Реферат Тақырыбы: Геологиялық зерттеу әдістері және геологиялық картографиялау



бет1/6
Дата05.04.2023
өлшемі46,41 Kb.
#79746
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6

Ғылым және жоғары білім министрлігі
КАҚ Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Биология-география факультеті
География кафедрасы

Реферат


Тақырыбы: Геологиялық зерттеу әдістері және геологиялық картографиялау
Орындаған: ГИ-21 студенті Шамен Жандос Есенұлы
Тексерген: аға оқытушы Жангожина Гаухар Махановна

Қарағанды 2023


Мазмұны
І. Кіріспе...................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім........................................................................................................5
1. Геологиялық картографиялау. Карталардың түрлері.....................................5
2. Карталар мазмұны, құрастырылу және безендірілу ерекшеліктері..............9
3. Карталарды құрастырудағы жаңа әдістер.......................................................14
4. Геологияның зерттеу әдістері...........................................................................18
Ш. Қортынды.........................................................................................................21
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................23

Кіріспе
Қазіргі ғылым мен техниканың жетістігі табиғатты толы­ғы­ мен зерттеу, оны тану, ресурстарын есептеу, оларды тиімді пайдалану және қорғау әдістерін құрастыруға мүмкіндік береді. Географияда арнайы ғылымдарды пайдалану әрқашан картографиямен байланысты болды. Табиғатты зерттеудегі жаңа картографиялық құжаттарды дайындау және оларды толық, жан-жақты пайдалану табиғи байлықтардың аймақтық (кеңістік, үшөлшемді) таралуын анықтауға, оларды игеру және қайта қалпына келтіру әдістерін айқындауға, жаңа аймақтарды тиімді игеруін болжауға мүмкіндік береді. Карталардың қолданылу сферасы кеңеюде. Жер туралы картаны пайдаланбайтын бірде-бір ғылым жоқ. Олардың маңызы халық шаруашылығында өте жоғары. Қазіргі кезде ауылшаруашылық өндірісін жоспарлау мен жобалаудың барлық түрінде, табиғи ресурстарды пайдалану мақсатымен әртүрлі инженерлік құрылыстарда, басқа жұмыстарда табиғи жағдайды бағалау үшін карталар қажет. Соңғы кезде картографиялық әдіс медициналық географияда, планетологияда және т.б. салаларда өте қажет. Картаның табиғи ортаны оңтайландыру (оптимизация), табиғатты қорғау, ғарыштық геология, ғарыштық тектоника сынды жаңа түрлері пайда болды. Табиғатты картографиялаудың тақырыбы мен міндеті әртүрлі болып келеді. Оны зерттеу мақсатында картографиялау екі бағытқа бөлінеді:
мазмұнды (географиялық), ғылыми негізде карта құрастыру принциптері мен әдістерін дайындау үшін табиғат заңдарын зерттеуге негізделеді; – техникалық, құбылыстарды объективті және тура бекіту, оларды бейнелеу, графикалық өңдеу, көбейту және басу әдістерін құрастырады. Кеңістік зерттеудің картографиялық әдісі – табиғатты зерт­ теу­­дегі негізгі бір әдіс. Оған келесі жағдайда карта құрастыру жұмыстары кіреді: – далалық және стационарлы зерттеулерде құбылыстарды ба­ қ­ылау кезінде; – картографиялық емес көздер негізінде, сонымен бірге математикалық және химиялық зерттеу әдістері нәтижесінде; – жалпылау (генерализация) әдісін кеңінен қолдану арқылы әртүрлі тақырыпты картографиялық көздер бойынша немесе бір карта негізінде екінші мазмұнды жаңа карта құрастыру. Табиғи ортаны зерттеу бөлігі ретіндегі картографиялау жер­ гілікті жердің табиғатын толығымен қамтуы немесе табиғаттың жеке құбылыстарын сипаттауы мүмкін. Осыған байланысты картографиялау кешенді немесе салалы болуы ықтимал. Картографиялаудың бағыттары аймақтық қамтуы және карта типтері бойынша ажыратылады. Табиғатты картографиялауға әртүрлі деңгейдегі карталардың мазмұнын дайындау және карталарды құрастыру процесі кіреді. Олар жергілікті (ірі масштабты), аймақтық (орта масштабты) және жаһандық (ұсақ масштабты) карталарға бөлінеді. Картографиялаудың масштабы картаның мақсатына байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет