Атырау Жоғары Медициналық Колледжі РЕФЕРАТ Орындаған: 344 топ, Байғазиева Сымбат
Тексерген: Айнагүл Халидоллаевна
Өкпе туберкулезі Өкпе туберкулезі — бұл созыпмапы (ұзаққа созылатын), жұқпалы (тез тарайтын) ауру, мұнымен кез келген адам ауыруы мүмкін. Туберкулез көбінесе 15-тен 35 жасқа дейінгі жастарда болады, әсіресе ол СПИД-пен ауырса немесе тоя тамақ ішпесе, не туберкулезбен ауыратын адаммен бірге тұрса. Туберкулезді емдеп жазуға болады. Соған қарамастан одан жылына мыңдаған адам өліп жатады. Алдын алу үшін де, емдеп жазу үшін де ауруды алғашқы сатысынан бастап емдеу керек. Сондықтан туберкулездің белгілерін біліп, одан сақтана білу қажет.
Туберкулездің анағұрлым кең тараған белгілері
Мойында (лимфа бездері) немесе іште бітеу жара (ісік) пайда болады.
Туберкулез әдетте өкпені зақымдайды, бірақ ол дененің кез келген жерінде болуы мүмкін. Жас балаларда ол менингитке ұласуы мүмкін. Тері туберкулезі де болады.
Егер туберкулезбен ауырып қалған шығармын деп сезіктенсеңіз, жедел дәрігерге көрініңіз. Туберкулездің алғашқы белгісі білінісімен теріге, қақырыққа немесе түкіріккеанализ жасатып, рентгенге түсу үшін емханаға барыңыз. Көптеген елдерде туберкулезге қарсы дәрілер тегін беріледі. Бұл жөнінде жақын маңдағы сауықтыру мекемесінен сұрап біліп алыңыз. Олар сізге мына 2,3,4 дәрі түрлерін ұсынуы мүмкін:
Изониазид таблеткалары
Этанбутол таблеткалары
Рифампин
Тиацетазон таблеткалары
Пиразинамид
Стрептомицин (шанышатын)
Бұл дәрілерді дәрігердің берген нұсқауын қатаң сақтай отырып қабылдау өте маңызды. Кемінде бұлардың екеуін бір мезгілде қабылдау қажет. (Бұл дәрілерді қабылдау кезіндегі сақтық шараларын қабылдаңыз). Дәрілерді қашан дәрігер сіздің толық сауыққаныңызға көз жеткізгенше іше беріңіз. Өзіңізді жақсы сезіне бастағаннан дәріні қабылдауды тоқтата салмаңыз. Туберкулезден толық жазылу үшін 6 айдан бір жылға дейін және одан да көп уақыт керек.
Мүмкіндігінше құрамында қуат беретін витаминдер мен протеин мол тағам түрлерін көбірек ішіңіз.
Аурудан айығуда демалыстың да үлкен маңызы бар. Мүмкіндігінше жұмыс істемеңіз және қашан өзіңіз оңалып, тәуір болғанша ештеңеге көңіл бөлмеңіз, жаныңызды жабырқатпаңыз.
Оңала бастағаннан кейін қатты шаршамауға және тым іштей ширықпауға тырысыңыз. Әрқашанда уақытыңыздың көбін демалыс пен ұйқыға бөліңіз. Дененің басқа жеріне түскен туберкулез де өкпе туберкулезін емдегендей жолмен емделеді. Бүл жерде әңгіме мойын безінде, қарын қуысында, теріде және буындарда, мысалы, тізеде болатын туберкулез жөнінде болып отыр. Туберкулез сәбидің омыртқасына түссе, бала сал болып қалмас үшін оған операция жасауға тура келуі мүмкін.