РЕФЕРАТ ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
Реферат – бұл зерттеу нәтижелерін жазбаша түрде ұсынудың бастапқы
түрі. Ол (лат. refero – баяндаймын, мәлімдеймін) зерттеуді таныстыру үшін
қолданылатын іс жүзіндегі негізгі мәліметтер мен қорытындылардан тұратын
құжаттың қысқаша баяндалуы. Рефераттағы материалдарды нақты, әрі айқын
келтіру қажет. Реферат мәтінінің мазмұны жағынан да, форма жағынан да
қолжетімді болуы болуы шарт. Рефераттың міндеті – зерттеу жұмысының
мазмұнын хабарлау ғана емес, тақырыпқа байланысты пайда болған жаңа
мәселелерді де қозғап, баяндау екенін ұмытпаңыз. Рефераттың көлеміне де
белгілі бір талаптар бар. Мысалы, реферативті журналдағы рефераттың
орташа көлемі – 1000 баспа таңбасынан тұрса, жаратылыстану және
техникалық ғылымдарда 500 ден 2500 таңбаға дейін жетеді. Ол Times New
Roman қаріпімен, 14 кегельде жазылады.
Рефераттың екі түрі бар:
продуктивті және репродуктивті
Репродуктивті реферат бастапқы алғашқы мәтіннің мазмұнын
баяндайды. Оның екі түрі бар:
реферат-конспект
және
реферат-резюме.
Реферат-конспектте негізгі ақпаратты жалпыланған түрде бересіз. Оған
көрнекті материалдарды, зерттеу әдістерін, олардың нәтижелерін, нәтижені
қолдану мүмкіндіктерін жазуға болады. Реферат-резюмеге көзделген
тақырыптың негізгі ережелерін жазасыз.
Продуктивті
реферат
баяндалатын
дереккөзді
сыни
және
шығармашылық тұрғыдан мазмұндайды. Реферат бастапқы мәтіннің
мазмұнын баяндайды, продуктивті реферат баяндалатын дереккөзді сыни
және шығармашылық тұрғыдан мазмұндайды. Оның екі түрі бар:
реферат-
баяндама
және
реферат-шолу
. Реферат-шолуда бірнеше дереккөздерді
пайдаланасыз. Сондай-ақ аталған мәселеге қатысты әр дереккөздегі түрлі
пікірлерге шолу жасайсыз. Реферат-баяндамада алғашқы дереккөздің
ақпаратын талдап, ондағы негізгі мәселелерге объективті түрде баға бересіз.
Достарыңызбен бөлісу: |