Құрамында гуттаперча бар өсімдіктер Шыны майлы өсімдіктер Эфир майлы өсімдіктер Тоқымалық өсімдіктер



Дата22.09.2022
өлшемі19,04 Kb.
#39877
түріҚұрамы
Байланысты:
3 сро бот ресурс


Тақырыбы: Шикізат(пайдалы) өсімдіктердің анықтамасы мен жіктелуі

Н.В. Павловтың классификациясындағы барлық пайдалы және техникалық өсімдіктер 22 топқа біріктірілуі:



  1. Дәрілік өсімдіктер

  2. Коксағызды (каучук) өсімдіктер

  3. Құрамында гуттаперча бар өсімдіктер

  4. Шыны майлы өсімдіктер

  5. Эфир майлы өсімдіктер

  6. Тоқымалық өсімдіктер

  7. Щеткалық өсімдіктер

  8. Ірі- талшықты өсімдіктер

  9. Қағаз целлюлозалы өсімдіктер

  10. Тағамдық өсімдіктер

  11. Крахмалды өсімдіктер

  12. Қант-инулинді өсімдіктер

  13. Сергітуші ынталандырушы өсімдіктер

  14. Витаминді өсімдіктер

  15. Балды өсімдіктер

  16. Илік затты өсімдіктер

  17. Сабынды немесе санонинді өсімдіктер

  18. Қарамайлы өсімдіктер

  19. Бояуы бар өсімдіктер

  20. Мал азықтық өсімдіктер

  21. Уландырғыш заты бар өсімдіктер

  22. Сәндік немесе гүлдік өсімдіктер

Каучук, камеди, смола, клей, илік заттар алынатын және щетка жасауға қажетті өсімдіктер.


Каучук– 1) табиғи К-ті (ТК) каучукты өсімдіктердің (негізінен бразилия гевеясының) латексін коагуляциялау арқылы алады. Негізгі құраушысы – полиизопрен; 2) синтетик. К. (СК) – эластик. синтетик. полимерлер. Табиғи каучукты кейбір тропикалық – бразиль гевеясы, каучук фикусы және т.б. өсімдіктердің сүтті шырындарынан (латекс) алады. Қазақстанда каучук өсімдіктері – көк сағыз және тау сағыз өседі.

Камеди (gummi) – бұтақ діңдерінің қабықтарындағы жарықталған жерлерде жиналатын экссудативті өнім, басында жұмсақ тұтқыр жабысқақ болады да кейіннен қатаяды, өсімдік камедиі дәмсіз, органикалық қышқылдарда ерімейді, гидрофильді, суда ериді. Химиялық құрамы негізінен гексоза. Камеди алынатын негізгі өсімдіктер: Fabaceae, Rosaceae, Liliaceae. мысалы, трагакант камедиі (Gummi Tragacanthae из Astragalus microcephalus Wild.), абрикос камедиі (Gummi Armeniacae из Armeniaca vulgaris Lam.).


Смола – салыстырмалы тұрде қатты немесе қыздырғанда формасын өзгертетін аморфты заттардың атауы. Табиғи смола қалыпты физиологиялық зат алмасу барысында өсімдктрден бөліп алады, жиһаз және әртүрлі пластмасс өндірісінде кеңнен пайдаланылады. Bosswellia papyrifera, Boswellia serrata және Cistusтің әртүрлі түрлерінен алынады.


Гуттаперча алынатын өсімдіктер.Гуттаперча-(англ guttapercha) — химиялық құрамы бойынша табиғи каучукпен бірдей болып келетін жоғары молекулады көмірсулар (С5Н8)n, ақ немесе сарғыш тері тектес зат, оны электр өнеркәсіпте изолияциялық материял ретінде пайдаланады, сондай ақ әртүрлі резиналы материялдар жасауда қолданылған.Гуттаперчаны Sapotaceae тұқымдастарынан және Palaquium ағашының туыстарынан, Раyenа ағашының туыстарынан, Palaquium мәдени плантация жасау өшін пайдаланады, 55 - 77% таза гутта береді, жылына 1 кг техникалық гуттаперча алуға болды және бересклеттердің тамыранда алуға болды.


Илік заттар алынатын өсімдіктер. Қазақстандағы ерте кезеңдегі жүргізген жұмыстардың тағы бір бағыты ол илік өсімдіктерді жан-жақты зерттеу. Қазақстанда оларды зерттеуді алғаш бастаған 1917 жылы В.П. Марков болды. Марковтың зерттеген илік өсімдіктерінің ішіндегі ең маңыздысы Алтайда өсетін Бадан (Bergenі) Тасжарғандар (Saxifragaceae Камнеломковые) тұқымдасынан.


Щетка жасауға қажетті өсімдіктер. Ақ селеу (Arіstіda pennata) – селеу туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық облысында, әсіресе, оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі.


Бал өнімдері алынатын өсімдіктер.Азық қорын тиімді пайдалану ара шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру шаруашылыққа үлкен табыс әкеледі. Мысалы Совет үкіметі кезінде кейбір колхоздарда шаруашылқтағы жалпы табыстың-кірстің 35-50  ара шаруашылығы беретін еді. Бірүйлі өсімдіктерге мысалы , асқабақ, емен, қияр сияқты өсімдіктер жатады. Ал екі үйлі өсімдіктерге Тал (Salix), терек (Populus- Тополь), кенешөп (Сannabis- канопля), құлмақ (Humulus- Хмель)жатады.Кейбір өсімдіктердің қосжынысты гүлдерімен қатар біржынысты гүлдері бар. Ол гүлдердің екі типіде әртүрлі комбинацияда кездеседі. Мұндай өсімдіктер көп үйлі немесе көп некелі деп аталады. Өсімдіктердің бұл тобына үйеңкінің (Acer- клен) түрлері, Шаған (Fraxinus - ясень), қарамық (Fagopyrum- гречиха), қауын (Melo- Дыня), күнбағыс (Helianthus- Подсолнечник) және т.б жатады.


Аралардың өсімдік гүлдерінен негізгі жинайтындары ол :нектар,тозаң, ара желімі (прополис).Нектарды аралар өздерінің ұяларында өңдеп балға айналдырады. Ол бал араларға қыс бойы тамақ болады.Нектардағы қанттың концентрациясы өсімдіктің табиғатына және қоршаған орта факторларына байланысты. Мысалы таңқұрайда (малина) -25, күнбағыста 44,6  ал Аткаштанда (Каштан конский) –74,5% шамасында болады. Тозаңдары мол өсімдіктер қатарына Тал (Salix- Ива), Бақбақ (Taracsacum- Одуванчик), Ақ беде (Trifolium repens- Белый клевер), эспарцет (Onobrychis- эспарцет), көк гүлкекіре (Centaurea cyans- Василек синий) және басқа көптеген өсімдіктер жатады.
Эфир майлары алынатын өсімдіктер.Пайдалы өсімдіктердің ішінде эфир майлы өсімдіктер маңызды орын алады. Өйткені олар косметикада, парфюмерияда тағамдық және фармацефтикалық өндірісте, яғни медицинада кеңінен пайдаланылады.Эфир майлы өсімдіктер шикізатына сұраныс тұрақты өсуде. Қазақстанның ботаник-ресурстанушылары эфир-майлы өсімдіктерді зерттеуде үлкен жетістіктерге жетті Эфир майлы өсімдіктер тізімі жасалды. Олардың саны 456 оның ішінде эфир майына бай 100 түрінің толық сипаттамасы берілді. Олар 23 тұқымдасқа жатады.Құрамында эфир майының мөлшері 1%-дан жоғары 38 өсімдік түрі анықталды олар: Сібір қарағайы,
Сібір самырсыны,Қызыл арша,Түкістан аршасы т.б.Эфир майлы өсімдіктер және олардан алынған эфир майларының шаруашылықтағы маңызы өте зор. Олар өте кеңінен парфюмерияда, косметикалық өндірісте медицинада пайдаланылады; Мысалы иіс сулар, кремдер және тағы басқалары шығарылғанда барлық өндірілетін эфир майларының 90% сол парфюмерия- косметология өндірісінде падаланылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет