Реферат Тақырыбы Мәдени мұра құндылықтарын насихатау Орындаған Әбен Аружан Тексерген Абубакирова Ақтолқын Түркістан 2023-2024



бет1/2
Дата15.12.2023
өлшемі27,42 Kb.
#139715
түріРеферат
  1   2

Халықаралық туризм және меймандостық университеті
Туризм мектебі

Реферат
Тақырыбы Мәдени мұра құндылықтарын насихатау


Орындаған Әбен Аружан
Тексерген Абубакирова Ақтолқын

Түркістан 2023-2024


Мазмұны
Кіріспе
1Мәдени мұра құндылығы-ұлт руханияты
1.1 Негізгі бөлім. Мәдениет ұлт бейнесі, мұрасы рухани білімге ұмтылуы
1.2 Қазақ жері – қазақ халқының ғана емес бүкіл түркі дүниесінің лабораториясы
1.3 «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Кіріспе
Жалпы Қазақтың санасына Ұлтымыздың, мәдениетіміздің, мәдени мұрамыздың маңызды екенін халыққа жеткізгісі келген мықты ақындарда, жазушыларда, тіпті дипломаттар да болды. Тіпті Алаштың тұсында да халыққа өзінің мұрасын сіңіріп, болашаққа бағдар беріп кеткендер де бар. Одан бөлек кең байтақ жеріміздегі керемет мұраларды да қолымызға ұстатып кетті. Жалпы өздерінің ілім білімін жан-жақты таратқан білімгерлер қаншама. Халықтың баласы, жұлдызы Міржақып Дулатұлы “Қазақ” газеті үшін көтерген мәселелерінің бірі де қазақтың мәдени мұрасы. Міржақып Дулатұлының бірінші көтерген мәселелерінің бірі “Тарихы, әдебиетi жоқ халықтың дүниеде өмiр сүруi, ұлттығын сақтап iлгерi басуы қиын. Әдебиетi, тарихы жоқ халықтар басқаларға сiңiсiп, жұтылып жоқ болады. Қай жұрттың болса да жаны - әдебиет. Жансыз тән жасамақ емес”[1] болса тағы бір мәселелердің бірі “Әдебиетiмiздiң негiзiне қаланған бiрiншi кiрпiш – Абай сөзi, Абай аты боларға керек. …Ең жоғары, ардақты орын – Абайдiкi. …Зәредей шүбә етпеймiз, Абайдың өлген күнiнен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз”[2] деп жарқын мұраларымыздың бірі Абай оқулары мен жазған білім насихаттар сөздері.



Негізгі бөлім
Мәдениет ұлт бейнесі, мұрасы рухани білімге ұмтылуы
Ұлт бейнесін ашық әрі сапалы бейнеде көру әр қазақтың қара домалақ баласының мақсаты болу керек. Бұл дүниелерді іске асыру қазіргі таңда қолға алынуда. Дегенмен көзбен көріп, қолмен ұстамаған бұл құндылықтарды мойындағысы келмейтіндер де бар. Болашағымыздың бейнесін қалай сақтап қалу керек, мұрамыздың маңызын қалай көтеруге болады. Мүмкін шенеуліктер бағалы мұрамызды сатып алмауы керек шығар, мүмкін мемлекеттің қорғауында тұрған құндылықтарымызға адам қолын тигізбеуіміз керек шығар. Себебі бәріне ашық, мәдениеттен аш қалған жабайы халықтан құндылығымызды қорғауымыз міндет шығар. Жоқ, басты себеп мұрамызға деген махаббат сезімі болмауы, оған деген қығығушылық болмауы. Дегенмен әлі де сұрақтар бас миымызды жейді. Мысалға неге Қожа Ахмед Яссауи кесенесі үлкен сұранысқа ие, бірақ сол қаладағы Нәзір Төреқұлов мұражайы ешқандай қызығушылық шақырмайды. Сіз білесізбе Нәзір ағамыз Араб елін байытқанын? Жоқ! Тағыда себебі адамдардың деген көзбен ғана жақсы көруі. Әрине кесененің орны өте жоғарыда, дегенмен сіз білмеген еліңіздің керемет адамдары осы мұражайлардың ішінде жабық есіктің артында қалуда.
Мәдени мұрамызды тереңнен зерттеу өте ауыр, әрі шыдамдылықты талап ететін ғылым. Дегенмен қызығушылығы жоқ деп бар халықты шорт кесіп тастауға да болмайды. Әлі күнге дейін зерттеліп жатқан, зерттеліп қойған және әлі тіпті табылмағанда мұралар жеткілікті. Осы арада елімізде болып жатқан үлкен жобаларды ұсынуымызға болады. “Тәуелсіздікке қол жеткен алғашқы жылдары қазақ мәдениеті үшін жаңа кезең басталды. «Мың өліп, мың тіріл­ген» қазақтың көрген қиындығы артта қалып, «өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз қайта жанды». Мәдениетіміздің қайта түлеуіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен басталған «Мәдени мұра» бағдар­ламасының маңызы өте зор болды.”[3] деп хабарлайды Айқын журналының журналисті Айым Бектұр ханым. Бұдан бөлек бәріне белгілі аса жоғары сатыда жоспарланып жатқан “Мәдени мұра” жобасы. Бұл жобалар адамдарға үміт сыйлай алады. Дегенмен құры осы жобалардың бетіне қарап отырғанша әртүрлі сериалдар немесе қызықты мульт хикаялар түсірмеске. Әрине Қазақстанда бұл қолға алынды, бірақ саны көп, сапасы жоқ бұл заттарға ақша шашылып жатыр. Мәдени мұра тек бір ғана мамандықты ғана қарастырмау керек. Бұл менің жеке ойым. Тіпті мектеп қабырғасында жүріп ақ мәдени мұрамызды жандыруға болады. Интернет желісі тіптен ұлкен мүмкіндік беріп тұрғанда негі бұл жағдайды қолданбасқа? Бұл сұрақтың жауабы тек біраз жылдан кейін ғана табылатыны іштей қынжылтады. Әрине болашақ жастар көзі ашық, көкірегі ояу әрі идеялары жоғары интеллектті болса деп үміт асайық.


Қазақ жері – қазақ халқының ғана емес бүкіл түркі дүниесінің лабораториясы
Жалпы айтқанда, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен атқарылуы тиіс шаралар жетерлік. Түркияның танымал ғалымдарының бірі, тарихшы Ахмет Ташағыл айтқандай «қазақ жері – қазақ халқының ғана емес бүкіл түркі дүниесінің лабораториясы. Бүтін түркі дүниесінің өзегі қазақ жерінде сақталған». [4] Осы күнге дейін табылған көптеген табиғи мұралар, әртүрлі мұражайлардағы экспонаттар ол тек қазақ халқының мұрасы деп айту өте қате деген ойдамын. Әлі қалыптаспаған елдер ретінде ортақ табылған нақтырақ айтсақ түркі әлемінің мықты мұралары да қазақ жерінде көптеп кездеседі. Тек бізде емес көршілес мемлекеттерде өздеріндегі экспонанттармен бөлісіп түркі елінің ортақ ерекше мұраларын ортаға салуда. Жалпы тек қана зат болуы міндетті емес, мысалға ортаға Ислам дінін алайық. Бүкіл түркі еліне тән, ортақ, ерекше мұра. Мұра дегенде адамдардың көзіне тек заттар немесе мұражайлар түседі. Дегенімен көзге көзге көрінбейтін араны суытпайтын мұралардың бар екенін ұмытпайық. Ал енді шынайы факттерге жол берсек арадағы ең алғаш ойға түсетін ол көне түркі жазбалары. Олар түркі әлемін біріктіріп ортақ мұралардың санын көбейтеді. Мысалға Күлтегінді алсақ болады. Ортақ түркі халықтарыныкі дегенмен сол халықтарға қаншама Республикалар кіреді. Кейбір салт-дәстүрлер мен ұстанатын ырым-тыйымдардың бар болуы да араны жіптей байланыстыратындай. Түркі халқының арғы бабасынан қалған Орхон-Енисей ескерткішіде нақты рухани мұраның көшбасшысы десек өтірік болмас. Ескеркіштер ежелгі заман тайпаларының Түркі заман тұсындағы тұрмысы мен, салты мәдениеті мен жаугершілік жортуылдарын мәнерлі тілмен өсиет үлгісінде баяндаған . Рашид әд-Диннің айтуынан түркілердің аңшылық өмір адам төзгісіз ауыр болғанын аңшылардың алғашқы діни көзқарастарынан аңғаруға болады. Ал түркі халықтарының дәстүрлері мен тәлім – тәрбиелік мұралары жазба материалдарда толық ашылмаған.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы


Жалпы мақсатқа апаруда бағдарлама аясында жасалған жұмыстарды жіктеу, топтастыру, нәтижелерін көрсету міндеттері қойылды. Бағдарламаны болашақта жүзеге асырылуы қажет көптеген басқа да ауқымды шаралардың бастамашысы болды. Сонымен қатар рухани және мәдени қайта өрлеу мен гүлденуге, Қазақстан жеріндегі үлкен тарихи-мәдени мәнге ие сәулет және археология ескерткіштерін сақтауға септігін тигізуі қажет болды. Жамбыл облысындағы Айша бибі кесенесі мен Ақыртас кешенінің, Үшарал мешітінің, Алматыдағы көне училищенің, Маңғышлақ түбегіндегі Бөкей хан ордасының, Шопан ата мазарының, Қызылорда облысындағы Сырлытам кесенесі-нің, Оңтүстік Қазақстандағы Аққойлы мешіт-медресесі мен Арыстан баб кесенесінің қалпына келтіру, өңдеу жұмыстары аяқталды. Әрине бұл осы жоба аясынба жасалған қозғалыстар. Қазіргі таңда тарихи-мәдени кешенді зерделеу, жаңа ғылыми жобаларды әзірлеу бойынша облыстардағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинақтарын шығару қолға алынды.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының көмегімен ұлттық тарихты объективті зерттеу мен жазу үшін үлкен көмек болған қазақстандық деректермен базаны толықтыру және кеңейту мүмкіндігі туды. Аталған бағдарлама шеңберінде Қытайдан 300 аса шағатай, қытай, 3000 аса маньчжур, қытай тілдерінде жазылған қазақ хандары мен сұлтандарының көрші елдердің басшыларына жіберген ресми хаттардан, дипломатиялық байланыстар, қазақ-қытай сауда байланыстары туралы мәліметтерден тұратын өте сирек архивтік құжаттар алынды. Қазақстанда республикада тұратын барлық халықтың мәдениеттерінің ерекшеліктеріне үлкен көңіл бөлінеді. Ол адамзаттық құндылықтарға қарау, халықтың озық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын толық-қанды қалпына келтіру, гуманитарлық ғылымдарға оралу, барлық ұлттық мәдениеттердің құндылықтары мен дербестігін танумен сипатталады. Осы тұрғыдан алғанда «Мәдени мұра» бағдарламасы этностар арасындағы өзара түсіністік пен татулықтың алтын көпірі іспеттес. Бағдарламаның мазмұны мен нәтиже-лері Қазақстанды өзінің Отаны деп санайтын кез келген өзге этностар үшін қазақ халқының бай тарихы мен ұлттық мәдениетін терең тануға, оқып үйренуге қызығушылық тудыра отырып, сол арқылы өзі тұрып жатқан мемлекеттің өткенін құрметтеу, қастерлеу сезімін бойларына сіңіруге, қазақ және басқа да 130 астам этностарды рухани жақындастыруға, өзара түсіністікке, толеранттылыққа тәрбиелейді, ұлттық бірегейліктің орнығуының өзегі бола алады.[5]

Қорытынды


Мәдени мұра құндылығы өте жоғары. Ол болашаққа бағдар, өткенге кітап секілді кішігірім болсада үлкен маңызы бар білім мен ғылым. Әлемде сан түрлі мәдениет, сан түрлі мұра, сан түрлі мағұлмат бар. Және бұл әрқашанда өткеннің айнасы болып қала береді. Болашақ жас өз тарихын білетін жас, өз елінің маңызын білетін жас, өз елінің мұрасын қорғай алатын жас. Тіпті патриот деп атауға тұрарлық жас!


Қолданылған әдебиеттер
1. «МӘДЕНИ МҰРА» КАТЕГОРИЯСЫН ТАЛДАУ (Сайра Рахипова, Даурен Тойматаев (Талдықорған, Қазақстан)Гульжан Абдигалиева (Алматы, Қазақстан)- 2020-12-26- URL https://doi.org/10.48010/2020.4/1999-5849.15 (Қаралған күн 02.11.2023ж)
2.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет