Реферат тақырыбы: Операциялық жүйелер Орындаған: Тұрмахан Нұржан Тексерген: Айнұр Алтынбековна



Pdf көрінісі
Дата18.10.2023
өлшемі71,28 Kb.
#117823
түріРеферат


КГУ «Специализированная школа лицей инфорамационных технологий «Озат»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Операциялық жүйелер
Орындаған:Тұрмахан Нұржан
Тексерген:Айнұр Алтынбековна


2023 жылы
Операциялық жүйе компьютердің аппараттық қамтамасыз етілуін қалданушылардың
қолданбалы программаларынан оқшаулайды. Қолданушыда жəне оның
программалары да
операциялық жүйенің интерфейсі арқылы қарым-қатынасқа түседі.
Дербес компьютерге арналған компьютерлер келесі түрге бөлінеді:
Бір –жəне көпміндетті (қатар орындалатын қолданбалы процестердің санына
тəуелді);
Бір – жəне көпқолданушылық (операциялық жүйеде бір мезгілде жұмыс істейтін
қолданушылардың санына байланысты)
Компьютердің басқа типтеріне тасымалданбайтын жəне тасымалданатын;
ЭЕМ –ның жергілікті есептеу желісінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, желілік
емес жəне желілік;
Қазіргі кезде дербес компьютерге арналған 32-разрядтты операциялық жүйелер
қолданылады:
OS/2 барлық түрлері (IBM);
Windows NT барлық түрлері (Microsoft);
Unix барлық түрлері;
Next Step 3.2 (Next);
SCO Open Desktop 3.0 (Santa Crus Operation);
Solaris 2.1 (SunSoft) – x86;
UnixWarePersonal Edition 1.0 (Novell).
MS DOS операциялық жүйе (Microsoft фирмасы) 1981 жылы пайда болады. Қазіргі
кезде бұл ОЖ 6.22 жəне 7.0 нұсқалары бар (Windows 95 құрамында), сонымен қатар
басқа
фирма-дайындаушылардың басқа түрлері (DR DOS, PC DOS). Қазіргі кезде бұл
операциялық жүйе көптеген компьютерлерде орнатылған. 1996 жылдан бастап MS
DOS
Windows 95 түрінде таратыла бастады – 32-разрядтты көпміндетті жəне көпағымды
графиктік интерфейсі жəне кеңейтілген желілік мүмкіндіктері бар операциялық жүйе.
OS/2 операциялық жүйесі жүйелік қолданбалы архитектурасы негізінде IBM
фирмасында дербес компьютерлерге арналған, ал бұрын үлкен ЭЕМ арналған. Бұл
көпміндетті, бірқолданушылы, өте сенімді операциялық жүйе, ол қолданушының
мəтіндік
жəне графикалық интерфейсін қамтамасыз етеді. OS/2:


Қолданушының графиктік интерфейсін қамтамасыз етеді;
Бірмезгілде бірнеше қосымша программалардың өңделуін;
Бір қосымша программаның бірнеше есептерін бірмезгілде өңдейді, яғни
көпағымдылық;
32-разрядтты мəліметтерді өңдеу;
Мəліметтерді магниттік дискіге жазу барысында қысады;
Жадыны қорғау.
OS/2 ОЖ ең басты ерекшелігі өнімді HРFS (High Perfomance File Ssystem) файлдық
жүйесі болып табылады, мəліметтер қорының серверлерінің алдында
артықшылықтары бар (Ms DOS-тан бөлектігі файлдардың ұзын аттары мүмкін),
мультипроцессорлық өңдеуді – Intel жəне Power PC типіндегі 16 процессорға дейін.
OS/2 Warp нұсқасы мультиортамен жəне Интернет желісіне қатынас қосымша болып
енгізілген, VoiceType сөзді тану жүйесі, Интернет арқылы пошта жіберетін Lotus
Notes Mail шоғырланған ортасы. OS/2 –да қолданбалы программалар орындалады
Windows 3.1 жəне Win32s, бірақ Windows 95 немесе Windows NT ортасында қосымша
программалар орындалмайды.
Көпқолданушылы жəне көпміндетті Unix операциялық жүйесінің болашағы үлкен,
бұл операциялық жүйе Bell Laboratory корпорациясында құрылған. Берілген
операциялық жүйе ашық жүйелер принципін жəне бір есептеу жүйесінің əртүрлі
техникалық жəне программалық құралдарының мүмкіндіктерін іске асырады.
Unix ең маңызды қасиеттерге ие:
Қосымша программалардың бір компьютерден басқа компьютерлерге
тасымалдануы;
ЭЕМ үлестірілген мəліметтердің таралуы;
RISC процессорларымен сəйкестігі .
Unix суперкомпьютерлерге, жұмыс станцияларына жəне мамандардың дербес
компьютерлеріне таралу тапты, көптеген фирмалар дайындаған көп нұсқалары бар.
Дүниежүзілік нарықтағы болжауларға сəйкес, желілік технологияларға көшуге
байланысты Unix операциялық жүйесіне негізделген есептеу жүйелерінің саны артады.
Операциялық жүйелерді салыстыру ақпаратты өңдеу процессінің келесі
сипаттамалары бойынша:
Жадыны басқару (адрестелетін кеңістіктің максимальді көлемі, жадының
типтері, жадыны пайдаланудың техникалық көрсеткіштері)
Көмекші программалардың функциональді мүмкіндіктері (утилита)
операциялық жүйенің құрамында.
Диск компрессиясының бар болуы.
Көпміндеттілік режимін қамтамасыз ету.
Желілік программалық жабдықтауды қамтамасыз ету.
Сапалы құжаттардың болуы.
Орнату процессінің шарттары жəне қиындықтары.
Желілік операциялық жүйелер – желідегі мəліметтерді сақтау, өңдеу жəне
алмастыруды қамтамасыз ететін программар кешені. Желілік операциялық жүйелер
қолданушыларға əртүрлі желілік қызметтерді береді (файлдарды басқару, электрондық
пошта, желіні басқару процесстері жəне т.б.), абоненттік жүйелердің жұмысын
қамтамасыз етеді. Желілік операциялық жүйелер клиент-сервер архитектурасын
пайдаланады немесе бірдеңгейлі архитектура.
Алғашқы уақытта операциялық жүйелер тек жергілікті желілерді ғана қамтамасыз
етті, қазіргі кезде олар жергілікті желілердің ассоциациясына да таралады. Ең көп


таралғандары LAN Server, NetWare, Vines, Windows NT, Windows 95. Олар белгілі бір
критерийлерге сəйкес бағаланады: өнімділік, қолданушылардың байланыстарының
мүмкіндіктерінің əртүрлілігі, басқару мүмкіндіктері.
Қазіргі кезде дүниежүзілік компьютерлік индустрия қарқынды дамып келеді.
Жүйелердің өнімділігі артады, олай болса үлкен көлемдегі ақпараттар өңделеді.
MS-DOS
класының операциялық жүйелері бұндай көлемдегі ақпараттарды игере алмайды жəне
қазіргі кездегі компьютерлердің ресурстарын толық пайдаланбайды. Сондықтан қазіргі
кезде өте қуатты жəне ыңғайлы операциялық жүйелердің класына көшу уақыты келді.
Мысалы, UNIX жəне Microsoft корпорациясы шығарған Windows NT операциялық
жүйесі.
3.1. Windows туралы жалпы мағлұматтар
Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS (PC)-DOS операциялық жүйесі болатын.
MS-DOS операциялық жүйесінің бір адамның жұмыс істеуіне арналғанын жəне бір
мезетте тек бір мақсатты ғана шешетінін, оның үстіне MS-DOS операциялық жүйесі
компьютердің тек 640 Кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана алатынын білетін
боларсыздар. Əрине, MS-DOS операциялық жүйесі соңғы версиялары қолданбалы
программаларға 1 Мб-тан артық жедел жадын қолдану жəне программалардың бірінен
екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программалармен
толықтырылған болатын. Адам мен компьютер арасындағы байланысты
ұйымдастырушы
қызметін, яғни пайдаланылатын негізгі интерфейс рөлін MS-DOS жүйесінде
командалық
жол атқарады. Бүл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұқбат ыңғайсыз
жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден аса командалар пернелерден
енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тəртібі өте күрделі деуге болады,
кейде
бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы
операциялық
жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де,
көптеген
адамдар ондай дəрежеге көтеріле алмайды. Осыдан барып, адам мен операциялық
жүйе
арасындағы байланысты жеңілдету үшін əртүрлі жүйелік қоршаулар Қарастырыла
бастады. Бірақ олар негізінен мəтіндік режимде (ең кең таралғандарының бірі - Norton
Commander) жұмыс істейтін еді. Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі Де
қиын командаларды термей-ақ, тікелей орындау жүзеге асырылды. Жүйелік
программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді
жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам əрі жеңіл тауып, оның мазмұнын
қарауға
жəне онымен жұмыс істеуге өз септігін тигізді. DEC фирмасы компьютерлерінің
операциялық жүйесі ретінде UNIX қолданылды, олар үлкен жəне орташа ЭЕМ-дерде
жұмыс істеген болатын. UNIX операциялық жүйесінің MS-DOS жүйесінен негізгі
артықшылығы - оның бір мезетте бірнеше мақсатты шешу мүмкіндігі, яғни бірнеше
программаларды параллель орындау қасиеті. 80-ші жылдардың ортасында MS
(PC)-DOS -
тың мұндай кемшілігінен арылу үшін, Microsoft фирмасы IBM тəрізді компьютерлерге


арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жүмысын қолға алды, солардың
бірі
WINDOWS жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын
дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады.
80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған
WINDOWS графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3.1 бірте-бірте бүрынғы
мəтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486
сериялы процессорлардың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген
жаңа
түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3.1 немесе одан кейінгі Windows 3.11
версиялы MS-DOS операциялық жүйесі тағайындала бастады. Microsoft
корпорациясының ОС даярлау жолындағы келесі елеулі қадамы болып ондағы
графикалық интерфейс қондырма программа күйінде емес, сол жүйенің ажырамас
бөлігі
болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады. Осылайша Windows 95,
Windows
98 жəне Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Windows 95 жүйесінің,
сондай-
ақ Windows NT жүйесінің соңғы версияларының графиктік интерфейс стандарттары
Windows 3.1 жүйесінің стандартынан өзгеше түрге енді, бірақ негізгі идөологиясы
бүрынғыша сақталған болатын. Windows 3.1-ден Windows 95-ке өту əрине MS-DOS-
тан
бірден Windows 95-ке өтуге қарағанда біршама жеңіл екінші түсінікті. Қазіргі
операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS-DOS жүйесінің
мүмкіндіктеріне
қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана. Бұдан
былай
WINDOWS жүйесі детен сөзді Windows З.іх (кез келген сан) жəне Windows 95, Windows
98 операциялық жүйелері деп ұққан жөн.
WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары
Кез келген операциялық жүйе сияқты WINDOWS мынадай мəселелердің
орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
- файлдық жүйемея жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
колданбалы программаларды іске қосу. Бұған қоса WINDOWS жүйесі:
- бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
- əртүрлі программалар арасында мəліметтермен алмасуды;
- масштабталатын қаріптерді қолдауды;
- мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
- бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.
Windows NT операциялық жүйелерді дайындау барысында туындаған мəселелер
Windows NT алдыңғы уақытта болған операциялық жүйелердің жалғасы болып
табылмайды. Оның архитектурасы нолден бастап қазіргі кездегі операциялық
жүйелерге
қойылатын талаптарды ескере отырып құрылды. Осы талаптар негізінде құрылған
операциялық жүйелердің ерекшеліктері:
Windows NT операциялық жүйесін дайындаушылар Windows ОЖ əдеттегі
графиктік интерфейсін қалдырды;


FAT файлдық жүйесін жəне MS - Dos, OS/2 1.x, Windows 3.x жəне POSIX
операциялық жүйелеріне арналған қосымшаларды қамтамасыз етеді.
Бұл ОЖ құрамына желілік құралдарды қосты;
Операциялық жүйелер əдетте сіз сатып алып жатқан компьютерге алдын-ала
орнатылып қояды. Көптеген адам компьютерді орнатылып қойылған операциялық
жүйемен бірге сатып ала салады, бірақ егер қаласа басқасын қоя алады.
Компьютерге арналған үш ең танымал операциялық жүйе бар: Microsoft Windows, Apple
Mac Os X жəне Linux.
танымал операциялық жүйелер:
Заманауи операциялық жүйелер Қолданушының Графикалық Интерфейсін (ҚГФ, ағыл.
GUI — Grafical user interface) пайдаланады. GUI қолданушыға графикалық сурет
түрінде дисплейде көрсетілген экрандағы батырмаларды (иконка, батырмалар,
белгілер, меню) тышқан, пернетақта мен джойстик арқылы басқаруға мүмкіндік береді.
Яғни компьютерде тышқан, пернетақта жəне т.б. арқылы оңай жұмыс істеуге болады.
Əр операциялық жүйенің GUI-інің сырт бейнесі əртүрлі, сондықтан егер сіз басқа
операциялық жүйеге көшетін болсаңыз, онда жаңа таныс емес операциялық жүйеге
біраз уақыт үйрену қажет болады. Дегенмен олардың əрқайсы пайдалануға барынша
ыңғайлы етіп жасақталған.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет