өзi танып, бiлiп, бағалауының игiлiктi бастамасы.

Қазақ елiнiң жауынгерлiк ұранына айналған Райымбек батырдың 

туғанына 300 жыл толуына байланысты батырдың кесе¬несiне мемлекет 

тарапынан қамқорлық жасалып, әкiмшiлiк 20 миллион теңге бөлiп, күрделi 

жөндеу жасалды. Дәулет Әбенов, Ғалымжан Болсынбек сынды қаржылы 

азаматтар баба руын қадiрлеп, бiтпей жатқан құрылысқа демеушi болды.

Қазақ халық болып қалыптасқанға дейiн тайпалық ру-ру болып 

көшпендiлiкпен өмiр сүргенi белгiлi. Атамыз - Алаш, керегiмiз - ағаш , рулы 

ел - ұялы терек, аттың жалы, түйенiң қомында намысын жауға бермеген, 

найзасын кекке қайраған, ел үшiн еңiреп туған батыр мен ел көсемiн 

тәрбиелеген елмiз. Соның бiрi көрiпкел әулие Бәйдiбек баба. Баба 

әулетiнен ел басқарған көсем, сөз бастаған шешен, қаһарман батыр көп 

шыққаны тарихтан белгiлi. Соның бiрi - Райымбек батыр. 

Албан тайпасының Алжан руынан Сырымбет, Шағыр, Аламан, Қиғылық 

туады. Осылардың iшiнде Сырымбет көрнектi шығып, Ұлы жүз үйсiн елiне 

белгiлi адам болады. «Сырымбеттiң жылқысы Сыр бойында суға түскенде 

су тоқтапты» деген ел аузында нақыл бар. Осы кезде қабiрi Сыр бойында 

Желек деген жерде Сырымбет әулие деген атпен белгiлi.

Сырымбеттен Әлi, Көшек, Малқар, Барақ, Қойгелдi тарайды. Сырымбеттiң 

бәйбiшесi - Әжi төренiң қызы Пернеш. Екiншi әйелi Барақ сұлтанның қызы - 

Күнбибi. Қангелдi батырдың нағашысы Барақ сұлтанның анасы - Күнбибi 

(Керiмбибi).

Қазақ деген халықтың жер бетiнен мүлде жойылып кетпеуi үшiн аман 

алып қалудың жалғыз жолы орысқа бодан болу деп шешкен хандар мен 

билердiң шешiмiн iске асыру үшiн император Анна Ивановнаға қол 

тапсыруға елшi болып Қанкелдi батыр бастаған билер барады. (1730-

1740) Қазақ совет энциклопедиясы №9-том, 426-бет және 11-том 374- бет. 

Онда Қанкелдiнiң қазақ пен Қытай арасындағы шегараны белгiлеуде 

дипломатиялық жұмыс атқағаны айтылады.

Қанкелдiнiң Тiлеуке, Түке, Төңке, Мөңке, Тұрсын, Айбас, Қайбас, 

Мендеке, Емеген (Әлмеш), Жуң атты көптеген ұлдары болған. Қанкелдiден 

тараған ұрпақтардың көбi шетiнен батыр, шешен және бай адамдар 

болыпты.


Бастаған ақтылы қой көсем серке

Байлықпен аты шыққан Тұрсын, Мөңке

Қалмаққа қарсы келiп қан құстырған,

Баласы Қанкелдiнiң ер Тiлеуке.

Ат баптап, құс салатын өнерi бар

Қайыстай жiгiт екен қара Түке.

Қанкелдi батыр өз балаларының келешегiн болжау үшiн аязды күннiң 

бiрiнде төрт ұлын - Тiлеуке, Түке, Мөңке, Төңкенi далаға төсек салдырып 

жатқызады. Олардың жатқан жатысын байқаған әкесi Түкенiң кiндiгiнен 

жоғары көрпесiн жауып алып бөксесiнен төмен ашық жатысын көрiп, 

ашуланып, тұқымын жаймай тұрғанда шауып тастайын деп қылышын 

қынабынан суыра бергенде Түкенiң анасы арашашы болып: «Батыр, 

ажалға сабыр, шауып тастауға үлгересiз, бұл балаңа тектi жерден қыз 


әперсең қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен тудырам» деп тұр», - деп 

сабырға шақырады.

Жалайыр елiне жау тиiптi деген хабар албан тайпасына жетедi. Қарт 

бурадай қаһарына мiнген Қанкелдi батыр жасағын соңынан ертiп құба 

қалмаққа қарсы аттанады. Шапқыншылық жасаған жаудың бетiн қайтарып, 

қалмақ қолбасшысының басын алып, рулы ел жалайырды басқыншы 

жаудан құтқарады. Бұл кезде Орақты батыр жырақта жүрген кезi екен, 

елiне жау тигенiн естiп оралса, албан Қанкелдi ел тыныштығын алған құба 

қалмақтың басын алғанын, ел iшiне қалыпты тыныштық орнағанын көредi. 

Қанкелдi батырдың ерлiгiне риза болған Орақты батыр сый-сияпат жасап, 

аттанарында бұйымтай сұрайды. Сонда Қанкелдi батыр: «Арамызды 

жекжаттық жалғастырса деп едiм, қисаң қызың Қарашашқа үкi тақсам 

қалай?», - дейдi. Екi жақ келiсiмге келiп құдаласады.

Қанкелдi батыр күтпеген жерден жалайыр Орақты батырмен құда болып 

қызы Қарашаш сұлуды Түкеге алып бередi. Тектi әулеттiң қызы Түкеге 

қосылған соң Райымбек, Толмаш атты ұлдарды дүниеге келтiредi.

Абылай ханның қазақ қолбасыларын тағайындау үшiн батырды шақырып 

сынау кезiнде Райымбектi көрiп «сен қай тектенсiң?» деп сұрағанда 

Райымбектiң жауабы:

Арғы атамды сұрасаң,

Өтiрiк айтпас Өр Албан.

Өр Албанда Ер Алжан,

Алжанның аты дүр Мәмбет.

Мәмбеттен туған Сырымбет,

Сырымбеттен Қанкелдi.

Атам менiң Қанкелдi,

Уысында қан келдi.

Жерi үшiн жан бердi,

Елi үшiн қан бердi,

Жетi бiрдей ұл бердi,

Үлкенi батыр Тiлеуке,

Екiншiсi Ер Түке.

Ер Түкеден мен тудым,

Ер болуға бел будым, - деген екен.

- Сынау үшiн айтқан артық сөзiмдi қайтып алдым. Ұлы жүздiң қолбасы 

сен боласың, - дептi Абылай хан.

Кейбiр деректерде Райымбек бабамыз көп некелi болғаны айтылады. 

Одан Күлжаман, Алтай, Нарт, Қожағұл, Әжi, Орақбай, Масақбай, Қонақбай, 

Әйтiмбет, Жолды және Қаралтай деген ұрпақтар тараған.

Басқа Алжандарды қоспағанда осы батыр атасынан тараған Қожағұл 

батыр, Күлембек батыр, Әжi әулие, Малғара би, Жампейiс бай, Диқанбай 

батыр оның балалары Құдайберген, Құсайын сынды би-болыс, елге 

танымал арқалы адамдар шығыпты. Райымбекке дейiн қосып санағанда 

ең көп өскен алдыңғы буын он бiр ұрпаққа жетедi екен. Кейбiр кенжелегенi 

8-9 аралығында. Сонда орташа ұрпақ саны 10 буын екен. Қарапайым 


мысалдармен бiр ғасырда 3 адам орын ауысып, өмiрге келедi десек, ол да 

шамамен 300 жылды төңiректейдi.

Райымбек батырдың басына 1976 жылы белгi қойылды. 1981 жылы 

белгi жаңартылып, мұсылман жамағаты зиратының басына құран оқуға 

келе бастады. 1995 жылы ондаған иманды азаматтар қол ұшын берiп. 

зәулiм кесене тұрғызылды.

Сүйiнбай бабамыз: «Қайырымды болсаң, Қангелдi батырдай бол» 

деген. Ырым етiп мойнына бұршақ салып, әйелiне отын арқалатып, 

ақсарбас қой жетелеп, батырдың үйiнiң алдынан бас иiп өтiп бара жатқан 

Бәйiт байды көрiп, жөнiн сұрайды. Бiр перзентке зар болып жүргенiн естiп, 

қайырымдылық жасап Қангелдi батыр некелi әйелi қырғыз қызы Ботагөз 

сұлуды талақ етiп, жұртына қалдырып көшiп кетедi. Орнына әдейi Бәйiт 

байды қондырады. Сол Бәйiттен Ботагөз ұл табады, соңынан Бәйiттiң 

бұрын тумай келген төрт әйелi бiрiнен кейiн бiрi туып, Бәйiт байдың 

тұқымы кенет өркендеп өседi. Алжанда осы кезде Бәйiт ұрпағы қатты 

өскен. Оның негiзiн Ботагөзден туған Иманазар әулиетi құрайды. Сөйтiп 

тектi нәсiлден жетелi ұрпақ, тартымды қайраткерлер шығады.

Ал, Жәмпейiс байдың баласы Диқанбай батырдан Құдайберген, Құсайын, 

Мүшан, Әлдибек, Рақымжан, Кәкiжан тарайды. Бұлардың бәрiнен ұрпақ 

бар.


Құдайберген, Құсайын, Мүшан әкесi Диқанбаймен бiрге 1918 жылы 

Меньшов, Афанасьев дейтiн ақ офицерлердiң қолынан қаза табады. 

Сонда он жетi жасар Әлдибек тiрi қалып ақыл-ойымен ел көзiне түсе 

бастайды. Кеңестiк заманның 1929-1932 жылдардағы «көрнектiнi көрге 

тық, орташаны орға тық, кедейдiң кеңiрдегiн сық» деген мезгiлге тап 

болып, көрнектi бай баласы деген атпен қуғынға ұшыратылып, итжеккенге 

айдалып, етiнiң тiрiлiгiнен қашып елге келiп, қайта ұсталып қамалады. 

Әдибектен - Тұрсынжан, Болысжан, Тұрсынғали, Оразғали тарайды.

Бұрын Албандар Бақтияр, Бәйдiбек, Шоған абызды ұрандап келсе, ендi 

бiрлесiп жауға шапқанда айтатын жауынгерлiк ұраны «Райымбек» болып 

қалыптасқан-ды.

Кенен Әзiрбаев бабамыздың бiр сөзi ойға оралады.

«Қангелдiден қаһарлы Райымбек

Ұран болған халқына бiр бәйтерек

Ерлерi аңыз қылған Өрдегi Албан,

Дәу Қараш, Малай батыр, Қатпа, Төлек..»

(Өр дейтiнi Iленiң суы батысқа қарай ағатындықтан, шығыста 

тұратындарды өр елi деп атап келген.) Райымбек бiр ғана елдiң еншiсiнде 

емес, бүкiл қазақ халқының Райымбегi. Демек, тұғыры биiк тарихи тұлға. 

«Ерлерiн аңыз қылған Өрдегi Албан» деп Кенен ақын айтса, батыр-

бағландарын бағалай бiлгенi. Жыр дүлдiлi Жамбыл ақынның өзi былай 

дейдi:


«Атыңнан айналайын Райымбек,

Келгем жоқ қасиетiңдi сынайын деп.

Бас ием, тағзым етем бiр өзiңе,

Жаратқан жанат берсiн ылайым деп…».



Батыр атаның 300 жылдығы қарсаңында оның есiмi күллi дүниеге паш 

етiлдi. Зерттеушiлердiң ендiгi сүйенетiн қорытындысы осы болуы керек 



деп бiлемiз. 

Тұрсынжан

ӘЛДИБЕКҰЛЫ,

өлкетанушы

Алматы қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет