Реферат тақырып: Көру талдағышы. Алыстан және жақыннан көрмеушілік. Көз гигиенасы Тексерген : оқытушы, магистр Удреева К. С



Дата15.11.2023
өлшемі18,68 Kb.
#123693
түріРеферат

Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

РЕФЕРАТ


Тақырып:
Көру талдағышы.Алыстан және жақыннан
көрмеушілік.Көз гигиенасы
Тексерген : оқытушы , магистр Удреева К.С

Орындаған : НвиФП-11 топ студенті Көшкінбай Амандық


Орал – 2023


Жоспар
1.Кіріспе
2. Алыстан көргіштік
3. Алыстан көрудің себептері
4. Жақыннан көргіштік (Миопия)
5. Көз гигиенасы
6.Қорытынды


1.Кіріспе


Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы, диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес,ақ түсті, ол белок деп аталады.
Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір, қызыл және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсту қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрун өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диофрагмалар.
Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық орналасқан. Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды.
Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза.
Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың затпен - шыны тәрізді денемен толған.
2.Алыстан көргіштік
Алыстан көргіштік— көз жанарының нашарлауы, заттардың түрсипатының бұлдырап көрінуі (әсіресе жақыннан). Алыстан көргіштік туа бітеді және жүре келе пайда болады. Балалардың барлығы дерлік алыстан көргіш болып туады, алайда өсіп-жетілу процесінде алыстан көргіштіктің дәрежесі біртіндеп төмендеп, шамамен 10 жасқа келгенде көпшілігінің көруі қалыпқа түседі. Әлсіз немесе орта дәрежедегі алыстан көргіштік (3 диоптрийге дейін) әдетте қалыпты болып есептеледі, сондықтан оны арнаулы көзәйнекпен түзетудің қажеті жоқ. Алыстан көргіштіктің аса жоғары дәрежесінде кейде (5 диоптрийден жоғары) айқын көру бұзылады және тіпті көзәйнек кигеннің өзінде де нормаға жетпейді. Егер адам көзәйнек кимесе, алыстан көргіштік жағдайында оның көзі тез шаршайды, басы айналып, маңдайы мен көзінің маңайы зеңіп ауырады, көз қысымының артқаны сезіледі, оқыған кезде әріптер бұлдырай бастайды.
Жұмыста үзіліс жасау бұл құбылыстарды уақытша жонды, бірақ ол кейіннен қайта пайда болады. Мектеп оқушыларының басы қатты ауырған кезде дәрігерге көрінуі керек, ал алыстан көргіштік байқалған жағдайда балалар көзәйнек киюге тиіс. Кейде балалардың

3. Алыстан көрудің себептері


Алыстан көрудің себептерінің бірі алдыңғы-артқы осьте көз алмасының кішірейтілген мөлшері болуы мүмкін. Іс жүзінде барлық сәбилер-алыс. Бірақ жастайынан бұл ақау көз алмасының өсуіне байланысты жоғалады.
Аурудың кәріліктен пайда болу себебі — көз бұршағының қисаюының өзгерісін өлшей алмауы. Бұл процесс шамамен 25 жастан басталады, бірақ тек 40-50 жасқа қарай көздің қалыпты қашықтығында (25-30 см) оқу кезінде көру өткірлігінің төмендеуіне әкеледі. Шамамен 65 ж

4. Жақыннан көргіштік (Миопия)


Жақыннан көргіштік немесе Миопия — көз кемістігі, мұндайда адам алыстан жөнді көре алмайды. Бұл кемістік бөлмеле жарықтық жеткіліксіздігінен, затқа көзді тым тақап жұмыс істеуден (оқу, жазу, кейбір қолөнері кәсібімен шұғылдану) т. б. болады.
Жақыннан көргіштік әдетте балалардың мектепте оқып жүрген кезінде басталып, кейіннен өрши түсуі мүмкін. Мұндайда көз тез талады; ұзақ уақыт сабаққа дайындалғаннан кейін көзінің түбі сыздап ауырады; көзі бұлдырайды. Затты айқын көру үшін оны амалсыз көзіне тақауға мәжбүр болады.
Ойыс әйнекті көзілдірік кигенде мұндай кемістік түзеліп, көздің бұлдырауы жойылады. Жақыннан көргіштіктің алдын алу үшін ең әуелі жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасап, көзді талдыратын себептерді болдырмау қажет. Көзге жақын қойылатын заттармен жұмыс істегенде бөлмеле жарық жеткілікті болуы, еңбек және тынығу режим бұлжытпйй орындалуы тиіс. Мектеп жасындағы балалар оқығанда және жазғанда кітабы мен дәптерін 33—35 см-ден жақын тақа мауы, басын тым еңк§йтпеуі ескертілгені жөн. Түнде сабақ оқығанда не жазғанда стол шамын (ең кемі 40 Вт) пайдалануы тиіс, оны қарсы алдына немесе сол жағына қойып, кітапқа немесе дәптерге қолдың көлеңкесі түспейтіндей етеді. Оқушылар сабағын 45—50 минут оқығаннан немесе жазғаннан кейін 5—10 минут тынығып, көзді дем алдырыл алу лары қажет.
Егер жақыннан көргіштік пайда болса, онда басты міндет — оны әрі өршітпеу шараларын қарастыру болып табылады. Ол үшін дәрігердің берген нұсқауларын бұлжытпай орындау керек. Алыстан көрмейтін көздің оптикалық кемістігі көзілдірікпен (дәрігердің нұсқауы бойынша) түзетіледі. Кейде, жақыннан көргіштік тым асқынған жағдайда, кәдімгі көзілдіріктен жәрдем болмаса, онда көзге жанаспалы (контактілік) әйнек қондырылады. Бұл — көздің мүйізгек қабатында сәуленің дұрыс сынбауын (ассигматизмді) түзету үшін қолданылатын ілдіріксіз көзілдірік. Ол органикалық шыныдай немесе пластмассадан жұқалап жасалады да (кератоконус, ассигматизм, афакия кезінде), тікелей көздің мүйізгек қаб атына кигізіледі. Мұндайда басқа адамға оның көзілдірік кигені, линза қондырғаны байқалмайды. Ауруға шалдыққан жағдайда көз тканін қоректендіруді жақсартатын және оның кенересін нығайтатын дәрідәрмектермен. емделу курсын ұдайы алып отырған жөн.
Жақыннан көргіштік байқалған бойда, арнайы жаттығулар жасаған пайдалы, мұның өзі көп жағдайда оның одан әрі өршуін тоқтатуға немесе едәуір баяулатуға мүмкіндік береді.
Жақыннан көргіштікті одан әрі өршітпеуде жоғарыда айтылған гигиеналық талаптарды бұлжытпай орындаудың айрықша маңызы бар. Сабақ оқудан немесе кәсіптік қызметтен басқа жағдайда мүмкіндігінше көзді талдырмаған жөн. Көзге күш түсетін жұмыс істеген кезде әр 30—45 минуттен кейін 10—15 минут тынығу қажет. Алыстан көрмеушілігі асқынған адамдардың ауыр зат көтеруіне, тым шапшаң қимыл жасайтын спорт түрлерімен (мәселен, ауыр атлетика, бокс, күрес, акробатика т. б.) шұғылдануына болмайды.

5. Көз гигиенасы


Көру мүшесі – біздің көзіміз. Сондықтан көз адамның ең маңызды дене мүшесі саналады. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу керек. Сондықтан төмендегі талаптарды біле жүргеніңіз жөн.
1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу керек.
2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру; ол тым шаңқиған жарық немесе тым көмескі, әлсіз болмауы керек.
3. Үстелге қоятын шамның жарығын сол жақтан түсіру.
4. Кітапты оқығанда, іс тіккенде көзден 30-35 см қашықтықта ұстау.
5. Теледидарды ұзақ қарамау, 2,5-3 м қашықтықтан көру.
6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу.
7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.
8. Темекі тартпау, ішімдік ішпеу.
9. Кітапты көлікте, жатып оқымау.
10. Серуендегенде, орман-тоғай аралағанда көзді бұтақ тиюден сақтау.
11. Көзге бөгде заттардың тиюі өте зиян, мұндайда көзге ақ түседі. Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем егер көзге бөгде зат түссе, дереу кайнатылған жылы сумен көзді сыртынан ішіне қарай жуу; көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе, суды ағызып қойып жуу; көзді еш уақытта қолмен уқалауға, сүртуге болмайды; тек таза, жұмсақ шүберекпен сүртеді.

6.Қорытынды


Көру талдағышы немесе көру анализаторы (analisatoris visae, гр. analysis — талдау, лат. visa - көру) - жарық пен түсті ажыратуға бейімделген талдағыш. Көру талдағышы — көру рецепторынан (көз алмасы), өткізгіш жолдан (көру жүйкесі) және мидағы орталықтардан тұрады. Жарықты қабылдайтын рецепторлар (сезімтал фоторецепторлы нейроциттер дендриттері) көз алмасының ішкі торлы қабығында орналасқан. Көру талдағышының өткізгіш жолы - ми жүйкелерінің II жұбы сезімтал көру жүйкесі. Осы жүйке талшықтары мидың имек денесінде, көру төмпектерінің артқы ядроларында және төрт төмпектің алдыңғы төмпектерінде орналасқан қыртысастылық орталықтарда аяқталады. Қыртысастылық орталықтардан басталатын орталық сезімтал өткізгіш жолдар, жүйке толқынын ми қыртысының шүйде аймағындағы қыртыстық орталыққа жеткізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет