Реферат
Орындаған: Низатилзаманов Р
Оқытушы: Жағыпар Әділет
Хронология — уақыт өлшемі туралы ғылым. Ол өзінің атауын гректің «xponos» — «уақыт» және «лоgоs» — «ғылым» деген сөздерінен алған. Бұл ғылым екі бөлімнен: аспан денелерінің қозғалысын есептеп шығару жолымен дәл астрономиялық уақытты табатын математикалық (астрономиялық) хронология және тарихи хронологиядан тұрады.
Тарихи хронология өз алдына екі міндетті — теориялық және қолданбалы міндетті қояды. Біріншісі уақытты есептеу жүйесін зерттегенде оларды тарихи дамуы үстінде қарастырады, олардың арасындағы өзара қатынасты анықтайды және даталарды бір хронологиялық жүйеден екіншісіне аудару принциптерін жасап шығарады. Екіншісі оқиғалардың датасын қазіргі эраға және жыл санаудың жалпы қабылданған жүйесіне аудару үшін, осыған байланысты тарихи оқиғалардың датасын анықтау және нақтылау үшін жоғарыда көрсетілген ережелерді жүзеге асыруды қамтиды.
«Қосалқы тарихи пәндердің ішінен хронология ең маңыздыларының бірі болып саналады, өйткені тарихтың қандай да болсын кесегін оқып үйренудің негізгі шарты оқиғалардық жүйелілігі мен датаны дұрыс қою болып табылады. Хронология методтарына сүйене отырып тарихшы тарихи документтер мен фактілердің дәл датасын қалпына келтіреді. Бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін белгілі бір тарихи кезеңдегі белгілі бір халықтың қолданған уақыт өлшеуінің қалыптасуымен ерекшеліктерінің бүкіл тарихын жақсы білу қажет.
Уақыт есебі туралы мәселені бір мемлекет шеңберінде қарастыруға әрекеттену, әдетте, елеулі қиыншылықтарға кездестіретінін ескерген жөн. Халықтардың көп ғасырлық қатар өмір сүруі, экономикалық, саяси және мәдени байланыстар каленьдарлық жүйеде көптеген элементтердің араласып, өзара алмасуына алып келді. Бұның үстіне көп ұлтты мемлекеттерде уақыт есебі әр ұлттарда әр түрлі болуы мүмкін. Мәселен, біздің елімізде халық-тардың бірінің календарьлық жүйесі уақыттың Күн есебі дейтінмен жүргізілсе, ал екінші біреулері уақыт есебін Айға қарап жүргізді. Екі тәсіл де алғашқы ежелгі шығыс календарьларынан шыққан. Сондықтан да СССР тарихшысы бүкіл дүние жүзі халықтарының уақыт есебінің пайда болып, даму процесімен және ең ежелгі заманнан бастап осы уақытқа дейінгі календарьлардың негізгі жүйелерімен таныс болуға тиіс.
Уақыт ішінде белгілі бір жүйелілікпен тарихи оқиғаларды орналастыру принципін ежелгі дүниенің сонау алғашқы тарихшылары да білген. Осы принциптің өзі орта ғасырлар тарихи шығармалары — орыс жылнамалары мен Батыс Европа мемлекеттері хроникаларының негізіне алынды. Хронология проблемалары бойынша алғашқы ғылыми трактаттар да ерте пайда болды. Шежірелік оқиғаларға даталар қоюмен байланысты бірқатар мәселелерді шешудің қажеттілігінен ежелгі Русьте, XII ғасырдың өзінде-ақ, хронологиялық мәселелерге арналған новгородтық Кириктің еңбегі шықты. XVI—XVII ғасырларда хронология мәселелеріне ынта қою Россияда кейбір практикалық қажеттіктерге де байланысты болды. Бірақ тарихи хронология дербес ғылыми пән ретінде XVIII ғасырдың аяғында — XIX ғасырдың басында ғана қалыптаса бастады. Россияда хронологияға ғылыми тұрғыдан ынта қоюды дамытудағы маңызды кезең XX ғасырдың басына жатады. Ол (юлиан календары реформасын әзірлеуге байланысты болды.Бұл кезеңде орындалған тарихи хронология жөніндегі жұмыстардан, ең алдымен Н.В. Степанов пен Д.О. Святскийдің еңбектерін атауға болады.
Алайда Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін хронология ғылым ретінде әлі де болса қалыптасу сатысынан шыға алмаған еді.Құнды бақылаулармен және қорытындылармен қатар көптеген еңбектерде хронологиялық ұғымдарды шатастырулар, оқиғаларға дата қоюда қателер жиі ұшырайды. Бұл ғылыми пән бойынша жинақталған еңбектер болмады.
Достарыңызбен бөлісу: |