Реферат тақырыбы:Ұлы,орта және Кіші жүздердің пайда болуы. Орындаған: Рзахметов Нұрахмет Тобы: хтов 22/11



бет1/4
Дата20.10.2022
өлшемі36,26 Kb.
#44454
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Нурах22


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы технологиялық университеті

РЕФЕРАТ


Тақырыбы:Ұлы,орта және Кіші жүздердің пайда болуы.


Орындаған: Рзахметов Нұрахмет
Тобы:ХТОВ 22/11

Алматы 2022 жыл


Жоспар

  1. Кіріспе……………………………………………………………

  2. Негізгі бөлім………………………………………………….

  3. Жүздік құрылым туралы……………………………..

  4. 1.Ұлы жүз тайпалары………………………………….

4,2.Орта жүз тайпалары……………………………..
4,3.Кіші жүз тайпалары……………………………….

  1. Қорытынды…………………………………………………..

  2. Пайдаланылған әдебиеттер……………………….


Кіріспе
Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
Жүздік құрылым туралы
Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.
Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, «Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған». Н.А.Аристовтың ойынша, «жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан».
В. Бартольд: «Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды», — деп есептейді.
М. П. Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: «Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты», — дейді.
С. Аманжолов: «Қазақ елі, жері үш жүзге монғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді», — деп есептейді.
Шығыстанушы Т. И. Сұлтанов жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келіп: «XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан», — деген болжам айтады.
Жүз ұғымының мәні де толық ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың «жүз» деген сөзін арабтың «джуз» — бір нәрсенің «басты бөлігі», «тармақ» деген сөзімен сәйкестендіреді. Шығыс деректерінде жүздер жөніндегі жанама мәліметтер XVII ғасырдың ортасына қарай кездеседі.
Махмүд бен Уәлидің 1634—1641 жылдарда жазылған еңбегінде: «Шайбани хан өлгеннен кейін оның ұлы Баһадүр осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады… ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы таңдап алды, ол әрі Йүз-Орда ретінде де белгілі», — дейді. Осы деректе кездесетін йүз (жүз) сөзін кейбір зерттеушілер қазақтың жүзімен теңестіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет