Реферат Жөкен Бақжан 101



Pdf көрінісі
Дата01.07.2022
өлшемі41,97 Kb.
#37451
түріРеферат
Байланысты:
Реферат Жөкен Бақжан 101



РЕФЕРАТ
Абайдың толық адам туралы ілімі
Толық адам танымы Абайдың шығыстық дүниетаным қайнар көзден тапқан рухани төл
қазынасы. Толық адам, жақсы қайырымды адам, жетілген адам туралы ойлар – барша
адамзатқа ортақ таным. Сөйтсе де бұл ілім Абайға Шағатай тіліндегі əдебиет пен
шығыс ойшылдары арқылы жеткен. Философияның адамгершілік болмысы мен
табиғаты, негіздері туралы саласы Абай шығармаларында жүйелі де ізерлі жырланған.
М.Əуезов осы орайда ақын туралы: «Абай мораль философиясын барлық жайдан
жоғары қояды» деген түйінді ойын тегін айтпаған. Абайдағы адамгершілік ілімі ретіндегі
таным М.Əуезов зерттеулерінде «нравственная личность» деп аталса,
М.Мырзахметұлы оны ақынның өз сөзімен «толық адам» деп атаған. Абай дін, тəрбие,
адам жаратылысы, адамшылық туралы ойларында үнемі толық адам танымын сөз
етіп, насихаттап отырады. Абайдағы толық адам танымының мəн-мазмұны М.Əуезовтің
мына ойынан айқын танылады: «Ұстаздық, əлеуметтік талабының түп мақсаты жеке
адамдарды жаманшылықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын жəне
бар халқын түзетіп өзгертпек болады». М.Əуезов ақын мұрасын танып, зерттеу
барысында «Абай моральдік философияны барлық жайдан жоғары қояды» деп
түйіндесе, ақындағы адамгершілік ілімін арнайы зерттеп, ақын мұрасы мен өмірлік
ұстанымының өзегі, негізі болған адамгершілік тақырыбын ақынның өз сөзімен атаған
«толық адам» ілімі аясында танып білуді ғылыми айналымға енгізген –
М.Мырзахметұлы. «Толық адам» ілімінің мəні мен мазмұны қазақ əдебиеттану
ғылымында М.Мырзахметұлының зерттеулері арқылы мəлім болып отыр.
«Толық адам» ілімі адамзат ойшылдарын əр заманда ойландырып, толғандырып
келген тамырлы да іргелі таным. Иран оқымыстысы Мұртаза Мұтаххари(1919-1979)
«Совершенный человек в исламе» деген кітабында толық адам танымының тарихы
мен қоса, бұл танымның мəн-мазмұнын да біршама таратып сөз еткен. Оның пікірінше,
толық адам ілімінің негізін теософ ғалым араб Мұхин ал-дин ибн-Араби (1165-1240)
қалаған. Ал Абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлы бұл ілімнің төркінін Алып Ер Тоңа
туралы жырлардан тауып таратады. Оның ойынша, қазақ жерінде X-XI ғасырда
Ж.Баласағұнның «Кұтадғу білік» дастанында негізделген жəуəнмəртлік ілімін Ж.Румиге
жеткізіп, оның көзқарасын түбірінен өзгеріске түсірген Сырдариялық Шамс Табризи
болған. Адамшылық негіздері туралы жəуəнмəртлік ілімі Əл-Фарабидің парасатты
адам, кемелділік туралы танымы мен тиянақты қалыптасып, берідегі Абай
шығармаларындағы толық адам танымына дейінгі даму жолынан өткен. Əл-Фараби,
Ж.Баласағұн, А.Ясауи, Абай шығармаларындағы адамгершілік ілімі инсанияттың
кəмəлəттығы мен бенделіктің кəмəлəттығы бағыттары бойынша дамып келген. Ж.
Баласағұн мен Абай негізінен инсанияттың кəмəрəттығы бағытын ұстанған. Абайдың
адамгершілік ілімін танытатын толық адам ақындағы жəуəнмəртлік, иманигүл (үш сүю)
арқылы өзегі мен мəніне жетеді. Толық адам адамзаттың болмыс бүтіндігін танытса,
иманигүл (үш сүю) адамзатты асыл, абзал ететін адамгершіліктің ең түпкі негізін
көрсетеді. Ақындағы адамгершілік асыл қасиеттерді іш тарта уағыздап, кеселдік
қасиеттерден безіндіре əшкерелеуі де - толық адам аясындағы ақындық ой-əрекеттері.
«Адам болу», «жарым адам», «толық адам», «адамның адамдығы», «адамшылық»,
«адамшылығының кəмəлəт таппағы», «бенделіктің кəмəлəті», «толық инсаният»,
«инсанияттың кəмəлəттығы», -ғазамат» секілді ұғымдар Абайдағы адамгершілік туралы
таным – толық адамды танытуға құрылған. Толық адам танымы камили инсан мен


бенделіктің кəмəлəт таппағы ұғымдарын ажырата ашумен де табысты болмақ. Ақын
толық адам танымын насихаттауда жүрек пен жүректен шығар əділет, рақым, шапқат,
мейірім қасиеттеріне айрықша көңіл бөледі. Ақындағы нұрлы ақыл да жүректен шығар
əділет, рахым жолында жүріп қалыптасады. Оспан, Əбдірахман туралы өлеңдердің
мазмұнындағы толық адам көрінісі де назар аударуды керек етеді. Қорытындай келсем
Абайдың толық адам ілімі өзінің жүйелі де заңды жолымен Шəкəрімнің ар ғылымы
арқылы дами түсті. Абайдың толық адам ілімі мен Шəкəрімнің ар ғылымы қазақтың
ғана емес, барша түркі халықтарының моральдік кодексінің іргетасын қалауға толық
жарап жатыр.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі;melimde,kz,abaialemi.kz
Орындаған;Жөкен Бақжан 101 топ


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет