Реферат тақырып: «xxi ғасырдағы этникалық құндылықтар»



Дата25.11.2023
өлшемі16,82 Kb.
#127275
түріРеферат

КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

РЕФЕРАТ
Тақырып: «XXI ғасырдағы этникалық құндылықтар»
Орындаған: Дервизалиева Н.
Тобы: 202А фармация

Алматы 2023


XXI ғасырдағы этникалық құндылықтар

«Заманына қарай адамы» деген таным қалыптастырған қазақ халқының бүгінгі жаһандану кезеңіндегі адами болмысы қандай?


Құндылық деп нені таниды, нені қасиет тұтады?

Қалай болғанда да, қазіргі заманда сан түрлі өзгеріс күнде болып жатыр – бұл өзгерістер заманы. Сол өзгерістерді күнде біліп, көріп, тыңдап, оқып отыратын мүмкіндік бар – яғни жылдам хабар алудың технологиясы меңгерілді; ақпарат заманы емес, жедел ақпарат алу технологиясының дамыған заманы болды; субъективті факторлардың рөлі артқан уақыт; ғылыми зерделеудің құны біраз кемігенімен, уақыттың өзі ғылыми танымның адамзат үшін үлкен құндылық көзі екенін танытты; халықтар арасында өзара байланыс мен әртүрлі қарым-қатынас көбейіп, түрлі мәдениеттер арасында түрлі сипатта дау-дамай мен жанжалдар орын алғанымен, Адам баласы үшін «бірінші байлық – денсаулық» екенін де уақыт-ақиқаттың өзі қайтадан ескертті.


Қазір сәт сайын өзгеріп, құбылып жатқан әлемде өзіңді танып, өз жеке басыңның тұлға ретінде қадірін арттырып, қасиетіңді білу үшін, өзіңді дұрыс бағалап, бағалату үшін басты ұлттық құндылықтарды білу, оны ардақ тұту, қадірін біліп, үлгі ету маңызды. Ұлттық құндылық тек ұлт үшін емес, адамзаттық мәдениеттің көкжиегінің кең болуы үшін, тынысының кең, тұғырының биік болуы үшін маңызды.


Техника мен технологияның үлкен жылдамдықпен қарқынды дамуы мен ақпарат алу жолының шапшаңдығы – жеке тұлғаны өмірге тез бейімделіп, тез жетілуіне, «заманына сай адамы» болуға итермелейді.


Қазіргі ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр тоғысы мен ХХІ ғасырдың басында пайда болған неоэкзистенциалистік теорияға ғалымдар үлкен сеніммен қарауда. Олардың арасында философтар ғана емес, сонымен бірге натурализм мен психоанализ теориялары ұсынған тұжырымдарға қарсы көптеген психологтардың болуы да қуантады.


ХХІ ғасырдың басында ғалымдар арасында да, қоғамда да «құндылықтар дағдарысы» туралы, құндылықтардың қайта бағалануы мен адам баласының өмір сүрудің жаңа мәнін табу үшін жаңа жол іздеу керектігі туралы жиі айтыла бастады. Әр ұрпақ қоғамның дүниетанымын қалыптастыру үдерісін жалғастыра отырып, жаңа мақсаттар мен ұмтылыстар әкеледі. Қазіргі уақытта күнделікті өмірімізде болып жатқан өзгерістер сапалық жағынан несімен ерекшеленеді?


Адам – ой иесі. Адам – өзінің мақсатты әрекеті, жолы, дәстүрі мен салтын ұстайтын, жоспары мен алға қойған мақсаты, мұраты бар белсенді тіршілік иесі. Құндылық туралы әңгіме қозғау үшін ең алдымен құндылықтың анықтамасын айқындау қажет. Әлемдік философия ғылымында құндылық туралы ғылыми пікір айтып, анықтамасын берген ғалымдар да баршылық. Көпшілік ғалымдар құндылықты адамның қандай да бір қызығушылығы, тілегі, ұмтылысы, адам мен адамдар тобы үшін маңызды нәрсе деп таныған. Р.Б.Перри, «любой предмет любого интереса» деп есептеген


Әлеуметтік өмір де, жеке адамның өмірі сияқты, үздіксіз өзгеру үстінде, өзгерістер үдерісінде, көбінесе, адам баласының өз қызметінің нәтижесінде болады. Адам баласы өзінің күнделікті барлық әрекетіне баға беріп отырады деу де бекер, онда «болмыстың ақиқаттығы» оған сезілмей қалар еді, өз қияли әлемінде ғана өмір сүрер еді. Сонымен қатар, адам әрекет етпей де отыра алмайды, демек, ол өз әрекетін бағалауы да керек.


Оқу не үшін керек? Ахметтің пайымдауынша, оқу, ең алдымен, ұлт жұмысы үшін керек. Ал «ұлт жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек». «Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын. Бала деп бағып оқытып, адам қылғаннан кейін жұртым деп танымаса, сонда өкпелеу жөн ғой, Аталық міндетін атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштымын деп жүрген қазақ баласы жоқ. Баққан қазына, қазынаға борыштымын деп жүр. ...Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, Құлша тәрбиелесең, құл болмақшы» дегенді айтқан да А.Байтұрсынұлы.


Ия, «жұртым» деген бала өсіп шығып, ұл болып ұлтын ұлықтап, одан ұлттық санадан мемлекеттік санаға дамып жетілуі үшін қажетті дүниені бүгінгі қазақ баласы мектептен алып отыр ма? Ұлттық құндылықтарға, ұлттық дәстүрге қаншалықты мән беріледі. Мұның артында мектептегі тәрбие арқылы санаға берік сіңетін ұлттық идеологиямыздың жағдайы қалай еді деген сан сауалдар жағадан алатыны несі?


«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген президент Қ.К.Тоқаев сөзі көңілге көп демеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет