Реферат биологиялық активті пептидттер түзілетін орны, рөлі Орындаған: Абылхайр Таңшолпан Топ: 21-006



Дата16.02.2023
өлшемі19,17 Kb.
#68458
түріРеферат
Байланысты:
биохим реферат (копия)


С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

РЕФЕРАТ


Биологиялық активті пептидттер түзілетін орны, рөлі
Орындаған: Абылхайр Таңшолпан
Топ: 21-006
Қабылдаған: Салханова Сәуле


Мазмұны
1.Негізгі бөлім
2.Пептидтік байланыстар
3.Пептидтердің химиялық синтезі
4.Олигопептидтер
5.Биологиялық активті пептидтер

Кіріспе
Пептидтер – амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын органикалық заттар.Амин қышқыл қалдықтарының санына қарай –ди, -три, -тетра, -пептидтерге, -олигопептидтерге және полипептидтерге бөлінеді.Пептидтер молекулалары әдетте бір шетінде амин тобы, бір шетінде карбоксил тобы бар ұзын тізбек.Кейде олар тұйық түрде де кездеседі – циклопептидтер (көпшілік токсиндер, гормондар, антибиотиктер). Пептидтер биологиялық қасиеттері барзаттардың көбісі жатады.Тірі ортада олар амин қышқылдарынан түзіледі немесе белоктардың ферментті ыдырауынан туады. Пептидтер ең алғаш ақуыз гидролизатынан, фермент ация арқылы алынған болатын.


Пептид деген терминді 1905 жылы пептидтерді синтездеудің жалпы әдісін ойлап тапқан Эмиль Герман Фишермен ұсынылған болатын.
1953 жылы Дю Виньо окситоционды синтездеп алды, ол ең алғашқы полипептидті гормон деп атады.
1963 жылы қатты фазалы пептидті синтездің негізгі концепциясы арқасында пептидтің автоматты синтезаторлары құрастырылды. Полипептид синтезі әдісін қолдану арқылы синтетикалық инсулин мен кейбір ферменттерді алуға жол ашты.
Қазіргі таңда 1500-ден астам пептидтер белгілі, олардың қасиеттері мен синтездеу әдісі де қалыптасқан.

Пептидтік байланыстар


Амин қышқылдарының поликонденсациялануы нәтижесінде пептидтер түзіледі.
Пептидтер дегеніміз полимерлі қосылыстар, құрылымбірлігі ретінде амин қышқылдар қалдықтары алынады.
Бұлардың бүйір радикалдары әр түрлі, ал пептидтік байланыс универсалды. Екі амин қышқылы қосылатын болса, онда дипептид түзіледі, үш амин қосылатын болса – трипептид түзіледі. Осылайша көптеген амин қышқылдары қосылуынан полипептид пайда болады. Амин қышқылдық қалдықтарының арасында байланыс:

Түзіледі, бұл пептидтік байланыс деп аталады.


Табиғи белок полипептид болып саналады, ол бірнеше шөгіп тұнбағажүздеген амин қышқылдары буындарынан тұрады. Полипептидтер кейбір қасиеттері бойынша белоктарға жақындайды, бірақ белоктардың қасиетін толық қайталамау мысалы, полипептидтер шөгіп тұнбаға түспейді .
Полипептидтің қаңқасы үнемі қайталанып отыратын құрылымдық элементтерден тұрады:

Пептидті тізбекте олар ретпе орналасқан N-соңы мен C- соңына байланысты, пептидтер векторлы болып келеді.N-соңында бос амин тобы, ал C- соңында бос карбоксил тобы орналасқан. Тізбек N–соңынан C- соңына қарай бағытталған.


Поликрнденсация коэффициент пептид құрамына кіретін амин қышқыл қалдықтарының санын көрсетеді. K=2 (олигопептидтер) 1-ден 20-ға дейін (полипептидтер). Пептидтердің мол массалары 200-ден 6000 диапазонда, орташа массасы 110.
Белоктар бұл а амин қышқылдарынан түзілген күрделі үлкен молекулалы табиғи қосылыстар.Қазіргі түсініктер бойынша белоктарда амин қышқылдары өзара пептидті (амидті байланыстар - арқылы пептид тізбектеріне біріккен. Бір амин қышқылының карбоксилімен келесі амин қышқылының амин тобымен әрекеттесуі нәтижесінде пептидті байланыстар түзіледі.
Түзілген дипептид молекуласының шеттерінде әрбір амин қышқылынан функционалдық топтар – карбоксил және аминтоп қалып қояды. Сондықтан дипептид өзінің бір шетімен үшінші амин қышқылымен әркеттесетін трипептид түзеді. Осылайша төрт амин қышқыланан тетрапептид, ал көп амин қышқылынан – полипептидтер пайда болады.
Пептидтік байланыс өзінің химиялық табиғаты бойынша ковалентті болып табылады және ақуыз молекуласының 1-реттік құрылымына өте жоғары дәрежелі беріктік береді.
Пептидтік теория ақуыздарынан көптеген физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерінн дұрыс түсіндіруге мүмкіндік берді.Сонымен қатар ол қалайша физикалық-химиялық қасиеттері, атқаратын қызметтер түрліше болып келетін ақуыздардың табиғатта сан алуан формаларының кездесетінін де дәлелдеді.Мысалы 2 аминқышқылдар—глицин және аланин, екі түрлі дипептид пайда ете алады: глицин- аланин және аланил- глицин. Оларды изомерлер деп атайды.Аминқышқылдар бірізділігінің түріне болуына байланысты изомерлердің физикалық- химиялық қасиеттері, қызметтері де әртүрлі болады.

Олигопептид (ағылш. oligopeptide) – амидтік (пептидтік) байланыстар арқылы байланысқан аминқышқылдарының аздаған қалдықтарынан тұратын органикалық молекула. Олигопептидтер нанобиотехнологиялар үшін перспективалы молекулалар класы болып табылады. Атап айтқанда, белгілі бір қасиеттері бар беттерде өздігінен ұйымдастырылатын супрамолекулалық құрылымдар түзетін тармақталған олигопептидтер жасалды. Мысалы, тек вирустардың бетінде тығыз қабық түзетін олигопептидтер жасалды. Мұндай молекулалар вирустардың жасушаларға адгезиясын және олардың инфекциясын блоктайтындықтан, оларды вирусқа қарсы терапия ретінде қолдануға болады.


Көптеген пептидтер адамның, жануарлардың және өсімдіктердің ұлпасында бос күйінде кездеседі.Пептидтердің ішіндегі ең қарапайымы – глутатион.Ол трипептид глутятион ұлпалардың бөрінде де кездеседі және күшті тотықсыздандырғыш, цистеин сияқты оңай тотығады, сөйтіп гекепептидке айналады.
Глутатион белоктардың алмасуына қатысатын ферменттер активтілігіне күшті әсер етеді. Ол клетка мембранасы арқылы жүретін аминқышқылдары тасымалына қатысады.Белоктардың сульфгидрил тобын тотықтыратын тотықтырғыштардың зиянды әсерінен қорғайды.
Гипоталамус гормондар төменгі молекулалық пептидтер.Жүйке жүйесін қоздырады.Мұндай гормондар ең алғаш миэкстрактынан табылған болатын.
Аспартам деп аталатын дипиптидтің маңызы зор.Оның тәттілігі сахарозадан 300 есе басым.Ол мүлдем зиянсыз, қуат бермейді, болмашы ғана мөлшерінің өзі өнімге тәтті дәм береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет