Реферат боөЖ#1 Тақырыбы: Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизмі



Дата14.09.2023
өлшемі51,11 Kb.
#107346
түріРеферат

0
6.02.2023ж
ҚазақСТАН-Ресей медициналық университеті

РЕФЕрат

БОӨЖ#1


Тақырыбы: Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизмі


Факультет:Медицина


Курс:1
Сабақ:Медициналық биофизика
Қабылдаған:: Өтеуова Ұлдана Дастанқызы
Орындаған: 102А Туймебай Фатих




Кіріспе


Биологиялық мембрана дегеніміз – жасушаны, жасуша ішілік органеллаларды және тіндерді қоршап тұратын жұқа қабықша.
Биологиялық мембрана — аса күрделі құрылымды зат. Оның құрамында ферменттік белоктар, ерекше рецепторлар, электрондарды тасымалдаушы, энергияны өңдеуші құрылымдар сонымен қатар гликопротеиндер мен гликолипидтер болады. Мембраналық белоктардың көпшілігі мембрананы тесіп өтіп орналасса, ал кейбірі оған жартылай ғана еніп немесе жанасып жатады. Мембраналық белоктар түрлі қызмет (мысалы, гликопротеиндер антиген рөлін) атқарады. Кейбір химиялық реакциялар (мысалы, хлоропластарда жүретін фотосинтездің жарық реакциялары немесе митохондриидағы тотыға фосфорлану процесі) биологиялық мембрананың өзінде жүреді. Сондай-ақ, биологиялық мембрана клетканы қоршап, сыртқы ортадан оқшаулауы арқылы клетканың морфологиялық тұтастығын сақтайды. 

НЕГІЗГІ
Биологиялық мембрананың түрлері
Жасушалық мембрана - Плазмолемма
Жасушаішілік мембраналар - (вакуоль, ядро және басқалардың қабықшасы)
Базальды мембрана - (тіндер қабықшасы)
МЕМБРАНА ҚЫЗМЕТТЕРІ
Биологиялық мебраналар ағзада көптеген функциялар атқарады: олар тепе-теңдік емес жағдайдағы ағзаны ұстап тұруға мүмкіндік беретін, жасушаны жеке бөліктерге бөліп отыратын
(компартаменттер) жасушаны (цитоплазматикалық мембраналар немесе плазмалемма деп аталатын) және жасушалық органеллаларды қоршап тұрады; жасуша аралық байланысты түзейді, жасушаның механикалық қорғайды, зат тасымалын, нерв импульсін жүргізеді, АТФ синтезіне қатысады, кеңістікте ферментативті реакцияларды жүзеге асыратын мембрана ақуыздарының орналасуын, рецепторлар және иммундық жүйенің қызметін қамтамасыз етеді.

Мембрана негізінен екі маңызды қызмет атқарады: матрицалық, барьерлік (кедергі). Әр түрлі қызмет атқаратын белоктарды ұстап тұратын, керексіз бөлшектерді енгізбей жасуша мен жеке омпартаменттерді қорғаушы. Мысалы, улы зат ішкен кезде.

Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизімі
Зат тасымалының негізгі түрлері: 1-ші белсенді емес, яғни пассивті 2-ші түрі белсенді, яғни активті
Заттардың жасушаға енуі немесе одан шығуы мембраналар арқылы жүзеге асады және ол ағза өмір сүруінің негізгі қызметі болып табылады. Мембраналар арқылы заттардың тасымалдануы тірі ағзаларда негізгі градиенттердің болуын қамтамасыз етеді.
Активті тасымал түрлері:
Биологиялық мембрана арқылы тек қана жекелеген молекулалар ғана емес сонымен бірге қатты денелер тасымалы – фагоцитоз және ерітінділер тасымалы – пиноцитоз болады.
Сондайақ тасымал бағыты бойынша мына түрге бөлінеді: эндоцитоз – заттардың жасуша ішіне тасымалдануы экзоцитоз – заттардың жасушадан сыртқа тасымалдануы

Пассивті тасымал түрлері:


Диффузия - бұл заттардың мөлшері көп жағынан аз жағына қарай, яғни градиентке қарама-қарсы жаққа қарай өтуі концентрациалы;электрлік;осмостық;градиенттердің гидростатикалық
Диффузия екі түрге бөлінеді:
қарапайым диффузия – басқа молекулалар градиенттерінің көмегінсіз,
жеңілдетілген диффузия – ионофорлар деп аталатын тасымалдаушылардың көмегімен. Ионофорлар: қозғалмайтын – грамоцидин қозғалатын – валиномицин, нигерицин
Осмос – мембрана арқылы су молекуласының аз мөлшері жағынан көп жағына қарай ығысуы. Еріткіштің мұндай қозғалысын жасайтын күш осмостық – итерме қысым деп аталады (су тіннен қан плазмасына өтеді).
Фильтрация – гидростатикалық қысым әсерінен арналармен сұйықтардың қозғалысы (су қан ағымынан лимфаға, жалғастырушы тінге шығады, ал қан плазмасы бүйрек арналарына ығыстырылады)

Тірі жасуша жеке заттардың өтімділік жылдамдығын, әсіресе жасушалық алмасуға кіретін физиологиялық маңызды заттарды белсенді, таңдамалы түрде арттыру қабілеттілігіне ие. Белсенді тасымал - концентрация градиентіне қарсы тасымал болғандықтан бір мезгілде таңдамалы тасымал да болып табылады, сондықтан қоршаған ортадан жасушаның өмір сүруі үшін керекті заттар осы жолмен жұтылады.


Белсенді тасымалдау кезінде АТФ ыдырау қуаты пайдаланылса, оны біріншілей белсенді тасымал дейді
Егер энергия көзі ретінде АТФ немесе тотықтырғыш – қалпына келтіретін реакциялар энергиясы емес басқа заттардың концентрация градиенттері қызмет етсе, ол екіншілей – белсенді немес түйінделу деп аталады.
ЕКІНШІ РЕТТІ БЕЛСЕНДІ ТАСЫМАЛДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Унипорт- жеке тасу, молекула немесе иондар басқа заттармен байланыспай, тәуелсіз жалғыз өтеді. Осы тәсілмен глюкоза, аминқышқылы беткейлік клеткалардың негізгі мембранасы арқылы өтеді. 


Симпорт- қоса тасу, басқа заттармен бірге бір бағытта өту. Мысалы,натри-тәуелді тасылатын қант, аминқышқылы,иондары.
Антипорт- қарсы тасу. Заттардың немесе иондардың бір мезгілде қарсы бағытта өтуі. Мысалы/H; Cl-/HCO
ҚОРЫТЫНДЫ:
Биологиялық мембрана жасуша тіршілігінде аса маңызды рөл атқарады. Ол жасуша органоидтарының және жасуша ішіне және сыртқа қарай заттар өтуін қамтамасыз етеді. Мебрана тірі ағзаларда тіршілік үшін қажетті заттардың өтуін қамтамасыз етеді. Нерв импульстарының, АТФ синтезінің, бұлшық ет жиырылу үдерісі барлығы мембрана арқылы жүзеге асады. Жасушаға немесе оны қоршаған ерітіндіге заттың орын ауыстыруы активті( белсенді) немесе пассивті (белсенді емес) деп екіге бөлінеді. Концентрация градиенті бойынша, АТФ энергиясы жұмсалмаса бұл пассивті тасымал болады, олар: дуффузия, осмос, фильтрация. Ал егер концентрация градиентіне қарсы жүрсе, АТФ энершиясы жұмсалса ол активті тасымал болады, олар: фогоцитоз, пиноцитоз.
Пайдаланылған қосымша: google.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет