Қарағанды облысы Жезқазған қаласы № 6 Талап орта мектебінің педагог – психологі Битенова Бану Мажитовна.
ТРЕНИНГ
Өмір, өмірдің мәні.
Мақсаты:
Оқушылардың өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету;
Өмірден өз орындарын таба білу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;
өмірге құштарлықтарын арттыру;
өмірдің мәніне түсіне қарауға бағыт-бағдар беру;
өмірден өз орнын табуды мақсат етуге үйрету.
Кіріспе:
«Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», – деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Оқушылар шеңберге жиналып , бір-бірімен сәлемдеседі де