Реферат тақырыбы: Қазақстан республикасының Қазіргі



Дата06.01.2022
өлшемі113 Kb.
#16705
түріРеферат
Байланысты:
Реферат Блялов Т. ГИК91



РЕФЕРАТ


ТАҚЫРЫБЫ:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Дайындаған:Блялов Т.К.

Қабылдаған:Сыздыков Е.Т.

Қазақтар – тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық – «экология» деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің «Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек»,- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап аурулардың түрлері және саны көбейді.

Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшаснан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен үтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды.

Экология – жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, «экология» пәнін бала бақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз.

Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді.Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда.

Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше «үлес қосып» отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық кешені, Қарағанды металлургия заводы, «Фосфор» Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда 1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері – 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен.

Кейінгі кездерде Балхаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп шыққан күкірт диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып жатыр. 2001 жылғы мәліметгер бойынша Балхашта тұратын 70 мың тұрғындардың әр қайсысының басына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа да улы заттар, көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. Осылардың салдары болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басындағы жапырақтардың түгел дерлік жоғалуы және құстардың жаппай өлуі байқалған. Жапырақтардың жоғалып кетуін, құстардң кырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен де түсіндірілуде. Ағаш басында жапырақ жеп жүрген құрттардың көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен көріпте жүр.

Атмосфераны ластағыш заттардан бір ғана мультипликатор – қорғасын ингредиентін мысалға алайық. Қорғасын – политропты у. Оның организмдегі азғантай ғана конценфациясы, органдар мен тканьдарды, қан жүйесін, орталық нерв жүйесін, иммун жүйесін зақымдап, бүлдіреді. Қорғасынның жоғары мөлшері – Өскемен, Зыряновск, Лениногорск қалаларының атмосфералық ауа құрамында байқалады. Шашқа жасалған спектральды анализ мәліметтері бойынша, бұл қала тұрғындарында, қорғасын мөлшері ең жоғары, яғни шекті мөлшерден 6 есе көп болып шықты. Қорғасынның бірқатар мөлшерін тұрғындар су, азық-түлік өнімдері арқылы қабылдайды. Сондықтан да болар, шығыс қазақстандықтардан ақ қан ауруымен науқастанғандардың саны көбейіп отыр. Тауар күйіндегі 1 тонна қорғасын алу үшін, 1000 тонна кенді қазып өңеуге, 5 тоннаға дейін бос жынысты қазып алуға тура келеді. Қазақстан полиметалл кендеріндегі қорғасынның концентрациясы 0,32 мен 0,8 % аралығында. Бұл көрсеткіш ең бай кен көздері үшін, 1,5/2,5%. Қалдық сақтағыш қоймаларда жинақталған уақытына байланысты, өндіріс қалдықтарындағы қорғасын мөлшері 0,4%, 0,7 %, кейде 1,5 %-ға дейін жетеді. Осыған орай, бұл техногенді қалдықтар ұзақ уақыт жатқан сайын, олардағы микроэлементтер зияндылығы қоршаған орта үшін арта түсері де сөзсіз. Жалпы, бүгінгі күнге дейін, Қазақстаңдағы түсті металлургия кәсіпорындарының техногенді қалдықтарының мөлшері, астрономиялық цифрларға жетіп жығылып отыр: 9,139 млрд тонна. Республика бойынша қалдықтардың 16,5%-ы шығыс Қазақстан экожүйесінің үлесіне тисе, бір ғана «Жезқазған түсті металл» өндірістік бірлестігінде – 13,5% қалдық қордаланған (912046 млн.т), ал «Соколов-Сары-бай»өндірістік бірлестітінде қалдықтардың 42,9%-ы жинақталған.

Республикадағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тазалау қондырғыларының сапасы мен тиімділігі 30%-дан аспайды. Өндіріс сарқынды, шайма және қолданылған суларынының әсерінен, Ертіс, Орал т.б. өзендерінің суы, зияндылығы жөнінен нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда асып түседі. Өзендердегі судың өздігінен тазаруы, тек 300 километрлік жол жүріп өткен соң ғана турбулентті және ламинарлы араласулар әсерінен жүзеге аса алады. Тіпті, бұл су көздерінің «есте сақтау қабілеті» де зақымданған. Қазіргі экожүйені қалыптастыру, ғалым мен техника жетістіктерін өндіру, осы мақсаттарға қаржы жұмсау мөлшері теңізге тамған тамшыдай…

Жер және минералды шикізат ресурстары, ауыл шаруашылық алқаптары, тозудың аз-ақ алдында десе де болады. Бұл айтылғандарға, үлкен аумақтардағы жер дефляциясы дәлел бола алады. Суармалы жерлердегі құнарлылықтың төмендеуі, топырақ қабатындағы гумус қабатының көз алдымызда жұқалануы, Қазақстан далаларының егіс алқаптарында жиі байқалып отырған құбылыс. Ал, табиғатта қалыңдығы 5 см гумус қабатын жинау үшін жүздеген жылдар қажет болса, аридті климатты аймақтар үшін бұл мақсатқа мыңдаған жылдар кететіні анық. Топыраққа рекультивация жасау да қымбатқа түсетін іс-шара: 1 га үшін 300 мың теңгеге дейін, кейде онан да көп шығын жұмсалады. Мұның тағы бір зияны, экожүйенің микроклиматы енді қайтып орнына келмейтін күй кешеді.

Пайдалы қазбалардың ішінен, республикаға, әсіресе ең максималды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зиян шектіріп отырғаны полиметалл кендері, түсті металлургия, ал микроэлементтерден – қорғасын, хром оксиді, марганец және уран. Олардың басым көпшілігі, шикізат күйіңде басқа елдерге жөнелтіліп, дайын өнім мен қымбат бұймның тиімділігін солар көріп отыр. Біздің маңдайымызға әзірше жазғаны, шикізат өндіретін орындардың маңындағы зиянды қалдықтар мен бүлінген су, ауа, топырақ әсерлері.

Қоршаған ортаның, Республикамыздағы халықтың науқастануына тигізер әсері 60% шамасында. Ол әсіресе, тау – кен өнеркәсібі орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал, соматикалық ауру түрлерінің өршуіне ықпал етуде.

Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру бағатында Орталық Азиядағы бес мемлекет – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстанның президенттері бірнеше рет кездесті. Мемлекет басшыларының шешімімен, Арал бассейнің қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы шаралар айқындалды.

Орта ғасырда Сейхун деп аталған Сыр өзенінің Фархад тауын жарып өтетін бір тармағына 1948 жылы Фархад ГЭС-і салынса, бертін келе, алпысыншы жылдары, Шардара ГЭС-і, мұнан басқа – Тоқтагүл, Әндіжан, Шарбақ су қоймалары пайдалануға берілді. Бұл іс – әрекеттер көптеген суару-суландыру жүйелерін іске қосуға мүмкіншілік жасады. Жол жөнекей Сырдың суын әркім әлі келгенше жырып ала берді де, ақыр аяғы бір кездері кемерінен асып, төгіле аққан лай суының жойқын күшіне қарай Сейхун аталған. Мол өзеннің жұрнағы ғана Арал теңізіне жетіп жатты. Дәл осындай күйді егіздің сыңарындай Амудария өзені де көріп жатты. Арал теңізіне негізгі суды әкеліп жатқан екі өзен жабылып, 60-шы жылдардың басында 60 текше шақырым су берсе, 1980 жылдан бастап, жылына орта есеппен, 4 текше шақырым ғана су беріп келді. Ал теңізге қажетті ылғалды беру үшін, кемінде жылына 40-45 текше шақырым су керек. Аралдың бұрынғы 66 мың шаршы шақырым су айдынынан, қазір небәрі, шамамен 25 шаршы шақырымға жуық су айдыны қалып отыр.

Бір кездері арнасынан асып-тасып жатқан алып теңіз, бүгінде жыламсырап ағады. Теңіз ұлтанынан ұшқан тұзды шаң әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп жатқаны туралы суыт хабарлар, барған сайын қатерлі де, қорқынышты сипат алып барады. Бұл проблеманың Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да мәртебелі мінбелерден қайта-қайта көтерілуі де сондықтан.

Экологиялық апат аймағында отырған ел, ең алдымен, ауыз су тапшылғынм көріп отыр. Теңізбен қоса, Арал төңірегіндегі жергілікті тұрғындарды да құтқару керек. Өйткені, елді мекендердің тек 15-20 пайызы ғана таза су ішіп отыр, ал қалған тұрғындар мемлекеттік стандартқа мүлдем қайшы келетін ауыз суды пайдалануда. Соның өзінде, ауылдық жерде, су бір адамға бір шелектен келеді. Ал, өркениетті елдерде, оның шамасы 200-400 литрге жетіп отыр. Мұның өзі түрлі жұқпалы аурулардың өршуіне, өңір халқының денсаулығына кері әсерін тигізуде. Олар, бір жағынан Арал теңізінен көтерілген тұзды тозаңның астыңда жатса, екінші жағынан Байқоңыр ғарыш аймағының қасіретін бастан өткізуде. Соның салдарынан, тұрғындар арасында жүрек, өкпе, қан қысымы, бүйрек, бауыр және басқа қауіпті аурулардың көрсеткіші республикадан да жоғары болып тұр. Мысалы, Арал аймағы орналасқан Қызылорда облысы көлемінде бір ғана туберкулез ауруымен науқастанған адамардың жалпы саны 19,5 мың. Осыған байланысты, кейінге ысыруға болмайтын нақты шара – осы өңірдің тұрғындарының хал-ахуалын жақсарту, жер асты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауыз су жіберу, су құбырлары құрылысын жүргізу, «Көкарал» бөгеті құрылысын аяқтап, Кіші Аралды сумен толтыру.

Теңіздің тартылуы салдарынан, ауаның орташа ылғалдығы 18 пайызға төмендесе, ауа райының жылы кезеңі бір айға дейін қысқарады. Бұл өлкедегі бұрынғы 3000-дай көлден қазіргі таңда 85-і қалды. Аралдықтардың қазіргі жоспары Кіші теңізді суға толтырып, оны бұрынғы қалпына келтіру. «Көкарал» бөгетінің құрылыс жұмыстарын аяқтау. Егер «Көкарал» бөгеті болмаса, Сырдария суы Үлкен теңіз тереңдіктеріне алып барып, үлкен айдынға жайылып, бостан-босқа буланып, ауаға ұшатын еді. Кіші теңіз тола бастағаннан бері, оның табиғи байлықтары да көбейе бастады. Оның болашағы баянды болу үшін, Кіші теңізге Сырдарияның суын көбірек жеткізу мәселесін түбегейлі шешу қажет.

Табиғат – бізге ата-бабамыздан мұраға қалған ең қасиеттіміз. Арал өңірін экологиялық апаттан құтқару үшін көпшіліктің күші, күресі қажет. Қазақстан экологиясы үшін, Семейдегі полигон әкелген зардап-қасірет орны толмас өкініштерге ұрындырып отыр. Осы өңірде жарылған 500-ге жуық бомбаның сойқаны, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы осьінен тайдырын жібере жаздады. Егер жарылыс тоқтамағанда, әр сынақ табиғатқа өлшеусіз зиян әкеліп, улы тозаң мен аждаһа ошағы жарты әлемді ойрандап, Орта Азияны ядролық тозаңға тұншықтырып, ондағы халықттың түбіне жететін еді. Өйікені, осы полигон маңындағы қазақтардын көбі, дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Жарты ғасырға жуық жалғасқан атом от-жалын жер-суды ойрандап, неше түрлі аурулардың шығуына жол ашты. Осы залалды аймақта тұратын 1,5 миллионға жуық адам жазылмайтын дертке шалдығып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын кеселге душар болғаны жасырын емес.

Ғаламдық жағдай барған сайын күрделеніп, өткір сипат алып барады, Сондықтан айналадағы ортаны қорғау мәселесі алға шығып отыр. Ғасырдың бас кезінде ақ В.И.Вернадский таяу болашақта Жердің табиғатындағы антропогендік сипаттағы, адамның қарекетінен болатын өзгерістер планеталық сипат алады деп болжаған еді. Бұл болжам нақты шындыққа айналып отыр.

Соңғы ғасыр ішінде дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісі 50 еседен астам ұлғайды және осы өнімнін 5 – тен 4 бөлігі қазіргі кезеңге катысты. 50 – ші жылдардан бастап адамның өндірістік қарекеті ауқымынын және табиғатқа араласуының басқа да формаларының жорықсыз өсуі жағдайында ауа және су бассейндері барынша ластанып кетті. Атмосферада күкірт қос қышқылы, азот қышқылы, көміртегі кос қышқылы және басқа да органикалық қосындылар жиналып жатыр. Атмосфераның ластануы мен «қышқылды жаңбырлардың» салдарынан өнеркәсібі дамыған елдерде 31 млн. гектар жерлерге нұқсан келтірілді. Қалыптаскан тенденциялар сақталған жағдайда осы ғасырда планетаның ауа бассейндегі СО2 кұрамы индустрия болғанға дейінгі кезеңмен салыстырғанда екі есеге ұлғайады, мұның өзі «парниктік нәтиже» салдарынан климатты көп өзгертуі мүмкін. Ұлан ғайыр территорияларда қалдық пен қоқыс орасан көп мөлшерде жиналуда. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі азып барады. Жыл сайын 6 млн га жер құлазыған далаға айналуда, 11 млн орман кесілуде. Адамның, әсіресе материалдық өндіріс саласындағы қарекетінің табиғи ортаға тигізетін теріс әсері шын мәнінде дағдарысты сипат алып отыр. Бұл экономикалық механизмнің ұлттық шекараларда бұзылуы ғана емес, сонымен бірге су мен ауаның асып ластануы, табиғат жағдайларының ғаламдық көлемде нашарлауы.

Табиғи ортаның барған сайын соншалыкты ластануына қарсы, қоғам мен табиғат арасындағы қазіргі қайшылықтарды жоюдың тұтас бір концепциясы жасақталған жоқ. Адамдардың қолында экологиялык дағдарысқа жол бермеу және оның көріністерін бейтараптандыру жөніндегі іс кимылдың халықаралық ауқымда келісілген бағдарламасы жоқ. Айналадағы ортаны корғау саласындағы халықаралық концепция мен іс -қимыл бағдарламасын талдап белгілеу алуан түрлі ғылыми, техникалық, өндірістік және өзге де міндеттердің шешілуіне байланысты. Олардың арасынан экологиялық қорғаныштың экономикалық аспектілері бірінші орынға шығарылады. Ауа және су бассейндері тазалығының стандарттарын іс жүзіне асыру үшін, сондай ақ адам өмірінің басқа да экологиялық жағдайларын қамтамасыз етуі үшін қажет шаралардың ауқымдылығы тазарту құрылғыларының барлық түрін салуға, қазіргі заманғы технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұтас алғанда табиғат қорғау қызметіне арналған шығындардың жалпы көлемі, сарапқа салынған деректер бойынша, экологиялық жағдайды тұрақтандырып алып, одан әрі жақсарту үшін кажет мөлшерден екі есе аз. XX ғасырдың аяғын да тіршілік ету ортасын сақтауға, оған келтірілген залалды жоюға, қазіргі және болашак ұрпақтар өмірінің қажетті сапасын қамтамасыз етуге қамқорлық жасай отырып, қоғам айналадағы ортаны қорғау жөніндегі жұмыстарды қаржыландырудың қалдықтық принципін бағдар ете алмайды.

Адам мен табиғат арасындағы өзара байланыстардың тарттысты сипаты мынадан да көрінеді: оның ресурстары экономикалық және демографиялык өсу үшін мүмкіндіктер ашып қана қоймайды, сонымен бірге белгілі бір шек қояды. Өсудің экономикалық шекаралары нақты шындыққа айналды, өйткені ендігі жерде ол шикізат пен энергияның қалпына келтірілмейтін ресурстарын, табиғи жүйелерге көп салмақ түсіретінін ескерместен, барған сайын мол өндіру мен лайдалануға негізделе алмайды. Бұлайша салмак салудың әрбір ұлттық шаруашылықтағы және тұтас алғанда дүниежүзілік шаруашылық көлеміндегі ұдайы өндіріс пен экономикалық өсуге тікелей қатысы бар. Олар табиғи ресурстарды пайдалануға деген жаңа, ұтымды көзқарастарды, Жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалу мен бұдан былайғы әлеуметтік – экономикалық прогресс мүдделері үшін біздің планетамыздың экологиялык корғалуын қамтамасыз ету қажеттігін алға тартады.

Адамзаттың алдында сондай – ақ өзінің мәні жағынан экологиялық мәдениет болуы тиіс жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру міндеті тұр. Бұл арада қалдықсыз технологиялар басым болуы тиіс. Солардың көмегімен өндіріс пен табиғат арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетуге, ал кейінірек жоюға, экономикалық өсудің экологиялық шектеулерін алып тастауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға болады. Қалдықтар өндірістің болмай қоймайтын салдары емес. Қалдық өндірістің жетілдірілмеуінің салдары ғана. Озық технологияларды жер – жерге тарату арқылы ғана ұлттық табыстың материал және энергия қажеттілігін бірнеше есе кемітуге болады.

Мемлекеттік экологиялық саясат мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол аймақтық, өнеркәсіптік, инновациялық және тағы басқа саясаттармен бірге Әлеуметтік-экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз ету, қоршаған орта жағдайының нашарлауына жол бермеу мәселелеріне міндеттейді.Мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыруда бірқатар құжаттар қабылданды Қазақстан дамуындағы ұзақ мерізімді стратегияның «Экология және табиғи ресурстар» деп аталатын бөлімі, Қазақстан Республикасы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі гидрогеологиялық, ннженерлік-геологиялық, геоэкологиялық және тағы басқа мемлекеттік бағдарламалар жасады.

Экономикалық даму жалпы алғанда, табиғи ресурстар қорына тәуелді болғандықтан, экологиялық проблемаларды экономикалық жоспарлау шенберінде қарастыру қажет. Егер бұл жүйелердің біреуінде өзгеріс болса, екіншісіне әсер етеді, сондықтан да экономика мен табиғат байланысы маңызды орын алады. Экологиялық проблемалар жоспарлаудың барлық сатыларын қамтуы керек, ал экономиканың дамуы экологиядан тысқары қалса, жердңн тақырға айналуы мүмкін.Экономикалық даму барысында табиғи шикізат өндірісі, кеніштерді игеру, жер қойнауындағы байлықтарды пайдалану, ауа-су ресурстарын ұтымды тұтыну мәселелері өндіргіш күштердің элементтерінің даму дәрежесіне, сипатына тәуелді нәрсе. Табиғат өнімдерін игеру касиеттеріне байланысты жасанды заттар түзу процесі экономикалық, ғылыми-техникалық процеспен тәуелді дамиды. Индустриалды қоғамның даму кезеңдерінде өз қасиетін ұзақ мерзімге жоя қоймайтын, табиғатқа зиянды өндіріс калдықтары мен заттар жүйесі қалыптасады, бұл енді жер койнауын тікелей бүлдірумен қатар оны улайтын, адам өміріне тікелей қауіп төндіретін катерге айналды.

Бүкіл адамзаттық қоғамдық қатынастарының жиынтығы адамның еңбек қызметі, оның табиғатқа қатынасы негізінде жатыр.Адам табиғатпен өзара әрекеттесе отырып еңбек құралдары көмегімен табиғи ортаны өзінің заттық әлемін құрады, тіршілік әрекетінің жағдайын ұдайы өндіреді. Адам мен таиғат арасында, жалпы адамзат еңбегнің өзара әрекеттесу нәтижесі болып көрінетін жасанды жолен құрылған «адамдық» таиғат дамиды және жұмыс істейді. Сонымен, еңбек процесі өркениеттің пайда болуынан бастап адамның қалыптасуының шешуші жағдайы ретінде ғана емес, сондайақ табиғатты жаңартушы фактор ретінде көрінеді. Адамдар өздерінің қоғамдасу әдістерімен, қоғамдық күштерді игеру арқылы ғана табиғаттың шынайы және саналы әміршісі бола алады. Қоғам адамның тіршілік әрекетінің тарихи формасы ретінде, жеке адамның қарапайым қосындысы емес және болмайды да. Ол адамның өндірістік, экономикалық, мәдени және басқа қоғамдық ұйымдардың өзара әрекектінің крделі жүйесі болып көрінеді.

Экологиялық проблемалар адамзаттың басты проблемасына айналды, ол барлығының және жекелеп алғанда әрбір адамнын мүддесіне тікелей қатысты. Қазіргі кезде дүниежүзілік барлық елдерінде қоршаған ортаны бүлдіру арқылы қоғам өз келешегін жоятынын мойындау түсінігі бірте-бірте өсіп келеді. Біз, адам өзінің техникалық жабдықталу жетістіктерінің арқасында бақты күшке ие болдық, ал шексіз кеңістік болып есептеліп келген жер шары аса Шсктеулі, тез тарылып қана қоймай, бірнеше сағатта жоқ болатын осал шарға айналған дәуірде өмір сүріп отырмыз. Әр түрлі континенттің адамдары өмірлік маңызды экологиялық байланыстың арқасында бір-біріне жалғасқандай болып шықты, қоршаған ортаны бұзу салдары әр түрлі халықтардың ортақ қасіретіне айналды.

Егемен еліміздің, тәуелсіздік алған мемлекетіміздің өсіп-өркендеп, әлемде еркениетті елдердің алдыңғы қатарына қосылуы оның экономикалық потенциалына көп байланысты. Бірақ, оған қарап экономикалық өсу ғана адамдардың аман-есен, сапалы өмір сүруіне кепілдік береді десек қателесеміз. «Тазалык – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деген қазақ халқының мақалын естен шығаруға болмайды. Өйткені, бүгінгі күні экологиялық жағдайдын күрт нашарлауы адам өміріне және мемлекетіміздің дами түсуіне кәдімгідей қауіп төндіріп отыр.Қазақстанның табиғи ортасы ерекше бай және зор алуан, оның өзі республиканың экономикалық тұрғыдан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы үшін аса маңызды негіз болып табылады. Республика Президентінің Казақстан халқына Жолдауында атап керсеткеніндей. Басты міндет: «оларды, табиғи байлықтарды дұрыс пайдалану». Қазакстанның орасан зор табиғи байлык потенциалын пайдаланумен бірге қоршаған ортаны өз қалпында сақтау – бүгінгі таңда республика алдында шүғыл шешілуге тиісті негізгі міндет. Бұл міндетті шешу оңай мәселе емес,

Қазіргідей ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылықтары айқын байқалуда. Жиырмасыншы ғасырдың аяғы адам баласының өз мекен ортасына бұрынды болмаған іс-әрекеттің ерекшелігімен сипатталады. Осының нәтижесінде адамзат табиғатты өзгертудің келеңсіз нәтижелерін сезінуде

Табиғат пен адам бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Табиғаттың адам тіршілігіне әсері. Табиғатта болып жаткан өзгерістердің көбі адам қолынан жасалады. Соның ішінде табиғатка зиян келтіретін келенсіз жақтары да бар. Бұл тұста жаңаның бәрі жақсылық емес дегек сөздің растығына көз жеткізгендей боласың. Табиғатпен өзара қарым-қатынастың бұзылуы экологиялык апаттарға әкеледі.

Өмірлік көп проблсмаларды табиғи ресурстарды шектен тыс пайлалану есебінен біржақты шешу қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде. Казірдің өзінде экологиялық жағдай адам өміріне қауіп төндіруде. Адамның денсаулығына және ұзақ жасауына айтарлықтай кері әсер етіп, демографиялық қатерлі өзгерістердің зардабын шектіреді.

Еліміздің жеткілікті дамыған өндірістік-экономикалық потенциалы, аса бай минералды-шикізат ресурстары коры бар. Соған қарамастан, мынандай экологиялық проблемалар өзекті күйінде қалып отыр:

– жердің азуы және ландшафтардың азаюы (еліміздің территориясының 60% шөлейт далаға айналған);

– су ресурстарының тапшылығы (Қазақстан сумен қамтамасыз етуден ТМД елдері арасында соңғы орынды алады);

– Арал, Балқаш және Семей ядролық және әскери полигондары, Каспий маңы аймағының проблемалары,

– елді мекендердегі ауаның, жер қыртысы мен судың жоғары дәрежеде ластануы.

Осы және табиғи қорлардың бірте-бірте азаюы, тағы басқа жағдайлар экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешуге айтарлықтай кедергі жасап келеді.

Әлеуметтік-экономикалық ілім барлык құбылыстар мен процестер бір-бірімен тығыз байланыста екенін дәлелдейді. Сондықтан қоршаған ортаның тепе-теңдігі, зандылықтарымен арнайы санасып отыруға тура келеді. Әйтпесе, адамның есепсіз әрбір қимылы бірте-бірте экологияның азып-тозуына, соның зардаптары орны толмас қыруар шығындарға ұшыратып, мемлекетіміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

Адамдар ерте заманнан табиғат ресурстарын өздерінің керегіне жаратып келелі. Ол кезде табиғат байлықтары мол, ал оны жұмсау аз болғандықтан адамдар олардың орнын толтыру, қалпына келтіру сиякты мәселелерге көп көңіл бөлмейтін. Кесілген ағаш орнына бірнеше жылдан сон басқа ағаш өсіп, ауланған балық орнын уылдырықтан өскен басқа балықтар толтырып, лайланған сулар өзен, көл, теңіз суларымен араласып тазарып жататын. Адамдардан келген залалды табиғат өз күшімен жойып, біртіндеп калпына келетін.

Алайда, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен қаруланған адамдардын іс-әрекеті миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан теңсіздікті бұзып, қоршаған ортаны аздырып, енді өздерінің өміріне қауіп төндіре бастады. Табиғи ортаны бұзулық, бүлдірудің мөлшері өте үлкен болғандықтан жасалған зиянды табиғат өз күшімен жоя алмайтын, өздігінен бұрынғы калпына келе алмайтын күйге түсті.

Дүниежүзінде әрбір 14-15 жылда өндірістік өнім шығару екі есе өсіп отырады. Ол үшін қажетті шикізатты, құрлыс материалын, азык-түлік адамдар табиғаттан алады. Сөйтіп, 15-20 жылда табиғат ресурстарын пайдалану да екі есе өсіп отырады. Ал, табиғат байлықтары болса, мұндай қысқа мерзім ішінде қалпына келмейді. Сондықтан жыл сайын қолда бар қорлар азайып, кейбір түрлері таусыла бастады

Көп ғасырлар бойы табиғатка қожалық етіп, билік жүргізуге үйренген адамдар онык байлыктарын есепсіз жұмсап, шашып-төгіп, қазіргі экологиялық дағларысқа әкелді. Өмір сүруге қажетті кеңістіктің тарлығын, табиғат байлыктарынын таусылатынын адамдар енді түсіне бастады.

Ерте заман адамдары келешегін ойлауды, іс-әрекетінің зардабы кандай болатынын күні ілгері болжауды біле бермейтін, ол үшін оларды кінәлауға құқығымыз жоқ. Оның үстіне табиғатқа келген зиян сол бойда көрінбей, ойлаған жылдар өткесін барып біліне бастайтынын да ескерген жөн.

Табиғат ресурстарын пайдаланғанда адамдар алдарына белгілі бір мақсат қояды да, соған тезірек жету жолын ойлайды. Бірақ, осы орындалған мақсат коғамға, табиғатқа қосымша қандай, біздің ойымызға келмеген залал әкелетінін ескермейді.

Өткен ғасырдан бастап-ақ адамның планета тағдырын ойлаған жанайқайы естіле бастаған еді, үстіміздегі жүзжылдықта ол табиғи ортаға түскен күштің шұғыл өсуінен әлемдік экологиялық жүйенің дағдарысына дейін жетті.

Табиғатқа жанашырлықпен қарау, табиғат байлықтарын сақтау, шаруашылыққа және баска да кызметтерін тияңды әрекеттердің алдын алу, қоршаған ортаның сапасын жақсарту және сауықтыру әрбір адамның өміріндегі нормаға айналуы тиіс. Өйткені, адам – тіршіліктің ең жоғарғы тетігі, оның табиғатқа тиісті дәрежеде табиғи процестерді үйлестіру, қоршаған ортаның жағдайына ықпал ету мүмкіндіктері бар. Сондықтан да дүниені бағындыратын күшке ие адам ғана бұл мәселені жалпы үйлстіру функииясын өзіне алуы тиіс.

Ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамзат өз өмірінің жағдайыи жақсартуға ұмтылуда, олардың табиғат процестеріне араласуын кеңейтіп, антропогендік әсердің масштабын өсіре түсуде. Табиғатқа әсер ету интенсивті түрде жүргізген сайын онын негативті зардабы суде. Жер қыртысы және су ластанып, орман кесіліп, атмосфералық ауа улануда. Қоғамның бақылаусыздығынан кең көлемдегі территориядағы табиғаттың табиғи ортасы бұзылуда.

Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян негізінен экология және экономикалық жағдайға әсер етеді. Экологиялық зиян экономикалык шығынға әкеп соқтырады, ал экономикалық зиян табиғатта негативті өзгерістерді туындатады. Экономикалық зиян өтемакымен өтеледі, ал экологиялык зиянды барлық уақыта қалпына келтіру мүмкін емес және оның құнын ақшамен бағалауға келе бермейді Өйткені, оның зарлабын жою өте ұзаққа созылады. Бір сөзбен айтқанда, экологиялық проблемаларды шешу мемлекеттің экономикасына орасан зор шығын әкелетіні сөзсіз.

Экологиялық шығындардың экономикалық шығындарға қарағанда мынадай ерекшеліктері бар:

– Экономикалык шығындар өнім өндіру саласында ғана болса, экологиялык шығын өнім өндіруде де, өндірістен тысқары да болады;

– Экологиялық шығындар қоршаған ортаны ластаудан болған залалдың себебінен және қоршаған ортаның табиғи кешені элементтерін алып қою нәтижесінде пайда болған өндірістен тыс шығындарды азайту арқылы өндірістік қордың базасын кеңейтуге арналған қор;

– Экономикалық және экологиялық шығындар уақыт пен кеңістікке бөлінген;

– Экономикалық шығындар – бұл өнім өндіруге бағытталған өндірістік шығындар, ал экологиялық шығындар – жанама, өндірістен тыс шығындар.

Қазіргі уақытта экологияық бағыттың дамуы қажет өйткені, экология – экономикалық бағаласыз шаруашылықтың даму тенденциялары жорамалдау мүмкін емес. Қоршаған ортаның элементтерін дәстүрлі экономикалық есептеулерге уақтылы кіргізе алмау қиындығы туындап отыр. Сондықтан адамның өндірістік іс – әрекетін экология – экономикаық тұрғыдан бағалаудың жаңа әдістемелері қажет.

Өндірістік процестерде экологиялық шектеулерді сезіну, әрі білу материалдық дүниеліктер мен энергияның табиғи айналымын пайдаланатын оңтайлы технологияларды жасауға әклуі керек. Қоршаған ортаға теріс әсердің негізгі себебі бұл өнеркәсіптік салалалардың шамадан тыс көбеюі, жетілмеген технологияны пайдалануы, өндіріс масштабының ұлғаюы және шектеулі территорияда шоғырлануы болып табылады. Осыған байланысты қоршаған ортаны ластаудан қорғаудың екі түрін қарастыруға болады:

– өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының зиянды қалдықтарын тазалау;

– қоршаған ортаға теріс әсер ету мүмкіндігін болдырмайтын шаралар: аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді кеңінен енгізу.

Экономикалық және экологиялық тұрғыдағы пайдалы нәтижелерді және оларды алуға қажетті белгілі бір ресурстардың көлемін салыстыру өте маңызды, өйткені табиғат еңбектің өзі сияқты тұтыну құнының нағыз кезі болып табылады.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі өте маңызды. Себебі, біздің ел территориясында 1998 жылы 80-нен астам елді мекенде орналасқан 2921 өндірістік өнеркәсіптер болды. Соның ішінде, түсті және қара металлургияның химия мен нефтехимия өнідірісінің 151 ірі өнеркәсібі және жылу әнергиясының 138 өнеркәсіптері бар .

Республика бойынша 2000 жылы ауылшаруашылығы бағытындағы жер 93,1 млн гектарды немесе жер қорының 34,4%-н құрады. 1490 жылмен салыстырғанда барлық жердің ауылшаруашылық бағытындағы үлесі 2,4 есеге азайды. Ауылшаруашылық бағытындағы жерді негізгі пайдаланушылар мемлекеттік емес ауылшаруашылығы кәсіпорындары (64%) мен шаруа (фермерлік) қожалықтары.

Республикамыздың территориясында 39 млн гектардан астам егістік жер, 186 млн гектардан астам шабындык жане жайылымдық жер орналасқан. Республикада жайылымдық жердің шөбіне 100 млн бас қазақы, ірі жүнді, қаракөл және жібек жүнді қойлар мен ешкілерді, ірі қараны, жылқы, түйені жайып өсіруге болады. Осының 18 млн гектардай егістік жері желден, судан және ирригациялық тозудан зардап шексе, барлық жайылымдық жердің үштен бірі азып барады.

Жер құнарлылығы жөнінен Қазакстан қазір мақтана алмайды. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агентгігінің, мәліметтеріне сүйенсек, егістіктің 25% жарамсыз жағдайда десе де болады, 46% – құнарлылығы төмен, 24% – орташа, тек 4,7% ғана жоғары құнарлылықта. Жалпылай айтқанда, соңғы 40-50 жылдың ішінде құнарлылык өлшемі 22-30%-га төмендеген,

Қазақстан дүниежүзінде орманы аз елдердің қатарына жатады. Орасан зор 272,5 млн гектар территориядан орман қорының аумағы бар болғаны 11,4 млн гектарды құрайды, сонда республиканың тоғайлы жері — 4,2%. Ал, кейбір жекелегел аудандарда тіпті біркелкі емес: Актөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қараганды және Маңғыстау облыстарында үлесі 10%-дан Алматы, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 7-8%-га дейін.

Республиканың орман ресурстарына ормандағы өрттер айтарлықтай шығын әкелуде. Оның аумағы барынша құрғақшылык болған 1997-1999 жылдары 259 мың гектарға жетіп, одан барлығы шығын 1999 жылы 87,6 млн теңгені құрады. Орман өрті көбіне орманды алқаптың 30 пайызын алып жатқан отырғызылған қалқан жапырақты жерлерді қамтығанын ескерсек, осы жылдарда Шығыс, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескіден келе жатқан қарағайлы орманның төрттен бір бөлігі өмір сүруін тоқтатты деген қорытынды жасауға болады.

Өз бетінше ағашты кесу көлемі өсе түсуде, бұл 1999 жылдың аяғында 10 мың текше метрге жетті Орманды өз бетінше кесу және басқа себептерден соңғы 20 жылда жабайы шыққан орманның аумағы 25 пайызға, сексеуілді алқап 40 пайызға қысқарды. Қызылорда және Алматы облыстарында Сырдария және Іле өзендерінің ағынды арнасын қолдан бөгеуден ормандық тоғайлар құрып, территорияларының шөлейттенуі облыстардың кейбір аудандарында 46 пайызга дейін жетті.

Табиғи байлықтың негізі — жер. Олай болса, жер қатынастары мәселесі — мемлекеттік деңгейдегі мәселе ретінде үнемі күн тәртібінен түспеуі тиіс.Жер қатынастары – бұл жерді иемдену, пайдалану және басқару бойынша тұлғалар арасында туындайтын қатынастардың жиынтығы. Оған меншік пен шаруашылық жүргізу (нормасы, жер нарығы, жер бағасы, рента, жерге салық салу, аренда, жер пайлалану мен жер ресурстарың басқару мәселелері кіреді.

Қазақстан Республикасы Констнтуциясына сәйкес жер мемлекет меншігінде қалады, сонымен катар жер жеке меншікте де бола алады. Егерде бірнеше адамдардан сұраныс түссе, онда жерлі аукцион бойынша сатуға болады.

Жерге жеке меншікті енгізу, яғни жерді жеке адамдардың қолына беру – әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелсрдін ең маңыздылығының бірі болып табылады. Бәрінен бұрын жер өндірістік ерекше туралы ретінде өткен, казіргі және болашақ ұрпақтың мұрасы екендігін ұмытпау қажет. Сондай-ақ біздің міндетіміз — келер ұрпаққа жерді сақтау, оның құнарлы күйінде жеткізу. Ол үшін жерді бөлу мен оны жеке меншікке беру міндетті емес немесе басқа әлеуметтік, экономикалық және жерді, қоршаған ортаны қорғайтын реттеуші механизмдер де бар. Ол өмір бойы иелену мен мұраға беру бойынша жерді ұзақ мерзімге арендаға беру. Сонымен, жерді иеленуге байланысты екі көзқарас қалыптасты: олардың бірі аренданы, ал екіншілері жерге жеке меншікті жақтайды.

Жерді жеке меншікке сатудың екі принципті артықшылығы бар:

– жерді сатудан аз уақыт ішінде үлкен көлемде ақша қаржыларын табуға болады;

– жерге жеке меншік иеленушіге оны болашақта тартып алмау кепілдігін береді. Жерге жеке меншікті жақтаушылар мемлекеттің жерді иеленудегі көпжылдық монополиялық тәжірибесінен бас тартуының бірінші себебін — меншік объектісі жағдайының нашарлауы мен оны тиімсіз пайдаланудың болуы деп көрсетеді. Сондай-ақ жерге жеке меншік құқығын енгізу отандық және шетел инвестицияларын тартуға, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол негізде өнеркәсіптік ауыл шаруашылық өндірісің дамытуға мүмкіндік береді деп дәлелдейді. Сондықтан да, жерді тек оның нақты қожайыны болғанда қана тиімді және ұтымды пайдалануға болады деп санайды.

Жер ұсынысының шектеулігі мен икемсіздігі ауыл шаруашылығында баға құру ерекшелігін ескереді. Бұл негізгі жаппай барлық экономикалық мектептерде танылады, айырмашылық олардың концептуалдық тәсілдерімен ерекшеленеді.Жер рентасының маркстік тұжырымдамасы қоғамдағы барлық табыстың қайнар көзі қосымша өнім болып табылады дегеннен шығады. Сондықтан жер рентасы пайда және процент сиякты қосымша құнның өзгертілген формасы болып табылалы. Құрылу ерекшеліктеріне сәйкес жер рентасының екі түрін — абсолюттік және дифференциалдық көрсету классикалық политэкономияға тән жетістік. К.Маркс ілімі оның жүйелі дамуын өз дәуіріне сәйкес көрсете білді.

Қазакстан территориясында көмір, қара металл, фосфорит өндіруді жүзеге асыратын кәсіпорындары бар Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында тау-кен және өңдеуші өндіріс орындарының айтарлықтай қалдық үйінділері жинақталған, ол 2000 жылдың басына 21815 млн текше метрге жетіп, аумағы 25 мын гектардай жерді алды. Республиканың барлық қалаларында көлемі күн санап өсіп бара жатқан тұрмыстық қалдықтарды сақтау мен өңдеу мәселелері шешілмей отыр. Оларды жинап қоятын орындар санитарлық-гигиеналық нормативтерге сай емес, қоршаған ортаның жағдайына, оның ішінде жерге зиянды әсер етеді.

Жердін тозуы оның топырақ жамылғысын су ағыны мен желдің бұзуы және қиратуынан болады. Табиғатқа жердің қалыңдығы 18 см топырақ қабатын жасау үшін орта есеппен 1400-1700 жыл қажет болса, осындай жер қабатын тоздыру салдарынан жоқ қылу үшін 20-30 жыл ғана керек екен, ал кейбір жағдайда бір ғана нөсер жауын немесе алапат шаңды құйын жетіп жатыр. Адам өміріне, жануарларға, өсімдіктерге зиянды қалдықтардың және басқа заттардың түсуіне байланысты топырақтың физикалык және химиялық құрамының өзгеруі жерді ластайды. Бұларға өндіріс қалдықтары, тазартылмаған ағынды су, пестицид, гербицид, түрлі минералды тыңайтқыштар, мал фермаларының қалдықтары жатады. Жердің ластану салдары егістік жерлердің бүлінуіне, құнарлы қабатын бүлдіріп, құнарлылығын төмендетуге әсерін тигізеді.

Пайдалы қазбаларды өндіруден пайда болған үйінділер, карьерлср, ауаның, судын, топырақтың ластануы, әсіресе, табиғи пайдалы қазбаларды ашық тәсілдермен өндіру табиғи ортаны көп өзгеріске әкеліп соқтырады. Кенді алқаптардан шығатын түрлі қалдықтар бұрын орман басқан, көк шалғын ен даладағы каншама құнарлы жерлерді атдырып, жауып тастайды. Бұлардан басқа, әскери-жаттығу полигондары коршаған ортаны ластап, үлкен зиян келтіріп жатқанын ашық айтуымыз керек [10].

Байқоңыр ғарыш айлағынан осы күнге дейін зымырандар үздіксіз ұшырылуда. Оның адамдар үшін қауіпті зардаптары мүлде ескерілмейді. Ғарышқа зымыран самғату басталғалы жарты ғасырға жуықтады, осы уақыт ішінде республика аумағына қаншама гептил – адам денсаулығына зиян тигізетін удың шөккенін ешкім білмейді.



Ғалымдардың есебіне Қарағанда, тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемі дамушы елдерде енді әрбір 15 жылда екі есеге көбейеді. ІПаруашылықтық қызметтің ауаны, суаттарды, топырақты улаушы және ластаушы қалдықтары тиісінше еселеп көбейеді. Өндіріс табиғат заттарының 100 шартты бірлігін игере отырып, оның тек 3-4-тен көп емес мөлшерін тиімд; қолданады, ал қалғандары ластаушы заттар мен қалдықтар түрінде қоршаған ортаға тасталады. Индустриялық дамыған елдін әрбір тұрғысына есептегенде жыл сайын табиғаттан 30 тонна заттар шығарылады, олардан жекелеген жағлайларда 1-1,5 пайыздан көп емес тұтынатын өнімдер формасын қабылдайды, ал қалғандары табиғат үшін ең қауіпті қасиетке ие болатын қалдықтарға айналады. Соңғы жылдары өнеркәсіптік қалдықтарды тастау (шахталар мен рудниктерге тасталган радиоактивтік калдықтарды, тұзды өндіруді және бұрғылаушы скважиналарды қоса есептегенде) кен өріс алды. Ғалымдар есебі бойынша сәуле таратудың табиғи айналасының 10 есеге көтерілуінін ауыртпалығы тұқым қуалаушылық арқылы әрбір жаңа ұрпақта 6 миллион ауру халықтың пайда болуына әкелуі мүмкін. АҚШ-ның Ұлттык инстнтуты жариялаған роктың алуан түрлерінен болған өлім-жітім туралы мәліметтерден осы аурудың 60 пайызы немесе одан көп оқиғалары, қоршаған ортаның әртүрлі факторлары әсерінен болатындығы (жылына 500 мың аныкталған…..

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет