Реферат тақырыбы: Көліктегі ақпараттық нысандарды (стансалар, вагондар, поездар мен жүктер) идентификациялау Орындаған: Қонар Ж



Дата14.10.2023
өлшемі30,1 Kb.
#115113
түріРеферат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ КӨЛІК АКАДЕМИЯСЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Көліктегі ақпараттық нысандарды (стансалар, вагондар, поездар мен жүктер) идентификациялау

Орындаған: Қонар Ж

Жоспары


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

2.1Пойыз парағының телеграммасы (ППТГ)негізгі ұғымы
2.2 Қызметтік фразалар
2.3. Ақпараттық фразалар
2.4. Әртүрлі мысалдар


  1. Қорытынды

Кіріспе
Жаңа экономикалық нарықтық қатынастарға байланысты автокөлік саласы соңғы 15 жылдың ішінде күрделі реформаларға және қайта құруға ұшырады. Реформалардың негізінде құрылымдық, ұйымдық және техникалық даму бағыттары айқындалды.


Бұрын қолданылған басқару сатыларының бұзылуына, жаппай жекешелендірудің жүруіне және көлік қызметін ұсынушылардың арасында өзара байланыстың болмауына, сонымен қатар заңсыздықтар мен ретсіздіктердің етек алуынабайланысты ақпараттық статистикалық мәліметтер базасы өз күшін жойды.
Бегілі бір өзара экономикалық байланыстағы аймақ үшін негізгі байланыс, қарым-қатынас құралы – көлік туралы толық әрі нақтылы ақпараттың болмауы көлік қызметін тиімді пайдалануға кедергі келтіреді. Сондықтан жолаушы тасымалдау көлігінің қызметін дамыту стратегиясының ең басты бағыттарының бірі ақпараттандыру саласын жетілдіру болып саналады.
Ақпараттандыру мен мәліметтік базаны жетілдірудің және оның тиімділігін, қол жетімділігін арттырудың негізгі кезеңдері:
Ø Біртұтас экономикалық аймақтағы көлік қызметін ұсынушылардыңзаңды тіркелуін және олардың халықаралық немесе мемлекеттік талаптарға сай болуын қамтамасыз ете отырып мәліметтер қорын жасау;
Ø Мемлекеттік, аймақтық деңгейде немесе автокөлік мекемесінің өз ішінде тасымалдау көліктерінің жұмысын тіркеу, сұрыптау, өңдеу және оңдайландырып қайта шұғыл есептеу жұмыстарында жаңа техникалық құрал-жабдықтар мен ақпараттық технологияларды пайдалану;
Ø Көлік ағынын реттеу, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру, қадағалау, бақылау жұмыстарында ақпараттық мәліметтер нақтылы жаңа технологияларды ұтымды қолдану. Мысалы, бақылаушы камералар, жылдамдық анықтағыштар, бейне жазбалар, көлік номерін жол үстінде автоматты түрде тіркеу арқылы көлік пен жүргізуші туралы мәліметтер қорын жинақтаған ақпараттық базаға шығуға мүмкіндік беретін желілік компьютерлік технология т.б.
Ø Автокөлік мекемесінің автоматтандырылған, орталықтандырылғандиспетчерлік басқару жүйелеріндегі тіркеу, өңдеу жұмыстарында ыңғайлы бағдарламалар мен басқару жүйелерін пайдалана білу;
Ø Автовокзалдар мен автостанцияларда, қоғамдық орындар мен автобус аялдамаларында жолаушы тасымалдаушы автобустар мен оның маршруты туралы толық ақпарат беру;
Ø Көлік қызметі, автобус маршруттары, бос орындар мен қызмет сапасы, уақыты көрсетіліп тұратын телетайптар мен терминалдарды енгізу;
Ø Интернет желісі арқылы билет сату және сатып алу жүйесін қолданысқа кіргізу;
Ø Автобустың сыртқы жапсырмаларында маршрут бағытарындағы аялдамаларды нақтылы толық көрсету;
Ø Аялдамаларды және сол аумақтағы маңызды қоғамдық орындарды дыбыс күшейткіш арқылы хабарлау;
Ø Автобус ішінде теледидар арқылы автобус маршруттарын көрсету, қала картасымен таныстыру, жол-көлік қозғалысының ережелерін көрсету арқылы жолаушылардың ең қысқа тиімді маршрутты дұрыс таңдауына бағыт беру және қауіпсіз қозғалыс туралы ақпарат беру;
Ø Халықты автобус маршруттарының өзгерісі, жаңаруы туралы хабардар ету және олардың ұсыныс тілектерін электронды байланыс жүйесі арқылы қабылдай отырып, жолаушы тасымалын ұйымдастыру, жобалау жұмыстарында тиімді шараларға қол жеткізу.
Ақпараттандырудың төмен болуы мен мәліметтік қордың жүйесіз жұмысынан туындайтын негізгі мәселелер:
1. Көлік қызметін ұсынушылардың заңды тіркелмеуінің салдарынан жолаушы ағынына сәйкес көлік санын анықтауда ретсіздік туындайды.
2. Заңсыз көлік тасымалы сапасыз қызметке жол ашады және салықтан жалтарады.
3. Автобус маршруттарының бағыты, уақыты туралы қол жетімді ақпараттардың болмауы жолаушылардың уақыт шығынын көбейтеді.
4. Автокөлік мекемесінде жаңа технологиялардың енгізілмеуі еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік бермейді.
5. Ақпараттың жүйесіздігі мемлекеттің бақылауын шектейді.
Деректер базасы мен біртұтас ақпараттық жүйе құру автокөлік тасымалын жетілдірудің өзекті мәселесі болып саналады.
Осы мәселені шешу үшін ақпараттық және телекоммуникациялық қызметті пайдалану керек. Ол үшін қазір қолайлы алғышарттар бар. Олар: «Қазақтелеком» ақпараттық желісі және ведомстволық байланыстың талшықты-оптикалық жүйесі, сондай-ақ спутник жүйелері мен байланыстың борттық құралдары.

Шұғыл басқарудың міндеттерін автоматизациялаудың ең маңызды және қиын кезеңіне алгоритмдерді жасау болып табылады. Алгоритм дегеніміз – бірінші мағлұматтардан ізденістегі нәтижеге дейін (алып келетін) анықтайтын үрдіс барысының нақты жазылуы. Алгоритмдер есептеу процедуларды толық және ретімен жазылғаннан тұратын нұсқаулар түрінде, немесе математикалық формулалар түрінде берілуі мүмкін. Ақпаратты өңдеу жағынан ретімен жасалынатын операциялардың орындалу реттігін көрікті көрсету үшін алгоритмдардың сүлбелері жасалынады.


Алгоритмнің сүлбесі бірнеше бағытталған сызықтармен қосылған геометрикалық мүсіндер, олар символдар деп аталады және тиісті процедуралар орындалады.
ТШБАЖда ең көп берілетін хабардың форматы – пойыз парағының телеграммасы (ППТГ) (02-хабары) 4.1 кестесінде келтірілген. Кестеде нөлдермен көрсететілген шкала әр графада белгілердің саның анықтайды. Графа дегеңіміз – біртұтас ретімен қарастырылатын символдардың жиынтығы. Хабардың құрылысын құрастыру ережелерге мыналар жатады:
- ақпараттың символдар жиынтығы хабарды құрайды, олар хабардың басымен (: және соңымен - :) шектелген;
- хабарда бір маңызды фраза болады, онда бірінші сөз хабардың нөмірі болып табылады;
- фраза (бөлік) дегеніміз – жалпы мағынамен біріктірілген, шамалы аяқталған ақпараттың бөлшегі (құжаттың жолы);
- хабар бір немесе бірнеше ақпараттық фразалардан тұрады, олар бірінші фразадан төмен реті бойынша орналасады;
- белгілі реттік тізім үшін бірінші және ақпараттық фразалардың құрылысын анықтайды;
- фразаларды бөлуші ВК ПС (возврат каретки, перевод строки) болып табылады;
- сөздерді бөлетін “Пробел” (бос орын) коды болады;
- бөлек, белгілі графалардан басқасы барлық ақпарат цифрлық регистрмен беріледі;
- белгілі сөздерден кейін ақпараттық фразада бірнеше графаларды толтыруды қажет етпейтін қызметтік символ қолданылуы мүмкін;

ЭЕМде өнделген кезенінде ақпаратты бақылау үшін кең мүмкіндіктер беріледі, оған қарапайым тексерулерден басқа хабардың ішінде элементтердің логикалық қарамақайшылықты, сондай-ақақпараттық модельдер мен жаңадан түскен хабарларды табатын күрделі тексерулерді орындайды. Мысалы, ЭЕМ пойыз парағының телеграммасын тексергенде бірнеше ондаған тексеру түрлерін орындайды. Форматтың бүзылған немесе логикалық қатенің табылуының әр оқиғасы операторға хабарланады, ол “KOREK” дұрыстау хабарын жіберу қажет. Бұл хабарды бағдарламамен өңделген нәтижесінде ППТГ қате кеткен фраза немесе графаның дұрысталуы, өткізілген фраза қойылуы мүмкін, пойызға вагондар тіркелсе пойыз парағын толтыру және т.б. жасалануы мүмкін.


02 хабарды форматы және логикалық бақылаудан кейін 4.2 кестесінде аталған қателер арқылы анықталуы мүмкін. Мысалдағы қателердің нөмірлері ТКБАЖ кодификаторын қолдануы керек.
Қорытынды
Қажетті номенклатура мен қызмет көрсетудің деңгейін қамтамасыз ететін жол-көлік сервисінің инфрақұрылымын дамыту және қол жетімді ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету - автомобиль тасымалдарын, әсіресе халықаралық тасымалдарды дамытудағы негізгі шарты болып саналады. Көлік кешенінің басқа секторлары сияқты автокөлік саласы да өзара тәуелді екі қосалқы жүйеден тұрады. Олар: жылжымалы құрам және инфроқұрылым.Жол инфроқұрылымына жататын негізгі нысандар:
- жолдар мен жол бойындағы техникалық құрал жабдықтар (белгілербағдаршамдар, бақылаушы қондырғылар);
- жолаушыларға қызмет көрсету нысандары (автовокзал, автостанциялар және алыс жолдарда қонақ үйлер мен көлік тұрақтары т.б.);
- әкімшілік басақару, қозғалысты реттеу орталықтары (диспетчерлік, орталықтар);
- көліктерге техникалық қызмет көрсету бекеттері (жанармай құю станциялары, автосервис нысандары);
- мамандандырылған сервистік кәсіпорындар мен техникалық қызмет көрсету бекеттері (үлкен автобустарға, ауыр жүк көліктеріне);
- телекомуникациялық және көліктік логистикалық орталықтар.
- ақпараттық базалар мен жол бойындағы сілтемелер.
Жылжымалы құрамның үнемділігін, қауіпсіздігі мен тұтынушылық ерекшеліктер ін арттыру үшін жол – көлік автосервисін дамытуды қолға алып, ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру керек. Жол - көлік автосервистері бір-бірімен өзара тығыз байланыста. Көліктің техникалық құрылымы мен жол инфроқұрылымының сервистік дамуы көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуші маңызды фактор. Дамыған елдерде қозғалыс қауіпсіздігін арттыру әртүрлі техникалық жаңалықтарды енгізу жолымен шешіліп келеді. Мысалы, АҚШ-та жасалынған Roil Advistor and Control жүйесі кеңінен қолданылады. Ол қауіпті маневр мен аударылу қаупі пайда болған кезде және жылдамдықты автоматты азайту туралы дыбыс белгілерімен жүргізушіне ескертіп, автокөлік апатына кедергі жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет