Робинзон Крузо



Pdf көрінісі
Дата06.12.2022
өлшемі2,46 Mb.
#55438


РОБИНЗОН
КРУЗО
ДАНИЭЛЬ
ДЕФО



М
Даниэль Дефо
Адам баспаған иесіз аралда қалған Робинзон Крузо
адамзат ѳркениетінің бүкіл жүріп ѳткен жолын қайта
ѳткеріп, ѳз тіршілігін қалпына келтіреді. Еріксіз жалғыз
ғұмыр кешуге мәжбүр болған талайсыз қаһарман
ойлануға мұрсат алып, басына түскен қиындықтың
себебіне үңілу арқылы тәубасына келіп, құдай жолына
түседі. Жүрегіне иман орнап, жаны тыныштық тапқан
Крузо қауіпті де алмағайып жалғызілікті ғұмырында
пешенесіне жазылған адам тѳзгісіз қиындықтардың
бәріне тѳтеп береді. Адамның ақыл-парасаты мен ерік-
жігерінің сынға түсіп, шар болаттай шыңдалуының
әдеби-кѳркем баянының үздік үлгісін алдымызға жайып
салады.
РОБИНЗОН КРУЗО
РОМАН
ен 1632 жылы Йорк қаласында шығу тегі
шетелдік ауқатты отбасында дүниеге келіппін.
Әкемнің туған жері – Бремен қаласы. Алғашқы кезде ол
Гулль қаласын мекендеп, сауданы кәсіп қылыпты.
Тұрмысы қалпына келген соң сауданы тастап, Йоркке
қоныс аударған, келген бойда сол жердегі кѳне тек –
Робинзондар деп аталатын әулеттен шыққан менің
шешеме үйленген. Осыған байланысты мені де Робинзон
деп 
атаған. 
Әкемнің 
фамилиясы 
Крейцнер,
ағылшындардың 
шет 
тілдерді 
бұрмалап 
алатын
дағдысымен бізге Крузо деп ат қойған. Енді біздің ѳзіміз
де тегімізді осылайша атап, осылай жазамыз; менің
таныстарым да мені үнемі осылайша атайтын.
1


Менің екі ағам бар-ды. Ағамның бірі Фландрияда,
кезінде атақты полковник Локгарт басқарған ағылшын
жаяу әскер полкінде қызмет етті. Оның подполковник
шеніне дейін қызметі ѳседі. Бірақ Дюнкирхен түбінде
испандарға қарсы жүргізілген шайқаста кѳз жұмған. Ата-
анамның дәл қазір менің де ѳмірімнен бейхабар болғаны
секілді, екінші ағамның қайда екенін білмеймін, хабар-
ошарсыз кеткен. Отбасында дүниеге келген үшінші ұл
болғандықтан да, ата-анам маған ешбір қолѳнер
үйретпеді және менің басым әртүрлі қияли нәрселерге
толы болды. Әбден қартайған әкем үй тәрбиесінде бола
тұра, қала мектебіне барып алуға болатын білім
ауқымында маған әжептәуір білім берді. Әкем заң
қызметкері болғанымды қалады, бірақ мен теңіз
саяхаттары туралы армандадым және басқа ешнәрсе
туралы естігім келмеді. Теңізге аңсарымның ауғаны
сондай, мен әкемнің еркіне бағынбадым – тіпті әкемнің
тікелей тыйымына да қарсы шықтым және шешемнің
жалынып-жалбарынғаны 
да, 
достарымның 
ақыл-
кеңестері де алған бетімнен қайтара алмады; пешенеме
жазылған қасіретті ѳмірге итермелеген бұл табиғи
әуестігімде бақытсыз тағдырдың белгісі тұрғандай боп
кѳрінді.
Әкем парасаты мол, пайымы жоғары жан еді, менің
осы оймен әуес болып жүргенімді сезіп, қатаң һәм
дәйекті түрде ескерту де айтты. Буын-буыны сырқырап
тѳсекке таңылған әкем, бір күні таңертең мені ѳз
бѳлмесіне шақырып алып, жерден алып жерге салып сѳге
бастады. Ол менен: қаңғыбастыққа бейімділіктен басқа,
адамдармен еркін араласып, тұрмысыңды гүлдендіріп,
шаттыққа бѳленіп, рахат ѳмір кешер туған елің мен
берекенің бесігі – ѳз үйіңнен безуге басқалай қандай
себептер бар деп сұрады.
Қалыпты тіршілік шеңберінен шығып, артында
2


алаңдары, іздеушісі жоқ жандар, байлық пен бақ қуып
алаѳкпе болып, соның соңынан жүгіргендер ғана ѳз елінен
алыстап кетеді, олар ѳз істерінің жемісін кѳріп, даңққа
бѳленгілері келеді, бірақ мұндай қадамға бару менің
қолымнан келмейді. Мен орташа тұрмысты қалаймын.
Адамзат тарихы орта тұрмыстағы адамдардың бақытты
ѳмір 
сүретінін 
дәлелдеп 
берген. 
Ол 
адамды
дәулеттілердің маңдайына жазылатын сән-салтанат пен
мақтансүйгіштіктен, 
менмендік 
пен 
күншілдіктен,
кедейлердің ғана сыбағасы болып табылатын ауыр қара
жұмыс пен жоқшылықтан, мұқтаждықтық пен қайғы-
қасіреттен 
бірдей 
құтқарады. 
Бұл 
тұрмыстың
соншалықты жанға жайлылығы туралы, деді ол, мен
мынаған қарап-ақ айта аламын: басқа жағдайда ѳмір
сүретіндердің барлығы оған қызыға да қызғанышпен
қарайды, – тіпті корольдердің ѳздері ұлы істер үшін
жаралған адамдардың ащы тағдырына шағым айтып,
тағдыр оларды ұлылық пен күйкіліктің ортасына
қоймағанына ѳкініш білдіретін кездері де аз емес және
данышпанның ѳзі шын бақыттың ѳлшемі ретінде ортаны
таңдап, құдайдан ѳзіне кедейлікті де, байлықты да
жібермеуін сұрайды емес пе? Кѳз жүгіртіп қарасам,
тұрмыс тауқыметі жоғары тап пен тѳменгі таптың
арасында ғана бѳлінген сияқты, деді әкем, ал орта
тұрмыстағылар қалыпты ѳмір сүреді, олар жақсылар мен
қара 
бұқараға 
қарағанда 
тағдырдан 
келген
зұлымдықтарға аз ұшырайды; тіпті, олардың ѳмір сұру
үрдісінің табиғи салдарлары болып табылатын, бір
жағынан, кемістіктердің, сән мен салтанаттың және
әртүрлі басы артық нәрселердің, екінші жағынан, ауыр
еңбек пен мұқтаждықтың, нашар және жеткіліксіз
тамақтанудың әсерінен пайда болатын тән мен жанның
кеселдерінен де орташа ѳмір сүретіндер кѳбірек
қорғалады. Орташа ахуал – барлық кісілік атаулының бүр
3


жарып гүлденуіне, болмыстың барлық қуаныштарына игі
әсерін тигізеді; молшылық пен бейбітшілік – оның
қызметшілері; ынсап, ұстамдылық, денсаулық, рух
тыныштығы, 
ашықтық, 
әртүрлі 
жағымды 
кѳңіл
кѳтерулер, алуан түрлі рахат оған ере жүріп, батасын
береді. Орташа ахуал адамы ѳзін ауыр қара жұмыспен де,
миға салмақ түсірер ауыр ой еңбегімен де аса қинамай
ѳмірін жайлы да тыныш ѳткізеді. Ол тәнді ұйқыдан,
жанды тыныштақтан қалдыратын бір тілім нан үшін
құлдыққа да сатылмай-ақ, тығырыққа тіреліп, шығар
жолын таба алмай қиналмай-ақ, күншілдіктің құрты
кѳкейін теспей-ақ, атаққұмарлықтың жалынына құпия
түрде шарпылмай-ақ ѳмір сүреді. Ризашылық сезіміне
бѳленген ол кермек дәмсіз ѳмір балын татып, ѳзін
бақытты сезінеді және күнделікті тіршілік барысында
мұны тереңірек әрі айқынырақ түйсініп, жеңіл де
байқаусыз кѳрге қарай жылжиды.
Бұдан кейін әкем маған: балалық қылма, бостан-босқа
адаспа, ѳз басыңа ѳзің қиыншылық пен жоқшылықтың
азапты жолын тілеме, – деп, және бұлардан менің
туысыма байланысты қоғамдағы алар орнымды сақтап
қалатындай қылып кѳрсетіп, табандылықпен және сондай
бір жылы жүзбен ѳтіне бастады. Нан табу үшін қиналып
жүрген жоқсың, сенің қамыңды ойлаймын, тура жолмен
жүрсе екен деймін, егер бақытсыз болсаң, ѳмірде жолың
болмаса, онда қателіктің бәрі ѳзіңнен, не зұлым тағдырдан
деді әкем. Менің басыма тек бақытсыздық қана әкелетін
қадамнан 
сақтандыра 
отырып, 
ѳз 
борышын
орындайтынын 
және 
барлық 
жауапкершілікті 
ѳз
мойнынан 
алып 
тастайтынын 
білдірді: 
қысқасын
айтқанда, егер мен әкемнің сѳзін тыңдап үйде қалар
болсам және әкемнің қалауымен ѳмір сүрсем, ол маған
бұрынғыдай жақсы әке болатынын, егер мен үйден кетер
болсам, онда ол менің қазама да қайырылмайтынын
4


айтты. Сѳзінің соңында әкем нидерланд соғысына қатыспа
деп, табанды түрде кѳзін жеткізуге тырысса да, бар еңбегі
зая кетіп, арман жетегінде үйден қашып шығып, соғыста
опат болған ағам туралы үлгі ретінде айта кетуді де
ұмытпады. Қандай жағдайда да (ол осылай ѳз сѳзін
аяқтады) сенің тілеуіңді тілеумен боламын дей келе, ол
маған егер алған бетіңнен қайтпасаң, құдайдың
рахметінен шет қаласың деп турасын айтты. Әлі сондай
кез келер, менің кеңесімді елемегеніңе ѳкінетін боласың,
бірақ онда, сенің істеген жамандығыңды түзетуге
кѳмектесер маңайыңда тірі жан болмай қалуы да мүмкін
деді.
Сѳзінің соңында (әкем оны ѳзі сезбесе де, ол шын
мәнінде де әулиелік еді), әсіресе қайтыс болған ағам
туралы айтқанда, қарттың кѳз жасы бетін жуып кетті; ал
сенің де ѳкінетін кезің келер, бірақ ол кезде саған кѳмек
қолын созар ешкім болмайды дегенде, сѳзін аяқтай алмай
булығып қалып, жүрегі толып кеткені сондай, енді бір сѳз
айтуға де дәрмені жетпейтінін айтты.
Әкемнің сѳзі жан дүниемді елжіретіп жіберді де
(
мұндай сѳз кімді болса да тебірентеді ғой) шет жерге кету
туралы ойымнан үзілді-кесілді бас тартып, әкемнің
қалағанындай туған жерде қаламын деп шештім. Бірақ,
әттеген-ай! – бірнеше күн ѳткен соң-ақ менің шешімім
түбегейлі ѳзгерді: қысқасы, әкемнің жаңа насихаттарын
тыңдамау үшін, әкеммен арада болған әңгімеден кейін
бірнеше апта ѳткен соң үйден жасырын қашу туралы
шешімге келдім. Бірақ мен шыдамсыздығымды сабырға
жеңдіріп, асықпай қимылдадым: анамның әдеттегіден
кѳңілді-ау деген кезін аңдап жүріп, оны бір оңаша жерге
апардым да: менің шет жерлерді кѳруге деген
ынтықтығым бар ақыл-ойымды билеп алғаны сондай, мен
егер бір жұмысқа тұрғанның ѳзінде, оны соңына жеткізуге
бәрібір шыдамым жетпейді, сондықтан әкем мені ѳз
5


ықтиярымен жіберсін, әйтпесе мен оның рұхсатынсыз-ақ
кетуге мәжбүр боламын дедім. Менің жасым он сегізге
келді, енді маған қолѳнер үйрету де, менен заң
қызметкерін дайындау да кеш. Егерде мен тіпті заң
бақылаушысына хатшы болып орналасқанның ѳзінде,
сынақ мерзіміне дейін де шыдауға шыдамым жетпей,
қамқоршымнан қашып теңізге кетіп қалатынымды
білемін; жай ғана тәжірибе ретінде саяхат жасауым үшін
әкемді кѳндіріңіз, егер ондағы тұрмыс ұнамаса, үйге қайта
ораламын, одан кейін ешқайда кетпейтін боламын,
жоғалтқан уақытымды еселеп қайтарамын, – дедім.
Менің сѳздеріме анамның қатты ызасы келді. Бұл
жѳнінде әкеңмен сѳз қозғаудың еш реті жоқ, ѳйткені ол
саған не пайдалы екенін тым жақсы біледі, сондықтан
сенің ѳтінішіңмен келіспейді деді. Бар мейірімін тѳгіп,
алған бетімнен қайтарған әкеммен болған әңгімеден
кейінгі менің тосын мінезім анамды таңғалдырды. Егер
сен ѳз басыңды жойғың келсе, енді бұл бәлеге тоқтау жоқ,
бірақ есіңде болсын, әкең де, мен де сенің бұл ісіңе
ешқашан келісімімізді бере алмаймыз; ал ѳзіме келер
болсам, сенің ѳліміңе еш себепкер болғым келмейді,
сондықтан сенің, әкем қарсы болғанда шешем қолдап еді
деп айтуға ешқашан хақың болмайды деген сыңайда
сѳз айтты.
Кейін білгенімдей, анам мен үшін әкемді кѳндіруге
ниеттенбесе де арамызда болған әңгімені сѳзбе сѳз
жеткізіпті. Әкем менің ѳз ойымнан айнығанымды сезіп,
қапаланып: “Бала туған жерде болса, уайымсыз, бақытты
ғұмыр кешер еді, ал енді шет жерге кетемін десе, оның еш
болашағы жоқ, жер бетіндегі ең бейшара, ең бақытсыз
тіршілік иесі болады. Жоқ, мен мұндайға жол бере
алмаймын” деп күрсіне жауап беріпті.
Бұл оқиғадан кейін жылға жақын уақыт ѳткен соң ғана
мен еркін ѳмірге қол жеткіздім. Осы уақыт ішінде ешбір
6


іске араласпадым, жаным қалаған іске үзілді-кесілді
қарсылық білдіргені үшін әкем мен анамды жиі
кінәладым. Бір күні жолым түсіп Гулль қаласына келдім,
бірақ менде қашу туралы ой тіпті болған жоқ. Бір
танысым әкесінің кемесімен Лондонға сапарға шыққалы
жатыр екен. Ол мені кѳре салып, теңізшілердің әдеттегі
қулығына басып: жолға да ешбір шығын шықпайды, бірге
аттанайық деп үгіттей бастады. Әкемнің яки шешемнің
рұқсатынсыз, оларға бір ауыз сѳзбен де ескертпестен,
ѳздері әйтеуір біле жатар деген жүрдім-бардым ниетпен,
ата-анамның да, құдайдың да батасын алмай бұл
сапардың соңы қалай боларын да ойға алмай, сәтсіз –
құдай кѳріп тұр! – сағатта, 1651 жылдың қыркүйек
айының 1-і күні Лондонға бет алған досымның кемесіне
отырып кете бардым. Жас жиһанкездердің бірде-бірінің
басынан кешіргендері тап менікіндей ерте басталып және
ѳте ұзақ болмаған шығар деп ойлаймын.
Гумбер сағасынан жылжып шығар-шықпастан қатты
жел тұрып, долданған толқын біздің кемемізді қатты
шайқады. Теңіз тіршілігін бұрын-соңды кѳрмеген менің
жан дүниемнің үрейін сѳзбен жеткізу мүмкін емес. Ата-
анамнан безіп, перзенттік парызымды ѳтемей, олардың
арман-тілегін орындамағаным үшін құдайдың ѳзі
жіберген зұлмат екенін енді түсіндім. Әке-шешемнің шын
тілегі, 
әкемнің 
кѳз 
жасы, 
шешемнің 
жалынып-
жалбарынғаны есіме түсті, әке-шеше үмітін үзіп, әке
сенімін ақтамағаның үшін сен құдай алдында күнәкарсың
дегендей ар-ұятым да мені қатты азаптады.
Жел күшейе түсті де, теңіз кѳбігін шашып, биік-биік
толқындар қаптап, жойқын жел аранын ашты, бірақ бұл
мен кейіннен кѳретін, тіпті екі-үш күннен кейін
ұшырасатын толқынмен салыстырғанда жай әшейін нәрсе
еді. Бірақ бұрын мұндайды кѳрмеген, теңіз иісі мұрнына
бармайтын мен сияқты жаңадан келген адамға осының ѳзі
7


жеткілікті еді. Асау толқын жарды келіп соққанда,
теңіздің айбарлы ѳксігі күшейіп, бізді жұтып жіберердей
кѳрінді. Ал кеме толқынның екпінімен ырғып тѳмен түссе,
су түбіне кетіп, қайтып жоғары шықпастай кѳрінді.
Долданған теңіз бен долы дауылдың кімге қалай әсер
еткенін білмедім, ѳзім үшін ѳте үрейлі болды. Егер
жаратқаным жарылқап, рақымы түсіп, осы сапарда
шыбын жанымды кеудемде қалдырса, аяғымның ұшы
қара жерге тиер күн болса, ешқайда бет бұрмай, үйге
оралуға, әке сѳзін қалт жібермеуге, ѳзімді-ѳзім енді
қайтып азапты жолға бастамасқа іштей ант еттім.
Әкемнің алтын орта туралы айтқан ойларының
дұрыстығына енді ғана кѳз жеткіздім. Әкем ешқашан
теңіздегі дауылға, жағадағы машақатқа ұрынбай, ѳз
ѳмірін бейбіт те жайлы ѳткізгенін түсіндім. Мен тәубама
келіп, туған үйіме шын мәнінде адасқан ұлдай қайта
оралуға бекіндім.
Дауыл басылғанша, басылғаннан кейін де біраз уақыт
мен осы саналы ой, сау ақылдың құшағында болдым.
Бірақ келесі күні ертемен жел саябырсып, толқын
баяулайын деді, менің де теңізге бойым үйрене бастады.
Күні бойы үйге ораламын деген оймен жүрдім (бірақ
теңіз дертінен әлі айыққан жоқпын). Кешке қарай аспан
шайдай ашылып, желіккен жел демін ішіне тартып, күн
қызарып ұясына батты, ертеңіне де күн ашық, теп-тегіс
теңіз беті күн сәулесімен шағылысып керемет кѳріністе
болды, табиғаттың мұндай сұлу бейнесіне алғаш куә
болдым.
Таңертең ұйқым қанып, бойым сергіп ояндым, теңіз
дертінен айыққандаймын. Кѳңілім жадырап, теңізге
қайта-қайта қарай беремін. Кеше ғана долданып,
аласұрып, ақ кѳбігін шашып жатқан теңіздің жайбарақат
қалпына таңырқай қарадым. Осы сәтте мені сапарға ертіп
шыққан танысым ойымды білгісі келгендей қасыма келіп,
8


арқамнан қағып: “Қалайсың, Боб? Кешегіден кейінгі кѳңіл
күйің қалай? Қатты қорықтың-ау, шыныңды айтшы!” –
деді. “Кешегі дауыл… иә, сұрапыл дауыл. Мен мұндай
қорқынышты дауыл болады деп ойламаппын!”– дедім.

Е-е-е, мұны да дауыл деп тұрмысың? Далбаса! Бізге
мықты кеме, айдынды кеңістік бер, біз бұндай
дауылсымақты кѳзге де ілмейтін боламыз. Сен әлі
тәжірибелі теңізші емессің ғой, Боб! Әйда, жүр, пунш
дайындайық та бәрін ұмытайық.
Қарашы, күн қандай керемет!” – деді танысым.
Әңгімемнің кѳңілсіз тұстарын қысқартып, бұдан әрі не
болғанын сіздерге тѳтесінен баяндап берейін. Кәдімгі
қарапайым теңізшілер ѳміріндей: пунш қайнаттық, мен
мас болдым, ѳкініштің бәрі артта қалды, мақтауға
тұрарлық әдеттерімді, болашақта жасар игі істерімді –
бәрін ұмыттым. Дауылдан кейінгі теңіздей сѳзбен
дүниенің бәрін тегістегендей болдық, үрейім де басылды,
қорқынышым да сейілді, ойларым да жүлгеленіп, қауіп-
қатерлі сәттегі айтқан уәде, берген серт жайына қалды.
Егер шынын айтсам, менің санамда әлі де үйге ораламын
деген сәулелі ойлар салтанат құрып тұр еді, бірақ
аурумен күрескен адамдай, мен де ол ойларды қуумен
болдым, мастықтың және кѳңілді ортаның әсерімен оны
да ѳшірдім, масаң күйде бес-алты күн ѳзімнің ар-
ұятымның алдында жеңіске жеткендей болдым. Бірақ
мені алдымда тағы бір сынақ күтіп тұрды: жазмыш
осындай жағдайдағы ежелгі әдетімен менің соңғы ақталар
таянышымды тартып алғысы келді; шынында да, егер мен
осы жолы оның мені құтқарып қалғанын түсінбесем де,
келесі сынақтың күштілгі сондай, тіпті біздің экипаждағы
ең оңбаған жексұрынның ѳзі қауіп-қатерді сезініп, одан
ғажайыппен ғана аман қалғанымызды мойындамауға еш
амалы болмас еді. Теңізге шыққанымызға алтыншы күн
дегенде Ярмут рейдіне келдік. Дауылдан кейін жел қарсы
9


алдымыздан тұрып, кеме жай жүрді. Ярмутта кеменің
зәкірін түсіріп, жеті-сегіз күндей тұрып қалдық, себебі
жел аумастан алдымыздан соқты да тұрды. Сол жеті-сегіз
күннің ішінде біз аялдаған жерге Ньюкастильден де
кѳптеген кемелер келіп тоқтады (Ярмут рейді –
кемелердің келіп тоқтайтын орны, себебі бұл жерде
кемелер Темзаға ѳту үшін желдің арт жақтан соққанын
күтіп тұрады).
Егер салқын жел соғып, бес күннен кейін ол тіпті үдей
түспегенде, біз су кѳтерілсімен-ақ ѳзенге түсіп кетер едік.
Ярмут рейді – айлақ сықылды кеме аялдауға қолайлы
орынның бірі, біздің кемеміздің зәкірі мен зәкір
арқандары мықты еді, біз қауіптене қойған жоқпыз, қауіп
бар-ау деп ойлаған да жоқпыз, кәдімгі теңізшілердің
дағдысы бойынша ойын-күлкімен уақытымызды ѳткіздік.
Жетінші күннен ѳтіп, сегізінші күнге жеткенде жел одан
сайын 
салқындай 
түсті, 
кеменің 
орнықтылығын
қамтамасыз ету мақсатында стеньгаларды алып тастап,
қажетті нәрселердің бәрін тығыз бекіту үшін жұмыс күші
керек болды. Түске таяу толқын екпіндей түсіп, кеме
қозғалып – ойнақшып қатты теңселе бастады, кеме
бірнеше рет олай-бұлай шайқалып еді, зәкір жұлынып
кеткендей болды, сол кезде капитан айлаққа байланған
арқанды шешіңдер деп бұйырды, біз зәкірдің екеуін де
суға тастап, арқандарын барынша тартып, желге қарсы
тұрдық.
Дәл сол сәтте дауыл құйындатып қатты соқты. Тіпті
теңізшілердің жүзінен енді абыржу мен үрей кѳрініп
тұрды. Каютасынан шығып, менің жанымнан ѳте
бергенде капитанның: “Құдайым, ѳзің сақта, қырылатын
болдық-ау, дәм-тұзымыз таусылғаны ма?” деген сѳзін
әлденеше рет естідім, бірақ ол соған қарамастан кемені
құтқарып 
қалу 
жұмыстарын 
бақылаудағы
қырағылығынан таймады. Бастапқы кездегі айқай-шудан
10


екі құлағым тас болып бітіп, есеңгіреп қалдым,
қозғалмастан сатының астындағы каютамда жаттым, тіпті
қандай сезімді басымнан кешіргенімді ѳзім де анық
білмедім. Оны ашықтан ашық елемей және батыл түрде
жермен жексен қылған соң, маған бұрынғы тәубама
қайтып оралу қиын болды: мен ѳлім қорқынышы
мәңгілікке сейілді, бұл дауыл да түк бітере алмай,
«
бірінші» сияқты аяқталады деп ойладым. Капитанның
тура жанымнан ѳтіп бара жатып, “қырылатын болдық
қой” деген сѳзін естігенде тұла бойым түршігіп кетті.
Каютадан палубаға атып шықтым, аспан асты астан-
кестең, теңіз долданып, бұрқырап, ақ кѳбігін атып жатыр
екен, мұндай сұрапылды кѳрген емеспін, сәт сайын
таудай толқындар тулап, тѳңкеріліп тѳбемізден құлайды.
Ѳзіме-ѳзім қуат беріп, күш жиып, жан-жағыма қарадым,
айналам алай-дүлей дауыл, адам баласына айтып
келмейтін апаттың қандай боларына кѳзім жетті. Бізге
қарсы тұрған ауыр жүк тиеген екі кеме салмағы кемісін
дегендей кемелердің мачталарын шауып тастады. Біздің
теңізшілердің біреуінің кеме батып барады деген
жанайқайын естідім. Тағы да екі кеменің зәкірлері
жұлынып, ашық теңізге қарай шығып кетіпті, қайда
барып, қайда тоқтарын кім білсін.
Ұсақ кемелер басқалармен салыстырғанда орнықты
тұрды, бірақ асау толқын олардың да бір-екеуін
ығыстырып, ашық теңізге қуып кетті, әлгі екі кеме
құйрығындағы кливерден басқа барлық желкендерін
жығып тастап, біздің кемеміздің жанынан тиер-тимес
болып ѳте шықты.
Кешке қарай кеме штурманы мен боцман фок-
мачтаны ағытып жіберуге рұқсат етіңіз деп капитанға
ѳтініш айтты. Капитан бастапқыда бұған кѳніңкіремесе де
соңынан рұқсат етті, фок-мачтаны ағытып жібергенде,
грот-мачта шайқалып, кеме де тепе-теңдігін сақтай
11


алмай, теңселе бастады, палуба суға толып, оны тазартуға
тура келді.
Ѳздеріңіз ойлаңыздаршы, бұрын-соңды теңіз бетін
кѳрмеген, осының алдында ғана болмашы толқудан зәресі
кете қорыққан мен енді қандай сезімді басымнан
кешіруім мүмкін еді? Кѳп жыл ѳтіп кетсе де, егер мен
жадымнан 
жаңылмасам, 
маған 
ол 
кезде 
ѳлім
қорқынышты емес еді: кінәмді мойындап, әкемнің алдына
барып кешірім сұрау туралы шешімімді ѳзгертіп,
бұрынғы қарғыс атқан қияли армандарыма қайта
оралғаным туралы ойлар жүз есе азапқа салып, еңсемді
езіп, дауыл қорқынышымен астасып, мені адам айтқысыз
хәлге түсірді. Бірақ бәле-жаланың кѳкесі әлі алда екен:
дауыл күшейген үстіне күшейе түсті, теңізшілердің
айтуына қарағанда, мұндай дауылды олар да бұрын-
соңды кѳрмесе керек. Біздің кемеміз мықты еді, бірақ
жүгінің ауырлығынан белуарынан суға батып, теңселіп
тұрды. “Жауып кетеді, қисайып бара жатыр” деген
дауыстар сәт сайын шығып жатты. Бұл сѳздердің мәнісін
сұрап алғанымша, түсінбегенімнің ѳзі маған белгілі бір
деңгейде үлкен артықшылықтар берді. Бірақ, дауыл
долданып күшейгеннің үстіне күшейе түсті, мен, – ал
мұндайды кѳрудің сәті үнемі түсе бермейді, – капитан
мен боцманның және басқалардікіне қарағанда сезімі
мұқала қоймаған бірнеше адамның кеменің су түбіне
кетерін сәт сайын күтіп тілек тілеп, жалбарынғанын
кѳрдім. Түн ортасы ауа трюмдегі суды байқау үшін
тѳменге түскен біреу: “Кемеге су кірді” деп хабар берді,
екінші біреу: “Су тѳрт фут жоғары кѳтерілді” деп оның
сѳзін жалғады. Дәл сол сәтте “бәрің де помпаға
жиналыңдар” деген пәрмен келді, бұл сѳз құлағыма
жеткен бойда жүрегім бір сәтке тоқтап қалғандай болып,
отырған кереуетіме шалқамнан құлай кеттім. Бірақ
теңізшілер осы кезге дейін еш жәрдемің тиген жоқ, енді
12


бір кісідей қол ұшын бере аласың деп еркіме қоймай
жұлқылап тұрғызып алды. Тәлтіректеп тұрдым да, жүгіре
басып помпаға келдім, келе бар күшімді салып мен де
жүргізе бастадым. Осы кезде бірнеше жүк тиеген ұсақ
кемелер желге қарсы тұра алмай, зәкірлерін бос қоя
беріп, ашық теңізге шықты. Кемелер жанымыздан
жылжып ѳте бергенде, капитан біздің апатқа ұшырап
жатқанымызды білдіру үшін зеңбірек атыңдар деп
бұйрық берді. Зеңбіректің не себепті атылғанына
түсінбеген мен, кеменің бір жері зақымдалған, болмаса
одан да зор бір пәле келді екен деп ойлап, есімнен танып
құлап қалыппын. Әркім ѳз басымен әлек, менің не күйде
болғаныма кѳңіл бѳліп, мән беріп жатқан ешкім жоқ.
Менің мүрдем кеткеніме әбден кѳзі жеткен бір теңізші
мені аяғымен итеріп жібіріп, сол қалпымда қалдырды да,
помпадағы менің орныма тұрып алды; мен есімді
жиғанша едәуір уақыт ѳтті.
Біз жұмысымызды жалғастыра бердік, бірақ трюмдегі
су кѳтерілгеннің үстіне кѳтеріле берді. Кеменің бататыны
айдан анық еді, дауыл біртіндеп тынши бастаса да, біз
айлаққа кіргенше кеменің су бетінде қалуы екіталай
болатын, сондықтан капитан кѳмек сұрап зеңбіректен
атқылауын жалғастыра берді. Ѳлдім-талдым дегенде
әйтеуір алдымызда тұрған ұсақ кемелердің бірі бізге
жәрдем беруге тәуекел етіп, қайық жіберді. Орасан зор
қауіппен қайық бізге жақындай түсті, бірақ қайықтағылар
бізді құтқарып қалу үшін жандарын шүберекке түйіп
қанша жанталаса ессе де, қайық кемеге, ал біз қайыққа
маңайлай алмай-ақ қойдық. Біздің матростар ѳте ұзын
қылып алып оларға басында қалтқы белгісі бар арқан
лақтырды. Лақтырған арқан да оңайлықпен олардың
қолына түспеді, бірталай бейнеттенгеннен кейін ғана
арқанның ұшы біреуінің қолына тиді. Біз оларды
кемеміздің құйрығына таман тартып әкелдік те біріміз
13


қалмай олардың қайығына түстік. Онымен олардың
кемесіне жетуді ойлаудың ѳзі жѳнсіз еді: біз бір ауыздан
желдің ығына қарай есе береміз деп шештік, тек
мүмкіндігінше жағаға қарай жақындай беру ұйғарылды.
Біздің капитан бѳтен матростарға олардың қайығына
қандай да бір залал келсе, жағаға жеткесін қайықтың
иесіне ақша беретінін айтты. Сѳйтіп жартылай ескекпен
есіп, жартылай толқынның екпінімен солтүстікке,
Винтертон-Несса бағытына бұрылып, бірте-бірте жерге
қарай бағытымызды түзей бастадық.
Біз кемеден аулақтаған сәттен ширек сағатқа жетер-
жетпес уақыт ѳтпей-ақ кеме біздің кѳз алдымызда бата
бастады. Мен осы жерде бірінші рет “жауып кетедінің”
мағынасын түсіндім. Шынымды айтсам, кеме батып бара
жатыр деген матростардың айғайын естіген кезде, кемеге
қарауға да шамам болған жоқ деп те айтуға болады,
ѳйткені мен қайыққа аяқ басқан немесе, дұрысы, мені
қайыққа салған сәттен бастап-ақ біразы қорқыныштан,
біразы мені алда күтіп тұрған бәле-жалалардан ішкі жан-
дүнием ѳліп қалғандай еді.
Қайықты жағаға қарай бұрғылары келіп адамдар
ескекті жандарын сала ескен сайын біз (ѳйткені, қайықты
толқын жоғары лақтырған сайын жаға кѳрініп қалатын)
жағалауда жиналып қалған адамдардың үлкен шоғырын
кѳрдік: олар әбігерге түсіп біз жақындаған кезде кѳмек
қолын созуға дайындалып жүгіріп жүрді. Бірақ біздің
қайық ѳте баяу жылжып келеді, Винтертон мен
Кромердің арасында жағалау сызығы батысқа қарай иіле
түсіп, 
шығыңқы 
мүйіс 
желдің 
күшін 
әлсіретіп,

Винтертон” маягінен ѳткеннен кейін ғана жағалауға
жеттік. Осы жерде біз жағалауға тірелдік те, әрең-әрең,
бірақ әйтеуір аман-есен құрлыққа шықтық та, Ярмутқа
жаяулап жүріп кеттік. Апатқа ұшырағанымыз үшін
біздерді Ярмут халқы рахымдылықпен қарсы алды, бѳлек
14


үй-жайға орналастырды, жай адамдар мен кѳпестер, кеме
қожалары ѳз еркімізге салып Лондонға немесе Гулльге
жететіндей етіп қаражат жинап берді. Шіркін, менің
басыма сол кезде Гулльдегі туған үйіме оралу туралы ой
неге келмеді екен! Мен сѳзсіз бақытқа кенелер едім! Әкем
тура інжілде айтылатын тәмсілдегідей менің аман-сау
келгеніме қуанып бір семіз бұзау сояр еді, ѳйткені ол
менің аман қалғанымды кѳп уақыт ѳткеннен соң, мен
Гулльден мінген кеменің Ярмут рейдінде опат болғанын
естіген кезде ғана білді.
Бірақ қытымыр тағдыр мені апатты жолға қарсыласуға
болмайтындай табандылықпен итере түсті; бірақ кейде
менің жан-дүниемде бірнеше мәрте мені үйге қайтуға
шақырған сау ақылдың даусы естілсе де, оған құлақ асуға
менің күш-қуатым, әл-дәрменім жетпеді. Адам баласын
ѳз ажалына нендей күш асықтыратынын қалай
түсінерімді білмедім, түсінуге талпынбадым да. Кейде
түйсігімізбен сезе тұра, ѳзіміз жазмышқа қарсы келіп,
тағдыр тауқыметін арқалайтынымыз қалай, ұзақ сапарда
екі рет ажалдың түр-түсін кѳргендей бетпе-бет келіп,
тосын оқиғалармен ұшырассам да, қанша қашсам да
құтқармас қатал тағдырым, жүрегімнің қалауы мен
парасатты ойыма қарсы келуге мәжбүрледі.
Мені 
осы 
сапарға 
аттануға 
үгіттеген 
кеме
қожайынының ұлы, менің танысым, Ярмутта алғаш рет
менімен сѳйлескендегідей емес, даусы ѳзгеріпті. Ол
абыржып, басын шайқап, менің кѳңіл күйімді сұрады.
Сонсоң менің кім екенімді, осы жолы тек тәжірибе ретінде
сапарға шыққанымды, бұдан кейін де менің әлемді
шарлағым келетінін әкесіне айтып берді. Сол кезде әкесі
маған бұрылды да: “Жас жігіт, саған бұдан былай теңізге
шығуға болмайды, басымыздан кешкен оқиғалар сенің
жолың теңізде емес дегенді меңзейді”, – деді. “Сэр, неге
бұлай дейсіз? Мұнан былай сіз де теңізге беттемеймісіз?”
15


– 
деп мен де қасарыса қалдым. “Менде жұмысың
болмасын, бұл – менің ежелгі кәсібім және міндетім. Ал
сіз теңізге тәжірибе ретінде шықтыңыз, ѳз шешімімді
ѳзгертпеймін деп қасарысатын болсаңыз, құдай сізді
алдағы күндерде не күтіп тұрғанын таңдайыңызға
татқызып тұр. Мүмкін, бізге сіздің кесіріңізден апат
келген шығар. Мүмкін, сіз біздің кемедегі Иона шығарсыз.
Қарағым, маған дұрыстап түсіндіріп берші, сені осы
сапарға шығуға не мәжбүрледі?” деді. Мен ѳзім туралы аз-
кем айтып бердім. Әңгімемді аяқтай бергенімде, ол
ашулы дауыспен: “Мен не істегенмін, мына азғын менің
кемеме қайдан келген, енді мың фунт берсе де ешқашан
сізбен бір кемеде жүзбеспін”, – деді. Бұл сѳздерді ол
зілдене айтты, ашу қысып кеткен соң небір ашулы
сѳздерді және тѳкті. Бұдан кейін ол райынан қайтып: “Бұл
– 
тағдырдың салған ісі, енді тездетіп әкеңе қайт, болған
оқиғаларды жаратушының ескерусіз қалдырмағаны деп
ойлаймын, е, жас жігіт, егер сіз үйіңізге қайтпасаңыз,
әкеңіздің тілін алмасаңыз, менің сѳзіме сеніңіз, – қай
жерден табылсаңыз да сіздің соңыңыздан бақытсыздық
пен сәтсіздік ѳкшелейтін болады”, – деді сѳзін аяқтай
келіп.
Мұнан кейін біз екі жаққа бѳлініп кеттік, мен оны одан
қайтіп кѳрмедім. Ярмуттан қайда кеткенін де білмеймін,
менде қаражат жағы тапшы болған соң Лондонға
құрлықпен тарттым. Жол бойы ѳмірдің қай соқпағымен
жүремін деп ойлаумен болдым: үйге оралсам ба, әлде
қайтадан теңізге бет бұрам ба?
Үйге қай бетіммен барамын, әкем-шешем былай
тұрсын, ағайын-туғанға, кѳрші-кѳлемге қалай кѳрінемін,
бәріне келеке, мазақ болып жүрермін деген ой да жылт
етті. Сол кезден мен адам баласының, әсіресе оның жас
кезіндегі табиғатының соншалықты қисынсыз болатынын
түсіндім; осыған ұқсас жағдайларда адамдар ақылды
16


басшылыққа алғанның орнына оны терістеп, күнәсі үшін
емес, тәубаға келгеніне ұялады, оларды ақымақ деп
есептеуге болатын ессіз қылықтары үшін емес, ѳз
қателіктерін мойындап, түзетуге ұмтылған, оларды
ақылдылылардың санатына енгізуге тұрарлық қылықтары
үшін ұялады.
Не істеуім керек, ѳмірдің қай соқпағын таңдасам екен
деген әуре-сарсаң оймен біраз уақыт жүріп алдым. Үйге
қайтсем деген ойды жеңе алмай-ақ қойдым, бірақ әзірге
кейінге шегере бердім, теңіздегі басыма тѳнген бәле-
жалалар туралы естеліктер кѳмескілеген сайын, әкеме
оралуға шақырған онсыз да әлсіз ақылдың үні әлсірей
берді, ақыры мен оралу туралы кез келген ойды былай
қойып, жаңа саяхаттар туралы армандай бастадым.
Әлі сол бір зұлым күш – менің үйден қашуыма түрткі
болған, әлемді шарлап байысам деген ессіз де ой елегінен
ѳткізілмеген есірік ойға себепші болған және бұл
ойлармен, менің басымды арбап тастағаны сондай, мен
барлық жанашыр кеңестерге, айтқан насихатқа, тіпті,
әкемнің тыйым салғанына да керең боп қалдым, – міне,
осы күш дер едім мен, оның қандай екендігіне қарамастан,
адамның ойына келуі мүмкін-ау деген ең талайсыз іске
мені итеріп жіберді: мен Африка жағалауларына, біздің
теңізшілердің тілімен айтқанда, – Гвинеяға аттанғалы
тұрған кемеге отырдым да тағы да жаһанды кезе
бастадым.
Менің ең үлкен бақытсыздығым – осы оқиғалардың
барлығында қарапайым матрос болып жалданбадым;
әрине, маған ѳзім әдеттенгеннен де кѳбірек жұмыс
істеуіме тура келер еді, есесіне мен теңізшінің міндеті мен
жұмысын меңгеріп, уақыт ѳте келе штурман, не
капитанның кѳмекшісі, тіпті капитанның ѳзі болар едім.
Бірақ менің пешенеме жазылғаны сол екен – барлық
жолдардың ішіндегі ең нашарын таңдадым. Осы жолы да
17


мен осылай ісдедім: менің әмиянымда ақша болды,
үстімде жақсы киім: мен кемеге үнемі нағыз мырзаның ѳзі
болып келуші едім, – сондықтан онда ештеңе істемедім
де, ештеңе үйренбедім де.
Лондонға келген бойда жақсы ортаға тап болдым, мен
секілді бетімен кеткен, жолынан адасқан бозбала үшін
тағдырдың мұндай сыйы адам баласына бұйыра
бермейтін шығар, болмаса, жын-шайтан тұзағына
шырмалып кетер ме едім. Мұндай ѳмірден құдайдың ѳзі
қағыс қылған шығар. Мен бір капитанмен таныстым, оның
таяуда ғана Гвинеяның жағалауына барып келгені мәлім
болды, осы сапары ѳзіне қолайлы болып, тағы да сол
жаққа аттанғалы жатыр екен. Оған менің әңгімелерім
ұнап қалды, әлемге саяхат жасағым келеді деген сѳзімді
естіген соң, ѳзімен бірге баруға ұсыныс жасады. Әрі
екеуміз дос боламыз, ақшаң болса, аздап тауар ала жүр,
бар пайдасын ѳзің кѳресің дегенді айтты.
Мен бұл ұсынысты оң кѳрдім, екеуміз дос болып
алдық, ақкѳңіл, таза жүрек адаммен бірге аз ғана тауар
алып сапарға шықтым. Тауарларымды ѳткізіп пайда
таптым, әрине, бұл адал досымның кеңесі еді. Тауарды
әке-шешем жіберген ақшаға сатып алдым. Мұның
алдында елдегі туысқандарыма хат жазып, ақша
сұрағанмын, олар менің бұл ѳтінішімді айтып, әкемді
кѳндіріпті, расын айтсам, шырылдап ақшаны жѳнелткен
де шешем болар.
Осы сапарым ѳте қолайлы болды. Адал досымның
кѳңілінің кеңдігінің арқасында кѳп нәрседен хабардар
болдым. Бақылау жүргізу, кеме журналын тіркеу ісін
үйрендім, қысқасы, теңізшілерге не білу керек, соның
бәрімен таныс болдым. Капитан бар білгенін үйретті, мен
де үйренуден жалықпадым. Осы сапарда әрі теңізші, әрі
кѳпес болдым, апарған тауарларымды бес фунт тоғыз
унция құм алтынға айырбастап, Лондонға келген соң олар
18


үшін аз да емес, кем де емес бақандай үш жүз фунт
стерлинг алдым. Бұл сәттіліктің буына мас болып,
кѳкірегімді атақты, даңқты болсам деген армандар
кернеді, бірақ кейіннен осылар ақыры түбіме жетіп
тынды. Дегенмен бұл саяхат та менің басыма біраз
ауыртпашы-лықтар әкелді, ең бастысы – мен үнемі дімкәс
жағдайда болып, ѳте қатты тропикалық безгек ауруына
шалдықтым. Безгек ауа райының ѳзгеруі себепті болады.
Бұл жақта күн ѳте ыстық болған соң, мұндай аурумен
кѳбіне суық жақтан келген адамдар, яғни еуропалықтар
ауырады екен. Біздің сауда жасап барып қайтқан жеріміз
кѳбіне солтүстік ендіктің он бес градусы мен экватордың
аралығында жатты. Безгек ауруы қатты қысқанда адам
түсініксіз күйге түсіп, қызуы кѳтеріліп, кѳзі қарауытып,
денесі қалшылдап, дел-сал күйге түседі. Тұла бойын
меңдеген әлсіздік ешнәрсе ойлатпайды да, теңіз беті
кѳкпеңбек, жап-жасыл дала құсап кѳрініп, науқастар
кейде сол далаға ұмтылғандай, теңізге батып ѳледі екен.
Міне, мен осылай Гвинеямен сауда жүргізетін кәдімгі
кѳпес болдым. Лондонға келген соң капитан кѳп кешікпей
дүниеден ѳтті, мен енді Гвинеяға ѳз бетіммен қайта
бармақшы болдым, сол кемемен Лондоннан шығып
жүріп те кеттім; енді кемені марқұм капитанның
кѳмекшісі басқарды. Бұл ѳте ауыр сапар болды, екі жүз
фунт стерлингті марқұм капитанның әйеліне сақтауға
бердім, ол оны тыңғылықты түрде орналастырды, ал мен
жол пұлыма жиған ақшадан тіпті жүз фунт стерлинг те
алмадым; бірақ есесіне мен жолда адам айтқысыз ауыр
бәлелерге ұшырадым. Бір күні таңсәріде біздің кеме
Канар аралдарына қарай, дәлірек айтқанда, Канар
аралдары мен Африка құрлығына бет алып бара жатыр
еді. Салех жақтан келе жатқан түрік қарақшылары түні
бойы торыған болуы керек, желкендерін кѳтеріп, біздің
соңымызға түсті. Олар желкендерін барынша кѳтеріп
19


алған соң, кешікпей қуып жететіндеріне кѳзіміз жетіп, біз
де қорғану шарасына кірістік (бізде он екі зеңбірек, оларда
он сегіз зеңбірек бар екен). Түстен кейін, сағат үштердің
шамасында олар бізді қуып жетті, қателесіп кетті ме, я
солай ұйғарды ма, бүйірден келіп соқты, сегіз зеңбіректі
қатар қойып атып ек, шегініңкіреп барып, олар да оқ
жаудырды, ѳздерінің мылтықтары да кѳп екен, қарша
боратты, адам саны да екі жүз шамасында. Дегенмен біз
тобымызды жазбастан қарсыласа бердік. Бәріміз дін
аманбыз. Біраз уақыт ѳткеннен кейін, теңіз қарақшылары
жаңа шабуылға дайындалды, ал біз жаңаша қорғануға
кѳштік, жау кемесі екінші жағымыздан келіп тиді, атыс
күшейді, теңіз беті кѳкала тұман болды. Екі жақтың да
кемесі бір-біріне жанасып, атыс бұрынғыдан да күшейе
түсті. Бір кезде қарақшылар кемемізді қоршап алып, әр
жерден ілмек темір тастап, біздің кемемізді ѳздеріне
қарай қисайтып тартты да, алпысқа жуық қарақшы
жанталасып біздің кемеге кѳтерілді, кемемізді басып
алып, арқан жіптерін қиып, діңгектерін құлата бастады.
Біз оларды мылтықпен де оқ жаудырып, найзамен және
қол гранаталарымен қарсы алып, екі рет палубадан түре
айдап шықтық. Бірақ, солай бола тұра, кемеміз жарамсыз
болып қалғандықтан да және үш адамымыз ѳліп, сегіз
адамымыз жараланғандықтан ақыр соңында (мен
әңгімемнің бұл қайғылы бѳлімін қысқартып отырмын) біз
берілуге мәжбүр болдық, сѳйтіп бізді тұтқын ретінде
Салехқа, маврларға тиесілі теңіз портына апарып тастады.
Мені қалдырып, басқа тұтқындарды сұлтанның
сарайына алып кетті. Қарақшылар кемесінің капитаны
мені қасына алды, жас болған соң жұмсауға қолайлы деп
ойласа керек. Қатал тағдыр мені кѳпестіктен құлға
айналдырды. Басыңа қайғы түссе, ешкім келмейді және
ешкім жұбатпайды деген әулие әкемнің сѳздері ойға
оралды. Бұл да құдайдың бір қарғысы шығар, мені
20


біржола ѳлтіргені шығар дедім іштей. Жоқ, олай емес
екен, бұл қатал сынақтың тек солғын кѳлеңкесі ғана,
сыбағалы қайғы-қасірет әлі алда екен, әрі қарай не
болғанын әңгімемнің жалғасынан кѳресіздер.
Жаңа қожайыным, мүмкін, мырзам болатын шығар,
мені ѳз үйіне алды. Алдағы сапарларда мені ѳзімен бірге
ала шығар деп үміттенген едім. Ерте ме, кеш пе, оны да
испандардың я португалдардың кемесі тонайды, сонда
менің басыма бостандық орнайды деген сенімде болдым.
Үміт жібі үзілді, ол мені үйінде қалдырып, құлдар
істейтін қара жұмысқа салды, келе сала күзету үшін
кемеде бол деп бұйрық берді.
Сол күннен бастап түбінде бұл жерден қашып
шығамын деген ой санамды жаулады, бірақ оның еш
амалын таба алмадым. Мұндай жағдайда жеңіске жетемін
деудің ѳзі далбасалық шығар, ешкімге сене алмадым,
ешкімнен кѳмек күтпедім. Ағылшын болсын, шотландық
болсын – жаныма жақын ешкім болған жоқ – сүреңсіз,
жалғыздыққа толы күндерім ѳтіп жатты. Жүрегіме жақын
тұтар ешкімім жоқ, жалғыздықтың азабын тартып екі
жылды артқа тастадым (осы жылдар ішінде тек қана
бостандық туралы армандадым). Ал қашамын деп ойға
алған жоспарымды жүзеге асырудың кѳлеңкесін де
кѳрмедім.
Осы екі жыл ішінде қашып кетуге қолайлы бір ғана
мүмкіндік болды. Менің қожайыным кемесімен теңізге
шықпай, үйде әдеттегіден кѳп отырып қалды (менің
естуімше, ақша жоқтығынан сияқты). Осы кезде ол
аптасына бір-екі рет бізді қасына алып, теңізден балық
аулап қайтып жүрді. Ескекші есебінде мені және бір жас
мавр баланы ертіп алатын, әліміз келгенше кѳңілінен
шығуға тырысамыз, екіншіден, менің балық аулағаным
оған қатты ұнады, кей-кейде қасымызға ѳзінің бір жақын
інісі Мареконы қосып жіберетін.
21


Бір күні үшеуміз таңғы тыныштықта балық аулауға
аттандық. Біз шығысымен-ақ теңіздің бетін қап-қара
тұман басып, жағалау бір жарым мильдей жерде болса
да, кѳз жазып қалдық, шамалап беталды жүре бердік: сол
күні күнімен, түнімен теңіз бетінде жүздік. Таң ата
жағалаудан алты мильдей теңіз ортасына қарай ойысып
кеткенімізді байқадық. Кѳп мехнат шегіп, үйге әрең
жеттік, азаннан салқын жел соғып тұрғасын ба, қарнымыз
да ашып қалыпты.
Бұл оқиғадан ой түйген қожайын: “Енді балық аулау
үшін 
теңізге 
азық-түліксіз, 
құбылнамасыз 
ешкім
шықпайды”, – деді. Біздің кемемізді тонағанда бір
баркасты 
ѳзіне 
қалдырған-тын, 
кеме 
жасаушыны
шақырып алды да, ол шебер, тұтқында жүрген ағылшын
еді, 
баркастың 
ортасын 
ойып, 
екі 
кісі 
жатып
ұйықтайтындай каюта жаса, арт жағынан бір адамдық
орын қалдыр, себебі ол адам қайықтың құйрығын ұстап
отыратын болады, алдыңғы жағына екі адамдық орын
жаса, олар желкенді тартып отыратын болады, ал
желкендердің кливері каютаның үстіне дѳп келсін деді.
Каютаның ішінен азық-түлік салып қоятын шкаф жаса
деп бұйыра сѳйледі. Қожайынның сѳзін екі етпей
орындадық. Каюта ѳте қолайлы, іші кең, әрі ыңғайлы
болып үш адамға ыңғайластырып жасалды, кішкене
үстел, азық-түлік салатын кішкентай сѳре де қоюға
болады: сѳреге менің қожайыным күріш, кофе және
сапарда жүргенде ѳзі ішетін бірнеше бѳтелке ішімдіктер
қоятын.
Осы баркаспен әлденеше рет балық аулауға шықтық,
балық аулауға кәдімгідей машықтанып алдым, сондықтан
қожайыным мені қасынан тастамай ертіп жүретін болды.
Бір күні қожайыным екі-үш маврды ертіп (балық
аулағысы келді ме, әлде тек серуендегісі келді ме)
білмеймін, 
сапарға 
шығатын 
болды, 
азық-түлікті
22


молынан алды, бәрін де күні бұрын баркасқа апарып
қойдық. Мені шақырып алып, үш мылтық, жеткілікті етіп
оқ-дәрі алуға бұйырды.
Айтқанын екі етпедім. Келесі күні ертемен қонақтарды
күттік, жалаушамызды кѳтеріп, тазаланған, жуылған
баркастың ішінде отырдық. Бірақ қожайынымыз жалғыз
келді, қонақтарының тығыз шаруасы болып қалғанын,
бүгін теңізге шыға алмайтынын айтты. Содан кейін:

Үшеуің балық аулап келіңдер, бүгін достарым кешкі
тамақты менің үйімнен ішеді, олжаларыңды маған әкеліп
беріңдер”, –деді де кетіп қалды. Мен мақұлдаған болып,
басымды изеп қала бердім. Тап сол кезде санамда
бостандық туралы ой тағы да жылт ете қалды. Қазір
шағын кемем бар, қожайыным жоқ, нағыз қолайлы сәт
деп мен де жолға қамдана бастадым. Әрине, балық
аулауға емес, ұзақ сапарға аттанғалы тұрсам да, қалай
жүруді, қайда бағыт ұстауды ойыма да алғаным жоқ,
жолдың алыс-жақыны, жақсы-жаманы да есеп емес,
қалай қарай бет алсам да, тек еркіндікте болсам болғаны
деп түйдім.
Қулығымды ішке бүгіп, маврдың қасына келдім де,
қожайынның азығына тиіспей, ѳзімізге бѳлек азық-түлік
алу керек дегенді айттым. Мавр сѳзге келмей, бір үлкен
себетпен кепкен нан, ішерге үш құмыра су алып келді.
Қожайынның шарап салған жәшігінің қай жерде
тұратынын білетінмін (ол бұл шарапты ағылшын
кемелерінің бірінен алған, ағылшын кемесінен алғандығы
бѳтелкелер жапсырмаларынан кѳрініп тұр), мавр жағаға
кеткен кезде шарапты баркасқа тасып әкелдім де,
қожайын үшін күні бұрын дайындалып қойған екен деп
ойласын деп шкафтың ішіне салдым. Балта, балға, ара,
арқан, жіп және балауыз алып келдім. Маврдың
аңқаулығын пайдаланып тағы бір қулықты іске асырдым.
Оның аты Ысмаил болатын, жұрт оны Моли не Мули деп
23


атаушы еді. Мен оған: “Моли, қайықта қожайынның
мылтығы бар, шамалы оқ-дәрі алсақ қайтеді? Құс атып
жейміз әрі кѳңіл кѳтереміз, қожайынның оқ-дәрісі кемеде
болады”, – дедім. Ол “Жарайды” деді де, жүгіріп барып
бір қалта оқ-дәрі, бес-алты қадақтай бытыра және
кѳптеген оқ алып келді. Бәрін жиып алып қайыққа
салдық. Қожайынның каютадағы жәшігінің түбінде аз
ғана дәрі жатыр екен, оны аударып бір үлкен бѳтелкеге
салдым. Қажетті керек-жарақты әзірлеп алып, айлақтан
балық аулауға аттандық. Айлақ кіреберісіндегі қарауыл
мұнарасында тұрғандар біздің кім екенімізді білсе де,
біздің кемемізге кѳңіл аудармады. Жағадан бір мильдей
алыстаған соң желкенді босатып, балық аулау қамына
кірістік. Менің жоспарым іске аспайтын болды, себебі жел
солтүстік пен шығыс аралығынан соқты, егер жел
оңтүстіктен болса – менің жолымның болғаны, онда мен
Испания тұсындағы жағаға жақын келуіме, ең болмаса
Кадиске дейін барып, жол тауып кетуіме болатын еді, жел
қай жақтан соқса да, есебін тауып бұл маңайдан алыстап
кетсем болды, алдағы күндерімде басқа салғанын кѳремін
деген ой келді.
Арада біраз уақыт ѳтсе де қармағымызға ешнәрсе
қаппады, маврдың кѳзіне түспесін деп мен әдейі
қармақты судан шығармадым, тіпті ілінген балықты да
тартпадым. Мен: “Бұл қалай, бірде-бір балық түспеді,
үйге қай бетімізбен барамыз, қожайыннан сѳз естиміз-ау,
алысырақ барыңқырайық”, дедім. Мавр менің арам
ойымды қайдан білсін, мақұлдады, ол қайықтың алдыңғы
тұмсық жағында отырды. Желкенді кѳтердім де, рульге
отырдым, қайық тағы үш мильдей жүріп теңіздің
ортасына қарай бет алғанда, балық аулаған адамдай
қайықты тоқаттым да, рульді балаға беріп, бір нәрсе
іздеген адамдай маврдың арт жағына келдім де, белінен
қапсыра кѳтеріп алып, суға лақтырдым. Бір сүңгіп шықты
24


да, қайыққа қарай қайта жүзді. Мені тастама, дүниенің
тѳрт бұрышын араласаң да қасыңнан қалдырма деп
жалына 
бастады. 
Жүзгіштігі 
сондай, 
бѳтелкенің
тығынынша қалқиды; қайықтың соңынан еріп қалмайды,
мені жылдам қуып жететін түрі бар, ал маған алдан
соққан жел бой бермей, қайықты шапшаң жүргізе алмай
келемін. Ол артымыздан жүзіп қалмағасын каютадағы
мылтықты алдым да кезеп тұрып: “Осы арада қалатын
болсаң, саған ешқандай қастандық жасамаймын, ѳзің
жүзгіш екенсің, жел де тынық, дұрысы, жағаға қарай
жүзсең, қазір-ақ барып жетесің, егер айтқан тілімді
алмасаң, жайратып саламын, мен басыма бостандық іздеп
бара жатқан адаммын”, дедім, ол бұрылды да, кейін қарай
жүзе жѳнелді, аман-сау жағаға жеткен болар, ѳзі де бір
жүзгіш адам екен.
Теңізге баланы тастап, маврды ѳзіммен бірге алып
кетуге болар еді, бірақ оған сенім бар ма? Мавр едәуір жер
ұзап кеткен соң бұрылып балаға қарадым (баланың аты
Ксури еді). “Ксури! – дедім, – егер сен маған сенсең, сені
адам қыламын, егер опасыздық жасасаң (пайғамбар
атымен ант бермесең), сені осы жерде суға батырып
кетемін”, – дедім. Бала маған қарап жымиды да, сендікпін,
қайда барсаң да қасыңда болайын деп ант берді. Баланың
шынайылығы албырт жүзінен-ақ кѳрініп тұрды.
Теңіздің ортасына қарай тура тарттым, Маврдың
қарасы да кѳрінбей қалды. Бұл ниетім Гибралтар
бұғазына қарай кетті деп ойласын дегенім еді (әрбір есі
бүтін адам осылай істер еді). Расымен де басқа жаққа жол
тартудың тіпті жѳні жоқ. Себебі оңтүстікке қарай
бұрылып, жағаға жақындау ѳте қауіпті, жаға толған
зәңгілер, қолына түссең ѳлтіреді, жыртқыш аңдар да
қаптап жүрген болар.
Жағадан тым алыстап кетпес үшін, ымырт жабылып,
қараңғылық 
қымтаған 
кезде 
бағытты 
оңтүстікке
25


бұрдым,біздің бақытымызға орай жел тұрмады, толқын
да баяу, бір қалыпты жүзіп отырдық, келесі күні күндізгі
сағат 
үш 
мезгілінде 
жағалау 
кѳрінді, 
Марокко
сұлтанының және басқа сол жердегі үстемдік етушілерден
жүз елу мильдей қашықтықта екенбіз; бірақ кѳзімізге жан
баласы кѳрінбеді. Маврдың қолына қайта түсіп қаламын
ба деп қатты қорықтым, ауа райының қолайлы сәтін
пайдаланып, жағамен жылжып отырып, тоқтамастан бес
күн бойы жүздік. Бес күннен кейін жел оңтүстікке ауды,
артымыздан қуғыншы шықса, қуып жететін уақыт болды,
бірақ ешкім кѳрінбейді, не де болса тынығып алайық деп
жағаға келдік те, бір ѳзеннің сағасына зәкірді түсіріп
тоқтадық. Бұл қандай ѳзен, қай жақтан бастау алады, қай
елдерді басып ѳтеді – бейхабармын. Жағада жан баласы
кѳрінбейді, кѳргім келіп тұрғаны да шамалы, ішерге
тұщы су тауып, құтымызға құйып алсақ болғаны. Кешке
жақын ѳзеннің сағасына келіп жеттік, қараңғы түсе жағаға
жүзіп шығып, қандай мекенге келгенімізге кѳз жеткізгіміз
келді. Бірақ қараңғы түсе бізге жағалаудан аңдардың
ақырған, үрген, ұлыған ащы дауыстары естілді.
Қасымдағы бала қорыққанынан қайда тығыларын білмеді.

Жағаға қазір емес, күндіз барайықшы”, – деп жалына
бастады. “Жақсы, Ксури, қалауың болсын, бірақ күндіз
адамдарға тап боламыз, олар арыстан мен жолбарыстан
қауіпті ғой”, – дедім. “Мейлі, тап болса, мылтықпен
үркітеміз, сонан соң ѳздері де қашады”, – деп Ксури күлді
(
Ксури тұтқындағы ағылшындардан аздап ағылшынша
үйренген екен). Баланың кѳңілденгеніне қуанып, қожайын
қоржынынан бір стақан қызыл шарап құйып бердім.
Шынында, оның сѳзінің жаны бар, оның айтқанына
кѳндім. Зәкірді түсіріп, түнімен жасырынып тұрдық,
жасырынып дейтін себебім: таң атқанша кѳзіміз ілінбеді.
Зәкірді түсіргенімізге екі-үш сағат ѳткенде жағаға
абажадай мақұлықтар келді. Жағаға келді де, кеуделеп
26


суға қойып кетті, жағаға қайта шығып, әрлі-берлі жатып
аунады, суды шалпылдатып аспанға атылып пырылдады,
пысқырды, бір кезде судан шығып, мойындарын тѳмен
салып ерсілі-қарсылы жүрді де, тұра қалып, адам жаны
түршігердей ащы дауыспен ѳкірді. Ксури қатты қорқып
кетті, расын айтсам, ѳзім де қатты қорықтым. Бір кезде
жаңағы мақұлықтың бірі суға күмп етіп, бізге қарай жүзе
бастады. Жүзіп келе жатқан мақұлықтың не екенін
ажыратып 
болмадық, 
тек 
пырылдап-қырылдаған
дыбысын ғана естіп тұрмыз. Не де болса қаһарлы алып
бірдеңе. “Бұл арыстан (шынында да арыстан болуы
мүмкін ғой), тез зәкірді кѳтерейік те зытайық, әйтпесе
ѳлеміз”, – деді Ксури. “Зәкірді кѳтерудің қажеті жоқ,
арқанды шамалап тартайық та, жылжып кейін шегінейік,
бізді қуып жетер деймісің”, – дедім. Ксуриге айтып
аузымды жиып болғанша, қайығымыздан екі есе үлкен
мақұлық тура жанымызға жетіп келді. Шынымды айтсам,
асығыстық жасап жанталасып каютадағы мылтықты
алып, шүріппесін басып жібердім, әлгі мақұлық бұрылды
да, жағаға қарай тура жүзіп кетті.
Мылтық атылған кездегі жағадағы және сол құрлықта
жүрген аңдардың улап-шулағанын, ѳкіргенін, ұлығанын,
үргенін сѳзбен жеткізу мүмкін емес, ол дауыстар кѳпке
дейін басылмады. Соған қарағанда, бұл жердегі аңдар
мылтық даусын ѳмірі естімеген-ау деп топшыладым,
шынында да, солай болса керек. Мен түнде жағаға шығу
туралы ойымнан айнып қалдым, күндіз бару – бұның да
шешімін таппадым, себебі бір жабайының қолына түссең,
арыстан мен жолбарыстың тырнағына іліккеннен де
жаман ғой – мені қинағаны осы ой болды. Дегенмен
жағаға шықпай болмайтын еді, таңдайға тамызар тамшы
су жоқ. Қалай болғанда да жағаға баруға тура келді, бірақ
қай жерден және қалай түсеміз? Ксури құмыраны беріңіз
де мені жіберіңіз, су толтырып әкелейін деді. “Сен
27


қайықта қалып, мен барсам қайтеді” дегенімде, “Жоқ, мен
сіздің басыбайлы адамыңызбын, жабайылар келсе мені
талайды, сіз тірі қаласыз”, – деді. “Жоқ, Ксури, барсақ,
екеуміз де барайық, жабайылар сені де, мені де
таламайды, мылтығымыз бар, атып тастаймыз”, – дедім.
Балаға қожайынның құтысынан бір жұтым шарап бердім,
содан кейін жағаға жақын келдік, қарғып түсіп, суды
кешіп жағаға шықтық, екі құмыра мен мылтықтан басқа
ешнәрсе алғанымыз жоқ. Қайықты кѳзімнен таса қылғым
келмей жағадан кѳп ұзап кетпедім. Алыстап кетсем,
жабайылар қайыққа бас сала ма деп қорықтым. Жиектен
бір мильдей шамада жыра ма, сай ма, әйтеуір бір
ойпаңдау жер кѳзімізге түсті, Ксури қолына құмырасын
алып солай қарай кетіп еді, аз уақыт ѳтпей Ксури маған
қарай ентіге жүгіріп келеді, бұл аңнан қорқып келеді я
жабайылардан қашып келеді деген ойға қалдым да,
Ксуриді құтқармақ болып мен де қарсы жүгірдім,
жақындап келсем, иығына салып бірнәрсені кѳтеріп
келеді екен. Қоян сықылды, аяқтары ұп-ұзын. Бұл
олжамызға екеуміз де қатты қуандық, ѳлген аң болса да
еті дәмді екен, Ксуридің маған қарсы жүгіріп қуанып келе
жатқаны – тұщы су тауып алыпты, жабайылардың да
кѳзіне түспеген екен.
Су іздеп текке әлек болыппыз, сол аялдаған
тұсымызда, кішкене жоғарырақ кѳтерілсек, тұщы су бар
екен. Бар ыдысымызды суға толтырдық. Бұл мекеннен
жан баласының ізін кѳрмей, саяхатымызды әрі қарай
жалғастырғалы отырмыз. Ертеректе, жолаушылап жүрген
бір кездерде осы маңда бір рет болғанмын, менің
ойымша, Канар аралы мен Жасыл мүйіс аралы
құрлықтан 
қашық 
болмауы 
керек, 
қай 
жерде
тұрғанымызды болжайтын қолымызда құрал да жоқ, бұл
аралдың қай жерде тұрғаны да белгісіз, қалай қарай жол
тартуды білмей аңтарылып тұрдым. Бар сенгенім – осы
28


бетіммен теңізді жағалап жүре берсем, әйтеуір бір елдің
шетіне ілігермін немесе ағылшын кѳпестерінің кемесіне
жолығармын деген ой, ѳйткені ағылшын кемелері бұл
жерлерде жүре беретін. Менің болжауымша, бұл аймақ
Марокко сұлтаны мен зәңгілер аумағының аралығы
болуы мүмкін. Бұл жер шѳлейтті мекен болғандықтан
жан-жануардан басқа тіршілік иесі жоқ, маң дала,
ертеректе зәңгілердің жері болғанымен, олар маврлардан
қорқып оңтүстікке қарай босып кеткен, ал маврлар
зәңгілерден тартып алғанымен, қонысқа қолайсыз,
топырағы құнарсыз болғандықтан бұл жерді тұрақ
қылмаған. Бұл екі елдің адамдары арыстан, жолбарыс
сияқты жыртқыш аңдар үйір-үйірімен тіршілік еткесін,
бұл маңнан безіп кеткен шығар. Маврлар бұл ѳлкеге
мыңдаған, жүздеген адамдарымен келіп аң аулайды екен.
Сондықтан жүз мильдей жүрсек те құлазыған шѳл
даладан кѳз ашпадық, ал түнде жабайы аңдардың
ѳкіргенінен басқа ешнәрсе естімедік.
Күндіз мұнарланып Тенериф тауы кѳрінгендей болды,
бұл Канар аралындағы ең биік таудың бірі, тауға тура
тартуға қайықтың басын екі рет бұрып ем, жел қарсы
алдымыздан соғып, тулаған толқындар бой бермей,
ағысқа қарсы жүзе алмадық. Қалай болғанда да, бастапқы
жобам бойынша жүрейін деп жағаны бойлап жылжи
бердім.
Қолымыздағы босаған құтыларымызға ішер су құйып
алу үшін әлгі жерден шыққаннан кейін де жағаға таяу
жүріп, бірнеше рет тоқтауға тура келді. Күндердің бірінде
таңсәріде бір биік мүйістің түбіне келіп аялдадық, сол
жерден судың тасығанын күтіп, жағаға жетпекші болдық.
Бір кезде Ксури – кѳзі менікінен қырағылау болса
керек, “жағадан алысырақ кетелік, әне бір жатқан аңды
кѳрдіңіз бе, қандай қорқынышты, ұйықтап жатыр-ау”
деді ақырын ғана. Ол кѳрсеткен жаққа кѳз салсам,
29


шынымен де қорқынышты бір нәрсе кѳзіме түсті. Бұл
құздардың кѳлеңкесінде жатқан үлкен арыстан екен.
Ксуриге: “Бар да, ѳлтір”, – деп ем, ол маған үрейлі жүзбен
қарады да, “Мен оны қалай ѳлтіремін, аузын бір ашса,
кѳмейінде тұрамын ғой”, – деп қашқақтады. Қайырып
ештеңе айтқаным жоқ, “қозғалмай жат” дедім, мылтықты
алдым да бытыраны молырақ салып, үлкен екі қорғасын
оқпен оқтадым, екінші мылтыққа үлкен-үлкен екі оқ
салдым, үшінші мылтыққа (бізде үш мылтық болатын)
кішілеу бес оқ салдым да үлкен мылтықты қолыма алып,
басынан кѳздеп тұрып шүріппені басып қалдым. Бірақ
атылған оқ басынан емес, аяғынан тигендей. Аң ѳкіріп,
орнынан атып тұрып, қайта жатты, мен ѳмірімде естіп
кѳрмеген зор дауыспен тағы да ѳкіріп, үш аяқтап қалды.
Мен басынан емес, аяғынан тигізгеніме таң қалдым. Іле-
шала екінші мылтықты алып, аңды тағы да аттым, бұл
жолы мақсатыма жетсем керек, аң тәлтіректеп барып
құлады, түсініксіз дауыс шығарып ѳліммен арпалысып
жатты. Ксури батырсынып, жағаға жіберуімді ѳтінді.

Барсаң бар”, – дедім. Секіріп суға түсті де, бір қолымен
мылтығын кѳтере жүзіп жағаға жетті, қасына барды да,
мылтықтың аузын құлағына тақап тағы атты, арыстан
ѳлді.
Атып алғанымыз аңдар патшасы болса да, одан не
пайда, етін жей алмаймыз, “үш оқ босқа шығын болды-
ау” дедім. Қайыққа қайта келіп Ксури менен балта
сұрады. “Оны қайтесің?” – деп сұрап ем, “басын кесіп
алайын деп едім”, – деді. Бірақ басын кесіп алуға әлі
келмеді, тек бір аяғын кесіп әкелді, аяғының ѳзі үлкен,
адам таңғаларлық.
Мұнысы пайдаға асар деген ой келіп, терісін сыпыра
бастадық. Ксуримен екеулеп іске кіріскенімізбен, теріні
қалай сыпыру керек екенін білмейді екенмін. Күні бойы
осы шаруамен айналыстық. Теріні керіп қайықтың үстіне
30


тѳсеп қойдық. Екі күннен кейін тері кеуіп, астыма салар
тѳсеніш болды.
Аялдаған жерімізден оңтүстікке қарай он күн жүрдік,
азық-түлікті үнемдеумен келеміз, ауыз су үшін болмаса,
жағаға шықпаймыз. Гамбаның немесе Сенегалдың
мүйісіне жақындасақ, аялдайтын бір жерге жетсек, осы
жерден еуропалық бір қайық кездесер деп үміттендім,
құрлық іздеп таппасақ болмайды, әйтпесе зәңгілердің
қолында ѳлуге тура келеді. Еуропалық кемелер қайда жол
тартса да, Гвинеяға, Бразилия ма, Ост-Индия ма, Жасыл
мүйістің немесе әлгі айтқан аралдардың маңынан
жүретіні белгілі, сондықтан мен еуропалық кемелерге
кездесермін, дәм жазбаса, осы жерде ѳлермін деп
шештім.
Алаң кѳңілім сабасына түспей, он күндей жол жүрдім.
Бұл маңда тіршілік бар екен, екі-үш жерден жағада
жүрген адамдарды кѳрдік, олар да бізге қарап тұр екен.
Біз олардың кѳмірдей қап-қара және тырдай жалаңаш
екенін байқадық. Бір кезде жағаға барғым келіп кетті,
бірақ ақылды кеңесшім Ксури “Барма, барма” деп маған
қарсылық білдірді. Дегенмен олармен тілдесу үшін жағаға
жақындадым. Олар менің ойымды сезген болулары керек,
жиекті жағалап соңымыздан жүгіріп отырды. Байқаймын,
қолдарында құралдары жоқ, тек біреуінің қолында ғана
ұзын жіңішке таяғы бар. Ксури оның таяқ емес, садақ
екенін, жабайылар садақпен атуға ѳте мерген екенін
айтып түсіндірді. Мұны естіген соң, азырақ шегіндім де,
әлгілерге қарап ымдап, білгенімше бірдеме түсіндірген
болдым, азық етер бір нәрсе бар ма деп сұрадым,
кѳрсетер қандай жәрдемдерің бар дегенді ыммен
сездірдім. Қайығыңды тоқтат, жейтін тамақ берейік деді
олар 
да 
ымдап. 
Қайықты 
тоқтатып, 
желкенді
түсіргенімде, екеуі әрі қарай жүгіріп кетті, жарты сағат
ѳтті ме, ѳтпеді ме, екі бѳлек ет, қос уыс дән алып келді. Біз
31


оның ненің еті екенін, ненің дәні екенін ажырата алмадық,
бірақ алуға ниет білдірдік. Қайықтан түсіп жақындай
алмадық, себебі олардан қорықтық, ѳздері бізден бетер
қорқып тұр. Жатырқай қарап тұрған олар екі жаққа да
қауіпсіз жол тапты: ет пен дәнді жиекке қойды да, ѳздері
едәуір жер ұзап кетті, біз азық-түлікті қайыққа алып
келгенше, орындарынан тапжылмады.
Басымызды изеп оларға алғыс айтқан болдық,
басқалай ризашылығымызды қалай білдіреміз. Тап осы
кезде оларға біздің де кѳмегіміз керек болды. Жағадан
жылжығанымыз сол еді, тау жақтан бір-екі аң безіп келіп,
суға күмп ете түсті. Бізге бірін-бірі қуып келе жатқандай
кѳрінді: ұрғашысын еркегі қуып келе ме, я жарысып
ойнап келе ме, я таласып, жеңілгені қашып келе ме, ол
жағын біле алмадық, келді де бірден суға күмп етті, бұл
жердегі аңдардың үйреншікті әдеті ме, болмаса кездейсоқ
кездесіп қалды ма, бұл жағы тағы белгісіз. Бірақ
жыртқыш аңдар некен-саяқ болмаса, күндіз кѳзге
түспейді, ал енді күндегісі осы шығар дейін десем, жағада
тұрған адамдар зәрелері ұшқаннан жанын қайда қоярға
білмеді, әсіресе әйелдер жағы қатты қорықты. Қолына
садақ ұстап тұрған адамнан басқалары алды-артына
қарамай, тым-тырақай бет-бетіне безе жѳнелді. Бірақ
аңдардың зәңгілермен ісі болған жоқ, мақсаты тек суға
түсу сияқты, жүзді де жүрді. Бір кезде біреуі аяқ астынан
қайыққа қарай жүзе жѳнелсін, тіпті бұлай болады деп
ойламаппын; бір мылтықты оқтадым да, Ксуриге
екіншісін оқтай бер деп бұйырып, қас дұшпанымды
қарсы алуға кірістім. Мылтық оғы жетер жерге жүзіп келе
бергенде шүріппені басып қалдым, оқ қақ маңдайдан
тиді: суға бірден батып кетті, қайта шықты да жағаға
қарай зытты, жанталасса керек, жағаға жеткенше бір
батып, бір шығумен болды, жағаға жақындағанда жүзуге
әлі келмей қалқып тұрды, су бетін қан қаптап кетті.
32


Бейшара 
жабайылардың 
мылтық 
даусынан
қорыққандарын айтып жеткізу мүмкін емес: кейбіреулері
сасқалақтап жерге құлады. Бірақ аңның ѳлгенін кѳріп
қуанып, менің бермен келіңдер деген ишарама түсініп,
қуанып кетті. Мен суға түстім де, аңның артқы аяғына
арқан байлап, бір ұшын зәңгілерге лақтырдым, олар
ѳлікті тартып жағаға шығарды. Ѳлтіргенім сирек
кездесетін қабылан екен, тым ірі, әдемі, жүні құлпырып
тұр. Зәңгілер немен ѳлтіргенімді білмей аң-таң болды.
Екінші аң мылтық даусы шыққан бойда зытты, қашып
тауға барып кірді, оның қандай аң екенін ара қашық
болған соң болжай алмадым. Зәңгілер ѳлген қабыланның
етін жегісі келіп тұрғанын сездім де, алыңдар деп
ымдадым, айтуым мұң екен, жабыла бас салды, бастарын
изеп алғыс айтып жатыр. Бірден союға кірісті, пышақтары
жоқ, сонда да қыры ѳткір ағашты пышақ орнына жұмсап,
тез әрі шапшаң терісін сыпырып алды, біз пышақпен де
тап бұлай соя алмас едік. Терісін сыпырып болған соң, еті
керек пе деп ишарат қылды, жоқ тек терісін берсеңіздер
болғаны дедім, олар айтқанымды қылды. Тағы да азық-
түлік әкеліп берді, ѳткенде бергендерінен молырақ, не
екенін білмесем де алдым. Бұдан кейін су сұрадым, бос
құмыраларды тѳңкеріп түбін кѳрсеттім. Күйдірген
балшықтан жасаған бір үлкен ыдыспен екі әйел су алып
келді (күнге күйдірген болу керек). Ксуриді жіберіп,
құмыраның үшеуін де тұщы суға толтырып алдым.
Еркектері сияқты су алып келген әйелдер де тырдай
жалаңаш.
Бірталай азық-түлік және ауыз су алып, қонақжай
зәңгілермен қоштасып, бағытымыз бойынша жағаға
жақындамай он бір күн бойы жүздік. Әйтеуір он бес
мильдей қалғанда иректелген бір жердің жолағы кѳрінді-
ау. Күн тынық еді, қайықтың басын бұрдым да кѳрінген
жолаққа қарай тарттым. Қатарына жақын келген шамада
33


тағы бір жердің жолағы кѳрінді, сол жерде есіме түсе
қалды, мынау жолақтанып кѳрінген Жасыл мүйіс, ана
кѳрінген аралдар да осылай аталады. Бірақ біз тұрған
жерден ѳте алыс, жуық маңда жете алмасымыз белгілі,
егер жел тұрса, не аралға, не мүйіске жете алмасымыз
белгілі, не істерімді білмей біраз аңтарылдым.
Бір шешімге келе алмай басым қатты, рульді Ксуриге
беріп, каютада біраз отырдым, сол кезде Ксуридің:

Қожайын! Қожайын! Желкенді кеме!” – деп айқайлаған
даусы естілді. Бізді қуып келе жатқан маврдың кемесі екен
деп байғұс бала зәресі ұшып, қатты қорқыпты, кеменің
маврдікі емес екені ѳзіме аян, ѳйткені біз маврдан кѳп жер
ұзап кеттік, сондықтан одан келіп-кетер қауіп-қатердің
жоқтығын білдім. Секіріп түсіп сыртқа шықсам, кѳз
ұшында бұлдырап кеме кетіп барады, зәңгілерге бара
жатқан португал кемесі екенін бірден аңғардым. Аңдап
қарасам, кеме басқа жаққа бет алып барады, аралға
бұрылатын түрі кѳрінбейді. Олармен жолығысуды ниет
қылып, мен енді желкенімді кѳтеріп, ашық теңізге қарай
бет алдым. Бар қарқынымызбен жүрсек те оны қуып жете
алмайтынымызды, біз белгі бергенше оның кѳп жер ұзап
кететінін білдім, нақ сол кезде, сірә, дүрбімен қараса
керек, олар да кемесінің желкенін жіберіп, жүрісін
бәсеңдетейін деді және бізді апатқа ұшыраған еуропалық
кеменің қайығы екен деп ойласа керек. Бұған қатты
қуандым. Біздің қайығымызда қожайынның кемесінен
қалған жалау бар еді, соны алдым да, біз апатқа
ұшырағандармыз дегендей белгі беріп, жалауды бұлғай
бердім және мылтық аттым. Олар мылтықтың түтінін
және жалауды кѳріп кемені тоқтатты, тоқтағаннан кейін,
үш сағаттай жүріп кемеге жеттік.
Кімсің, қайдан жүрген адамсың деп француз,
португал, испан тілдерінде сұрап жатыр, бірақ бұл
тілдердің бірін де білмейді екенмін, әйтеуір бір шотланд
34


теңізшісі менімен ағылшынша сѳйлесті, мен оған ѳзімнің
ағылшын екенімді, Салехтағы маврдың тұтқынынан
босап, қашып келе жатқанымды түсіндірдім. Бұдан кейін
мені және менің жолсерігімді қошемет кѳрсетіп
шақырды, біз келіп кемеге міндік. Қуғын-сүргін кѳріп,
үміт үзілді-ау деген кезде бостандыққа жеттім деген ой
менің жүрегімді жадыратты. Кеменің капитанына келдім
де, мені құтқарғаны үшін қолдағы дүниенің бәрін
беретінімді 
айттым. 
Бірақ 
ол 
кеңдік 
танытып:

Ешнәрсеңіздің де керегі жоқ. Бразилияға барған соң
бәрін қайтарып аласыз, мен сізді ѳлімнен құтқардым, егер
мен сіздің орныңызда болсам, ѳзім де осылай қуанған
болар едім. Ал мұндай оқиға әркімнің басында болады.
Қазір сенің дүниеңді алсам, Бразилияға барған соң аштан
ѳлесің, ол жерде тиының жоқ болса күн кѳре алмайсың,
егер бәрібір ѳлетін болсаңыз, қазір сізді неге құтқарамын,
ағылшын мырза, Бразилияға жеткізгенім үшін ешнәрсе
алмаймын, Бразилияға жеткен соң сатып, жол-
пұлыңызды шығарарсыз, елге қайтуға да қаражат керек
қой”, – деп жауап берді.
Капитан тек сѳз жүзінде ғана кеңпейіл адам емес екен,
іс жүзінде де айтқанын бұлжытпай орындады. Менің бар
мүлкімді, ең ақыр аяғы үш құмырама дейін тізімге
жазып, ѳзінің қарауына алды, біреудің мүлкіне қол
сұғушы болмаңдар деп теңізшілерге әбден тапсырды,
жасаған тізімін менің қолыма берді де: “Барған жерде осы
тізім бойынша түгендеп ал”, – деді. Капитан қайығымның
жақсы екенін кѳріп: “Егер, сатсаңыз алайын, бағасына не
сұрайсыз?”, – деді. “Сіз маған кѳп жақсылық кѳрсеттіңіз,
сондықтан қайыққа баға қоймаймын, бергеніңізді
аламын”, – дедім. “Олай дейтін болсаң, қайықтың бәсі
сексен пиастр болсын, бірақ Бразилияға барған соң менің
бергенімнен артық тѳлеушілер табылса, мен де соны
берейін”, – деді. “Келістік, солай болсын”, – дедім. Ксуриді
35


алтынға айырбаста деді. “Менің алтын алғым келеді,
баланы сізге аманаттаудан да қорықпаймын, бірақ қиын-
қыстау кезде қасымда болған адамның бостандығын
алтынға қалайша айырбастаймын?” – деп қиналдым.
Капитан менің халімді түсінді, бірақ маған ұсынысымнан
бас тартпа деді, егер бала христиан дінін қабылдаса, он
жылдан кейін басына бостандық беремін деді. Бұл
ойыңыз дұрыс екен дедім. Ксуридің ѳзі де капитанның
қасында қалғысы келетінін айтты, мен де ризашылықта
екенімді білдірдім. Бразилияға дейін сапарымыз оң
болды, жиырма екі күн дегенде Тодос лос Сантосқа, яғни
Күллі Әулиелер қойнауына келіп кірдік. Сонымен, мен
адам баласы ғана ұшырайтын азаптан құтылып, енді не
істеу керек екенін ойластырдым. Португал кемесі
капитанының 
кеңпейілділігін, 
маған 
кѳрсеткен
жақсылығын мәңгі ұмытпаспын. Алып келгені үшін
тиын-тебен де алған жоқ. Бар дүниемді – арыстан терісін,
жәшік шарапты, екі мылтықты, тағы да басқа ѳзімнің
сатқым келген нәрселерді алды. Турасын айтсам,
осылардың бәрінен екі жүз жиырма сомдай алтын ақша
құрастырып, Бразилияға келіп жеттім.
Капитан мені бір танысының үйіне ертіп келді, ол да
ѳзі секілді мейірімді, адал жан болып шықты. Қант
плантациясы мен қант зауытының қожасы екен. Мен
оның үйінде ұзақ уақыт тұрдым, сондықтан барлық
ѳндірістерді араладым және қант плантациясымен
таныстым. Қант ѳндірісі адамның тұрмысына қолайлы,
онымен айналысқан адамның тез байитынына кѳзім
жетті. Мен де осы жерден тұрақ тауып, осы іспен
айналысамын деп шештім. Лондондағы қаражаттарымды
алдырып, оны қандай да бір іске жұмсау туралы ойладым.
Бұл жерге бас сұғып алған соң, болашақ плантация мен
усадьба салу үшін қолымдағы бар ақшаға ѳңделмеген жер
сатып алу туралы жоспар құра бастадым.
36


Менің лиссабондық ағылшын, тегі Уэлз деген бір
португал кѳршім болған. Оның да жағдайы тура
менікіндей еді. Оны кѳрші дейтінім, оның плантациясы
менің плантацияммен шектесіп жатыр, екеуміздің
қарым-қатынасымыз ѳте жақсы; екеуміздің айналымдағы
ақшамыз да онша кѳп емес еді; бастапқы екі жылда
екеуміз де плантация түсімінен тек ішіп-жегенімізді ғана
ақтар халде болдық. Бірақ жеріміз ѳңделген сайын біз
байи түстік, үшінші жылы бѳлек бір жерге темекі ектік,
енді бір жерді алдағы жылға қант ѳсіруге дайындап
қойдық, бірақ екеумізде де жұмыс күші жетіспеді,
Ксуриді бекерге тастап кеткенімді сонда ғана түсіндім.
Бірақ амал нешік! Ешқашан да ақылдылықпен кѳзге
түскен жерім жоқ еді, сондықтан бұл жолы да мүлт
кеткеніме таңқаларлық ештеңе жоқ деп ойлаймын. Енді
маған бастаған ісімді тура осы жолмен жалғастыра
беруден басқа ештеңе де қалмап еді. Бұл мен
армандағаннан мүлде басқаша ѳмір еді: әлемді
шарлаймын деп қиялдап, әке-шешемді тыңдамай, туған
жерімнен безіп жүріп, табиғатыма жанаспайтын осындай
іске мойын бұрғаныма ѳзім де таңқалдым. Оны айтасыз,
кезінде әкем маған насихат қып айтқан қарапайым
тіршіліктің ең жоғарғы сатысы алтын ортаға мен ѳз
бетіммен жетіп едім, сонда деймін-ау, егер іздегенім осы
болса, оған мен ел-жұрттан безіп, жарық әлемді кезбей-
ақ туған үй, қара орман отанымда жүріп-ақ жетуші едім
ғой деп те ойлаймын. Мен туралы аз-кем болса да білетін
жер шарының бір бѳлігін ешқандай хабардың да дерегі
жетпейтін, туған жерімнен бес мың миль қашықтықта
орналасқан осынау жатжерліктер мен тағылардың
жабайы еліне тығылмай, достарымның арасында күліп-
ойнап жүріп-ақ қазіргі жетістігіме Англияда тұрып та
қол жеткізуіме болушы еді ғой деймін жиі-жиі
ѳзіме-ѳзім.
37


Міне, мен Бразилияда жатып ѳз тағдырым туралы
осындай қамырықты ойларға берілуші едім. Менде кѳрші
плантатордан басқа бұл жерде тіл қатысатын да адам
жоқ, барлық істі ѳз қолыммен жасауға тура келді.
Айналамда тірі жан жоқ, бейне бір елсіз-күнсіз аралда
ѳмір сүріп жатқандаймын деп, сѳйлесетін тірі жанның
жоқтығына шағымданатынмын. Бірақ кейін шын мәнінде
жан баласы жоқ аралға тастағанда тағдыр мені қалай әділ
жазалады десеңізші! Сондықтан да біздің бәрімізге бір сәт
бүгінгі тіршілігімізді бұдан да жаман күндермен
салыстыра қарау қалай пайдалы болар еді деп ойлаймын,
ѳйткені тағдыр әпсәтте бәрін айырбастап, бұрынғы
ѳмірімізде қандай бақытты болғанымызды кѳзімізге
кѳрсетіп қоюы да мүмкін ғой! Иә, қайталап айтамын, осы
ѳмірімді елсіз аралмен салыстырып тағдырға нәумез боп
жүргенде, шын мәнінде елсіз аралға тастап тағдыр мені
әділ жазалады; ал ѳйтпей, бастаған ісімді жалғастыра
бергенде мен шынында да мүмкін бақыт пен байлыққа
жетер едім…
Мені апаттан құтқарған капитан еліне қайтқанға дейін
менің қант плантациясы туралы жобамның бағыты
белгілі болды (қайта жүк тиеп алғанша, оның кемесі
Бразилияда үш айдай тұрды). Лондонда жинақталған
ақшам бар екені туралы оған айтқанымда, ол маған шын
ықыласымен достық кеңес берді: “Ағылшын мырза (ол
мені әр уақытта осылай деп атайтын), маған сенім қағаз
жазып бер де, ақшаңды аманаттаған кісіңе хат жаз, ақшаға
ѳтімді тауар алып, мен айтқан мекенжайға, Лиссабонға
жіберсін, егер құдай сәтін салып аман-сау келер болсам,
ѳз қолыңа түгелімен тапсырамын. Адамның ѳмірінде
аяқасты әр түрлі жағдай бола береді екен, сондықтан
ақшаңды түгелдей алдыртпа, жүз фунт стерлинг яки
ақшаңның жартысын ғана алдырарсың. Бастапқыда
тәуекел ету керек. Егер ақша айналыммен келсе, онда
38


қалған ақшаны да айналымға жіберу керек, ал егер ақша
орта жолдан жоғалып кетсе, әйтеуір ѳзіңде аз болса да
қаражат қалар еді”, – деді. Орынды, достық кеңес, маған
тек мақұлдауға тура келді.
Сондықтан 
кѳп 
ойланбай 
сенімхатты 
қолына
ұстаттым, 
ақшамды 
аманаттап 
кеткен 
ағылшын
капитанының әйеліне хат жаздым.
Хатта бастан кешкен оқиғаларымды, қалай тұтқынға
түскенімді, қалай қашқанымды, теңізде португал кемесі
кезігіп, аман қалғанымды және капитанның кѳрсеткен
жақсылығын, түрлі басымнан кешкен оқиғаларымды
түгел баяндадым. Хаттың соңында бүгінгі жайымды,
қандай іспен шұғылданып жатқанымды және ѳзіме
қажетті деген тауарларды жіберу туралы айттым.
Капитан Лиссабонға келісімен ағылшын кѳпестері
арқылы Лондонда тұратын бір кѳпеске хат жазып, тауар
туралы 
тапсырыс 
беріп, 
менің 
бастан 
кешкен
оқиғаларымды бастан-аяқ баяндаған. Лондон кѳпесі екі
хатты да кешіктірмей капитанның әйеліне берген,
капитанның әйелі ұсыныстарымды орындап, маған
кѳрсеткен жақсылығы үшін португал капитанына сыйлық
ретінде біраз ақша жолдапты.
Лондон кѳпесі менің жүз фунтыма ағылшын
тауарларын сатып алып, Лиссабонға жіберген, ал
португал капитаны бұл заттардың бәрін түгел менің
қолыма тапсырды. Капитан мен айтпасам да әлгі
тауарлармен бірге жер ѳңдейтін біраз құрал-сайман және
үй-ішіне керекті заттар әкелді. Бұлар плантация
жұмысына ѳте қажетті заттар еді, бәрі де пайдама
жарады. Менің тауарларым келіп жеткенде қуанғаным
сондай, алдағы күндеріме ақ жол ашылды деп ойладым.
Қамқоршы капитаным бір қызметкерді алты жылға
жалдамалы жұмыскер есебінде алып келді. Бұл мақсатқа
ол менің танысым, капитанның жесірі берген бес фунт
39


стерлинг жұмсаған. Мен кѳрсеткен сыйдың бірін де қабыл
алмаған соң, ең болмаса ѳзімнің шаруашылығымның
жемісі ретінде бір қапшық темекі алыңыз деп ѳтіндім.
Менің тауарларымның дені – ағылшын матасынан
істелген кенеп, байкі, мәуіті, шұға сықылды қымбат
тауарлар. Мұндай заттар осы елде ѳтімді тауарлар,
бұларды бірін қалдырмай сатып, мол пайда кѳрдім, содан
кейін қаражатым бұрынғысынан тѳрт есе кѳбейді.
Белсенділігімнің нәтижесінде плантация жұмыстарында
кѳршіммен салыстырғанда әлдеқайда жоғары табысқа
жеттім, Лиссабоннан капитан ертіп келген еуропалық
қызметшіден басқа бір зәңгі құл жалдау ендігі ойым еді.
Қолыңдағы бар ақшаны орайлы істің ыңғайына қарай
жұмсамасаң, тауқыметін тартасың. Мен де осыны
басымнан ѳткердім. Келесі жылы мен плантациямнан
мол ѳнім алып, ѳзім күткен нәтижеден артық елу қапшық
темекі ѳніміне ие болдым. Осы елу қапшық, яғни салмағы
бойынша 
жүз 
фунттан 
артық 
ѳнімді 
кептіріп,
Лиссабоннан келетін кемеге тиеу үшін әзірлеп қойдым.
Жұмысым кѳбейді, байыған сайын кѳз алдыма небір түрлі
жоспарлар мен жобалардың қисыны келді, менің
ойымдағы ақшамен бұл істі жүзеге асыру мүмкін емес,
қысқасын айтқанда, бұл мен түгіл, іскер деген адамның
ѳзін тығырыққа тірер еді.
Мен ѳзім қалаған ѳмір жолымен жүргенде, тып-
тыныш, қара басымды ғана күйттеп, әкем айтқан орташа
тұрмыста шалқып ѳмір сүрген болар едім. Бірақ
тағдырдың маған дайындаған сыбағасы басқалай екен:
бақытсыздығым үшін әдеттегідей ѳзім кінәлі болып
шықтым. 
Ѳз 
кінәмді 
арттырып, 
тағдырымды
күрделендіре түсейін дегендей, беймәлім болашағым
туралы толғанатын менде бос уақыт та болған жоқ. Менің
албырттықпен ұшыраған сәтсіздіктерімнің бәрі – әлемді
шарлап кеземін деген құштарлығымнан болды, бір кездегі
40


алдымнан күліп шыққан жарқын болашағым мен шат
ѳмірімнің жалғасын тауып, қайырымды құдайдың берген
сол қарапайым тұрмыс игілігіне қанағат тұтуым керек еді.
Бір кезде туған үйіме сыймай қашып шыққаным
секілді, мен енді бүгінгі күніме де қанағаттанбадым.
Мүмкін, менің жақсы тұрмысқа жетемін деген үміттен
немесе дәулетті тұрмыстан бас тартқаным, бүгінгі
жағдайыммен санаспай, тез байып кеткім келгендігімнен
болар.
Мен ѳз-ѳзімді қиындықтың тұзағына түсірдім, аман-
сау қаларың екіталай мұндай жан жүдетер қиындыққа
бірде-бір адам ұшырап кѳрмеген болар.
Басымнан 
кешкендерімді 
егжей-тегжей 
сіздерге
баяндап берейін. Бразилияда тѳрт жыл тұрып, тұрмысым
түзеліп, жергілікті халықтың тілін үйреніп алғаным ѳз
алдына, мен кѳршілес плантаторлармен және бізге жақын
қала Сан-Сальвадордан келген кѳпестермен де танысып
алдым. Олармен жолыққан сайын баяғы Гвинеяға екі рет
барған сапарым туралы, зәңгілерді алтын мен пілдің
сүйегі түгіл, алқа, пышақ, қайшы, балта, шыны сияқты
түкке тұрмайтын нәрселерге айырбастап, Бразилияға
әкеліп, қара жұмысқа салуға болатыны туралы әңгімелеп
беруші едім.
Олар менің әңгімемді ықылас қоя тыңдайтын, әсіресе
зәңгілерді сатып алуға болады дегенді әңгімелегенімде
ерекше зейін қоятын. Бірақ ол кезде зәңгілерді сатып
алуға шек қойылатын, оларды сатып алу үшін испан
немесе португал корольдерінен рұқсат керек еді,
сондықтан құлдар кез келген жерден табыла бермейтін,
құны да қымбат болатын.
Күндердің күнінде топ адам бас қостық, жоғарыда
айтылған 
мәселе 
тѳңірегінде 
менің 
таныс
плантаторларым мен кѳпестер қызу әңгімеге кѳшті.
Кешегі әңгімеден кейін ойланған үшеуі ертеңіне маған
41


құпия ұсыныспен келгендерін айтты. Содан кейін
айтылған сѳз осы арада қалсын деді де, әрі қарай
ѳздерінің мен сияқты плантацияға иелік ететіндерін,
оларға да құл, жұмысшы күші керек екенін тілге тиек етті.
Сол себепті Гвинеядан зәңгілер сатып алуға аттану үшін
кеме дайындайтындарын айтты. Құлдарды сатып алу
қиындық туғызады және оларды Бразилияға алып келген
соң ашық сатуға тыйым болғандықтан, олар тек бір рет
қана сол мақсатпен жол жүріп, құлдарды жасырын тиеп
әкеліп, содан соң ғана әрқайсысы ѳз плантацияларына
бѳліп алғылары келеді екен. Мен бұл сапарда кеме
приказчигі қызметін атқарамын ба, Гвинеяда зәңгілерді
сатып алу жауапкершілігінде боламын ба, – мәселе соған
тірелді. Құл сатып алуға қарабақырың да кетпейді, бізбен
бірдей бѳлісесің деді олар.
Егер бұл ұсыныс жекеменшік плантациясы жоқ
біреуге айтылса, қызығарлық нәрсе деуге болар еді. Бірақ
жеке плантацияға иелік ететін мен үшін бұл ұсыныс
қолайлы емес-ті: бастаған ісім үш-тѳрт жыл жалғасын
тапса, оның үстіне Англиядағы алашақ ақшаға ие болсам,
оған үстеме аз ғана қаражат қосылса, онда мендегі
қаражат тѳрт-бес мың фунт стерлингке жетіп және әрі
қарай да ѳсімін табар еді; сондықтан алдағы сапар туралы
ойлау мен секілді адам үшін ағаттық болары айдан анық
болатын.
Адам баласы бүкіл ғұмырында кешуге тиісті
қиыншылық тақсыреті әу бастан менің маңдайыма
жазылып қойғандай. Әкемнің айтқанына кѳнбей, ѳз
үйімнен қашқанда мәнсіз нәрселерге қалай үйірсек
болсам, бұл жолы да осы ұсынысқа дәл солай қарсы келе
алмадым. Мен плантаторларға “Гвинеяға қуана барамын,
бірақ мен келгенше плантацияма кѳз болсаңдар, егер мен
оралмай қалсам, менің қазіргі айтқан ѳтінішім бойынша
иелік етсеңдер” деп жауап бердім. Олар маған бірауыздан
42


уәде берді, жазбаша келісімшарт жасалды, мен де ѳз
тарапымнан егер қаза болып кетсем, плантация мен
мүлкім қысылғанда қол ұшын берген португал
капитанына тапсырылсын, бірақ менің мүлкімнің тең
жартысы ғана бѳліп беріліп, қалғаны Англияға
жѳнелтілсін деген ескертпесі бар ѳсиет қағаз жаздым.
Қысқасы, мүлкім мен плантациямның сақталуы үшін
сѳз жүзіндегі барлық мүмкіндікті қарастырдым. Ѳз
пайдам үшін ақылға салып, алды-артымды ойласам, нені
істеуім және істемеуім керек екенін білсем, ѳзім бастаған
істі нәтижесіз қалдырмаған болар едім, кѳп қиындықты
басымнан ѳткере тұрып, теңізге қайта түспеген
болар едім.
Бірақ мені үнемі бір тосын күш еліктірді де тұрды,
сондықтан ақылдың емес, қиялдың жетегіне ере беріппін.
Міне, кеме де дайын болды, керекті тауарлар тиелді және
осының 
бәрі 
де 
сапар 
шегушілердің 
ѳзара
ризашылығымен болды. 1659 жылы қыркүйек айының
бірі күні, жайсыз уақытта келіп кемеге міндім. Сегіз жыл
бұрын ата-анамнан қашып Гулльге келген күндей – ата-
анама қарсы келіп, ѳз тағдырымды ѳзім ақымақтықпен
шешкен күндей, – бұл да мен үшін сәтсіз күн болды.
Біздің кеме жүз жиырма тонна шамасында жүк
кѳтеруге арналған. Кемеде капитанды, мені және юнганы
есептемегенде, алты зеңбірек пен экипаждың он тѳрт
адамы болатын. Ѳзімізбен бірге ауыр жүк болған жоқ,
кѳбінесе зәңгілермен айырбас жасау үшін қайшы, пышақ,
балта, айна, шыны, алқа басқа да ұсақ, арзан заттар
тиеп алдық.
Қыркүйектің бірі күні кемеге міндім деп айтып едім,
дәл сол күні жүріп те кеттік. Солтүстік ендіктің 10 немесе
12 
градусына жеткен кезде Африка құрлығына қарай
бұрылу үшін, әуелі Бразилияны жағалап, солтүстікке
қарай жол тарттық, ѳйткені ол кезде кемелердің жүрер
43


жолы да осы бағытта болатын. Әулие Августин мүйісіне
жеткенше, күннің ыстығы болмаса, ауа райы ѳте қолайлы
болды. Әулие Августин мүйісіне жеткен соң жағаны
тастап, ашық теңізге қарай бұрылдық. Кѳп уақыт ѳтпей-
ақ құрлықтан ұзап кеттік. Келе жатқан бағытымыз
Фернандо де Норонха аралы, яғни оңтүстік пен шығыстың
аралығы. Фернандо аралы оң жағымызда қалды. Он екі
күн жүргеннен кейін экватордан ѳтіп 7°22, солтүстік
ендікке шықтық, осы арада сұрапыл дауыл соқты. Бұл
дауыл емес, құйын еді, артымыздан да, алдымыздан да
айнала соғып, әбден естен тандырды. Жел әуелі солтүстік
пен шығыстан, мұнан кейін оңтүстік пен шығыстан соқты,
бағыттап жүруге ерік бермеді, он екі күн бойы желге
қарсы жүре алмадық. Осы он екі күн бойы сағат сайын,
минѳт сайын ажал келді деп ойладым, бірақ біздің
арамызда тірі қаламын деген ой бір адамда да болған жоқ.
Біздің қорқынышымыз дауыл ғана болған жоқ: бір теңізші
безгектен, екі теңізші палубаны су шайып теңізге кетіп
ѳлді. Он екі күн дегенде дауыл бәсеңдеп, капитан тұрған
жерімізді байқастай бастады, солтүстік ендіктен 12 градус
шамасында тұр екенбіз, бірақ бізді Әулие Августин
мүйісінен батысқа қарай
22 
градус ықтырып алып кеткенін білдік. Тұрған
жеріміз Бразилияның солтүстік жағалауынан қашық емес
және сол ѳлкелерге белгілі Ориноко ѳзеніне таяумыз.

Енді қай бағытқа жол тартамыз?”– деп капитан менен
кеңес сұрады. Кемеге су кіре бастады, алыс жол жүруге
келмейді, енді кейін қарай, Бразилия жағалауына
жылжығанымыз жѳн болар дегенді айтты. Бұл пікірді мен
қолдамадым. 
Америка 
жағалауларының 
картасын
қарағаннан кейін былай деп шештім: Кариб аралына
жеткенше алдымызда ел жоқ екен, олай болса кѳмек
күтер де жер жоқ, сондықтан бағытты Барбадосқа қарай
бұру керек, біздің есебімізше ол жерге екі жетіде жетуге
44


болады. Мексика шығанағының ағысына түспес үшін тура
жолдан бағытты аз ғана бұру керек. Африка жағалауына
қарай жүзу туралы сѳз қозғап та керек емес, ѳйткені
аялдап, кемені жѳндеп, құрамды жасақтап алмай
болмайды.
Содан кейін батысқа, солтүстік пен батыстың
аралығына қарай бұрылдық. Себебі ағылшындарға
қарайтын аралдардың біріне жетіп кѳмек сұрамақпыз.
Бірақ тағдырдың қалауы басқаша болды. Солтүстік
ендіктің 12°18, таман жақындағанда тағы да сұрапыл
дауылға тап болдық. Бұл да сол бастапқы дауылдай
батысқа қарай ығыстырып алып кетті, бет алған
бағытымыз қиян шетте қалды, сауда жолынан алыстап
кеттік, енді дауылдан аман қалсақ та, елге ораламыз деген
үмітіміз үзілді, ѳйткені бұл жерде жабайыларға жем
боламыз деп ойладық.
Күндердің бірінде таңертең дауылдың беті әлі
қайтпаған алапатты шақта бір теңізші:“Жер!”– деп
айқайлады, каютадан атып шығып үлгергенімізше
болмады, кеме қайырлап қалды. Кеменің кенет
тоқтағандығынан палубаны су басты, біз енді ѳлім
аузындамыз деп, шашыранды су мен кѳпіршіктерден
қашып, 
жалма-жан 
кеменің 
астыңғы 
жабылатын
қабатына тығылдық. Мұндайды басынан кешірмеген
адамға біздің халімізді түсінудің ѳзі ауырлау. Қайда
тұрғанымызды, қай жерге жеткенімізді, бұл жердің арал
екенін я елсіз мекен екенін аңғара алмадық. Дауыл
бәсеңдесе де, құдіреттің күшімен жел басылмаса, кеме
қирамай аман тұрады деген үміт бізде болған жоқ. Әрбір
сәт сайын ѳлім күтіп, бірімізге біріміз жалтақтаумен
болдық. Жалғыз-ақ жұбанышымыз – кеме бүтін және
капитанның “Байқайсыңдар ма, жел бәсеңдейін деді”
деген сѳзі. Жел бәсеңдегенімен, одан қайыр жоқ, кеме
қайырлап құмға батты, оны қозғалтуға күш керек, ондай
45


күш бізде жоқ, енді қалғаны – бас қамы, қайтсек те
ажалдан аман қалу. Екі қайығымыз бар еді, біреуі кеменің
құйрық жағында ілулі тұратын, дауыл кезінде оны толқын
сүйреп теңізге алып кеткен. Екінші қайығымыз орнында,
бірақ оны суға қалай түсірмекпіз? Міне, мәселе осында
болды. Кѳп ойлануға уақыт та жоқ, себебі кеменің қирауы
мүмкін және кейбіреулер кеме қирауға жақын тұр дегенді
айтты.
Бейберекет 
аласапыран 
ойды 
бастан 
кешіп
тұрғанымызда, 
капитанның 
кѳмекшісі 
келді 
де,
басқалардың кѳмегімен қайықты жылжытып суға түсірді;
он бір адамбыз, бәріміз де жабыла қайыққа міндік,
тағдырымызды 
бір 
құдайға 
аманаттап, 
тулаған
толқынның қойнында қалдық: жел бәсеңдегенімен,
жиекке оқтын-оқтын биік және үрейлі толқындар соғып
жатты, голландтықтардың “жабайы теңіз” деп атауы тегін
емес екен. Жағдай нашарлады, қайықтың мұндай
толқынға тѳтеп бере алмайтынына, ѳзіміздің суға
кететінімізге кѳзіміз жетті. Желкен кѳтеруге тағы
болмады, себебі кѳтеретін желкен де жоқ, болған күннің
ѳзінде де одан келер бізге енді еш пайда жоқ еді. Ѳлім
жазасына кесілген адамдай жанұшыра қайықты жиекке
қарай жанталаса есіп келеміз. Жиекке жақындағанда
тулап соққан толқынның қайықтың күл-талқанын
шығаратынын бәріміз де сезіп келеміз.
Алдымыздағы шыға беріс жағаның батпақ немесе
құмдақ екенін, тік жар немесе тегіс екенін білгеніміз жоқ.
Қандайда болса бір кішкене шығанаққа немесе бір
ѳзеннің сағасына жетсек, жел басылса, жарды ықтап
жағаға жетер едік деп сендік, бірақ кѳрінген жер
бұлардың біреуіне де ұқсамайды, неғұрлым жағаға
жақындаған 
сайын, 
соғұрлым 
үрейлі 
кѳрінді,
қорқыныштылығы теңіз қойнынан да бетер болды.
Кеме шѳккен жерден тѳрт мильдей қашықтаған соң,
46


бұл менің есебім бойынша, қашықтаған соң емес, жел
айдап әкеткеннен кейін, биіктігі таудай толқын шыбын
жандарыңды алайын дегендей артымыздан қуып жетіп
қайыққа соғылды. “Құдай-ай” деуге шамамыз да келген
жоқ, қайық тѳңкеріліп, бәріміз аударылып, бет-бетімізге
шашылып, бір-бірімізден ажырап кеттік.
Суға батып бара жатқандағы қысылтаяң сәттегі халімді
айтып жеткізу мүмкін емес. Негізі суда жақсы жүзуші
едім, бірақ бірден жүзіп кетуге шамам келмей, тұншығып
ѳліп кете жаздадым. Толқын сырғанатып отырып едәуір
жер апарып жағаға жақындатып тастады, толқын
тарағанша су бетіне шығуға мүмкіндік бермеді, қайта-
қайта тұншықтырып, әлсіреп қалдым. Толқын басылған
кезде ѳз-ѳзіме келгендей болдым. Жанталасқаным сондай,
жиекке жақын қалғанымды кѳрдім де, асау толқын
лықсып келіп қайта тѳбемнен құлағанша, жағаға жету
үшін судың астымен балықша жүздім. Бірақ қашып
құтыла алмадым, асау толқын қуып жетті, құтылмасыма
кѳзім жеткен соң, демімді ішіме тартып, толқынның
ығына қарай жүзе бердім. Менің қатты қорыққаным – арт
жағымнан 
соққан 
толқын 
жағаға 
жақындатып
әкелгенімен, екпінімен мені қайта теңізге лақтырмаса игі
деп ойладым.
Соңымнан қуып жеткен толқын су түбіне батырып
жіберіп, тағы да бірталай жерге алып келді. Демімді
ішіме тартқан бойы құлаштап жүзе бердім. Әбден
дымым құрыды, бір кезде жоғары кѳтерілгендей болдым;
басым мен қолым су бетіне шықты, шыққаныммен ұзақ
шыдар халім жоқ. Кѳзді ашып, жарық дүниені кѳрген соң
бойыма қуат кірді. Толқын келіп тағы тѳбемнен басты,
бірақ мен бұл жолы су астында ұзақ тұра алмадым.
Жоғарылап 
барып 
тѳбемнен 
құлаған 
толқынның
екпінімен аяғым жерге бір-ақ тиді. Су бетіне қайта
шығып демімді алып, азырақ күш жиып жиекке қарай
47


жүздім, қанша жанталассам да жағаға жете алмадым,
толқынға тағы да екі рет кѳмілдім, екеуінде де ысырып
ілгері апарды.
Соңғы толқын үлкен қауіп тѳндірді: лықсып келіп
қатты соққанда едәуір жерге лақтырып жіберді, оның
екпінімен ұшып барып жарға соғылдым. Ѳкпем
қысылып, демімді ала алмай, есімнен танып, қимылдауға
шамамды келтірмей есеңгіретіп тастады, егер толқын
үстімнен тағы тѳнгенде, сѳзсіз ѳлер едім. Есімді тез жиып,
басымды кѳтердім де, толқын тарқағанша жарға жабысып
тұрдым. Толқын кейін қарай тартылғанда ілгері қарай
жүре бердім, енді жаға жақын қалды, тағы бір толқын
келіп үстімнен басты, бірақ екпінімен теңізге қайта алып
кете алмады. Шамалы жер жүргеннен кейін құрлыққа
шықтым, қуанышым қойныма сыймады, жиектегі
жартаспен жүре отырып жерге түсіп, шѳптің үстіне
құлай кеттім.
Бұл жерде маған қауіп-қатер жоқ, долы толқындар
енді мені қуып жете алмайды деп ойладым.
Жерге табаным тиген бойда кѳкке қарап, амандығым
үшін құдайға алғыс жаудырдым, дұға қылдым, мұнан аз
ғана сәт бұрын тірі қалам деген ой да болмап еді. Менің
ойымша, қабірден жарық дүниеге қайта шыққан адамның
қуаныш сезімін жеткілікті түрде айқын жеткізе алатын
сѳз болмайды, менің тағы бір таң қалмайтын нәрсем, –
ѳлім жазасына кесілген айыпкерді дар түбіне апарып
асқалы тұрғанда кешірім беріп, еркіндік жариялағанда
қасында міндетті түрде дәрігер болып, оның қанын
жібереді, – иә, тағы қайталап айтамын, бұған еш таң
қалуға болмайды, ѳйтпейінше кенеттен болған қуаныш
рахым етілген жанды қатты толқынысқа ұшыратып, оның
жүрегін тоқтатып тастайды екен.
Қатты қуану да қайғы секілді, адамды ақылынан
адастырады.
48


Қолымды кѳкке жайып, теңізді жағалап жүрдім де
қойдым, біресе секірдім, біресе отырдым, біресе тұрдым,
неше түрлі қимылдар жасадым, бірақ сол кездегі
қуанышымды жеткізе алар сѳз де жоқ еді. Аман-
есендігіме шүкіршілік етумен болдым. Суға батып кеткен
жолдастарым туралы ойладым, ѳзімнен басқа тірі жан
қалған жоқ, олардың бірін де кѳрмедім, үш шляпа, бір
фуражка, екі түрлі башмақтан басқа жағаға ешнәрсе
қалқып шықпады.
Қайырлап қалған кемеміз бұлдырлап кѳз ұшында
кѳрінеді, толқындар тулап анық кѳрсетпеді: “Құдайым-ай,
сонау қиырдан жағалауға қалай жеткенмін” деп ѳзіме-
ѳзім таңғалдым.
Қара түнек ойларымнан серпіліп, есендігіме мың
мәрте шүкіршілік етіп, қай жерде тұрғанымды білмек
ниетпен, енді қандай қадамға бару керек екенін ойлап,
айналама қарадым. Қуанышым су сепкендей басылды:
ѳлім аузынан аман қалсам да, енді мені одан да зор
сұмдықтар мен қайғылы күндер ғана күтіп тұрғанын
түсіндім. Үсті-басым су, киерге киім, ішерге бір жұтым су
да жоқ. Аштан ѳлу я жыртқыш аңдарға жем болудан
басқа жол жоқ сияқты. Құстарды атып қорек қылар,
жабайы аңдардан қорғанар мылтық та жоқ. Менің
қолымдағы бар құралдарым – пышақ, темекі, темекінің
сауыты. Шарасыз халім есіме түскенде ақылдан адасқан
адамдай теңізді жағалай жүгіре бердім. Бұл аралда
жыртқыш аңдар кѳп болса, ымырт жабылып, іңір
қараңғылығы түскенде не істемекпін, олар жемтігін түнде
іздеуші еді ғой деп қорыққанымнан ѳзіме-ѳзім тіл
қаттым.
Менің басыма жалғыз-ақ ой келді: кѳзіме түскен үлкен
бір ағаш бар еді, түні бойы сол ағаштың басына шығып
отыру, алда ѳмірім бар ма, жоқ па, таң атқан соң кѳремін,
себебі бұл жерде тұрып әрі қарай ѳмір сүремін деп ойға
49


алудың ѳзі қорқынышты. Су іздеп, аралды бойлап ширек
мильдей жүрдім, онша кѳп ұзамай-ақ, менің бағыма
қарай бір бұлақ тап болды. Суды әбден қанып ішіп,
аштығымды басайын деп аузыма темекі салып, қайтып
әлгі ағашқа келдім, ѳрмелеп басына шығып, кѳзім ілініп
кетсе, құлап кетпеуім үшін ыңғайлы отырдым. Сонан соң
сақтық үшін бір бұтақты кесіп алдым да, кесе-кѳлденең
ұстап, орныма қайта жайғастым, шаршағаннан қатты
ұйықтап кетіппін. Екінің бірі мұндай жерде мен сияқты
ұйықтай алмас
еді, кәдімгідей тынығып, сергіп ояндым. Кѳзімді
ашқанымда таң атып, тіршілік басталыпты. Күн ашылған,
жел тынып, теңіз беті тыныштық тауыпты. Кеме орнынан
жылжып, кеше толқын мені лақтырған құздың түбіне
келіп жеткенін кѳргенде, кѳңілім қатты құлазып кетті,
түнде су сырғытып жағаға жылжытқан сияқты. Ол мен
түнеп шыққан ағаш түбінен тура бір мильдей жерде екен.
Ендігі ниетім кемеге жүзіп барып, ішіндегі азық-түлік пен
керекті заттарды алу еді. Ағаштан тѳмен түсе салып, жан-
жағыма қарадым, ең әуелі кѳзіме түскені – екі мильдей
жердегі кешегі ѳзіміз мінген қайық, оны да оң жаққа
жылжытып тастапты. Қайыққа барсам қайтеді деп
оңтайландым да кері қайттым, себебі екі ортада ені жарты
мильдей су басқан терең ѳзек бар екен.
Тезірек кемеге жетіп, тіршілігімнің негізі – азық-
түліктерді жеткізіп алайын деп ойладым.
Түс ауа теңіз бетіне тыныштық орнап, толқындар
жағаны еркелей ұрып жатты, жаға тайыздап қалған, екі
жүз қадамдай жерді жүзбей-ақ кешіп жүруге болады.
Теңізге шықпай-ақ сәл кідіргенде бәріміз де дін аман
болады екенбіз, жел бәсеңдегенше неге кідірмегенбіз,
жағаға аман жететін мүмкіндік болған екен, бәріміз
жағаға бүтін жетсек, мен тап осы халге ұшырап, адам
баласынан қол үзіп, жалғыз қалмас едім деп қатты
50


күйзелдім. Кѳзімнің жасын тѳктім, бірақ кѳңілдегі
қайғыға кѳздің жасы кѳмекші болмайды ғой, қалай да
кемеге жету қамына кірістім. Күн ыстық, киімдерімді
шештім де суға түстім. Кемеге жүзіп жеткенімде тағы да
қиындықтың тұзағына шырмалдым: кеменің үстіне қалай
шығу керек? Себебі кеменің қайырлаған жері ѳте тайыз,
кеме судан шығып биік тұр, сондықтан оған шығуға қол
ілігерлік еш нәрсе таба алмадым. Жүзіп кемені екі рет
айналдым, әуелгіде қалай кѳрмегенімді білмеймін,
екіншіде тартылған арқанға кѳзім түсті, арқанның ұшы су
астында, тек су бетіне екі-үш тұтамдай ғана шығып тұр,
арқанның ұшын әрі-бері іздеп саусағыма іліктірдім де,
ѳрмелеп кемеге шықтым. Кемеге су кіріп, трюм толуға
жақындапты, бірақ тѳмпешіктің үстінде тұрған болуы
керек, арт жағы кѳтеріліп, тұмсығы суға батып тұр,
сондықтан арт жағындағы заттарға су тимеген. Артқы
жағына орналас-тырылған заттардың бүтін екенін жеткен
бойда-ақ білдім. Ең әуелі заттардың қандайы бүлініп,
қандайының бүлінбегенін білгім келді. Азық-түліктердің
бәрі де құрғақ, тіпті дымқылданбаған да, азық салған
бѳлікті аштым да қалтама нан салып алдым, уақытым зая
кетпесін деп аузыма да жүре салып жеп жүрмін. Бас
қосып отырыс жасайтын каютадан бір бѳтелке ром тауып
алып, қылқылдатып бірнеше рет жұттым, күш жиып іске
кіріспесем болатын емес, әбден қалжыраған екенмін.
Ѳзіме керекті заттарды және азық-түлікті жағаға
жеткізу үшін ең алдымен маған қайық қажет еді. Жоқ
нәрсені ойлап қол қусырып отыруға тағы болмайды,
қысылған жерде адам баласы ақыл тапқыш келеді ғой, бас
салып іске кірістім. Кемеде бірнеше бѳрене, сырғауыл,
тақтай, діңгек ағаштар бар еді. Міне, осыларды біріктіріп
сал буғым келді. Бірнеше жеңіл бѳренелерді таңдап алып,
суға кетпестей етіп арқанмен байладым да, кеменің
жиегінен тѳмен қарай сырғанаттым. Мұнан кейін кемеден
51


түстім де, ѳзіме қарай тарттым, бѳренелердің екі жақ
басын бір-біріне қосып мықтап тұрып байластырдым да,
қысқалау екі-үш тақтайды айқастырып үстіне салдым.
Менің салмағымды кѳтерерліктей сал болды да шықты,
бірақ ауыр жүк тиеуге келмейді. Кемедегі ағаш шеберінің
қол арасын тауып алып, тағы бір діңгекті үшке бѳліп
кестім де, салдың енін ұлғайттым. Әбден қысылғанда
кемеңгер болып шыға келдім, әрине, басқа жағдайда
мұндай іс менің қолымнан келмеген болар еді. Адам
тѳзгісіз ауыр еңбек еттім, қатты қиналдым.
Салым мығымдалды, едәуір жүк кѳтеретін шамасы
байқалды. Ендігі мәселе – тиеген жүкті аударып алмай
жағаға жеткізу, бірақ бұған да кѳп ойланғаным жоқ.
Кемедегі бар тақтайды ыңғайлап салдың үстіне тѳседім:
теңізшілерге арналған сандықтардың үшеуінің кілтін
балталап бұздым, заттардан босаттым, сѳйттім де
жылжытып тақтайдың үстіне әкеліп салдым. Ең керекті
дегендерін таңдап алып, сандықтың үшеуін де нығыздап
тұрып толтырдым. Біреуіне күріш, нан, ірімшік, бес бѳлек
ешкінің сүрленген еті – азық-түліктерді және кемедегі
құстарға жем үшін алынған дәннің қалғанын да салып
алдым, ал құстарды әлдеқашан сойып жеп бітіргенбіз.
Құстарға алған жеміміз бидай аралас арпа еді, бірақ бір
жаманы, тышқан жеп қауыздап тастаған екен. Бірнеше
жәшік шарап пен арақты салыма тасыдым, олар сандыққа
сыймады, бірақ оларды сандыққа жасырудың қажеті де
жоқ еді. Тінтіп жүріп кеме шеберінің бір жәшік
құралдарын таптым, бұл мен үшін үлкен олжа еді, қазіргі
жағдайымда бұл құралдарды кеме толы алтын берсе де
айырбастамас едім. Жәшікті кѳтеріп алдым да, сол қалпы,
ашып та қарамастан салға әкеліп тиедім, себебі онда
қандай құралдардың бар екенін білетін едім.
Жеткілікті етіп мылтық пен оқ-дәрілер тиеп алуым
керек. Каютадан әдемі екі мылтық, екі тапанша және екі
52


қанжар тауып алдым, бір қапшық оқ-дәрі және бірнеше
қаңылтыр сауытқа салынған дәрілерімен қоса оны да
алдым. Кемеде үш бѳшке мылтық дәрісінің барын білуші
едім, бірақ оның қай жерде екенін таба алмадым. Ақыры
іздеп жүріп үшеуін де таптым. Біреуі шамалы
дымқылданайын депті, екеуі құп-құрғақ. Бұларды да тиеп
алдым. Салым жүкке толды, енді жағаға жеткізу мәселесі
күтіп тұр, ескегім не желкенім жоқ, аз-кем жел болса
салымды аударып та кетуі мүмкін.
Мені теңіздің жайбарақат жатқаны, толқынның
жылжытып жағаға жеткізуі, желдің соңымнан болғаны
қуантты. Іздеп жүріп екі-үш сынған ескек тауып алдым,
жәшіктегіден басқа екі ара, бір балта, бір балға алдым,
салымды теңізге түсірдім. Бір миль жерге шейін салым
бір қалыпты жүріп келді, бірақ мен жағаға шығып қалған
жерден шамалы қиғаштау кетіп барады екенмін. Қиыстау
кетіп бара жатқанымды сездім де, бұл жағаның жай
ағысы шығар, ол ағыс жылжытып мені бір ѳзекке немесе
ѳзеннің сағасына апаруы мүмкін, егер осылай болса,
тоқтап жүгімді түсіріп алуға ѳте оңтайлы болар еді деген
ой түсті.
Ойым оң болды. Азырақ жүрген соң алдымнан бір
кішкене қуыс кѳрінді, ағыс салды сол қуысқа жылжытып
алып келді. Ағыстың ортасынан шықпайын деп барымша
есіп келемін. Бірақ әлгі қуыстың шыға берісінің қандай
екенін білмегендіктен салым суға кетіп, тағы бір пәлеге
ұшырай жаздадым, егер бұл жолы да бір нәрсеге ұшырар
болсам, қапаланғанымнан есімді жия алмай қалушы едім.
Ойда жоқ жерде салымның бір жағы қайырлап, қисая
бастады. Енді сәл осылай аялдағанда, жүк салмағымен бір
жағына ауып, сырғып суға түсіп кететін еді. Бар күшімді
жиып қисайған жағын қолыммен тірей қалдым, бірақ
қанша тырысқаныммен салды орнынан қозғай алмадым.
Сол бойы судың кѳтерілуін күтіп, қозғалмастан жарты
53


сағаттай тұрдым. Екі иығым ұйып қалды, жарты сағат
ѳткеннен кейін арт жақтан соққан толқын қисайған жағын
кѳтеріп жіберді, сал түзеліп қалпына келді. Сол кезде
ескекті жерге тіреп, салды кейін итеріп, ағыстың арнасына
қарай бұрдым, мұнан кейін кѳп кешікпей-ақ әлгі қуысқа
келіп кірдім, қуыстың екі жағы биік екен. Сәл аялдап
тоқтауға қай жері қолайлы екен деген оймен айналама
кѳз жібердім: теңізден қашықтап кеткім келмейді, әйтеуір
бір кеме болса да кѳзге түсер деп үміттендім, сол себепті
жағаға жақын орналасайын деп ойладым.
Жиектің оң жағын бойлаған кішкене ѳзекшеге кѳзім
түсіп, соған қарай бұрылдым. Қатты ағысты әрең дегенде
кесіп ѳтіп, әбден мехнат шегіп, кѳз жеткен ѳзекке келіп
кірдім. Бойымды тағы да үрей биледі, жеткен жерім тік
жар, егер салдың тұмсығы я бір бүйірі екпінімен келіп
жарға соғылса, салым аударылып, бар жүгімді суға
кетірер түрім бар, сондықтан судың кѳтерілуін күтуге
тура келді. Тайыз да болса жиектің тегіс жеріне қарай
жылжыдым, мұным су кѳтерілсе, әлгі жердің суы
тереңдеп, салды жылжытуға жеңіл болады ғой деген ой
еді, айтқанымдай-ақ болды, су кѳтеріліп тайыз жерді
басқан сайын ескекті жерге тіреп, бірте-бірте ілгері
жылжи бердім, сѳйтіп, әйтеуір құрлыққа шықтым.
Менің ендігі ойым – маңайды байқап, қауіп-қатерсіз
қоныс болатын қолайлы орын табу. Қайда тұрғанымды,
қайдан келгенімді әлі білмеймін; тұрғаным жердің шеті
ме, арал ма, бұл жерде ел бар ма, жоқ па, жыртқыш аңдар
бар ма, жоқ па, мен үшін жұмбақ. Солтүстігімде биіктігі
таудай бір үлкен тѳбе кѳрінді. Мылтықты оқтап алдым да,
бірсыпыра оқ-дәріні қалтаға салып, солай қарай жүріп
кеттім, тѳбенің ѳзі ѳте биік екен, ѳрмелеп әрең дегенде
басына шығып, айналама кѳз жібердім: тұрған жерім
арал, айналасын теңіз қоршаған, бірнеше жартастар және
бір-екі кішкене аралдар болмаса, жер кѳрінбеді. Кѳзімнің
54


жеткені: бұл жерде тіршілік белгісі байқалмайды, шын
мәнінде тіршілік жоқ-ау деп түйдім. Мүмкін, жыртқыш
аңдар бар шығар, бірақ әзірге кѳзіме бірі түспеді. Құс
деген қисапсыз кѳп, бірақ мен білетін құстарға
ұқсамайды, бір-екеуін атып алғанымда етінің жеуге
жарамды-жарамсыз екенін де білмедім. Тѳбеден түсіп
келе жатып ағаш басында отырған бір үлкен құсты атып
алдым. Бұл дүние жаратылғалы шыққан мылтықтың
алғашқы даусы болса керек, кѳтеріліп ұшқан құстың
кѳптігінен күннің кѳзі кѳрінбей, аспанды бұлт басқандай
болды, құстардың даусы әр түрлі, бірақ мен естіп жүрген
құстардың даусына келмейді. Атып алған құсым қанаты,
жүні, тұмсығы – бәрі қаршығаға ұқсайды, бірақ
тырнақтары қысқа. Еті сасық екен, жеуге жарамады.
Салға қайта келіп, қарекетіме кірісіп, жүктерді жағаға
жеткізе бастадым, кешке дейін жүк тасумен болдым.
Түнге қарай қайда, қалай орналасарымды білмедім.
Жерге жата кетейін десем – аңдардан қорқамын.
Қорқуым бекер екен, артынан барып бұл мекенде мен
қорқатын ештеңенің жоқ екенін білдім.
Түнеуге бір жерді ыңғайладым да, айналамды
сандықпен, жәшіктермен қоршап, үстін тақтаймен
жауып, үйшік секілді бір қуыс жасадым. Азық-түлік
таусылған соң, не істерімді тағы білмеймін, мылтық
даусынан үркіп ұшқан құстар мен қоянға ұқсаған бір-екі
кішкене аңнан басқа кѳзіме ешнәрсе түскен жоқ. Ендігі
ойым – кемеде қалған заттарды әлімнің келгенінше бірін
қалдырмай жағаға тасып жеткізу, ең алдымен, кеменің
желкенін және арқандарын жеткізгім келді. Тағы бір
қырсыққа ұшырамасам, кемеге тез жетуді дұрыс кѳрдім.
Себебі, жел тұрып кетсе, кеменің қирайтыны ѳзіме мәлім.
Басқа жұмысты қойдым да, кемеге қайта бару әрекетіне
кірістім. Әрі ойлап, бері ойлап, салды жағада қалдырдым,
себебі салмен баруды қолайсыз кѳрдім, су қайтып, жаға
55


тайыздаған кезде теңізге түстім, аяғымдағы башмағым
мен іш киімімнен басқаның бәрін шешіп кеттім.
Әуелгі жасағанымдай арқанды бойлай кеменің үстіне
шықтым, тағы да жаңадан сал будым. Бұл буған салым
алдыңғымен салыстырғанда ѳте оңтайлы болып шықты.
Ауыр жүк тиегенім жоқ, қажетті деген нәрселерді ғана
тасыдым. Бұрынғы кеме шеберінің құрал-саймандарын:
ірілі-уақты екі-үш қап шеге, жиырма шақты балта, ѳзім
үшін аса қажеттілік тудырған қайрақ, тағы да басқа сол
сияқты пайдалы нәрселерді алдым. Кеме зеңбірекшісінің
қоймасынан екі бѳшке, жеті мушкет, азғантай оқ-дәрі мен
тағы бір мылтық, үлкен бір қапшық бытыра, үлкен бір
бѳлек құйма қорғасын алдым. Қорғасынның ауыр
болғаны сондай, әрең кѳтердім. Бұл айтылғандардан
басқа екі кѳйлек, желкен, қосалқы желкен, тамақ, бірнеше
жастық алдым да, бәрін де бүтіндей жағаға жеткіздім.
Кемеге қайта аттанарда ѳзім жоқта азық-түліктерімді
жыртқыштар жеп кете ме деген қорқыныш болды. Бірақ
қайтып келгенімде бәрі орнында екен. Тек жабайы мысық
тәрізденген бір кішкене аң сандықтың үстінде отыр. Мен
жақындаған кезде азырақ қашты да, әрірек барып отыра
кетті, менімен танысқысы келгендей, кѳзін айырмай тесіле
қарады. Мылтықты кезеп ем, қаймығатын түрі жоқ, селк
етпей отыра берді. Адамнан қорықпайтын бұл не қылған
аң дедім де, алдына бір үзім нан лақтырдым, кѳбірек
тастауға сараңдығым ұстап, кѳзім қимады, себебі азық-
түлік жағы тапшы ғой. Ол жақындап, нанды иіскеді де,
шайнап-шайнап жұтып жіберді, дәмі қандай тәтті еді
дегендей тілін жылмаңдатып жалады да, тағы болар ма
екен дегендей дәметіп отырды. Бірақ екінші қайта
тастағаным жоқ, о да жѳніне кетті.
Кемеге екінші рет барып, алып келген жүктерді жағаға
жеткізгеннен кейін, ауыр бѳшкелердің аузын ашып, оқ-
дәрілерді бір-бірлеп тасығым келді, ең әуелі оларды
56


қоятын орын сайлап алуым керек еді. Орманнан
сырғауыл кесіп әкеліп, үлкен шатыр жасадым, тѳбесін
желкеннің кенептерімен жаптым да, күнге, жауынға тез
бұзылатын заттардың бәрін шатырға тасып, айналдыра
бос жәшіктерді үйдім.
Шатырдың кіреберісіне үлкен сандықты қырынан
қойып, ішкі жағына кесе-кѳлденең тақтай сүйедім.
Нәрселерімді әбден жайғастырған соң, ѳзіме жатын орын
дайындадым, екі мылтықты басыма жастап, біреуін
қойныма қыстырдым да жаттым. Кемедегі апатты
жағдайдан бері бірінші рет жайлы жерге жастануым.
Әбден шаршағанмын ғой, қозғалмастан таң атқанша
ұйықтаппын. Себебі ѳткен түні ұйқым қанбай оянғам.
Келесі күні де кемеден жүктерді тасумен болдым.
Дәл мендей қылып мұндай сарайды ешкім салып
кѳрмеген болар. Бірақ бұл жеткіліксіз, аздық етеді: кеме
қирамай, бұрынғы орнында тұрғанда қалған заттарды
біртіндеп болса да алып, қорымды молайтқым келді. Күн
сайын кемеге барып, ондай-мұндай заттарды әкеле
бердім. Кемеге үшінші рет барғанымда едәуір олжалы
қайттым. Салға сыйған заттардың бәрін тиедім. Желкенді
жамайтын үлкен бір кенеп бар еді, оны да алдым,
алдында ѳзімнің тастап кеткен бір бѳшке су тиген мылтық
бытырасы бар еді, мұны да алдым. Желкеннің бірін
қалдырмай жағаға шығардым.
Кемеге бесінші рет пе, алтыншы рет пе барғанымнан
кейін, бір күні қайта барып тағы қандай нәрселер бар екен
деп әр жерін бір қарап жүрсем, ойламаған жерден тағы
бір олжаға тап болып қуанғанымды кѳрсеңіз. Кеменің
трюмінен үлкен бір бѳшке кепкен нан, үш бѳшке ром, бір
жәшік шекер және бір бѳшке ақ ұн таптым. Трюмнен
мұндай азық-түлік табамын деген ойымда жоқ еді, себебі
бар болса да су тиіп былғанып қалды ғой деген ойда
болғанмын. Кепкен нанды бѳшкеден алып, желкеннің
57


кенебіне орадым, қалғанын сол қалпы салға тиеп жағаға
жеткіздім.
Екінші күні кемеге тағы бардым, әлім келген заттың
бірін қалдырмай алдым да, енді арқанды алып кетпек
болдым, кѳтеруге жеңіл болсын деп бѳлек-бѳлек етіп
арқанды кесіп, салға тиедім. Әлім жеткенінше бірталай
темір 
жинадым. 
Мұның 
артынша 
қалған 
ағаш
тақтайларды кесіп, үлкен сал будым да, жүктерімді тиеп,
баяу ғана жиекке қарай жылжи бердім. Менің салым ѳте
қолайсыз және жүгі ауыр болғандықтан, оны басқарып
отыру қиынға соқты. Бұрынғы жүк түсірген қуысқа келіп
кіргенімде, еппен келіп тоқтата алмай, сал аударылып,
жүкпен бірге ѳзім суға құладым. Ѳз басым суға батып
кетемін деп қауіптенгенім жоқ, себебі жағадамын, су
тайыз, бірақ алып шыққан нәрселерімнің кѳбін
жоғалттым, әсіресе темір-терсек жағы. Темір маған ѳте
қажет еді, ѳкінгенмен амалым жоқ, су кейін қайтып, жаға
тайыздалған кезде арқандарды сүйреп жағаға шығардым
және бірнеше бѳлек темірлерді тауып алдым: мұның бәрі
маған оңай болған жоқ, кѳбінесе су астынан сүңгіп іздеуге
тура келді, ѳзім де әбден шаршадым. Мұнан кейін де күн
сайын кемеге барып, қолыма іліккенін әкеле бердім.
Аралға келгеніме он үшінші күн болды, осы он үш
күнде кемеге он бір рет барып, екі қолға іліккеннің бәрін
алып үлгердім. Егер күн тынық болғанда, бірнеше күннің
ішінде бѳліп-бѳліп кеменің ѳзін шығаруға да шамам
жететін еді. Он бір күн ѳтіп, он екінші күнге жеткенде жел
тұрып, дауыл кѳтерілгендей болды. Дегенмен судың кейін
қайтқанын күтіп кемеге жеттім. Каютаны түгелдей
тінттім, ондағы бар керектілерді алған сияқтымын, екі
әдемі қаңылтыр сауыт кѳзіме түсті, біріншісінің ішінде
үш ұстара, бір үлкен қайшы, пышақ пен шанышқылар;
екіншісінде – отыз алты стерлинг шамасындай алтын
және күміс еуропалық, бразилиялық ақшалар бар екен.
58


Ақшаларды кѳргенде ызам келгеннен булығып кеттім:

Сен түкке де тұрмайсың, маған енді ешбір қажетің жоқ!
Еңкейіп жерден аларлықтай да құның жоқ қой сенің,
сенен гѳрі пышақ артық емес пе, сені алғанда не
қылмақшымын, сен менің қандай қажетіме жарайсың,
қай жерде жатсаң, сол жеріңде қал да су түбінде шірі”
дедім де жѳніме кеттім. Енді жаңадан сал буудың жѳні
жоқ сияқты, аспан түнеріп жағалауда жел кѳтеріле
бастады. Жел жағадан соққан кезде сал буудың пайдасы
жоқ, толқын күшеймей тұрып тезірек жету керек, әйтпесе
жағаға жетуімнің ѳзі екіталай болғалы тұр. Уақыт
оздырып тұрмадым, суға түстім де, жағаға қарай жүзе
бастадым, иығымда ауыр жүгім бар, жел қарсы алдымнан
соғып, ѳліп-талып жағаға әрең жеттім. Мен жағаға жете
бергенімде жел бұрынғысынан да қатты күшейіп, таудай
толқындар кѳтерілді. Бірақ мен үйіме аман-сау жеттім.
Келдім де, шатырыма жайғастым. Жойқын жел ұзақ таңға
бір тынбады, азанда шатырдан басымды шығарып
қарасам, кеме тұрған орнында жоқ. Бұл кѳрініске әуелгіде
кѳңілім жүдеп қалса да, артынан ѳзімді ѳзім жұбаттым,
желсіз кезде қуатымды артық жұмсамай ѳзіме қажетті
дегендерді түгел алдым, енді кеме орнында тұрса да, мен
алатын еш нәрсе қалған жоқ.
Бұдан қайтып мен кемені де, онда қалған нәрселер
туралы да ойыма алғаным жоқ. Мүмкін, дауылдан кейін
де қирандыны жағадан тауып алуға болар ма еді, кеменің
зақымданған бѳліктерін тауып та алдым, бірақ одан
келіп-кеткен пайда болмады.
Менің ендігі ойым – жабайылардан және жыртқыш
аңдардан сақтану, баспананы қалай тұрғызуым керек,
міне, ойым осы болды. Үңгір қазсам ба немесе шатыр
істеп, айналасын мықтап бекітсем бе? Ойлай-ойлай екеуін
де қарастырып кѳргім келді. Атқарған жұмыстарымды,
тұрғызған үйімді сіздерге суреттеп берсем артық болмас
59


деп ойлаймын. Жағадағы шатыр тігіп орналасқан жерім
тіршілікке ѳте қолайсыз, себебі теңіздің жағасы әрі ойпаң,
айналасы саз, жаңбыр жауса батпақ болады. Жақын
жерде ішетін ауыз суы жоқ, сондықтан тірлік етуге
қолайлы бір орын тауып алуым керек болды.
Ал тіршілік кешетін жерім мына жағдайларға сәйкес
болуы керек. Біріншіден, үйім батпағы жоқ жерге, тұщы
суға жақын болу керек; екіншіден, кѳлеңкелі жерде;
үшіншіден, екі аяқты және тѳрт аяқты жыртқыштардан
қауіпсіз; тѳртіншіден, теңіз жақ беті ашық болуы керек,
себебі құдай сәтін салып кѳзіме кеме кѳрінсе, бұл азаптан
құтыламын деген үмітім бар.
Аралды шарлап жүріп қонысыма жайлы болады-ау
деген бір жерді таптым. Айналасы зәулім ағаш, ортасы
алаңқай, бір жақ тұсы тіп-тік биік тѳбе, ол жерден тірі
жан келіп түсе алмайды. Тереңдігі біршама бір қуыс бар,
бірақ ешқандай үңгір кѳрінбейді. Бұл жерді кѳңілім
қалады, әрі таса, әрі кѳлеңке, осы жерді тұрақ еткім келді.
Алаңның ұзыны екі жүз ярд, бір жақ етегі тѳбеге, тѳбенің
мүйісі иректеліп теңіздің жағасына барып тіреледі,
алаңқай тѳбенің оңтүстігі мен батыс бѳлігінің аралығында.
Күнұзақ күннің кѳзі түспей, үнемі кѳлеңке болады да
тұрады.
Айналасы жиырма, іші он метрдің шамасындай етіп
ең әуелі дѳңгелетіп үй салатын жердің орнын сыздым,
содан соң сызықтың үстін ашық қалдырып, нықтап екі
қатар қазық қақтым, алдын ала қазықтарды ѳткірлеп
ұштап алғанмын. Үйімнің биіктігі бес жарым футқа
жақындады. Жуан-жуан ағаштарды кесе-кѳлденең ішкі
жағына орнатып, қазықтың ашық қалған араларын
тѳбесіне жеткенше арқанмен ұстаттым. Тұрғызған
қорғаным кѳңілдегідей болды, аң түгілі адам да бұзып
кіре алатын емес, әрине, бұл оңайлықпен біткен жоқ, кѳп
уақыт оздырып, біраз тер тѳгуге тура келді, әсіресе қиын
60


болғаны – орманға барып ағаш кесу, кесілген ағашты тасу,
оны жерге бекітіп қағу. Ашылып-жабылатын есік
жасамай, басқышпен түсіп, басқышпен шығатын еттім,
ішке енген кезде басқышты ѳзіммен бірге ала кіремін.
Сонымен салған жайым келісті болып шықты, мықтап-ақ
бекіндім, еш нәрсеге алаңдамай, қауіпсіз тыныш жатып
ұйықтайтын болдым, басыма қиындық орнамаса мұндай
қорғанды салу түсіме де кірмес еді.
Қауіпсіз болуым үшін мұншама тер тѳкпесе де болады
екен, мұны да артынан білдім.
Бейнеттеніп, бірталай азаппен жағалаудағы азық-
түлік, қару-жарақ, басқа да мүлкімді қорғанға таси
бастадым. Жауын-шашыннан, ыстықтан қорғану үшін
бірінің үстін біріне жанамалап, екі қабат шатыр тіктім де,
үстін желкенмен, кемеден әкелген брезент кенеппен
жаптым. Жататын орнымды да сайладым, капитан
кѳмекшісінің тоқымалы тор кереуетін орнатып, соның
үстіне ұйықтайтын болдым. Дымқылданса тез шіритін
заттардың бәрін тасып, шатырға кіргіздім. Заттарды
тасып болған соң, ашық жерлерін мықтап бітедім де,
кішкене ғана есік қалдырып, кіргенде де, шыққанда да
басқыш арқылы түсіп-мініп жүрдім. Қорған жұмыстарын
аяқтаған соң таудан үңгір қазуға кірістім. Қазып шығарған
тастар мен топырақты қорғанның ішіне тѳсеп, шұңқыр
жерлерді тегістедім, топырақ тѳселгесін еден екі сүйемдей
жоғары кѳтерілді. Қазған үңгірім шатырдың сыртқы
жағында, үңгір қазғаным жѳн болыпты, мұны мен қойма
есебінде пайдаландым. Бұл жұмыстардың аяғына жету
үшін біраз уақытым кетіп, бірталай тер тѳктім.
Жұмыс үстінде біраз қиындықтарға ұшырадым, бұл
туралы да сіздерге айтып ѳткенім дұрыс шығар деп
есептедім. Бір күні шатыр тігіп, үңгір қазуға әзірленіп
жатқанымда, бір буда қалың қара бұлт жѳңкіп ѳте шықты
да, жаңбыр құйып кетті. Мұнан кейін найзағай
61


жарқылдап, күн қатты күркіреді. Әрине, бұл бұрын-
соңды кѳрмей жүрген нәрсе емес, қорыққаным найзағай
жарқылдап, күннің күркірегені емес, менің оқ-дәрілерім
еді. Осы ой менің басыма найзағайдың жарқылынан да
қатты жылдамдықпен келіп түскенде жүрегім мұздап,
денем қалтырап қоя берді, егер жасын түссе, ең алдымен
дәрі жанады, дәрі жанса, жағдай қалай болады, қорғанар
құралымның да, тамақ табар құралымның да кѳзі осы еді.
Дәрілер жарылса, ѳзім қандай қауіпте болатыным туралы
түк ойламадым. Бұл ой мені қинады, жұмысымды
уақытша тоқтаттым да, дәріні бѳлшектеп әр жерге
орналастыру ниетімен найзағай басылғаннан кейін қалта
тігіп, жәшіктер істеуге кірістім. Менің ойым, бәрі жанып
кетпес үшін дәріні бѳлшектеп, жана қалса бірінің жалыны
біріне тимеу үшін әрқайсысын әр жерге кѳму еді. Бұған
екі жеті уақытым кетті. Оқ-дәрілер екі жүз қырық
қадақтың шамасындай еді. Дорбаға салып түйіншек еттім
де, дымқылданбайтын жерді іздеп жүріп таудың етегіне
кѳмдім, іздегенде бірден табу үшін бәрінің үстін сызып
белгі салдым. Кемеде су тиіп дымқылданған дәріні сол
күйі ѳзімнің үңгіріме қойдым. Қорғанды тұрғыза жүріп
күніне бір рет әр жерді бір қарап қайтушы едім, ѳйткені,
біріншіден, құс атып кѳңіл кѳтерейін дедім, екіншіден, аз
да болса маңайымды зерттеп, арал туралы білгім келді.
Бірінші рет шыққанымда жабайы ешкілердің қаптап
жүргенін кѳрдім, ешкінің кѳптігіне қуандым, бірақ ѳте сақ
мақұлық екен, маңайына жолатпай алыстан қашады.
Бұған кѳп қайғырғаным жоқ, әйтеуір бір күні болмаса бір
күні жақындаудың амалын табармын дедім. Үйірімен
жүрген ешкілерді сырттай бақыладым, тау басында
тұрғандарында мен етек жағынан келсем, маңына
жолатпайды, тым алыстан қашады, ал енді етекте
жайылып жатқанда, айналып тау жағынан келсем
сезбейді, жайбарақат жайылып жүре береді. Әбден
62


кѳзімнің жеткені – бұл жануарлар тѳбесіндегіні кѳрмейді
екен. Енді үнемі биік тастың басына шығып, тау жағынан
келетін болдым және жоғарыдан келсем, жақындап
ататын болдым. Әуелгі атқаным бір ешкіге тиді. Атуын
атып алсам да, лағын аяп кеттім. Енесі жаны шықпай
тыпырлап жатқанда лағы қозғалмастан қасында тұрды.
Тұрғаны былай тұрсын, ешкіні иығыма салып үйге қарай
бет алғанымда да, лағы қалмай маңырап артымнан ерді,
үйге дейін келді. Ешкіні жерге тастадым да, лақты қолыма
алып қорғанға келдім, лақты асырағым келді. Бірақ
асырауға кѳнбеді, жарытып ешнәрсе де жей алмады,
амалсыз сойдым. Екі ешкінің етін үнемдедім. Себебі азық-
түлігімді, әсіресе нанды үнемдеу керек болды.
Үйімді әбден жайғаған соң, от жағатын ошақ қазып,
мол қылып отын жинағым келді. Мен мұнымен қалай
айналысқанымды, ѳзіме қолайлы жағдайларды қалай
туғызғанымды артынан айтармын, қазір ѳзім туралы, сол
кезде басыма келген ойлар туралы айтқым келеді, әрине,
ондай ойлардың аз еместігі белгілі.
Тағдыр айдап, жалғыз қалып, үлкен бақытсыздыққа
ұшыраған мен адамдар ортасынан кѳз жаздым.
Мейірімсіз мекен біздің кемеміз аттанған жерден қашық,
сауда кемелерінің жүретін жолы да әлденеше жүз миль,
кѳктен болмаса, жерден келіп қолының ұшын берер
ешкім жоқ, адам баласы аяқ баспаған қу мекенде,
жалғыздық азабында күндерім ѳтіп жатты. Тұңғиық бір
түпсіз үрей құшағында қалғасын әлдеқалай кѳңілім
босап, кѳзімнің ыстық жасы тыйылмады, құдай ѳз
пендесін тағдырдың тәлкегіне не үшін салады, үмітсіз
етіп, еш жәрдемін кѳрсетпей не үшін зарықтырады, естен
кетпес бейнетті күндер үшін құдайға қандай жан
ризашылығын білдіреді деп ойладым.
Күндердің бір күні басқаша сәулелі жарқын ѳмірдің
кіріспесі басталғандай болды және ол күн әлі есімде.
63


Қалың ой басып, мылтығымды асып алып теңіз жағасын
кезіп келе жаттым. Тағдыр сынағы не деген ауыр еді деп
қажыдым. Сол кезде менің ішкі ойым: “Иә, сенің
жағдайың адам қызығарлық емес, бұл шындық. Бірақ
есіңде болсын, сен кімсің және қайдан келдің? Сенімен
бірге он бір адам сапарлас еді, олар қайда? Олар неге ѳлім
аузында қалды? Сенің тірі қалуыңа не себеп? Ажал
құшып, бақилық болғаныңды қалайсың ба, әлде жаның
жүдесе де жарық дүниеге куә болып жүргенің жақсы ма,
қалай ойлайсың?”. Мен бұрылып теңіз бетіне кѳз
жүгірттім. Қайғы келді деп несіне құлай беремін, қайғым
бұдан да ауыр болса қайтер едім деп ойладым.
Егер біздің кеме қайырлап қалған жерде қалса, егер
кемені толқындар жағаға жақындатып әкелмесе, ѳзіме
керекті нәрселерімді қайдан алар едім. Теңізде қалған
алғашқы күндегідей ішер су, жейтін тамақ жоқ болса,
кѳрер күнім қалай болмақ еді деп ѳзімді ѳзім жұбаттым.
Расымен де, дедім мен ѳзіме-ѳзім, қарусыз, оқ-дәрісіз,
құралдарсыз кѳрген күнім қалай болар еді? Тіршілікке
қолайсыз қайырсыз бұл мекенде қалайша тірлік кешер
едім? Ал қазір менде бәрі жеткілікті, келер күндеріме де
сеніммен қарай аламын, оқ-дәрім және азығым таусылса
да, ѳмірімнің соңғы күніне дейін ѳз күнімді ѳзім кѳре
алатыныма сенімдімін.
Шынын айтсам, аралда қалған алғашқы күннен егер
оқ-дәрілерім таусылып қалса, күш-қуатым азайса,
сырқаттанып қалсам деген үреймен келер күндерімнің
қамы туралы ойладым. Жасын түссе оқ-дәрілерімнің
түгі қалмай ѳртеніп кететіні туралы ескермеппін,
жасынның бір сәтте менің қоймам мен оқ-дәрілерімді
ѳртеп жіберетіні ойыма да келмепті. Найзағай
жарқылдағанда осы ойдың жылт ете қалғаны да содан
шығар.
Ажалды пенденің басынан кешкен қайғылы ѳмірі
64


туралы басынан бастап және рет-ретімен баяндап
берейін.
Үрейлі аралға табаным тиген күн қыркүйек айының
30-
ы, күз мезгілі болатын (менің есебім бойынша
экватордан солтүстік ендікке 9°22). Бұл айда күн тас
тѳбеңде тұрады. Аралға келгеніме он-он бес күн ѳткеннен
кейін жазып жүрер қағаз-қалам мен сияның жоқтығынан
күн, ай, апта есебінен тіпті, жексенбінің қай күні екенінен
де жаңылып қалғаным есіме түсті. Соны ойладым да, мені
толқындар шығарып тастаған жағаға келіп, бір жуан
бағанды қазып орнаттым, қалың тақтайды пышақпен ірі
етіп ойып: “Мен бұл жерге 1659 жылы қыркүйек айының
30-
ы күні келдім” деп жаздым да, ағашқа айқастырып
шегеледім. Бағанға күніне бір рет белгі салдым; жетінші
күнгі белгімді ұзынырақ етіп белгілеп отырдым: бұл
жексенбінің белгісі, әр айдың бір жаңасын ұзынырақ етіп
белгіледім. Сонымен, әр жылды, әр айды, әр апта мен
әрбір күнді белгілер күнтізбе жасадым. Кемеден алған
заттардың кѳбін тізбелеп баяндасам да, кейбір ұсақ-түйек
нәрселерді айтқаным жоқ, әрине, бағалы дейтін де құнды
нәрселер емес, дегенмен бұлардың зияны да болған жоқ.
Мысалы, 
капитанның 
және 
оның 
кѳмекшісінің
каюталарынан сия, қаламұш, қағаз және үшеу ме, тѳртеу
ме құбылнама, аспан әлемін зерттейтін бірнеше құрал,
дүрбі, географиялық карталар, навигация кітабын тауып
алғанмын. Бәрін жинап, бір қажетіме жарар деп
сандықтың түбіне тастағанмын. Ѳз жүгімнің арасынан үш
Інжіл кітабын таптым (бұларды тауармен бірге
Англиядан алдырып, жолға шығарда ѳз заттарымның
арасына орап қойғанмын). Бұлардан басқа португал
тілінде жазылған бірнеше кітабым да бар еді, оның үшеуі
иманшарт сықылды дұғалық еді. Кемеде екі мысық және
бір ит болды (бұл хайуанаттардың тарихын кейінірек
айтармын). Мысықты салға отырғызғанымда, ит ѳзі сумен
65


артымнан қалмай жағаға жүзіп шықты. Ол маған кѳп
жылға дейін жолдас болды, кѳп кѳмектесті. Ол мен үшін
бәрін жасады, мен оған адам сияқты қарадым. Ол менімен
әңгімелессе екен дедім, бірақ тағдыр оған мұндайды
жазбапты. Кемеден қағаз, қарындаш, сия алғанымды да
айтып едім сіздерге, мен оларды шамам келгенше
үнемдеп жұмсадым. Не істегенімді, не ойлағанымды
түгел жазып отырдым; бірақ қағаз бітіп, сия таусылғаннан
кейін, мен де жазуды доғардым. Себебі сияны қалай
жасауды және оның орнына нені пайдалануды білмедім.
Маған сиядан ѳзге де кѳптеген нәрселердің керек
екенін білдім. Менде күрек, қалақ, қайла секілді жер
қазатын заттар; ине-жіп, ішкі киімдер де жоқ болып
шықты, бірақ мен оларға мұқтаж емес едім.
Құрал-саймандарымның кемдігінен істеген ісімнің
қай-қайсысы да ауыр тиді және ұзаққа созылды.
Қорғанды салып бітіруге жылға жақын уақыт кетті.
Орманға барып, жуан-жуан сырғауыл кесу, оның бұтағын
шауып қазық істеу, дайын қазықтарды шатырға тасу –
міне, бұл шаруалар қыруар уақытты алды. Қазықтар ѳте
ауыр, біреуден артық кѳтере алмайсың, кей-кейде бір
қазықты жонып, ұштап, үйге әкелудің ѳзіне екі күн уақыт
кетті және үшінші күн дегенде барып жерге қағу керек
болды. Қазықты әуелгі кезде ағаш тоқпақпен қағып
жүрдім, артынан кемеден әкелген темір сүймен есіме
түсіп, соны пайдаландым, бірақ одан пайда кѳргенім жоқ,
жұмыстың ауыры, ең қиыны қазық қағу еді, әбден
шаршатты. Десек те бұл күйбең тірлік жалықтырмады,
бәрібір жападан-жалғыз бейтарап, бұйығы ѳмірімді
қалай ѳткізер едім, қорғанымды тұрғызып болған соң
азық іздеп, күнде аралды кезгеннен басқа жұмыстың да
күрделі түрі кѳрінбеді. Солай бола тұрса да бастан
кешкендерімді 
саралап 
және 
кѳрген-білгенімді
тұжырымдап жаза бастадым, мақсатым – адамдарға ақыл
66


Ж
Ж
айту емес, кѳрген қорлығымды, шеккен бейнетімді аз
сѳзбен айтып жеткізсем, ѳз кѳңілімді ѳзім жұбатсам
деймін. Уайым-қайғым ауыр болса да, сәулелі ішкі
ойларым қалың қайғымды жеңе бастады. Шамам
келгенше жамандыққа жақсылықты қарсы қойып, ѳзімді-
ѳзім бұйырған тағдыр ісіне кѳндіргім келді. Кѳрген
жамандығымды да, жақсылығымды да саралап, екеуін
қатар қойып жаза бердім.
АМАНДЫҚ
Тағдыр мені құлазыған тіршілігі жоқ аралға
айдап келді.
Мен тіршіліктен аластатылған адаммын, мен қайғы
жамылып қана ѳмір сүремін.
Мен 
адамзат 
баласынан, 
адамдар 
қоғамынан
аластатылған диуанамын.
Менде киер киім жоқ.
Жабайылар 
мен 
жыртқыштардың 
шабуылынан
қорғансызбын.
Мен жалғыз қалдым, тіл қатысар маңайымда жан
баласы болған жоқ және мені жұбататын да ешкім
болмады
АҚСЫЛЫҚ
Бірақ мен жолдастарым секілді ажал
құшпадым.
Есесіне мен біздің эки-паждан да ажыратылдым, ажал
маған ғана жетпеді, мені ѳлімнен құтқарған күш енді осы
қиын сәттен де құтқарар.
Бірақ тіршілігі жоқ маң далада аштан ѳлмедім.
Бірақ мен киім киюді қажет етпейтін ѳте ыстық
аймақтамын.
67


Бірақ мен мекендеген аралда адамдар ѳмір сүр-мейді,
бұл 
жерде 
Африка 
жағалауындағыдай 
бірде-бір
жыртқыш аң кѳрмедім. Егер сол жағалауда қалсам, кѳрер
күнім не болар еді.
Бірақ құдайдың құдіретімен біздің кеме жағаға жақын
жерде апатқа ұшырады, мен тек күнделікті тұтынатын
қажетті нәрселерімді ғана емес, ѳмірімнің соңына дейін
ѳзімді-ѳзім асырау үшін азық болатын кѳп нәрсеге ие
болдым. Бұл жазбаларыма куә болғаныңыздай, адам
баласы қандай ауыр жағдайға душар болса да,
жамандығы басым болса да, есесіне жақсылығы болғаны
үшін де шүкіршілік етуі керек екен. Адамзат тәжірибесі
кѳрсеткендей тіршіліктегі бақытсыздықтың, қайғының да
бір ѳнегесі болары анық.
Осылай ѳз-ѳзіммен кеңесіп, қаратүнек ойлардан
серпіліп, басыма түскен жағдайға кѳндіге бастадым.
Бұрын мен кеме кѳрініп қалмас па екен деген үмітпен сәт
сайын теңізге қарайлаушы едім: енді үміттен күдер үзіп,
ѳз тіршілігімді жеңілдетудің қамына кірістім.
Мен ѳзімнің тұрғызған үйімнің қандай екенін
жоғарыда баяндап берген едім. Үйім – айналасын
қазықтармен бекіткен, таудың етегіне тігілген шатыр.
Менің шатырымды дуал деуге болады, себебі сырт жағына
қалыңдығы аршын жарымдай топырақ үйдім. Біршама
уақыт ѳткеннен кейін (жаңылмасам, жыл жарымнан соң)
үйген балшықтың үстіне сырғауыл ағаштарды әкеліп
бірінің бастарын біріне түйістіріп тұрғыздым, үстін
бұтамен, үлкен жапырақтармен қалың етіп жаптым.
Сонымен, үйімнің тѳбесі пайда болды, енді жаңбырдан да
қорықпайтын болдым, себебі бұл аралда жылдың кейбір
мезгілінде жаңбыр толассыз жауып тұрады. Барлық
мүлкімді шатыр сыртындағы ѳзім қазған үңгір мен дуалға
тасыдым деп бір сѳзімде айтқан едім. Әуелгі кезде
заттардың бәрін бір жерге қалай болса солай үйе салып,
68


үйдің іші тарылып кетті, айналар жер жоқ. Сондықтан
үңгірді кеңейту қиындық туғызған жоқ, таудың топырағы
жұмсақ, қазуға оңай. Жыртқыш аңдардан келер қауіптің
жоқтығына кѳзім жеткен соң үңгірді кеңейтуге кірістім.
Қаншалықты кеңейтетінімді іске кіріспес бұрын есептеп
алған болатынмын, оңға қарай кеулеп қаздым да,
бүйірлеп апарып, сыртқа шығар тағы бір есік жасадым.
Бұл тек жасырын есік қана болған жоқ, еркін кіріп-
шығып жүруіме де кѳп мүмкіндік берді, заттарымды қояр
орын да едәуір кеңейді.
Бұл жұмысты аяқтаған соң, ѳзіме ең қажетті деген
заттарды реттеуге кірістім, ең алдымен орындық пен
үстел жасадым: әйтпесе бұл жерге орналасқалы отырып
тамақ та іше алмадым, жазу да жаза алмадым.
Міне, енді ағаш кесуге кірістім. Бір ескергенім, есеп-
қисаптың негізгі және шығар кѳзі – ақылда екен,
сондықтан ақылмен кесіп-пішіп, ѳлшеп байқап алса,
кімге болса да аз уақытта қандай ѳнерді болсын меңгеруге
болады. Мен ѳмірімде қолыма құрал ұстап кѳрген адам
емеспін, бірақ тер тѳгіп, ықылас, зейініммен кіріскен соң
әр істі меңгере бастадым, үйренгенім ѳз алдына, егер
тиісті құралдарым болғанда қандай іс болсын аяқтауға да
дайын едім. Қолымда керекті құралдарым болмаса да,
жалғыз балтаның ѳзімен кѳп нәрсе тындырдым, мұндай
әдіспен ешкім тура мен сияқты тер тѳгіп кѳрмеген болар.
Мысалы, маған тақтай керек болған жағдайда ағашты
кестім де, бұтағын шауып, қабығын аршып, балтамен екі
жағын жона бердім, “бұл жарамайды” деп лақтыра
салмадым, содан кейін жондым да сүргіледім. Әрине,
менің қолымдағы бар құралмен қандай жуан ағаш болса
да, одан тек жалғыз тақтай ғана жасай аласың, бір
тақтайды жасаудың ѳзі менің кѳп уақытымды, маңдай
терімді алды. Менің уақытым мен еңбегімнің құны жоқ
қой – қайда жұмсасам да бәрібір емес пе?
69


Сонымен, ең әуелгі ісім орындық, үстел жасаудан
басталды. Орындық жасауға кемеден әкелген қысқа
тақтайларды пайдаландым. Жоғарыда айтып ѳткен
әдіспен үңгірдің қабырғасына бірінің үстіне бірін қағып
текшелер жасау үшін бірнеше ұзын тақтайлар жонып,
құрал-саймандарымды, шеге, темір-терсек, ұсақ-түйек
заттарымды жинадым. Киім-кешек, мылтық, басқа да
нәрселерімді ілу үшін, үңгірдің қабырғасына ағаштан
жіңішке қазықтар қақтым.
Менің үңгірімді кѳрген адам керекті заттарды
жинайтын қойма деп ойлар еді, іші мұнтаздай, жайнап
тұр, қарасаң кѳңіл кѳтеріледі және бәрі де игілікке
тұтынатын заттар. Осы ісімді әбден аяқтап болғаннан
кейін ғана күнделік жазуға кірістім. Күнделікті істеген
ісімнің бәрін күнделігіме жазып отырдым. Әуелгі кезде
күндегі күйбеңнен қолым босамады. Оның үстіне басым
қаралы, кѳңілім жаралы болып жабырқап жүрдім,
күнделік жазғаным ѳзіме оң әсерін тигізді. Мысалы,
қыркүйектің 30-ы күні былай жазыппын: “Мен жағаға
жетіп ѳлімнен құтылдым, мен жұтқан теңіздің ащы суы
жүрегімді айнытып, лоқсыдым. Есімді жиған соң ажалдан
құтқарған 
жаратушыға 
алғысымды 
айтып,
жалбарынудың орнына, аузыма не түссе соны айтып,
теңізді жағалап жүре бердім. Ѳз басымды ѳзім ұрып, ѳз
бетімді ѳзім жырттым, әлім біткенше “құрыдым, біттім”
деп айқайлай бердім, себебі жыртқыш аңдарға жем
боламын деген де үрей болды. Мұнан соң да кѳпке дейін
(
кемеге барып заттарды тасып әкелген соң) күнде тѳбенің
басына шығып, кеме кѳрінер деген үмітпен теңізге қарап
кѳз талдырдым. Әлденеше рет алыстан ағарып желкен
кѳрінгендей болады, үміттеніп күтумен жүремін. Қарай-
қарай кѳзім талған соң, жер бауырлап жата қаламын да
еңіреп 
жылаймын, 
ақымақтықпен 
ѳзімді-ѳзім
жасытқаным болмаса, еңірегеннен не шықсын.
70


К
Қатыгез дүниенің барлық ауыртпалығына тѳтеп
беремін деп жат ойлардан арылып, ѳзімді ѳзім
жұбатқандай болып баспана салып, үстел, орындық, тағы
басқа да кѳңілге алдамшы керектілерді ыңғайлаған соң,
қысқасын айтсам, тіршілік қылуға жағдай туғызғаннан
кейін күнделік жазуға кірістім. Күнделіктегі оқиғалар
кітаптың ѳткен тарауында айтылса да, жазғандарымды
тағы да баян етейін. Күнделікті сия таусылғанша жаза
бердім, сия таусылған соң күнделік жазу да доғарылды.
ҮНДЕЛІК
1659 
жыл, 
қыркүйектің 
30-
ы. 
Сұрапыл
дауылдың кезінде кеме апатқа ұшырап, мені, бақытсыз
Робинзон Крузоны, осы үрейлі аралға тағдыр айдап
әкелді. Бұл аралды мен “Үмітсіз Арал” деп атадым. Менің
сапарластарымның бәрі де суға батып кетті, мен ѳлім
аузынан аман қалдым.
Сол күні кешке дейін қатыгез тағдырыма ѳкпе айтып,
еңіреумен болдым: ішерге тамағым, киерге киімім,
тіршілік қылуға қажетті құралдар да болмады,
жасырынар жер таппай, кѳзіме қан толып ѳлімнен басқа
ешнәрсені 
кѳрмедім. 
Жыртқыштар 
талайды,
жабайыларға жем боламын я аштан ѳлемін дегеннен
басқа ой болмады. Түнде жыртқыш аңдардан қорқып,
ағаштың басында түнедім. Түнімен жаңбыр жауып тұрса
да, қатты қалжырағандықтан ес білмей ұйықтадым.
Қазанның 1-і. Таңертең оянсам, қайырлап шѳккен
кемені су кѳтеріп жағаға жақындатып тастапты.
Біріншіден, бұл кѳңілге жұбаныш болды (кеме бүтін,
тѳңкерілмеген, жел басылса, кемеге барып азық-түлік,
тағы да басқа керектілерді аламын деген үміттемін), бірақ
қаза тапқан жолдастарым есіме түсіп, мені қайғы басты.
Кемеде аз ғана кідіргенімізде аман қалатын жайымыз бар
71


екен, яки бәрі бірдей батып кетпеген болар еді, олар тірі
болса, кеменің тақтайларынан қайық жасап, жарық күнді
кѳруге үмітті болар едік. Осы ой күні бойы мазалады. Жел
бәсеңдегесін кідірместен кемеге бардым, кемеге жеткенше
бойлап бардым да, тереңдегесін құлаштап жүздім. Күні
бойы жаңбыр толастамады, бірақ жел болмады.
Қазанның 1-інен 24-іне дейін. Бұл күндері кемедегі
жүктерді жиекке жеткізумен болдым. Су кѳтерілген
сайын жүктерді салға тиеп, жиекке таси бердім. Күн
түнеріп, аспанның ашылғаны ара-арасында ғана болмаса,
толассыз жаңбыр құйды да тұрды, бұл мезгіл жауынды
маусым болуы керек.
Қазанның 20-сы. Тепе-теңдігін сақтай алмай, салым
тѳңкеріліп бүкіл жүгім суға кетті, бірақ теңіздің жағасы
тайыз еді, су кейін қайтқан соң заттың кѳбін бүтін алып
қалдым. Қазанның 25-і. Ызғырық жел соғып, тәулік бойы
жаңбыр жауды. Түнде кемені тұрған жерінен қиратып, су
алып кеткен, тек орнында бѳлек-салақ бірдемелері
қалыпты, қирандылары су кейін тартылған кезде ғана
қылтиып кѳрінді. Сол күні су тисе тез бүлінетін заттарды
қымтап жабумен болдым.
Қазанның 26-сы. Мекендеуге қолайлы жер іздестірдім.
Кѳбіне ойлағаным, түнге қарағанда жыртқыш аңдардан,
жабайы адамдардан қауіпсіз болу еді. Ымырт жабыла тік
жардың етегінен ѳзіме қолайлы орын таптым. Бұл жерге
екі қатар қазық қағып, сыртқы жағынан шым үйгім келді,
қазықтың ара-арасын арқандармен қосқым келді.
Қазанның 31-і. Қолыма мылтық алып, құс атуға
шықтым және қарайған жер кѳргім келді, қасына лағын
ерткен бір ешкі атып алдым. Атқан ешкімнің лағы еріп
үйге дейін келді, лақты сойып жеуге тура келді, себебі
асырауға кѳнбеді, әлі отығып жетпеген екен.
Қарашаның 1-і. Жартастың түбіне шатыр тіктім,
шатырымды шамам келгенше кеңейткім келді, кендірден
72


тоқыған аспалы кереуеттің екі жағын байладым да үстіне
жаттым, бұл аралға келгелі кереуетте бірінші рет жатуым.
Қарашаның 2-сі. Жәшіктерді, тақтайды және салдағы
бѳренелерді жинап алып, шатырды айналдыра керме
жасадым. Қарашаның 3-і. Қолыма мылтық алып
серуендедім, үйрекке ұқсас екі құс атып алдым. Еті ѳте
дәмді екен, тамақ ішіп болғаннан кейін үстел, орындық
жасауға кірістім.
Қарашаның 4-і. Уақытымды күнделікті қара жұмысқа,
аң аулауға және кѳңіл кѳтеруге бѳлдім. Менің күн
тәртібім тѳмендегідей еді: егер жауын болмаса, ертеңгісін
қолыма мылтығымды алып екі-үш сағат аралды аралап
қайтамын, мұнан соң сағат он бірге дейін жұмыс істеймін,
сағат он екіден екіге дейін тынығамын (себебі бұл нағыз
күннің ыситын уақыты), кешке қарай тағы жұмысқа
кірісемін. Соңғы екі күн бойы үстел жасаумен болдым.
Бастапқыда шеберлігім керемет емес еді. Бірақ тағдыр он
саусағынан ѳнері тамған шебер етіп шығарды. Менің
тағдырымды кешкен әрбір адам шебер болып шығатын
шығар.
Қарашаның 5-і. Бүгін мылтығымды алып, соңыма
итімді ерттім. Жабайы бір мысықты олжаладым, бірақ
терісі жұмсақ, еті де түкке тұрмады. Олжалаған
аңдарымның терілерін сойып алып, қоймаға әкелдім.
Қайтып келе жатып неше түрлі құстарға куә болдым. Екі-
үш итбалықты кездестірдім. Әуелі кѳргенде нендей нәрсе
екенін ажырата алмай қорқып кеттім. Мен таң-тамаша
болып қарап тұрған кезде олар суға сүңгіп жоқ болды.
Қарашаның 6-сы. Таңертең серуендеп келдім де, үстел
жасауға кірістім, сол күні үстелді жасап бітірдім, бірақ
жасаған үстелім кѳңілімнен шықпады. Ұнамаған тұстарын
бұзып, қайта жѳндедім.
Қарашаның 7-сі. Күн ашық болды. Бірнеше күн
орындық жасаумен болдым. Орындықты әдемі етіп
73


жасаймын деп әжептәуір тер тѳктім. Әлденеше рет
бұзып, қайтадан жасадым. Сонда да кѳңіліме қонбады.
Ескерту. Орайлы істерімнің оңын тауып, жексенбі
күндері де жұмыс істейтін болдым, себебі бағанға күнде
барып жазып тұрмаған соң, күндерімнен жаңылып
қалдым.
Қарашаның 13-і. Бүгін жаңбыр жауды, ауа жаңарып,
бойым сергіді, бірақ күн жиі күркіреп, найзағай
жарқылдап, жай түсіп, оқ-дәрім ѳртене ме деп қатты
қорықтым. Найзағай жарқылы бәсеңдеп, күннің күркірі
басылысымен, оқ-дәрілер жай түссе, ѳртеніп кетпесін деп,
бѳлшектеп әр жерге кѳму әрекетіне кірістім.
14, 15, 16 
қараша. Осы күндерде жәшіктерге бір-екі
қадақтан дәрі салып, бір-бірінен қашықтатып жартастың
түбіне кѳмдім. Кеше бір үлкен құс атып алдым, еті ѳте
дәмді болды. Бірақ бұл қандай құс екенін ажырата
алмадым.
Қарашаның 17-сі. Бұл күні қолдағы бар дүниелерімді
жайғастыру үшін шатырдың сыртқы жағындағы үңгірді
кеңейте бастадым.
Ескерту. Бұл жұмысқа үш нәрсе керек: қайла, күрек
және құмын шығаратын жалғыз аяқ қол арба немесе
себет, бірақ бұлардың менде бірі де жоқ. Сондықтан
жұмысты мүлдем доғаруға тура келді. Бұлардың орнына
басқа қандай құралдарды пайдалануға болады, қалай
жасауға болады – осы туралы кѳп ойладым. Қайланың
орнына темір сүйменді пайдаланып едім – қолайлы
секілді, бірақ ѳте ауыр. Ендігісі күрек, онсыз болмайды.
Бірақ күректің орнына қандай құрал пайдалануға болады,
біле алмадым.
Қарашаның 18-і. Орманнан ѳзіме керекті нәрселер
іздеп жүріп, Бразилияда ѳсетін қатты бір ағашты таптым
(
темір ағаш деп қатты болғандықтан айтылған). Кѳп
азаппен, балтамның жүзін мұқалтып, әрең дегенде кестім,
74


әупірімдеп сүйреп үйге әкелдім, енді бұдан күрек істеп
алмақшымын. Ағаш қатты болған соң, кѳп уақытымды
алды, менде басқалай амал бар ма? Балтамен шапқылай-
шапқылай әйтеуір күректің сыңайына келтірдім, сап
жағы ѳте келісті болды, ағылшындар істейтін күректің
сабынан бірде-бір кем емес, ұшы темір болмаған соң
ұзаққа шыдамады. Дегенмен жер қазғанымда едәуір
кѳмегі болды, кѳп қажетіме жарады, жер бетінде күрделі
әдіспен, ұзақ уақыт бойы мұндай қылып күректі ешкім
істеп кѳрмеген болар деп ойлаймын.
Маған ендігі керегі – жәшік арба немесе себет. Себет
туралы ойлап бас қатырудың да керегі жоқ, себебі оны
тоқитын шыбықтар да жоқ, ал шыбық ѳсетін жер әлі
маған кездескен де жоқ. Ал енді жәшік арбаны істеуге
болады ғой деп ойлаймын. Ең қиыны доңғалағы:
доңғалақты қалай жасау керектігін мен тіпті білмеймін,
бел ағашына темір керек, темір менде атымен жоқ.
Сондықтан арба жасау туралы ойдан бас тарттым, тас
таситындардың әк салатын астауы сықылды бірдеме
жасадым. Астау жасау күрек жасаудан оңай болды, бұл да
тѳрт күн уақытымды алды. Аңға шықпай қалған күндерім
ѳте сирек, шыққан сайын құр қайтпаймын, әйтеуір
олжалы ораламын.
Қарашаның 23-і. Құрал-саймандарды ыңғайлағанша
басқа шаруаларым кейінге қалды. Құрал-саймандарым
дайын болған соң, үңгір қазуға кірістім. Қуатым жеткенше
күнұзақ қаздым, үңгір маған заттарымды орналастыру
үшін керек болды. Бұл жұмысқа он сегіз күн уақытым
кетті.
Ескерту. Он сегіз күн ішіндегі бар ермегім үңгір қазу
болды, мақсатым – жүк жиятын қойма, тамақ әзірлейтін
асүй, ас ішетін орын және азық қоятын қойма
дайындасам деймін; жатын орным, отыратын орным
шатыр, жаңбыр қатты жауып тамшы аққанда болмаса,
75


үңгірде кѳп болмаймын. Ең соңында үйімнің тѳбесін
кѳтердім, сабан тѳбелі үй тәрізді болды, үстін
жапырақпен жаптым. Желтоқсанның 10-ы. Үңгір бітті,
енді істер еш нәрсесі қалған жоқ деп ойлағанмын. Бүгін
ішіне кірсем, бір жақ бүйірінің тѳбесі құлап, едәуір жерін
басып қалыпты (тым кеңітіп жіберген болуым керек).
Кѳрдім де зәрем ұшып кетті, себебі сол сәтте үңгірде
болсам, ѳзімді де басып қалар еді, егер басып қалса, маған
кѳмушінің де керегі болмайды екен. Тағы бір ауыр
жұмысқа тап келдім: ішке құлаған құмды тасып шығару
керек және тіреу қоюға тура келді, тағы құлап қалмасына
кім кепіл?.
Желтоқсанның 11-і. Амалым бар ма, бүгіннен бастап
осы іске кірістім. Тѳбесіне уақытша болса да айқыш-
ұйқыш екі тақтай қағып, екі тіреу қойдым.
Желтоқсанның 17-сі. Он жетісінен жиырмасына дейін
үңгірге айнала зат жинайтын тақтайлар салдым,
бағандарға шеге қағып, тиісті нәрселерді ілдім, үңгірдің
іші енді мұнтаздай болды.
Желтоқсанның 20-сы. Заттардың денін тасып әкеліп, ѳз
орындарына орналастырдым. Бірнеше кішкене тақтайды
бірінің үстіне бірін қатарлап, азық-түлік қоятын сѳре
жасадым, мұның ѳзі буфет сықылды болды да шықты.
Тақтай азайып бара жатқан соң, ѳзіме тағы бір үстел
жасадым.
Желтоқсанның 24-і. Тәулік бойы жаңбыр жауып,
үйден бір қадам ұзап шыққаным жоқ.
Желтоқсанның 25-і. Үздіксіз жаңбыр жауды да тұрды.
Желтоқсанның 26-сы. Күн ашылды. Едәуір қоңыр салқын,
жанға ѳте жайлы күн болды.
Желтоқсанның 27-сі. Ешкінің екі лағын олжаладым,
біреуін атып алдым, екіншісі қаша алмаған соң тірілей
ұстап алып, үйге әкелдім. Үйге келген соң байқағаным,
аяғы сынған екен, мықтап тұрып таңып тастадым.
76


Ескерту. Кѳп күндер ѳткен соң, лақтың аяғының
сынған жері бітіп, ойнақтауды шығарды. Лақты ұзақ
уақыт бақтым, ѳзіме әбден бауыр басты, тіпті жанымнан
бір елі ұзап кетпейтін болды. Күндіз шатырымның
алдында жайылып жүреді. Асыранды ешкіні кѳбейтудің
қажет екендігі туралы ой түсті, оқ-дәрі таусылғанша
осыны жүзеге асыруым керек екен. Желтоқсанның 28, 29,
30 
және 31-і. Жел жоқ, күн қапырық. Мұндай қапырық
күндерде аң аулауға тек кешке қарай шығамын. Осы
күндерде де шаруашылығымды реттеумен болдым.
Қаңтардың 1-і. 
Бетті қарпыған аптап ыстық
басылмады. Дей тұрғанмен бүгін екі рет таңертеңгілік,
кешкілік аңға шығып келдім. Түс мезгілінде сәл тынығып
алдым. Кешкілік аралды аралап біраз жүріп қайттым,
барған жерімде ешкілер тым кѳп екен, атайын деп ем,
маңайлатпады. Итімді қоссам ба деген ой келді.
Қаңтардың 2-сі. Итімді ертіп шығып ешкілерге
қостым, бірақ бұл нәтижесіз қадам болды, ешкілер үркіп
қарсы жүгіріп еді, ит қорқасоқтады ма, маңайларына
жуымай қойды.
Қаңтардың 3-і. Қорғанымды нығайттым, себебі әлі
үрейлімін.
Сыртқы жағын бұрынғыдан да гѳрі нығыздағым келді.
Ескерту. Қорғанымның қалай тұрғызылғанын бұдан
бұрын да айтып бергенмін, сондықтан бұл туралы
жазылғандарды енді қайталамасам да болады. Бірақ
тѳбені жѳндеуге қаңтардың 3-і мен сәуірдің 14-іне дейінгі
аралықтағы уақытым кетті, қорғанның ұзындығы 24
метрден артық болмаса да кѳп уақыт қажет болды.
Қорғанымның бір шеті иіліп барып тауға тіреледі.
Мѳлшермен алғанда тауға сегіз метрден артық қашық
емес, сол арадан сырт жаққа шықпай, тіке үңгірге
қатынайтын есік бар. Осы күндердің бәрі бейнетті болды,
қарап 
отырмай 
іспен 
шұғылдандым. 
Кей-кейде
77


жаңбырдың салдарынан аптаға жақын үйден шықпай
отырған да кездерім болды, бірақ қорғанның сыртын
ойдағыдай еткенімше қауіпсізбін деп ойлағаным жоқ.
Керемет тер тѳктім деп айта алмас едім. Ең қиыны –
орманға барып ағаш кесу, оны тасу, жерге қағу, қазықтар
да ауыр еді, әрбірін бір адам зорға кѳтереді. Қорған
жұмыстары нәтиже тауып, сыртқы жағы нығайғаннан
кейін жүрегім орнына келіп, жаным тыныш тапты. Бұл
маңда адам баласы бар десеңіз де менің үйімнің бар-
жоғын сезбейді, кѳрсе де үй деп ойлауы екіталай, себебі
адам тұратын нәрсеге ұқсамайды. Әрине, бұл менің
қиялымнан туды ғой, бұл жайында бір қызықты әңгіме
бар, оны кейінірек айтып беремін. Жауын-шашынсыз
ашық күндердің бірінде құс аулауға шықтым, ѳзіме пайда
әкелер нәрселерге куә болдым. Мысалы, тұқымы басқа
жабайы 
кѳгершіндерді 
кѳрдім, 
олар 
біз 
кѳрген
кѳгершіндердей ұяларын ағаштың басына салмайды,
олардың ұясы жартастың қуысында болады екен. Әлгі
кѳгершіндердің бірнеше балапанын ұстап алып, асырап
ѳсірмекке үйге алып келдім. Ѳздері асырауға кѳнгіш
болады екен, бірақ қанаттары жетілген соң ұшып жѳніне
кетті, жемнің жоқтығынан шығар.
Асырап әуре болғаным жоқ, қолыма түскенін қорек
ете бердім.
Шаруашылығымды ыңғайладым десем де, әлі де
керекті заттар кѳп екен, мысалы, кемеден алған екі-үш
кішкене бѳшкем бар еді, осыларды құрастырып пайдама
жаратайын деп бір апта әурелендім, бірақ бѳшкеге
ештеңе де сала алмадым. Су кетпестей етіп қабыстыра да
алмадым, ақыры түк шықпайтын болған соң текке
әуреленгенді қойдым.
Майшам мен үшін ѳте қажеттілік тудырды (бұл жерде
сағат жетінің шамасында-ақ қараңғы түседі). Балауыз
болса деймін, бірақ оны қайдан аламын. Жалғыз-ақ
78


ешкінің майы болмаса, басқа жарық болар ештеңе жоқ.
Саздан илеп ыдыс жасап, ешкінің майынан шам істедім.
Саздан илеген ыдысымды күннің кѳзіне кептірдім. Ескі
арқанның түтеленген кендірінен білте жасадым. Шам
күңгірттеніп жанды.
Қарбаласып қапшық іздеп заттарымды ақтара
бастадым, қарап жүріп ішінде жемнің қалдығы бар
кішілеу бір қапшық тауып алдым, ешқандай дән кѳзіме
түскен жоқ. Қапшық кемеде бұрыннан жатқан болу
керек, тіпті бұдан бұрын Лиссабоннан шыққан кезден
болса керек. Жасыннан қорқып дәріні бѳлшектеуге және
соған керекті ыдыс таба алмай абыр-сабыр болып жатқан
кезім, қапшықты тастың түбіне апардым да, сілкіп-сілкіп
алып келдім.
Мұның бәрі нѳсер жауынның алдында ғана болған еді.
Қапшықты қай жерге сілкігенім де есімде жоқ. Айға жуық
уақыт ѳткен соң алаңның түбінде қаулап ѳсіп келе жатқан
шѳптің бірнеше кѳк сабақтарын кѳрдім.
Бастапқыда оның не екенін де ажырата алмадым,
әншейін бір шѳп шығар дедім де қойдым. Бірнеше апта
ѳткеннен кейін әлгі сабақтар бас жарыпты, Еуропа мен
Англияда ѳсетін арпадан бірде-бір кем емес, кәдімгі арпа
пайда болды.
Кѳргендегі таңғалысымды айтып жеткізе алмаймын.
Айдалаға арпа қалай шығады, қандай ғажап? Әр түрлі
ойдың жетегінде болдым. Мен ешнәрсені дінге сүйеніп
істемейтінмін және дін туралы түсінігім де тѳмен еді,
тұрмыстағы ірілі-уақты оқиғаларды кездейсоқ нәрсе я
құдай ісі дейтінмін де қоятынмын. Тіршілікті жаратушы
құдай қандай мақсатты кѳздейтінін еш ойламаушы едім.
Бірақ ѳсіп тұрған арпаны кѳргенде тұла бойым
шымырлап, қатты қобалжыдым, ауа райы ѳте жайсыз
мекенде де арпа шығады екен, ал шықты делік, бірақ
қайдан келіп түскен? Белгісіз. Содан кейін мен бұл
79


құдайдың құдіретімен болған, мені есіркеген, кѳз
жасымды кѳріп рақымы түскен екен, пендесін аштан
ѳлтірмеу үшін аралға арпа ѳсірген екен деп ойладым.
Осылай ойлағанымда буын-буыным босап елжіреп
кеттім, кѳзден жас парлады, бұл ғажап құбылыс мен үшін
болып отыр ғой деп қуандым. Таңғалып отырғанымда
арпа сабақтарының арасында жаңа ѳсіп келе жатқан тағы
да бір жас ѳсімдіктердің қаулап келе жатқанын байқадым,
ол күріш болып шықты, күріш екенін бірден байқадым.
Себебі Африкада жүргенімде күріш еккен жерлерде кѳп
болғанмын. Күріш пен арпа маған құдайдың құдіретімен
жіберілген екен деп ойлап, енді басқа да жерлерде ѳсіп
тұрғандары болуы мүмкін деп үміттендім, басқа жерде
жоқ дегенге сенгім де келмеді. Маңайымның бәрін кезіп
шарладым, түкпір-түкпірді қалдырмай бәрін араладым,
бірақ еш жерден күрішті де, арпаны да кездестірмедім.
Сол кезде қапшықты үйдің жанында сілкігенім есіме
түсті. Мұның ешқандай құдіреті жоқ екен, бұл кәдімгі
табиғи нәрсе болып шықты. Шынын айтуым керек, бұл
жайды білгеннен кейін құдайға құлшылық қылуды
доғардым.
Бірақ мен қандай оқиғаға тап болсам да, бәрі
құдайдың құдіретімен болған сияқты, ойлап қарасам, бұл
да бір құдайдың жарылқағаны емес пе. Абырой болғанда,
қапшықты күн түспейтін кѳлеңке жерге сіліккенімді
қарашы, кішкене аулағырақ түскенде, ыстыққа күйіп,
қурап қалар еді. Піскеннен кейін күріш пен арпаны қалай
жинап алғанымды оқырманның ѳзі-ақ білер (осы уақыт
маусым айының аяқ кезі еді). Бір дәнін қалдырмай уқалап
үгіп алдым да, ѳзімнің ішіп-жеуіме жетерліктей етіп дән
жинау үшін егін салуға ниеттендім. Жинаған дәнім тѳрт
жылдан кейін барып азық етуге жете бастады, бұл туралы
сосын айтып беремін. Әуелгі еккенім дұрыс болмай,
егінім шықпай қалды, ѳйткені мезгілді есепке алмай,
80


дәнді қуаңшылық кезінде сеуіппін, сондықтан ойдағыдай
дән жинап ала алмадым, бұл туралы да кейінірек
әңгімелермін.
Арпадан басқа жиырма-отыз сабақтай күріш ѳсті, оны
да түгелімен жинап алдым, нан пісірудің, дәлірек айтсам,
пешсіз тамақ дайындаудың жаңа әдісін ойлап таптым.
Енді күнделігіме қайта оралайын.
Тѳрт немесе үш жарым айдай қорған жұмыстарымен
айналыстым, қолым қалт еткен жоқ.
Сәуірдің 14-і. Қорған жұмыстарын аяқтадым. Бұл
маңайда адам тұратын жай бар екенін ешкім білмесін
деп, басқышпен түсіп, басқышпен шығамын деген ойда
болдым.
Сәуірдің 16-сы. Басқыш жұмыстарын бітірдім, ішке
кіргенде басқышты ѳзіммен бірге ала түсемін. Енді жан-
жағымның бәрін қымтап алдым. Қамалым кең, тѳбесінен
түспесе, қабырғамен ѳрмелеп ішке кіре алмайды. Келесі
күні тѳккен терім бекер болып, ѳзіме де ажал тѳнгендей
болды. Шатырдан шығып үңгір аузында бір іспен
шұғылданып жатыр едім, үңгірден, тау жақтан үстіме
топырақ құлап, тіреуіш қылып қойған алдыңғы қатардағы
екі баған сытырлап майысты. Зәрем ұшып, қатты
қорықтым, не себепті мұндай тосын жайдың болғанын
білмедім, ѳткен күндегідей үңгір ішіне қарай опырылып
түскен екен деп ойладым. Үстімді басып қала ма деп
қауіптендім де, басқышқа қарай жүгірдім, басқышты
қойып үйдің қабырғасын жағалап далаға шықтым,
шыққан соң себебіне түсіндім, әлгінің бәрі жер
сілкінгеннен болған екен. Бейнебір басым айналғандай
аяғымның асты теңселіп тұрды, жер сегіз минѳттің ішінде
қатты-қатты үш-тѳрт рет сілкінді, бұл жерде қандай
мықты үй болса да қирап қалған болар еді. Менен жарты
мильдей жерде теңіздің жағасында тұрған жартастың
үстіңгі жағы құлап түскенде жер қозғалды, мұндай
81


гүрсілді ѳмірімде естіген емеспін. Теңіз де қатты
шайқалды. Соған қарағанда теңіз астының қозғалысы жер
бетіндегіден де қатты болады-ау деп ойладым. Бұрын-
соңды мұндайды кѳргенім жоқ, қорыққанымнан есім
шығып, мелшидім де қалдым. Жердің қозғалуы кеме
апатқа ұшырағандағыдан кем әсер еткен жоқ, кеудемдегі
жаным шығып бара жатқан сияқты сезіндім. Бірақ
жартастардың құлаған қатты гүрсілінен есімді жиып
алдым. Ѳз-ѳзіме келген соң, шатырды таудан құлаған
топырақ басып қалады-ау деп ойлағанымда жүрегім
мұздап, буын-буыным қалтырады. Үйге кіруге қорқып, не
істерімді білмей, кѳп уақыт бойы құлазып далада
отырдым. Осы сәтте “Жаратқаным, сақтай гѳр!” дегеннен
басқа ештеңе ойлағаным жоқ, жер сілкініп болған соң, ол
сѳздерді де ұмыттым.
Аспанды бұлт қаптап, дала күңгірттеніп кетті, әуелі
сәл ғана жел тұрып, бірте-бірте күшейе түсті, артынан ол
қатты дауылға айналды. Теңіз шулап, беті кѳбіктеніп, асау
толқындар жағаға соқты, бірсыпыра ағаштарды қопарып
та кетті, ѳте үрейлі кѳрініс. Бұл кѳрініс үш сағатқа
созылды, содан кейін дауыл басылды, енді бір-екі сағатта
жел де тынды, тыныштықтың орнағаны сондай, масаның
ызыңы да естілмейді, артынан іле-шала қатты жаңбыр
жауды.
Дауыл басылғанша үрейім ұшып, қорғаныма кіре
алмай, далада отырдым. Жаңбыр жауған кезде ойыма
келгені, жел басылып, жаңбырдың жаууы жер сілкінудің
салдары шығар, енді басылған болуы керек, тәуекел, үйге
кірсем қайтеді деп ойладым. Осы ой келгенде еңсем
кѳтерілгендей 
болды. 
Үйге 
кіріп 
ем, 
жаңбыр
бұрынғысынан да күшейіп, тѳбеден тамшы ағып, топырақ
басып қала ма деп қорықсам да, амалсыздан үңгірде
отыруға тура келді. Бұл нѳсер маған тағы да аяқ астынан
жұмыс тауып берді: қорғанның тау жақ тұсын тесіп, су
82


ағар жасадым, әйтпесе үңгірді су басып кететін түрі бар.
Үңгірде 
біраз 
отырғаннан 
кейін 
сілкінудің 
енді
қайталанбасына кѳзім жетіп, жаным жай табайын деді.
Кѳңілімді кѳтерейін дедім де, бір жұтым ром іштім. Мен
ромды үнемдеп анда-санда, аз-аздап ішетінмін, таусылып
қалса, таптырмайтынын білемін ғой.
Келесі күні де жаңбыр жауып, тысқа шыға алмадым.
Жүрегім орнына түсіп, жаным тыныш тапқан соң, әрі
қарай не істеу керек екенін ойладым. Бұл мекенде жер
сілкінеді екен, енді маған үңгірде тұруға болмайды деген
қорытындыға келдім. Енді шатырды орнынан кѳшіріп,
ашық жерге орнатуым я қос тігуім керек, адамнан, аңнан
қауіпсіз болу үшін бұрынғыша сырт жағын нықтап алуым
керек. Егер қонысымды ауыстырмай осы үңгірде қалар
болсам, күндердің бір күні тірілей кѳмілетінім анық.
Расымен де шатырымның тұрған жері қауіпті, таудың
құлама етегі, егер тағы жер сілкінсе, таудан топырақ
құлап, құм басып қалуы анық. Сондықтан шатырды басқа
жерге кѳшірмекші болдым. Келесі екі күнде – 19-ы мен
20-
сында үй салып, қоныс қылар жаңа орын іздедім және
жоспарымды іске асыруды ойладым.
Үйімді құм басып тірілей кѳмілемін деген үреймен
түні бойы ұйықтай алмайтын болдым; қорғаннан сырт
жерге түнеуге де қауіптендім. Даяр жайды, жиюлы
мүлікті тастап кетуге кѳзім қимады – қай жағынан болса
да қолайлы, ықшам, мықты, қауіпсіз әрі таза және біраз
тер тѳктім – қонысымды ауыстырғым келмеді. Бұдан
кейін мынадай ой туды.
Жаңадан қорған салып, оны нығайтып, ол жерге кѳшіп
барғанша біраз уақыт ѳтеді, дегенмен үңгірде қалудан
кѳпке дейін қорқып жүрдім. Енді тынышталайын дедім,
бірақ кѳп уақыт оздырмай жаңа қорған салу қамына
кірістім, 
бұрынғыдай 
қазық 
қағып, 
арқанмен
байластырып нығайтқым келді, қорғаным біткен бойда
83


шатырымды кѳшірмекшімін; оған дейін кѳшу ісіне
әзірленіп осы арада тұра бергім келді. Бұл сәуірдің 21-і
еді. Сәуірдің 22-сі. Келесі күні ойымды қалай жүзеге
асырамын деп ойлай бастадым. Құрал-сайманға ѳте зәру
едім. Қолда үш үлкен балта, бірнеше ұсақ балта тағы бар.
Бұл құралдарды үндістерге сату үшін алғанбыз, бірақ
қатты заттарға тынымсыз жұмсай берген соң кѳбінің жүзі
майырылып, мұқалып қалған. Балталарды қайрап,
ѳткірлейтін қайрақ бар, бірақ оны аяқпен басып, тасын
айналдыруды білмейді екенмін. Қайрақты іске қосамын
деп кѳп әурелендім, әрі айналдырып, бері айналдырып
кѳп уақытқа дейін нәтиже шығара алмадым. Бірде-бір
мемлекет 
қайраткері 
маңызды 
саяси 
мәселені
талқылағанда да тап мен секілді басын қатырмаған болар
және бірде-бір судья адамның тағдырын шешерде оны
ѳлтіру, я тірі қалдыру мәселесін шешу үшін тап мен
секілді ақылын сарп етпеген болар. Ақырында доңғалақ
пен қайысты шарға үйлестіріп, қайрақты аяғыммен басып
жүргізетін болдым.
Ескерту. Осы уақытқа дейін мұндай қайрақты кѳрген
емеспін, мұндай қайрақтар ағылшындарда ѳте кѳп болса
да, оның қалай іске қосыларын байқаған да емеспін. Оның
үстіне қайрақ ѳте үлкен және ауыр. Қайрақты құрудың
ѳзіне бір апта уақытым кетті.
Сәуірдің 28-і және 29-ы. Осы екі күндегі жұмысым бар
құралдарды қайрап, ѳткірлеу болды. Дұрыс үйлестіріп
құрғандықтан, қайрақ жақсы жұмыс істеді.
Сәуірдің 30-ы. Кептірілген наным таусылуға айналды.
Кепкен нан салған қаптарымның бәрін түгендедім де, енді
күніне біреуден артық жемеуді ұйғардым.
Мамырдың 1-і. Бүгін таңертең судың кейін қайтқан
кезінде теңіз жаққа қарап едім, жағалауда бѳшке
сықылды бір ірі нәрсе қарайып кѳзіме түсті. Жақын келіп
қарасам, кішілеу бір бѳшке. Қасында кеменің бір-екі
84


сынық тақтайлары жатыр. Бұларды дауыл жағаға
шығарып тастаған болу керек. Кеме шѳккен жерге кѳзім
түсіп еді, қалған бѳлігі кѳтеріліп, су бетіне шығайын депті.
Бѳшкенің іші толған мылтықтың дәрісі, бірақ су тиіп, тас
болып қатып қалыпты. Жағадан аулағырақ жерге
апардым да, ѳзім кеменің қирандысы кѳрінген жерге
қарай бет алдым. Жақын келіп кѳргенім – кеме қызық
орналасқан. Тұмсық жағы құмға батып кеткен, қазір
кѳтеріліп алты футтай жоғары шығыпты, ал енді (оның
құйрығы әлдеқашан мен кемеге соңғы рет барған кезімде
– 
алдыңғы жағынан бѳлініп қалған еді) күл-талқаны
шығып қирап, алдыңғы жағынан бѳлініп қалған, құйрығы
аударылып қырынан түскен қалпы жатыр. Бұрын кемеге
ширек мильдей жер қалғанда су басталатын, сондықтан
мен жүзіп жететінмін, қазір айналасын құм басып тѳбе
болып қалыпты. Әуелгіде таңғалсам да, артынан жер
сілкінгеннен пайда болғанын білдім. Жер сілкінген кезде
кеме бұрынғысынан да шѳгіп қалғанда қалдықтарын
толқын сүйреп жағаға шығарып тастапты.
Кемеге алаң болып жүргенде, қонысымды ауыстыруды
ұмытып кетіппін. Кеменің іші құм басып бітеліп қалған,
кіру үшін күнұзақ әурелендім. Кіре алмағаныма
қайғырғаным жоқ, ѳйткені мен қайғыру дегенді
әлдеқашан ұмытқан адаммын. Бір пайдама жарар дедім
де, қолыма іліккенін бѳлшектеп таси бердім.
Мамырдың 3-і. Бүгін арамен жұмыс жасадым. Орта
діңгегі ұстап тұрған кеменің жүк тиейтін артқы жағын
аралауға кірістім, тақтайларын сыдырып алып, жоғары
шығып жатқан бѳлігін құмнан аршыдым. Кѳп ойланбай,
су кѳтерілген соң үйге қайттым.
Мамырдың 4-і. Балық ауладым, бірақ жеуге татырлық
бір балық та ұстай алмадым. Қармағымды ешнәрсе
қаппай, ішім пысып, енді кетемін деп отырғанымда
қармағыма кішкене балық ілікті. Қармағым қолдан
85


жасалған, қармақбауын арқанның тарқалып түтеленген
кендірінен ескенмін. Ілгешегімнің тілі жоқ болатын, сонда
да осы қармақпен кѳп балық ұстап, тамақ асырадым.
Тұздап, күннің кѳзіне іліп кептірдім де, пісіріп жей
бердім.
Мамырдың 5-і. Кемеге барып тағы біраз нәрсемен
шұғылдандым. Екінші бѳлігін кесіп алдым. Палубадан үш
үлкен қайың тақтайды сыдырып алдым да, су кѳтерілген
кезде итеріп жағаға шығардым. Мамырдың 6-сы. Кемеде
болдым. 
Бірсыпыра 
темір-терсек 
және 
бірнеше
бұрандама алдым. Жұмысқа жан-тәніммен берілген соң,
әбден сілем қатып келдім, әбден шаршап келген соң,
азаптанбай кемеге баруды қойсам қайтеді деп те
ойладым.
Мамырдың 7-сі. Кемеге тағы бардым, бірақ бұл сапар
іс істейін деп барғаным жоқ. Себебі бимстерді кесіп
бітіргенмін, ал палуба ѳз салмағымен екіге бѳлініп,
трюмге кіретін жол ашылыпты, трюмді қарайын деп едім,
бірақ құм мен су ернеуіне дейін лық толыпты.
Мамырдың 8-і. Темір сүйменмен кеме палубасының
барлық тақтайын қопарып алғым келді, ѳйткені палуба
құмнан әбден тазарған. Екі тақтайды қопарып алып, су
бетімен қалқытып жағаға шығардым. Ертең тағы керек
болар деп, сүйменді сол күні кемеге тастап кеттім.
Мамырдың 9-ы. Кемеде болдым. Бірнеше тақтайды
қопарып алып, трюмге түстім. Сүйменмен әр жерін
сұққылап, бес-алты бѳшке таптым. Бәрін де сүйменмен
қопарып, жоғарыға шығардым, бірақ аузын аша
алмадым. Түрткілеп жүріп бірнеше құйылған қорғасын
да таптым, шамалы кѳтердім, бірақ алып шығаруға
шамам келмеді.
Мамырдың 10-ынан 14-іне дейін. Кемеде болдым.
Бірнеше бѳлек-бѳлек ағаш, тақтайлар алдым және екі-үш
центнер темір-терсек жинадым.
86


Мамырдың 15-і. Бүгін кемеге ѳзіммен бірге екі кішкене
балта алып бардым, ішкі ойым, жаңқалап болса да
қорғасын кесіп алу еді (балтаның біреуін пышақ, біреуін
балға орнына пайдаланғым келді). Бірақ бір жарым
футтай су астында қалғандықтан, қорғасын алу қиынға
соқты.
Мамырдың 16-сы. Түнде қатты жел тұрды. Кеменің
діңгектерін одан бетер шайқады. Азық етуге кѳгершін
іздеп орманда кѳп жүрдім, сѳйтіп жүргенімде су
кѳтеріліп, кемеге жете алмадым.
Мамырдың 17-сі. Менің үйімнен екі мильдей жерде
кеменің жағаға шығып қалған қирандыларын кѳрдім. Не
нәрсе екен деп аңсарым ауып қарасам, кеменің тұмсық
жақ бѳлігі екен, ѳте ауыр, кѳтеруге шамам келмеді.
Мамырдың 24-і. Бүгін күні бойы кемеде жұмыс
істедім. Кѳп нәрселерді әрең дегенде сүйменмен қопарып
қозғадым, су кѳтерілген кезде бірнеше бѳшке, екі сандық
қалқып бетіне шықты, бірақ жағалаудан соққан жел
оларды ығыстырып, теңізге алып кетті. Бүгін жел кеменің
бірнеше 
қирандыларын 
және 
ішінде 
Бразилия
шошқасының еті бар бір бѳшкені жағаға шығарып
тастаған, ет теңіздің ащы суы тиіп, құмға былғанып
бұзылып кетіпті.
Мамырдың 25-інен маусымның 16-сына дейін осы
жұмыстарды 
атқардым. 
Анда-санда 
азық 
іздеп
қайтқаным болмаса, басқа жұмысқа алаңдағаным жоқ. Су
кѳтерілген кезде ғана аң аулауға шығамын, ал су кейін
қайтқан кезде кемеге барамын. Осы үш аптаның ішінде
кѳптеген ағаш, тақтай және темір-терсек жинадым, егер
қолымнан келсе, осы алған ағаштардан жақсы бір қайық
жасап шығаруға болар еді. Бұдан басқа бір центнерге
жақын қорғасын алдым.
Маусымның 16-сы. Жағадан үлкен бір тасбақа тауып
алдым. Тасбақа бұрын кѳзге түспеуші еді, бүгін қайдан
87


пайда болғанына таңырқадым. Аралдың екінші жағына
барсам, тасбақа кѳп екен.
Маусымның 17-сі. Кѳмір жағып тасбақаның етін
пісірдім. Ішінен алпысқа тарта жұмыртқа шықты.
Ѳмірімде мұндай тәтті етті жеп кѳрмеген шығармын,
бірақ тәттілігіне таңғалуға да болмайды, себебі аралға
келгелі жегенім – тек ешкінің еті мен құстың еті.
Маусымның 18-і. Күнұзақ жауын жауған соң үйден
шыққаным жоқ. Тұла бойым мұздай бастады, бірақ
тоңуым мүмкін емес, менің білуімше, бұл жерлерде суық
болмайды. Суық тиді ме, білмеймін.
Маусымның 19-ы. Қысты күнгідей денем қатты
мұздап, тұла бойым қалтырады.
Маусымның 20-сы. Тұла бойым қалтырап, басым
қатты ауырды, түні бойы ұйықтай алмай шықтым.
Маусымның 
21-
і. 
Бұрынғыдан 
да 
бетер
тынышсыздандым. Ауырып қалдым ба деп қатты
қорықтым. Егер ауырар болсам, халім не болмақ?
Қорыққанымнан 
құдайға 
жалбарынып, 
дұға 
оқи
бастадым, бұл Гулльдің түбінде болған апаттан кейінгі
бірінші рет жалбарынуым, бірақ шын беріліп дұға
оқымадым, әрнәрсе ойыма түсіп шатаса бердім, тек
әйтеуір аузым күбірлейді.
Маусымның 22-сі. Бүгін кішкене тәуірмін, бірақ
үрейім басылар емес.
Маусымның 23-і. Тағы тынышсыздандым: денем
қалтырап, басым қатты ауырды.
Маусымның 24-і. Тәуірлеу болдым.
Маусымның 25-і. Қатты безгек ұстады, жеті сағаттың
ішінде бір қызып, бір суындым. Аздап терлегесін
басылды. Маусымның 26-сы. Ѳз-ѳзіме келіп, бетім бері
қарағандай болды. Азық қылар етім таусылған соң,
айығып кетпесем де, амалсыз аң аулауға шықтым. Бір
ешкі атып алып, үйге зорға кѳтеріп келдім, кѳмір жағып
88


бір бѳлек етін пісіріп жедім. Сорпа істеп ішкім келіп еді,
бірақ оны құйып ішер ыдысым болмады.
Маусымның 27-сі. Қатты безгек тағы қысты, тѳсекте
қозғалмай күні бойы жаттым. Шѳл қысып ѳліп кете
жаздадым, бірақ суға баруға шамам келмеді. Құдайға
жалбарынып тағы дұға оқыдым, бірақ ойым шашырап,
аузыма бір дұға түспеді, бар болғаны “Е, құдай, сақтай
гѳр, е, жаратқан сақтай гѳр” дей бердім. Қызуым
басылғанша екі-үш сағат бойы жаным кѳзіме кѳрінді.
Ауруыммен арпалысып жатып ұйықтап кетіппін,
қозғалмастан түн ортасына дейін тәтті ұйқы құшағында
болдым. Оянсам, бойым сергіп жеңілдеп қалыппын, бірақ
әлсіздіктен буын-буыным дірілдейді. Тұрып су ішейін деп
ем, үйде я үңгірде бір ұрттам су жоқ, амалсыз таңның
атуын күтуге тура келді. Таң атып келе жатқанда ұйқыға
кетіп, бір жайсыз түс кѳрдім.
Түсімде былай болды: жер сілкінген күнгі қорғанның
сыртында отыр екенмін. Бір кезде аспанды қара бұлт
қаптап, ішінен тұла бойы жалын, алпамсадай бір адам
салбырап түсіп келе жатыр. Отқа оранған адамның қызуы
кѳзіңді қарықтырады. Әлгі адамның түрі кісі шошырлық,
тіпті ауызбен суреттеп беру мүмкін емес.
Табаны жерге тие салысымен салмағынан жер
қозғалды, ең қорқыныштысы, бар маңай найзағай
жарқылындай жап-жарық болып кетті. Табаны жерді
басқан бойда тура маған қарай жүрді, қолына ұзын найза
ұстаған, мені ѳлтірмек ниетте сияқты. Маған жақын келді
де, бір тѳмпешікке кѳтерілді, бір нәрселер айтып
күмілжиді, бірақ сѳздері түсініксіз. Тек соңғы бір-екі сѳзі
болмаса, жарытып ештеңе түсіне алмадым: “Сынағына
қанша салса да, сен жаратқанға мойынсұнбадың, енді
азабыңды тарт солай”, – деді де, маған қарай найзасын
кезеді.
Әрине, кѳрген жайсыз түсім ұйықтап жатсам да маған
89


қатты әсер еткенін, дәл сол кездегі кѳңіл күйімді қазір
жеткізе алмаймын, бірақ халімді осы жолдарды оқып
отырған адам түсінетін шығар деп ойлаймын. Оянғаннан
кейін түс екенін білсем де, ѳзіме ѳзім келе алмай ұзақ
жүрдім.
Алайда менің жан дүниемнің құдаймен ісі болған жоқ.
Ѳзім сияқты дінсіздермен сегіз жыл бойы теңіз кезіп
тентіреп жүрген соң, дін туралы әкемнің де уағыздары
аяқасты болды. Осы жылдарда құдайды есіме алған кезім
немесе ѳз-ѳзіме есеп берген бір күнім болды ма екен,
есіме түсіре алмадым. Мен зұлымдық, жақсылық деген
ұғымдардың да ара жігін ажырата алмай қалдым.
Ұшқалақ, намыссыз, топас теңізшілерден еш айырмам
болмай қалды. Құдайдың қиын сәттерде жарылқағаны
үшін ризашылық білдіруді де ойыма алмаған екенмін.
Аралға табаным тиген күні кемедегі жолдастарымның
бәрі суға кетіп, жалғыз ѳзім аман қалғанымды
түсінгенімде 
қуанғанымнан 
бұл 
бір 
құдайдың
жарылқағаны деп жан-тәніммен жаратқанға ризашылық
білдіргенім рас. Ажалынан құтылған жай тіршілік иесі
ретінде айтсам, аман қалғанымды сезген бойда қатты
қуандым. Неге екенін білмеймін, ѳзгелердің бәрі ажал
құшқанда менің ѳміріме араша болып, мені ғана тірі
қалдырған құдайдың шексіз мейірімі туралы ойға да
алмай жүре беріппін.
Мұның артынан тағдыр айдап адамдар арасынан кѳз
жазғанымды, алдағы күндерден ешбір үміттің жоқтығын,
жалғыз екендігімді, адам баласынан қол үзгенімді, арқа
сүйер ешкімнің болмайтынын білсем де түңілмедім.
Аштан ѳлмесіме сеніп, тіршілігімді құра алатыныма кѳзім
жеткен соң, қалың қайғы, қара ойлар аулақ кѳшті, жаным
жай тауып, жүрегім орнына түсіп, кѳңілім тұрақтады,
айтылғандардың бәріне кѳзім жетіп, кѳңілім сенгеннен
кейін тіршілік ету қамына кірістім және басыма түскеннің
90


бәрін құдайдың қарғысынан болды-ау деп ойлағаным да
жоқ. Бұлай ѳте сирек ойлаушы едім.
Мен күнделігімде жазғанымдай, дәннің аяқасты пайда
болуы құдайдың құдіретімен болған іс екен деп
ойлағаннан кейін дінге ықыластанғаным рас, ойым
жалған болып шыққан соң, алған бетімнен қайттым.
Жер сілкінісі – кѳзге кѳрінбейтін, тікелей аспан
құдіретінің күшімен болатын қаһарлы кѳрініс, мұндай
қуатты күш жаратылыста жоқ шығар, жер сілкінгенде де
мен қатты үрейленген жоқпын: сілкініс қалай аяқталды,
қорқыныштың әсері де солай басылды. Құдайды да,
құдайдың қаһарын да сезбедім, естен кетпес бейнетті
күндерімді, апатқа ұшырағанымды да құдайдың кәрінен
болды деп білгенім жоқ. Енді, міне, науқастанып ѳлім
суреті кѳз алдыма келген сәтте, безгектің зардабынан
денем қалжырап әлсіреген уақытта, ар-ұятым оянды:
ѳткендерім ойыма түсіп, ѳзіме-ѳзім кейідім, мінез-
құлқымның терістігінен құдайдың кәріне ұшырағанымды,
менің істеріме тағдырдың тартқан сазайын әділдік деп
түсіндім.
Әсіресе науқастанғанымның екінші және үшінші
күндері ауыр ойға шомып, денем қатты қызып, аласұрып
жатқан кезімде күбірлеп дұға оқығандай болдым, бірақ
оны дұға деуге де келмейтін. Менің күбірімде сенім де,
тілек те жоқ еді, мұның бәрі қорқыныштың салдары. Есім
ауып ойым шатаса берді, ѳйткені ѳзін-ѳзі әшкерелеу қиын
нәрсе, маған тѳнген ѳлім қаупі ақылдан адастырды,
денемді мұздатты, сандырақтап не айтып жатқанымды
ѳзім де түсінгенім жоқ. “Е, құдайым, мен неге бақытсыз
болдым! Мен ауырсам, арты ѳлім ғой, маған кім жәрдем
етеді. Ендігі күнім не болмақшы?” дей бердім. Кѳзімнен
аққан жасым сорғалап қойныма құйылды, мұның
артынан тілім күрмеліп, кѳпке дейін тілге келе алмай
жаттым.
91


Жан дүнием құлазығанда әкемнің айтқан сѳзі есіме
түсті, бұл туралы әңгіменің бас жағында айтып едім ғой,
егер мен алған бетімнен қайтпасам, маған құдайдың
рақымы түспейді, әкемнің ѳтінішін аяқасты еткеніме
ѳкінемін, бірақ ѳкінгеніммен енді келіп-кетер ештеңе жоқ,
қатемді түзетудің кеш екенін және білемін. Сүйікті
әкемнің сәуегейлігіне енді куәмін, қысылған сәтте
жанымда жан баласы жоқ. Жалғыздық азабын тартқаным,
бақытсыздығымның бәрі құдайдың кәріне ұшырағаным
деп білемін. Жаратқанның үніне құлақ асқанымда мұндай
бақытсыздыққа душар болмас едім, ѳмірімнің соңына
дейін шаттықта тірлік кешкен болар едім. Мен мұндай
ѳмірді түсінгім келмеді. Ата-анамның айтқанына құлақ
аспадым. Оларды ақымақтығымнан жылатып-еңіретіп, ѳз
жѳніме кеттім, сазайын енді тартып, қаратүнек ойларға
қамалып, жылап жатырмын. Мен олардың кѳрсеткен
кѳмегін, берген жәрдемін де аяқасты қылдым, егер қабыл
еткен болсам, дұрыс жолмен жүрер едім, қадамым
қайырлы болар еді, енді мен адам баласы тѳзбес
қиыншылықтармен жалғыз күресуім керек. Жаратушы
иеме “Мені есірке, жарылқа, әйтпесе құрдымға кетіп
барамын” деп тіл қаттым. Егер мұны дұға деп есептеуге
болатын болса, бұл менің кѳп жылдан кейін оқыған
бірінші дұғам еді.
Енді тағы да күнделікке оралайын.
Маусымның 28-і. Таңертең тәуір болып басымды
кѳтердім, ауруымның беті қайтқан сияқты. Түсімде кѳрген
қорқыныштың әсері әлі басылар емес, ертеңгі күні де тағы
қызу кѳтеріле ме деген қауіп болды, бойымда қуатым
барында азық-түлік, басқа да күнделікті керектілерімді
қасыма жақын қойғым келді. Ең әуелі ыдысқа су
толтырып үстел үстіне қойдым, үстелді тѳсекке қарай
тартып, қол созым жерге жақындаттым, суықты қайтару
үшін, безгектің зәрін сындырайын деп су мен ром құйып,
92


шайқап араластырдым. Бұдан кейін ешкінің бір кесек етін
кесіп алып, кѳмірдің шоғына қақтап пісірдім, кесіп
аузыма салдым да, қалғанын қасыма қойдым, кѳп жеуге
тәбетім тартпады. Далада кішкене серуендегім келіп еді,
бірақ буындарым босап, дірілдеп аяғымды баса алмадым.
Безгек тағы да ұстайды-ау деген қорқыныштан және басқа
да үрейден әбден қалжырадым. Кешкілікте шоққа кѳміп,
тасбақаның үш жұмыртқасын пісіріп жедім.
Кешкі тамақтың алдында құдайға жалбарындым:
жаңылмасам, ѳмірімде алғаш рет тамақ жер алдында
шоқынғаным еді.
Тамақтанып болған соң бой жазып, серуендеп қайтпақ
болып едім, бірақ қолдарым дірілдеп, мылтықты кѳтеруге
шамам келмеді (мылтықсыз серуенге шықпайтынмын).
Кѳп ұзамай жүрдім де, тізе бүгіп, аласұрған теңізге кѳз
жүгірттім, теңіз беті тып-тыныш, айнадай жарқырап
жатыр. Ұзақ отырып ойға шомдым: бақытсыздыққа
ұшырасам, бәрі де құдайдың әмірі, ол тек менің емес, бар
жаратылыстың қожасы екен. “Құдай мені не үшін
қарғайды? Мен не жаздым?” деп ѳзімнен-ѳзім сұрадым.
Жауабына арым тіл қатты: “Малғұн! Не жаздым деп
қызармай қай бетіңмен сұрап отырсың? Ѳткен ѳміріңді
ойлап, артыңа бұрылып қарашы, сен не істемедің? Сен не
үшін әлдеқашан ѳліп қалмадың, не үшін сен Ярмут
рейдінде суға батып кетпедің? Баяғыда маврлар
кемелеріңді талап, ѳздеріңді тұтқынға алғанда қалай ажал
құшпадың? Африка жағалауында жүргеніңде жабайы
аңдардың тырнағынан қалай аман қалдың? Ақырында, сен
ѳзге жолдастарың секілді не үшін теңізге батып кетпедің?
Осылардың бәрін біле тұра, не жаздым деп сұрайсың!”
Ѳз жауабымнан ѳзім түңіліп, не қыларды білмей
қатты састым, сенікі теріс деп бір ауыз айта алмадым.
Еңсем түсіп ойға батқан қалпымда орнымнан тұрдым да,
ақырындап үйге келдім. Тѳсекке жатып тынығайын десем,
93


жанымды түршіктірген қайғы ұйқымды қашырды. Қас
қарайып, ымырт жабылды, шамды жақтым да, үстелдің
жанындағы орындыққа отырдым. Безгектің қорқынышы
әлі басылмады, тағы ұстай ма деп қауіптене бердім,
Бразилия елінің халқы науқасты темекімен емдейтіні
ойыма келді, сандығымда бірнеше бѳлек темекі орамдары
жататын, бір үлкен бѳлегі ұнтақталып, даярланып та
қойған еді, ал қалғанын жапырақ күйінде сақтадым.
Темекі іздеп қоймаға бардым. Бұл да құдайдың ісі екен
деп ойладым, себебі сандықты ашқанымда жан дүнием
қалаған нәрселерге куә болдым: іздегенім темекі еді, ең
бастысы, Інжіл кітабын таптым. Кемеден алған кітаптарды
осы сандыққа салған екенмін. Кітаптарды ақтарып
қарауға осы уақытқа дейін қолым тимепті, мүмкін, ниет
те болмаған шығар. Темекі мен кітаптарды үстел үстіне
қойдым. Қалай ойласам да, темекімен безгекті емдеудің
жолын білмедім. Темекі безгекке ем бола ма, жоқ па, оған
кѳзім анық жеткен жоқ. Әуелі бірнеше рет тәжірибе
ретінде емделіп кѳрдім, себебі ем болса, белгісі болар деп
ойладым. Бастапқыда бір түп жапырақ темекіні аузыма
салып, сағыз құсатып шайнадым. Темекі ащы, ал оның
үстіне мен темекі тартпайтынмын, темекінің иісінен
басым айналып, кѳзім қарауытып кетті. Ұйқыға кетпес
бұрын бір шымшым темекіні ромға араластырып,
былғап-былғап сіміріп салдым. Артынан темекіні табаға
қуырып, қақалып тұншыққанша иіскей бердім. Міне,
осылай етіп бірнеше рет ем қабылдадым.
Емнің арасында Інжіл оқуға ниетім ауды, темекінің
иісінен басым айналып, еңсемді кѳтеруге шамам келмеді,
оқуды да қойдым. Інжілді парақтағанымда кѳзіме түсіп,
есімде қалғаны мынадай сѳздер: “Басыңа қиыншылық
түскенде мені есіңе ал, мен сені пәле-жаладан құтқарам,
сен маған құлшылық ететін боласың”. Темекіден басым
айналып, кѳзім қарауытып ұйқы басты. Түнде шамды
94


сѳндірместен тѳсекке құладым. Жатар алдында Інжілдегі

Басыңа қиыншылық түскенде мені есіңе ал, мен сені
пәле-жаладан 
құтқарам, 
маған 
құлшылық 
ететін
боласың” деген жолдар қайта кѳз алдыма келіп, ѳмірімде
алғаш рет тізерлеп отырып құдайға құлшылық еттім.
Келістіріп айта алмасам да, аузыма түскен дұғаны оқып,
темекі салған ромды іштім де, тѳсегіме жаттым. Дәмі
біртүрлі әрі ащы екен, жүрегім айнып, лоқси-лоқси әрең
жұттым. Ішкеннен басымды айналдырды, кѳп ұзамай
ұйқыға кеттім. Ертеңгісін оянсам, түс ауып кеткен, есептеп
қарасам, бір емес, екі түн ұйықтап, сағат үштің
шамасында, үшінші күн дегенде оянған тәріздімін,
неліктен екенін білмеймін, бір күннен жаңылдым,
жаңылғанымды бірнеше жыл ѳткеннен кейін барып
білдім; жаңылғаным тек бір күн болса да, әрі ойлап, бері
ойлап себебін таба алмай-ақ қойдым.
Дегенмен осы ұйқы мені кәдімгідей сергітті. Бойым
жеңілдеп, кѳңілім кѳтеріліп ояндым, бойымда бір шаттық
бар секілді. Бұрынғыдай емес, әлденіп, күш-қуат та кіре
бастаған, тәбетім де ашылып, қарным ашып, тамақтанғым
келді. Сол күні безгек ұстаған жоқ, сол күннен бастап
тәуір болуға айналдым. Бұл жиырма тоғызыншы
маусым еді.
Айдың 30-ы мен үшін сәтті күн болды. Мылтық асып
алып, аңға шықтым, үйден ұзап кете қоймадым. Сыртқы
пішімі үйрекке келетін теңізде жүзетін бір-екі құс атып
алдым да, үйге қарай аяңдадым. Бірақ ол күні құс етін
жегенім жоқ, себебі тасбақаның жұмыртқасына тәбетім
ашылды. Жатар алдында тағы да ѳзім дайындаған емді
қолдандым (ромға салған темекі жапырағының суы,
жапырағын аузыма салғаным жоқ және темекі түтінін де
иіскемедім.) Келесі, шілденің 1-і күні аяқ асты безгегім
ұстады, бірақ қатты болған жоқ, денемді мұздатып,
қалтырадым.
95


Шілденің 2-сі. Темекіні тағы іштім, тек ішіп қана
қойғаным жоқ, иіскеп, аузыма салып шайнадым.
Шілденің 4-і. Ертеңгісін қолыма Інжілді алып, ондағы
ѳсиеттерге аса зейін қойып, зор ықыласпен оқи бастадым.
Сол күннен бастап ертеңгісін, кешкісін белгілі тарауын
емес, кез келген жерін жеткен жеріме шейін әбден
шаршағанша үзбей оқи беретін болдым. “Басыңа
қиыншылық түскенде мені есіңе ал, мен сені пәле-
жаладан құтқарам, маған құлшылық ететін боласың”
деген сѳзді енді бұрынғыдай емес, басқаша қабылдай
бастадым, бастапқы кезде жалбарынсам болды, құдай
жарылқайды деп ойлаушы едім. Тек емін-еркін
жүргендігім болмаса, бұл арал түсінген адамға нағыз
абақты. Інжіл сѳздерін енді мүлде басқа мағынада
ұғындым: ѳткен күнім есіме түссе, жүрегім мұздап, зәрем
ұшып, ѳзімнен-ѳзім үрейленетін болдым, жан дүниемді
мазалаған 
ауыр 
күнәларымды 
кешіре 
гѳр 
деп
жалбарынатын болдым. Менің ауыр күнәларыммен
салыстырғанда, менің жалғыздығымның құны қанша?
Мен енді жалғыздықтан арашала деп құдайға құлшылық
етуді де қойдым, тіпті ойлаған да жоқпын, себебі бұл
түкке тұрғысыз болып кѳрінді. Бұлай айтуымның себебі –
жеке бастың қайғы-қасіретінен арылу емес, ауыр күнәдан
арылу, жан дүниеге тыныштық әкелерін оқырманға
айтқым келеді.
Бұл ойларымды сіздермен кейінірек бѳлісермін, қазір
ѳз күнделігіме қайта оралайын.
Сол кезден бастап кейбір сәттерде кѳңілімнің
құлазығаны болмаса, ендігі ѳз-ѳзіме келе бастаған
сияқтымын. Інжілді үнемі оқуым мен құдайға құлшылық
етуімнің әсері болса керек, жаратқанды басқаша танып,
ѳзіме жат болып келген дүние сырын танып білдім.
Сауығып, күш-қуатым артқан соң қажетті керек-
96


жарақтарды жиыстыра бастадым, енді тұрмысыма
қолайлы жағдай жасауды кѳздедім.
Шілденің 4-інен 14-іне дейін. Кѳбінесе қолыма
мылтық алып, тоғай аралап жүрдім, бірақ әбден әлденіп
алғанша үйден кѳп ұзап кеткенім жоқ. Науқасым әбден
жүдетті, құр сүлдерім қалды. Ѳзімді-ѳзім темекімен
емдеген безгекке қарсы ойлап тапқан менің емім осы
кезге дейін еш жерде қолданылып кѳрмеген шығар, ѳз
тәжірибемнен ѳткізсем де, безгекті осы әдіспен емдеуге
болады деп сіздерге ұсыныс жасағым келмейді, расымен
аурудың бетін қайтарған – темекі, бірақ темекінің
пайдасы болғанымен, зияны да тимей қалмады, қол-
аяғым құрысып, тұла бойым қалтырап ұзақ уақытқа дейін
есеңгіреп жүрдім. Шыбын жанымды кѳзіме кѳрсеткен
дерт – әсіресе найзағайлы, дауылды қатты жауынның
астында қалуға болмайтындығын ескертті, ал жаңбыр
маусымы кезінде, яғни қыркүйек пен қазан айларындағы
жауын-шашынның денсаулыққа зияны жоқ екен.
Қырсық шалған аралда қалғаныма он айдан астам уақыт
ѳтті. Менен бұрын бұл жерге адам баласының ізі
түспегеніне кѳзім әбден жетті, енді бұл қапастан құтыламын
деген үміт жібі үзілді. Бұл маңайдың қауіпсіз екеніне кѳзім
жеткен соң, аралды шарлап, ѳзім бұрын-соңды кѳрмеген
аңдар мен ѳсімдіктердің түрлерін білгім келді.
Шілденің 15-і күні зерттеу жұмыстарын бастадым.
Бірден түнеугүні салыма мініп аялдаған кішкене
шығанаққа қарай бет алдым. Сол жерден ағысты қуалап
екі миль жоғары жүрген соң, теңіз ағынының сол арадан
әрі қарай бармайтынын білдім. Барған жерімдегі
бұлақтың суы тап-таза, мѳлдір. Қуаңшылықтан бұлақтың
кей жерлері тартылып, кебуге жақын қалған, баяу ағады.
Екі жағасында кѳзге әдемі кѳрінген шабындық, теп-тегіс,
шѳбі қалың, жап-жасыл, арғы жағы шамалы жер
97


ойпаттау да, бірте-бірте биіктеңкіреп кетеді, сондықтан
бұлақ ағысы ол жерге дейін жетпейді, жуан-жуан темекі
сабақтары, мұнан басқа да бұрын-соңды мен кѳрмеген
түрлі ѳсімдіктер самсап тұр, егер бұл ѳсімдіктердің
қасиетін білсем, бәлкім, пайдама жаратуға болар еді.
Мен кассавы дейтін ѳсімдікті іздедім, үндістер оның
тамырынан ұн жасаушы еді, бірақ таба алмадым.
Алоэ, қант құрағы секілді үлкен ѳсімдіктерді кѳрдім,
бірақ алоэны пайдаға қалай жаратарын білмедім. Ал
құрақ болса, ол мүлде жабайы, сондықтан оның қасиеті
де жоқ. Алғашқы серуенімнен осыншама нәрсе
тапқаныма қуанып үйге қайттым. Жолшыбай табылған
ѳсімдіктердің қасиетін танып, сапасын қалай ажыратамын
деп ойладым. Бірақ жауабын таба алмадым. Бразилияда
жүргенімде де ол жерлердегі ѳсімдік атаулыға кѳңіл бѳліп
кѳрмеген екенмін. Шілденің 16-сы, сол кешегі жолыммен
тағы жүрдім, бұлақ пен шабындықтың аяқталар тұсынан
ілгерірек, жапырақтар тѳгілген тұсқа қарай бардым.
Аралдың бұл бѳлігінен әр түрлі жеміс-жидектерді кѳрдім
(
қауын, жүзім, тағы басқалар). Жүзімдер ағаштың сәнін
кіргізіп мәуелеп тұр. Әдемі кѳрініске таң-тамаша қалып
біраз тұрдым, қатты қуандым, бірақ жүзімді абайлап
жеуге тура келді, ѳйткені Бразилияда жүргенімде,
тұтқында жүрген бірнеше ағылшындардың жүзімді кѳп
жеп, іш ауруы мен безгектен кѳз жұмғандарын кѳргенім
бар еді. Жүзімді қалай жеудің әдісін ойлап таптым, әуелі
күннің кѳзіне іліп кептіріп, мейіз жасағым келді, себебі
жүзім әбден піскен кезде кептіріп алғаным қолайлы екен
деп ойладым.
Сол күні лашығыма оралмадым, аралға келгелі далада
алғаш рет түнеуім. Бұл да кеме апатқа ұшырап, аралға
алғаш табаным тиген күні ағаш басына түнеп, келесі күні
іске қызу кіріскенім секілді болды. Алқапты бойлай мен
солтүстікке қарай тағы да тѳрт мильдей жүрдім.
98


Бұл жолдың аяқталар тұсы ашық алаңқай, батысқа
қарай 
ойысқан. 
Жоғарыдан 
құлаған 
бұлақтар
күншығысқа қарай ағып жатыр. Айналасы майса, жап-
жасыл кілемнің түгіндей. Бейне адам баласы қолымен
отырғызған бақша секілді, масатыдай түрленіп, мың
құбылады.
Таңғажайып алқаптың ішіне ендім, құлазып жүріп,
кѳңілім жарты болса да мұны кѳргенімде кѳкірегім
қуанышқа толды, бұл байлықтың патшасы мен қожасы
ѳзім ғанамын, менен басқа ешкім иелік ете алмайды деп
ойладым. Егер осы дүниенің бәрін адам тіршілік етер
жерге кѳшіріп апарса, ағылшын лордтарының басыбайлы
мүлкі сияқты, сѳзсіз, менің иелігімдегі ешкім қол сұға
алмас дүние болар еді. Байқап қарасам, ѳмір-бақи
жапырағы солмай бір қалыпта тұратын, адамға ѳте
пайдалы ағаштар кѳп екен, мысалы, пальма, апельсин,
лимон ағаштары, бірақ бәрі де жабайы, ішінара болмаса
кѳбісінің жемісі жоқ. Пісіп жетпеген болса да лимонды
үзіп аузыма салдым, дәмін алу үшін ғана емес, ішкі ағзам
үшін пайдалы деп ойладым. Лимонның сѳлін сығып суға
араластырып ішіп ем, денем мұздап, тынысым ашылды.
Жемістерді жинап, оны үйге тасып жеткізу маған біраз
жұмыс болғалы тұр, дегенмен күзгі жаңбырға дейін жүзім
мен лимонды жинап алуым керек. Жүзімдерді үзіп
алдым да, әр жерге тѳбе-тѳбе етіп үйдім; лимонды да ѳз
алдына бѳлек жинадым. Әлімнің жеткенінше алып,
арқалап үйге қайттым, қалғандарын қапшыққа салып
әкетпекші болдым.
Сонымен, үш күн жүріп үйге оралдым (енді үңгірім
мен шатырымды үй деп атаймын), үйге жеткенше
жүзімдерім бүлініп, пісіп тұрған жас жүзім ѳз
салмағымен езіліп, сѳлі ағып, жеуге де жарамай қалды.
Лимондарды бүтіндей алып келдім, ѳйткені жинағаным
да кѳп емес еді.
99


Шілденің 19-ы, екі қапшығымды арқалап, жеміс теруге
тағы шықтым. Келсем, жинап кеткен жемістерімді жан-
жаққа 
лақтырып, 
шашып 
тастапты, 
жеген,
бірсыпырасының тапталып, езілгенін кѳрдім де аң-таң
қалдым. Бұл жемістерге иелік етіп жүрген бір мақұлық
болу керек, бірақ қандай екенін біле алмадым.
Жүзімді бір жерге үйіп, оны қапшықпен тасу
қолайсыз болған соң, үйге жеткізудің басқаша әдісін табу
керек болды. Біраз жүзімді үзіп алдым да, күннің кѳзіне
кепсін деп ағашқа ілдім. Ал лимонды керісінше,
кѳтергенімше үйге алып қайттым. Үйге келген соң ѳзім
іздеп жүріп тапқан жемісі мәуелеген жер туралы
ойладым. Кѳз тоймас әдемілігіне сүйсініп, тапқаныма
қуандым. Жаратылысы сұлу, желден қағыс, айналасын
қалың ағаш қоршаған, сарқырап ағып жатқан бұлақ кѳз
алдыма елестегенде менің орналасқан жерім қолайсыз
екен деген ойға келдім. Енді қонысымды солай қарай
ауыстырғым келді. Сол жерден қолайлы орын іздеп, оны
да нығайтып, қауіпсіз болу үшін жан-жағынан бекітсем
деймін. Жатсам да, тұрсам да осы ойдан арылмадым: кѳз
тоймас алқаптың әдемілігі мені еліктірді, кѳп уақытқа
дейін кѳшкім келіп аңсарым ауды да тұрды. Бірақ әрі
ойлап, бері ойлап орын ауыстыруым дұрыс емес шығар
деген шешімге келдім, себебі қазіргі тұрған жерім –
теңіздің жағасы, кірсем де, шықсам да теңіз кѳз алдымда,
кім біледі, кемеге кездесермін, мүмкін, күндердің күнінде
мен сияқты бір бейбақты тағдыр айдап осы жерге әкелер,
егер теңізден алыстап, тау-тас, ағаштардың тасасында
қалсам, тірліктен мәңгі қол үзіп, бостандығыма жете
алмай қалармын деп ойладым.
Алқаптың әдемілігіне кѳзім тоймай, шілде айының
соңғы күндерін сол жерде ѳткіздім. Ол жерге кѳшпесем
де, жауын-шашыннан, шілденің қапырығынан құтылу
үшін баспана керек болды, сондықтан жасыл желек
100


арасынан кісі бойынан сәл биіктеу етіп қос тіктім. Ѳрілген
екі шыбықтың арасына ұйысқан қалың шѳптерді салдым,
кіріп-шыққанда 
бұрынғы 
үйім 
секілді, 
сүйемелі
басқышпен тѳбесі арқылы кіріп-шығатын болдым.
Бұл жерде еш қауіп жоқ. Қосымда екі-үш күндеп
қонып жүрген кездерім болды. Теңіз жағасында үйім
болса, енді орман ішінде саяжайым бар дедім
ризашылықпен ѳзіме-ѳзім. Тамыз айы туғанша бар
ермегім осы болды.
Қорғанды тұрғызып, еңбегімнің жемісін енді кѳремін
дегенде қатты жаңбыр жауып, амал жоқ, ескі орынға
қайтуға тура келді. Желкеннің кенебімен тоқыған бұл
жерде де шатырым бар, ол жерде ықтайтын тауы жоқ
және жаңбырда паналайтын үңгір тағы жоқ.
Қосымды тұрғызуды тамыз айының басында аяқтап,
сосын екі-үш күндей тынығып алдым. Ағашқа ілген
жүзімдерімнің кеуіп, нағыз мейіз болуға айнала
бастағанын байқадым. Кепкен жүзімнің бірін қалдырмай
жинап алып үйге таси бастадым, жинап алғаным да жѳн
екен, әйтпесе жаңбырға тиіп шіріп кетеді екен де, қыста
азықсыз қалады екенмін. Жаңылмасам, кептірген жүзімім
екі жүз түптен артық болып шықты. Жинап болған бойда
тездетіп үңгірге тасыдым. Нѳсерлетіп жаңбыр жауа
бастады, тамыздың 14-інен басталған жауын қазанның
ортасына дейін жалғасты, күндіз-түні бір толастамай
жауды да тұрды. Қатты жауған жауыннан бірнеше күн
бойы үңгірден шыға алмай отырған да кездерім болды.
Бүгін отбасымның түгел жиналғаны қызық болды. Бір
мысығымның жоғалып кеткеніне кѳп уақыт болған: оның
қашып кеткенін я бір жерде ѳліп қалғанын білмей ойлап
жүретінмін, бір күні жаңылмасам, тамыз айының аяқ
тұсы болар деймін, соңына ерткен үш баласы бар
мысығым жетіп келді, кѳргенде таңғалдым. Мысығымның
екеуі де ұрғашы еді. Бұл жерде де жабайы мысықтарды
101


кѳріп жүрдім, біреуін атып ѳлтіргенмін, Еуропаның
мысықтарымен салыстырғанда басқашалау кѳрінген, ал
енді соған ұйығып болды ма дейін десем, балалары
енесінен айнымайды. Үшеуі кезек балалап мысық кѳбейіп
кетті, улап-шулап, мияулап мазамды алған соң, үйдің
маңына жолатпай қуып жіберетін болдым.
Тамыздың 14-інен 26-сына дейін жаңбыр тоқтаусыз
жауды, үйден шыққаным жоқ, шығайын десем, салқын
тиіп тағы безгегім ұстай ма деп қорықтым. Жаңбырдың
ашылуын күтіп отырайын десем, азық-түлік азаюға
айналды. Амалым болмай екі рет аңға шығып қайттым.
Әуелгі шыққан күні бір ешкі атып алдым, келесі күні, 26-
сы күні, бір үлкен тасбақа таптым, бұл мен үшін ұлан-
асыр 
той 
болды. 
Ол 
кезде 
мен 
тѳмендегідей
тамақтанатынмын: таңертеңгілік – бір түп жүзім, түсте –
ешкінің немесе тасбақаның қуырған еті, менің сорыма
сорпа дайындайтын, жеміс қайнататын ыдыс болмады,
кешкілік жейтінім – тасбақаның жұмыртқасы.
Жаңбырдан қашып үңгірде отырған жиырма екі күнде
күніне екі-үш сағаттан үңгірді кеңейтемін деп қаза
бастадым. Қорғанның сыртына шығар есік қаққанша қаза
бердім. Басқышсыз да кіріп шығатындай есік жасадым.
Есікті қайдан жасасам деп ойландым, себебі бұрын
үйімнің жан-жағы бітеу болса, енді тѳбеден түспей-ақ
сырт жақтан келуге жол аштым. Бірақ бұл аралда
қорқатын ешнәрсе жоқ. Себебі әлі күнге дейін ешкіден ірі
бір хайуанды кѳрген емеспін.
Қыркүйектің 30-ы. Бүгін менің аралға келгеніме жыл
толды. 
Бағандағы 
кертішті 
санасам, 
бұл 
жерді
мекендегеніме үш жүз алпыс бес күн болған екен. Бұл
күндерді құдайға құлшылық етуге арнадым.
Жыл бойы жексенбінің қай күні екеніне зер салып
қарамаппын. Себебі бұрыннан діндар емес едім, әуелгі
кезде жексенбіні ұзын кертішпен бағанаға белгілеп
102


жүрсем де, артынан олай болмады, сѳйтіп, жексенбінің
қай күні екенін білмей, есептен жаңылып қалдым.
Жазғандарым бойынша белгілеген күндер арқылы аралға
келгеніме бір жыл толғанын білгеннен кейін, жылды жеті-
жетіге 
бѳлдім, 
әрбір 
жетінші 
күнді 
жексенбіге
айналдырдым. Бірақ артынан байқағаным, бір-екі күнді
жазбай тастап кетіппін.
Қолдағы сия таусылуға жақындады, енді үнемдеуге
тура келді, сондықтан күнде жазуды қойып, тек анда-
санда болған тосын оқиғаларды ғана жазатын болдым.
Мен 
жаңбырлы 
маусым 
мен 
құрғақшылық
кезеңдердің айырмашылығын кѳңілге түйдім. Жылдың
жаңбырлы 
маусымы 
құрғақшылық 
кезеңдерімен
алмасып тұрады екен, сондықтан табиғаттың мұндай
сыйына күні бұрын қамдануға болады екен деген ойға
келдім. Бірақ бұл тәжірибем оңайлықпен іске аспады,
менің сѳз еткелі отырғаным – осының бір жайсыз
кѳрінісі. Менің үйімнің маңайында ѳскен күріш пен
арпаны кѳріп, құдайдың құдіретімен кѳктеген екен деп
таңдай қаққанымды жоғарыда біраз әңгімеледім.
Ұмытпасам, отыз сабақтай күріш және жиырма сабақтай
арпа қаулап шықты. Жаңбырдан кейін күн оңтүстікке
ауған кезде, енді нағыз егінге қолайлы мезгіл деп
ойладым.
Ағаш күрекпен жерді қопсытып, екіге бѳліп, бір
жағына арпа, екінші жағына күріш отырғыздым. Дәндерді
себердің алдында тұқымды түгел сеппейін деп ойладым,
себебі бұл жерлерде егінді қай мезгілден бастап егетінін
білмеймін. Сондықтан үштің екі бѳлігін септім де, дәннің
қалғанын алып қалдым.
Дәндерді үнемдегенім дұрыс болыпты, еккен дәннің
біреуі кѳктемей, сол күйінше қалды. Себебі мен
жаңбырлы уақыттан соң, құрғақшылық басталып, жер
кеуіп кеткеннен кейін еккен екенмін, шықпай қалуының
103


мәнісі осы. Ал енді жаңбыр жауа бастаған кезде, жаңадан
сепкендерім кѳктей бастады, мұны соңынан білдім.
Әуелгі еккендерім құрғақшылықтан кѳктемей қалған
соң, енді дымқыл тартқан жаңа жер іздедім. Қостың
жанынан кішкене жерді қопсытып, дәндердің қалдығын
тағы септім. Бұл ақпан айының іші еді. Наурыз бен
сәуірдің қалың жауыны жердің ындынын қандырды.
Сепкен тұқымым қаулап ѳсе бастады, ѳте бітік шықты.
Біріншіден, қолдағы бар тұқым аз, оның үстіне аз
тұқымның жартысы себілген соң, түсімі жартымсыз
болды, не бары жинаған дәнім жарты пектен1 асқан жоқ.
Бірақ мен ендігі тәжірибелі диқаншы болып алдым. Егін
егуге қай уақыттың қолайлы екенін және жылына бір
емес, екі рет егін салуға болатындығын да біліп алдым.
Бидай пісіп-жеткенше тағы бір пайдалы істің кѳзін
таптым. Жаңбыр басылып, күн ашылған соң – бұл қараша
айы еді – саяжайыма келдім. Бәрі ѳз орнында екен,
саяжайға келмегеніме бірнеше айдың жүзі болыпты.
Жерге кѳміп қос жасаған қос қабат шыбықтарымның
бұтақтары кѳктеп, жапырақ жайыпты; егер ұш жағын
кесіп тегістесе, кәдімгі тал сықылды болып ѳсер еді. Тал
деген осылай кѳктеп, жапырақ жаятын. Мұның нендей
ағаш екенін білмедім, саяжайымның гүлденіп, құлпырып
тұрғанына қуанып, бір жасап қалдым. Бәрі бірдей ѳссін
деп ағаштардың бас жағын қиып, тегістедім.
Үш жылдың ішінде кѳрген кѳзің сенбестей кәдімгідей
қаулап ѳсті. Қоршаған орнымның айналасы жиырма бес
метрге жақын болса да, ағаштар бұтақ жайып әлгі жерді
тегіс жапты және күн ыстықта қалың кѳлеңке болды.
Мұндай кереметке куә болған соң, ағаштарды кесіп
апарып қорғанымның айналасына отырғызсам қайтер еді
деген ой туды. Солай істедім де. Қорғаннан сегіз метрдей
аулағырақ екі қатарға айналдыра ағаштар отырғыздым.
Кѳп ұзамай ағаштарым тамыр жайып кѳктеп, әдемі
104


шарбақ болып шықты, бұл шарбақ әуелгіде мені күннің
кѳзінен қорғайтын кѳлеңке, соңынан қорған болды, бұл
туралы реті келгенде айтып беремін.
Менің байқауымша, бұл аралда жыл Еуропадағыдай
жылы немесе суық деп бѳлінбейді, тек тѳменде
кѳрсетілгендей жаңбырлы, жаңбырсыз маусымдарға
бѳлінеді:

Пек – шамамен тоғыз литр.
Жаңбыр: күн тас тѳбеде тұрады.
Қуаңшылық: күн солтүстікке қарай ауысады.
Жаңбыр: күн тас тѳбеде тұрады.
Қуаңшылық: күн оңтүстікке қарай ауысады.
Ақпанның ортасы мен сәуірдің ортасы аралығында.
Сәуірдің ортасы мен тамыздың ортасында.
Тамыздың ортасы мен қазанның ортасында.
Қазанның ортасы мен ақпан-ның ортасында.
Жаңбырлы маусымның ұзаққа созылуы немесе қысқа
болуы желге байланысты, бірақ жалпы жоғарыда бѳліп
кѳрсеткенім дұрыс. Жаңбыр жауып тұрғанда далада
жүрудің зиян екенін тәжірибе жүзінде білген соң, жаңбыр
жауардың алдында күні бұрын азық-түлікті молайтып
алудың қамына кіріспек болдым, жаңбырлы маусымда
тіпті үйден шықпай отырған уақыттарым да болды.
Бұл уақыттарда мен жұмысты үйде отырып істедім.
Менің шаруашылығыма керекті нәрселердің кѳбі әлі
жетіспейді. Оны табу үшін кѳп тер тѳгу керек. Мысалы,
себет тоқимын деп біраз әурелендім, бірақ тапқан
шыбықтарым сына беріп ешнәрсе ѳндіре алмадым. Бала
күнімде себет тоқитын бір кѳршіміз бар еді, тоқығанын
қызық кѳріп қасына барып қалай тоқитынын қызықтап
отырушы едім, енді, міне, ѳзім үшін де пайдаға асты.
Қандай бала болса да кѳргенін ұмытпайды ғой, мен де
ұмытпаппын. Әлгі кѳршімізге себетін тоқысып кей-кейде
кѳмектесетінмін. Себет тоқу маған қиындық тудырған
105


жоқ, бірақ істі бастауға керекті құралдар жоқ. Бір күні
қазық жасаған ағаштардың бұтағынан кесіп себет тоқуға
болмас па екен деген ой түсті. Меніңше, ол ағаштардың
бұтағы солқылдақ, игенде бірден сынып кетпейтін болу
керек, соны байқап кѳргім келді. Келесі күні саяжайыма
бардым, келген бойда әлгі ағаштың бірнеше жіңішке
бұталарын кесіп алып иіп ем, ойлағанымдай болды.
Екінші келгенімде балта алып келіп, бұталарды
қалағанымша кестім, іздеп азаптанатын емес, ондай
ағаштар алапта ѳте кѳп еді. Кескендерімді қорғанымның
қасына тасыдым да, кептіру үшін тѳгіп тастадым,
кепкеннен кейін тасып үңгірге кіргіздім. Жаңбырлы
маусым басталған соң жұмысқа кірістім, құм таситын
және басқа заттар салатын кѳптеген себеттер тоқыдым.
Базарда сатылатын себеттердей әдемі болмаса да, ѳз
қажетімді ѳтеуге толық жарайтын еді. Содан бастап
тоқылған себеттерімнің саны кеміген жоқ, тозғанын
тастап, жаңалап отырдым. Тоқылған себеттерді дән
салатын қапшық орнына пайдаландым.
Тер тѳгіп, біраз уақыт ѳткізіп мұның да ретін
қиыстырдым, енді тағы екі нәрсе жетіспей тұр, оны қалай
жасарымды білмедім. Менде ром құйған кішкене екі
бѳшке болмаса, су мен спирт құйылған бірнеше шиша
шынылардан басқа сұйық зат сақтайтын ыдыс жоқ екен.
Сорпа дайындап ішер ең болмағанда күрешке де жоқ.
Кемеден тауып алған бір үлкен қазаным бар еді, ол
ыдысқа сорпа дайындау, ет қуырып жеуге тым үлкен, ѳте
қолайсыз. Мен үшін қажеттілік тудырған екінші нәрсе –
мүштік еді, бірақ мен оны істей алмадым, оның орнына
басқа ыдыс қолдандым.
Жаз 
бойы 
қорғанымның 
айналасына 
ағаш
отырғызумен, себет тоқумен айналыстым. Енді тағы бір
жаңа істі бастадым, бұл ойлағанымдай емес, кѳп
уақытымды алды. Аралды шарлап шықсам деген ойым
106


бар еді деп жоғарыда айтқан едім, бұған дейін қанша
шарласам да, ѳзім қос тіккен алаптан әрі асқаным жоқ-ты,
ол жерге барғанда теңіз аралдың екінші жағынан
кѳрінетін. Сонымен, аралды тегіс аралап, қарсы жақ
жиекке дейін барып қайтпақшы болдым. Мылтықты
қолыма алып, кішкене балғаны беліме қыстырдым, оқ-
дәрілерім де жеткілікті еді, алған азығым екі кепкен нан,
біраз жүзім, соңыма итімді ертіп жолға шықтым. Қос
тіккен алаптан әрі шыққан соң, теңіздің батыс жақ беті
кѳзге түсті, ал оның ар жағында қарайған жер кѳрінді.
Аспан ашық болған соң қарайғанның жер екенін бірден
байқадым, бірақ кѳрінгеннің жердің шеті, я теңіздегі арал
екенін ажырата алмадым. Алыстан қарағанда кѳзіме
кѳрінген жер тау секілді биік, бір шеті батыс пен
оңтүстіктің орталығына қарай созылған, мен тұрақтаған
аралдан қашықтау, арасы елу-алпыс мильдей деп
жобаладым. Мұның қандай жер екеніне кѳзім жетпеді,
тек ойыма келгені Испания иелігіндегі Американың бір
бѳлігі 
шығар 
деп 
шамаладым. 
Ол 
жерлерде
жабайылардың кѳп болуы мүмкін, егер мен аралда емес,
сол жерде қалсам, менің күнім мүшкіл екен деп ойладым.
Қаптаған қалың ойды аластап, құдайға жалбарынып,
тәубеме келіп, құдайдың құдіретін тани бастадым. Егер
бұл кѳрінген Испанияның жері болса, әйтеуір бір күні
солай қарай бет алған немесе сол жақтан бері келе жатқан
кемеге жолығуым анық деген үміт те жылт ете қалды.
Егер бұл Испанияның иелігіндегі жер болмаса, онда
Испания мен Бразилияның арасындағы жағалау болуы
керек, ал егер солай болса, ол жерді мекендейтіндердің
бәрі қанішер, адам етін жейтіндер және қолға түскеннің
бәрін ѳлтіретін жабайылар шығар. Мен асықпай ілгері
қарай жүре бердім. Аралдың бұл жағы мен тұрған
бетімен салыстырғанда ѳте кѳңілді әрі қызғылықты: қай
жағыма кѳз салсам да, алуан түрлі гүлге бѳленген, түрлі
107


ағаштар. Қаптаған тотықұс, біреуін ұстап алғым келді.
Асырап, ѳзіммен сѳйлесуге үйретсем деп ойладым. Кѳп
әуреленіп бір балапанын әзер ұстап алдым. Үйге алып
келдім. Оны сѳйлету үшін біраз уақыт кетті, ақыры менің
атымды атайтын болды, оның да ѳз қызықтары бар, тиісті
жерінде айтып беремін.
Саяхатымнан кѳңіл сергіп үйге қайттым. Тоғайдың
тѳменгі жағында топтанып жүрген қояндарды кѳрдім
(
қоянға ұқсас аң болуы да мүмкін) және кѳп түлкі кѳрдім,
бірақ бұлар мен кѳріп жүрген түлкіге ұқсамайды.
Бұлардың еті маған ұнамады, сонда да бірнешеуін аттым.
Ашыққаннан атқаным жоқ: тамаққа тарығып та кѳрген
емеспін. Қай уақытта болса да менде еттің үш түрі болды:
ешкінің, кѳгершіннің, тасбақаның еті, бұларға жүзім
қоссаңыз, керемет дастарқанға куә боласыз, мұндайды
Лиденголь базарында да сатпайтын шығар. Қандай ауыр
жағдайда болсам да, құдайға құлшылық қылар жағдайым
бар: ашығып кѳргенім жоқ, тәбетім тартқанша жедім
және тамағым дәмсіз болған жоқ.
Мен күніне екі мильден артық жүргенім жоқ, егер
тікелей жүрдім деп есептесем, тағы да бір жаңа
нәрселерге куә боламын ба деген үмітпен айналамды
түгел шолып, түнеуге ғана келуші едім. Түнеген жерде
кѳбінесе ағаштың басына шығып ұйықтайтынмын, кейде
қолайлы жер кездессе, қандай жыртқыш аң болса да,
ұйықтап 
жатқанымда 
жолай 
алмайтындай 
етіп,
айналасын мықтап қоршап түнеп жүрдім. Теңіз жағасына
жеткен соң аралдың ең қолайсыз жерінен орын тепкеніме
кѳзім жетіп, кѳңілім сенді. Жыл жарым уақытта аралдың
ѳзім тұрған тұсынан олжалағаным не бары үш тасбақа, ал
енді бұл жерде тасбақа кѳп, қанша ауласаң да жетеді.
Құстың да түрлісі табылады, кѳпшілігі мен кѳрген
құстардай емес, еті де дәмді. Ата берсем, құс біткеннің
бәрін қыратын түрім бар, бірақ кѳп атуға оқ-дәрімді
108


қимадым. Құстың орнына ешкі атсам, ол маған пайдалы,
себебі бір жағынан ешкінің еті мол әрі дәмді және оқ-дәрі
кѳп 
кетпейді. 
Бұл 
жерде 
мен 
тұрған 
маңмен
салыстырғанда ешкі де кѳп, бірақ оларға жақын келу ѳте
қиын, себебі жазық жер, олар алыстан байқап, бет-бетіне
безе жѳнеледі.
Аралдың бұл жақ жағалауы мен тұрған жағалаудан
кѳрер кѳзге әлдеқайда әдемі екеніне кѳзім жетті, әрі
кѳңілді, солай бола тұрса да, тұрақтаған жерден басқа
орынға қоныс аударғым келмеді. Ескі ұямда жыл жарым
тұрсам да әбден үйреніп алдым, ал енді бұл маңай
қызғылықты болып кѳрінсе де жат кѳрініп, үйіме қайтуға
асықтым. Он екі мильдей ѳрлеп шығысқа қарай жүрген
соң, енді үйге қайтқым келді. Жүріп ѳткен жеріме қайта
айналып келгенімде белгілі болсын деп, сырықтай бір
ұзын ағашты жерге кѳмдім, ѳйткені екінші рет бұл жерге
басқа жақтан келмекші болдым, сѳйтіп, аралды зерттеу
жұмысын толық аяқтамақшымын.
Адасып кетпеспін деген оймен келген жолыммен емес,
басқа жолмен қайтқым келді. Бірақ жаңылысқан екенмін.
Жағадан екі-үш миль ұзаған соң, үлкен бір аңғарға келіп
киліктім, аңғардың жан-жағын қоршаған биік шыңның
айналасы қаптаған қалың ағаш, маңдай алдымды
бағдарлап тура жүру мүмкін емес. Күнді бетке алайын
десем, күннің де кѳзі кѳрінбеді.
Адасуға тағы бір себеп – тұман, үш күн бойы жол
іздеймін деп адасып, беталды қаңғырдым. Теңіз жағасына
шығып, сырық шаншып кеткен жеріме амалсыз қайта
оралдым, сол жерден бұрынғы жолыммен үйге қайттым.
Асықпай аяңдап, әр жерге бір тоқтап, демімді басумен
болдым, күн ыстық, тезірек жүруге шамам жоқ, оның
үстіне мылтық, балта, оқ-дәрі секілді жүктерім тағы бар.
Алдымды жүгіре ѳтіп ешкінің лағы кесіп кетті, ит
қосып ем, итім кѳп ұзамай лақты алды. Мен де жүгіріп
109


келіп лақты итімнен ажыраттым. Ешкі асырап тұқымын
кѳбейтуді кѳптен бері ойлап жүргесін, лақты үйге алып
кеткім келді, оқ-дәрі таусылған кезде ѳзімді азықпен
қамдап қойсам деген ойым бар еді. Мойнына арқан
байлап лақты әрең жетелеп, саябақтағы қосыма әкелдім.
Лақты керменің ішіне кіргіздім де, үйге қайтуға асықтым,
үйді кѳрмегелі айдан астам уақыт ѳтті.
Бұл сапар жанға жайлы болса да, ѳз үйіме жетуге
асығып, үйге келіп даяр тұрған тѳсек үстіне құлағанда
жанымның жай тапқанын сездім, мұндай рахат сезімін
суреттеуге тіл жетпейді. Баспанасыз, дала кезіп қатты
шаршағанымнан болса керек, ѳз үйімнің қадіріне жеттім:
қажет дегенімнің бәрі бар, тап-тұйнақтай, кѳңілді,
сондықтан аралдан мүлдем кеткенше үйден ұзап
шықпасқа ұйғардым.
Үйге келген соң бір аптаға дейін тысқа шықпадым,
тынығып жаттым да қойдым, әрине, қол қусырып қарап
отырғаным жоқ, тотыма тор жасаумен уақыт оздырдым,
тотым қолға үйреніп, қасымнан ұзамайтын болды.
Кермеге қамап кеткен лақ есіме түсті де, жедел солай
қарай тарттым. Лақ байғұс сол қалдырып кеткен жерімде,
ѳйткені шарбақтан шыға алмайды, әбден ашығып
қалыпты. 
Қолыма 
түскен 
жапырақты, 
ағаштың
бұталарын алдына тастадым. Жеп болған соң әуелгідей
арқанмен жетектейін деп едім, ашыққаннан әбден
жуасыған, жетектемей-ақ артымнан ере берді. Оған әр
мезгіл тамақты ѳзім бердім. Ол асырауға кѳніп, менің
маңайымнан кетпейтін болды, сѳйтіп, ол да менің
отбасымның бір мүшесіне айналды. Күзгі жаңбыр тағы
басталды, қыркүйектің 30-ы күні менің аралға келгеніме
екі жыл толды, ѳзімнің екі жылдық тойымды бүгін
салтанатпен тағы тойладым. Қырсық шалған аралдан
әйтеуір бір күні құтылармын деген үмітім қазір де үзілген
жоқ.
110


Қыркүйектің 30-ы күні үйден шыққаным жоқ, күні
бойы отырып, құдайға құлшылық қылдым, жалғыз
қалып, жапа шеккенімде кѳз жасымды кѳріп, мені
есіркегені үшін құдайға ризашылық білдірім, егер құдай
рақымшылық қылмаса, қалған ѳмірімде қайғы-қасіреттен
кѳз ашпас едім.
Қазіргі тұрмысым қаншалықты ауыр болса да, осы
тұрмыстың ауыр азабын тартсам да, күнәға батып, ес
білмей ѳткізген бұрынғы ѳмірімнен артықшылығын енді
сездім. Мінез-құлқым ѳзгерді: шаттықты да, қайғыны да
мен енді басқаша қабылдадым, менің әр нәрсеге тілегім
де, қызығушылығым да бұрынғыдай емес, күн ѳткен
сайын бәсеңдей берді, рақаттың да, бейнеттің де әсерін
сезбедім. Қапас аралда жүргеніме екі жыл толып, үшінші
жылға аяқ басқанда менің жан дүнием күйзеліп,
құлазумен күндерім ѳтіп жатты. Ұсақ-түйек әңгіменің
бәрін 
тізіп 
оқырманды 
жалықтырғым 
келмейді,
сондықтан екінші жылғы тұрмыс-тіршілігімді алғашқы
жылдағыдай тізбелеп суреттеп беруге талпынбадым.
Десем де, бұл жылы қол қусырып отырмадым. Бос
уақытымды күнделікті жұмыстарға сәйкестеп бѳлдім:
бірінші – құдайға құлшылық ету, діни кітаптарды оқу,
бұған күніге үш мезгіл уақыт бѳлдім. Екінші – аң аулау,
жауынсыз күндері азаннан аңға шығып, үш сағаттай
уақытымды арнап жүрдім. Үшіншісі – атып алған
аңдардың немесе құстардың терісін сыпырып, жүнін
жұлып, етін кептіру, тамақ пісіру, уақытымның дені
осыларға жұмсалды. Бұл жерде бір айта кетейін дегенім,
күн кѳтеріліп тѳбеге келгенде қимылдауға шамам
келмейді, түскілік кездегі күннің аптабынан теңіздегі су
қайнағандай, күн ауып, кѳлеңке ұзарған соң ғана жұмысқа
кірісуге болады. Осының салдарынан кешкілік аңға
шығып, ертеңгісін жұмыс қылған кездерім де болды.
Уақыттың тапшылығынан істеген ісім ѳнбеді және ауыр
111


болды. Керекті құралдар мен кѳмек берер жанның
болмауынан, епсіздігімнен кѳп уақытым зая кетті.
Мысалы, қажеттілік тудырған ұзын тақтай істеймін деп
қырық екі күн азаптандым, егер тиісті құралдарым болса,
бұлай болмаған болар еді. Екі шебер адам жарты күннің
ішінде бір ағаштан алты тақта жасап шығарады, ал менің
қырық екі күн азаптанғанда жонып шығарғаным –
жалғыз-ақ тақта.
Бір тақтаны қырық екі күн жондым дегенге естіген
құлақ сенбес, оны қалай жасағанымды айтып ѳткенім
дұрыс шығар: жуан бір ағашты таңдап алдым, себебі
маған керегі әрі ұзын, әрі жалпақ тақтай. Осы ағашты
балталап үш күн кестім, бѳрене етіп шығару үшін екі күн
бұтағын шаптым. Неше күн екені есімде жоқ, тегістеліп
шыққанша, 
салмағы 
жеңілдегенше 
жона 
бердім.
Бѳрененің бір жағын әбден тегістеп шыққан соң, аударып
екінші жағын тегістедім, ол жағын да солай жонып
шығардым. Қалыңдығы үш дюм, теп-тегіс тақта болып
шыққанша бұл жұмысты тоқтатқаным жоқ. Тақтаның ѳте
қиыншылықпен істелгенін оқырман түсініп отырған
болар 
деп 
ойлаймын. 
Табандылығым 
мен
еңбекқорлығым, бұл істі, басқа да кезек күтіп тұрған
істерді аяқтауға кѳмектесті. Тақтайдың жасалу тарихын
толық суреттегендегі мақсатым – аз жұмысқа мол тер
тѳгіп, кѳп уақыт оздырғанымды айту, әрине, жаныңда
кѳмекшің, қолыңда құралың болса ғана бұл жұмысқа аз
уақыт 
жұмсалушы 
еді. 
Қиындығына 
қарамастан,
шыдамдылық пен еңбектің арқасында қолға алған ісімнің
бәрін орындадым, осылай еңбектенуге мені жағдай
мәжбүрледі.
Қараша мен желтоқсан айында арпа мен күрішті
оруға әзірлендім. Жерімнің кѳлемі үлкен емес, әуелгі
еккенім құрғақшылықтың салдарынан қурап шықпай
қалды, бұл туралы жоғарыда айттым. Бұл жолғы
112


еккенімнің шығымы жақсы, бітік болатын түрі бар, бірақ
бұдан да құр қалатындығым байқалды, себебі жеріме
шегіртке түсті, шегіртке емес-ау, тѳрт аяқты айуандар
келіп түсті, олардан аман қалу ѳте қиынға соқты. Егінге
зиянын тигізіп жүрген не десеңіз, біріншіден– ешкілер,
екіншіден – қоян сықылды кішкене аңдар. Күріш пен
арпаның дәмін біліп алған болу керек, күні-түні қаптап,
егінімнен шықпай қойды, кѳгеріп қылтиып келе жатқан
сабақтарын жеп, таптап, егінімнің шығуына мүмкіндік
бермеді.
Бұған қарсы қолданылатын жалғыз шара бар, егіннің
айналасын ағашпен қоршап, аузын тас қылып бекіту және
осыны істедім де. Бұл жұмыс маған оңай соққан жоқ, тағы
да біраз тер тѳгілді, себебі хайуандар жеп кетеді деп күні-
түні дамыл таппай жанталасып жүріп үш аптада әрең
бітірдім. Егінге күндіз келгенін мылтықпен атып
үркітемін де, түнге қарай керменің ішіне итті байлап
қоямын; ол үріп жолатпайды. Енді аңдар ол арадан безіп,
келмейтін болды және егінім де тез пісе бастады.
Егінім жаңа кѳктеп келе жатқан мезгілде тѳрт аяқты
хайуандардан бәлеге қалсам, енді пісе бастаған кезде
құстар дамыл бермеді. Бір күні егінді аралап келе жатсам,
құстар қаптап, тек менің кеткенімді күткендей топтанып
жүр екен. Мылтықты алдым да шүріппесін басып
қалдым, сол кезде егін арасынан дүр кѳтеріліп бір тобы
тағы ұшты, әуелі мен мұны байқамай қалдым.
Мұны кѳріп ызаланып, қатты қапа болдым. Егер
мұнан былай да осынша құс бірнеше күн бойы егіннен
шықпаса, бір түйір дән қалмасын біліп, аш қалатыным
кѳз алдыма келді, бұған қарсы не шара қолдануды білмей
біраз тоқырадым. Күні-түні қарауылдасам да егінді
сақтап қалуға бел байладым. Құстардың қаншалықты
зиян келтіргенін білмек болып, ең әуелі егінді араладым.
Егіннің біраз бѳлігін бүлдіріпті, бірақ дәні әлі пісіп
113


жетпеген, енді қалғанын сақтап қалсам, шығын онша кѳп
болмаған болар еді.
Мылтықты оқтадым да кетіп қалғандай сыңай
таныттым. (Себебі құстар жақын жердегі ағаштарға
барып жасырынып, менің кеткенімді күтіп отыр). Кѳзден
таса болуым мұң екен, әлгі қарақшылар бірінің артынан
бірі келіп егінге қона бастады. Ашу қысқаны сондай,
олардың кѳбейгенін күтіп тұра алмадым, ѳйткені бір
түйір дәннен қанша ѳнім шығатынын білесіздер.
Қорғанның жанына жүгіріп келдім де шүріппені басып
қалдым; отырған жерінде үшеуін қағып түсірдім, маған
керегі де сол еді, ұрыларға Англияда қандай жаза
қолданса, мен де оларға нақ сондай жазаны тарттым:
ѳлген құстарды алдым да, басқаларын үркіту үшін үшеуін
салбыратып ағаштың басына іліп қойдым. Құстар үркіп
әрқайсысы әр жаққа қарай ұшып, бет-бетімен кетті, енді
қайтып егіннің басына жоламайтын болды, жоламақ түгіл
ол маңайдан безініп кеткен сияқты. Үш қарақшы ағаш
басынан түскенше, егінге келген бір құсты кѳргенім жоқ.
Ѳзімнің де қуанғанымды кѳрсеңіз! Егін орудың екінші
кезеңі желтоқсанның аяғында басталды, арпа мен күрішім
пісті, мен де жеделдетіп жинап алдым.
Егінді жинарда қол орақтың немесе бел орақтың
жоқтығынан қиналдым, кемеден алған қанжардан басқа
қолайлы құрал менде жоқ еді, амалсыздан соны
пайдалануға тура келді. Менің егінім игере алмайтындай
кѳп те емес, мұның үстіне менің егінді ору тәсілім де
ерекше болды, сабағын тастап басын алдым да, себетке
салып үйге тасыдым. Масақтарын алақанға басып уқалап-
уқалап, қабығын үрлеп ұшырдым да, тазаланған дәнін
қапшыққа сала бердім. Сепкен тұқымның мѳлшеріне
қарағанда егін ѳнімі тѳмен болған жоқ, екі бушельге1
жақын күріш, екі жарым бушельге жақын арпа жинап
алдым. Кім біледі, бұдан аз, мүмкін кѳп болуы, тек
114


шамамен айтып отырмын, себебі ол кезде менің қолымда
ѳлшеуіш болған жоқ.
Мұндай нәтиже мені қатты қуантты, алдағы
күндерімде құдайдың кѳзі маған оң болса, менде азық
мол болады. Бірақ бір азап аяқталса, екіншісі тағы
басталды. Енді дәннен қалай ұн жасаймын? Ұннан қалай
нан жасаймын? Бәрінен бұрын нанды қалай пісірмекпін?
Мен мұның бірін де жасай алмаймын. Ѳзімді үздіксіз
азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін, биылғы алған дәнді
тұқымдыққа сақтайын, келесі жылы Бір бушель 36 литр
шамасында. тұқымды молырақ сеуіп, егін кѳлемін
кеңейтемін, оған дейін дәнді нанға айналдыру әрекетіне
кѳшейін, бар уақытымды осыған жұмсайын деген
шешімге келдім.
Енді мені ѳз нанын ѳзі тауып жеген адам деп айтуға
да болатын шығар. Адамдар қарапайым нанды
дайындау үшін де қаншама тер тѳгілетінін біле бермейді
екен.
Бейнетті күндер кешсем де, ауыр тұрмыс ѳкшелесе де,
менің үйімнің маңында ғайыптан пайда болған арпа мен
күріш алдағы күндерім үшін сенімді болуға мүмкіндік
берді.
Менде жер жыртар соқа, болмаса жер қазатын күрек
те болмады. Ағаштан күрек жасаймын деп қиналғанымды
бұдан бұрын айтып ѳткенмін. Дегенмен қолдағы құралың
қандай болса, істің нәтижесі де сондай болады, басына
темір қаққан ағаш күрек кѳпке шыдамады, жаңалауға кѳп
уақыт кетеді, темір болса түсінікті, ал ағаш күрекпен жер
қазу – инемен құдық қазғанмен бірдей және жұмысың да
ѳнбейді екен.
Басыма түскен бұл қиындыққа да кѳніп, ағаш күректі
алдым да, жерді қаза бердім. Тұқымды сеуіп болған соң
жерді тырмалау керек болды, тырма қайдан табылсын,
ағаштың жуан бұтағын кесіп алдым да, жыртқан жерді
115


айналдыра қопсытқан болдым, бірақ бұтақ тырма бола
ала ма, тек жерді тырнады да қойды.
Егін піскенше алуан түрлі істермен айналысуға тура
келді: егінді қоршау, күзету, ору, жинау, бастыру
(
масақтарын уқалап, үрлеп ұшыру). Бұдан кейінгі нан
жасауға қажетті нәрселер: ұн тартатын диірмен, ұн
елейтін елек, тұз, ашытатын ашытқы, пісіретін пеш. Бірақ
оқырмандар куә болар, мен бұлардың қажетінсіз-ақ
әрекет еттім. Нанға ие болу – мен үшін ұлы мәртебе әрі
жанның рақаты. Бірақ кѳп еңбек пен тер тѳгуді талап етті.
Басқалай амал жоқ. Уақытымды тиісті жұмыстарға арнап
қойғанмын, бірақ мен осы жұмыспен күніне бірнеше
сағат айналыстым, себебі ұнды әбден молайтып алғанша
ішіп-жеуге жұмсамаймын деп шештім, ал егінім
піскенше ұн тартатын құралдар жасап шығармақшы
болғанмын, оған дейін әлі алты ай уақытым бар. Егін егу
үшін алдымен бұрынғыдан да кѳлемдірек жер жырту
керек болды, себебі қолдағы тұқымым бір акрдан1
артығырақ жерге себуге жетеді. Жер қазбас бұрын
қолайлы етіп күрек жасап алдым, оған бір апта уақытым
кетті. Жаңадан жасаған күрегім оңтайлы болып шықпады,
салмағы ѳзімді басып, жанды қинады. Амалым жоқ, осы
күрекпен екі бѳлек жер жыртып тұқым септім, жерім
алыс емес, үйдің маңайы, айналасын шыбықтардан қазық
қағып қоршадым. Қаққан қазықтарым жыл ѳтіп,
қоршауға айналсын деген ойым еді. Жер жыртып тұқым
себу және жыртқан жердің айналасын қоршауға үш
айдан артық уақыт кетті, осы жұмысты бастағаннан
жаңбыр жауып, кѳбінесе үйден шыға алмай отырдым.
Жаңбырлы күндерде үйден шыға алмай үнемі үңгірде
отырдым, бірақ тек отырмадым, тағы да пайдалы іспен
айналыстым. Жұмыс арасында тотыммен әңгіме-дүкен
құрып, кѳңілімді кѳтердім. Тотым кѳп ұзамай-ақ менің
атымды атайтын болды, мұнан кейін ѳз атын
116


дауыстайтынды шығарды. “Тоты” деген – аралға келгелі
ѳзге ауыздан естіген алғашқы сѳзім. Бірақ Тотымен
сѳйлесу 
ермек 
емес, 
шаршап, 
жалғыздықтан
жабырқағанда кѳңіл сергіту. Ендігі менің шұғылданар ең
маңызды ісім – саз балшықтан ыдыс жасау, мұны кѳптен
ойлап жүр едім. Себебі ыдыстың жоқтығынан тамақты
іше алмай, әбден азабын тарттым, бірақ ыдысты қалай
жасау керектігін білгенім жоқ. Саздың жақсысы табылса,
жақсы құмыра жасауға болатынына сендім. Ал енді
балшықты күн кѳзіне күйдіріп кептіру менің ойымда бар
еді: кепкесін оның ішіне құрғақ заттарды салуға болады
деп жобаладым. Ұн, дән және басқа заттарды салып қою
үшін бірнеше құмыра жасап шығаруды ұйғардым.
Ебедейсіздігімнен, иін қандырып илеп, келістіріп
жабыстыра алмағандығымнан, асығыстық етіп бірден
күннің кѳзіне қойғандығымнан істелген ыдыстарымның
бірсыпырасы ѳз салмағын кѳтере алмай езілгенін,
кейбіреулерінің жарылып 1 Акр – 0,4 кѳлемнен артық.
кеткенін, бірталайының кептіргеннен кейін де сынып
түскенін оқырмандар кѳрсе, күлкіге қарық болар еді
(
күлмей аяушылық етулері де мүмкін). Саздан ыдыс
илеуге кіріскеніме екі айдың жүзі болды, ақырында
қолайлы балшық тауып, оны арқалап үйге әкеліп,
жұмысқа кірісіп кеттім. Үлкендеу екі ыдыс жасадым, бұл
екі ыдысты іші қуыс демесе, құмыра деуге келмейді,
кедір-бұдыр, сырт пішіні тым келіссіз.
Күннің кѳзіне кептіріп, әбден кепкесін құмыраларды
ақырындап кѳтердім де, үлкен себеттің ішіне салдым, бұл
себеттерді әдейі соған арнап тоқып едім, себет пен
құмыралардың арасындағы олқы қалған жерлерді
күріштің және арпаның сабанымен толтырдым, бұл
ыдыстарға ұн салып қоймақшымын.
Ірі ыдыстар үйлесімсіз болғанымен, ұсақ-түйек
ыдыстарым тәуір болып шыға бастады: құмыра, тәрелке,
117


шәугім, тағы да басқа ыдыстар күннің кѳзіне күйіп, әбден
нығайып, тастай болып қатып қалды. Бірақ мен ыдыс
жасаудағы негізгі мақсатымды сіздерге әлі айтқаным жоқ:
маған су ѳтпейтін, отқа тѳзімді ыдыс керек. Мұндай ыдыс
менің қолымнан әлі шыққан жоқ. Бір күні ет пісірмек
болып от жақтым. Ет піскесін оттың кѳмірін сѳндірмекші
болып кѳсеумен ұрғылап жатыр едім, сынған құмыраның
тастай болып қатып қалған бір сынығы табылды, түсі
күйдірген кірпіш сықылды қып-қызыл. Кѳрген кезде
қуанып кеттім, кішкене сынықтың ѳзі отқа түсіп осынша
қатайғанда, тұтас ыдысты отқа салып күйдіруге болады
екен дедім.
Енді құмыраларымды қалай күйдіруге болады деген
ой мазалады. Қышшылар ыдысты пешке салып қалай
күйдіретінін кѳрген емеспін, сондықтан ол туралы ешбір
хабарым 
жоқ-ты, 
ыдыстың 
сыртын 
қорғасынмен
сырлайды екен дегенді де есіткенім жоқ, егер білген
болсам менен аздап қорғасын да табылатын еді. Ыссы
күлді шошайтып үйіп, бес-алты құмыраны қоламтаның
үстіне қойдым, бұдан кейін от жақтым. Күршектерім
әбден күйгенше отты лаулатып үсті-үстіне жаға бердім.
Құмыраларымды бес-алты сағаттай отта ұстадым, абырой
болғанда, сынған жоқ, жарылған жоқ, қатая түсті. Бір
кезде құмырамның әр жері кѳбіктенуге айналғанын
байқадым, бірақ бүлінген жоқ. Бұл кѳбіктеніп еріген сазға
араласқан құм еді, егер мен отты сол күйінде бәсеңдетпей
жаға берсем, шыны болып қалар ма еді, қайтер еді. Мұны
кѳрдім де, бірте-бірте оттың күшін азайта бердім,
құмыраның қызарғаны кетіп, күңгірт тарта бастады. Бірақ
отты ѳшірмедім, таң атқанша күзеттім, сол күні таңертең
менде сырт пішіні керемет болмағанмен, мықты
күйдірілген тѳрт қыш құмыра пайда болды, әрине, менің
жағдайымда мұнан артықты тілеу күпірлік болар еді.
Осы тәжірибеден кейін қыш ыдысқа мұқтаж болғаным
118


жоқ. Ыдыстарымның сырт пішіні керемет емес, бірақ
бұған 
таңдануға 
болмас. 
Балалардың 
балшықпен
ойнағаны немесе қамыр илеу білмейтін әйелдердің нан
пісіргеніндей, мен де ыдыстарымды олақтықпен жасадым
ғой.
Кѳптен бері армандаған ыдысты саз балшықтан илеп,
су ѳтпейтін және отқа тѳзімді етіп шығарғандағы
қуанышым қойныма сыймады, ыдысқа мұқтаждық кѳрген
тап мен секілді адам жер бетінде жоқ шығар деп
ойлаймын. Біреуіне су құйсам, екіншісіне ет пісірсем деп
құмыраларым суып, қолға тигенше асықтым. Тамақ
дайындағанымда да қиыншылық кѳргенім жоқ, бәрі
ойдағыдай болды: салар ұным болмаса да, ешкінің етінен
дәмді қылып сорпа істедім. Ендігі ойым – диірмен жасау.
Бидайды үгіп, дәлірек айтсам, тарту үшін осындай құрал
керек болды. Диірменді жасау былай тұрсын, жасаймын
деп ойлаудың ѳзі ауыр. Қалай жасаймын, тастан түйін
түйген шебер де емеспін, оның үстіне құралдарым да
жоқ. Дән салып түйер іші қуыс әрі қатты тас іздеп біраз
сандалдым, қапелімде ондай тас табыла қоя ма, әрі іздеп,
бері іздеп уақыт ѳткіздім. Аралда тас дегенің жетеді,
таудай жартастар да кѳп, бірақ қажетіңе жарамаған соң,
оның кѳптігінен не пайда, бірақ менде қашап шығаратын
құралдар болса, қажетіме де жаратар едім. Жардың
тастары шыны тас емес, құм араласқан үгілмелі, егер
мұндай тасқа дән салсаң, тартқан ұның топыраққа
былғанып, жеуге жарамай қалады. Бұл ойдан ешнәрсе
шықпасын білген соң, келіні тастан емес, қатты ағаштан
ойып жасауды мақұл кѳрдім, ондай ағаш оңай табылды.
Бір жуан ағашты таңдап алдым да, басқа түрге енгенше
ортасын 
қашап 
үңги 
бердім, 
бұдан 
кейін
Бразилиялықтардың қайық істегендері сияқты бейнет
шегіп, әрең дегенде ішін күйдіріп тереңдеттім. Сѳйтіп,
келіні де жасап бітірдім. Келсап жону келі жасаудан қиын
119


емес, мұны да бір қатты ағаштан жасап шығардым.
Сѳйттім де, келі мен келсапты келесі егінге дейін сайлап,
ұн тартуға әзірлеп қойдым.
Ендігі шаруа – ұнның кебегін айыратын елек жасау,
мұнсыз нан пісіру мүмкін емес, мұны іске асыру қиын
болды, неден бастарымды, қалай кірісерімді білмей дал
болдым. Тиісті нәрселер болса елек жасап шығару аса
қиынға соқпас еді, бірақ ол нәрселер менде жоқ. Кенеп
кѳйлегімнің дал-дұлы шығып, жеңінен басқа бүтін жері
қалмады, ешкінің жүні болғанымен оны иіруді, я тоқуды
білмедім, біле қойған күнде де иіретін ұршық, тоқитын
ѳрмек тағы жоқ. Енді мұны қалай істеймін деп басым
қатты. Кемеден алған мүліктердің арасында мойынға
салатын бірнеше тоқылған орамалдар бар екені есіме
түсті. Осы орамалдардан ұн илейтін үш елек жасадым,
орамалдар кішілеу екен, дегенмен қажетіме жарады.
Бұларды бірнеше жыл пайдаландым, бұдан кейін електі
қалай істегенім туралы тиісті жерінде тағы бір әңгімелеп
ѳтермін.
Ұнды тартып болған соң енді нанды қалай пісіремін
деген сұрақ туды. Ең бастысы, менде нан ашытар ашытқы
жоқ, оның орнына не пайдаланарымды да білмедім.
Сондықтан бұл шаруаға бас ауыртпай қоя тұруды жѳн
кѳрдім. Пеш салу жұмысы тіпті ауыр тиді. Дегенмен
мұның да амалын таптым. Саздан соғып кішілеу бірнеше
дѳңгелек ыдыс жасадым, жасаған ыдыстарымның ені
жалпақ, іші тайыз, нан салатын табаға ұқсас. Бұл
ыдыстарды отқа салып жақсылап күйдірдім де, сарайға
апарып қойдым. Ашытқы пісіруге дайын болғанда асты-
үстін бітеулеп тѳрт бұрышты ошақ жасадым да, ішіне от
жақтым. Отын әбден жанып кѳмірге айналғасын, түскен
шоқты жан-жаққа таратып, ошақтың ішіне жайдым,
ошақ әбден қызғанда кѳмірді жан-жаққа шашып, нанды
әкеліп салдым да, үстіне саздан жасалған дѳңгелек
120


ыдысты тѳңкердім. Наным пеште піскеннен кем болған
жоқ, ѳзім нағыз наубайшы болуға айналдым: ешкінің еті
мен құстың етінен басқа ішіне салатын қоспа болмады.
Одан басқаның бәрін пісірдім. Үшінші жылғы ѳмірімді
осы айтылған жұмыстарға сарп еттім, әрине, бұл ісіме
таңғалуға, бір жыл бойы ыдыс жасаған екен деп түсінуге
тағы болмайды, себебі арасында егін ордым және ѳзіме
қажетті күнделікті шаруаларымды реттедім. Бидайды дер
кезінде жинап алдым, орып себетке салдым да, қолым бос
кезде басармын деп үйге әкеліп қойдым.
Алған ѳнімім артқан сайын оны қоятын қойма керек
деп шештім. Соңғы орақтан жиырма бушельге жуық арпа
және одан кѳп болмаса аз болмайтын күріш алдым.
Сондықтан бәрін сақтауға орын жетпеді. Енді тарықпай-
ақ нан пісіріп жей беруге болады, ѳйткені бұрынғы
кепкен наным әлдеқашан таусылып еді. Егінді екі рет
салуды қойып, бір-ақ рет салу үшін бір жылға қанша ұн
керек екенін білгім келді, есептеп қарасам, қырық бушель
арпа, күріш артығымен жететіндігі байқалды, сондықтан
биыл қанша ексем, ендігі жылы да, одан кейін де содан
кем екпеске ұйғардым, себебі бұл табысым жалғыз адам
үшін жетіп артылады.
Аралды шарлап жүргенімде кѳз ұшында кѳрінген жер
есімнен кетпеді, “Сол жерге жетсем, бір елге кезігер ме
едім, елге кезіксем, азаптан да құтылар едім” деп ойлап
жүрдім.
Бірақ осылай ойласам да, ол жердегі қауіп-қатерді
есіме де алмаппын. Мүмкін, жабайы адамдардың қолына
түсермін, олардың қолына түссем, құтылу былай тұрсын,
тірі қалудың ѳзі екіталай, олар Африкадағы арыстан мен
жолбарыстардан да қауіпті, олар ѳлтіреді я тірілей жеп
қояды. Кариб жағасын тұрақтаған халықтар адам етін
жейді деп естуші едім, ол жер мен тұрған жерден онша
қашық болмау керек. Олар адам етін жемейді десек те,
121


мені қолдарына түсірсе, бәрібір ѳлтірер еді, Еуропадан
келіп олардың тұтқынында болған біраз адамды
ѳлтіргендерін естігенім бар еді, олар мен секілді жалғыз
емес, он-жиырма, одан да кѳп адам болса керек, ал мен
жалғызбын, арқа сүйер ешкімім жоқ. Дұрысында, қауіп
барын ескеруім керек еді, бірақ мен ол кезде ешнәрседен
қорыққаным жоқ, сондықтан аңсарым сол жерге ауды
да тұрды.
Менің есіме баяғы кішкене досым Ксури мен Африка
жағасын бойлап мың миль жер жүзген қайығым түсті.
Бірақ енді ѳкінгеннен келіп-кетер не бар?
Апатқа ұшырап, кемеміз суға бататын күні толқын
жиекке шығарып тастаған қайықты барып кѳргім келді,
ол қайықтың орны мен тұрған жерден бірнеше мильдей
еді. Қайық бұрынғы орнында емес: толқын біраз жерге
сүйреп тастаған, тѳңкеріліп қалған, айналасы құм, су жоқ.
Егер мен осы қайықты қалпына келтірсем, кѳп
қиналмай-ақ Бразилияға жетер едім. Бірақ ондай
жұмысты атқаруға екі қолдың қуаты жетпейді. Бұл
қайықты қозғауға да әлімнің келмейтінін ойламаппын,
оны орнынан қозғау теңізді орнынан қозғаумен бірдей
шығар. Солай бола тұрса да, әлім жеткенше
тыраштандым, орманға барып бірнеше ағаштарды кесіп
алып сүйреп, қайықтың жанына тасыдым. Егер қайықты
амалдап тѳңкерсем, зақымданған жерлерін қалпына
келтіру қиын емес, мұндай қайық қолға түссе, еш
алаңсыз теңізге түсіп, сапар шегуге болады екен деп
ойладым.
Нәтижесіз жұмысқа бар күшімді салып, жан-тәніммен
кірістім, ары әуреленіп, бері әуреленіп үш-тѳрт апта
уақыт жібердім. Әлімнің келмесіне кѳзім жеткен соң
қайық ѳз салмағымен тѳңкеріліп түспес пе екен деп
ойлап, қайықтың бір жақ шетіндегі құмды аршып қаза
бастадым, тѳңкерілсе шұңқырға емес, ѳзім кѳздеген
122


орынға қарай жылжыту үшін әр жерден сырғауыл
ағаштарды орнаттым.
Даярлық жұмыстарды аяқтаған соң да қайықты
аудармақ түгілі жылжытуға да шамам келмеді, нәтижесіз
іс әбден қалжыратты. Бірақ қайықпен теңізге шығу
туралы ойым артпаса, бәсеңдеген жоқ. Кѳп оймен әуре
болып, қайықты бәрібір жасап шығарамын деп шештім.
Қайықты жасауға қиналғаным жоқ, бар ықыласыммен
кірістім. Құралдарым да жеткілікті, зәңгілермен я
үндістермен салыстыра қарағанда әлдеқайда кѳп, сапасы
да жақсы. Бірақ жабайылармен салыстырғанда ѳз
тұрмысымның 
тѳмен 
екенін 
ескермеппін. 
Мен
жалғызбын, жалғыз адам қайықты сүйреп суға түсіре
алмайды. Мысалы, мен орманға барып қайық жасауға
қолайлы бір жуан ағаш тапсам, оны әрең дегенде кесіп,
жан-жағын жонып қайық жасасам, содан қашап немесе
күйдіріп ішін қуыстап ойып, қысқасы, қайық жасап
шығарсам, бірақ оны сүйреп теңізге түсіре алмай сол
жасаған жерінде тастап кетсем, ол қайықтан маған келер
пайда қандай? Әрине, егер ѳз жағдайыммен есептескен
адам болсам, қайық жасамас бұрын оны теңізге қалай
түсіремін деп ѳзімнен-ѳзім сұраған болар едім. Бірақ бар
ойым жай ғана серуендеу болған соң, бұл мәселеге бас
ауыртқаным жоқ, қырық бес сажын жерден қайықты суға
сүйреп әкелуден, қайыққа мініп
теңізде қырық бес миль жер жүзу оңай екені анық еді.
Есі дұрыс адамның ақылынан алжып қалғаны сияқты,
тура осы іске келгенде мен де ақымақ болдым. Әлімнің
келер-келмесіне қарамай, тек ойлаумен жүрдім. Қайықты
жасап-ақ шығарармын, бірақ оны теңізге қалай түсіремін
деген ойға ерік бердім: “Әуелі жасап алайын, жеткізудің
бір амалы болар” дедім іштей.
Бұлай деуім, әрине, дұрыс емес, бірақ қиялым
алыстарға шақыра берді, іске де кірісіп кеттім. Орасан
123


жуан бір қарағайды кесіп құлаттым. Ондай ағаш
Иерусалим шіркеуін салған кезде Сүлеймен пайғамбарда
да болмаған шығар деп ойлаймын. Кесіп құлатқан
ағашымның жуандығы бес фут, он дюйм, ұзындығы
жиырма екі футқа жақын, бас жағы жіңішке, тарамданып
ѳскен бұтақтары бар. Бұл ағашты құлатудың ѳзіне кѳп
күш жұмсадым. Түбін жиырма күнде, бұтағын және бас
жағын он тѳрт күнде әрең кестім. Қайық жасаймын деп
сыртын айға жуық жондым. Ішін қашап оюдың ѳзіне үш
ай уақыт кетті. Қайықтың ішін от жағып қуыстағаным
жоқ, қашаумен қашап үңгідім. Маңдай терімді кѳп тѳккен
соң қайығым ойдағыдай болып шықты, ішіне жиырма бес
кісі молынан сыяды, олай болса, менің барлық жүгімді де
кѳтереді.
Ѳз ісіме ѳзім таңғалдым: тұтас бір ағаштан мұндай
үлкен қайықтың жасалғанын кѳрген емеспін. Әрине,
мұны жасап шығарудың ѳзі оңай болған жоқ. Қайық
жасалды, енді оны сүйреп теңізге түсіру ғана қалды.
Теңізге түсіремін деп қанша азаптансам да, бұл
ойымнан еш нәтиже шығара алмадым. Қайық тұрған
жерден теңіздің жағасы жүз метрден қашық емес. Бұл
жердегі алғашқы қиындық – алдым не тегіс, не ылди емес,
ѳр; бірақ бұдан қорыққаным жоқ, алдымдағы ѳрдің
топырағын күреп, ылди жасауға кірістім. Осыншама
қиналғаным еске түссе, денем түршігіп, жүрегім айниды
(
бірақ бостандыққа жету жолында кім жанын аяп
қалады). Әлгі айтқандай ылди жасадым, бірақ ісім алға
баспады, қайықты жылжытпақ түгілі, орнынан қозғай да
алмадым.
Қайықты теңізге сүйреп шығара алмасымды білген
соң, теңіз жағасы мен қайық арасының шамасын ѳлшедім.
Мұндағы ойым арық қазып, қайыққа су жеткізу еді. Іске
енді кіріспек болғанда арықтың ені мен тереңдігі қандай
болу керек, арықты жалғыз адам қанша уақытта қазып
124


бітіреді деген ой түсті? Шамалап есептесем, бұл
жұмыстың аяғына жету үшің он, не он екі жыл уақыт
керек екен. Бұл жердің жағалауы ѳте биік, ал арықты
тереңдігін кем дегенде жиырма футтай қазу керек.
Ѳкінішке қарай, бұл әрекеттен бас тартуға тура келді.
Алды-артын бағдарламай, шамам келе ме, келмей ме,
ойланбай іске кіріскенім үшін қатты күйіндім, бірақ
болар нәрсе болған соң, ѳкіндің не, ѳкінбедің не, одан
келер пайда жоқ.
Бұл іске қызу кіріскенімде аралды мекендегеніме тѳрт
жыл толды. Бұл күндерді де сол бұрынғыша құдайға
құлшылық етумен ѳткіздім. Құдай кітабын зейін салып
оқығаннан бастап, жарылқаушының жәрдемімен әр
нәрсені жаңаша қабылдай бастадым. Менің пайымым
ѳзгерді, маған тіршілік әрі жақын, әрі жат болып кѳрінді.
Тіршілікке деген сезімім де, үмітім де оянбады. Одан
біржола үміт үзген адаммын. Мен енді тіршілікке
Авраамның бір бай адамға: “Екеуміздің арамызда асу
бермес ұлы ѳткел бар” дегенін айтар едім.
Шынында да, мен тіршіліктің күйбеңінен қол үзген
адаммын, тәнімнің қалауы, шаңырақтың шырғалаңы жоқ
менде. Ешнәрсе туралы армандай алмадым, қолымда бар
нәрселерге қанағаттандым. Сондықтан мені аралдың
қожасы, патшасы немесе әміршісі десеңіздер де болады.
Менің бақталасым да, бәсекелесім де жоқ, менің
билігіммен ешкім таласпайды, мен оны ешкіммен
бѳліскенім де жоқ. Кемені де жүкпен толтырар едім, бірақ
маған оның керегі жоқ, қалағанымша егін ектім. Менде
тасбақа деген кѳп еді, анда-санда біреуін сойып жесем де
қанағаттанам. Ағаш дегенің жетіп артылады, мен одан
кеме тоқтайтын әжептәуір айлақ салар едім, жүзім
десеңіз де менің айлағыма сән берерліктей бұл жеміс түрі
кѳп болғандықтан кѳздің жауын алады..
Қара жер берген ѳнімнің бәрін пайдаландым. Тамағым
125


тоқ, кѳңілім қалағанның бәрін таптым. Егер мен құс
біткенді қырып тастасам немесе егінді егуге дәнді
түгелдей дерлік сепсем, жиналған дәндерім шіріп кетер
еді, құстардың да еті бұзылып, лақтырып тастар едім я
шыбын-шіркейге жем болар еді, кесіп үйген ағаштарым
да шіріндіге айналар еді, мен оны тек отынға пайдаланар
едім, ал отын тек тамақ пісіру үшін ғана болмаса,
басқалай қажеттілік тудырмады.
Ойларымды таразылай келіп табиғат аясында ұзақ
болғандағы тәжірибемнен түйгенім: тірліктегі дәулет
біздің қажеттілігімізді ѳтегенше ғана құнды, біз мол
байлыққа кенелсек те, тек ѳзімізге қажетті мѳлшерде ғана
пайдалана аламыз. Нағыз сараң, ашкѳз дегеннің ѳзі менің
орнымда болса, дертінен айығып, қолда барына қанағат
дер еді. Тағы да қайталап айтамын, қолымда жоқ кейбір
ұсақ-түйектер болмаса, маған ештеңенің керегі жоқ, басқа
нәрсені тілемеймін де, шамалы ақшамның бар екенін
жоғарыда айтып ѳткенмін, күмісі бар, алтыны бар, бәрін
қосып есептегенде – отыз фунт стерлингтің шамасы.
Оларды қайда жұмсарымды да білмедім, іске аспас
жарамсыз шіріген нәрседей. Бұл ақшаларды мен ұн
тартатын қол диірменге я темекі тартатын мүштікке
қуана айырбастар едім. Бұл ақшаларды мен бір шѳкім
шалқанның, бір уыс сәбіздің я бұршақтың тұқымына, бір
бѳтелке сияға да бере салар едім. Бұл ақшалардан кѳрген
пайдам жоқ, тек сол бойы тат басып жатыр. Тіпті бір қап
гауһар тасым болса да сол қалпы жатар еді, ѳйткені маған
оның да керегі жоқ.
Менің бүгінгі тіршілігім, денімнің саулығы, жан
дүнием – бұрынғы күндеріммен салыстырғанда кѳңіл
жұбанарлық. Тамақтанар алдында елсіз қу мекенде азық
тауып берген құдайдың мырзалығына ризашылығымды
білдіремін. Мен енді ѳз тұрмысымның жақсылығын
кѳбірек сезіп, ішімнен қуанатын болдым. Мен мұны барға
126


қанағат етпейтін, құдайдың бергеніне шүкір қылмайтын
бақытсыз адамдар үшін айтып отырмын. Біздің
мұқтаждықтарымыздың дені барға қанағат қылмаған соң
пайда болатын сияқты.
Егер кемедегі заттардан ешнәрсе бұйырмаса, күнім не
болар еді деп сәт сайын ойлаймын. Олай болса, менің
асым тасбақа мен балық болар еді. Тасбақаны да бірден
таппадым, шынымды айтсам, ол кезде аштан ѳлген болар
едім. Егер ѳлмей тірі қалсам, жабайылардай тірлік кешер
едім. Егер мен ешкі я құс атып алмасам, терісін сыпырып,
етін қақтай алмас едім. Амалсыздан тістелеп, жабайы
аңдар сықылды тырнақпен жұлмалар едім. Осындай
ойдан кейін құдайдың қайырымдылығын сездім, басыма
салған ауыртпалығы мен тәлкегі үшін де жаратқанға шын
ықыласыммен ризашылығымды білдірдім. Басына қайғы
орнап, ѳмірдің ауыр сәттерінде қиналған әрбір адам: “Бұл
қайғыны менікімен салыстыруға келе ме?” деп ойласын.
Ѳмірде қаншама бақытсыз адамдар бар екенін,
олардың қайғыларынан ѳзгенің қайғысы қанша есе басым
екенін ойласын. Мысалы, менің ѳмірім шаттықта болмаса
да, бір күндік жарық сәулеге куә болғаным үшін риза
болуым керек. Ал мен толық бақыттымын деуім үшін
құдайдың кеңдігі мен мейірімділігін үнемі есте сақтауым
керек. Осының бәрін ой таразысына салғанда, ѳз-ѳзіме
келіп, қайғымнан арыламын.
Аралда тіршілік кешкеніме біраз уақыт ѳтті. Кемеден
алған заттарымның кѳбі бұзылды, әбден тозығы жетті,
тіпті кейбіреулері жарамсыз деуге де болады.
Таусыла бастаған соң, суды құя беріп сияның да қоюы
кеміп, 
қағазға 
жұқпайтын 
болды. 
Бірақ 
әбден
таусылғанша маңызды деген оқиғаларды қысқаша жазып
отырдым. Бір күні жазғандарымды қайта оқып отырып,
ѳзім ѳткерген түрлі оқиғалардың бірінің болған күніне
бірінің дѳп келетінін аңғардым. Егер мен ырымшыл адам
127


болсам және ѳзімнің бақытты, бақытсыз күндерімді күн
ілгері анықтай білсем, бұл сәйкестіктер бекерден бекер
емес қой деп ойлар едім. Біріншіден, менің үйден қашып
Гулльге келген күнім – Салех қарақшыларының қолына
түсіп құл болған күніме дѳп келеді. Ярмут айлағында
кеме апатқа ұшырағанда аман қалған күнім –
қарақшылар тұтқынынан қашқан күніме тура келді.
Қыркүйектің 30-ында, жиырма алтыға толған күнім – сол
қыркүйектің 30-ы күні осы аралға табаным тиген күнмен
сәйкесіп 
тұр. 
Менің 
тауқыметті 
күндерім 
мен
жалғыздыққа тола ѳмірім бір күнде басталған екен.
Сия таусылды, менің наным да, кемеден алған кепкен
наным да таусылды. Үнемдеп жесем де жеткізе алмадым
(
соңғы жыл жарымда күніне бір тілімнен ғана), дәнді
молынан жинап алғанша жылға жақын бір үзім нансыз
күн кештім. Бұған да тәубе дедім, шүкіршілік етіп
құдайға жалбарындым. Ойлап қарасам, мен расымен
азықсыз қалатын едім, менің егін егуге қолымның жетуі де
құдіреттің ісі.
Киім-кешектерім де тоза бастады. Кемедегі сандықтан
тауып алған үш дюжинаға жақын жолақ кѳйлектер
болмаса, қалған киімдердің тозып кеткеніне біраз болды.
Күн ыстық, қалың киім кие алмайсың, кѳбінесе
кѳйлекшең жүруге тура келді, осы жолақ кѳйлектер
болмаса, күнім қалай болар еді? Менде теңізшілердің
бірнеше қалың шинелі болатын, бұлар сол күйі жатты;
бұл жерде тіпті киім киюдің керегі жоқ; бірақ тірі жан
болмаса да тырдай жалаңаш жүруге ѳзімнен-ѳзім
ұялдым.
Жалаңаш жүре алмағаныма тағы бір себеп: үстімде
киім болса, күннің кѳзі ѳтпейді, жалаңаш жүрсең, теріні
бірден күйдіреді, киім күннің кѳзінен қорғайды, кѳйлек
пен дененің арасындағы ауаның қозғалысы денеңді
салқындатады, жалаңаш түгіл жалаң бас жүруге де
128


бойым үйренбеді: жалаң бас жүрсем басым ауырып,
тынысым тарылады, ал енді қалпақ кисем, басымның
ауырғаны басылады.
Енді маған қолда бар шүберектерден құрастырып
қажетке жаратар бірнәрсе істеу керек болды. Бірінші
керегі – күртке (бәрі тозып бітті). Күрткені шинельден
тікпекші болдым. Инені қолға алып, тігіншілікпен
айналысуға кірістім, менен енді қандай тігіншілік
шықсын, әйтеуір жобасын келтірсем болғаны да. Екі-үш
күртке тіктім, менің есебімше, бұл біраз уақытқа шыдас
беруі керек. Алғашқы тіккен шалбарым туралы сѳз
еткенім де қызық болды-ау, тіпті кѳрер кѳзге ұят.
Олжалаған аңдарымның терісін кептіріп, әспеттеп
алып 
қойғаным 
туралы 
алдыңғы 
әңгімелерімде
баяндадым. Теріні күннің кѳзіне кептіргенім бекер екен,
кѳбі қатты кеуіп қаудырап қалды, дегенмен ішінара
жақсы кепкендері де табылды. Ең алдымен жүнін сыртқа
қайырып ѳзіме тымақ тіктім. Тымағым кѳңілден шыққан
соң, жейде, шалбар тігуге кірістім. Жейдені кең етіп,
шалбарды шолақ етіп тіктім, мұны бойыма жылу болсын
деп емес, күннен қорғайды деп ойладым, тіккендерім
түкке тұрмады; ағаш шабуға да шорқақтау едім,
тігіншілігім одан да нашар болып шықты. Тіккен
киімдерім былай кѳрер кѳзге қолайсыз демесек те,
жаңбырлы күндері ѳте қолайлы болды, жаңбырдың суы
терінің сыртқы ұзын жүндерінен сорғалап тѳмен қарай
ағып, денеме су ѳтпей, құрғақ болып жүрдім.
Тымақ, жейде, шалбарды тігіп болған соң, біраз
уақытым қолшатыр тігуге кетті, бұл жақтың жаңбырлы
маусымында қолшатыр маған ѳте қажет болды.
Қолшатырды қалай тігетінін Бразилияда жүргенде
кѳргенмін. Бразилияда қолшатырсыз жүретіндер ѳте
сирек ұшырасады, себебі күн ыстық, күннің кѳзін
кѳлегейлемей жүру мүмкін емес: ал қазіргі менің тұрған
129


жерім одан да ыстық, неге десеңіз экваторға жақын. Маған
ыссы күндерде де, жаңбырлы күндерде де далаға шығуға
тура келді, сондықтан қолшатыр маған ѳте керек еді.
Қолшатыр жасаймын деп біраз әурелендім. Екі-үш рет
бүлдіріп 
алып, 
пішкен 
қиындыларды 
лақтырып
тастадым. 
Қолшатырды 
жасағандағы 
қиналғаным,
ыңғайлы ашып-жабылатын ету. Ѳне бойы ашылып
тұратын қолшатыр тігу қиындық тудырған жоқ, бірақ
ондай қолшатырды ылғи тѳбеңе кѳтеріп жүруге тура
келеді, ол маған қолайсыздық тудырар еді. Мұның да бір
ретін 
тауып, 
ашылып-жабылатындай 
етіп 
тіктім.
Қолшатырды жүнін сыртқа қайтарып ешкінің терісінен
тіктім: жаңбырдың суы үйдің тѳбесіндегі шатырынан
құйылғандай қолшатырды айналып тайғанай берді. Күн
кѳзінен қорғаныш, жауынсыз ыстық күндерде де
қолшатырымды тѳбеме кѳтеріп жүре беретін болдым, бір
жағынан кѳлеңке, қажеті болмаған кезде бүктеп
қолтығыма қысып аламын.
Осылай мен ѳз аралымда құдайға құлшылық етіп
тыныш және жайбарақат тіршілік кешумен күндерімді
артта қалдырдым. Құлшылық қылған сайын қайғы-
мұңым азайып, ѳмірім ажарланғандай болды, егер мен
адамдар арасында ѳмір сүрсем, қандай да бір
қиындықтар туа қалса, ішкі ойымды адам баласымен
бѳлісер едім, бірақ дұғаларым мен аяттарымды бағыштап
құдаймен тілдескенім адамдар арасында ѳткізген кѳңілді
күндерімнен артық болды ма дедім ѳз-ѳзіммен күбірлеп.
Келіп жеткен бесінші жылым, жаңылмасам, ешбір
маңызды оқиғаларсыз ѳте шықты. Тіршілігім сол
бұрынғыдай – жайбарақат, тыныш қалпында ѳтіп жатты;
тұрған жерім – сол бұрынғы ескі мекенім, істейтін істерім
де сол бұрынғыдай – аң аулау, діни кітаптарды оқу, егін
егу, ору, жүзім жинау – күн сайын қолыма мылтық алып
саяхатқа шығуды есепке алмасақ – менің басты жұмысым
130


қайық жасау болды. Бұл жолы тек қайықты жасап қана
қойғаным жоқ, оны теңізге түсірдім, оны теңізге түсіруім
былай болды: жарты мильдей жер арық қазып, арықты
қайыққа дейін жеткіздім, міне, сол арықпен жылжытып
қайықты теңізге түсірдім. Менің алғашқы жасаған
қайығым ѳте зор болып, оны теңізге түсіре алам ба, жоқ
па деп күн ілгері ойламай, ақымақтығымнан оны тұрған
жерінде қалдырып кеткенім оқырмандарға мәлім. Бұл
жолы ондай қайық істегенім жоқ. Бұл қайықтың тұрған
жерінің алыстығы теңіз жағасынан жарты мильдің
шамасындай еді, ѳйткені одан жақынырақ жерден
қолайлы ағаш табылмады, бірақ мен оның салмағын,
мѳлшерін ѳзімше ѳлшеп жасадым және оны теңізге
түсіре алатыныма күн ілгері кѳзім жетті. Осы қайықты
жасауға екі жылдан артық уақыт кетті, аянып қалғаным
жоқ, бар қуатымды жұмсадым, себебі теңізге түсіп сапар
шегуге ынтызар болдым.
Бұл жерде бір айта кетерім: менің жаңа қайығым
әуелгі мақсатты жүзеге асыруға келмейтін болды, себебі
кѳлемі тым шағын, сондықтан ондай қайықпен менің
аралымнан қырық мильдей жердегі құрлыққа жетудің де
мүмкіндігі жоқ. Енді бұл арманмен қоштасуға тура келді.
Менің ендігі ойым – теңізді жағалап, аралды айналып
шығу. Бір кездерде теңіздің қарсы жақ жиегіне барып
қайтқанмын (бұл жѳнінде айтып ѳткенмін). Менің бұл
саяхатым 
қызығушылығымды 
арттырып, 
аралдың
жағалауын түгел шарлап шықсам деген ойға бастап еді.
Қайығым іске жараған соң, жатсам да, тұрсам да ендігі
ойым осы сапарға аттану болды.
Мақсатыма жету үшін қайыққа кішкене діңгек пен
желкен орнаттым, бұған кемеден тасыған желкен де
жеткілікті еді.
Қайық дайын болғаннан кейін оны жүргізіп кѳрдім,
байқағаным, желкен қайықты қозғауға толық дайын екен.
131


Енді қайықтың алдыңғы жағына да, артқы жағына да
азық-түлік, оқ-дәрі, тағы басқа керекті заттар салу үшін
бір-бірден жәшік орнаттым, ішіндегі нәрселерге су
тимейтіндей етіп үстін мықтап қымтадым, қайықтың түп
жағын жонып, мылтық қояр қуыс жасадым, дымқыл
ѳтпесін деп үстін ашылып-жабылатын қақпақпен жауып
қойдым. Бұдан кейін кѳлеңке болсын деп қайықтың арт
жағына керіп тұрып қолшатыр қададым.
Сонымен, теңізге саяхат жасай бастадым, бірақ
жағадан алыстап кетпедім, әлі ашық теңізге шыққаным
жоқ. Міне, енді кішкене патшалығымның шет-шегімен
танысу үшін саяхаттауға бет алдым. Әзірлік жұмысы
біткеннен кейін қол астымдағы жерді шарлап қайтуға
жүрмекші болдым. Сапарға қамдандым, азық-түліктен
бастап киім-кешек, тағы да басқа заттарды түгел алдым.
Жиырма бѳлектей арпаның ұнынан пісірген нан, бір
күрешке қуырған күріш, бір бѳтелке ром және ешкінің
жарты еті, оқ-дәрі, киер киімнен алғаным – екі шинель,
біреуін астыма тѳсеп, біреуін үстіме жамылармын дедім.
Қарашаның алтысы күні, яғни менің патша болып
таққа отырғаныма я тұтқынға түскеніме бес жыл толып,
алтыншы жылға аяқ басқанымда деуге болатын шығар,
сапарға аттандым. Ѳзім ойлағанымнан едәуір жер ұзап
кетіппін. Оған себеп, тура жүрудің реті келмей, едәуір
жер айналып жүргендігімнен болды; мен мекендеген арал
онша үлкен емес еді, бірақ күншығыс жақ жиегіне жете
бергенде біріне-бірі жалғасып созылып жатқан кѳп
жартастарға кездестім, бұлардың бірсыпырасы судың
астында, бірсыпырасы шошайып су бетіне шығып тұр;
тастардың тұрған жерінен теңіздің жағасы алты мильдей
және тастардың ар жағында бір жарым мильдің
шамасында су тайыз, түбі кѳрініп тұр десе де болады,
қайықпен жүруге келмейді, қайырлап қалады. Міне,
132


осындай кедергілер тѳтелеп жүруге кедергі болып, кѳп
жүруге тура келді.
Осыдан кейін сол жерден кері қайтқым келді, себебі
айналып жүргенде теңіздің ортасына қарай шығып кетуге
тура келер еді, егер теңіздің ортасына қарай шығып
кетсем, қайта оралуымның ѳзі екіталай болатындай
кѳрінді. Осындай ойға келдім де, зәкірді суға лақтырып,
қайықты тежедім (кемеден алған сынықтардан зәкір
боларлық 
бір 
нәрсе 
жасағанмын), 
содан 
кейін
мылтығымды қолыма алып, жиекке шықтым. Биік бір
тѳбенің басына шығып, айналма жердің аумағына кѳз
жүгірттім. Әрі-бері кѳз жіберіп қарадым да, қайтуды
кейінге қалдырып, ілгері қарай жылжуға тәуекел еттім.
Әлгі биік тѳбенің басына шығып тұрғанымда,
күншығысқа қарай бет алып, сол айналма жерге тіреліп
жатқан қатты ағысты байқадым. Мұны кѳріп мына ағыс
менің жолыма қауіп келтірмесе болар еді деген ой түсті.
Егер мен бұл ағысқа тап болсам, ығыстырып теңізге алып
шығады; егер теңізге бұрып жіберсе, – аралға жету қиындап
кетеді. Осының бәрін күн ілгері зерделеп алмағанда, сѳзсіз
солай болатын еді. Аралдың екінші жағынан жағаға жетіп,
оған келіп тіреліп жатқан қатты қарсы ағыстың бар екенін
де байқадым. Енді маған бірінші ағысты кесіп ѳтіп, екінші
ағысқа жету керек болды. Осы бағытпен жүрсем, екінші
ағыс мені жиектен бір-ақ шығарады екен.
Аялдаған тұста зәкірді түсіріп, екі күн тұрдым, ѳйткені
жел тұрып, ілгері жүру мүмкін болмай қалды (жел
оңтүстік 
пен 
солтүстіктің 
аралығынан, 
жоғарыда
кѳрсетілген ағысқа қарсы соқты), биік асау толқындар
жартастарды ұрғылап жатты, жиекте ұзақ аялдаудың ѳзі
үрей туғызды, жиекті тастап ашық теңізге қарай
жылжысаң, манағы айтқан ағысқа тап боласың, ол бұдан
қатты қауіп туғызар еді.
133


Іңір қараңғылығында жел басылып, теңіз бетіне
тыныштық орнады, мен де алға жылжуға ниеттендім.
Менің бастан кешкендерім тәжірибесіз, сақтықты
білмейтін жиһанкезге сабақ болары анық. Әлгі айналыс
жерге тіреліп, жағаға жақындап қалғанда қатты ағыс
тартып, қайығымды айналдыра жѳнелді, иірімінің
күштілігі сондай, диірменнің тасындай айналады.
Шарасыз қалған мен қайықты ортаға қарай бұрмай, шет
жағалап жүре бердім. Сол бойы бірте-бірте алыстатып
әкете берді, қарсы ағыс менің сол жағымда қалды. Жел
тұрса да, оның әсері болмады, әйтпегенде ескектің
күшімен қайықты бұрып ағысты кесіп ѳтуге менің шамам
келіп тұр. Мені ағыс әрі қарай ығыстырып әкетті.
Ѳмірмен қоштасып, ендігі тірліктен күдер үздім: бұл ағыс
екінші ағысқа қосылатынын сездім, менің шын ажалым
енді жеткен шығар деп ойладым. Қайықты бұрудың еш
амалын таппадым. Ѳлім кѳз алдыма келіп, жел жоқ, теңіз
беті тыныш, суға батып кетемін деп емес, аштан ѳлемін
деп қорықтым. Жағадан бір үлкен тасбақа олжалап,
қайығыма салып алғанмын. Бір құмыра ауыз суым бар.
Бұл азық қай күнге дейін жетпек, қара жердің қарасын
кѳрмей, тентек теңіздің қойнында қалған мендей адасқан
сорлыға бұл азық қанша күнге қорек болады.
Мен қайғылы деген жағдайдың, құдайдың қалауы
болса, одан да қайғылы боларын сол кезде түсіндім. Енді
мен жан баласы тіршілік етпейтін, шѳл басқан ѳз
аралымды жер жұмағы деп ойладым және сол жұмаққа
оралуды армандадым. Мен оған бар ынтаммен қолымды
созып: “О, жанға жайлы шѳл далам! Енді маған сені кѳру
жоқ! Мен бір бақытсыз бейбақпын, ендігі күнім не болар?”
дедім. Жалғыздығым үшін, құдайға тіл тигізген
қайырсыздығым үшін ѳзімді айыптадым. Тіршілігі жоқ
сол аралға апарып тастайтын құдірет қазір менен нені
қаласа, соны берер едім. Иә, адам баласы деген
134


сондаймыз: 
қолайсыз 
жағдайға 
душар 
болмай,
жайлылықтың мәнін білмейміз, қолда барға қанағат
тұтпай, қолдан шығып кеткен соң ѳкінеміз. Жанға жайлы
аралымнан (қатты күйзелгенде жанға жайлы болып тұр)
мұхитқа алты мильдей жер алыстап, енді кѳрмеймін-ау
деп қоштасқандағы күйзелісімді кѳрсеңіздер, оны айтып
жеткізу мүмкін емес. Бірақ жаным қысылғанда мен де
қарап қалмадым, бар күшіммен ескекті есіп, ағысқа
қарсы, яғни солтүстікке қарай қайықты бұра бердім. Күн
тѳбеден ауа бергенде менің бақытыма қарай жел тұрды.
Кішкене ѳз-ѳзіме келейін дедім. Желдің күшейіп, қатты
соққанын кѳргендегі менің қуанғанымды кѳрсеңіздер. Бұл
кезде қанша екенін құдай білсін, аралдан кѳп жер
алыстап кеткен едім. Егер сол кезде тұман кѳтеріліп яки
күннің кѳзін бұлт басқанда құритын едім: құбылнама да
жоқ еді, сондықтан арал кѳзден таса болғанда, қалай
қарай жол тартуды білмеген болар едім. Бірақ менің
қуанышыма орай күн ашық болды. Қатты ағыстан құтылу
үшін тездетіп діңгектерді орнатып, желкенді кѳтердім де,
солтүстікке қарай қайықты бұрдым.
Желдің ығына қарай қайықты бұра бергенде, ағысты
қақ жарып кесіп ѳте шықтым, бұл кезде ағыс бәсеңдей
бастаған секілді. Ағыс иірімденбей, біртіндеп тына
бастады. Ойлағаным дұрыс болып, ағыс расымен
бәсеңдейін деген сияқты, себебі қатты ағыс болса, су лай
болар еді. Күншығыс тұстан кѳптеген жартастар кѳрінді
(
мұны алыстан байқауға болады, ѳйткені жиекке соғылған
толқындар кѳбіктеніп кѳрінеді), бұл жартастар ағысты
екіге бѳліп жібереді, сол кезде ең басты ағыс оңтүстікке
қарай бет түзеп, жартасты жағаны солтүстік пен батыс
жаққа қалдырып, иірім жасап, солтүстік-батысқа қарай
қатты ағып жатты.
Дар алдында тұрып құлшылық еткен немесе тамағына
пышақ тақап тұрған қарақшыдан құтылған адам ғана
135


менің желдің бағытымен қайықты кейін қарай бұрып,
желкенді жайып жіберіп, тура тартқандағы қуанышымды
сезіне алады деп ойлаймын. Қарсы ағыс ықтырып, мені
бірден аралға жеткізді, жеткенім әуелгі теңізге түскен
жерімнен алты миль шамасындай жер, аралға жақын, мен
теңізге түскен жерге қарама-қарсы, аралдың солтүстік
жағалауындамын.
Қарсы ағыс үш мильдей жер жүріп ѳткен соң
бәсеңдеді, мені әрі қарай әкете алмайтынына кѳзім жетті.
Маған енді ешбір қауіп жоқ, аралды кѳріп тұрмын, екі
ағыс – мені ашық теңізге қуалап алып шыққан оңтүстік
ағыспен басқа бағытқа қарай үш миль бұрып жіберген
солтүстік ағыстың арасында тұрмын. Жел тұрғанын
пайдаланып, қайықты еппен ғана аралға қарай бағыттап
отырдым.
Кешкі сағат тѳрттің шамасында, аралға үш мильдей
қалғанда оңтүстікке қарай іркес-тіркес созылып жатқан
кѳп жартастардың солтүстікке қарай қатты ағыс
туғызатынын байқадым; ағыс ѳте қатты, бірақ батысқа
қарай бет алған менің жолыма еш кедергісі болған жоқ.
Бұл тұсқа келгенде жел тағы да күшейе түсті, соңынан
соққан желдің күшімен, ағысты да кесіп ѳтіп, бір сағаттан
аса уақыттан соң тып-тыныш жатқан жағаға еш
қиындықсыз жеттім.
Табаным қара жерге тиген бойда, тіземді бүгіп құдайға
құлшылық қыла бастадым, қысылтаяң сәтте жәрдемін
бергені үшін алғысымды жаудырдым, енді қайтіп
қайыққа отырып, аралдан кету ниетінен аулақ болуға ант
еттім. 
Тамақтанып 
әлденіп 
алған 
соң, 
қайықты
жылжытып, жағалаудағы бір ағашқа байладым да,
тынығуға ыңғайландым, әбден қалжырап ұйқыға кеттім.
Қайықты үйге қалай жеткізудің амалын таба алмай
біраз дағдардым. Қайықпен солтүстікті жағалай жетемін
деп ойлаудың ѳзі үрейлі, жүрегім де дауаламады; екінші
136


жолмен – жағаның батыс жағымен қайтуға таныс жол
болмағасын тәуекелге бару тағы қиын. Азаннан қайықты
сол жерге тастап, тек керек кезінде пайдалану үшін
тасалау жер іздедім. Үш мильдей жүргесін қолайлы бір
жер кездесе кетті. Сол жерге қайықты қойдым да, қайда
тұрғанымды аңғару үшін жағалауға шықтым. Ѳткенде
ғана жаяу келіп, белгі салып кеткен жағалаудан онша
қашық емес екен. Сосын да мылтығымды қолыма алып,
қолшатырды тѳбеме ұстап (қатты ыссы болатын) жолға
шықтым. Теңіздегі қайғылы оқиғадан кейін жер бетіндегі
бұл сапарым ѳзіме керемет болып кѳрінді. Ормандағы
саяжайыма кеш түсе келіп жеттім, саяжайым мұнтаздай
екен, әр нәрсе ѳз орнында. Қоршаудан секіріп кірдім де,
кѳлеңкеге жата кеттім, әбден шаршағанмын-ау, сол сәтте
ұйықтап кетіппін. “Робин, Робин, Робин Крузо! Бейшара,
Робин Крузо! Сен қайдасың, Робин Крузо! Сен қайдасың?
Сен қайда болдың?” деп, әлденеше рет атымды атаған
біреудің даусынан шошып оянған кездегі түрімді
кѳрсеңіздер, таңғалмаңыздар деймін.
Жанталасып ескек ескенім, одан түстен кейінгі жаяу
жүріс қойсын ба, ояна алмай, бұл дауысты кѳпке дейін
түсім екен деп жаттым. “Робин Крузо”, “Робин Крузо” деп
қайта-қайта айқайлай бергесін ояндым да, шошып кеттім.
Ұшып түрегелдім де жан-жағыма қарадым, басымды
кѳтерсем, қоршаудың ағашының бұтағында тотым отыр
екен. Мені шақырған дауыстың соныкі екенін біле
қойдым. Мұңды дауыспен осы сѳздерді айтқанымда, ол
мені қайталай беретін, қолыма қонып, тұмсығын бетіме
тақап, басын шұлғып: “Бейшара Робинзон Крузо! Сен
қайдасың? Сен қайда болдың? Сен бұл жерге қалай
келдің?” деп тағы да басқа ѳзім үйреткен сѳздерді
қайталайтын.
Бұл сѳздерді айтып отырған тотым екенін білсем де,
одан басқа менімен сѳйлесер тірі жанның жоқ екенін
137


түсінсем де, кѳпке дейін ѳз-ѳзіме келе алмай, аң-таң
болып абдырап біраз отырдым. Біріншіден, бұл менің
саяжайымда аяқ астынан қалай пайда болды, екіншіден,
ол басқа жаққа ұшып кетпей, тап осы жерге қайта
келгеніне таңғалып отырмын. Отырған ѳзімнің тотым
екен, рас бұл ѳзімнің тотым, қолымды созып, атын атап
ѳзіме шақырдым. Үйретілген құс қой, бұрынғысындай
бас бармағыма келіп қонды да: “Бейшара Робинзон
Крузо! Сен бұл жерге қалай келдің? Сен қайда болдың?”
деп сайрап қоя берді. Ол мені кѳргеніне қатты қуанған
сияқты. Үйге ѳзіммен бірге алып қайттым. Теңізге шығып
саяхат жасау туралы кѳпке дейін ойламадым, тартқан
азап, кѳрген қорлығым біраз уақыт кѳз алдымнан
кетпеді. Әрине, аралдың арғы жағында қайығым болса,
жаман болмас еді, бірақ оны әкелудің амалын таба
алмадым. Аралдың батыс жақ бѳлігі маған тіпті таныс
емес. Егер ол жақтың ағысы да мына жағындағыдай
қатты болса ше? Тағы да ағыспен теңізге түсіп, қайығым
жарға соғылып, сүйегім шашылып қалар. Осындай
ойларды тѳңіректеп қайық жасап, оны теңізге түсіру
үшін қара тер тѳгілсе де, қайықсыз-ақ күн кѳрермін
деген шешімге келдім.
Осы оймен жүргенде жылға жуық уақыт ѳтті.
Оқырмандар кѳз алдына оңай елестетер жалғыздықта,
бірқалыпты ѳмір ѳтіп жатты. Менің ойларым бір жүйеге
құрылған, тыныш ѳмір сүргенім үшін ѳзімді бақыттымын
деп есептедім. Тек адамдар қоғамынан қол үзгенім
болмаса, басқалай мұқтаждық кѳргенім жоқ.
Тұрмыс талабына тәуелді болып, шеберлігімді жан-
жақты арттыруға тура келді. Құралдарымның кем
болғаны болмаса, менен жақсы ағаш шебері шығар еді
деп ойлаймын. Мен қыштан ыдыс жасауды да меңгеріп
алдым, қыштан ыдыс жасау менің жұмысымды
жеңілдетті және сапалы болды. Бұрынғы ыдыстарымның
138


кескіні қалай болса солай болып шықса, енді оларды
әдемі етіп жасайтын болдым.
Ѳзіме темекіге мүштік жасағанымдағы қуанғанымды
кѳрсеңіз,
– 
бұлай ешқашан шаттанбаған болармын. Әрине,
менің қыштан күйдіріп жасаған мүштігім басқа да жасап
шығарған нәрселерімдей сырт пішіні ѳте келіссіз еді,
бірақ мықты, түтінді жақсы шығарады, маған әйтеуір
темекі соруға жараса болғаны, ѳйткені мүштікті жасауды
кѳптен бері ойлап жүретінмін және ѳзім шылым тартуға
құмар едім. Кемеде мүштіктер кѳп еді, салатын темекісі
жоқ, мұның қандай қажеті бар деп алмағанмын, аралда
темекі ѳсетінін мен ол кезде қайдан білейін. Соңынан
кемеге барғанымда бірде-бір мүштік таба алмадым.
Мен себет тоқу ѳнеріне де ықыластандым, себеттің
алуан түрін тоқып шығардым. Себеттерімнің сыртқы
пішімі келісті болмаса да, ұн салып қоюға, әйтеуір
нәрселерді салып тасуға ѳте қолайлы еді. Мен атып алған
ешкімді үйге арқалап қайтпай, сол жерден сойып, етін
себетке салып әкелетін болдым. Тасбақаның да ішін
жарып, жұмыртқасын, керектілерін аламын да, керексізін
сол жерге тастап кетемін. Орған бидайларды үлкен
себеттерге салып қоятын болдым.
Оқ-дәрімнің бірте-бірте азая бастағаны сезілді. Оқ-
дәрім таусылса, оның орнын қалай толтыра аламын. Егер
шынымен де оқ-дәрі таусылса, қалай күн кѳремін, аңды
қалай ауламақпын. Аралды мекендегеніме үшінші жыл
болған кезде, ешкінің бір жас лағын ұстап алып,
асырағаным туралы бір әңгімемде келтіріп ѳткен едім.
Мен тағы лақ ұстап аламын ғой деп ойлағанмын, бірақ
ұстап алудың реті келмеді. Менің баяғы лағым әбден
қартайды. Оны сойып жеуге қимадым.
Оныншы жылдан он бірінші жылға аяқ басқан кезде
оқ-дәрім таусылды, енді мылтықпен атуды қойып, ешкіні
139


тірілей қолға түсірудің амалын қамдадым. Әуелі ешкіні
лағымен ұстап алғым келді. Тұзақ құра бастадым.
Тұзақты бірнеше жерге құрдым. Тұзаққа ешкілер түсті,
бірақ одан келер пайда болмады. Себебі темір сымдардың
жоқтығына байланысты тұзақты ескі жіп арқандардан
кердім, оны ешкі тартқылаған кезде шыдамай үзіле берді.
Енді ор қазғым келді. Ешкінің кѳп жайылатын жеріне
терең етіп үш ор қаздым да, бетіне талдар тастап, үстіне
жапырақ жауып қойдым, айналасына күріш пен арпаның
дәндерін тастадым. Кѳп кешікпей-ақ ешкілер тек арпа
мен күріштің басын жеп, орды айналшықтап жүретін
іздеріне куә болдым. Енді мен еліктіру үшін басқаша тор
құра бастадым, сонда да жемді жеп кетіп, ѳздері сау
қалып жүрді. Әрине, бұл мен үшін ауыр болды. Бірақ
сонда да құлазымай, ордың бетін басқалай жасырдым
(
бастан-аяқ баяндап оқырманды жалықтырғым келмейді).
Келесі күні ордың біреуіне бір үлкен теке, екіншісіне үш
лақ түсіпті, лақтың екеуі – ұрғашы, біреуі – еркек. Әлгі
текені шығарып қоя бердім, ѳйткені оны не үшін
пайдаланарымды білмедім. Ѳзі жабайы, ашушаң екен,
тірілей қолға түсіру мүмкін емес, маңына жолатпайды
(
орға түсуге қорықтым), ұрып ѳлтірейін десем, қолымда
ешнәрсе жоқ, ордың бетін ашқаным сол еді, қарғып
шықты да, зыта жѳнелді. Бірақ ол кезде аштық деген
арыстанды да алып жығарын қайдан білейін. Егер сол
кезде текеге нәр татырмай, үш-тѳрт күн орда ұстап,
артынан шѳп, су бергенімде, лақтан да жуас боларын
қайдан білейін! Бабын таба білсе, ешкі деген асырауға
кѳнгіш, қолға үйретуге болатын мал екен.
Қайталап айтамын, дәл сол кезде мен мұны білген
жоқпын. Текені бетімен жібердім де, лақтар түскен орға
келдім, бірінен соң бірін сүйреп шығарып, арқанға матап
байластырдым да, үйге әрең әкелдім.
Ұзақ уақыт лақтарды қолдан тамақтандырып үйрете
140


алмадым. Бергенімді жемеді, бірақ пісіп-жетілмеген арпа
мен күріштің сабақтарын алдарына бірнеше рет тастап
едім, аздап үйрене бастады. Енді ешкіні ѳсіріп кѳбейткім
келді, оқ-дәрі біткен кезде ѳзімді етпен қамтамасыз етудің
жалғыз амалы осы болды. Ең әуелі оларды жабайы
ешкілерге қоспауым керек, әйтпесе олар ѳсе келе бәрібір
орманға қашып кетеді. Бұған қарсы қолданатын бір ғана
тәсіл – шығып кете алмайтындай, қазығын мықты қылып
қора жасау.
Қора жасау жалғыз адамның қолы үшін оңай шаруа
емес. Бірақ қажеттілік соған мәжбүрлеп тұр. Сондықтан
кешіктірмей-ақ қора салуға қолайлы орын іздеуге
кірістім, менің ешкілерім үшін шѳбі, суы қашық емес
және кѳлеңкелі жер керек.
Мұндай жер кѳп іздеттірмей-ақ табылды: бұл кең
тоғай немесе біздің батыс аймақтарында саванна1 деп
атайтындай: екі-үш жерде ағып жатқан бұлағы қылаң
беріп, суы мѳлдір, таза, бір жағында мол кѳлеңкесін
тѳккен бір шоқ биік ағаштар тұр. Бірақ мұндай
қоршаулардың қалай тұрғызылатынын кім біледі, менің
тұрғызған қоршауымды кѳргендер күлетін шығар:
бастапқы жоспарым бойынша тоғайды түгелімен қоршап
шықпақшы болғам, тоғайдың айналасы екі мильден
артық болмаса кем емес.
Менің ақымақтығым екі миль жерді қоршағанымда
емес: екі миль не, он миль не, қоршап шығу қолымнан
келеді, уақыт та жеткілікті. Бірақ айналасын бітегеніммен
кѳлемі сондай үлкен қоршауда ешкі бақтың не, оларды
аралға 
жамыратып 
жібердің 
не, 
айырмасын
ескермегенімде, бұларды қалай бақсаң да сол жабайы
қалпында қалар еді және оңайлықпен ұстатпас еді.
Жоспарымды ѳзгертер осы ой менің басыма жеткенше
елу метрдей қазып тастаған едім. Енді ұзындығын – жүз
елу, енін жүз метр шамасындай етіп тоғайдың бір
141


бұрышын бѳлу; бұл әзірше менің бар малыма жайылым
бола алады, ешкі басы кѳбейген кезде жайылымға
жаңадан жер қарап, ѳрісін кеңейтермін деген шешімге
келдім.
Бұл жан-жақты ойластырылған шешім еді, мен
белсене іске кірісіп кеттім. Бірінші учаскені үш ай дегенде
қоршап бітірдім, мұнан кейін лақтың үшеуін де кіргіздім,
ѳзіме әбден үйрету үшін босатпайын деп аяқтарын тұсап,
маңайымнан шығармай жүрдім. Үнемі келіп қарап
тұрамын және келген сайын арпаның немесе күріштің
сабақтарын 
әкеліп, 
дағдылансын 
деп 
қолыммен
жегіземін. 
Қоршауым 
тұрғызылып 
болған 
соң
тұсауларын шешіп, еркіне жібердім, әбден үйренгендері
ғой, кетер кезімде жем дәметіп, маңырап соңымнан
қалмады.
Жыл жарым уақыттан соң ешкінің саны лақтарын қоса
есептегенде, он екіге жетті, екі жылдан соң қырық үшке
жақындады (менің азық қылғандарымды есептемегенде).
Енді менде бес қоршалған аула пайда болды, оларды
ешкілерге арнап бес бѳлікке бѳлдім және олар бір-
бірімен қақпалар арқылы жалғасып тұрды.
Осылай мен ешкі етіне қарық болдым, ет қана емес,
сүт те мол болды. Мен үшін тағы бір тағдырдың сыйы,
ешкілерді кѳбейтемін деп жоспарлағанымда, олардың
сүтінің пайдама асары ойыма келмепті, артынан барып
оларды сауып, сүтін де қорек етемін деген ой келіп,
қуанып кеттім. Аяқ асты менде сүт фермасы да пайда
болды десе де артық емес. Аңды да, тірі жанды да
қоректендірген табиғат ѳзінің бергенін пайдаға асыруды
да ѳзі үйретеді. Мен ѳмірімде сиыр сауып кѳргенім жоқ,
ешкі дегенді айта кѳрмеңіз. Бала кезімде май мен сырды
қалай жасайтынын кѳргенім бар. Басында қатты қиналсам
да мұның бәрін бірден үйреніп кетпедім – бірнеше сәтсіз
тәжірибеден кейін – сауып та, май мен сыр жасап та
142


үйрендім, бұдан былай бұларды дайындау үшін еш
зәрулік кѳрмедім.
Керемет деген адамның ѳзі менің үй-ішіммен түстеніп
отырғанымды кѳрсе, шыдап тұра алмай, езу тартар еді.
Әуелі тѳрде ѳзім отырамын – арал қожасы, патшасы және
әміршісі, ѳзімнің бағыныштыларыма қалай әмір етемін
десем де еріктімін: азаптай аламын, кешірім етемін,
еркіндік беремін немесе тәуелді ете аламын, менің ісіме
ешкім наразы емес. Бағыныштыларыммен бір үстелдің
басында патшадай шалқайып отырып түстенгеніме тек
куә болсаңыздар болды. Менімен әңгімелесуге сүйікті
тотыма ғана рұқсат берілген. Итім әбден қартайып
алжыды, аралды кезіп жүрсе де ѳзіне бір серік таба
алмады, тамақтанар кезде ол менің оң жағымда отырады,
ал екі мысықтың біреуі үстелдің бір жағына келіп,
екіншісі екінші жағына келіп, алдарына жейтін бір нәрсе
тастағанша кѳздерін сығырайтып, пырылдап отырады
да қояды.
Бұлар менің кемеден әкелген мысықтарым емес: олар
әлдеқашан ѳліп, бәрін де ѳз қолыммен үйдің жанына
кѳмгенмін. Оның біреуі, қалай екенін білмеймін, бір
хайуанмен шатысып балалаған болатын, екеуін алып
қалып асырадым, қалғандары орманға қашып кеткен. Бұл
мысықтар ѳзіме пәле болып жабысты: сарайдағы
азықтарды тіміскілей бергесін, ѳлтіріп тыныш тапқанмын.
Мінеки, осылай менің күндерім тоқшылық пен
молшылықта ѳтіп жатты, тек адамдар қоғамы болмаса,
басқалай ешнәрседен мұқтаждық кѳргенім жоқ. Енді
менің қол астымда ѳзімнің кішігірім мемлекетім пайда
болды. Теңізге түсіп саяхатқа аттанбаймын деп шешім
қабылдасам да, ара-арасында серуендеп қайту үшін
қайықтың болғаны дұрыс деп пайымдадым. Оны аралдың
ѳзім тұрған жағына жеткізудің амалын қарастырып біраз
ойландым, жеткізудің оңай емесін түсіндім де, қайықсыз
143


болғаным да жѳн екен ғой деп ѳзімді-ѳзім жұбаттым.
Дегенмен де теңіз ағысын, жағалауды қарап қайту үшін
соңғы рет қайықпен саяхатқа шығарда биігіне шыққан
тѳбені кѳріп қайтқым келді. Шыдап тұра алмай, жағаны
бойлап солай қарай жаяулап тартып кеттім. Егер біздің
Англияда жүргіншілер үстінде мендей киімі бар біреуді
кѳрсе, қорыққандарынан естерінен танып шалқасынан
түсер еді немесе ішек-сілесі қатқанша күлер еді;
Йоркширді дәл осы күйіммен араласам, олар түгіл ѳзім
де ѳзіме еріксіз күлер едім. Енді сіздерге күлкі тудырар
ѳзімнің сырт пішінімді айтып беруге рұқсат етіңіздер.
Менің басымда күн түспеу үшін, ал жаңбыр жауғанда
мойныма су кірмеу үшін, арт жағын салбыратып
желкемді жапқан, алды қайырылып екі жағы иыққа
түскен, пішімі ѳте келіссіз, тѳбесі шошақ, ешкінің
терісінен тіккен қоқиған қара тымағым бар. Қапырық
мекенде үстіңдегі киімнен ѳткен жаңбырдан залалды
нәрсе жоқ.
Үстімде белуардан келетін қысқа қамзол, шалбарым
шолақ, тіземді жаппайды, бұлар да ешкінің терісінен
істелген, кәрі ешкінің ұзын жүндері бар жері шалбарыма
түсіпті, жүні жалбырап балтырымды жартылай жауып
тұр. Шұлық, башмақ дегендер менде атымен жоқ.
Олардың орнына қалай атасам екен…. тіпті қалай
атарымды да білмеймін… қысқа етік сияқты, шұлық
дегенге де келеді, арт жағынан қайырылған, енді түрі
нағыз жабайылардың киетіні дегенге келеді.
Күртешемнің сыртынан жүні сылып алынған, ешкінің
терісінен істелген белдік будым; белдіктің доғасы кішілеу
екі қайыстан жасалған, соған іліп тартамын да,
айналдырып әкеліп екінші жақ бүйірімнен қыстырып
қоямын. Белбеудің бір жағына ілмек тіктім, әрине, қанжар
мен қылыш салып жүруге емес, балта мен ара қыстырып
алу үшін. Иықтан тѳмен тартқан түймешекті былғары
144


белбеу бар: ол белдіктен жіңішкелеу. Бұл белбеуде оқ-
дәрі салу үшін сол жақ қолтықтың астына келтіріп тіккен
екі қалта бар: біріншісіне оқ-дәрі, екіншісіне бытыра салу
үшін. Арқама себет іліп алдым, иығымда мылтық, тѳбеме
кѳтергенім – дағарадай қолшатыр; қолшатыр –
мылтықтан 
кейінгі 
жан 
сақтайтын 
ең 
керекті
жабдықтарымның бірі. Экваторға ѳте жақын тұрсақ та,
мен күннен қорғанбай жүре бердім, сондықтан түріме
қарап мулат деуге болатын шығар. Бір кезде сақалымды
ѳсіріп қоя берген едім, қайшы мен ұстара пайда болғасын
оны қысқартып, мұсылмандардың жоғарғы еріндеріне
қоятын ұзын мұртының формасына ұқсас қылып қана
қалдырдым, 
– 
мұндай 
мұрттарды 
Салехадағы
түріктерден 
кѳргенмін, 
ал 
мароккалықтар 
мұрт
қоймайды; олардың ұзын болатындығы сондай, – әрине,
оған бас киімді іліп қоя алмассың, – бірақ Англиядағы
балаларды қорқытуға жарап қалар еді. Мен мұны жай
айтып отырғаным ғой, әйтпесе аралда менің бетіме я
түріме қарайтын кім бар дейсің, сондықтан олардың
қандай пішінде болатындығы бәрібір емес пе? Осымен
сақалым туралы әңгімені доғарайын.
Жоғарыда баяндағанымдай, бес-алты күнді құраған
жаңа сапарға аттандым. Әуелі жағаны бойлап теңіз
ағысын, содан кейін жағаны байқау үшін соңғы рет
қайықпен саяхатқа шығарда биігіне шыққан тѳбеге қарай
жүрдім, қайығым болмағасын, әлгі айтылған тѳбеге тѳте
жолмен тарттым. Тѳбенің басына шығып, жартастарға
(
қайықпен келгенде) кѳз салсам, теңіз беті жайбарақат: я
толқын жоқ, я ағыс жоқ, кѳрдім де таңғалдым.
Мен бұл жұмбақтың шешімін таба алмай, ұзақ уақыт
телміріп теңізден кѳзімді алмадым. Бұл ағыстың батыстан
тасыған судың ѳзен құйылысына келіп түскенінен
болатынына кѳзім жетті. Сондықтан әлгі ағыс жел
Батыстан немесе Оңтүстіктен соқса да, жағаға біресе
145


жақындап, біресе алыстап жатады екен. Расымен де
осылай ма, әлі де байқап кѳрмек болып, кешке дейін сол
арада кідіріп, тѳбенің басына тағы шығып қарадым,
ағысты бірден байқадым, бұл ағыс менің қайығымды
теңізге алып кеткен жерден біршама қашық, ол бір
жарым миль шамасындай тұста кѳрінеді, “мұның да қаупі
анда-санда екен ғой” дедім, расымен де, тек су кѳтерілген
кезде ғана қауіпті екен.
Осы жайларға куә болған соң, қайықты аралдың ѳзім
тұрған жағына жеткізуге еш кедергі жоқ екен деген
қорытындыға келдім: оны жеткізу үшін ағыстың жағадан
қашықтағанын күтсе болғаны. Бірақ бұл жоспарды іске
асыруға дайындық үстінде ѳткен жолғы қауіп-қатер есіме
түсіп, жүрегім қобалжып, бойымды қорқыныш биледі.
Қайықты аралдың екінші жағына жеткізу туралы ойдан
арылып, басқаша шешімге келдім, – ол дұрыс шешім
болды, бірақ біраз әбігері бар: қайта қайық жасау, яғни
аралдың екі жағында екі қайыққа ие болу.
Бұл мекенде менің екі тұрағымның бар екендігі
оқырмандарға мәлім. Сыртқы жағын қос қабаттап соққан,
ішкі жағында шатыры және азық-түлік қоятын сарайы
(
үңгірі) бар, тау қойнауындағы шағын қорған; бірнеше
бѳлмелер жасап, үңгірдің ішін кәдімгідей кеңейттім.
Үңгірдің үлкен бѳлмесінде (жоғарыда айтылған іштен
тесіп сыртқа шыққан) ѳз туындыларым – үлкен
күрешкелерім және он бес-он алты шұңғыл себеттерім
бар, біреуі де бос тұрған жоқ, бәрі азық-түлікке толы; дені
– 
ұн, жарма күйінде үгітіп салғанмын.
Енді менің қоршауымның сырт жағына келер болсақ,
айналдыра қаққан қазық ағаштар тамырланып, орман
болып ѳсіп кетті деп айтып едім ғой. Қоршауы
ағаштардың тасасында қалған соң бұл жерде адам баласы
тұрады деп ешкім ойламайды.
Қорғанымнан қашық емес, таудың етегінде, аралдың
146


түкпіріне қарай екі егістік жерім бар. Ол жерлерде арпа,
күріштен жылма-жыл жақсы ѳнім алып тұрдым. Егер
маған егістік жерімнің кѳлемін кеңейту керек болса,
маңайдағы жердің бәрі қолайлы.
Екінші тұрағым – орманда. Ол тұрағымды ѳте үлкен
махаббатпен 
тұрғыздым: 
ішінде 
баспалдағы 
бар,
айналдыра қолмен отырғызған ағаштардың бастарын
үнемі қырқып, тегістеп тұрдым, сондықтан олар жан-
жағына жайыла ѳсіп, тѳгіліп кѳлеңке болып тұрды.
Қорғанның ішкі жағында жапырақ кѳлеңкесінің астында
желкен секілді шатыр бар. Шатырдың ішіне ешкінің
терісінен жасап ѳзіме тѳсек салып қойдым; тѳсектің
үстінде – кемеден алған теңізшінің кѳрпесі мен шинелі.
Түнде жатқанда үстіме жамылып жатам, себебі бұл жерде
бірнеше күн түнеп жүрген кездерім болды.
Ал мына саяжайда ешкілерді қамайтын аулам бар.
Бұны 
қоршау 
аса 
қиындық 
тудырды. 
Ешкілер
қоршауымды бұзып кете ме деп қауіптендім, қаққан
қазықтарым тамыр жайып, бұтақтары жайқала бастады,
менің кермелерім кѳктеп, нағыз қорғанға айналды.
Жоғарыда айтқан еңбегімнің жемісі – менің ерінбей
тер тѳккенімнен; қандай шаруаны атқарсам да,
нәтижесінде бәрі ѳзімнің игілігім үшін еді.
Ал енді үй жануарларын асырап, тұқымын кѳбейту –
менің күнелтуімнің негізгі кѳзі; қорамдағы ешкінің саны
менің ѳміріме жетерліктей еді, ал енді тағы қырық жыл
ѳмір сүремін десем, қорымда қорек етер ет, сүт,
ірімшіктің мол болуы үшін – ешкілерімнің болуы, ал
ешкіні ұстап тұру үшін, ауламның жайы дұрыс болуы
керек еді.
Менің саяжайымның маңайында жүзім қаптап
ѳсетіндіктен, оларды кептіріп сақтаушы едім. Оларды тек
дәрі-дәрмек есебінде емес, дастарқаныма сән берер нәрлі,
сіңімді, жан сергітер жеміс ретінде де пайдаландым.
147


Ормандағы саяжайым – менің ордам мен қайық
қойып кеткен жердің маңайында. Сондықтан саяхатқа
шыққан сайын саяжайыма келіп түнеймін. Қайығыма жиі
барып, амандығына кѳз жеткізіп қайтушы едім. Кей
кездерде жағада қайықпен жүзуші едім, бірақ жағадан
ұзап кѳргенім жоқ, теңіздің қатты ағысы мен басқа да
тосын 
жайлардан 
жүрегім 
шайлығып, 
тартынып
қалғанмын. Енді мен ѳз тіршілігімнің жаңа кезеңі туралы
баяндай кетпекпін.
Бір күні түс кезінде қайығымды кѳрмек болып теңіз
жағалап келе жатыр едім, құмға түскен жалаңаяқ
адамның ізін кѳрдім. Тѳбемнен жай түскендей болды,
шайтан кѳргендей болдым деуге де болады. Мен тұра
қалып тың тыңдадым, жан-жағыма қарадым, бірақ сезікті
ешнәрсе кѳре де, ести де алмадым. Маңайымды
бағдарламақ болып тѳбеге шықтым; одан тѳмен түстім,
жиекті жағалап біресе ілгері, біресе кейін жүрдім, ешкім
жоқ және басқа із де кѳрінбеді. Куә болғаным расымен
адамның ізі ме әлде басқа нәрсе ме деген күмәнмен әлгі
жерге тағы келдім, жаңылмаған екенмін, адамның ізі:
ѳкшесі, табаны, башпайы – бәрі ап-анық. Ол адам бұл
жерде қайдан пайда болды? Әрі ойлап, бері ойлап дал
болдым. Біле алмай дағдардым. Қорыққаным сондай,
үйіме құстай ұшып жеттім. Артыма қарай бердім, қарай
бердім, әр қуыс, әр бұта, теңізде кѳпіршіген кѳбікке дейін
кѳзіме адам болып елестеді. Кѳз алдыма неше түрлі
нәрселер, жол бойы басыма не түрлі қисынсыз ой
келгенін білсеңіз ғой. Ѳзімнің қамалыма (сол кезден
үйімді қамал деп атағанмын) жете беріп, қоршауымның
аржағынан қалай кіргенімді білмеймін. Басқыш арқылы
немесе тѳбесінен секіріп түскенімді, сыртқы есіктен
кіргенімді, ѳзім қазып жасаған жол арқылы үйіме қалай
енгенімді екінші күні де есіме түсіре алмадым.
148


Қорыққанда қоян да, түлкі де ѳздерінің ініне мен
сықылды бірден сүңгіп кете алмас еді.
Түні бойы кѳз ілмедім, үрейленгенім – адамның кѳзіме
түспегені еді, сондықтан одан сайын қорықтым. Бұл – жай
кездегі үрейден басқаша қорқыныш. Адам ізі айдалада
қалса да қорқыныш үстіне қорқыныш үстеліп, берекем
қашты. Бұл шайтанның ізі емес пе екен деген тағы бір ой
келді, осы қисыным дұрыс сияқты. Расымен де, адам
бейнесіндегі шайтаннан басқа бұл жерге кімнің аяғы
жетеді? Адам болса, оны бұл жерге жеткізген қайық қайда?
Оның басқан басқа іздері қайда? Адам бұл жерге қалай
келе алады? Басқалай айтсақ, адам бейнесіндегі шайтан тек
бір ғана мақсатпен, – шѳл басқан менің аралыма ешкімнің
кѳзіне түспей, ізін қалдыру үшін ғана келген деп ойласақ,
– 
күлкілі болар еді. Егер менің дұшпаным адам баласы
болса, мені қорқыту үшін бұдан ѳзге айла табар еді. Жоқ,
шайтан мұншалықты ақымақ емес. Және менің аралдың
осы жағында екенімді біле тұра, теңіздің жағасында, оның
үстіне толқын бір-ақ рет соққанда шайып кететін құмға
аяғының ізін не үшін қалдырып кетеді. Мұның бәрі менің
ішкі ойым, әрине, біздің қарапайым ойымызбен
шайтанның қулығын салыстыруға әсте келмес.
Жоғарыда айтқан болжамым бойынша ѳз ойымның
бұрыс екеніне кѳзім жетті: бұл шайтанның ізі емес дегенге
тоқтадым. Егер бұл адамдар болатын болса, – олармен
ұшыраспағаныма қуандым: олар менің қайығымды кѳріп
қойса, аралда адамдар бар екен деп тіміскілеп іздер еді.
Үрейлі ойлар анталады: егер олар менің қайығымды
расымен кѳріп қойса ше? Мысалы, бұл жерде адамдар
мекендейді десек ше?.. Осылай болатын болса, олар
тайпаларымен жамырап келіп, мені тауып алып, бірден
бас салып жеп қоятын шығар… Мені таппағанның ѳзінде
– 
алаңқайымды, жайылымымды кѳріп, егінімді таптап,
149


ешкілерімді қуып жіберетін шығар; сонда маған аштан
ѳлуден басқа жол да қалмайды ғой…
Қорыққанымнан құдайымды ұмытып кеттім, оның
қиын сәтте мені жарылқағаны әп сәтте есімнен шықты;
оған деген үмітім аяқасты жоғалды; маң далада болса да
мен үшін азық тауып беріп, мені жарылқаған құдіреттің
ѳзі де ендігі менің дәулетімді қорғап қала алмайтындай
кѳрінді. Ал бұрын дәл осы игілікке жарылқаушының
жомарттығының арқасында ғана қолым жетті, сол үшін
ѳзімді оған қарыздармын деп сезінуші едім.
Адам 
тағдыры 
тұрлаусыз 
екен! 
Біздің
құштарлығымызды арттырып тұратын тылсым күш те әр
кез құбылып тұрады! Бүгін жақсы кѳріп тұрғанды ертең
жек кѳресің; ертеңгі ат-тонымызды ала қашар нәрсеге
бүгін ынтық боламыз, бүгін қол жетпеген нәрседен
ертеңіне қашып әлекпіз. Міне, мен қарама-қайшылықтың
құрсауында қалдым. Менің бақытсыздығым – адамдардан
аластатылғаным, ұшы-қиыры жоқ теңізде жалғыз
қалғандығым; маңдайыма мәңгі-бақи қасірет жазылып,
тірі жандардың қатарында есепке алмай, ѳзім сияқты екі
аяқтылармен тілдесуге зар қылған құдайдың қарғысына
ұшыраған 
қылмыскер 
сияқтымын. 
Жаным 
аман
қалғаннан 
кейін 
құдайдың 
құдіретімен 
ѳлгендер
арасынан тіріліп келсем де, адам баласының жүзін кѳру
мен үшін үлкен бақыт еді: менің аралыма түскен адамның
ізі, тіпті кѳлеңкесін кѳрген сәттен ақылымнан адасатын
шығармын деген ойдан берекетім қашты.
Ойдан 
ой 
туып, 
бір 
шешімге 
келе 
алмай,
қорқыныштан аңырып тұрғанда: ѳз басыма ѳзім қайғы
салып, осы оқиғаны ойдан тудырып алған жоқпын ба,
қайығымды кѳріп кету үшін келіп-кеткендегі бұл ѳзімнің
ізім шығар деген ой туды. Мысалы, мен үйге қайтқанда
басқа жолмен кеткенмін десем, бірақ ѳткен жолы да осы
жолмен жүргенім жоқ. Және бұл баяғыда болған, қазір
150


мен ѳткен жолы емес, осы жолы жүрдім деп сенімді түрде
айта алмаймын. Әрине, мен, иә , бұл менің ізім деп ѳз-
ѳзімді сендіруге тырыстым және бұл болған оқиғада мен
– 
ѳзі ойлап тапқан қорқынышты ертегіден ѳзі қорқып,
енді ѳзі жасаған елесті ѳзі тексеріп отырған ақымақтың
кейпіне еніп едім.
Бірнеше күн ѳткеннен соң, ѳз-ѳзіме келіп үйден далаға
шыға бастадым, адам ізіне куә болып қайтқан күннен
бастап, үш тәулікке дейін қамалдан шықпақ түгіл сығалап
та қарағаным жоқ, тіпті ашығып та қалдым: үйде азық-
түлік сақтамай-тынмын, үш тәулік ѳтіп, тѳртінші тәулікке
аяқ басқанда бір күлше арпа наны мен судан басқа ішіп-
жер түк қалмады. Менің жаныма батқаны – үш күнге
дейін ешкілердің сауылмай қалғаны, бұрын күнде
кешкісін сауып тұратын едім: малға обал болды-ау,
суалып кете ме деп те қорықтым. Қорыққаным расқа
шығып, ешкімнің кѳбі ауырып, сүт шықпай қалды.
Ѳзімнің ізім екеніне сеніп, ѳз кѳлеңкемнен ѳзім
қорыққаныма кѳзім жетіп, енді еркін жүріп, саяжайға
барып ешкілерімді сауа бастадым. Сіздер менің
қорыққанымнан аяғымды әрең басып, ѳне бойымды үрей
билеп, жан-жағыма алақтап қарағанымды, бір нәрсе
сытыр етсе, маңдайына себетті лақтыра салып, тұра
қашуға 
оңтайланып 
келе 
жатқан 
қалпыма 
куә
болсаңыздар ғой, – мынау бір ар-ұяты қысып, қайда
тығыларын білмей жүрген қылмыскер немесе бір
нәрседен үрейі ұшқан адам ғой деп ойлар едіңіздер
(
солай болғаны да рас).
Екі-үш күн үрейленгенімнен есім шығып, үйге кіріп-
шығып қана жүрдім, бірақ күдіктенетіндей ешнәрсе
байқалмады, үрейім де басылды. Қорқынышты туғызған
ѳзім ғой деп ойлап, оныма кѳз жеткізе бастадым: бірақ
кѳңілімде күдік қалмасын деген ниетпен жағаға тағы
барып, кѳрген ізімді табаныммен ѳлшегім келді: егер екі
151


іздің екеуі де менің табаныма сәйкес келсе, онда мен ѳз-
ѳзімнен үрейленіп жүргенім. Жұмбақ ізді кѳргенде
аңғарғаным, біріншіден, мен сол кезде қайықтан түсіп
үйге оралар жолда, жиектің бұл жағымен жүретін тіпті
жѳнім жоқ еді, келгенім де жоқ, екіншіден, ізді
табаныммен ѳлшегенімде менің табаным одан әлдеқайда
ықшам болып шықты. Қорқыныштың тұманы кѳз алдыма
қайта үйірілді, безгегі ұстаған адамдай тұла бойым
қалтырады, неше түрлі ойлар санамды жаулап алды.
Менің аралыма адамның келгеніне кѳзім жетіп, үйге
қайттым. Бұрын білмей жүрсем, бұл жерде адамдар бар
екен, бір күні жайбарақат жатқанымда баса-кѳктеп келіп,
тұтқындап алып кетсе не істемекпін деп ойладым. Бірақ
бұл қауіптен құтылудың еш амалын таппадым.
Қорқыныштың тұзағына түскен адам не ойламайды,
қандай шешімге келмейді десеңізші! Қорқыныш біздің
ерік-жігерімізді билеп, ақылға келуге мұрша бермейді.
Жабайылар ешкілерімді, менің егінімді кѳрсе, олжалы
болу үшін олар аралға жиі келіп тұратын болады, ал егер
олар менің үйім бар екенін білсе, сѳз жоқ, іздеуге кіріседі
және мені табады деп ойладым. Басыма келген алғашқы
ой – аулаларды қиратып, ешкілерді еркіне қоя беру,
егіндік жердің бетін топырақпен жауып, арпа мен
күріштің масақтарын жұлу, дұшпандарым аралда
тіршіліктің бар екенінен бейхабар болуы үшін саяжайды
да құрту болды.
Бұл жоспар аралдың екінші жиегіне барып ізді
зерттеп қайтқан күнгі түнде куә болғандарымның ізі
суымаған, қызулық үстінде болған әсер-тін. Кѳрінген
қатерден келер қатердің қаупі күштірек, болатын
жамандық – болған жамандықтан мың есе ауыр. Сол
сапарда маған қиын тигені – жанымды жұбатар ешнәрсе
таба алмағаным, дұға оқысам да, жалбарынсам да ѳз-
ѳзіме келе алмадым. Ешнәрседен жұбаныш таба
152


алмадым, егер бұрынғыдай құдайға құлшылық қылсам,
тағдырдың бұл тосын сыйын жеңіл кѳтерер едім және
алдағы қауіпті де тайсалмай қарсы алған болар едім.
Анталаған ауыр ой түні бойы кірпік ілдірмеді. Жаным
қиналып, әбден қалжырадым, таң алдында кѳзім ілініп
қатты ұйқыға кеттім, оянсам, бойым жеңілдеп, едәуір
тынығып қалыппын. Енді санадағы есірік қиялдарды
қуып, таразылай бастадым. Қорытындым мынау болды:
менің аралымда түрлі ѳсімдіктер ѳседі және жер шетіне
жақын, аралда адам бар деп ойлауым теріс, түпкілікті
мекендеп қалып қойғандар тағы жоқ. Бірақ жабайылар
қайықпен келуі де мүмкін: бұл жерге ағыспен я желдің
күшімен жеткен шығар, қалай десек те, олар бұл араға
келіп-кетіп жүре алады. Бірақ он бес жыл тіршілік еткен
мен соңғы кезге дейін аралда тірі жанның бар екенін
сезгенім жоқ, мүмкін, жабайылар келсе, келген де шығар,
бұл жерді қоныс қылуды ойға да алмай кетіп қалған
шығар.
Мендегі жалғыз-ақ қауіп – анда-санда келіп-кетіп
жүргенде оларға ұшырасып қалмасам деген ой болды.
Бірақ бұл жерге ѳз еріктерімен емес, оларды теңіз арқылы
жел айдап келген шығар, жел басылғанша бірер күн
түнеп, елдеріне қайтқан болар деп те ойладым.
Егер жағдай осылай болса, олар осы аралға аяқ басар
болса, бас сауғалар орынды сайлауым керек деп түйдім.
Мен енді ѳзімнің үңгірімді кеңейтіп, есікті сыртқы
жағынан шығара бастағаныма ѳкіне бастадым. Енді
үңгірдің сыртқа шығатын есігін іште қалдыру үшін
үйімнің жанынан тағы бір қорған тұрғызуды ойладым.
Қабырғаларын кѳтеріп қорған тұрғызудың қажеті жоқ,
себебі кѳп жыл бұрын үйді айналдыра еккен ағаштарым
биіктеп, ѳзінен-ѳзі қорғанға айналып кеткен, ендігі міндет
– 
солардың ара-арасынан қазықтар қағып нығайту және
осылай істедім де. Енді менің қамалым екі қабаттан
153


тұрды. Үйдің ішкі жағын қалыңдығын он футқа
жақындатып 
топырақ 
үйіп 
бекіткенім 
туралы
оқырмандарым біледі. Бұл шаруа үңгірді кеңейтіп
жатқанда аяқталған, үңгірді қазғанда алынған топырақты
қорғанның ішкі жағының түбіне тѳгіп таптай бергенмін.
Қорғанымның 
сыртқы 
жағын 
жоғарыда 
суреттеп
бергенмін, екі қатар болып тізілген ағаштар арасына
қазықтар қағылған, қуыс қалған жерлер арқандардың
үзіктері, кескен ағаштардың қалдықтары, тағы да басқа
қолға түскен нәрселермен толтырылған. Мушкеттің
ұңғысын тығып қою үшін жардың жеті жерінде ѳте тар,
кісінің қолы әрең сыятын етіп тесік қалдырғанмын. Сол
жеті тесіктің жетеуіне де қауіпті кезде дайын тұрсын деп
сирақтар қадап, мушкеттердің аузын сыртқа қаратып
орналастырдым (кемеден жеті мушкет алғанымды да бір
әңгімемде сіздерге айтқанмын). Қиналған сәтте жетеуін де
қас қағымда іске қосар жайым бар. Бұл қорғанды нығайту
үшін ұзақ айлар ауыр еңбек еттім, қорғаным әбден
ойдағыдай 
болғанша 
келер 
қауіп 
жоқ 
деп
жайбарақаттыққа салынбадым. Менің бар шаруам тек
осымен ғана шектелген жоқ.
Қорғанның сыртына талға ұқсас ағаш еккен едім, ол
ағаштар қаулап ѳсті. Жаңылмасам, отырғызылған
ағаштарымның саны жиырма бес мың түптен кем емес
деп ойлаймын. Үйдің сыртқы қабырғасы мен алдыңғы
беттегі ағаштардың арасын кәдімгідей ашық қалдырдым,
егер менің қорғаныма жау келсе, алыстан байқаудың реті
жоқ және олар ағаш түбіне жасырынып бекіне алмайтын
болсын дегенім еді.
Екі жылдан кейін менің үйімнің алдында кішігірім
тоғай пайда болып, бес-алты жыл ѳткен соң ит тұмсығы
ѳтпес ну орманға айналды. Қалың ағаштардың ар
жағында адам баласының үйі бар деп ешкім де ойламас
еді. Қорғаныма кіріп-шығу үшін мен екі басқышты
154


пайдаландым, біреуін қабырғаның тѳмендеу жеріне
сүйеп, екіншісін оның үстіне қойдым, осы екі басқыш
тұрғанда маған тірі жан жуи алмас еді. Айталық, жүректі
біреу тау жақтан келіп менің қорғаныма енгісі келді делік,
бәрібір ол қорғанға ене алмайды, тіпті енбей тұрып
омақаса құлап кетеді. Бақытсыздыққа ұшырамау үшін
ақыл жеткен шаруаның бәрін істедім, бар ықыласымды
салдым, оқырмандар соңынан куә болар (ол кезде
қорқыныштың әсерімен істеген істерімнің бәрі де,
қоршауымды мықтағанымның да аса пайдасы болмайды).
Қара 
басыма 
қара 
түн 
орнай 
қалса 
деп
қауіптенгеніммен, ѳзімнің ұсақ шаруаларымды да
ұмытқаным жоқ. Сол бұрынғыша ешкілерімді бақтым.
Ешкілерім – жесем ет, ішсем сүт, кисем киім болды,
осының арқасында аңға шығуды қойдым, оқ-дәрім бүтін
қалды, күш-қайратым мен уақытымды үнемдедім.
Мұның қаншалықты пайдалы екенін түсіндірмесе де
болар, сондықтан қолда бардан ажырап, қайтадан жаңа іс
бастағым келмеді.
Тығырықтан шығып, ешкілерімді аман сақтаудың,
меніңше, екі түрлі жолы бар: кешкілік ешкілерді үңгірге
қамау (ол үшін жаңа үңгір қазуға тура келер еді) немесе
кѳзге түспейтін таса жерден бір-бірінен аулақ екі-үш
қора соғып, түнге қарай сонда қамау; мұның пайдасы,
егер әлдеқалай жағдаймен ешкілер қырылып қалса, тірі
қалғандарын 
баптап, 
ѳсіріп 
күнелтуіме 
болады.
Ақырында соңғысына тоқталдым, кѳп еңбекті тілесе де,
соңғысына кѳңілім ауды.
Мал қамайтын ыңғайлы жер іздеп аралды шарладым,
ойға алған орын табылды. Аралдың күншығыс жағын
аралап келе жатқанда кәдімгі ѳзімнің адасатын жеріме
тап келдім, ортасы тегіс, ойпатты алаңқай жер, қалың
ағаштың іші. Алаңқай жердің кеңдігі үш десятина
шамасы, жан-жағын қоршаған зәулім ағаш саусақтың
155


саласындай, қолдан соққан қорғандай тізіліп тұр,
дегенмен де басқа жерлерге қарағанда бұл жерді ретке
келтіру оңайырақ кѳрінді.
Шаруаны бастап та кеттім, тѳрт аптадан кейін ауланы
салып та бітірдім, – енді ешкілерді айдап келсе де болады.
Ешкіні айдап келу де аса қиын емес, себебі қолда ѳскен
жас лақтар ѳзіме әбден үйренген ғой. Кешіктірмей он
ешкі, екі текені бѳліп алдым да, жаңадан салған аулаға
айдап келдім. Ауланың жетіспей тұрған жерлерін
ешкілерді қамағаннан кейін асықпай, жайымен реттеп
бітірдім. Осы әбігершілік пен бейнеттің бәрі құмдағы ізді
кѳріп үрейленгенімнен туды. Осы кезге дейін аралдан
немесе оған жақын маңайдан адам баласын кездестірген
емеспін. Тосын жағдайға ұшырап, бұрынғы қалыпты
тіршілігіммен қоштасқаныма, міне, екі жыл болды, мұны
мәңгі үреймен ѳмір сүрудің азабын басынан кешкендер
ғана біледі. Осы кездердегі жан дүниемнің үнемі азап
шегуі құдайға деген сеніміме әсерін тигізді. Күн сайын
түнде жабайылар шабуылдап, ѳлтіріп, жеп кететін
шығар, мүмкін, таң атқанша тірі қалмаспын деген
үреймен кѳз іліп жүрдім. Қорқыныш жанымды әбден
қинады, құлазытты. Құдайға құлшылық етуім сирей
бастады. Дұғамды оқи бастасам, ажалы жетіп, құдайға
арызын айтып жатқан адамдай боламын. Мен ѳз түйсігім
бойынша: пенденің құдайға құлшылық етуі, дұға оқуы,
тағы 
басқа 
да 
діннің 
шарттарын 
орындауы
ризашылықтан, елжірегеннен және сүйіспеншіліктен
туатын сезім сияқты, жаны түршіккен адам дұға оқығанда
шынайы берілмейді. Дене мүшелерін зақымдайтын кесел
сияқты, қорқыныш деген – жаныңды жегідей жейтін ауру.
Ал ол дегенің денеге түскен жарақаттан бетер, жаныңды
ауыртып, дұғаңнан жаңылдырады. Дұға деген тәннің
қалауы емес, жанның қалауы ғой.
Енді жоғарыда айтқан әңгімеме қайтып оралайын.
156


Қорымда азық-түлігім молайғаннан кейін, ешкілерімді
бѳліп орналастыру үшін тағы да жайлы орын іздестіргім
келді. Бір күні қолайлы жерді іздеп келе жатып, аралдың
батыс жақ жиегіне бардым, бұған дейін бұл беткейге аяқ
басып кѳрмеппін. Жиекке жақындап келдім де, бір
тѳбешіктің басына шығып, теңіз жаққа кѳз салдым, қайық
секілді бір нәрсе қараңдап кѳрінді. Кемеден бірнеше
дүрбі алғаным да бар еді, бірақ ѳзіммен бірге ала
шықпаппын, қанша қадалғаныммен қарайғанның не
қайық екенін, не басқа екенін ажырата алмадым, қарай-
қарай кѳзім талды. Тѳбеден түсіп едім, ешнәрсе кѳрінбеді.
Әлі күнге дейін қайық деп шырамытқанымның не екенін
білмеймін. Сол күннен кейін енді дүрбісіз ешқашан үйден
аттап шықпаймын деп ѳзіме уәде бердім. Жағаға келген
бойда (бұл аралдың мен аяқ баспаған бѳлігі), бұл жерден
адам ізін кѳру деген сондай бір сирек құбылыс емес
екеніне кѳзім жетті, бұрын тіпті бұлай ойламаған екенмін;
жабайылардан ада аралдың арғы жақ бѳлігіне құдайдың
жарылқауымен табаным тимеген екен, олар менің
аралыма аяқ басса, ең қарапайымы алыс сапарлар кезінде
үнемі аялдар айлақ ретінде немесе адамның етін жейтін
қанды тойларын жүзеге асыру үшін пайдаланар еді.
Тѳбеден түсіп, теңіздің жағасына келгенде есеңгіреп
қалдым. Жаға толы адамның сүйегі: басы, омыртқасы,
қабырғасы, аяқтары және қолдары.
Бұл кѳрініске куә болғандағы жан дүниемнің
дағдарысын 
тілмен 
жеткізе 
алмаймын. 
Жабайы
тайпалардың ѳзара соғысатындығы туралы бұрыннан
білетінмін. Жеңіске жеткен тайпа тұтқындарды осы
жағалауға әкеліп аң сияқты бауыздап, етін жейтін шығар
деп ойладым. Бір тұста жағылған оттың күлі жатыр,
айналасы толған адамның сүйегі: бұл жабайылардың
қанды тойларын тойлап, бас қосқан жері болуы мүмкін.
Бұл кѳрініске аң-таң болғаным сондай, бұл жағалауда
157


ѳзіме де қауіптің бар екені туралы ұмытып кетіппін. Адам
баласының қолы баратын мұндай айуандық іске куә
болып, енді ғана ѳзімнің қара басыма да келер қауіпті
ойлап қорықтым. Адамды адам жеу немесе бауыздау
оқиғалары туралы естігеніммен, алғаш куә болуым. Бұл
кѳріністен кѳзімді ала беріп, жүрегім лобып, құсқым
келді, жаратылыстың ѳзі куә болғандарымды ішіме
сақтамай, құсып тастауыма жәрдемдесті.
Қан тѳгілген жерде бір сәт те аялдамай, есімді жиған
бойда тѳбеге ѳрмелеп шықтым да, ѳзімнің үйіме қарай
жүгіре жѳнелдім. Аралдан шыға бере біраз жер ұзаған
соң, есімді жиып алайын деп тоқтадым. Жаутаңдап зеңгір
кѳкке қарадым, екі кѳзден аққан жас бетімді жуды, тұрған
қалпы адам бейнесіндегі аңдары жоқ елде дүниеге
келтіргені үшін жаратушыға алғысымды жаудырдым.
Кѳңілім құлазып ѳзімнің қамалыма оралдым, сол
күннен бастап мен жабайылардан қорықпайтын болдым.
Менің пайымдауымша, бұл қанішерлер аралға азық
тауып олжалы болу үшін келмеген болуы керек, мүмкін,
олар ешнәрсеге мұқтаж емес, мүмкін, шѳл далада
күнелтерлік не бар дейсің деп ойлаған шығар; олар
аралдың жапырағы жайқалған жағына бір емес, әлденеше
рет келген болар, бірақ қолайлы нәрсе таба алмаған
шығар деп ойладым. Ең дұрысы, мен аралға келгелі он
сегіз жылдың ішінде адамның ѳзі түгіл ізін де кѳргенім
жоқ, ендігі қалған ѳмірімді жабайылардың кѳзіне түспей
ѳткізсем деп ойладым. Бірақ бұдан қауіптенетін ешнәрсе
жоқ, себебі менің тіршілігімнен хабар беретін белгілердің
бәрін жасыруым керек және қанішерлердің ортасы емес,
басқа орын тапқанша ѳзімнің үңгірімнен шығуды
сиретуім керек деген қорытындыға келдім.
Дегенмен жабайылардың айуандық әрекеттері мен
олардың бірінің етін бірі жейтін қанішерлік дәстүрі мені
түңілдірді. Екі жылға жуық уақыт бойы аралдың ѳзім
158


тіршілік еткен бѳлігінен, ѳз жерімнен кѳргенім – тау
баурайындағы қорғаным мен саяжайым – ормандағы
ешкілерім үшін тұрғызған аулам, ол аулаға да тек соңғы
рет ешкілерімді кѳріп қайту үшін барғанмын, тозақтан
шыққан қанішерлерге жүрегімнің айнығаны сондай,
олармен 
ұшырасқанша, 
шайтанмен 
ұшырасқаным
әлдеқайда жеңіл-ау деп ойладым. Бұдан қайтып келесі
жағалауда қалған қайыққа да барғаным жоқ, тіпті
жаңадан қайық жасау туралы ойладым, ѳйткені қайықты
аралдың ана жағынан мына жағына алып келуден мүлде
бас тарттым. Жабайылардың тұзағына түскім де келмеді,
олардың қолына түссем, қандай күйде боларымды ѳзім де
білемін.
Алайда уақыт жабайылардың менің баспанамды таба
алмайтындарына кѳзімді жеткізді: мүмкін, олар басқа
ермек тапқан болар. Мен енді олардан қорықпайтын
болдым, бұрынғыдай еркін ѳмір сүре бердім. Бірақ
бейтаныстарымның кѳзіне түсіп қалмау үшін сақтық
амалын жан-жақты қарастырдым. Бастысы, мылтықты
пайдаланбайтын болдым: жабайылар мылтық даусын
естіп қалуы мүмкін ғой. Енді аңға шықпай-ақ ешкілерімді
бағумен айналыстым, оларды бір оқты шығын қылмай
тұзақ құрып, я ор қазып қолға түсірдім; оқты шығын
қылмасам да, мылтықты үнемі ѳзіммен алып жүрдім.
Кѳбіне белбеуіме кемеден алған екі тапаншамды
қыстырдым, иығыма шапашот асып алдым. Сонымен,
сырттай қарағандағы менің кейпім ѳте сұсты еді: мылтық,
балға, қос тапанша және үлкен шапашот.
Сақтықты күшейткенім болмаса, тұрмысым бұрынғы
жайбарақат қалпында ѳтіп жатты. Әрі-бері ойлап,
салыстырмалы түрде айтсам, күннен-күнге кѳзімнің
жеткені – менің халім ѳзгелермен салыстырғанда кѳш
ілгері екен, құдай басқа салса бұл күніме де зар болып
қалар едім. Қиналған сәттерде тағдырға кінә арта бермей,
159


жаратқанның берген әр мүмкіндігіне ризашылық
білдіруіміз керек.
Әрқайсысымыз ѳз тағдырымыз жайлы ойлағанда
жақсысы мен жаманын саралап қарағанымыз жѳн.
Ѳз басымда қазір ешнәрсеге мұқтаждық жоқ, дегенмен
жабайылардан қорқып үнемі сақтық амалдарымен
жүремін деп күнделікті тұрмысыма кѳңіл бѳлмей кеттім,
менің ұсталығым да жайына қалды. Мысалы, мен іске
асырмақ болған істерімнің бірде-біреуін әлі қолға алған
жоқпын. Арпадан ашытқы жасап, сыра дайындағым
келді. Әрине, бұл қиял ғана, кейде ѳзімді аңғалдығым
үшін кінәлап та жүрдім. Бұл ойымды жүзеге асыру үшін
кѳп нәрсе керек еді, ал мен ең қажет деген нәрселердің
ѳзіне мұқтаж болдым. Бәрінен бұрын сыраны ашыту үшін
бѳшке керек екенін оқырман жақсы біледі, мұны жасау
үшін бірнеше апталар мен айларды арнасам да, бәрі
әурешілік болар еді. Мұнан кейін менде ашытқы да,
ұйытқы да жоқ. Жабайылардың лаңы болмағанда, бұл
ойым да ендігі нәтижесін берер еді, бастаған ісімді аяқсыз
қалдырмаушы едім. Бірақ ұсталығым жайына қалып,
мүлде басқа ойда жүрдім.
Қанды той үстінде мәз-мейрам болып жатқанда осы
қанішерлердің бірнешеуін ѳлтірсем, күні-түні етін жеуге
алып келген бейшараны құтқарып қалсам деп ойладым.
Қанішерлерді құртып жібермесем де, қатты қорқытып,
менің аралымнан қуып шығуым керек деп те ойладым.
Қанішерлерді құрту туралы қилы-қилы әдіске құрылған
жоспарым туралы ақтарылсам, кітабымның кѳлемі
кѳтермей қалар еді. Бірақ бұл ойым далбасалық екен:
қанішерлердің кѳзін құрту үшін соғыс ашу керек, ал
жалғыз адам қолдарына найза, садақ асынған бірнеше
жыртқышқа қалай тѳтеп бере алады? Мылтығымды оқтап
болғанша, олар мені садақтарымен-ақ қағып түсірер еді.
Маған бір ой келді: олардың от жаққан жеріне
160


жарылғыш нәрсе орнату және оған бес-алты фунт оқ-дәрі
салу. Олар келіп от тұтатқанда оқ-дәрі балқиды да, сосын
атылып, маңындағы тұрғандардың бәрін күйік шалады.
Бірақ ѳзімде де оқ-дәрі санаулы қалды, екіншіден,
олардың бәрінің от тұтанған кезде соның маңайында
жүруі екіталай ғой. Онда бұл әрекеттен келіп-кетер
қандай пайда бар? Ең бастысы – оларды үркіту. Әрине,
оларды үркіттім-ақ делік, бірақ одан кейін олар аралға
аяқ баспайды деп кім айта алады? Сондықтан бұл
ойымнан да айныдым. Енді ыңғайлы жерден торуыл
құруды ойладым. Олар кѳздері қызарып, ѳз-ѳздеріне
сенімі артқан кезде тасада жатып оқталған үш мылтықты
қатарынан бассам, кем дегенде бір атқанда екі-үш адамды
жарақаттар едім, сосын атып шығып тапаншамды іске
қосып, шапашотпен бас салар едім. Осылай әрекет етсем,
жауымның саны жиырма болса да жеңіс менің жағымда
боларына сенімдімін. Сарсылтқан ой үстінде бірнеше
апта бойы жүрдім, бұл ойдың мені мезі еткені сондай,
түсімде де жабайыларды атып, солармен алысып жүретін
болдым.
Жабайылардан таса болатын ѳзіме қолайлы екі жер
іздедім: біреуінен оларға оқ жаудырсам, екіншісі, сырттай
бақылау үшін. Қолайлы жер дегенім бір тѳбенің шоқысы,
мен ол жерден теңізге таяп қалған әрбір қайықты кѳзден
таса қылмаймын. Жабайыларды алыстан бақылап тұрып,
олар жағаға жақын келгенде мен кѳзге түспей, жақын
тұрған тоғайға зып беремін. Сол жердегі бір ағашта маған
жасырынып отыруға ыңғайлы үлкен қуыс бар еді. Сол
қуыстан жабайыларды аңдып отырушы едім; олардың
бәрі бір жерге жиналған сәтті аңдап отырып, кѳздеп
тұрып, бір оғымды шығын қылмай үш-тѳртеуін бірден
жайратып салар едім.
Ыңғайлы 
орын 
тапқан 
бойда 
ұлы 
майданға
дайындалдым. Тапаншаларымды, екі мушкетімді және
161


мылтығымды 
мұқият 
тексердім. 
Мушкетімнің
әрқайсысына жеті-жетіден оқ салдым: жетеудің екеуі –
қолдан жасалған қорғасын оқ, бесеуі – тапаншаның оғы;
мылтығымды ірі оқ-дәрілермен оқтадым. Бұдан кейін
үш-тѳрт қосымша оқ-дәрі алып майданға аттандым.
Ойша жоспар құрдым, ол жоспарым қиялымда
бірнеше мәрте іске асқан соң, менің қорғанымнан үш
мильден артық емес жердегі тѳбенің басына күн сайын
шығатын болдым. Күні бойы теңізден әлдебір кеме немесе
қайықтарына мінген жабайылар келе ме, жоқ па деп кѳз
талдырумен болдым. Екі-үш айдай сақшылық қызметімді
тік тұрып атқардым, тіпті жалықтырып та жіберді, осы
айлар аралығында жағалаудан кеме түгілі, қайық та
кездестірмедім.
Қарауылтѳбеге 
барып-кетіп 
жүрсем 
де, 
менің
жауынгерлік желігім бәсеңдеген жоқ, оларды құртамын
деген ниетім үшін де мені айыптауға болмас. Жалаңқол
отыз-қырық адамды қыру маған оп-оңай кѳрінді. Бұл
жерді мекендеушілерге деген жиіркеніштен туған ашу
үстінде, бұларды жазалауға тұра ма, жоқ па деп
ойламаппын да. Құдайдың қарғысына ұшыраған оларды
айуандыққа бастап, тағылықпен ғана күн кешетін
кѳсемдерінен басқа ешнәрсені білмейді деп ойладым.
Тіршілік пайда болғалы адам баласына тән емес әдетпен
шұғылданған, күллі тайпасымен зұлымдық жасауға ғана
бейім, құдайын ұмытқан азғындарды жаратушы неге
жазаламайды, оларға кешірім жасауға бола ма деп
ойладым, – әрине, мұның тѳрелігін айтушы мен емеспін
ғой. Мана айттым ғой, нәтижесіз күн сайын тағылардың
ізіне түсу мені әбден жалықтырды, енді алған бетімнен
қайтып, құрған жоспарымды да ұмытуға тырыстым. Бұл
ермегіме енді селқос, ықтиярсыз қарадым, тағылар үшін
тѳрелік етіп немесе оларға жендет болу немді алған деп
мен ѳз-ѳзімді тергедім. Солар-ақ қылмыскер болсын,
162


ғасырлар бойы қанішерлікпен тірлік кешкен олардың
жазасын құдай бермесе, онда оларды әу бастан қанішер
етіп жаратқан ғой; олардың бірін-бірі ѳлтіруі құдайдың
әмірімен болып тұрған шығар; қалай десек те, бұл
адамдар маған жамандық жасаған жоқ, олардың
тайпалары арасындағы ұрыс-керісте менің шаруам
қанша; олардың есепсіз тѳгілген қандары үшін неге мен
кек қайтаруым керек деп ойладым. Мен тағы былай деп
ойладым: олардың құдай жазасын бере ме, жоқ па, ол
жағы маған беймәлім; адамжегіштер үшін адамды
бауыздау қылмыс емес, бұл әдеттерінен олар айып
боларлық ешнәрсе кѳрмейді, ол үшін олардың жаны азап
шекпейді; олар күнәлі болса да, біз сияқты кешірім сұрап
құдайға құлшылық етпейді, кѳздері кѳрместен, ешнәрсе
сезінбестен күнә үстіне күнә жамай береді; олар үшін
тайпа жауынгерін ѳлтіру – біздің малды құрбандыққа
шалғанымыз сияқты қалыпты жағдай, олар адамның етін
де біздің қойдың етін жегеніміз сияқты сүйсініп жейді.
Қорқынышты 
ойларымды 
қорыта 
келіп,
адамжегіштерге қылмыскер деп шығарған үкімім дұрыс
емес деген шешімге келдім. Бұлардың қылмыскер емес
екенін 
енді 
түсіндім, 
мысалы, 
христиандар 
да
жауынгерлерін ѳлтіреді, одан да сорақысы, жазықты
жауынгер қаруын жерге тастап, басын исе де, бір
жауынгердің күнәсі үшін күллі әскерді қырып салады.
Мен енді жабайылар қандай айуандық әрекетке барса да,
менің шаруам жоқ деп шештім. Олар маған еш қастандық
жасаған жоқ. Мен не үшін олармен ѳштесуім керек? Иә,
егер олар маған қастандық жасап, тағдырым қыл үстінде
тұрса, онда ойлануға болады. Әзірге олардың қолына
түскенім жоқ, менің бұл мекенде бар екенімді білмейді,
мен оларға ѳзім бастап тиіспесем, олар маған еш
жамандық тілеген жоқ қой. Жабайылардың адамды
құрбандыққа шалар әдеп-ғұрыптары миллиондаған
163


адамның тағдырын талқандаған Оңтүстік Америкадағы
испандардың қанішерлігінен кем емес еді. Мысалы,
жабайылардың адамдарды құрбандыққа шалу діни
мерекелері немесе тағылық дәстүрі делік, ал қанішер
испандықтардың қатыгездігі бұлардан да сорақы емес пе?
Бүгінгі таңда бүкіл Еуропа христиандары, тіпті
испандықтардың ѳздері де жазықсыз Америка халқын
кѳзсіз қырғандары үшін әлі күнге наразылық білдіреді;
бұл оқиғаны – құдай да, адам да ақтай алмас
жазықсыздардың қанды қырғыны дейді. Сол күннен
испан деген сѳздің ѳзі адамзат баласының жанын
түршіктіреді. Испанияны діннің шарттарын орындай
алмайтын, ізгіліктен жұрдай, жауыздық жасауға ғана
бейім қанішерлердің мекені деп есептейді.
Ой таразысымен салмақтай келе мен алған бетімнен
қайта бастадым, егер олар маған шабуылдаса, мен оларды
ѳлтіре аламын, ал қазіргі тіршіліктеріне араласуға менің
құқым жоқ. Мен тек олар шабуылдаса ғана қорғанудың
амалын қарастыруым керек, ѳздері бастаса, қарап
қалмасым белгілі деген байламға келдім.
Бір 
жағынан, 
менің 
жасырын 
жоспарым
жабайылардан құтқарып қана қоймайды, керісінше, мен
ѳз ажалыма ѳзім себепші боламын. Мысалы, мен олардың
бірін қалдырмай талқандап, содан кейін қайықпен
ағылғандарын жайратып отырсам ғана ѳмір сүруге
сенімді боламын. Егер олардың біреуі құтылып кетсе, кек
алу үшін күллі тайпасымен оралары белгілі. Міне, осылай
ѳз басыма ѳзім қара күн орнатқан болар едім.
Дәл осы кѳңіл ауанымен жылдан астам уақыт жүрдім.
Осы аралықта жабайылар туралы астыртын ойыма
оралған жоқпын, олардың жолын торуылдау үшін бірде-
бір рет тѳбенің басына да шыққаным жоқ, олардың келіп-
кеткенінен хабар берер жағада із бар ма, жоқ па, – кѳңіл
де бѳлмедім; азғындарды кѳріп қалып, бұларды құрту
164


жайлы қара ниетім аяқ асты оянып кете ме деп
қорықтым. Қайығымды аралдың шығыс жағындағы,
айналасы құз, ѳте ыңғайлы түкпірге орналастырдым.
Ағыс қатты болғандықтан жабайылар бұл түкпірге
ешқашан келе алмасын білдім.
Қайығымды ѳз қолыммен жасаған діңгегі, желкені
және зәкірімен қоса (тіпті зәкір деуге келмейді, бірақ одан
артық етіп жасай алмадым) алып келдім. Бір сѳзбен
айтқанда, тіршілік белгісі ретінде ешнәрсе қалмауы үшін
арғы беттен ұсақ-түйекке дейін ештеңе қалдырмадым.
Енді мен жоғарыда айтып ѳткенімдей бейжай,
жайбарақат тірлік кеше бастадым, анда-санда болмаса ѳз
үңгірімнен шығуды да сиреттім. Бірақ күн сайын
ормандағы саяжайымды қадағалап, ешкілерімді сауып
тұрдым. 
Саяжайым 
аралдың 
қарсы 
жағында
болғандықтан, келер қауіпті сезбедім. Жабайылар олжа
табу үшін ғана аралға келіп-кетіп жүрген соң,
жағалаудан ғана кетіп жүргендеріне сенімдімін. Мен
олардың ізіне куә болғаннан кейін ғана аяғымды аңдап
басатын болдым. Ѳзіме келер қауіпті сезбей, олармен
ойда жоқ жерде ұшырасып қалсам қайтер едім деп
ойлағанда, тұла бойым түршікті (кѳбіне мылтықты ұсақ
бытырамен оқтап алып жүруші едім ). Ѳзіме азық іздеп,
әр қуысты тінтіп, аралды алаңсыз аралап жүретін
болдым. Кейде адам ізін кѳрмей қалып, бірден он бес-
жиырма жабайының кѳзіне түссем не болар еді деп те
ойлап қоямын. Әлбетте, олар мені қуып жетіп алар еді, –
себебі жабайыларды желаяқ деуге де болады, – олар ѳте
жылдам жүгіреді.
Рақымы мол жаратушы жолымыздағы қауіп-қатерден
қорғайды, пәле-жаладан сақтайды дегенді бұдан да бұрын
ойлаушы едім, енді тіпті жиі ойлайтын болдым. Және де,
тағы бір қызығы, біз кѳбінесе ѳзімізге тѳнгелі тұрған
қатерді де құдайдың құдіретімен сезінбей қалатын
165


кездеріміз де болатынын оқырманға ескерте кетуді жѳн
санаймын.
Кейде дағдарып, тығырықтан шығар жол таба алмай
тұрғаныңда немесе таңдаған жолыңның дұрыс екеніне
кѳзің жетіп, енді алға қадам баса бергеніңде құпия бір
ішкі дауыс тежеп қалады. Адамның табиғат берген ақыл-
ойы, түйсігі, тіпті айқындалған мақсаты да оны сол жолға
шақыратын секілді, алайда оның жан дүниесі кѳзге
кѳрінбес тылсым күшке қарсы келе алмайды. Егер ол ішкі
дауысқа құлақ аспай, ѳзі таңдаған жолмен жүріп, ѳз
қалауы бойынша қадам жасаса, ол тіпті қазаға ұшырауы
да әбден мүмкін. Ұзақ ойланып, кѳп толғанғаннан кейін
ѳмір сүрудің мынадай ережесін жасадым: ѳзіңе сенімсіз
сәтте ішкі даусыңа құлақ сал және ѳзіңді ѳзің тыңда! Бұл
ереженің дұрыстығына кѳз жеткізу үшін мен ѳз
тәжірибелеріме сүйенер едім; әсіресе қырсық шалған
аралда тірлік құрған соңғы жылдар, – бұрын маған
мағынасыз болып кѳрінген нәрселерге қазіргі пайымым
бойынша сѳзсіз зейін аударар едім. Ақылға келудің ерте-
кеші жоқ, парасатты деген адамдарға айтайын дегенім –
ѳмірдің қандай қиын сәттерінде де, тіпті тауқыметі менің
тағдырымнан ауыр болса да, ақылың асып жатса да, ішкі
даусыңа құлақ сал! Маған бұл еш күмәнсіз, – алайда
сѳзбен айтып жеткізе алмаймын, – астыртын мегзеу – екі
дүние арасында рухтар байланысы бар дегенге дәлел
сияқты. Мұң басқан менің аралымдағы рухтар байланысы
туралы әр түрлі ғажап мысалдарды бұдан кейінгі
жазбаларымда 
келтірермін. 
Оқырмандарға 
қазіргі
жағдайымды баяндап берсем, сѳкеттігі жоқ деп
ойлаймын; соңғы кездердегі санамды жайлап алған
қорқыныш, жан дүниемнің азап шегуі, аяғымды басқан
сайын үрейлену, тынышсыздану жігерімді жасытты,
тұрмыс-жағдайымды түзеп, үй-ішін ретке келтіремін
деген талабым аяқасты болды. Жеке басыма қауіп тѳніп
166


тұрғанда, үстелімді жѳндейін дегендей ұсақ мәселелермен
қайтып айналысарсың?.. Жабайылар естіп қалар деген
сақтықтан шеге қағу, балтамен жұмыс істеу сияқты
шаруалар да жайына қалды. Осындай себеппен
мылтықты да оқтауды қойдым. Отымды да тұтата
алмадым, – алыстан кѳрінген түтін жабайыларға менің
тіршілігімнен белгі беріп қояма деп қатты қорықтым.
Сондықтан кѳзге кѳрінер бұйымдардың бәрін (қыштан
жасалған бұйымдар да бар) жаңа үйіме тасыдым. Қатты
қуанғанымнан болу керек, сіздерге айтуға ұмытып
кетіппін, бір күні тау ішін кезіп жүріп, жартастағы үңгірге
тап болдым, – іші сондай кең, бірде-бір жабайы бұл
үңгірге кірмек түгіл, тұмсығын да сұға алмас еді.
Қысылған адам жол тапқыш дегендей, бұл үңгірдің аузын
менің ғана кѳзім
шалды, мен ғана кѳре алдым. Үңгірдің аузы жартастың
ең биік бѳлігінде, мен мұны отындыққа ағаштың жуан
бұталарын жинап жүргенде кѳргенмін. Әңгімемді
бастамас бұрын, жуан бұталардың не үшін керек
болғанын баяндайын.
Тіршілігімнен белгі берер деп от тұтатуға қорықтым
деп айтып едім. Бірақ нан, ет, тіпті тамақ пісірмей қалай
күнелтемін? Сондықтан мен түтіні шықпайтын ағаш
кѳмірі дегенді ойлап таптым. Англияда жүргенде жуан
ағаштарды оттың үстіне қақтап, кѳмір жасайтынын
кѳргенмін. Кѳргенімді іске асырдым. Мен кѳмірді
орманда дайындап, сосын үйге тасыдым.
Осы шаруамен әбігер болып жүрген күндердің бірінде,
бір қуыста тереңге қарай кеткен үңірді аңғардым. Бұл
үңгір қайда бастап апарады деп білгім келді, мен оған
әрең дегенде еніп, ішіне түскен соң екі адамның бойына
шақ келер биіктігіне таңғалдым. Мен мұнда әрең кірсем
де, қалай атып шыққанымды сезбей қалдым. Енгенім сол
еді, – сырттан түскен жарықтың аз ғана сәулесіне
167


шағылысқан (үңгірдің арғы жағы тіпті қараңғы) не адам
екені, не шайтан екені белгісіз, оттай жанған екі кѳздің
қадалғанын кѳрдім.
Үңгір аузында тұрып, есімді жиған соң ѳзіме ѳзім
ақымақсың, аралда жиырма жыл бойы жалғыз тіршілік
кешкен адам кім болса да, тіпті ол шайтан болса да
қорықпайды дедім. Бұл үңгірде мен қорқатындай дәнеңе
жоқ. Сѳйттім де, қолыма шырақ ұстап, батырсынып
үңгірге қайта ендім. Қолымда шырағым, үш адым
аттамай жатып, артыма қарағанда алдыңғыдан да қатты
зәрем ұшты, ыңырсыған дауыс шықты, одан кейін
сандырақтап жатқандай болды, сосын тағы да ыңырсыды.
Тұрған орнымнан қозғала алмай қалдым, қара тер тұла
бойды алды, шаштарым тік тұрды, басымда қалпағым
болғанда, шаштарым ілгіш болғандай. Қысылғанда құдай
кѳмектесерін білгесін бойымды жиып, тағы алға қарай
жылжыдым, тѳбеме кѳтеріп келе жатқан шырақтың
сәулесімен үлкен сиықсыз кәрі ешкінің жерде жатқанын
кѳрдім. Ол еш қозғалыссыз, демін әрең алып жатты, әбден
қартайған болуы керек. Мен оны тұрғызбақ болып
аяғыммен түртіп едім, оның қозғалуға шамасы жетпеді.
Ѳлмесе, ѳлгенше жата берсін; бұл мені қалай қатты
қорқытса, менен кейін бас сұққан әр жабайыны одан
бетер қорқытсын деп ойладым.
Жүрегім орнына түскенсін, жан-жағыма қарадым.
Үңгірдің іші ѳте тар – жиырма шаршы футтай – тіпті
қолайсыз, не дѳңгелек, не тѳрт бұрышты емес, бұл үңгір
адам баласының қолы тимеген, тек табиғаттың тѳл
туындысы екенін аңғартады. Ары қарай тағы қуыс бар, ол
ѳте тар, еңбектеп жүрмесе оның ішіне сыю мүмкін емес.
Бұл қуыстың қайда жол бастарына кѳзім жетпегесін, оның
үстіне жарық қылар нәрсе болмағасын, келесі күні
шырағымды алып келмекке бекіндім. Екінші күні осы
ойымды 
жүзеге 
асырдым. 
Ѳзіммен 
бірге 
алты
168


шырағымды алып (ол уақытта ешкінің майынан шырақ
жасауды керемет меңгеріп алғанмын, тек білте орнату
қиын болды, оны ескі жіптен, қалақайға ұқсас ѳсімдіктің
талшықтарынан жасадым) үңгірге ендім. Жоғарыдан
айтқан тар қуыстың аузына келіп тоғыз ярд жердей, тѳрт
аяқтап жүруге тура келді. Бір сѳзбен айтсам, менің
талпынысымды ерлік деуге болатын шығар, себебі мен
қайда келе жатқанымды, мені не күтіп тұрғанын білгенім
жоқ. Манағы қуыс бірте-бірте кеңи бастады, бір кезде мен
ѳз аралымда бұрын-соңды кѳрмеген ғажап нәрсеге куә
болдым. Биіктігі бес-алты аршын бар-ау деп шамаладым,
шамның жарығымен сәулеленіп, тѳбесіне дейін жалт-
жұлт еткен қабырғаны кѳрдім. Менің шырағымның
сәулесімен шағылысып, кѳздің жауын алған бұлардың
алмас не гауһар тастар екенін біле алмадым, қалай десек
те қымбат
тастар, тіпті алтынға ұқсайды екен деп шамаладым.
Қап-қараңғы, құрғақ, бетін құм басқан үңгірдің
түкпірінде тұрсам да, кѳңіл жадырап, бойымды қуаныш
кернеді. Дымқыл тартып кѳгеріп, зең басқан тұс
кѳрінбейді; бақа-шаян, жылан сияқты улы жәндіктердің
ізі де жоқ. Бір ғана қолайсыздығы, есігі тар, бірақ
жасырынар жер іздеген мен үшін бұл қолайлы – мұндай
жерді іздесең таба алмайсың. Бұл олжам мені қатты
қуантты, ѳзіме қажетті дегендерді осы үңгірге тасуға бел
будым, ѳзім үшін ѳте қымбат дүниелер – оқ-дәрі мен
артық мылтықтарым, анығырақ айтсам, екі аң аулауға
арналған мылтық (менде бар-жоғы үш мылтық) және сегіз
мушкетімнің 
үшеуін 
алдым. 
Осылайша 
менің
қамалымның қоршауының сырт жағында зеңбірек секілді,
үнемі оқтаулы тұратын бес мушкет қалды. Мен сырт
жаққа шықсам, бұларды үнемі ѳзіммен бірге алып
жүрдім.
Оқ-дәрілерім мен мылтықтарымды жаңа орынға
169


тасыдым, сосын бұрын су тиген, ішіне оқ-дәрі салынған
бір бѳшкенің аузын аштым. Оқ-дәрілер тегіс бүлінбепті,
тек су тиген жері ғана қатайып, қабыршақтаныпты,
қалғандары аршылмаған жаңғақ секілді, бүп-бүтін
жатыр. Осылайша мен тағы да алпыс фунт оқ-дәріге аяқ
асты олжалы болдым. Бұл күтпеген сый еді. Мен оқ-
дәрілерімді жаңа үңгірге сақтау үшін тасыдым, бірақ әр
түрлі жағдайлар үшін деп үш фунттан артығын
қорғанымда ұстамаушы едім. Сол жерге, жаңа үңгірімді
айтамын, оқ жасайтын артық қорғасынды да тасыдым.
Сол уақыттарда мен ѳзімді ананың-мынаның кѳзіне
түсе қоймайтын жартастар мен үңгірлерде ѳмір сүрген
ежелгінің дәулері секілді сезіндім. Мейлі, мені іздеп бес
жүз жабайы бүкіл аралды тінтсе де, олар менің үңгірімді
таба алмайды, тауып алған жағдайда, олар тұмсығын да
сұға алмайды дедім ѳзіме-ѳзім.
Үңгірде жатқан ешкі ертеңіне-ақ ѳліп қалды. Сол
жерге терең етіп шұңқыр қаздым да, иістеніп кеткен
ѳлексені кѳмдім, иістенген ѳлікті сүйрелеп далаға
шығарудан гѳрі, маған сол жерге кѳме салған қолайлы
кѳрінді.
Менің аралдағы тіршілігім жиырма тѳртінші жылға
аяқ басты. Жалғыздыққа кѳндігіп кеткенім сондай,
жабайылар үрей туғызбағанда, еш қайғысыз қалған
ѳмірімді де жалғыздықта ѳткізіп, кәрі ешкі сияқты жалғыз
жатып жан тапсыруға да дайын едім. Ѳзіме аз ғана ермек
табылғасын, күндерім бұрынғыдай емес, зулай бастады.
Біріншіден, сіздер білесіздер, мен Тотымды сѳйлеуге
үйреттім, ол сѳздерді ѳте анық, түсінікті айтатын болды,
естіген құлаққа даусы да ѳте жағымды еді. Ол жиырма
алты жылдан астам уақыт менімен бірге болды. Одан
кейін де қанша ѳмір сүргенін білмеймін, Бразилияда
жүргенде тотықұстар жүз жылдан аса ѳмір сүреді деп
естігенмін. Бәлкім, менің адал досым Тоты, әлі де болса
170


аралды шарлап “Робин-Крузо қайдасың?” деп шарқ
ұрып, іздеп жүрген болар, кім білсін. Тотыма шер
тарқатып отырғаныма куә болған адам, тотымды мені
арбап отырған шайтан деп ойлап қалуы да мүмкін,
жалғыздықтың азабын құдай ешкімнің басына салмасын.
Итім де он алты жыл маған адал қызмет етіп, менің адал
досыма айналды. Ол әбден қартайып ѳлді. Ал енді
мысықтырым туралы сіздерге айтып ѳткенмін, олар тіпті
кѳбейіп кетіп, менің азық-түліктеріме шабуылдай
бастады, тіпті ѳзім азықсыз қалатын болған соң, оларды
қуып жібердім. Кемеден алып келген екі мысық қартайып
ѳлді, қалған мысықтар үй маңын торуылдамаулары үшін
мылтық атып, үркітіп отырдым, байғұстар безіп, орман
кезіп кетті. Кѳңілім қалаған екі-үш мысықты бағып-
қақтым, олар менің отбасымның ең қадірлі мүшелеріне
айналды. Бұлардан басқа екі-үш ешкіні бағып, қолдан
жем беріп үйреттім. Менде тағы да екі тотықұс бар еді,
әрине, кәрі Тотымды есептемегенде, олар да сѳйлей алады
және “Робин-Крузо” деп атымды атап шақырады. Бірақ
Тотым сияқты анық сѳйлей алмайды. Бұларды үйрету
үшін біраз уақытым мен еңбегімнің кеткені анық. Сосын
қалай аталатынын білмедім, теңізде жүзетін біраз
құстарды ұстап алып, асырадым. Олар ұшып кетпеуі
үшін, қанаттарын қырқып тастадым. Жабайылар келіп
қалса деп, қорғанымды айналдыра отырғызған жас
теректер тоғайға айналды, менің құстарым, осы
теректерге ұя салып, балапан басты, мұндай кѳрініс менің
жанымды жадыратты. Осылайша, қайталап айтамын, мен
ѳзімді ѳте жақсы және бақытты сезіндім, жабайылардан
қауіптенгенім болмаса, мен ѳз тағдырыма риза едім.
Бірақ тағдыр жолы әрқилы, менің жазғандарымды
оқыған адам осы жолдарға кѳңіл аударса екен: біз
ѳмірімізде қайғылы жағдайға жиі ұшыраймыз, ұшырап
қалмайық деп алдын ала үрейленеміз; басымызға
171


қиындық түскен күнде де оны құдайдың сынағы деп
ұғынуымыз керек екен. Қиындықпен күресу және оны
жеңу – бақытсыздыққа ұшырамаудың бірден-бір жолы.
Мен ѳз ѳмірімнен дәлелдер келтіріп, сѳзімнің дұрыстығы
үшін жауап бере аламын. Бірақ мен аралдағы тірлігімнің
соңғы жылдары ғана сүйінішпен ѳтті, барақатқа толы
болды деп айта алар едім.
Сонымен, мен аралдың тұтқыны болып жиырма
үшінші жылды қарсы алдым. Желтоқсан айы, бұл уақыт
күннің оңтүстікке ауысар мезгілі (сондықтан мұндай
ыстықты, қыс мезгілі деп атай алмаймын), бұл – менің
егін орып, бидай жиятын қарбалас кезім. Бір күні таң
алдында үйден шығып келе жатып, менің үйімнен екі-үш
миль қашықтықтан жағалаудағы отты кѳріп шошып
кеттім. Менің бақытыма қарай, бұл – аралдың жабайылар
қоныстанған емес, ѳзім орналасқан жағалауы еді.
Алыстан аңғарғаныма шүкіршілік етіп, шақырылмаған
қонақтардың кѳзіне түсіп қалмау үшін бір адым да алға
баспай, тоғайыма жасырындым. Бұл жер ѳте қолайлы
болғанымен, жабайылар аралды кезіп тіміскілесе, менің
жайқалған егінімді кѳрсе, болмаса тіршілігімнен белгі
берер басқа нәрселеріме куә болса, аралда адам бар
екенін біліп, мені іздеп тапқанша тыныш таппайды деп
қорықтым. Жүгіре басып қорғаныма келдім де, басқышты
тартып ішке түсіріп, қорғану амалдарына кірістім.
Келдім де, зеңбіректерімді (үйдің сыртқы жағында
орнатқан 
мушкеттерімді 
айтамын) 
және
тапаншаларымды 
оқтап, 
соңғы 
демім 
қалғанша
шайқасуға бел будым. Сол қалпы, сыртқы тіршіліктен қол
үзіп, хабар берер тыңшыларым да жоқ, – екі сағаттай
отырдым.
Бұдан ары отыруға шыдамым жетпей, тауға шығар
басқышым арқылы сіздерге таныс қадағалау орнына
аттандым. Ең биігіне шыққан соң, қалтамнан дүрбімді
172


алып, етпеттеп жатып жағалаудағы от кѳрінген тұсқа
дүрбімді бағыттадым. Тырдай жалаңаш он шақты
жабайы отты қоршай отырып алған. Әрине, мұндай
кеңсірігінді жыбырлатқан аптапта олар отты жылыну
үшін жаққан жоқ қой, мүмкін, адам етінен дайындалған
тағыларға арналған түскіліктерін ішкелі отырған шығар.
Олжалары дайын секілді, тірі ме, ѳлі ме, онысын білмедім.
Жабайылар екі қайықпен келіпті, қайықтары жағада тұр:
судың тѳмендеген кезінде келіп, енді судың кѳтерілуін
күтіп 
отырған 
сияқты. 
Бұл 
оқиға 
мені 
қалай
абыржытқанын кѳрсеңіздер еді: олар менің аралымда
және менің үйіме жақын жерде! Біраздан кейін мен ѳз-
ѳзіме келе бастадым. Жабайылар су кѳтерілгенде келіп,
тѳмендегенде кетіп жүреді екен. Бақылап жүріп,
соншалықты қауіптің болмасына кѳз жеткен соң, егінімді
оруға кірісіп кеттім.
Менің күткенімдей болды; су кѳтерілген бойда
жабайылар қайықтарына мініп, тайып тұрды. Айтуға
ұмытып кетіппін-ау, кетерлерінен бір сағат па, әлде екі
сағат па бұрын олар жағада тұрып биледі, мен дүрбімен
анықтап қарап, олардың оғаш, селкілдеген дене
қимылдарын анық кѳрдім. Түгелдей тыржалаңаш, бірақ
қайсысы әйел, қайсысы еркек екенін аңғара алмадым.
Олар кѳзден таса болысымен, таудан түстім де, екі
мылтығымды иыққа іліп, екі тапаншамды, шапашотымды
белге қыстырып, бір сәтке де аялдамай, жабайылардың
ізін алғаш кѳрген тѳбеге қарай бет алдым. Екі сағаттай
жүріп (ауыр құралдар асынып алған соң, жүрісім бәсең
болды, тіпті ѳнбеді десем де болар), тѳбенің басына
шықтым, қарасам, әлгілерден басқа тағы үш қайыққа
тиеліп, аралдан құрлыққа қарай тартып бара жатқан
жабайыларды кѳрдім. Жағаға келіп, кѳзбен кѳргенімді
жеткізу мен үшін ѳте ауыр: айуандардың шат кѳңілмен
билей жүріп тойлаған қанды отырыстарынан кейін
173


шашыраған қан, шашылған сүйектер, адам еттерінің
шашылған бѳліктері қалған. Бұл оқиғадан кейін
тағыларды бір емес, бірнеше болып келсе де жайратамын
деген ѳзімнің бұрынғы мақсатым ойыма оралды.
Бірақ бұл айуандар менің аралыма анда-санда ғана
келеді, олардың келіп-кеткендеріне он бес айдан астам
уақыт ѳтті, осы аралықта мен олардың ѳздері түгілі,
іздерін де кѳргенім жоқ, жағаға келіп-кеткендерін
айғақтайтын да ешнәрсеге кѳзім түспеді. Жаңбырлы
маусымда олар менің аралыма аяқ баспады, мүмкін, бұл
жер ѳте қашық болған соң шығар. Шақырылмаған
қонақтарым күтпеген жерден келіп қалып, шабуылдап
жүреді ме деп, он бес ай бойы менің жаным жай таппады.
Кѳп сѳздерімнің түйінін айтсам, жаныңды жегідей жейтін
жамандықтың болғанынан болары жаман екен.
Сарсылтқан ұзақ күндер бойы мен тек қан тѳгуге, ѳш
алуға ғана ниеттеніп жүрдім (бір сѳзбен айтсам, қолайлы
сәт іздеп жүрдім). Олар соңғы келгендеріндей екі
қайықпен келсе, оларға аяқ асты қалай шабуылдауға
болады деп ойладым. Мысалы, жабайылар бір келгенде
жиырма-отыз шақты болып келеді, – бәрін жайратып
салдым делік; мұның артынан апта, болмаса ай ѳткеннен
кейін тағы мұншамасы келеді, оларды тағы қырып салуға
тура келеді; одан кейін тағы да басқалары келеді, сѳйтіп
жүргенде мен олардан да ѳткен қанішер, олардан да
сорақы жабайыға айналамын ғой.
Менің күндерім дабыл қағумен ѳтіп жатты, ерте ме,
кеш пе, мейірімсіз айуандардың тасқынына тѳтеп бере
алмасымды білдім. Күнделікті қажеттіліктерім үшін де
үңгірімнен 
шығудан 
қалдым, 
үнемі 
жан-жағыма
жалтақтаумен болдым. Мал ѳсірудің қажеттігін білген
кезімде оларды қамауда ұстауым керек деген ойымның
қаншалықты оң болғанын енді білдім. Аралдың
174


жабайылар келер тұсында мылтығымды да атудан
қалдым. Олар мылтық даусынан үркіп қашып кетіп, келесі
жолы екі жүз, үш жүз болып қайықпен қайта оралар
болса, мені не күтіп тұрғанын кѳз алдыма оңай елестеттім.
Жыл толып үш ай асқан кезде жабайыларды тағы
кѳрдім. Егер менің кѳзіме түспей қалып жүрмесе, осы
уақыт ішінде олар аралға келген жоқ. Негізі олар бұл
маңда кѳп тұрақтамайды да. Мен аралға аяқ басқан
жиырма тѳртінші жылдың мамырында (менің есебім
бойынша) олармен бір тамаша кездесу болды, оны керек
жерінде айтып берермін. Осы он бес айдың мен үшін
қаншалықты үрейге толы болғанын айтып жеткізе де
алмаймын: ѳте жайсыз ұйықтап, күнде қорқынышты түс
кѳріп, жиі-жиі шошынып жүрдім. Кейде түсімде
жабайыларды ѳлтіріп, күнәмнан арылудың жолын таба
алмай аласұрып жүремін. Күндіз де жанымды қоярға
жер таппаймын. Бұл жайлы әңгімемді кейінге қалдыра
тұруды дұрыс кѳріп отырмын.
Ѳз күндерімді белгілей бастаған менің ағаш
күнделігіме жүгінсек, мамырдың ортасында, тура он
алтысы күні, күндіз-түні найзағай ойнап, дауыл тұрып,
табиғаттың бұл қаһары түнге ұласты. Мен бұл уақытта
ѳзімнің тым жадау, тым жұпыны тірлігімді ойлап, Інжіл
оқып отыр едім. Бір кезде маған теңіз жақтан шыққан
сияқты боп кѳрініп зеңбірек даусы естілді.
Шошынғанымнан қалшылдап кеттім, бірақ бұл
тағдырдың 
одан 
кейін 
кѳрсеткен 
сыйларымен
салыстырғанда түк те емес еді. Басыма неше түрлі ойлар
келді. Санаулы уақытымның бір минутын да зая
жібермеуге 
тырысып, 
орнымнан 
атып 
тұрып,
баспалдақты қойып, тауға ѳрмелей бастадым. Мен биігіне
жете бергенде, отшашу аспанға атылып, артынан тағы
зеңбірек атылды. Бұл бір ретте мен теңізге қайықпен
175


шыққанымда, ағыс мені алып кеткен маңай екенін
зеңбірек тарсылы шыққан тұстан аңғардым.
Бұл апатқа ұшырап, маңайынан ѳтіп бара жатқан
кемеге құтқару дабылын қағып, кѳмек сұраған кеме екенін
бірден білдім. Қобалжып тұрсам да ѳз-ѳзіме келіп, егер
мен бұл адамдарды апаттан құтқарсам, бәлкім, олар мені
ала кетер деп ойладым. Жалма-жан қолыма түскен
ағаштарды жинап алып тұтата бастадым. Желдің
болғанына қарамай құрғақ ағаш лап етіп, жалын бірден
биікке кѳтерілді. Алаудың кѳкке кѳтерілгені сондай, егер
кемеде адам бар болатын болса, олардың от ұшқындарын
аңғармауы мүмкін емес еді. Олар да аңғарған болулары
керек, жалын кѳкке кѳтірілген бойда, олар бірнеше дүркін
зеңбіректерін қайта-қайта ата берді. Мен алауымды таң
атқанша тұтатып отырдым, таң атып, кѳктің жүзі
сейілгенде, тұман болғандықтан ба, дүрбімен де анық
кѳре алмадым, солтүстік жағалаудағы теңіздің бетінен
желкен бе, әлде кеменің бір бѳлігі ме, – бір нәрсе
қарауытты. Күні бойы қарауытқан нәрседен кѳз алмадым,
ол орнынан қозғалмады. Бұл зәкір тастаған кеме шығар
деп 
болжадым. 
Болжамымның 
дұрыстығына 
кѳз
жеткізгім келіп, шыдамсыздана қолыма мылтығымды
алып, жағаның оңтүстік шығысына, мені бір кезде ағыс
алып кеткендегі жартасқа қарай жүгірдім. Тұман сейілді,
бар маңай ап-анық кѳрініп тұрды. Ѳкінішке қарай, бұл
қираған кеме болып шықты. Желдің күшімен ығып келіп
су түбіндегі биік тасқа соғылған, сол жерде қирап,
қайырлап барып шѳккен екен. Су астында мұндай
тастардың бар екенін қайықпен жүргенде кѳріп едім: ол
тастар теңіз суы тасығанда қарсы ағыс туғызады, теңіздің
тасып, судың жағаға шығуына бѳгет болады, менің
тағдырым қыл үстінде тұрғанда аман қалуыма осындай
жағдай себеп болған екен.
Тірлік деген осы – біреу жан сақтаса, екінішісі жан
176


береді. Кім екені беймәлім бұл адамдар су астында
мұндай 
жартастардың 
болатынын 
білмегендіктен
кемелері түнде солтүстік шығыстан соққан желдің
екпінімен келіп қатты соғылған болуы керек. Егер
кемедегілер бұл жерде арал барын байқаса (олардың
байқауы екіталай), қайықтарын ағытып, жағаға жүзіп
келер еді. Мен алауды жаққаннан кейін олардың
зеңбіректі атқылауы үсті-үстіне күшейе түскені менің
басымда бірталай болжамдарды тудырды: мен кейде
олар мен жаққан отты кѳре салып, қайықтарына мініп
жағаға қарай есе бастады, бірақ қатты толқынды игере
алмай, суға батып кетті деп те ойладым, кейде жоқ, олар
апатқа ұшырамай тұрып-ақ барлық қайықтарынан
айырылған ғой деп те ойладым, ѳйткені кеме батып бара
жатқанда қайықты сыртқа лақтыруға не сындыруға тура
келетінін мен білетінмін. Мүмкін, дабыл қағылып белгі
болған соң екінші кеме апатқа ұшырағандарға кѳмекке
келіп, адамдарын құтқарған шығар. Тіпті бұлай да
болуы ғажап емес: қайыққа отырған кеме экипажы
қатты ағыстың иіріміне ұшырап, ығысып ашық теңізге
шығып кетуі де мүмкін. Онда олардың ажалы жетті дей
беріңіз, себебі бұл байғұстар аштықтан бірін-бірі жеп
тынатыны айдан анық еді. Шындығында қираған кеменің
тағдыры не болды екен, маңайлап жүрген бір кеме
кѳмек қолын созбаса, мұндай дауылдан адам баласы
аман қалады деп ойлаудың ѳзі қиын. Бірақ бұл болжам
ғана еді, ѳкінішке қарай, бұл маңда басқа кеменің ѳзі
түгілі ізі де кѳрінбеді.
Кемені кѳрген кездегі менің үмітімді, зарымды жеткізе
алар сѳзді қайдан табарымды білмеймін. Ѳз еркімнен тыс:

Құдай-ай, егер екі-үш… ең болмағанда бір адам аман
қалып, жағаға жетсе, қасымнан тірі жан табылып, мен де
адам баласы емеспін бе, тілдесіп шер тарқатар едім,” –
дедім күбірлеп. Ұзақ жыл тақуа адамдай тірлік кешсем де,
177


ешқашан да жалғыздықтың зарын дәл сол сәттегідей
сезінбеппін.
Құштарлықтың ѳз құпиясы болады, ол кѳзге түсер
қозғалыстағы бір нәрсеге деген құштарлық болуы мүмкін
немесе кѳзге кѳрінбеуі де мүмкін; біздің түйсігіміздегі,
қиялымыздағы құштарлық жан дүниемізді еріксіз
жаулап алады және ол құштарлықтың орнын енді
ешнәрсе де толтыра алмайды.
Қираған кемеден ең болмаса бір адам аман қалса деп
қатты тіледім. “Бір адам! Бір адам!” деген сѳздерді мың рет
қайталадым. Бұл тілегімді саусақтарымды жиырып алып,
қолымды қатты қысып, қалшылдап тұрып айттым:
алақанымда жұмсақ бірнәрсе болғанда сѳзсіз үгітіліп
кетер еді, қатты тістеніп алғаным сондай, жағым қарысып
қалды. Бұл адамның қандай жайдағы халі екенін
дәрігерлер айта жатар, мен тек ѳз басымнан ѳткен
жағдайды ғана баяндадым. Бұл жағдайға қалай түскенімді
білмеймін, бір анығы, бұл кеше ғана қандастарыммен
табысуға ынтыққан менің қиялымдағы шын бақыттың
кѳрінісі, менің құштарлығымның шегі болды деп айта
аламын.
Тағдырдың жазуы ма я қырсық шалды ма, мұндай
бақытқа жете алмадым, тек жағаға қалқып шыққан
нәрселер қираған кеменің құрдымға кеткенінен хабардар
етті. Аралдағы ѳмірімнің соңына дейін қираған кемеден
тірі жан қалды ма, жоқ па, – біле алмадым. Бірнеше
күннен кейін тағы да қайғылы оқиғаға куә болдым: кеме
қираған тұсқа қарсы жақтан су бетіне ѳлген адамның
мүрдесі қалқып шықты. Үстінде кенеп кѳйлегі, шалбары,
сыртында теңізшілер киетін шолақ жейдесі бар. Оның
ұлты кім екенін ажыратарлық еш белгі болмады;
қалтасында екі алтын ақша мен мүштіктен басқа ештеңе
жоқ боп шықты, – әрине, мен екіншісі үшін қуанғанымды
осы жерде жасыра алмаймын.
178


Дауылдан кейін тыныштық орнаған соң қайыққа мініп
кемеге дейін барғым келді. Ѳзіме керек-жарақтар
табатыныма сенімді болдым, бірақ ниетім басқа – кемеде
тірі жан қалған болса деп үміттендім. Бұл ой мені әбден
жаулап алды: құдайдың құдіретімен кемеге жетпейінше
күндіз-түні жаным жай таппасын білдім. Мен ѳз еркіме
бағына да, қарсы да келе алмадым, – бұл құдайдың
қалауы, орындамасам, ар алдында айыптымын деп
ойладым.
Жан қалауы еркіме тұсау болсын ба, қамалыма тез
жетіп, сапарға қамдануға асықтым. Ѳзіммен бірге нан,
үлкен құмыра тұщы су, құбылнама, бір бѳтелке ром (ол
менде әлі бар еді), жүзім салынған себет алдым да, осы
азықтарымды арқалап, қайығыма аттандым; оның
түбіндегі суын тѳгіп теңізге түсірдім де әкелгендерімді
орналастырып, жаңа жүктерімді тасуға қайта кеттім. Бұл
жолы үлкен қапшық күріш, бір құмыра тұщы су,
арпаның ұнынан пісірген жиырма шақты күлше нан, бір
бѳтелке ешкінің сүті, бір бѳлек ірімшік алдым. Осының
бәрін арқалап қара терге малынып, әрең дегенде қайыққа
жеттім. Құдайға құлшылық қылып, жолымды тілеп,
сапарға аттандым. Жағаға жақын жүзіп отыруға тырысып,
аралдың солтүстік-шығысының шегіне дейін келдім. Осы
жерден мен енді ашық теңізге шығуым керек еді. Бұл ѳте
үлкен тәуекел болатын. Бару керек пе, әлде жоқ па? Мен
жағалаудан біршама қашықтықта аралды орай тез ағып
жатқан теңіз ағысының тасқынына қарадым, алғашқы
саяхатым жадыма оралып, басымды қандай қауіп-қатерге
тіккенім есіме түсті де шешімімнен айни бастадым: егер
мен ағыстың иіріміне түссем мені алысқа әкетіп, тіпті ѳз
аралымды назардан жоғалтып алатынымды білдім; ал сол
сәтте салқын желдің тұруы мұң-ақ екен, менің қайығым
бірден суға толар еді. Бұл ойлардың мені абыржытқаны
сондай, мен ѳз ойымнан бас тартуға дайын едім. Мен
179


теңіздің 
кішкене 
қолтығына 
қайығымды 
тіреп,
қайығымнан түсіп кемеге барсам деген ынтызар тілек пен
алдымда күтіп тұрған қауіп-қатердің арасында не
істерімді білмей қатты дағдардым. Басымды қаумалаған
ауыр ой құшағында отырғанымда су кѳтерілді, енді
қаласам да, қаламасам да саяхатымды бірнеше сағатқа
шегеруге тура келді. Сол сәтті пайдаланып, бір биік тѳбеге
шығып, су кѳтерілгендегі судың ағысын аңду керек деп
ойладым, кемеден аралға осы ағыспен жетуге болады
екен. Осы ойды ойлап болғаным сол еді, онша биік емес
бір тѳбе кѳзіме түсті, бірақ басына шықсаң, ағыстың
бағытын екі жағынан да байқауға болады екен. Кѳз
талдырып кѳп қарағаным жоқ – судың тѳмендеген ағысы
аралдың оңтүстік тұсынан шығып, кѳтерілген су солтүстік
тұсқа ағатынын байқадым; кері ораларда аралдың
солтүстік жағын бетке ұстасам, аман-есен жетеріме кѳзім
жетті.
Осы ойымды құптадым да, судың тѳмендегенін күтіп,
келесі күні ертемен аттанбақ болдым. Сол күні баяғы
айтылған матрос шинелін жамылып қайықта түнеп
шықтым да, ертеңгісін теңізге шықтым. Ең әуелі
солтүстікке бет алып, ағыстың иіріміне түскеннен кейін
шығысқа бет түзеп жүздім де отырдым. Ағыс қайығымды
тез іліп алды да жѳнелді, бірақ алғашқы саяхатқа
шыққандағы оңтүстіктің ағысындай тым тез емес еді. Ол
ағыста қайықты бағдарлап бұруға да шамам келмеп еді,
бұл ағыс одан бәсеңдеу екен, ескегіммен қайықты ѳз
қалауымша бағыттап, кемеге қарай туралап жүзе
жѳнелдім. Екі сағатқа жетер-жетпес уақытта кемеге келіп
жеттім.
Алдымнан қайғылы кѳрініс ашылды: кеме (түрі
испандікіне келеді) екі жартастың арасына қыстырылып
қалыпты. Құйық жағы мүлде қираған, діңгектерінің күл-
талқаны шыққан, бірақ орта белінен жоғары, тұмсық
180


жағы бүтін, сол қалпы. Кемеге құйрық жағынан жақын
келгенде, кеме үстінде жатқан бір ит кѳзіме түсті. Мені
кѳрді де – ұлыды, қыңсылады, дауыстап ем, кемеден
секіріп түсті де, жүзіп жетіп келді. Итті кѳтеріп қайыққа
отырғыздым, бейшара әбден ашығыпты: іші қабысып
қалыпты, нан беріп едім, қыстыгүнгі аш қасқырдай тарпа
бас салды. Алдына су қойып ем, қомағайланып ішем деп
шашалып, ѳліп кете жаздады, – бере берсем жарылғанша
іше беретін түрі бар.
Итке тамақ бердім де, кеменің үстіне шықтым. Бірінші
кѳргенім – кіре берісте екі адам ѳліп жатыр, қолдары
айқасып, қарысып қалған. Кеме тасқа келіп соғылғанда
үстерін су басып, сірә, тұншығып ѳлген; қалғандары қатты
толқынның екпінімен суға батып кеткен болу керек, иттен
басқа тіршілік иесі кѳрінбеді. Кеменің ішіндегі заттардың
бәріне су тиген екен. Трюмде бір-екі бѳшке кѳрінді, оның
шарап екенін әлде басқа бір нәрсе екенін біле алмадым, –
тым үлкен, қозғап әуре болғаным жоқ. Бірнеше сандық
жатыр, шамасы, теңізшілердікі болу керек; екеуін
қайыққа әкеліп салдым, аузын ашып қарағаным жоқ,
ішінде не бар, не жоғын білмедім. Егер кеменің алдыңғы
жағы қирап, арт жағы бүтін қалғанда, мен кѳп олжамен
оралады екенмін: екі сандықтағы жүкке қарағанда кеме
бағалы заттар тасыған болуы керек. Кеме Буэнос-
Айрестен немесе Бразилияны жағалап Рио-де-Ла-
Платыдан Гаваннаға немесе Мексика шығанағына жетіп,
сол арадан Испанияға бет алған болу керек. Бұл кемеде
қазынаның мол болғандығы күмәнсіз, бірақ ѳлім аузында
қалғандар үшін қазынадан не қайыр, ал адамдардың
тағдыры жайлы ол кезде ешнәрсе білгенім жоқ.
Арақ-шарап құйылған болу керек, сандықтан ѳзге тағы
бір бѳшке алдым. Бѳшке онша үлкен емес, ішіне жиырма
галлон су кететіндей, бірақ кѳтеріп қайыққа әкелу ѳте
ауыр болды. Каютадан бірнеше мушкет, сауытқа салған
181


тѳрт қадақтай күкірт таптым; мушкетті емес, күкіртті
алдым, ѳйткені күкірт керек еді. Бұлардан басқа күрек,
қысқаш, екі бақыраш, жез шәйнек алдым. Жүктерді тиеп,
итті қайыққа салып, су кѳтерілісімен, кідірместен жүріп
кеттім, сол күні түнгі сағат бірдің шамасында әлім бітіп,
әбден қалжырап аралыма жеттім. Қайыққа түнеп шығып,
ертеңіне тиелген заттарды үйге емес, үңгірге тасығым
келді. Тамақ ішіп әл жиып алдым да, әкелген жүкті жағаға
түсіріп, тексеріп қарай бастадым. Бѳшкеге құйылған ром
екен, бірақ дәмі біртүрлі, ішуге келмейді. Сандықтан ѳзім
зәру болып жүрген нәрселер табылды, мысалы, асты-үсті
бітеу бір әдемі ыдыс, іші толған ликер құйған бѳтелке
(
бѳтелкенің әрқайсысында үш понтке жақын ликер бар),
бѳтелкесі жай емес, тығыны күміс, түрі әдемі, екі банкі
тосап, мұның да аузы жақсы бекітілген, ішіне бір тамшы
су кірмеген сол қалпы тұр, тағы бір банкі болған, оның
ішіне су кіріп, бүлініп қалыпты, сандықтан жаңа
кѳйлектер де табылды, мен киімге ѳте зәру едім; жиырма
шақты бет орамал және мойынға салатын орамалдар да
бар екен. Мен одан сайын қуандым, ыстық күнде тершіген
маңдайды жұмсақ орамалмен сүртудің ѳзі керемет қой
деп кѳз алдыма елестеттім. Сандықтың түбінде үш дорба
ақша: шамасы, бір мың бір жүз пиастр, қағазға оралған
үш алтын дублон және бірнеше алтын табылды,
алтынның ауырлығы бір қадақ шамасы болады-ау деп
шамаладым.
Екінші сандықта кѳптеген киім-кешек бар екен, бірақ
бәрі де жарамсыз. Ішіндегілеріне қарағанда бұл сандық
қатардағы зеңбірекшінікі болу керек: үш ыдысқа бѳліп
салған екі қадаққа жақын оқ-дәрі бар, бұл мылтықтікі
болу керек. Бұл сапарымда қажетті деп тапқан
нәрселерім ѳте аз болды. Алтынның мен үшін құны
тѳмен, алтынымның бәрін жинап-теріп аяққа киер үш-
тѳрт башмаққа, бір шұлық үшін бере салар едім, – мен
182


шұлық, башмақ дегенді кѳрмегелі қай заман. Осы
барғанымда тѳрт жұп башмақ алдым, екеуін ѳлгендерден
шешіп алдым да, екеуі сандықтан шықты. Бірақ іздегенім
табылса да, сапасы да, түрі де ағылшындардікіне
ұқсамайды, башмаққа да келіңкіремейді, кебіс сияқты. Бір
сандықтың түбінен түрлі ақшалар табылды, бірақ алтын
емес. Бірінші сандық офицердікі де, екіншісі жай адамдікі
ме деп ойладым.
Ақшаларды үңгірдің ішіндегі кемеден алған ѳз
ақшаларыма үстеп, тығып қойдым. Қираған кемедегі
қазынаға толық ие бола алмағаныма ѳкіндім, ондағы
мүліктерді түгелімен қайығыма тиеп, бірнеше рет келіп-
кетуге болатын еді. Егер күндердің күнінде құдай
жарылқап, Англияға жетер күн туса, үңгірдегі ақшаны
сәті туғанда алып кетер едім.
Кемеден алынғандарды үңгірге тасыдым да, қайыққа
қайта келіп, оны жағадағы бұрынғы орнына әкелдім,
сосын тѳте жолмен үйге қарай тарттым; үйім орнында,
бәрі сол қалпы екен. Кішігірім үй жұмыстарымен
айналысып, бұрынғыдай мамыражай қалыпта тірлік
кеше бердім. Бірақ сіздер білесіздер, соңғы жылдары мен
ѳз күзетімді күшейтіп, үйден шығуымды да сиреттім. Тек
аралдың күншығыс тұсынан келер қауіп-қатер жоқ:
жабайылардың ол жаққа келмейтініне әбден кѳзім
жеткен соң, мылтығымды асып жүруді сиреттім.
Пенделік күйбеңмен екі жылды артқа тастадым
(
басыма небір жаман ойлар келді), бірақ осы уақыт ішінде
кѳңілімді мұң басып, ішім шерге толды, мүмкіндігі
болмаса да, аралдан қашып шығу туралы небір ойлар
келді. Қираған кемеден іске татырлық түк қалмаса да,
тағы барып кѳргім келді. Тәуекелге бел буғым келді, бірақ
күмәндандым. 
Егер 
менің 
Салехтан 
қашып
шыққандағыдай қайығым болса, мініп алып, ағыс қай
жаққа әкетсе де қайығымда алаңсыз отыра берер едім.
183


Ѳзімнің басымнан кешкендерім мен кѳрген-білгенімді
сараласам, құдай мен табиғаттың бергені ѳз алдына,
қайғыны адам баласы ѳздеріне ѳздері тілеп алады екен.
Әке-шешемнің айтқанына кѳнбей кеткендігімді сѳз
қылмай-ақ, одан кейінгі де күнәларым мені қазіргі
қайғылы жағдайыма алып келді. Егер Бразилияда аяқ
асты байып кетпей, қарапайым ғана тірлік құрып,
тұрмысымның біртіндеп жақсарғанына шүкіршілік
еткенде, онда осы уақытта, аралда ѳткен жылдарды
айтамын, Бразилиядағы ең бай плантаторлардың бірі
болуым да мүмкін еді. Сол кездегі табысыммен
шаруашылығым жүз есе артып, одан әрі де шалқып ѳмір
сүре береріме сенімді едім. Бастаған ісімді, гүлденген
плантацияны тастап құлдар тиеу үшін Гвинеяға не үшін
келгенімнің жауабын таба алмаймын, жылы орнымды
суытпай-ақ, жергілікті зәңгілер кѳбейген кезде оларды
жұмысшы күші ретінде сатып алар едім ғой. Рас, оларды
сатып алу үшін кѳп ақша жұмсар едім, бірақ менің сол
тәуекелімнің құны менің ѳз ѳмірімнің құнынан артық
емес еді. Адасушылық – жастыққа тән шығар, ѳмір жолы
айқындалған ересектер де адасады, ал жастардыкі –
албырттық. Менде де албырттық болды. Енді ѳз халіме,
жағдайыма қайғырып, кѳңілдегі алаңым басылмады.
Үнемі қайырсыз аралдан қалай шығамын, бұл қапастан
қалай құтыламын деп қашып шығудың неше түрлі
амалын ойлаумен жүрдім. Бұл бір тірі жанды түңілдірген,
дұшпанның басына да тілемейтін бейнетті күндер болды;
жанымды жүдеткен мекеннен қашып шығу туралы
алғашқы ойларды, оны іске асырмақ болғаным жайлы
сіздерге баяндап берсем, артық болмас деп ойлаймын.
Қираған кемеге барып-қайтқаннан соң, қайығымды
орнына 
қойып, 
мамыражай 
тірлігімді 
қайта
жалғастырдым. Рас, менде ақша кѳбейді, бірақ маған одан
келер қандай пайда бар. Перуға испандықтар баса-кѳктеп
184


кіргенге дейін, үндістер үшін ақшаның қалай құны
болмаған болса, мен үшін де оның солай еш құны
болмады.
Аралға табаным тигеніне жиырма тѳртінші жыл
толған наурыз айының ішінде бір күні жаңбырлы маусым
басталып, күні-түні толассыз жаңбыр құйып тұрды.
Аспалы кереуетімде денім сау, ешнәрсені ойламай, ѳзімді
ѳзім керемет сезініп жатсам да, кѳзім бір сәтке де ілінбей
қойды.
Сол түнгі аласапыран ойларым туралы айтып жеткізе
де, санамды жайлаған мың түрлі ойды тізіп те бере
алмаспын. Менің кѳз алдыма аралға келгенге дейінгі және
келгеннен кейінгі оқиғалардың бәрі бірінен соң бірі жіпке
тізгендей елестеді. Құмдағы адам ізіне куә болғаннан
кейінгі ѳмірімнің екінші кезеңін, қамсыз, алаңсыз, бейқам
ѳткен ѳмірімнің бірінші кезеңімен салыстырдым. Ѳзім
кѳргенге дейін жабайылар менің аралыма бұрын-соңды
келмеген деп ойлауым ақиқатқа қанша жанасар екен,
мүмкін, олар менің аралда болған алғашқы жылымнан
бастап жүздеп-мыңдап келіп-кетіп жүрген болар. Бірақ
мен ол кезде ештеңе сезген жоқпын, менің жан дүниемде
ешқандай қорқыныш болған жоқ, тыныш және бақытты
тірлік кештім. Себебі қауіп барын білмедім, сондықтан
алаңсыз тірлік кештім. Бұдан кейін, біз елеп-ескере
бермейтін қиыншылықтан, қауіп-қатерден мейірімі
шексіз жаратқан үнемі қорғап жүреді екен ғой деп тағы
ойладым. Қауіп-қатерге толы ѳміріміз алдын ала біздің
кѳзімізге тұтас кѳрініп тұрса, рухымыз мүжіліп, жан
дүниеміз оған тѳзе алар ма еді? біздің қаннен-қаперсіз
тірлік 
кешіп 
жүргеніміз 
қауіптің 
кѳзімізге
кѳрінбейтінінде, қауіптің тѳніп тұрғанын алдын ала
сезбейтінімізде.
Қаптаған ойдың артынан осы жылдар аралығында
небір қауіп-қатерден қағыс қалған екенмін деп ойладым,
185


ѳз қожалығымдамын деп еш қамсыз аралды кезіп жүре
беріппін. Тау-тастың қуысы, түн я басқа да жағдайлар
мені сұм ажалдан, жабайы-тағылардың тырнағынан
құтқарған екен. Жабайылардың уысына түсер болсам,
олар қылмыс жасап жатқандарын еш сезбестен, менің
ешкі мен тасбақаны немесе кѳгершін мен балықты азық
қылғаным сияқты, мені де тәбеттері ашыла жер еді. Осы
тарапта 
қамқоршы 
Ұлы 
жаратушыма 
шексіз
ризашылығымды білдірмесем, күпірлік болар еді. Қауіп-
қатерден сақтаған, ажал аузынан арашалаған құдірет
алдында басымды идім.
Бұдан кейін ой ағысы басқа арнаға ауды. Тағылар
туралы ойладым, олардың адам етін жеу себебін түсінгім
келді. Рахымы күшті, мейірімді, құдіретті күш иесі ѳзі
жаратқан тіршілік иелерінің мұндай азғындыққа, турасын
айтсам, адамдықтың шегінен шыққан, айуандықтан да
сорақы, жыртқыштардан да жауыз болуына қалай жол
берді екен деймін ѳзіме ѳзім. Бұл сол кезде мен жауабын
таба алмаған сұрақ болатын. Енді мен бұл жабайылар
әлемнің қай бұрышында тіршілік етеді, олардың жері
менің аралымнан қашық па, олар не үшін осыншалықты
қашық жерге келеді, қайықтары неден жасалған, олар
менің аралыма келгенде, мен олардың жеріне кетіп
қалсам қайтеді деген сұрақтардың шырмауында болдым.
Құрлыққа жетсем қайтпекпін, қандай ѳмір күтіп тұр, егер
олар маған шабуылдаса, құтылар амал бар ма деген
сұрақтармен бас қатырмадым. Мен оларға кѳрінбей
құрлыққа жетудің қандай да бір мүмкіндігі бар ма,
жеткен жағдайда қалай азықтанамын, дұшпандарымнан
құтылған жағдайда қайда бағыт аламын деп те бас
қатырмадым. Бұлардың бірде-біреуі туралы ой басыма
келген жоқ. Менің ойым – қайыққа отырып, қалайда
құрлыққа жету. Сол кездегі халімді ѳте бейшаралық
күйде елестеттім: менің халімнен тек ѳлім ғана тѳмен
186


шығар. Егер мен құрлыққа дейін қайығыммен жағалап
отырып, бір елді мекенге жетсем, қол ұшын беретіндер
табылар, мүмкін, мені ала кетер еуропалық кеме
ұшырасып қалар деп те ойға берілдім. Егер жаратушыдан
жәрдем болмаса мені ѳлім күтеді, ѳлген соң бар қайғыдан
ѳзінен-ѳзі арыламын. Әрине, бұл ойлар мені кѳңілім
құлазып жаным күйзелгесін, сабырым азайып азабым бір
басымнан асып үмітім алданғасын маңайлап алды. Қирап
қалған кемеге де тірі қалғандары болар деген үмітпен, бұл
қай жер, қалай аталады, бұл аралдан шығудың жолы бар
ма деген ниетпен бас бұрған едім. Бір ойға бір ой түрткі
болып, мені қатты мазалады, құдайға құлшылық қылу
ниетінен айныдым. Құрлыққа аттану туралы ой ѳн
бойымды жаулап алып қарсылық білдіруге шамам қалған
жоқ, тіпті ѳз-ѳзімді меңгеруден қалдым десе де
болғандай.
Біраз уақыт жоспарым кѳз алдымнан кетпей тұрып
алды: бойға әжептәуір желік кірді, қан қызды; жүрегім
соғып, бейне бір безгек ауруы ұстаған адамдай
қалшылдап, қатты қиналып әрең дегенде ұйқыға кеттім.
Түсімде де осы жайларды кѳремін деп ойлаған едім, бірақ
олай болмады: түсімнің менің уайым-қайғыма еш қатысы
жоқ болып шықты. Түсімде күндегідей қорғанымнан
шығып келе жатып жағалаудан жабайыларды кѳрдім:
оны жағалай он бір жабайы отыр екен. Он екінші адам –
олар құрбандыққа әкелген тұтқын екен. Бір кезде әлгі
тұтқын атып тұрып, сытылып шығып, бар екпінімен қаша
жѳнелсін. Мен түсімнің ішінде ол қорғанымның
жанындағы бауға жасырынып қалды деп ойлап
жатырмын. Оның жалғыз екенін, соңында қуғыншысы
жоқ екенін кѳрген мен, оған келіп жымиып, қашқанын
мақұл кѳріп тұрмын, ол тізерлеп отырып, ѳзін
құтқаруымды ѳтінеді. Мен оған баспалдағымды нұсқап,
қоршаудан секіріп ѳт дедім, сосын ѳз үңгіріме бастап
187


жүрдім, ол менің құлым болды. Ѳзіме бағынған адамды
кѳріп: “Міне, мен енді құрлыққа аттана аламын. Енді
ешнәрседен қорықпаймын. Бұл адам лоцман болады;
маған не істеу керек, азықты қайдан алу керек екенін
үйретеді және жабайыларға жем болып қалмау үшін, қай
маңайларды айналып ѳту, қай бағытқа жүзу керек екенін
айтады” деймін ѳзіме. Тәтті түстің әсерімен ұйқымнан
ояндым, үміт отын жаққан тәтті түстің әсерінен айыға
алар емеспін. Түсімде кѳргендерім ѳңімде болған сияқты,
есімді жидым, тіпті мұның түс екеніне таң қалдым.
Дегенмен де кѳрген түсім маған аян берген сияқты:
қапастан құтылу үшін мен аралыма аяқ басқан қандай да
бір жабайыны ұстап алуым керек екен. Мүмкін болса,
жабайылардың азық қылуға дайындаған бейшарасына
араша болуым керек. Бірақ жоспарымды іске асыруға
кедергі де жетерлік еді. Бір жабайыны құтқаруым үшін
мен жыртқыштардың күллі тайпасына соғыс ашып,
олардың бірін қалдырмай қырып салуға мәжбүр болады
екенмін; аз ғана үмітке алданып, мұндай шешімге келуім
шарасыздықтан, ѳз ѳмірімді құтқарып қалуға деген
ниеттен болса да, қаншама адамның қанын мойныма
жүктеймін деген ой менің жан-дүниемді маза бермеді.
Жасырып керегі не, бұл жоспарымды құрған күннен
бастап-ақ адам қаны тѳгіледі деген ой басыма келсе,
денем түршігетін. Ѳз-ѳзімді ақтап та кѳрдім: бұлар менің
қас жауларым, жабайылардың қолына түссем олар мені
ойлануға да мұршамды келтірмейді; бұл – менің ѳлімнен
де ауыр ѳмірден құтылуға әрекеттенуім – тура
жабайылар маған бірінші боп шабуылдағандағыдай
ѳзімді ѳзім қорғау актісі боп табылады десем де, қайталап
айтайын, тек қан тѳгіледі деген ойдың ѳзі жанымды
түршіктіріп ѳз шешіміме ѳзім кѳне алмай-ақ қойдым.
Анталаған ауыр ой кірпік ілдірмей біраз күндерімді
ѳткіздім, бірақ құтыламын деген бір ғана ой үміт сәулесін
188


тұтатты. Қалай болғанда да бір жабайыны қолға түсіруім
керек деп ойладым. Мен енді тек жоспарымды іске
асырудың ғана жолын іздедім. Қалай ойласам да,
жауабын таппадым. Ақыр аяғында әуелі жабайылар
менің аралыма келсін, басқасын басқа түскенде кѳремін
деп шештім.
Қара түнек ойлардан серпіліп, күнде олардың жолын
қарауылдайтын болдым; бір жылдан аса уақыт еш
нәтижесіз тек олардың жолдарын қарауылдаумен зерігіп
те кеттім. Күнде аралдың оңтүстік және батыс жақ
жиегіне 
жабайылар 
келіп 
қала 
ма, 
қайықтары
қарауытпай ма деп кѳз жүгіртумен болдым, – ешнәрсе
кѳрінбеді. Бұл жағдай мені қынжылтып қайғы-қамымды
кѳбейте түсті. Басқа жағдайды білмеймін, бірақ бұл жолы
мақсатқа жетпесем де үмітім үзілмеді, керісінше,
бұрынғыдан да құлшына түсіп, ѳз ойымды қалай да іске
асыруға 
ұмтылдым. 
Турасын 
айтсам, 
бұрын
жабайылардың кѳзінен таса болу үшін ѳте сақ жүрсем,
енді олармен бетпе-бет келгенше шыдамым жетпеді.
Жабайылардың тек біреуін ғана емес, екі-үшеуін
қолыма түсіріп, маған дұшпандық ете алмайтындай халге
душар қылып, айтқандарымды бұлжытпай орындайтын
құлға айналдырамын деп қиялдадым. Сарсылтқан
бірнеше апта сүреңсіз күндерге айналды, арманым
орындалмады, жабайылар келмек түгілі, кѳзге де түспей
қойды.
Сол күйбеңмен жылдан астам уақыт жүрдім, бұл бір
нәтижесіз іс екен деген де ой түсті. Бір күні таңертең
аралдың мен жақ жағасынан үндістердің бес бірдей
қайығын кѳріп таңғалдым. Олардың бәрі бос тұр,
жабайылар бір жерге жасырынып қалған болуы керек.
Әдетте, әр қайыққа тѳрт-бес, кейде одан да кѳп адамның
отыратынын 
білетінмін. 
Мені 
шақырылмаған
қонақтардың кѳптігі қобалжытқанын жасыра алмаймын.
189


Жалғыз ѳзім жиырма-отыз шақты жабайыға қалай тѳтеп
беремін деп берекем қашып, қорғанымда тұнжырап
отырсам да, олар шабуылдай қалса мен де қарап
қалмаспын 
деп 
алдын 
ала 
қамдана 
бастадым.
Жабайылардың тұсынан дауыс естіле ме деп, құлағымды
тоса 
бастадым, 
шыдамым 
жетпей 
мылтығымды
баспалдағымның астына қойып, ѳзім құрған жоспар
бойынша тѳбе басына қарай ѳрмелей бастадым. Тѳбенің
басына жеткен соң, басымды қайта-қайта қылтита
бермейін деп, дүрбімді алып қарадым. Жабайылар отыз
адамнан кем емес екен. Олар жағада от жағып, бір нәрсені
қақтап жатыр. Қақталып жатқан не нәрсе екеніне кѳзім
жетпеді, анық кѳргенім – олар ебедейсіз қимылдарымен
секіріп, отты айналып билеп жүрді.
Бір кезде топ адам билеп жүргендерден бѳлініп, қайық
тұрған жаққа қарай жүгіре жѳнелді де кѳп ұзамай екі
бейшараны сүйреп отқа қарай алып жүрді; бұл екеуі
қайықта байлаулы жатқан құрбандық болса керек деп
топшыладым. Алып келе жатқанның біреуінің басынан
қатты бір нәрсемен қойып қалды да (шоқпар ма, қылыш
па, 
жабайылар 
неніпайдаланатынын 
білмеймін)
әкелушілер сол арада шаруаларына кірісті: ішін жарып
жіберіп, қарнын ақтара бастады. Екінші тұтқын да ѳз
ажалын күтіп тұрды. Сол сәтте байғұс қашып құтыламын
деп үміттеніп тұрған болуы керек, алға қарай атылып
шықты да, кѳз ілеспес шапшаңдықпен құм басқан
жағалаумен тура менің үйім тұрған жаққа қарай зулады.
Ол маған қарай жүгіріп келе жатқанда зәрем ұшып
кетті: күллі тайпа оның артынан қуып келе жатқандай
елестеді. Менің түсімнің алғашқы жартысы ѳңіме
айналып, қашқын менің бауыма келіп паналады; бірақ
мен түсімнің екінші жартысы дәл келеді, қалған
жабайылар қуғынды тоқтатып, құрбандықтарын менің
бауымнан таба алмай қалады деп үміттене алмас едім.
190


Тасадан бақылап тұрып қашқынның артынан тек екі-
үшеуі ғана қуып келе жатқанын кѳрдім, қашқынның
жанұшыра жүгіріп келе жатқанына кѳңілім жұбанды.
Қуғыншылар мен қашқынның арасы алыстай берді. Енді
бір жарты сағаттай осы екпінімен жүгірсе, шаңын да
кѳрсетпей кетеді деп пайымдадым.
Жүгіріп келе жатқандарды менің қамалымнан,
әңгіменің басында айтып ѳткен, мен кемеден салмен жүк
тасығанда келіп тоқтаған кішігірім қойнау ғана бѳліп
жатты. Қашқын оны жүзіп ѳтпесе қуғыншылардан
құтыла алмайтынын анық кѳріп тұрдым. Шынында да, ол
еш ойланбастан суға қойып кетті де, небәрі отыз
құлашпен қойнауды жүзіп ѳтіп, арғы жағаға шықты да
қарқынын кемітпестен жүгіре жѳнелді. Үш қуғыншының
екеуі суға секіріп, үшіншісі қалып қойды; ол жағада
тұрып, жүзіп бара жатқан екеуінің артынан қарап тұрды
да, сосын бұрылып алып, жай басып кері қайтты: оның
дұрыс жолды таңдағанына оқырманның ѳзі қазір-ақ кѳзі
жетер. Қашқынның артынан қуған жабайылардың
қойнауды жүзіп ѳту үшін оған қарағанда екі есе уақыт
жұмсағанын байқап қалдым. Осы кезде мен бар жан-
тәніммен маған құл, – мүмкін жолдас не кѳмекші, – керек
болса қимылдайтын сәт туғанын сездім; құдіреттің ѳзі
мына бейшараны құтқарып қал деп тұр ғой деп ойладым.
Уақыт жоғалтпастан сатылармен таудың етегіне жүгіріп
түстім де, қойған мылтықтарымды алып, тура сондай
асығыстықпен тауға қайта кѳтеріліп, оның келесі жағынан
түстім және жүгіріп келе жатқан жабайылардың жолын
кес-кестей теңізге қарай жүгіре жѳнелдім. Мен тѳте жол
таңдағандықтан 
да, 
әрі 
шоқыдан 
тѳмен 
қарай
жүгіргендіктен 
кѳп 
кешікпей 
қашқын 
мен
қуғыншылардың арасына киліктім. Менің айқайымды
естіп, қашқын жалт бұрылды да, алғашқы сәтте
қуғыншыларын кѳргеннен бетер қорқып кетті. Мен оған
191


кері қайт деп белгі бердім де, ал ѳзім жайлап басып
қуғыншылардың алдынан шықпақ болдым. Алдыңғысы
маған жақындап қалғанда, күтіп тұрдым да, оқыс
ұмтылып мылтықтың дүмімен ұрып құлаттым. Мұндай
қашықтықтан мылтықты даусын естіп түтінін кѳре қою
неғайбыл болса да, басқа жабайылардың назарын
аудармау үшін оқ жұмсауға қорықтым. Қуғыншылардың
алғашқысы құлағанда, қорқып кеткен болу керек,
соңындағысы да тұра қалған кезде мен оның қасына тез
жетіп бардым. Жақындай бере оның қолында садағы мен
жебесі барын кѳріп және мені нысанаға алғанын байқаған
кезде маған тек оның алдын алу ғана қалып еді: мен атым
жібердім де оны тұрған орнында сұлатып салдым. Байғұс
қашқын ѳзінің жауларының жайрап қалғанын кѳріп (ол
солай деп ойласа керек) тұра қалды, бірақ мылтықтың
жалыны мен даусынан шошынғаны сондай, маған не
жақындарын, не қашарын білмей абдырап, қашуға
кѳбірек ыңғай танытқандай болды; мен тағы да айқайлап,
маған жақын кел деп ишарат жасап едім, ол мені түсінді:
бірнеше қадам жасады да тоқтады, сосын тағы бірнеше
қадам жасап, тағы тоқтады. Байғұс ѳзін тұтқын санап,
безгек ауруы ұстағандай қалш-қалш етіп, ана екі
жауының кебін құшамын деп ойлады. Мен оны тағы ѳзіме
қарай шақырдым, қолымнан келгенше есін жидырғым
келіп, барымды салдым. Ажал аузынан арашалағаным
үшін алғысын білдіргендей, әр он-он екі қадам жасаған
сайын тізерлеп, маған қарай жақындай берді, жақындай
берді. Мен оған жымиып, қолымды бұлғадым. Әбден
жақын келгенде тағы да тізерлеп жерді сүйді, бетін жерге
тосып, менің аяғымды кѳтеріп, ѳзінің басына қойды. Бұл
қылығы кѳрге кіргенше құлың боламын дегені болуы
керек. Мен оны жерден тұрғызып алдым да, арқасынан
қағып, “менен қорықпа” дегенді қимылмен білдірдім.
Бірақ бастаған ісім әлі аяғына жеткен жоқ екен, басынан
192


ұрған жабайым ѳлмепті, тек талып қалса керек, – есін
жия бастады. Құтқарған адамыма сенің жауың әлі тірі
дегенді ишаралап түсіндірдім. Ол маған ѳз тілінде бір
нәрселерді айтып түсіндірген болды, бірақ мен ешнәрсе
ұға алмадым, оның сѳздері әннің әуені сияқты, құлаққа
сондай жағымды, бұл менің жиырма бес жыл уақыттан
кейін адам даусын естіп тұрғаным ғой (ѳз даусымды
есепке алмасам). Сезімге беріліп, ой қорытып тұратын
уақыт жоқ, есінен танған жабайы есін жиып, жерге
отырып алған, екі иығы дірілдеп менен қорқып отыр.
Құтқарған жабайыма ѳз-ѳзіңе кел дедім де, мылтықты
оның дұшпанына кѳздедім. Бірақ менің жабайым (енді
солай атайтын боламын) ишарамен кѳрсетіп менің
иығымдағы шапашотымды сұрады. Мен оған бердім. Ол
кѳз ілеспес жылдамдықпен жауының басын сол сәтте
қағып түсірді. Ол оны ѳте ептілікпен, икемділікпен
жасады, тіпті немістің жендеті де онымен салыстыруға
келмей қалды. Ѳмірінде тек ағаш қылыштарды кѳрген
адамның шапашотты бұлай қолдануы мені қатты таң
қалдырды. Артынан білдім, жабайылар ѳздеріне қылыш
жасау үшін қатты, ѳте ауыр ағаштарды таңдап алады екен,
сосын оларды жүзі әбден ѳткірленгеше қайрап, тек сілтеп
қалса адамның басын, не қолын жұлып әкетеді екен. Ѳз
ойын іске асырған соң жабайымның жүзінен кѳңілденгені
мен шын қуанғанын сезіндім. Ол менің алдыма келіп,
оғаш қимылдар жасап, шапашотымды иығыма іліп,
дұшпанының басын алдыма тастай салды.
Ол менің осыншама қашықтықта тұрып, ѳзінің жауын
ѳлтіргеніме таңданыс білдірді. Ол ѳлген жабайыны
қолымен кѳрсетіп, жақыннан барып қарауға рұқсат
сұрады. Мен рұқсат еткен бойда жүгіріп кетті. Ол ѳліктің
бетіне түсіне алмай біраз қарап тұрды, оны бір жағына,
сосын екінші жағына қарай аударып, жарақатын қарады.
Оқ тура кеудесіне тиген екен, қан сыртына аз ағыпты,
193


соған қарағанда қан ішке кеткен болуы керек, бірден ѳліп
кетуіне де сол себеп болған. Ѳліктің садағы мен жебесін
алып, жабайым маған келді. Мен бұрылдым да, менің
артымнан жүр деп ымдадым; артымыздан тағы да
қуғыншылар келуі мүмкін, бұл жерде қалу қауіпті дегенді
ишаралап түсіндірдім.
Жабайы да маған ѳліктерді жасырып кетейік,
жабайылар мұны кѳрсе, бізді іздеп табады дегенді
ишарамен түсіндірді. Ол жалаң қолдарымен тездетіп, бір
адам еркін сыятындай құмды терең етіп қазып тастады;
сосын ѳліктің біреуін сүйреп әкеліп кѳмді. Екінші ѳлікпен
де дәл осылай жасады; турасын айтсам, жерлеу рәсімі
жиырма бес-ақ минутқа созылды. Жерлеп болған соң,
оған тағы да менің артымнан жүр деп ишарат жасадым
да, оны ѳзімнің қамалыма емес, басқа жаққа – аралдың
басқа тұсына – ѳз үңгіріме қарай бастадым. Осылайша
мен түсімнің осы бѳлігін жүзеге асырмадым: жабайы
менің бауымнан пана іздемеді.
Үңгірге келген соң ашыққан шығар деп мен оған бір
үзім нан мен жүзім, артынан су бердім. Содан кейін
күріш сабандарынан үйілген ѳзім әлі жатып кѳрмеген
тѳсегімді нұсқап, келіп жат та ұйықта дегенді түсіндірдім.
Байғұсқа айтқаным сол еді, жата қалды да тез ұйқыға
кетті. Ѳзі сондай сүйкімді, орташа бойлы, дене бітімі
шап-шағын, қол-аяғы ұзын, түзу, табаны мен саусақтары
да соншалық үлкен емес. Оның түріне қарап жасы
жиырма алтыларда деп шамалауға болады. Оның
келбетінен айуандық, мейірімсіздік дегеннің нышанын да
кѳрмейсіз, оның жүзінен нағыз ержүрек екені сезіледі.
Шашы қара, қайратты және ұзын, қойдың жүні сияқты
болып келетін зәңгілердікіндей бұйрабас емес; маңдайы
жазық және ашық, Бразилиядағы виргиндік зәңгілер
сияқты қап-қара емес, қараторы, қоңыр десем дұрыс
келеді, тіпті суреттеуге тілдің құдіреті жетпейтін сияқты,
194


қарасаң кѳзің тоймайды. Бет әлпеті дѳңгелек, мұрны
үлкен емес, бірақ таңқиған да емес. Нұр шашқан жанары
келбетіне одан сайын кѳрік береді, ерні де құйып
қойғандай әдемі, жоғарғы тістері пілдікіндей аппақ. Кѳз
шырымын алған соң, дәлірек айтсам, жарты сағаттан соң
оянып, ол менің қасыма келді. Мен бұл кезде үңгірдің
ауласында ешкі сауып отыр едім. Мені кѳре сала жүгіріп
келіп, жүгіне отыра қалып ѳзінің бар денесімен неше
түрлі оғаш қимылдар кѳрсетіп, алғыс айтып жатқанын
түсіндірді. Бетін тѳмен салып, тағы да менің аяғымды
ѳзінің басына қойды, ол ѳзінің әрекеттерімен маған
ризашылығын білдіріп, ѳмірінің соңына дейін маған адал
құл болып қалатынына ант бергендей болды. Оның
айтқысы келгенін әрекеттерінен танып, менің де оған риза
екенімді түсіндіруге тырыстым. Менің тілімді үйреніп,
жауап беруге дағдылан дегенді ұғындырдым. Сені мен
жұма күні құтқардым, сондықтан сенің атың Жұма
болады деп түсіндірдім. Мен оған “қожам” деген сѳзді
айтуды үйретіп, ол менің атым деп, оның мағынасын
түсіндірдім, бар және жоқ деген сѳздерді де үйретіп,
мағынасын айтып бердім. Қыш құмыраға сүт құйып
бердім, сосын ѳзім іштім, оған нан беріп, одан кейін ѳзім
де жедім; менің істегендерімді кѳріп үйренсін деп
ойладым, ол алғыс айтқандай басын изеп, тамақ дәмді
болды дегенді қимылымен түсіндірді.
Мен онымен бірге үңгірге түнеп шықтым, таң атқан
соң тұрдым да, менің соңымнан ере бер деп белгі бердім.
Мен оған сені киіндіргім келеді дедім, тырдай жалаңаш
болған соң, ол бұл тілегіме қуанып кетті. Екі қуғыншыны
ѳлтіріп, жерлеген жердің маңынан ѳте бергенде, ол
қолдарын ербеңдетіп ѳліктерді кѳміп, ѳзі белгі қойған
тұсты нұсқады, сосын ѳліктерді қазып шығарып жеу керек
дегенді ишаралады. Адам етін жеуге болмайды, олай ету
күнә және жиіркенішті дегенді айтып жеткізгім келді,
195


бұлай ойлағанның ѳзінде-ақ менің жүрегім айниды,
мәйіттерден аулақ кет, менің айтқандарымды орында
және соған мойынсұн деп бұйырдым. Бұдан кейін мен
оны жабайылардың кеткен, кетпегендігіне кѳз жеткізу
үшін тѳбешіктің басына алып шықтым. Дүрбімді
жабайылар келген жағаға бағыттадым, олардың іздері
кѳрінбейді, бірде-бір қайық кѳзге түспеді. Жоғалған
адамдарын іздеместен тайып тұрғандары түсінікті болды.
Жабайылар туралы білгім келіп, қызығушылығым
артып, бойыма қайратымды қайта жиып алғаныма
таңғалдым, ѳте шебер қолданатынына кѳзім жеткен соң,
шапашот, садақ, жебелерімді құлыма артып, соңымнан ер
деп бұйрық бердім. Бұлардан басқа жабайылар келген
тұсты қарап қайту үшін, бір мылтығымды оған асып,
қалған екеуін ѳзім алып, маған олар туралы нақты
мәліметтер керек болған соң, жабайылар асыр салған
жерге келдік. Жағадағы кѳріністі кѳргенде, менің қаным
қатып, жүрегім соқпай қалды. Расымен де куә болғаным
ѳте шошынарлық оқиға еді. Әрине, Жұма үшін бұл
кѳрініс – үйреншікті. Жағада шашылған адам сүйектері,
жердің беті шашыраған қан; әр жерде қақталған адам
еттері, мүжілген сүйектер және басқа да айуандар
тойлаған қанды мерекеден қалған белгілер кѳп. Мен
адамның үш бассүйегін, бес қолын, әр жерде шашылған
үш не тѳрт адам аяқтарын, қаңқаларының бѳліктерін
таптым. Жұма ишарамен жабайылар тѳрт тұтқын
әкелгенін, үшеуін жегендерін, тѳртіншісі ѳзі екенін айтты.
Оның түсіндіргеніне қарағанда Жұманың тайпасы мен
ѳзге тайпа арасында үлкен қақтығыс болған сияқты.
Жұманың жаулары кѳп адамды тұтқындап, осы жолғы
келгендегілері сияқты, қанды мереке жасау үшін, оларды
азық қылу үшін әр тарапқа алып барған сияқты.
Мен Жұмаға бүкіл бас сүйектерді, шашылған адам
етінің қалдықтарын жинап, ѳртеп жіберуге бұйрық
196


бердім. Менің байқағаным, күйбеңдеп жүргеніне
қарағанда, менің құлыма адам еті ұнайтын сияқты,
дегенмен тағылық қанында бар ғой. Мен оған арам ойдан
аулақ бол, егер айтқаныма кѳнбесең, ѳзіңді ѳлтіремін
дедім.
Қанды мерекенің белгілерін түгелімен жойып, біз
қорғанға оралдық, келе салысымен мен оны киіндіре
бастадым. Ең әуелі мен оған қираған кемеден алынған
сандықтың ішінен шыққан кенеп шалбарды кигіздім,
кішкене қысқартқан соң, оған құйып қойғандай болды.
Содан кейін бар шеберлігімді салып (мен бұл кезде
керемет тігінші болып алғам), ешкінің терісінен жейде,
қоянның терісінен ѳте қолайлы, әдемі етіп бас киім тігіп
бердім. Менің құлымның киімдері ѳте келісті болып
шықты, тіпті ол қожайынынан айнымай қалды деуге
болады. Әрине, ол басында ыңғайсызданып, ұялып жүрді,
әсіресе ол шалбарға үйрене алмады, иә, екі жеңі де
қолтығының астын қысып, иықтарын қажады, сондықтан
қолайсыз тұстарын қайта тігуге тура келді. Қалай
болғанда да, оның киімі ѳзі үшін қолайсыздық тудырды.
Екінші күні құлымды орналастыру жайлы ойладым.
Оның ѳзіне де ыңғайлы етіп орналастыру және ѳзімді де
жайлы сезіну үшін, қорғанымның ішкі және сыртқы
қабырғасының арасындағы ашық алаңқай жерге кішкене
шатыр тіктім. Менің үңгірімнің сыртқы есігі де осы тұсқа
шығушы еді; мен есікті жуан ағаштан жасадым да, ішке
қарай ғана ашылатын еттім; ал түнде ілгішпен бекітіп
қойып, баспалдақты да ѳзіме, ішке қарай жиып алдым.
Жұма 
енді 
ішке 
ене 
алмайтын 
болды. 
Менің
қорғанымның шатыр тігілген ішкі қоршауында аула бар:
тѳбесі 
жуан-жуан 
сырғауылмен 
жабылған, 
ал
сырғауылдың 
бір 
ұшы 
таудың 
шетіне 
ілінген,
сырғауылдардың үстінен кесе-кѳлденең жуан-жуан ағаш
салып, үстін күріштің сабанымен қалың етіп жапқанмын;
197


тѳбесіндегі басқышпен түсіп-шығатын ашық жерге
ашылып-жабылатын есік жасадым да, есік жабылғанда
қатты 
дауыс 
беретін 
болды. 
Ал 
түнде 
қару-
жарақтарымды ѳзіммен алып жаттым.
Бірақ бұл сақтықтарымның бәрі бекершілік екен: шын
берілген, адал да ақ жүрек, қырсықтық пен қыңырлықтан
ада, кѳнбіс те елгезек мұндай құл ешкімде болып
кѳрмеген шығар; ол маған туған әкесіндей қарады. Мен
үшін жанын да қиятынына сенімді болдым. Оның маған
шексіз берілгендігіне кѳп істері арқылы куә болдым, –
енді одан сақтану, күдіктену артық деп ойладым.
Осының бәрін ой елегінен ѳткізе отырып, құдіреттің
құпия сырлы әмірімен оның жаратқан мақұлықтарының
бәрі ѳздерінің рухани қабілеттерін игі жолға жұмсау
мүмкіндігіне ие бола бермейтініне таңырқай кѳз
жеткізесің, бірақ оларға да тап бізге секілді олар сыйға
тартылған. Тап біздер секілді оларда да ақыл, бауыр басу
сезімі, мейірімділік, достыққа адалдық, әділетсіздікке
тѳзбеу қабілеті, жалпы жақсылықты жасау мен қабылдау
үшін қажетті нәрсенің бәрі бар; қашан құдай бұл
қабілеттердің орнымен жұмсалуына жағдай туғызса, олар
оны тіпті бізден де асып түсетін ынтамен орындайды.
Енді ѳзімнің жаңа жолдасыма қайтып оралайын. Ол
маған қатты ұнайтын, оған енді мен қажетті нәрселердің
бәрін үйретуді міндетіме алып, және бастысы, мен
сѳйлеген кезде түсінуді үйретуді қолға алдым. Ол ѳте
қабілетті, үнемі кѳңілді жүретін, аса ынталы оқушы
болды; ол мені түсінген кезде я кейде ол ѳз ойын
түсіндіргісі келіп, мен оған бар ықыласымды аударғанда
сондай қатты қуанатын. Оның қасымда болғаны менің
ѳмірімді жеңілдете түскендей болды. Егер басқа
жабайылардан қауіп болмағанда, мен расымен де қалған
ѳмірімді соңына дейін аралда ѳткізер едім.
Мен Жұманы қорғаныма әкелгенімнің екінші я үшінші
198


күні басыма мынадай ой келді: мен Жұманы адам етін
жеуден бас тарттыруым үшін, тағамдардың дәміне
үйретіп, түрлі тамақ беруім керек. Бір күні ертеңгісін
орманға барамын деп, оны ѳзіммен бірге ала шықтым. Ѳз
ауламдағы ешкілердің бірін сойып, әкеліп пісіріп жемек
ойым болған, бірақ жол бойындағы бір ағаштың түбінен
екі лағын ерткен жабайы ешкі кѳрдім. Тоқта дедім,
Жұманы қолынан ұстай қалып, қозғалма деген белгі
беріп, кѳздеп тұрып ешкінің бір лағын атып алдым.
Бұрын ѳзінің жауларын алыстан ѳлтіргенімді кѳрген,
бірақ бұның қалайша болғанын түсіне алмаған байғұс
жабайы қатты таң қалды: ол дір-дір етіп, теңселіп кетті;
мен қазір ол есінен танып қала ма деп оладым. Ол мен
кѳздеген лақты кѳрген жоқ, ѳзінің қысқа жейдесінің етегін
кѳтеріп, жаралы емеспін бе дегендей денесін ұстап кѳре
бастады. Байғұс мен оны ѳлтіргім келіп тұр деп ойлаған
сияқты, менің алдыма тізерлеп отыра қалып, менің
аяғымды сипап, ѳз тілінде міңгірлеп бір нәрселерді ұзақ
айта бастады. Әрине, мен оның бір сѳзін де түсінгенім
жоқ, бірақ оның мені ѳлтірме деп жалынып жатқаны
түсінікті еді.
Кѳп ұзамай оны ѳлтіруге құлқым жоқ екенін айтып
әрең 
түсіндірдім. 
Қолтығынан 
сүйеп 
тұрғызып,
қарқылдап күліп, ѳлген лақты кѳрсеттім, ол жүгіріп
барып оны алып келді. Баруын барса да, қалай ѳлгеніне
сенбей, әр жерін шұқып, күйбеңдей берді, сенбей
тұрғанын сездім де, мылтықты тағы оқтадым. Біраз уақыт
ѳткен соң, маңайдағы бір ағаштың басында қаршығаға
ұқсас бір үлкен құс отыр екен, аралық та онша қашық
емес, оқ жететін жерде, кѳрдім де Жұманы қасыма
шақырып алдым: бірінші құсты кѳрсеттім, қаршыға
емес, тотықұс екен, сосын мылтықты, одан кейін құс
отырған ағаштың түбіндегі жерді нұсқадым, құсты
атқанда осы жерге құлайтынын кѳрсін деп ойлап едім.
199


Артынша мен атып қалғанда ол құстың жерге жалп ете
түскенін кѳрді.
Жұма бұл жолы да менің алдында түсіндіргендеріме
қарамастан, зәресі ұшып кетті, оның таңданысының
күшеюі мылтықты оқтағанымды кѳрмегеннен болды,
сондықтан да болар, ол қарудың ішінде адамды да, аңды
да, – қандай да болмасын жаны бар нәрсені алыстан
тұрып қыра беретін сиқырлы қиратушы күш бар деп
ойлаған шығар. Бұдан кейін де ұзақ уақытқа дейін
мылтықтың не екенін, оның қалай ѳлтіретініне түсіне
алмай аң-таң болып жүрді. Егер мен оған рұқсат берсем,
ол маған да, менің мылтығыма да табынып, құлшылық
қылатын түрі бар. Әуелгі кезде ол мылтықты қолымен
түртуге де қорқатын, есесіне мылтық қасында тұрса,
онымен тірі адам кѳргендей сѳйлесетін болды. Кейінірек
ол маған мылтықтан ѳзін ѳлтірмеуін ѳтініп сұрап жүргені
туралы айтқанын айтып берді.
Сол күннің әңгімесін түгелімен айтып берейін. Жұма
есін жиған соң, мен оған, атылған құсты әкеліп бер деп
бұйрық бердім. Ол жүгіріп барды, бірақ құсты іздеймін
деп ұзақ бѳгелді, мен оны ѳлтірмей, қанатынан ғана қағып
түсіргенмін, ол пырылдап ұшып біраз жерге дейін ұзап
кетіпті. Әйтеуір Жұма құсты тауып алып келді; менің
байқағаным Жұма әлі мылтықтың қолданысын дұрыс
түсінбеген, оның жоқтығын пайдаланып мылтықты тағы
да оқтап қойдым, тағы да атып кѳрсетпек едім, бірақ
бұдан былай құс та кездеспеді. Ешкіні үйге әкелдім де,
келе салып терісін сыпырып алдым, ішек-қарнын тазалап,
одан кейін бір кесек етінен қыш ыдысқа сорпа пісірдім,
керемет дәмді болды. Ѳзім ішіп алған соң, сорпаны
Жұмаға ұсындым. Оған ѳте ұнады, тек ол менің сорпа мен
етке тұз сеуіп жеуімнің себебін түсінбеді. Ол маған тұз
қосып ішкенде дәмсіз болады дегенді түсіндірді. Аузына
кішкене тұз салып түкіріп тастады, одан жүрегім айниды
200


дегенді ұқтырды, сосын аузын сумен шайды. Сосын бір
кесек тұзсыз етті аузыма салып, қайта түкіре бастадым,
тұзсыз ет маған дәмсіз дегенді ұқтырдым. Бірақ менің бұл
әрекетім Жұмаға еш әсер етпеді, мен оған етке де, сорпаға
да тұз қосып ішу керек екенін үйрете алмадым. Кѳп
уақыттан кейін ғана ол тамағына аз-аздап тұз қосып жеуді
үйренді.
Ѳзімнің жабайыма піскен ет пен сорпа беріп, екінші
күні қуырылған ешкі етін бердім. Мен қуырылған етті
біздің Англияда дайындайтындай ерекше әдіспен
әзірледім. Оттың айналасына екі сырғауыл жерге қадап
қойдым; бұлардың арасын бекіттім, оған үлкен кесек етті
ілдім де, ол әбден қақталғанша айналдыра бердім. Жұма
менің ісіме таңғалды, бір үзім етті аузына салғандағы
оның таңғалысында шек жоқ еді, тағам оған ѳте ұнады, ол
енді ешқашан адам етін жемейтінін айтып, мені қуантты.
Келесі күні мен оны шаруаға араластырдым, әуелі
қалай істейтінін ѳзім кѳрсетіп, сосын арпа тарттырып,
тартылған ұннан кебек дайындаттым. Бәрін бірден игеріп,
меңгеріп кетті, мұның бәрінен ұн дайындаймыз, нан
пісіреміз деген соң, жұмысқа бар ынтасын салды; кѳзінше
ұн иледім де, нан пісірдім. Кѳп уақыт ѳтпей-ақ Жұма
нанды ѳзі пісіретін болды. Ендігі бізге егіс кѳлемін
ұлғайтып, мол ѳнім алуға тура келді. Бір үлкен жерді
таңдап бѳліп алдым да, айналасын қоршауға кірістім.
Жұма бар ынтасымен, жұмысқа қызу кірісті, маған үлкен
кѳмек болды. Мұның бәрі екеуміз үшін, бізде үлкен егіс
алқабы болады, ауыз екеу болған соң, нан да екі есе кѳп
керек болады деп түсіндірдім. Менің оның да қамын жеп
жатқаным оны қатты толғандырса керек, маған бар
ықыласымен менің бейнетім кѳбейгенін ұғатынын
түсіндіргісі келді; мен оған жұмыс беріп, қалай істеу керек
екенін кѳрсетсем болды, тер тѳгуден қашпайтынын айтты.
Бұл мен үшін аралға келген жылдарымның ішіндегі ең
201


әсерге толы жыл болды. Жұма ағылшын тілінде ежіктеп
сѳйлесе бастады, ол мендегі бар нәрсенің атауын білді,
мен сұрасам айтып береді, мен жұмсаған жерлерімнің
бәріне ѳзі барып келеді. Ол сѳйлескенді ѳте жақсы кѳрді,
сондықтан менің тілім үшін де жұмыс табылды. Булығып
айта алмай жүрген сѳздерім, енді ауыздан жеңіл ұшты.
Жұма екеуміз сѳйлескенде тѳбем кѳкке жеткендей
болады, бұл жігіт маған үнемі қуаныш сыйлады, ол менің
жан дүниеммен әбден үйлесті. Күннен-күнге мені оның
шынайылығы мен ақжүректігі сүйсіндірді. Қалай десек те
мен де шын жүрегіммен оған бауыр басып қалдым, бұған
дейін ол жақсы кѳру деген сезімді білмеген шығар деп
ойлаймын, ол да мені жақсы кѳріп қалды. Маған бір ретте
одан туған елін сағынады ма екен, бұл жерден еліне кеткісі
келе ме деген сияқты сұрақ қоюдың реті келіп қалды. Бұл
кездері ол мен қойған сұрақтарға жауап беретіндей,
ағылшын тілінде еркін сѳйлей алатын, мен одан оның
тайпасы соғыстарда жеңіске жетті ме деп сұрадым. Ол
жымиып: “Иә, иә, біз үнемі соғысат мықты”, яғни біз
ѳзгелерден мықтымыз дегенді айтқысы келді ол. Одан
кейін біз сұрақ-жауап ретінде сѳйлесуге кѳштік.
Қожайын. Сендер үнемі мықты соғысамыз дедің бе?
Ѳткен жолы сенің тұтқындалуыңа не себеп болды, Жұма?
Жұма. Біздікілер бәрін қырып салды, Қожам.
Қожайын. Егер сендердің тайпаларың бәрін қырып салса,
сендер қалай тұтқын болдыңдар?
Жұма. Олар біздікілерден ѳте кѳп болды. Олар бір, екі,
үш және мені ұстап алды. Біздікілер оларды мен
болмағандағы қырқыста қырып салды. Онда біздікілер
бір, екі, үш және мыңдағанын тұтқындады.
Қожайын. Сендердікілер сендер тұтқындалғанда не
үшін кѳмекке келмеді. Неге құтқарып алмады?
Жұма. Олар бір, екі, үш және мені қайыққа
отырғызды, ал біздікілерде ол кезде қайық болған жоқ.
202


Қожайын. Жұма, айтшы маған, сіздікілер тұтқынға
түскен адамдарды не істейді? Аналар сияқты маң далаға
қайықпен алып кете ме, олар да жейді ме?
Жұма. Иә, біздікілер де адамның етін жейді, бәрі
жейді. Қожайын. Ал оларды қайда апарады?
Жұма. Әр жаққа, сонда қайда апарғылары келеді.
Қожайын. Бұл жерге алып келе ме?
Жұма. Иә, иә, бұл жерге де. Әр жерге.
Қожайын. Ал сен осы маңайда олармен бірге
келдің бе?
Жұма. Болдым. Анда болдым (ѳзінің тайпасының
жиналар тұсын, аралдың солтүстік батыс жиегін кѳрсетті).
Сонымен, сұрастыра келе, менің құлым Жұма да
бұрын жабайылар қатарында болып, менің аралымның
алыс жағалауындағы қанды мерекеге қатынасқан екен.
Арада біраз күндер ѳткеннен кейін мен оны сол қанды
мереке ѳткен аралдың жиегіне апарғанымда, осы араға
келіп ѳз тайпаластарымен жиырма тѳрт еркекті, екі әйел,
бір баланы ѳлтіріп, етін жегендерін айтты. Жиырма
дегенді ағылшынша қалай түсіндіруді білмеді, бірақ
қанша адамды ѳлтіріп, етін жегендерін түсіндіру үшін,
кішкене тастардан жиырма тасты жинап алды да, бірінің
қасына бірін қосып маған “Санаңыз” деді.
Жұмамен арадағы осы әңгіме туралы айтып
отырғанымның себебі, бұл алдағы әңгіменің басы
болатын. Әлгі әңгімеден кейін, “құрлық пен менің
аралымның арасы қашық па, осы араға жеткенше
қайықтары апатқа ұшырайтын жағдайлар кѳп бола ма”
деп сұрадым. Жолы қауіпті емес, бірде-бір қайық суға
кеткен емес, неге десеңіз, осы арадан кѳп ұзамай-ақ ағыс
жүреді, жел ертеңгісін бір жағынан соқса, кешкісін екінші
жағынан соғады деп жауап берді. Басында Жұманың
айтқан ағысы туралы, судың кѳтерілуі мен тѳмендеуі деп
түсіндім, артынан білдім, тіпті олай емес екен. Ағыс
203


Ориноко ѳзенінің құйылысының жалғасы екен, оның
теңізге құйып жатқан жері менің аралыма жақын болып
шықты. Менің аралымнан мен құрлық деп ойлап жүрген,
солтүстік-батысқа созылып жатқан жолақ жер, Ориноко
ѳзенінің солтүстік сағасында жатқан Тринидад деген арал
екен. Менің ол жер туралы және оны мекендеушілер
жайлы қызығушылығым артып, оның жағасы қандай,
қандай теңіз, жақын маңында қандай тайпалар тұрады
деп Жұманы қаптаған сұрақтың астына алдым. Ол ѳз
білгендерінің бәрін айтып берді. Одан ол жерді
мекендеуші тайпалардың атауын да сұрап едім, кѳңілімді
кѳншітерлік жауап ала алмадым. Ол “Кариб, Кариб” деп
қайталай берді. Оның біздің географиялық картада
кѳрсетілгендей, Американың сол жағалауынан бастау
алып, Ориноко ѳзенінің жағасын ѳрлеп Гвинеяға шейін,
одан әрі Әулие Мартаға дейін жайлаған карибтер туралы
айтқанын ұғу қиын емес еді. Жұма маған “айдың ар
жағында”, оның сѳзімен айтсақ, айдың бататын жағында,
басқаша түсіндірсем, оның отанының батыс жақ бѳлігінде,
кѳп адамдарды ѳлтірген, адамдарды мен секілді ақ
адамдар (сіздерге бұрын баяндап айтқан, бұл кезде аппақ
сақалымды кѳрсетті) тұрады дегенді айтты. Мен оның
Америкаға кѳрсеткен жауыздықтарымен аты шыққан,
олар туралы атадан балаға тек қанішерлер деген ұғым
қалыптасқан испандықтар туралы айтқанын ұқтым.
Менің ақ адамдарға біздің аралдан жүзіп баруға
қандай да бір мүмкіндік бар ма деген сұрағыма: “Бар, бар,
бұл болады; жүзу керек екі қайық” деп жауап берді. Мен
ұзақ уақыт ол ѳзінің “екі қайығы туралы” не айтқысы келді
екен деп түсінбедім; сүйтсем “екі қайық” дегені екі
қайықтай үлкен кемемен деген сѳзі екенін артынан
әрең ұқтым.
Бұл әңгіме менің кѳңілімді жұбатты, сол күннен бастап
кеудемде үміт оты алаулады, ерте ме, кеш пе, мен бұл
204


қапастан құтыламын, ол үшін менің бейшара жабайым
кѳмектеседі деп ойладым. Жұма екеуміз ұзақ бірге болып,
әңгімелесіп бір-бірімізді түсінер деңгейге жеткен соң, мен
оған дін негіздері туралы айтып, оның жан дүниесінде
құдайға деген сенімді тудырғым келді. Бір ыңғайлы
уақытта мен одан “Сені кім жаратты?” деп сұрадым.
Байғұс мені түсінбеді, ол мен оның әкесі туралы сұрап тұр
екен деп ойлады. Сосын мен оған басқаша: теңіз бен
жерді, біз басып жүрген тау мен орманды кім жаратты
сұрадым. Ол: “Бұлардың бәрін жаратқан Бенамуки деген
шал, ол ѳзі ѳте биікте тұрады”, деп жауап берді. Ол маған
Бенамуки туралы, ол теңіз бен жерден, ай мен жұлдыздан
да бұрын жаралған дегеннен басқа жарытып ешнәрсе
айта алмады. Мен оған неге онда жаратылыстың бәрі осы
шалға табынбайды дегенімде, Жұма байсалды жүзбен
жай ғана: “Жарық дүниедегілердің бәрі оған О дейді” деді.
Сендердің тайпаларының адамдары о дүниелік болғанда
не істейді дедім. Ол: “Олардың бәрі Бенамукиге барады”,
деді. “Ѳлтіріп, етін жеген адамдар да Бенамукиге бара
ма?” дегенімде, “Иә” деп жауап берді ол.
Осылайша мен оған нағыз құдайды тануды үйрете
бастадым. Мен оған әлемді жаратушы кѳкте дедім (бұл
жерде қолыммен аспанды нұсқадым). Ол әлемді
жаратушы, ол құдіретті, бізге не істеймін десе де еркінде,
беремін десе береді, аламын десе алады деп түсіндірдім.
Мен оның ақырындап кѳзін аштым. Ол мені зор
ықыласпен 
тыңдады. 
Айса 
пайғамбар 
бізді
күнәларымыздан арашалау үшін құдайдың жіберген
елшісі дегеніме зейін қойды. Құдай кѳкте біздің
құлшылық етіп айтқан әр сѳзімізді естіп тұрады дедім.
Бір ретте ол маған: “Егер сіздің құдай күннен де жоғары
тұрып бізді естісе, онда ол құдіретті екен, ал Бенамуки
одан тѳмен тұрса да біздің даусымыз оған жетпейді,
онымен сѳйлесу үшін тау басына шығамыз, әйтпегенде ол
205


бізді естімейді”, деді. Сен ѳзің онымен сѳйлесу үшін тау
басына шықтың ба деп сұрадым мен. “Жоқ” деді ол, жас
адамдар ол жаққа бармайды, тек қана біз Увокектер деп
атайтын шалдар ғана барады (менің түсінгенім олар тайпа
кѳсемдерін, я абыздарын осылай атаса керек). Увокектер
тауға барады да, онда О бар (бұлардың тілінде дұға ету)
дейді. Тайпаларына оралған соң Бенамукидің айтқанын
елге таратады. Мұны естіген мен, дін туралы айтып бірін-
бірі алдау жабайылардың арасында да бар екен ғой, дін
ѳнерін жасырын түрде таратып, діншілдерді халық
тарапынан құрметтеуді талап ету тек Римде ғана емес,
бүкіл дүние жүзіндегі діннің бәрінде бар екен ғой деген
пайымға келдім. Жаңағы айтылғанның бәрі – тауға
шығып құдайға құлшылық ету, Бенамукимен сѳйлесу,
оның айтқандары деп шалдардың бѳскендері ѳтірік, егер
олар тау үстінде біреулермен сѳйлесіп жүрсе, оны тек
жын-шайтан деп білу керек деп Жұмаға барынша
түсіндірдім. Осы арада шайтан туралы біраз әңгіме
айттым: оның қалай пайда болғаны және оның құдайға
қарсы келгені туралы; ол адам баласының дұшпаны
екенін және оның себептері туралы; оның құдай сѳзімен
кѳзі ашылмаған халықтар арасында ѳзін құдай етіп
кѳрсетіп, елді ѳзіне бағындырғысы келетінін; оның адам
нәсілін аздыру үшін қандай қулықтарға баратынын, оның
біздің құмарлықтарымызды қолпаштай отырып жасырын
түрде жанымызға еніп кететіндігі туралы; оның қалай
біздің бейімділіктерімізге икемделіп бізге қақпан құра
алатындығы және осылайша адам баласын ѳзін-ѳзі
азғыруға 
және 
ѳз 
еркімен 
ажалға 
бет 
бұруға
мәжбүрлейтіні туралы.
Құдайдың бар екені туралы түсіндіргенімнен гѳрі,
шайтан туралы айтып жеткізуім қиындау болды.
Құдіретті күш бар, ол құпия түрде бізге әмірін жүргізеді,
ол әлемнің билеушісі, бізді жаратқанын айғақтайтын
206


қолмен ұстап, кѳзбен кѳретін дәлелдер бар. Ал қара ниет
шайтандардың пайда болуы, бар екені, олардың әлемі
туралы, бастысы, жауыздық пен жауыздық жасауға бейім
тұратыны туралы кѳзге кѳрсетер айғақ жоқ. Бірде ол
байғұс ѳзіме де жұмбақ болып жүрген ой туралы сұрақ
қойды, қалай жауап берерімді ѳзім де білмей абдырадым.
Мен оған құдайдың әмірі, оның құдіреті, оның
күнәкарлар үшін жазасы аяусыз екенін, ѳтірік айтқаның
үшін ѳртеп жіберетін от екенін, ол әрбіреуімізді қалай
жаратса, бір сәтте солай әлемді де, бізді де құртып
жіберетінін 
ұзақ 
айтып 
бергенімде 
Жұма 
мені
тапжылмастан тыңдады.
Шайтан адам бойына еркін еніп кететін, зұлымдық пен
жауыздыққа 
жол 
бастайтын, 
жаратушының
қайырымдылығын қайырсыз қылар, құдайдың жалғыз
жауы екенін айттым. Міне – сен айттың құдай ұлы,
құдіретті деп; шайтанның құдіреттілігі мен күштілігі
құдайдан кем емес қой деді Жұма. Иә, иә дедім мен, бірақ
құдай шайтаннан мықты, ол одан жоғары, біз сондықтан
жын-шайтанның пәлесінен аулақ қыл, күнәларымыз
болса рақым қыл деп, оған жалынып-жалбарынамыз
дедім.
Егер құдай шайтаннан да құдіретті, одан да мықты
болса, онда ол жамандық қайталанбауы үшін шайтанды
неге біржола жойып жібермейді деді Жұма.
Оның сұрағы мені таңғалдырды, мен кѳп кѳрген болсам
да, оның тосын қойылған сұрағына жауап бере алмадым
және айналып ѳтудің де ретін таппадым. Басында тіпті не
дерімді білмей абдырап, естімегендей сыңай таныттым да,
сұрағың қалай еді деп қайта сұрадым. Оның бұл сѳздің
жауабын күткені сондай, сұрағын үтір, нүктесіне дейін
қалдырмай қайталады. Бұл уақытта мен ойланып алып:

Түптің түбінде құдай оның қатты жазасын береді, оны ар
соты күтеді, оны тозаққа тастайды, ол тек оттың ішінде
207


ғана ѳмір сүреді” дедім. Бұл айтқандарым Жұманың
кѳңілінен шықпады, ол ѳз сұрағын қайталай бастады.

Түптің түбінде сот болсын, мен түсінбейді. Шайтанды
неге қазір жазаламайды? Неге оны бұрын-бұрын
жазаламаған?”. Сен одан да бұған дейінгі ақымақ істеріміз
үшін құдай сені де, мені де не үшін жазаламады деп неге
сұрамайсың, біз кешірім сұрадық, құлшылық еттік, міне,
оның бізге рақымы дедім. Ол ойланып қалды. “Жақсы,
жақсы” деді ол абыржып, – бұл жақсы, яғни сен, мен,
шайтан жаман адамдар – жалбарын, ѳкін, құдай бізді
кешір”, – деді ол. Бұл сѳздерімен тағы мені ойландырды.
Табиғат берген қарапайым түйсік, ақыл-ой бар тіршілік
иелерін танымға жетелейді, құдіреті күшті жаратқанды
құрметтеуге шақырады, болмаса бұл қасиеттер о бастан
біздің болмысымызға тән, бірақ тек құдайдан келген уахи
ғана бізге Иса Мәсіх және бізге сыйға тартылған күнәдән
арылту туралы танымды береді және жаңа ѳсиеттің
дәнекері және құдай күрсісінің құзырында болушы
дегеннің не екенін түсінуге кѳмектеседі: қайталап айтамын,
тек қана жоғарыдан келген уахи ғана біздің жанымызда
бұл түсініктерді қалыптастырып, біздің құтқарушы
құдайымыз Иса Мәсіхтің інжілі және адамдарға басшы
және тазартушы ретінде уәде етілген құдай рухы ғана, –
оларға құтқарылудың жолдары мен құтқарушы құдай
танымын үйрететін адам жанының ең қажетті ұстаздары.
Сондықтан оқушым екеуміздің әңгімемізді басқа
арнаға бұрып жібердім. Оның әрірек барып тұруын
ѳтініп, үлкен шаруа күтіп тұрғандай орнымнан жедел
тұрып, құдайға мына бейшара жабайының құтқарылуын
үйретуіме кѳмектесе гѳр, мына міскін надан жаратылыс
иесінің жүрегін оз рухыңмен шабыттандыра кѳр, оған Иса
Мәсіхтегі таным нұрын сыйға тарт, оның ұжданы толық
иланып, кѳзі ашылып жаны құтқарылатындай менің
208


аузыма құдай сѳзін сала гѳр және оны ѳзіңе қарат деп
жалбарына бастадым. Жұма менің қасыма қайта
жақындаған кезде мен оған әлемнің құтқарушысы
адамның күнәсін арқалағаны жайлы және аспаннан
түскен інжіл ілімі туралы, яғни құдайдың алдында тәубеге
келу мен ѳзіміздің жалпыға рақым нұрын сыйлаушы
құдайымыз Исаға деген сенім туралы айта бастадым.
Одан соң күшім жеткенше оған неге біздің күнәмізден
арылтушы періштенің бейнесін қабылдаудан бас тартып,
Ибраһимнің ұрығынан тарағанын түсіндірдім; осы
себептен, дедім мен, жолдан тайған періштелердің
құтқарылудан үміттері жоқ, ал ол болса Ысрайыл үйінің
күнәға батқан пенделерін құтқаруға келді және т.б.
нәрселерді айттым.
Құдай куә, бұл бейшараға дін үйретемін деп ақыл-
ойымды ғана емес, шынайы сезімімді де арнадым, менің
қағидама сүйенгендердің бәрі менің әдісімді қолданады
деп ойлаймын, оған әр нәрсені түсіндіремін деп жүріп,
ѳзім білген, білсем де терең мән беріп кѳрмеген кѳп
нәрсені ѳзім қайта үйрендім. Бір сѳздің мағынасын
түсіндіремін деп отырып, әр түрлі ойдың жетегінде
болдым.
Жұма екеуміз әңгімелесумен ұзақ күнді кеш қылатын
едік; бізде бос уақыт деген болмайтын; достығымыз берік
болды: үш жылдың қалай ѳтіп кеткенін де сезбей қалдым.
Егер осы ѳмірде бақыт деген бар болса, онда мен ѳзімді
бақыттымын деп есептедім. Жабайым менен де мықты
діндар 
болып 
алды. 
Менің 
күнәларым 
бұл
бейшараныкінен кѳп болса, құдай кешірім береді деп
ойлаймын, ал мен оның ѳмірімде пайда болғаны үшін де
риза едім. Біз екеуміз де шын ниетімізбен бірдей
құлшылық қылып жүрдік. Екеуміз де дін кітабын бар
ықыласымызбен оқығандықтан жаратушыға бір табан
болса да жақындай түскендейміз.
209


Жұма екеуміз әбден бір-бірімізге бауыр басып алған
соң, мен оған не айтсам да тез түсінетін болды: ѳзі де
ағылшын тілінде бір нәрселерді айтып түсіндіріп жүрді,
ал мен оған аралға қалай келгенімді, қанша жыл тұрып,
ѳмірімді қалай ѳткізгенімді түгел баяндап бердім. Оған
мен ол үшін жұмбақ болып келген оқ-дәрілер мен оқтың
құпиясын аштым, мылтық атуды үйреттім. Оған пышақ
сыйладым, ол оған дән риза болды; қандай жағдай
болмасын қару ретінде де, шаруаға да қолайы деп
шапашот сыйладым.
Мен Жұмаға Еуропа елдері туралы, әсіресе туған
жерім 
Англия 
туралы 
ұзақ 
әңгімелеуші 
едім.
Тұрмысымызды, құдайға құлшылық ететінімізді, бір-
бірімізбен қарым-қатынасымыз, кемеге отырып әлемді
шарлап 
саудамен 
айналысатынымыз 
туралы 
да
баяндадым. Ѳзім мінген кеменің апатқа ұшырағаны
туралы айтып, орнын да кѳрсеттім. Мен оған ѳзімді
құтқарған қайықтың қирандыларын да кѳрсеттім. Бұл
қайықты бұрын орнынан қозғап жүруші едім, ал қазір
қирап қалды дедім. Қайықты кѳріп Жұма ұзақ ойланып,
үндемей қалды. Мен одан неге ойланып қалдың деп
сұрадым. “Менің халқым тұратын жақтан мен осындай
қайық кѳрдім” деді. Оның не айтқысы келгенін мен ұзақ
уақыт түсінбедім. Екеуміз ұзақ уақыт дауласқаннан кейін
барып әрең түсіндім, – ол тұратын жерге бұрын осындай
қайық келген екен. Мен қандай да бір еуропалық кеме сол
маңайда апатқа ұшырап, бұл қайықты толқын алып
келген шығар деп ойладым. Неге екенін білмеймін,
мүмкін бұл қайықтарда адамдар болған шығар деген ой
басыма да келмепті. Мен қайталап сұрай берсем де, бар
ойым қайықтың тѳңірегінде болды.
Жұма маған бәрін анықтап, қолмен қойғандай
тәптіштеп айтып беріп сѳзінің соңында: “Ақ адамдар
батқан жоқ, біз оларды құтқардық”, – дегенді қосты. Мен
210


ол айтып отырған оқиғаны кѳз алдыма келтіріп, қайықта
адамдар болды ма деп қайта сұрадым. “Иә, қайық толған
ақ адам” деді ол. “Олар қанша еді?” дедім. Саусағымен он
жеті рет санады. “Олар қайда, тағдырлары не болды?”
дедім. “Олар аман, біздің жақта тұрады” деді.
Осы сѳздерден кейін маған әр түрлі ой келді: бұл он
жеті адам былтыр менің аралыма келіп, тасқа соғылып
қирайтын кеменің адамдары емес пе екен? Кеме жартасқа
соғылып, қауіп тѳнгенін сезген олар қайыққа отырып
жабайылардың жеріне келген шығар деп топшыладым.
Мен Жұмадан: ақ адамдар тірі шығар, – деп қайта-қайта
сұрап қоймай қойдым. Ол: “Мүмкін, мүмкін” – деп жауап
беруден бір танбады. Олардың ѳзінің жерлестерімен бірге
тұрып жатқандарына жақында тѳртінші жыл толады деді.
Жерлестерім оларды ренжітпейді, тіпті тамақтандырады
деген сѳзді қосты. Олар ақ адамдарды қалай ѳлтіріп, жеп
қоймады деген менің сұрағыма: “Ақ адамдар бізге бауыр
болды” деді. Менің бұл әңгімеден түсінгенім – олар ѳзара
бітімге келген сияқты. Жұма: “Біздікілер адамдарды тек
соғыста жейді (тұтқындарды деп түсіндім)” – деді.
Бұл әңгімеден кейін де бірталай уақыт ѳтті. Бір күні
екеуміз аралдың күншығыс жағындағы биік тѳбенің
басына шықтық – күн бұлтсыз, тұмансыз ашық еді. Егер
оқырмандардың есінде болса, бұрын мен осы тѳбенің
басына шыққанымда, алыстан қарайып кѳрінген Америка
құрлығын байқаған едім. Жұма сол бағытқа үңіліп ұзақ
қарап тұрды да, бір кезде секіріп билей бастады, дауыстап
мені қасына шақырды. Екеуміздің арамыз едәуір қашық
еді. Келдім де, мән-жайды сұрастырдым. “Міне, бақыт,
міне, той”, деді ол айқайлап, – әне, қараңыз “Анау жақта…
қара… мына жерден кѳрінеді… менің жерім, менің
халқым!”.
Қуанғаннан түсі ѳзгеріп, кѳзі жайнап сала берді,
қуанғаны сондай, ѳзін-ѳзі ұстай алатын емес, қанат бітсе
211


ұшуға да дайын. Мұның мұндай қуанышты қалпын,
құлшынысын кѳрген мен құлыма сенімсіздікпен қарай
бастадым. Мүмкіндігі табылса Жұманың еліне тайып
тұратынына сенімді болдым, ол жаққа кетсе, ѳзінің жаңа
дінін ұмытатыны ештеңе емес, ол менің алдымдағы
міндеттерін де ұмытады. Мүмкін, ѳз тайпаластарына мені
сатып та кетер, оларды жүздеп, болмаса екі жүздеп менің
аралыма алып келетін шығар, ѳштескен тайпаларын
жеңіп, қанды мерекелерін тойлағандай, мені ѳлтіріп,
етімді де қиналмай жеуі де мүмкін.
Адал жігіт туралы бұлай ойлауым күпірлік те шығар,
артынан қатты ѳкіндім. Күдігім күшейген сайын, сақтық
ойлап, Жұмаға салқын қарай бастадым. Осылайша
бірнеше апта бойы дел-сал болып, ѳз-ѳзіме келе алмай
жүрдім; қайталап айтайын: мын шынында да қатты
қателесіп, жаңсақ ойға бой бергем екен; бұл дені таза,
табиғатынан мейірімді жігіттің ойына жамандық жасау
кіріп те шықпаған да сияқты; ол менің дініме де қарсы
келген жоқ және мен, бақытыма қарай, оның адал дос
екеніндігіне кѳз жеткізідім.
Бұның ойында арамдық бар деген күдікті ойдан ақыры
арыла алмай-ақ қойдым: бір күні айла жасап оның ішкі
ойын білгім келді. Оның әр сѳзінің шынайылығы сондай,
мен ѳзімнің ол туралы арам ойлағаным үшін ұялдым,
сабырға келіп ѳз досыма деген сенімді арттыруға
тырыстым. Ол тіпті менің оған деген кѳңілімнің қалғанын
да сезбепті, – бұл да ѳз кезегінде оның маған деген
кѳңілінің тазалығының тағы бір дәлелі еді.
Бір күні Жұма екеуміз сол тѳбеге тағы да шықтық (бұл
сапарда теңіз беті тұманданып, құрлықтың шеті
кѳрінбеді) мен оған: “Жұма, шыныңды айтшы, ѳз отаныңа,
туғандарыңа қайтқың келе ме?”– дедім. “Иә, біздікілермен
табыссам, ѳте қуанышты болар едім”, – деп жауап берді.

Сен онда немен айналысар едің, қайтадан жабайы адамға
212


айналып, адамның етін жейтін бе едің?”– деп жалғадым
сѳзімді мен. “Жоқ, жоқ, Жұма ол жақта бәріне жақсы ѳмір
сүріңдер, нан, ешкінің етін жеңдер, сүт ішіңдер, адам етін
жемеңдер айтады” – деді. Ол маған бұрылып жай ғана:

Жоқ, ѳлтірмейді, олар жақсылықты үйренгенге қуанады,
олар қайықпен келген сақалдылардан кѳп үйренді” – деді.

Сонымен, сенің үйіңе қайтқың келеді екен ғой” – деп мен
сұрағымды қайталадым. Ол күлімсіреп: “Мен алыс жүзе
алмаймын” – деді. Онда сен үшін қайық жасаймыз
дегенімде ол, егер мен барсам ғана ол менімен бірге
баратынын айтты. “Мен қалай барамын?” – деп қарсылық
білдірдім. – Олар мені жеп қояды ғой. “Жоқ, жоқ,
жемейді, – деді ол, – мен олар жемейтіндей етемін, мен
олар тыңдайтындай жасай, сені кѳп жақсы кѳреді”. Менің
адал Жұмам мынаны айтқысы келіп еді: ол ѳзінің
жерлестеріне мен оның жауларын қалай ѳлтіргенімді,
қалай ажалдан құтқарғанымды айтса, олар мені жақсы
кѳріп 
кетеді. 
Содан 
кейін 
ол 
кекештеніп,
тайпаластарының тағдыр айдап келген он жеті сақалдыға
қандай мейіріммен қарағандары туралы айтты.
Сол кезден бастап, тәуекелге бел буып, Жұма айтқан
он жеті адамды іздеп кѳрсем қайтеді деген ой келді. Ол он
жеті адам испандықтар немесе португалдықтар болуы
керек, егер оларды кездестірсем, бәріміз жиналып бір
ѳркениетті елге барудың жолын табар едік, жалғыз,
құрлықтан қырық миль қашық аралда тұрып, бұл жерден
құтылудың басқа амалын кѳрмедім. Араға бірнеше күн
салып, 
Жұмамен 
осы 
туралы 
әңгімені 
тағы
жалғастырдым. Мен оған еліңе жету үшін қайық беремін
деп, ѳз қайығым тұрған аралдың қарсы жағалауының
шегіне алып бардым. Ішіндегі суын тѳктік те (кѳзден таса
болсын деп суға батырып кеткенмін), екеуміз де қайыққа
міндік. Жұма қайық есудің шебері екен, тура ѳзім сияқты
тез жүрді. Біз жағалаудан алыстағаннан кейін мен оған:
213



Мінеки, Жұма, біз сенің жерлестеріңе барамыз”, – дедім.
Ол маған таңырқай қарады: мұндай саяхат үшін қайығы
тым кішкене болып кѳрінген болуы керек. Мен оған бұдан
да үлкен қайығым бар деп, екінші күні ѳзім бір кезде
сүйреп теңізге түсіре алмаған алғашқы қайығым тұрған
жерге алып келдім. Қайықтың үлкендігі Жұмаға ұнады.
Бірақ бұл қайықты жасағаныма жиырма екі, жиырма үш
жыл болды, ашық аспан астында қалған соң, әбден күн
жеп, жаңбыр мүжіп, ағашы кеуіп, шіріп кеткен екен.
Жұма мұндай үлкен қайық әбден жарайды, жеткілікті
етіп азық-түлік тиеп алып аттануға болады деді.
Жұмамен бірге құрлыққа аттанамын деген ойымның
нақтыланғаны сондай, мен оған тура осындай қылып
қайық жасап алсақ, үйге аттанамыз дедім. Ол бір ауыз сѳз
айтпай, түнеріп, жүзін қайғы басты. Саған не болды деп
сұрағанымда: “Қожам не үшін Жұмаға ѳкпелі? Мен не
істеді?”– деді. “Саған ѳкпелі дегенді қайдан шығардың, түк
те олай емес, мен саған ѳкпелі емеспін” – дедім. “Ѳкпелі
емес, ѳкпелі емес” – деп күңкілдеді ол. “Неге Жұманы
үйіне жібересің?” “Ѳзің ғой барғым келеді деген” – дедім.

Иә, барғым келеді, тек екеуміз, Қожайын бармайды,
Жұма бармайды, Жұма Қожайынсыз бармайды”. Бір
сѳзбен айтқанда, ол мені тастап кетпек түгілі, ол туралы
бір ауыз сѳз де естігісі келмеді. “Тыңдашы Жұма, мен онда
не үшін барамын, мен не істеймін онда” дедім. Ол маған
бұрылып: “Кѳп іс жасау, дұрыс жасау, жабайы адамдарды
мейірімді болуға, татулыққа, құдайға құлшылыққа
үйрету, оларға жаңа ѳмір беру”, – деді. “Кешір, досым”
дедім мұнысына күрсініп, сен ѳзің де білмейсің не айтып
тұрғаныңды. Ѳзгені ізгілікке үйрету менің қолымнан
келмейді”, – дедім. “Жоқ”, – деді, – “Мені үйретті ізгілікке,
оларды үйретеді”. “Жоқ, Жұма, – дедім мен сенімді түрде,
– 
баратын болсаң, ѳзің бара бер, мен осы жерде қаламын,
бұрын қалай ѳмір сүрсем, бұдан кейін де солай ѳмір
214


сүретін боламын” – дедім. Ол тағы да ойға берілгендей
біраз үнсіз тұрып, бір кезде жүгіріп барып анадай жерде
жатқан балтаны алып, маған қарай ұсынды. “Балтаны не
үшін бердің?” – деп сұрағанымда: “Жұманы ѳлтір!”, – деді.

Мен сені не үшін ѳлтірем?” – деп сұрадым мен. Ол:

Жұманы не үшін қуасың қасыңнан?” – деп бажылдап қоя
берді. Оның кѳңілі қатты бұзылды: мен оның жанарынан
жас тамшыларын байқадым. Қысқасын айтқанда, оның
маған бауыр басуы мен менің қасымда қалуға бел
байлағандығының айқындылығы сондай, оған ол ѳз
еркімен кетпейінше, оны ешқашан қумайтынымды айтып
қайта-қайта түсіндірумен болдым.
Сонымен, Жұманың маған әбден берілгеніне түпкілікті
кѳзім жетті; оның еліне қайтамын деген ыстық
сағынышында жалғыз-ақ үміт сәулесі ұшқындаған: мен
оның тайпаластарын ізгілікке үйретеді деген ғана тілек
болған екен.
Аралдан кетемін деген үмітім арта түспесе, еш
бәсеңдеген жоқ. Жұманың айтқан он жеті адамы менің
аралымнан онша қашық емес жерде екенін білген соң,
кѳруге ынтық болып, оларға жеткенімше тѳзімім
таусылды.
Кешіктірмей Жұма екеуміз жолға шығу үшін қайық
жасауға қолайлы жуан ағаш іздей бастадық. Аралда ағаш
қисапсыз кѳп екен, қайық түгіл тұтас кеме жасасаң да
жететіндей. 
Бір 
кездегі 
алғашқы 
қайықты
құрастырғандағыдай білместік болмауы үшін, ағашты
жағаға жақын жерден іздеу керек болды; сонда үлкен
қайықты теңізге сүйреп түсіру еш қиындық тудырмайды.
Біраз іздеп жүріп, ақыры Жұма бізге қолайлы ағашты
тапты; ол қандай ағаштың қолайлы екенін менен жақсы
білуші еді. Біз кескен ағаштың нендей ағаш екенін
білмеймін, түріне, иісіне қарағанда, сумах немесе
никарагву дейтін ағаш сияқты. Жұма жабайылар
215


жасайтындай ішін ѳртеп қуыс жасайық деді, бірақ мен
мұны құралдармен қашап, ойып жасаған қолайлы деп
түсіндірдім. Жұма бірден келісіп, біз қызу жұмысқа
кірісіп кеттік; бар күшімізді салған соң, бір айдың ішінде
қайық дайын болды. Біз оның сыртын балтамен жонып
едік, кѳз алдымызда нағыз теңізшілердің қайығы пайда
болды. (Жұма бұл жұмысты кѳзді ашып-жұмғанша
меңгеріп алды). Теңізге түсіруге әлі екі аптадай уақыт
керек 
болды, 
себебі 
біз 
астына 
ағаш 
қойып
тартқанымызмен, орнынан сәл ғана жылжыттық.
Қайықты теңізге түсіргеннен кейін, Жұманың оны ѳте
ептілікпен бағыттай алатынына және ѳте шебер есетініне
таң қалдым. Біз мұндай қайықпен теңізде жүзе аламыз ба
деп сұрадым. “О, әрине, мұндай қайықпен қатты жел
тұрса да, жүзе аламыз” деді ол. Сапарға аттанбас бұрын
Жұмаға жұмбақ тағы да бір ойды жүзеге асырғым келді.
Ол қайыққа діңгек, желкен, зәкір орнатып, арқан тарту
еді. Діңгек жасау аса қиын емес-тін, себебі оны
балқарағайдан жасауға болатын, ал арал толы балқарағай,
оны тіпті кез келген жерден табуға болушы еді. Жақын
маңайдан бір жас ағашты таңдап алдым да, Жұманы
шақырып, мына ағаштың бұтағын кесіп, қабығын жонып
тегісте дедім; қалай етіп жону керектігін ѳзім кѳрсетіп
бердім. Бірақ желкеннің шаруасымен ѳзіме айналысуға
тура келді. Менде әлі ескі желкендер, дұрысы – желкеннің
бѳліктері бар болатын; бұлардың менде жатқанына
жиырма алты жылдан асып кеткендіктен де, мен оларды
бір пайдаға асады ғой деп те ойламай, олардың бүтін
күйінде сақталып қалуына онша кѳп басымды ауыртпап
едім, тіпті олардың барлығы шіріп кеткендігіне сенімді
болатынмын. Шынымен де оның кѳп бѳлігі шіріндіге
айналған екен; бірақ соған қарамастан мен желкеннің
мықтылау екі бѳлігін тауып алып, тігуге кірістім; қолымда
тіпті ине де болмағандықтан менің бұл іске кѳп тер
216


тѳгуіме тура келді; дегенмен де мен әйтеуір бір нәрсе
жамап-жасқап шығарған болдым: оның біріншісі
Англияда қолданылатын үлкен үшбұрышты желкенге
ұқсайтын сиықсыз бір нәрсе, екіншісі – блинд деп
аталатын кішкентай желкен. Мұндай желкендерді мен
жақсы игере алатын едім, ѳйткені олар, мен әңгімемнің
басында айтқандай, мен берберлерден қашқан баркаста
болатын.
Қайықтың қаңқасын дайындау үшін тура екі айға
жуық уақыт кетті, есесіне қайық керемет құрастырылып
шықты. Айтып ѳткен екі желкеннен ѳзге қайықтың
тұмсығына оны бағыттап отыру үшін мен үшінші
желкенді орнаттым. Ең бастысы – рѳлі, ол қайықты тиісті
жерінде бұрып отыру үшін қажет еді, – оны да жасап, ѳз
орнына орналастырдым. Әйгілі кеме құрастырушысы
болмасам да, рѳлдің міндетті түрде керек екенін біліп,
оны дайындау үшін барымды салдым; тәжірибемнің
жоқтығынан болған кейбір сәтсіздіктерімді есептемегенде,
кеме дайындауға қанша уақыт бѳлсем, рѳлін жасауға да
сонша уақытымды арнадым.
Бәрі сақадай сай болған соң, Жұмаға қайықты
жүргізуді үйреттім; ол жақсы ескекші болса да, рѳлді
бұру, желкенді бағыттау дегеннен бейхабар екен. Менің
рѳлді іске қосқанымды, желдің бағытымен желкенді оңға,
солға бұрғанда желкеннің ауаға толғанын кѳріп таңғалды.
Дегенмен де ол бұл істі де тез меңгеріп, тәжірибелі
теңізші болып алды. Алайда ол бір нәрсені ғана –
құбылнаманы пайдалануды үйрене алмай қойды: бұл
оның түсінік-пайымынан жоғары болатын. Бірақ та ол
ендіктерде құрғақ маусым кезінде бұлт та, бұлыңғыр
күндер де мүлдем дерлік болмайтын болғандықтан да,
біздің сапарымызға құбылнаманың қажеттілігі де шамалы
болды. Күндіз алыстан кѳрінген жағаны бағдар етіп
жүзсек, түнде жұлдыздарға қарап бағытымызды түзеп
217


отырдық. Ал жаңбырлы маусымның әңгімесі басқа, бірақ
жаңбырлы маусымда бәрібір теңізбен де, құрғақ жермен
де сапар шегуге болмайтын.
Менің арал тұтқынына айналғаныма жиырма жетінші
жыл толды. Мұның соңғы үш жылын есептемесе де
болады: досым Жұма қасымнан табылғасын – менің үйіме
қуаныш енді, қайғылы күндеріме қош айттым. Жиырма
алтыншы жылымды құдайға құлшылық қылумен қарсы
алдым: аралды жалғыз мекендегенімде рақымшылық
еткені үшін жаратушыға ризашылығымды білдірдім.
Құдайға бұдан бұрын да ризашылығымды білдірсем,
қазір шын жүрегіммен ниеттендім; жаратушының әр
ісіме жар болатынына дәлелдерім жетерлік еді; енді менің
шѳл далада тұншыққан күндерім азаяды, қапастан
құтылар сәтім таяу қалды, енді бір жылды артқа тастасам,
аралдан біржола кетемін деп ѳзіме-ѳзім сенімді бола
бастадым. Осындай нық сенімге ие болсам да, мен
шаруашылығымды ақсатпай жүргізе бердім: бұрынғыдай
жер жыртып, егінімді ектім; егістіктерімді қоршап,
ешкілеріме кѳз болдым; жүзімдерді жинап кептірдім, –
бір сѳзбен айтқанда, – бұрын немен айналыссам, – соны
жалғастыра бердім.
Күйбең тірлікпен жүргенімде жаңбырлы маусым да
басталып кетті: енді үйден де кѳп шыға бермейтін
болдым. Бізге саяхатымызды кейінге қалдыруға тура
келді: ең әуелі жаңа қайығымыздың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету керек болатын. Мене қайығымды
әңгімемнің басында айтып ѳткен сал буған қуысқа алып
келдім. Су кѳтерілген кезде қайықты жағаға сүйреп
шығардым да, оны арқанмен байлап бекітіп, Жұмаға
қайық бейне бір докта тұрғандай болып сыятындай аумақ
пен тереңдікте бассейн қаз деп бұйырдым. Су қайтқан соң
теңіз жақтан докқа барар жолды жабу үшін біз мықты
бѳгенмен қоршап қойдық. Ал қайықты жауын-
218


шашыннан қорғау үшін оны біз шатырдың астында
тұрғандай қылып бұтақтардың жуан қабатымен жауып
тастадық. Енді сапарға аттану үшін қараша немесе
желтоқсан айларын тосып, жайбарақат отыра беруге
болатын еді.
Жаңбыр басылып, ауа райы қалпына келген бойда мен
ұзақ сапарға мұқият дайындала бастадым. Күн ілгері
қажет деп тапқан азық-түлікті шамалап дайындай
бастадым. Екі апта ѳткен соң бѳгетті ашып, қайықты
теңізге түсіргім келді. Бірде таңертең дағдыланған әдет
бойынша жолға қамдануға кірісіп, Жұманы тасбақа
әкелуге жұмсадым: тасбақа еті мен жұмыртқа бір жетіге
жетеді. Жұманың кеткені сол еді, қайта жүгіріп келді. Ол
қоршаудың сырт жағында тұрған маған құстай ұшып
жетті. Не жағдай деп сұрап болғанымша: “Қожам!
Қожам! Бәле! Жаман!”– деп жанұшыра айғайлай бастады.

Жұма, не болды?”– деп сұрадым үрейленіп, – “Анда
жағалауда бір, екі, үш… қайық бар”, – деді аптығып.
Санағанына қарап, алты қайық шығар деп ойладым, бірақ
алтау емес, үш-ақ қайық болып шықты. “Не кѳрдің!
Мұншама неден қорықтың?”– деп жұбата сұрағанымда,
ол жабайылар ѳзін қуып келген екен, енді тауып алып
ѳлтіреді деп ойлаған болу керек, байғұстың есі шығып
кетіпті. Оның қорыққаннан қалшылдап кеткені сондай,
қапелімде не істерімді білмедім. Мен оны барымша
жұбатуға тырысып-ақ бақтым. Оған тѳнген қауіп маған да
тѳнетінін, оны жесе, мені де жейтінін айтып түсіндірдім.

Бірақ біз соңғы деміміз қалғанша беріспейміз”– дедім.

Сен соғысуға дайын”, “Мен атат, бірақ олар кѳп, ѳте кѳп”–
деді ол. “Қайғырма, біреуін ѳлтірсек, қалғандары мылтық
даусынан үркіп, тым-тырақай қашып кетеді, мен сені
қорғаймын, бірақ сен қорықпай менің айтқандарымды
орындайсың ба?” – дедім мен. Ол: “Сен қаласаң, мен ѳлуге
де дайынмын, Қожам” – деп жауап берді. Содан кейін
219


үңгірден ром әкеліп, бір стақанын оған ішкіздім. Бұдан
соң қару-жарақтарымызды сайлап, оқтап қойдық. Үйден
шыққанда үнемі ѳзімізбен ала жүретін екі мылтықты ең
ірі бытырамен оқтадым, мушкетке ұсақ бес бытыра және
екі бѳлік қорғасын салып, ал тапаншалардың әрбірін екі
оқпен оқтадым. Ѳзім шапашотпен, Жұманы балтамен
қаруландырдым.
Қақтығысқа сақадай сай болғасын, қолыма дүрбі алып,
бақылау үшін тѳбешікке шықтым. Дүрбімді теңізге қарай
бағыттап тұрып мен жабайыларды кѳрдім: олар жиырма
екі адам, үш тұтқын және үш қайық. Бұл үйірдің аралға
бір ғана мақсатпен – жауларын жеңгендері үшін қанды
мерекені 
тойлауға 
келгендері 
түсінікті 
болды.
Масқаралық басқосу бұлар үшін қуаныш тойындай
болды.
Бұл жолы Жұма қашатын күнгі жағалауға түспей,
менің қайығым тұрған жерге таяу орналасыпты. Бұл
жағалау тѳмен, енді, тегіс және теңіздің кіреберісіне дейін
ит тұмсығы батпайтын қалың ну. Жабайылардың менің
үйіме таяу орналасқандары зығырданымды қайнатты,
бірақ ашуымды шақырған ол жағдай емес, менің ызамды
келтіргені – осы аралға қанды оқиғаны тойлау үшін
келгендері. Таудан түскен соң оларды бас салып бірін
қалдырмай қырып салу туралы шешімімді Жұмаға
айтып, маған кѳмектесесің бе деп қайта сұрадым.
Қорқынышы басылып, ѳз-ѳзіне келген ол (мүмкін, ром
жігерлендірген шығар) сергек жүзбен қашан ѳл деп
бұйырасың, сонда ѳлемін деді.
Қару-жарақтарды бѳлісіп алдық та, ашу үстінде
соларға қарай аттандық. Жұмаға бір тапанша беріп едім,
ол беліне қыстырып алды, екі мылтық және бердім, ал
ѳзім қалғандарын асындым. Керегі болып қалар деп
ромды қалтаға салдым. Жұмаға ішінде оқ-дәрілері мен
оғы бар үлкен қап арқалаттым. Артымнан бір қадам
220


қалмай ілесіп жүр деп бұйырдым: дыбысыңды шығарма,
мен бұйрық бермей мылтық атушы болма дедім. Ағашты
тасалап тұрып оларға оқ жаудыру үшін кѳп жерді
айналып жүруге тура келді.
Келе жатып әр түрлі ой басыма келіп, оларға оқ атуға
тәуекелім бармай шегіншектей бердім. Олардың кѳптігі
қынжылтты, бірақ қолдарында қарулары жоқ, тырдай
жалаңаштармен соғыста мен жалғыз болсам да, жеңіс
менің жағымда болары анық еді. Бірақ мені қинағаны
басқа ой – арымның алдында таза болу.. “Мен не үшін ѳз
қолымды адам қанына малуым керек? Оған не себеп
итермелеп тұр. Тіпті маған ешқандай жамандық
жасамаған және жасағысы келмейтін адамдарды ѳлтіруге
менің қандай құқым бар? Менің алдымда олардың не
күнәсі бар? Олардың тағылық дәстүрінде шаруам жоқ,
бұл құдайдың қарғысы, аталарынан қалған сорлы мұра.
Егер бұларға құдай қараспаса, бұларды айуан етіп
жаратса, онда менің тѳреші я жаналғыш болу немді алған.
Және әрі-беріден үшін ұлық кемістіктер үшін кек
қайтарылмайды. Қысқасын айтқанда, қандай кѳзқараспен
қарасақ та, адамдарды жайратып салу менің ісім емес еді.
Жұмаға кек қайтарамын десе – жѳні бар: бұлар – оның
ата жауы; олар оның тайпаластарымен ѳш, ал соғыс
кезінде ѳлтіруге рұқсат етіледі. Ал ѳзім жайлы бұлай деп
айта алмасым анық еді». Мұның бәрі менің ойымда
бұрыннан бар еді, ал енді тіпті дұрыс болып кѳрінді;
сондықтан әзірше жабайыларға тиіспеу керек деген
шешімге келдім. Орман ішінде жайлы жерге жайғасып,
жағалауда ѳтер қанды оқиғаның басталып, аяқталғанына
бақылайын да отырайын, ал бұл іске құдай ѳзі анық белгі
берсе ғана кірісермін деген ойға табан тіредім. Осы
шешіммен мен орманға кірдім. Жұма менің артымнан
қалмай жүріп отырды. Біз аңдып басып, үн-түнсіз, аяқ
дыбысын шығармай адымдап келеміз. Жабайылармен
221


арамызды бірнеше қатар ағаштар ғана бѳліп тұратын,
жағаға жақын орналасқан орман шетіне келіп Жұманы
қасыма шақырып алдым да, орманның тура шыға
берісіндегі жуан ағашты кѳрсеттім: оған ѳрмелеп шығып
жабайылардың іс-әрекеттері осы тұстан кѳріне ме, бақыла
дедім. Ол айтқанымдай орындап, ағаштың басына
ѳрмелеп шықты да, қайта оралып жабайылардың от
басында отырғанын және алып келген тұтқындарының
бірінің етіп жеп, ал екінші тұтқын сол жерде құмның
үстінде байлаулы жатқанын, бірақ кѳп ұзмай оны да
ѳлтіретінін айтты. Бұл хабарды естігенде жаным ашу-
ызамен лапылдай бастады. Жұмадан жабайылардың
екінші олжалары бұлардың жеріне қайықпен келген ақ
адам, біздің тайпадан емес дегенді естігенде қаным
басыма шапты. Ағаштың қасына жақын келіп, дүрбіммен
қарап тұтқынның расымен де ақ адам екеніне кѳз
жеткіздім. Ол қол-аяғын қамыспен, мүмкін, қамыс сияқты
бір нәрсемен буып тастағандықтан еш қыбыр етпестен
жатыр екен. Оның үстіндегі киімінен ғана емес, түрінен де
еуропалық екені кѳрініп тұрды. Жағалауға жақындығы
елу ярдтай жерде, тѳбешіктің үстінде, жабайылардан
мылтық оғы жетер қашықтықтың жартысындай шамада,
тағы бір ағаш ѳсіп тұр еді, біздің тұрған жеріміз бен
жабайылардың отырған жерінің арасы әлдебір тал-
шіліктің қалың жынысымен кѳмкерілгендіктен де ағашқа
жасырын жетуге болады екен. Ашу кернеген мен
бұталардың арасымен жасырынып барып, айтқан ағашқа
жеттім, ол жерден оқиға алақанға салғандай ап-анық
кѳрінді. Отты айналдыра қоршаған жиырма шақты адам
бір-біріне жанасып, тығыз отыр. Бұл топтан оқшау,
бірнеше қадам жерде тізерлеп еуропалық біреу отыр,
қалған екеуі тұрып тұр, қасындағы еңкейгендер әлгінің
қол-аяғын шешіп жатыр, – алып кетуге жаңа ғана келсе
керек. Енді бір минут ѳтсе, бұлар оны да қой сияқты
222


бауыздап, қол-аяғын бұтарлап, отқа қақтай бастар еді. Бір
минут кідіруге болмайтын еді. Мен Жұмаға бұрылып,
«
Дайын бол» дедім. Ол басын изеді. “Енді маған қара, мен
не істеймін, сен де соны істе” деп, мен жерге мылтығым
мен бір мушкетімді тастадым, ал екінші мушкетпен
жабайыларды кѳздедім. Жұма да мушкетін кѳздей
бастады. “Дайынсың ба?” деп сұрадым. Ол мақұлдады.

Онда бас” дедім де, атып қалдым.
Жұма маған қарағанда тура кѳздеген екен, бірден
екеуін жайратып, үшеуін жарақаттады. Ал мен екеуін
жарақаттап, біреуін ѳлтірдім. Біздің оқ жаудырғанымыз
жабайыларды қалай әбігерге түсіргенін оңай елестетуге
болады. Адам етінен дәмелілердің бәрі қайда тығыларын
білмей тым-тырақай жағалауды бойлап әр тарапқа қаша
жѳнелді. Олар ажал қайдан тѳнгенін білмей де қалды.
Жұма менің айтқанымдай менен кѳзін алмай отыр.
Алғашқы атқаннан кейін мен мушкетті тастай сала,
мылтықты алдым, мылтықтың құлағын қайырып, тағы да
кѳздей бастадым. Жұма менің әр қимылымды бұлжытпай
қайталады. “Сен дайынсың ба?” деп қайталадым мен.

Дайынмын” деді. “Онда ата бер, бізге құдай жар болады”
дедім. Екі жақтан атылған оқ қалған жабайылардың тура
ортасына тиді: бұл жолы біз оқ-дәрілермен оқталған
мылтықпен атқаннан соң, жерге тек екеуі ғана құлады.
Есесіне жараланғандар кѳп болды. Олар қан-қан болып,
зәрелері ұшып, естері шыға жағалаумен жан-дәрмен
жүгіре жѳнелді. Үш адам қатты жарақаттанған болуы
керек, орындарынан тұра алмай, сұлқ жатты.
Мылтығымды жерге қойып, мушкетімді кѳтеріп,

Жұма, ер соңымнан” дедім де, орманнан атып шықтым.
Менің ержүрек жабайым менен бір қадам да қалған жоқ.
Жабайылардың мені байқап қалғандарын сезіп, Жұмаға
мен не істеймін, соны қайтала дедім айқайлап, барымды
сала жүгіре отырып (асынған ауыр қару-жарақтарым
223


болса да тез жеттім), от пен теңіз ортасында қалған
бейшара 
құрбандықтың 
қасына 
жетіп 
келдім.
Құрбандықты дайындап жатқан екі жаналғыш алғашқы
мылтық даусы шыққанда-ақ зытып кеткен еді. Олар
зәрелері ұшып, тағы да үш жабайыны қосып алып,
қайықтарына мініп тайып тұрғанды. Мен Жұмаға
бұрылып, оларды ат деп бұйырдым. Ол менің
айтқанымды тез түсініп, қашқындарға жақындай түсу
үшін, қырық қадамдай ұзап барып оларды атты, олар бір
қайықта отырған соң, түгел ѳлген шығар деп ойладым,
екеуі тұрды да, қорыққандарынан қайта құлаған сияқты.
Қалған үшеуі сол жерде жан тапсырды, ал үшіншісі ауыр
жарақаттанғанынан орнынан да қозғала да алмай қалды.
Жұма жалғыз ѳзі қашқындарды жайратып салған соң,
мен пышағымды алып, тұтқынның қол-аяғын буған жіпті
кесіп, байлауын шештім. Оны қолтығынан демеп
тұрғызған бойда, португал тілінде сен кімсің деп сұрадым.
Ол латынша христианмын деп жауап берді. Әлі құрыған
ол аяғынан әрең тұрып, зорға жауап беріп тұр. Мен
қалтамдағы ромды алып, оның аузына апардым. Бір
жұтып ал деп, артынан нан бердім. Ол жеп жатқанда мен
одан ұлтың кім деп сұрадым. Ол испанмын деді. Ѳз-ѳзіне
келген соң, ажалдан арашалағаным үшін қарыздар екенін
айтып, алғысын жаудырды. Естіген-білгендерімді жиып-
теріп мен оған испан тілінде “Мырза, сосын сѳйлесеміз,
қазір әрекетке кѳшу керек. Егер қорғана алар шамаңыз
болса, міне, сізге қылыш пен тапанша, алыңыз,
дұшпандарды жайратайық” дедім. Испандық қарудың екі
түрін де қолына алған соң мүлде басқа адам болып шыға
келді. Оған күш қайдан келді? Ол құйындатқан дауыл
секілді екі жаналғышқа жетіп барып, кѳз ілеспес
шапшаңдықпен оларды екіге бѳліп тастады. Байғұс
жабайылар мылтықтың даусы мен тосын шабуылдан
қорқып кеткендері сондай, не қарсыласа, не қаша алмай
224


қалды. Жұманың алғашқы қайыққа мініп қашқан бес
жабайысындай, қайықпен қашқалы тұрған алты жабайы
да солардың жолын құшты.
Мушкетті оқтап, атуға дайын қалпында ұстап тұрдым,
мушкетім 
мен 
тапаншамды 
испандыққа 
беріп
қойғандықтан, тағы қауіп болса қажет болар деп оқты
үнемдеуге тырыстым. Біздің оқтаулы тѳрт мылтығымыз
біз алғашқы оқ жаудырған жердегі теректің түбінде
қалды; сондықтан Жұманы шақырып алып, оларды жедел
алып кел дедім. Ол құстай ұшып барып келді. Мен
мушкетімді оған беріп, серіктестеріме қажеттілік туса
берейін деп қалған мылтықтарды оқтай бастадым. Мен
мылтықты оқтап үлгергенімше бір жабайы мен
испандықтың арасында қырғын шайқас болды. Жабайы
оған үлкен ағаш қылышымен тарпа бас салды, мен дер
кезінде кѳмек қолын созып үлгірмегенде испандық тура
осындай қылышпен ѳлтірілуге тиіс болатын. Менің
испаным ержүрек екен, мен оны тіпті де ондай екен деп
ойламаған ем; әлінің жоқтығына қарамай арыстандай
алысты, қылышымен қарсыласының басынан екі рет
жойқын соққы берді, бірақ жабайы да мықты, бойы ұзын
екен, беріспей екеуі қоян-қолтық ұстаса кетті; ол
испандықты алып жықты (испандық қатты қалжыраған)
да қылышын жұлып алды; испандық қылышты ѳз
еркімен бере қойып, беліндегі тапаншасын алып,
жабайыны жайратып салды. Осының бәрі бір демде,
менің кѳз алдымда, мен жәрдемге жүгіріп жеткенше
болып еді.
Осы аралықта ѳзімен-ѳзі қалған Жұма қолындағы
жалғыз балтасымен қашқан жабайылардың артынан
қуып жүрді; ол қолындағысымен біз алғашқы атқанда
жарақат алған үш жабайыны жайратып салды; ол
басқаларының да сазайын берді. Испандық та бір сәтін зая
жібермеді. Менің қолымдағы мылтықты алып қалған екі
225


жабайының 
артынан 
жүгіріп 
жүріп, 
екеуін 
де
жарақаттады, оның қуып жетерлік әлі де жоқ еді, ана
екеуі орманға кіріп кетіп, із жасырды. Жұма олардың
артынан кетті. Біреуін ѳлтірді, екіншісі желаяқ екен,
жеткізбей кетті. Жарақаттанған жабайы сол бойы суға
күмп беріп, қайыққа мініп қашып бара жатқан үш
жерлесіне жүзіп жетті. Бұл тѳртеуі (жарақат алғаны ѳлі
ме, тірі ме, белгісіз) жиырма бір жабайыдан сау
қалғандары. Тура есебі былай:
3 – 
ағаштың тасасында тұрып алғаш атқанда ѳлді. 2 –
келесі екі рет атқанда.
2 – 
Жұманың қайықта ѳлтіргені.
2 – 
алдында жарақаттанып, соңынан оның ѳзінің
ѳлтірілгендері.
1 –
Жұманың орманда ѳлтіргені. 3 – испандықтың
ѳлтіргені.
4 – 
әр жерден табылған ѳліктер (Жұманың қуып жүріп
ѳлтіргендері немесе жарақаттан ѳлгендер).

– 
қайықпен 
қашып 
құтылғандар 
(
біреуі
жарақаттанды, ендігі ѳліп қалмаса).
Барлығы: 21.
Қашқан 
үшеуі 
алды-артына 
қарамай, 
бар
екпіндерімен қайықты есе берді. Жұма арттарынан
қуалай екі-үш рет атып еді, тимеген шығар деймін. Ол
маған қайыққа мініп соңдарынан қуайық деді. Олардың
қашып бара жатқандарынан үрейлендім; олар ѳздерінің
жерлестеріне аралдағы оқиға туралы айтып берсе, олар
қайыққа екі жүз, үш жүз болып тиеліп келіп, қырып кете
ме деп қорықтым. Арты не болады деп ойладым да
Жұманың айтқанымен келісіп, жүгіріп теңізде қалқып
тұрған қайыққа секіріп мініп, Жұманы шақырдым.
Қайыққа секіріп мінгенімде таңғалғанымды кѳрсеңіз ғой,
испандық сияқты аяқ-қолы байланған, құрбандыққа алып
келген тағы бір адам жатыр. Шалажансар, қорыққанынан
226


айналасында не болып жатқанын да ұғына алатын халде
емес; жабайылар оны да қатты матап тастапты: қол-аяғы
байланып ұзақ жатып қалса керек, қайықтың арт
жағынан зорға кѳрінеді, тынысын әрең алып жатыр.
Маталған қол-аяғындағы арқанды кесіп, тұруына
жәрдемдесейін деп едім, бірақ ол аяғынан тұра алмады,
сѳз айтар шамасы да жоқ, тек жалынышты үнмен
ыңқылдай береді; бейшара оны ѳлтіруге апара жатыр деп
ойлаған болуы керек. Жұма біздің жанымызға келгенде
бұл адамның азат екенін түсіндірші дедім де, мынадан
кішкене жұтқыз деп оған бір бѳтелке ром бердім.
Қуанышты хабардың әрі ромның қызуының да әсері
болуы керек, байғұстың бетіне қан жүгіріп, ол қайықта
біраз отырды. Әлгінің даусын естіп, жүзін кѳргендегі
Жұманың қуанғанын кѳрсеңіз. Ол бас салып оны
құшақтай алсын: біресе күліп, біресе жылады; сосын оны
айналып секіре бастады, біресе басын, біресе бетін
тырналап, бір сѳзбен айтқанда, есуас адам сияқты күйге
түсті. Сол кезде түсіне алмасам да артынан білдім, ол
оның туған әкесі екен.
Досымныің 
бойындағы 
мұншама 
перзенттік
махаббатты кѳргенде буын-буыным босап, соншалықты
елжіреп кеткенімді сѳзбен айтып жеткізу де мүмкін емес.
Дѳрекі жабайының ажал тырнағынан құтқарылған сүйікті
әкесін кѳрген кездегі қуанышына кѳзге жас алмай
қараудың ѳзі қиын еді. Бірақ солай бола тұрса да, сол
сәттегі оның қуанғаны мен шын махаббатын айқындайтын
оғаш қимылдарын кѳріп күлмей де қала алмас едіңіз. Ол
қайыққа жүз мініп, жүз түсті; біресе әкесінің алдына
тізерлеп отырып, баласын алдына алған ана құсап, оның
басын ѳзінің кеудесіне апарады, біресе оның күс болып
кеткен қол-аяғын сипайды. Әкесінің қол-аяғын роммен
уқалауға кеңес бердім, ром оның бойына қуат кіргізгендей
болды.
227


Қашқан жабайылар туралы енді ойлап қобалжудың да
реті жоқ еді, олар кѳзден таса болғалы қашан, енді оларды
қуып жетеміз деген ойдың ѳзі жайына қалды. Осылайша
ойға алған қуғын жүзеге аспай қалды, және біздің
бақытымызға орай деп те айтуға болады, ѳйткені екі сағат
ѳтісімен-ақ, яғни біз ол кезде жолымыздың ширегін де
жүріп ѳтпес едік, сұрапыл жел тұрып, түні бойы кәріне
мініп бір тыншыған жоқ. Жел солтүстік-батыстан тұрып,
тура қашқындардың маңдай алдынан соқты, сондықтан да
олар бұдан есіп шыға алмады және енді туған жерлерін де
кѳруден күдерін үзген шығар.
Енді Жұмаға қайта оралайық. Ол әкесінің қасынан
айналсоқтап шықпай қойды, олардың арасына килігуге
менің де дәтім жетпеді. Сағынышын әбден басып алсын
деп, оны қасыма енді ғана шақырдым. Ол қуанышы
қойнына сыймай бақытты, риза кѳңілмен жаныма
жүгіріп келді. Әкеңе нан бердің бе деп сұрадым. Ол басын
шайқады. “Нан жоқ, ит бәрін ѳзі жеп қойды” деп ол ѳзін
кѳрсетті. Мен дорбамдағы азық-түліктерді алып –
кішкене нан, екі ме, үш пе жүзім шашағын әкеңе бер деп
қолына ұстаттым. Ѳзің де ромнан жұтып әлденіп ал деп
қолына ұстатып едім, ол әкесіне ала жүгірді. Қайыққа
жеткені сол еді, менің Жұмам басын ішіне қарай бүгіп
алып, артынан тап бір шайтан қуып келе жатқандай,
алды-артына қарамай бір жаққа жүгіре жѳнелгенін
кѳрдім. Бір айта кететіні – бұл жігіт ѳте желаяқ еді, мен
есімді жиып та үлгіргенше, ол кѳзден ғайып болды. Мен
оған тоқта деп айғайлаған болдым, – бірақ қайда, –
шаңын ғана кѳрсетті. Бір қарасам, ол ширек сағаттан соң
қайта оралып келеді екен, бірақ бұрынғыдай емес,
қарқыны басылған.
Ол жақындағанда қолында бір нәрсе бар екенін
кѳрдім. Қолындағы әкесіне тұщы су құйып әкеле жатқан
құмыра екен. Сол үшін ол үйге, ѳзіміздің қорғанға
228


жүгіріп барып келіпті, тағы дѳңгелек наннан да екеу
алыпты. Мен қатты шѳлдеп тұрғандықтан ол маған судан
бір-екі жұтым ішкізді де, нанды маған беріп, суды әкесіне
ала жѳнелді. Ром емес, су ішкеннен кейін байғұс шалдың
ѳңі кірді; енді болмаса ол шѳлден ѳлгелі отыр екен. Әкесі
ішіп болған соң, Жұмадан су қалды ма деп сұрадым. Ол
иә деді, енді суға оның әкесінен кем емес зәру болып
отырған испандық ішсін дедім. Мен оған Жұма әкелген
нанның біреуін ұстаттым. Байғұс испандық тіпті әлсіреп
қалыпты, қозғалар шамасы жоқ, ағаш түбінде кѳлеңкеде
жатыр. Жаналғыштары аяқ-қолын қатты қысып байлап
тастаған болуы керек, қол-аяғы күп болып ісіп кетіпті. Ол
су ішіп шѳлін басып, жаңадан пісірілген нанды жеп
болған соң, мен оған жақын келіп бір шашақ жүзім
бердім. Ол басын кѳтеріп, жасаураған жанарымен маған
қарады, жанарынан саған шексіз ризамын деп тұрғанын
түсіндім; жаңа ғана жанжалда ержүректік танытқанына
қарамастан, оның әлсірегені сондай, ол қалай тырысса да
аяғынан тұра алмады: күп боп ісіп кеткен аяқтары бұған
еш мүмкіндік бермеді. Мен оған ѳзіңді тектен текке қинай
берме деп кеңес бердім және Жұмаға ѳз әкесіне істегендей
оның аяғын роммен уқала деп бұйырдым.
Мен мейірімді жігіттің ѳзі отырғызып кеткен жерде
әкесі отыр ма екен деп сәт сайын кѳз қиығымен қарай
бергенін байқадым. Кенет, қайырылып қарағанда ол
шалдың жоғалып кеткенін кѳрді: ол сѳзге келместен
табандары жалтылдап қайыққа қарай орнынан ата
жѳнелді. Бірақ жүгіріп барды да, әкесінің жай ғана
тынығу үшін қисайып жатқанын кѳріп, бірден бізге
қайтып келді. Мен испандыққа біздің үйге барамыз,
сенің қайыққа жетуіңе менің құлым кѳмектеседі, содан
кейін сені емдеудің бір амалын табармыз дедім.
Бойында қуаты тасыған Жұма оны бұйым құрлы да
кѳрген жоқ, кѳп ойланып-толғанып жатпастан арқасына
229


салып алды да қайыққа алып келді. Әуелі қайықтың
ернеуіне, 
сосын 
еппен 
кѳтеріп 
әкесінің 
қасына
отырғызды. Содан соң жағаға шығып, суға қарай итеріп,
қайыққа ѳзі секіріп мініп, ескегін қолына алды. Мен
жаяу қайттым. Жұманың қайратты қолдары қойсын ба,
қатты желдің күшіне де қарамай, ескегін тез-тез есіп
жағаны бойлай үйге әп сәтте жетті, жаяу келе жатқан
мен тіпті ілесе де алмай қалдым. Екі міскінді біздің
айлағымызға сәтті жеткізген соң, оларды сол жерде
қалдырып, ѳзі екінші қайыққа жүгіріп кетті. Орта жолда
мені кездестірген ол, бұны маған жүгіріп бара жатып
түсіндірде де, ары қарай ағыза жѳнелді. Бұл жігіттің
шапшаңдығына кѳз ілеспейді, жарыстырса тіпті жылқы
да қуып жете алмас еді. Менің қайыққа жете бергенім
сол еді, ол екіншісін де алып келді. Жағаға келе салып,
ол қозғалуға да дәрмені жоқ екеуіне қайықтан шығуға
жәрдем етті. Байғұс Жұма екеуінің ортасында не істерін
білмей есі шықты.
Мен қарап тұрдым да, Жұмаға тығырықтан шығудың
жолын айттым, әзірше екеуін де ыңғайларына қарай
отырғызып, жиекте қалдыра тұр дедім. Тездетіп зембіл
жасадым да, оған екеуін отырғызып қорғанның алдына
дейін алып келдік. Енді ары қарай не істерімізді білмей,
тағы да тығырыққа тірелдік. Ересек екі адамды
қоршаудың үстімен кѳтеріп ѳткізу мүмкін емес-тін, ал
осы үшін қоршауды бұзуға ниетім де жоқ еді. Маған тағы
да ѳнерпаздық қабілетімді іске қосу керек болды, – мұның
да жолын таптық. Жұма екеуміз жұмысқа қызу кірісіп
кеттік: екі сағаттан кейін бау мен қоршаудың ортасында
тѳбесін жаңбыр мен күннен қорғау үшін бұталармен
қалың етіп кѳмкерген, әдемі желкен сияқты шатыр пайда
болды. 
Шатырдың 
екеуіне 
әдемі 
қылып 
тѳсек
дайындадық; күріштің жұмсақ сабанынан астына тѳсейтін
және үстеріне жамылатын тѳсеніш жасадық.
230


Менің аралым елге толды, қарамағымда енді
адамдарым бар. Мен ѳзімді патшамын деп ойласам
болды, ѳз-ѳзімнен күлімсірейтін болдым. Біріншіден,
бүкіл арал менің меншігіме айналды, сондықтан мен
ѳзімді құдайдай сезіндім. Екіншіден, менің халқым менің
қол астымда: қандай үкім шығарып, не шешім
қабылдасам 
да 
ѳз 
құзыретім 
ѳзімде. 
Менің
қарамағымдағылар маған ѳз ѳмірлерімен қарыз еді,
олардың әрқайсысы, егер қалайтын болсам, мен үшін
жандарын да ойланбастан қиюға дайын болатын.
Үшеуінің үш дін ѳкілі болғаны да дұрыс болды, Жұма –
христиан, әкесі – адам етін жейтін – мәжуси, испандық –
католик. Мен ұждан бостандығына жол бердім, бұлар қай
дінді ұстанса да ѳз еріктерінде.
Қонақтарды жайғастырып болған соң, енді бұларды
тамақтандыру қамына кірісу керек болды. Мен Жұманы
ормандағы ауладан бір туша алып келуге жұмсадым. Оны
бауыздап, етін ұсақтап турап сорпа, қалғанынан қуырдақ
дайындадық. Түскілік қамына Жұма кірісті. Сорпаға
күріш, арпа салып, ѳте дәмді етіп дайындады. Қорғанның
сырт жағында, бау ішінде ауқаттандық (қорғанымның
ішінде от жақпайтын едім), сондықтан мәзіріміз жаңа
шатырда ѳтті. Мен қонақтарыммен бірге тамақтандым,
оларға әр түрлі әңгіме айтып кѳңілдерін жадыратып,
қуаныш сыйлағым келді. Жұма әкесімен сѳйлескенімде
ғана емес, испандықпен сѳйлескенімде де тілмаштық
қызмет атқарды, ѳйткені испандық жабайылардың тілін
білетін болып шықты.
Біз түстеніп отырғанда, тіпті оны кешкі тамақ деп те
айтқаным дұрыс болар, Жұмаға қайықпен барып, ұрыс
алаңында қалған мылтықтарды әкелуді бұйырдым. Ал
келесі күні қапырық ыстықта иістеніп кетер деп
қауіптеніп, жаман иістің ауаға таралуының алдын алып,
ѳліктерді кѳміп кел деп жұмсадым. Содан соң қанды
231


мерекеден қалған кѳп белгілерді кѳзден таса қылуын
ѳтіндім; ѳліктерді кѳмбек түгілі, кѳму туралы ойлағанның
ѳзінде тұла бойым түршігіп кетті. Жұма менің
айтқандарымның барлығын бұлжытпай орындады; оның
белсенділігінің 
арқасында, 
жабайылардың 
қанды
қырғынының ізі де қалмапты: мен қанды қырғын болған
жерге келгенде ә дегенде ол жерді танымай да қалдым;
тек орманның жағалауға жақын, шет жағындағы ағаштың
түбіне келгенде ғана қанды мерекенің тап осы жерде
болғанына кѳзім жетті. Кѳп ұзамай мен ѳзімнің жаңадан
болған бодандарыммен әңгімелесе бастадым. Алдымен
тѳрт қашқын туралы не ойлайды екен, олар аралға ѳз
тайпаластарымен қаптап келсе, біз тѳтеп бере алмай
қалмаймыз ба деп Жұмадан әкесінен сұрауын ѳтіндім.
Кәрі үндіс сол түнгі сұрапыл дауылдан олардың аман
қалуы екіталай, бәрі де суға кеткен шығар деген сыңайда
жауап берді; егер тіпті бір ғаламаттың күшімен аман
қалғанның ѳзінде, оларды ағыс оңтүстік жағалауға,
ѳздерімен жауласқан тайпаның жеріне қарай ығыстырып
әкетеді, онда олар анық жауларының қолында ѳледі деді.
Ал олар ѳз елдеріне аман-есен жете қалған жағдайда,
қандай қадамға барулары мүмкін екенін шалдың ѳзі де
білмейді екен; бірақ, оның ойынша, олардың біздің тосын
шабуылымыздан, от ұшқындары мен мылтық даусынан
зәрелері 
ұшқандары 
сондай, 
оз 
отандастарына
жолдастары адам қолынан емес, күн күркіреп, жай
түскеннен қаза болды, ал біз, Жұма екеуміз, қаруланған
екі адам емес, оларды құрту үшін кѳктен түскен қаһарына
мінген екі аруақ деп әңгімелеп жатқаны еш күмән
тудырмайды деді. Ол бұл сѳздерді олардың бір-біріне
айтып жатқанын ѳз құлағымен естіген екен, ѳйткені олар
ажалды пенденің аузынан жалын шашып, жайдың
тілімен сѳйлеп, тіпті қолын да сермеместен, тура осы
жолғыдай алыстан ѳлтіре алатынына ѳлсе де сенбейді,
232


тіпті бұны ѳздеріне елестете де алмайды деді. Шалдікі
дұрыс болып шықты. Кейіннен менің білгенімдей, бұдан
кейін бірде-бір рет жабайылар менің аралыма келуге
талпыныс жасамағанына, менің аралыма табаны тигеніне
куә болмадым. Сірә, біз ѳлдіге санап жүрген тѳрт қашқын
отандарына аман-сау жетіп, болған оқиғаны айтып
жерлестерінің зәрелерін ұшырған болулары керек, енді
олардың басында бұл сиқырланған аралға аяқ басқан
әрбір адам кѳктен түскен жай отымен ѳртеледі деген
түсінік қалыптасуы да әбден мүмкін.
Бірақ мен ол кезде бұл туралы білгенім жоқ,
сондықтан сәт сайын жабайылардың шабуылын күтіп
үнемі үрейленіп жүрдім. Мен және менің шағын әскерім
қашанда ұрысқа дайын болды: біз енді тѳртеуміз де жүз
жабайы қаптаса да, қорықпай ашық майданда да соғысуға
әзір едік.
Жабайылардың 
қарасы 
кѳрінбегесін, 
менің
қорқынышым да аз-аздап сейіле бастады, құрлыққа
аттансам деген ескі қиялым қайта қол бұлғады. Және
Жұманың әкесінің: “Сізді жерлестеріміз ѳздерінің
жарылқаушысы ретінде құшағын жайып қарсы алады”
деген сѳзі де қамшы болды.
Испандықпен арадағы салмақты бір әңгімеден кейін
бұл жоспарды жүзеге асырудың қажеті бар ма, жоқ па
деп күмәндана бастадым. Әңгіме барысында ұққаным,
жабайылар қираған кемеден құтқарылған он жеті
испандық мен португалдықты паналатса да, оларды
жәбірлемесе де, бұл ақ адамдардың халі тѳмен екен, тіпті
кейде ашығып қалатын күндері де болады екен. Олардың
апатқа ұшыраған кемелері туралы сұрағанымда, менің
қонағым бұл кеме Рио-де-Ла-Платыдан Гаваннаға келе
жатқан испандық кеме, Гаваннаға бағалы аң терісі мен
күмістерден тұратын жүктерін қалдырып, ол жерден
қандай да бір еуропалық тауарлар тиеуге ниет еткендерін
233


айтты. Ол тағы да апатқа ұшыраған португалдық кемеден
бес матросты мінгізіп алғандарын, ал ѳздерінің
экиажының бес адамы апат тѳнген бойда қазаға ұшырап,
қалғандарының бірнеше күн ажалмен бетпе-бет келіп,
ақыр соңында адам жегіштердің жағалауына тоқтауға
мәжбүр болып, әр сәт сайын жабайыларға азық боламыз
деген қорқынышпен ѳмір сүргені жайлы әңгімелеп берді.
Олардың мылтықтары болғанымен күкірттері мен оқтары
болмағандықтан қолдана алмаған: қайыққа ѳздерімен
бірге алған оқ-дәрілері жолда бәрі дерлік су болған, ал
қалған оқ-дәріні тамақ табу үшін аң аулаған кезінде-ақ
бітірген. Мен одан, қалай ойласың, сендерді жабайылар
елінде қандай тағдыр күтіп тұр және ол жерден
құтыламын деп ешқашан талпынбадыңдар ма деп
сұрадым. Ол: бұл жайында кѳп ақылдастық, бірақ бәрі де
кѳзге жас алу және торығумен аяқталатын, ѳйткені бізде
кеме де, оны жасайтын құрал-сайман да және ешқандай
азық қорымыз жоқ еді деп жауап берді.
Бұдан соң мен тағы да одан – егер мен оларға қашу
жоспарын жүзеге асыру үшін менің аралыма жиналайық
деген ұсыныс айтсам, олар келісер ме еді, қалай
ойлайсың, 
деп 
сұрадым. 
Мен 
сатқындық 
пен
опасыздыққа ұрынып, олардың қолдарына алданып түсіп
қалам ба деп қорқатынымды оған жасырмай айттым.
Ѳйткені рахмет айту адамға тән кісіліктердің қатарына
кірмейді және адамдар ѳз іс-әрекеттерінде мойнына
міндет қылып алған парыздарынан гѳрі пайданы кѳбірек
басшылыққа 
алады. 
Жаңа 
Испанияда 
олардың
тұтқынына түскен бірде-бір ағылшынның әлі құтылғанын
кѳргенім жоқ, сондықтан, дедім мен оған, олардың
тұтқынына айналу үшін ғана адамдарды бәледен
құтқарсам, оның ѳкініші естен кетер ме; дін адамдарының
тырнағына ілініп, инквизицияның түрмелерімен таныс
болғанша, мен жабайылардың жеп қойғанынң ѳзі жақсы.
234


Мен тағы оған: егер осы жерге оның бүкіл жолдастары
жиылса, осыншама қол жабылып кеткенде Бразилия
аралдарына не осы жерден солтүстікте жатқан Испания
иеліктеріне біз бәріміз де аман-сау жете алатын кеме
жасап алатынымызға анық кѳзім жетеді дедім. “Әрине,
егер олар менің жасаған жақсылығымды аяқ асты етіп,
ѳзім берген мылтықты ѳзіме қарсы бұрса, ѳздерінің
кѳптігіне сүйеніп, мені еркімнен айырып, тұтқын есебінде
еліне апарса, сонда күнім не болмақшы, қазіргімнен де
ауыр халге душар боламын ғой”, – дедім.
Испандық менің бұл сѳзіме шынайы ақ жүрегімен
жолдастарымның жағдайлары ѳте нашар, олар ѳздерінің
үмітсіз екендіктерін ѳте жақсы біледі, сондықтан мен,
олар ѳздеріне қолұшын берген адамға ешқашан арам
ниетте болады деп ойламаймын да дед; егер қажет деп
тапсаңыз, үндіс шалмен бірге барып сіздің ұсынысыңызды
айтып, жауабын алып келейін деді. Егер олар менің
шарттарыма келіссе, олардан маған ѳздерінің командирі
немесе капитанына сѳзсіз бағынатынына ант алып келемін
дегенді де айтты; мен оларды маған деген адалдықтарына
және мен нұсқаған христиан еліне баруға дайын
екендіктеріне қасиетті тәбәріктермен және інжілмен ант
ішуге мәжбүр етемін деді; ол олардан ѳз міндеткерліктері
туралы қағазға ѳз қолдарымен қол қойғыздыртып отырып
оны сізге алып келемін деді.
Егер мен ѳзім қуып жібермесем, тірі тұрғанда мені
тастап кетпейтініне ол әуелі ѳзі ант бергісі келетінін, егер
ѳз тайпаластары маған берген антын бұзса, ол менің
жағымда болып, мен үшін қасық қаны қалғанша аяусыз
күресетінін айтты. Ол ѳз жерлестерінің сѳзге берік, адал,
қайырымды екендерін, оның үстіне ішер киімі, жейтін
тамағы жоқ, жабайылардың қарауында, – турасын
айтқанда, егер мен оларды құтқарсам, – олар мен үшін
ѳмірін беруге дайын екеніне сендірді.
235


Испандықтың елдестері үшін сенімді сѳйлеп отырғаны
менің күдігімді сейілтті, мүмкіндік болса, оларды құтқару
үшін алдын ала сѳйлесуге шал мен испандықты жіберіп
алмаққа бекіндім. Сапарға әбден дайын болғанда
испандық бұл жоспарды іске асыру үшін асығыстық
жасау керек емес дегенді ескертті. Ол сондай ақылға
сыйымды әрі сондай оның шынайылығынан хабар беретін
пікірлерін 
айтқанда, 
онымен 
келіспеу 
мүмкін
болмағандықтан мен оның кеңесі бойынша жолдастарын
құтқаруды кем дегенде жарты жылға шегер тұруды жѳн
кѳрдім. Мәселе мынада болатын.
Испандық бізде бір айға жуық тұрып біздің тұрмыс-
тіршілігімізбен танысып та үлгеріп еді. Ол менің қалай
жұмыс істейтінімді және құдайдың кѳмегімен күнделікті
нанымды тауып жеп жүргенімді кѳрді. Мендегі күріш пен
арпа қорының қаншалықты екенін де анық білді. Әрине,
бұл азық менің бір басыма артығымен жетер еді, бірақ
енді менің отбасым тѳрт адамға артқанның ѳзінде, бұл
азықты аса үлкен сақтықпен жұмсау керек еді. Сондықтан
да, бізге тағы да он тѳрт адам келіп қосылар болса,
мүлдем тырығып қалар едік. Және біз кемені жасап
бітірген кезде ұзақ жолға азық-түлік қорын қамдап та
үлгеруіміз керек-тін. Осылардың бәрін таразылай келе
менің испандығым қонақтарымызды әкелмес бұрын
олардың азық-түлігін алдын ала дайындап алу керек
деген ой айтты. Оның жоспарының мәні міне осында
болатын. Сіздің келісіміңізбен, деді ол, біз үшеуіміз
жаңадан жер жыртып, сіздің бергеніңізше бар тұқымды
себеміз; сосын біз егін орағын күтеміз, түскен ѳнімнен
жасалатын нан біздің осында келетін отандастарымыздың
бәріне жетерліктей болуы керек деді; ѳйтпейінше, оларды
оттан әкеліп, шоққа салғаннан не шығады, жоқшылық
алауыздық туғызады деді. “Израиль ұлдарын есіңізге
түсіріп кѳріңізші, олар әуелі Египеттің езгісінен
236


құтылғанына қуаныпты, шѳл далада азықтары таусылған
соң, ѳздерін құтқарған Құдайға қарғыс айтыпты” деді ол
сѳз соңында.
Қонағымның кѳрегендікпен айтқан сѳзіне қарсылық
білдіргенім жоқ, шын жанашыр екеніне кѳзім жеткеніне
қуандым. Тапжылмастан тыңдаған мен оның айтқан
сѳздерінің жаны бар деп шештім. Уақытты текке
оздырмау үшін тѳртеуміз жер жыртуға кірісіп кеттік.
Ісіміз ѳнімді жүріп жатты (ағаш күрекпен мұндай істің
қаншалықты нәтиже берерін білмеймін), бір айдан соң
тұқым себер кезде, жерді едәуір жыртып тастаған екенбіз,
жиырма бушель арпа, он алты бушель күріш дәнін септік.
Алты ай уақытқа жетерлік дәнді үнемдеп, қалғанын сеуіп
тастадық. Себебі егінді толық жиып алу үшін алты ай
уақыт кетеді.
Жабайылар қаптап келіп қалмаса деген ой болмаса, біз
тѳрт адамға кѳбейген соң, жабайылардан үрейленуді де,
қорқуды да қойдық. Енді біз аралды еш қорқынышсыз
кезіп жүре беретін болдық. Біздің бәрімізде бір ғана үміт
болды, ол – бұл жерден құтылу; құтыламыз деген үміт
үшін әрқайсысымыз (ең құрығанда бұл сѳзді ѳзім үшін
айта аламын) барымызды салуға тырысып бақтық.
Аралды кезіп жүргенде кеме жасауға қолайлы деген
ағаштарды Жұма мен әкесіне кесіңдер деп, ал
испандықты олардың жұмысын қадағалауға жұмсадым.
Мен 
оларға 
жуан 
ағаштардан 
жонып 
жасаған
тақтайларымды кѳрсеттім де, сендер де дәл осындай етіп
жасаңдар, мұны жасау үшін біраз тер тѳгілді дедім. Бұлар
еменнен жасалған, ұзындығы отыз фут, ені екі фут,
қалыңдығы екіден тѳрт дюймге дейін баратын мықты
тақтайлар еді. Бұл жұмысқа қаншалықты тер тѳгілгенін
ѳздеріңіз шамалап кѳріңіз. Осы аралықта мен мал басын
кѳбейту жұмыстарымен де айналыстым. Ешкілерімді
кѳбейту мақсатымен күнде екі адам жабайы лақтарды
237


ұстауға шығып жүрдік, Жұма күн сайын, ал испандық
екеуміз кезектесіп шығатын болдық.
Тасалау жерде жайылып жүрген лақты, ешкіні кѳрсек,
енесін атып аламыз да, лақтарын үйірге қосып жібереміз.
Осылайша бізде мал басы жиырмаға дейін жетті. Бұдан
соң піскен жүзімді жинау жұмыстары да күтіп тұрды.
Бізде олардың мол болғаны сондай, әуелі бәрін кептіріп
алдық, егер біз жүзімнен шарап дайындайтын Аликант
қаласында болсақ, онда алпыс шақты бѳшкені толтырар
едік деп ойлаймын. Жүзім наннан басқа күнделікті
қолданатын асымызға айналды, біз оны сүйсініп жедік.
Мен бұдан басқа денсаулыққа пайдалы, сіңімді, нәрлі
тағамды білмеймін.
Осындай шаруаларға алаң болып жүргенде, егін
жинайтын мезгілдің де келгенін байқамай қалдық.
Егініміз аса бітік шықпағанымен, мол болды. Енді
ойымызды жүзеге асыра бастадық. Себілген жиырма екі
бушель тұқымнан екі жүз жиырма бушель арпа, соған
жақын күріш алдық; бұл ѳніміміз біздің (келетін он алты
адамды қосқанда) ішіп-жеуіміз былай тұрсын, тіпті
Американың қай шетіне сапар шексек те жетерлік еді.
Егінді жинап алған соң, бидайымызды салатын үлкен
себеттер тоқуға кірістік. Испандық бұл істің хас шебері
екен, ол маған неге қоршау шарбақ тоқып алмаймыз деп
күңкілдеп жүрді, бірақ мен оған мұқтаж болғаным жоқ.
Келетін қонақтарымызға жетерлік азық-түлік қорын
молайтқан соң, бар жабдықтарын дайындап, испандыққа
оларды алып келу үшін аттануға келісім бердім. Мен оған
ант қабылдаған кезде шалдың куә болуынсыз бірде-бір
адамды алып келме дедім. Адам баласына ізгілік қана
ойлаған, оны және оның елдестерін тұтқыннан құтқарып,
одан кейін де құқықтарын қорғайтын, олардың қамын
жейтін аралдағы адамға бағынышты екенін білсін дедім.
Менің шарттарыммен келіскен әрқайсысы мұның бәрін
238


қағазға жазып, қол қойсын дедім. Қонағым екеуміз
жазбаша хаттың барысы жайлы сѳйлесіп отырғанда, оның
жолдастарынан не қалам, не қағаз, не сия табылмайтыны
жѳнінде ескермеппіз. Осы нұсқау бойынша испандық пен
шал ѳздері келген қайықпен, турасын айтсам, менің
аралыма ѳздерін құрбандық қыламыз деп алып келген
қайықпен саяхатқа аттанды. Екеуіне де шығын қылмай,
тек қауіп тѳнгенде ғана пайдаланыңдар деп сегіз рет атуға
жетерлік мушкет, оқ-дәрі бердім.
Мен оларды шын ықыласыммен, зор қуанышпен
жолға дайындадым. Жиырма жеті жылдан артық уақыт
ішінде бұл менің еркіндікке қол жеткіземін деген
алғашқы талпынысым болатын. Мен ѳз елшілерімді кѳп
күнге жетерлік, ал олардың елдестерін бір аптаға
жетерлік азық-түлікпен қамтамасыз еттім. Міне, аттанар
сәт те келіп жетті. Қайтар жолда олардың қайықтарын
алыстан шырамыту үшін дабыл белгісін беріңдер деп,
сәтті жол тілеп, сапарға аттандырдым. Менің болжамым
бойынша олар қазан айының ай толған сәтінде, ауа сәл
салқын тартқанда аттанды. Күннің, аптаның есебінен
жаңылып қалған соң, менің жылдарды түзіп жүрген
күнтізбем дұрыс па екен деп күмәндандым. Бірақ жыл
есебінен жаңылмағанымды содан соң білдім.
Саяхатшыларым келіп қалар-ау деп елеңдегеніме
аптадан асты. Міне, осы уақытта менің ѳмірімде күтпеген
тосын оқиға болды.
Тамылжыған 
күндердің 
бірінде 
таңғы 
ұйқы
құшағында жатқанымда Жұма: “Қожам, Қожам! Олар
келе жатыр”, деп айқайлады. Мен атып тұрып, тез-тез
киініп алып, қоршаудан секіріп түстім. Қауіп боларын
ойламастан бауға жүгіріп келдім (расын айтсам, бауым
орманға айналған). Қайталап айтамын, қолыма қару да
алмастан, қауіп болады деп еш ойламастан жүгіріп
шығып, теңіз үстінде жағаға бес миль қалған жерден
239


үшбұрышты желкенді қайық кѳргенімде таң қалғанымды
кѳрсеңіз. Ол аралға бет түзеп, желдің ығымен тура тартып
келеді, жақындап та қалған екен.
Бұл кѳрініске куә болған соң, Жұмаға бау ішіне
жасырын дедім. Бұл біздің күткендеріміз емес, –
жауымыз ба, жанашырымыз ба, – білмедік.
Кѳзімді анық жеткізу үшін үйден дүрбімді алып
шықтым. Баспалдағымды қойып, әдеттегідей тѳбешіктің
басына кѳтерілдім.
Тѳбешікке шығар-шықпастан кемені кѳрдім. Ол
аралдың оңтүстік жағалауында, менің үйімнен сегіз
мильдей жер шамасында зәкірін түсіріп тұр екен. Бірақ
жағалаудан оған дейін бес мильдей жер. Кеме де
ағылшындардікі, енді анық кѳріп тұрмын, қайық та
солардікі.
Ағылшын кемесін кѳріп қалай қуанғаныма куә
болсаңыздар – елдестеріммен табысамын деген ойдан
кеудемдегі қуанышым тасыды, әр түрлі күдік те болды,
бірақ бір тылсым күш мені оларға қарсы қойды. Мені
ойға қалдырған нәрсе, ағылшын кѳпестерінің кемесі бұл
араға қандай себеппен келгені: бұл арал кеме жүретін
жолдан ѳте шалғай жатқан жер болатын. Мен бұл кемені
жел айдап әкелмегенін де жақсы білемін, ѳйткені соңғы
уақытта ешқандай дауыл кѳтерілген жоқ. Сонда кеме бұл
маңайға қалай келген? Егер бұлар шын мәнінде
ағылшындар болса, онда олар жақсы ниетпен келмеген
шығар, қарақшылар мен азғындардың тұзағына түскенше,
торуылдап жүре тұрайын деп ойладым.
Кѳңіл бѳлерлік еш себебі болмаса да, қауіп боларын
алдын ала сезсеңіздер, елемей алаңсыз жүре бермеңіздер
дегім келеді. Алдын ала сезу қасиеті бәрімізге тән, ең
аңғарымпаз деген адамның ѳзі бұл сѳзімді жоққа
шығармайды деп ойлаймын. Рухтардың ѳзара қарым-
қатынасы болатынын дәлелдейтін жұмбақ әлемнің бар
240


екеніне еш күдік келтіре алмаймыз. Біздің игілігіміз үшін
тылсым күштердің әсерімен болатын ішкі үніміз қауіп
боларынан хабар берсе (жоғары күш, я оған бағынушы
күш – бәрібір), оған қалайша құлақ аспаймыз.
Менің 
басымнан 
ѳткен 
оқиға 
бұл 
ойымның
дұрыстығын растайды. Егер мен сол кезде ішкі үнге құлақ
түрмесем, онда сѳзсіз ажал құшар едім, я бұрынғымнан
да мүсәпір күйге түсер едім.
Жағаға жақындап қалған қайық тоқтауға қолайлы жер
іздеп келеді. Бақытыма қарай, менің қайығым тұрған
жерді кѳрмей, одан жарты мильдей жер алысырақ
тоқтады. Бақытыма қарай деп айттым ғой, егер олар
менің қайығым тұрған жерге аялдағанда, тура менің
үйімнің алдынан шығып, ѳзімді қуып жіберіп, сабақты
инеме дейін тартып алушы еді. Жиекке жеткен соң,
қайықтарын орнықтырып, адамдары түсе бастады, мен
бәрін анық кѳріп отырдым. Бұлардың кѳбі сѳзсіз
ағылшындар еді, бір-екеуін голландық па деп ем, бірақ
олай емес екенін артынан білдім. Бас-аяғы он бір адам,
аяқтары тұсауланған үшеуі тұтқын сияқты, жағаға түскен
бес-алты адам оларды жұлқылап түсіре бастады.
Тұтқындардың біреуі даусын шығарып, бірнәрселер
айтып жалбарынып жатыр, сірә, қорыққаннан есі шығып
кеткен болуы керек.
Қалған екеуі де қолдарын кѳкке кѳтеріп жалынды,
бірақ негізінен олар сабырлық кейіп танытты.
Бұл кѳріністі қалай түсінерімді білмей аң-таң болдым.
Бір кезде Жұма ѳзінің адам баласы ұғып болмайтын
ағылшын тілінде: “О, қожам, қараңыз әне, жабайылар
сияқты ақ адамдар да адам етін жейді екен”, деді
айқайлап. “Сен олар аналарды жейді деген сѳзді қайдан
шығардың?” дедім. “Әрине, жейді”, деді ол сенімді
дауыспен. “Жоқ-жоқ, сен қателесесің, мүмкін, оларды
ѳлтірер, бірақ жемейді” дедім мен.
241


Сәт санап, тура кѳз алдымда ѳткелі тұрған қанды
кѳріністен кѳз алмай қарадым да тұрдым. Құрбан болар
адамның біреуінің басының үстінен қанжар ма, әлде
шапашот па, бір нәрсенің жарқ ете түскенін кѳзім шалды.
Барлық тамырларымдағы қаным суып кетті: бейшара
қазір ѳлі күйде сылқ ете қалады деп ойладым. Осы сәтте
жанымда испандық пен Жұманың әкесінің болмағанына
қатты ѳкіндім. Қарақшылардың бірде-бірінің қолында
қаруы жоқ екенін байқадым. Оларға жасырынып барып
қақ маңдайдан бір-ақ атса қандай қатып кетер еді. Бірақ
кѳп ұзамай менің ойым басқа бағытқа ауды. Үш тұтқынға
ойына келгендерін істеген оңбағандар, аралды айнала
жүгіріп кетті, тѳңіректі байқағылары келсе керек. Ал үш
тұтқынға қалай қарай қашса да еркіндік тиген сияқты.
Бірақ ол үшеуі тұнжырап, қажып қара жерде отыра
берді.
Бұлардың бұл отырысы ѳзімнің аралға келгендегі
алғашқы сәтімді еске салды. Мен де дәл осылай тѳңірегіме
алақтап қараумен болып едім. Ѳзіме ажал жетті деп
есептегенмін. Алғашқы түні басыма қандай ой келмеді
десеңізші; аңдар жарып кетпесін деп ағаштың басына
ѳрмелеп шығып, сол жерде түнедім. Апатты жағдайға
ұшыраған мен құла түзде қалай тіршілік етер едім; менің
алдағы ѳміріме жарық күн сыйлаған сол түні маған
құдайдың қарасқанын білмеп едім. Тығырықтан шығар
жол жоқ, үмітсізбіз деп ойлаған бейшаралар да дәл сол
сәтте ѳздерінің жарылқаушысы бар екенін білген жоқ.
Қайық жағаға су кѳтерілгенде келіп тоқтады, олар үш
тұтқынды тергеп, аралды кезіп келгенше су кейін
тартылып, қайық шѳкті де қалды.
Қайықта екі адам қалды, олар әбден ішіп мас болып
ұйқыға кетті. Біреуі оянып, қайықтың шѳгіп қалғанын
кѳріп, орнынан қозғағысы келді, бірақ шамасы жетпеді.
Ол дауыстап, қалғандарын шақырды. Олар жүгіріп келіп,
242


қайықты сүйреп теңізге түсіруге ұмтылды, бірақ қайраңға
шѳккен қайық орнынан да қозғалмады.
Сол кезде олар нағыз теңізшілер сияқты, – ал
теңізшілер әлемдегі ең жеңіл ойлайтын халық, – қайықты
тастап, тағы да аралды кезіп кетті. Кетіп бара жатқан
екеудің біреуі қайықта қалғандарға: “Джек! Том, жарайды
қойыңдаршы соны, әуре болып қайтесіңдер, су
кѳтерілгенде ѳзі-ақ су бетіне шығады”, – дегенін естідім.
Бұлар ағылшын тілінде сѳйледі, менің жерлестерім
екеніне енді еш шүбәм жоқ еді.
Күні 
бойы 
тау 
басындағы 
қарауылтѳбе 
мен
қорғанымның екі ортасында жүрдім де қойдым. Судың
тѳмендеуіне әлі он сағаттай уақыт бар, оған дейін қас
қараяды. Сол кезде жасырын келіп, теңізшілердің немен
айналысып жатқанына кѳз жеткізуіме, айтқан сѳздерін де
тыңдауыма мүмкіндік болады. Мен ұрысқа ѳте мұқият
дайындала 
бастадым, 
ѳйткені 
белдесер 
жауым
жабайылардан да қауіпті екенін мен жақсы білдім. Енді
айтулы мергенге айналған Жұмаға да қарулан деп
бұйырдым. Мен оған үш мушкет беріп, ѳзім мылтық
асындым. Жалбыраған ешкі терісінен тігілген күртеммен
және осы теріден тігілген бас киіміммен, белімде жалаң
қылыш, арқамда екі қаруым бар мен шын мәнінде
айбынды кѳрінуші едім.
Жоғарымда айтқанымдай, қас қарайғанша еш
әрекетке бармаймын деп шешкен едім. Күндізгі екінің
кезінде, күн қатты ысып, ми қайнатар ыстыққа
айналғанда, теңізшілер орман арасына тарап кеткенін
байқадым, олар тіпті ұйқыға бас қойған шығар деп те
ойладым. Ал үш сормаңдай тұтқындардың жайына
келсек, оларға ұйқының ауылы тым алыс еді. Үшеуі де
менен ширек мильден алыс емес жерде, және меніңше,
басқалардың кѳзіне түспейтін таса жерде, бір үлкен
ағаштың кѳлеңкесінде отырды.
243


Мен оларға жақын келіп, мән-жайды білгім келді.
Үстімде жоғарыда баяндаған киімім, қасымда біраз
қашықтықта Жұма, үш тұтқынның жанына жетіп келдік.
Менің қызметшім де тура мен сияқты бақайшағына дейін
қаруланған болатын, бірақ ана дүниеден келген адамға
азырақ ұқсаушы еді.
Мен үш тұтқынның қасына ѳте жақын келіп, олар мені
аңғарып үлгергенше: “Сендер кімсіңдер, мырзалар?” – деп
испан тілінде дауысымды кѳтере сұрадым.
Менің даусым тѳбеден түскендей болған болуы керек,
бәрі де селк ете түсіп, дауыс шыққан жаққа қарады да
айуанға ұқсас тірішілік иесін кѳргенде одан да бетер
зәрелері ұшты. Олардың біреуі де ләм-мим деп тіл
қатпады, шамасы, олар маған қашпақ болғандай боп
кѳрінді. Мен енді оларға ағылшын тілінде сѳйлей
бастадым: “Мырзалар, қорықпа-ңыздар, мен сіздерге дос
шығармын”, – дедім. “Олай болса, сені кѳктен жіберген
ғой, біз адам баласының кѳмегінен күдер үзгендерміз”, –
деп бас киімін шешіп, біреуі сұңқылдап қоя берді. “Бар
кѳмек құдайдан, мырза”, – дедім мен. “Сіздердің
халдеріңіз адам қызығарлық емес, бѳтен адам сіздерге
кѳмегін аямас еді. Мен сіздерді алып келгенге, сіздердің
жалбарынғандарыңызға және ол оңбағандардың сіздердің
бастарыңызға қанжар ойнатқанына – бәріне куә болдым”,
– 
дедім. Осы сѳздерді естігенде бейшараның кѳзінен жасы
сорғалап, тұла бойы қалтырап: “Менімен сѳйлесіп тұрған
Құдай ма, адам ба, періште ме, пенде ме?”– деді.
Күдігіңізге күмән келтірмейміз, мырза, сіздің алдыңызда
тұрған адам баласы, сенімді болуыңызға болады деп
жауап бердім. “Сеніңіз, егер сізге құдай періште жіберсе,
ол мен сияқты киініп, мен сияқты қаруланбайтын шығар.
Ѳтінемін, қорқынышыңызды басыңыз. Мен адаммын,
ағылшынмын, сізге қол ұшын бергім келеді. Кѳріп тұрсыз,
біз екі адамбыз, мен және менің қызметшім. Біздің қару-
244


жарағымыз бар және жеткілікті. Сіздерге қандай кѳмек
керек, ашық айтыңыздар. Мұндай күйге қалай душар
болдыңыздар?”.

Басымыздан кешкенді баяндауға ұзақ уақыт керек, ал
жауыздар айналамызда жүр. Мырза, қысқа ғана қайырып
айтсам, былай: мен кеме капитанымын, арамызда үлкен
жанжал шығып, бұлар мені ѳлтірмекші болды, жалынып-
жалбарынып ѳмірімізді арашалап алдым, олар мені,
кѳмекшімді және бір жолаушыны, ѳздеріңіз куә
болғандай, шѳл далаға тастап кетпек болды. Бізді тіршілік
белгісі жоқ аралға тастап кетпек болғанда, ажалымыз
жетті 
деп 
ойлағанбыз. 
Енді 
сіздермен 
тосын
ұшырасқанымызды 
қалай 
жорырымызды 
білмей
тұрмыз”, – деді.
Мен: “Ол айуандар – сіздердің қас дұшпандарыңыз
қайда, – деп сұрадым. «Ѳздері қалай қарай кетті?” “Олар
ағаштардың астын кѳлеңкелеп жатыр”, – деп орман
жақты нұсқады ол. “Бізді кѳріп даусымызды естіп қала ма
деп, қорқыныштан тұла бойым қалтырайды, егер
қолдарына түссек, бәрімізді де ѳлтіреді” деді. “Олардың
қарулары бар ма?”– дедім мен. Ол: “Екеу ғана, біреуін
қайыққа қалдырып кетті”– деп жауап берді. “Тамаша,–
дедім мен, – қалған істі ѳзім реттеймін. Олар қатты
ұйқыға кеткен сияқты; бізге оларды қырып салу түкке
тұрмайды, бірақ оларды тұтқынға алғанымыз жѳн емес
пе?”. Капитан олардың ішіндегі екеуіне рақымшылық
етуге болмайды, олар ѳте қауіпті адамдар, осы екеуінің
кѳзін құртсақ, қалғандары айтқанға кѳніп, ѳз міндеттерін
атқара алады деді. Мен капитанға ол екеуін кѳрсетіңіз деп
ѳтінгенімде, арамыз қашық болғандықтан қалғандарынан
ажырата алмайтынын, бірақ менің әміріме бағынып,
бұйрығымды орындайтынын айтты. “Мұндай жағдайда,
әрірек барып тасалайық, әйтпесе оларды оятып
жібереміз” – дедім мен. Үшеуі де менің соңымнан еріп, біз
245


дұшпандарымыздың кѳзінен таса болдық. “Мырза,
тыңдаңыз, – дедім мен, – мен сіздерді құтқаруға тырысып
кѳремін, бірақ менің әуелі қояр екі шартым бар…”. Ол
менің сѳзімді аяқтатпады. “Қандай әміріңіз болса да, мен
сіздің құлдығыңыздамын, мен және менің кемем
қарақшылардың қолынан азат болған болса, тірі тұрғанда
сіздің құлыңыз болып ѳтемін, қайда жұмсасаңыз, сол
жерден табыламын, жер бетінде жүрсем, сіз үшін
жанымды қиюға да дайынмын» – деп уәде берді. Екі
жолдасы да осы сѳзді мақұлдады.

Онда, мырзалар, – дедім мен, – менің шарттарым:
біріншіден, сіздер менің аралымда болғандықтан, билікке
таласпайсыңдар, керек кезінде сіздерге мылтық берсем,
оны 
ѳзіме 
қайтарасыңдар. 
Маған 
және 
менің
қарамағымдағыларға жаман ниетте болмайсыңдар, менің
ѳкіміме бағынасыңдар, екіншіден, егер кемелеріңді қолға
түсіріп алсақ, мені және менің қызметшімді Англияға
дейін ақысыз-пұлсыз апарасыңдар”, – дедім.
Капитан менің бұл ең ақылға сыйымды талаптарымды
орындауға, қай уақытта, қандай жағдайда болмасын әзір
екенін, 
ѳмірінің 
соңына 
дейін 
маған 
борыштар
болатынына адамның ойына келуі мүмкін барлық
ант-суды ішті.

Онда ұрыста тұрыс жоқ, мырзалар», – дедім. «Міне,
алдымен сіздерге үш мылтық, оқ-дәрі берейін. Ал енді біз
сіздердің 
ойларыңызша 
не 
істеуіміз 
керектігін
айтыңыздар» дедім. Бірақ капитан тағы да маған алғысын
жаудырып, кѳсем болу сіздің тиесілі хақыңыз деп
жариялады. Сонда мен: «Менің ойымша, біз батыл
қимылдауымыз керек. Олар ұйықтап жатқан кезде кімнің
аман қаларын құдайдың еркіне қалдырып, жасырынып
барып оқ жаудыруымыз керек. Егер аман қалғандар
берілетін болса, оларға рақым етуге болады». Капитан
менің бұл ұсынысымды құптамады: бәрінің қанын тѳгуге
246


болмайды, бұл ойдан аулақ болғанымыз жѳн; кемеде
бүлікшілік туғызған екі оңбағанның кѳзін құртпасақ, олар
бізді қиын жағдайға душар етеді; кѳзден таса қылсақ, олар
кемеге барып қалғандарын ертіп әкеліп, бізді қырып
салады, – деді. “Онда менің ақылымды алған дұрыс
шығар, бұл – құтылудың дұрыс жолы” – дедім мен. Оның
екіойлы болып тұрғанын кѳріп: жолдастарыңмен қандай
шешім қабылдасаң да ѳзің біл, – дедім.
Біз келіссѳз жүргізіп тұрғанда уақытта теңізшілер ояна
бастады, мен кѳп кешікпей олардың екеуінің түрегеліп
келе жатқандарын кѳрдім. Бүлік шығарған екі бұзық
осылар ма дедім капитанға. «Жоқ», деді ол. «Онда
жѳндеріне жүре берсін: оларға кедіргі келтірмейік» дедім
мен. «Оларды оятып, құтылуға мүмкіндік беріп,
кѳмектесіп 
тұрған 
құдайдың 
ѳзі 
шығар. 
Бірақ
қалғандарын қолдан жіберіп алсақ, онда сіздің кінәңіз»
дедім.
Бұл сѳздер қамшы боп тиген капитан мушкетін
қолына алып, тапаншасын беліне қыстырып, қаруланған
жолдастарын ертіп, екпіндеп алға қарай ұмтылды.
Оянған теңізшілердің біреуі бұлардың аяқтарының
дыбысын естіп, қолдарындағы қаруларын кѳріп, дабыл
қақты. Бірақ бәрі кеш еді: ол айғайлаған мезетте капитан
кѳмекшісінің және жолаушының мылтығы қатарынан
екі рет гүрс ете қалды; ал капитанның ѳзі сабыр сақтап,
оғын үнемдеп қалды. Атқандар мүлт кетпепті: бір адам
сол мезетте жан тапсырды, ал екіншісі ауыр жарақат
алды. Бірақ жараланған атып тұрып басқаларын
кѳмекке шақыра бастады. Осы кезде оның қасына
капитан жетіп келіп: “Бауырым, енді кѳмекке шақыру
кеш, одан да сен құдайдан ѳзіңнің сатқындығың үшін
кешірім сұра” деді. Осы сѳздерді айтты да капитан оны
мылтықтың дүмімен басынан ұрып ѳлтірді. Енді үш
адам қалды, біреуі жеңіл жараланған-тын. Осы кезде
247


жандарына мен келдім. Қарсыласудың нәтижесіздігін
ұққан олар жалбарынып рақым етулерімізді сұрай
бастады. Капитан егер олар сатқындықдықтарына
шынайы ѳкінетіндіктеріне сѳз берсе, кемеге қайта ие
болуға кѳмектесіп және оны қайтадан Ямайкаға алып
баруға ант-су ішсе, кешіруге дайын екендігін айтты.
Олар бірінің сѳзін бірі бѳліп ѳздерінің шынайы
екендіктеріне сендіре бастады және капитанға сѳзсіз
бағынуға уәде берді. Бұлардың уәдесі капитан кѳңілінен
шығып, оларға аяушылық жасайтынын айтты. Мен
бұған қарсы болмадым, тек бұлар менің аралымда
жүрген уақытта қол-аяқтары байлаулы болсын дегенді
ескерттім.
Бұл оқиғалар болып жатқан кезде мен Жұма мен
капитаның кѳмекшісін баркасқа жұмсап, желкені мен
ескектерін алып келуге бұйырдым. Әлгі ѳздерінің
бақытына қарай болмаған үш теңізші мылтық даусын
естіп қайтып келді. Олар капитаның тұтқыннан
жеңімпазға айналғаннын кѳргенде, еш қарсыласпастан
сѳзсіз берілді. Осылайша, біздің жеңісіміз толық болды.
Капитан екеумізге тек басымыздан кешкендерімізді
бір-бірімізге бастан-аяқ баяндап беру ғана қалды. Ең әуелі
мен 
басымнан 
ѳткендерді 
баяндадым. 
Ол 
бар
ықыласымен тыңдап отырды. Қираған кемеден азық-
түлік, мылтық, басқа да керекті заттарды алуға мүмкіндік
берген ғажайып кездейсоқтыққа қатты таңғалды. Менің
әңгімем оны қатты таңғалдырғанына таңырқаудың да еш
қажеті жоқ еді, ѳйткені менің аралдағы ѳмірім ѳзі
толықтай таң қаларлық оқиғалардан тұратын. Менің
ерекше тағдырымнан оның ойы табиғи түрде ѳз
тағдырына ойысып, менің мұнда тек оны құтқарып қалу
үшін ғана аман-есен сақталып қалғандай боп кѳрінгенде
кѳзінен жас парлап, әрі қарай бір ауыз сѳз айтуға да
шамасы келмеді.
248


Осыдан кейін мен оны және оның екі жолаушысын ѳз
қорғаныма шақырдым, онда біз менің әдеттегі жолыммен,
яғни үйдің шатыры арқылы кірдік. Мен қонақтарымды
тамақтандырып, содан кейін ұзақ жылдар жалғыз
тіршілік еткендегі небір айла-амалмен құрастырған үй
шаруашылы-ғыммен таныстырдым.
Олар менің айтқандарымның бәріне таң-тамаша
болды. Айналасы баумен қоршалған, бұл күнде тоғайға
айналған менің қорғаныма капитан аса таңданыс білдірді.
Расымен де, шѳлді аймақтағы менің еккен ѳсімдіктерім
жиырма жылда қара орманға айналды, ѳзім әдейілеп
жасаған жалғызаяқ жол болмаса, бұл жерге бас сұғу
мүмкін емес еді. Мен жаңа таныстарыма бұл менің басты
ордам, бірақ сырт жақта ѳзім анда-санда барып жүретін
сарайларым 
да 
бар: 
сарайымды 
реті 
келгенде
кѳрсетермін, ал қазір қарақшылардан кемені құтқарып
қалу жѳнінде ақылдасуымыз керек дедім. Капитан
менімен келісетінін толық білдіре отырып, кемеде әлі
жиырма алты адамның бар екендігін, және бұған енді
қалай кірісерін білмей басы қатып отырғанын айтты.
Олардың барлығы заң бойынша ѳлім жазасына
бұйырылатын қылмысқа, яғни астыртын әрекетке қатысы
болғандықтан да соңына дейін ѳз бүліктерінен қайтпай,
ең шетін жағдайларға дейін барады деді. Олар қолға түссе
Англияға немесе қандай да бір ағылшын отарына
келісімен ѳздерінің дарға асылатындықтарын жақсы
біледі. Ал осындай жағдайларда әлсіз күштермен,
олармен 
соғысудың 
ѳзі 
ақылға 
сиымсыз 
нәрсе.
Капитанның сѳзі мені ойландырып тастады. Оның
болжамының негізі бар. Солай болғанына қарамастан
енді бір шешімге келу керек еді: не оларды алдап тұзаққа
түсіріп, аңдаусызда үстерінен тап басып түсу керек те, не
болмаса олардың жағаға шығуын және бізді қырып
салуына кедергі келтіруіміз керек. Бірақ осы жерде маған
249


бір ой келді, кемедегілер қайықпен кеткен ѳз
жолдастарының тағдырына алаңдап, екінші қайықты
оларды іздеу үшін кѳп кешікпей аттандыратын болады.
Бұл жолы олар қаруланып келеді де, біздің оларға әліміз
жетпей қалуы да мүмкін. Капитан менің болжамдарым
негізсіз емес деді. Меніңше, дедім мен, біз әуелі
қарақшылар бірінші партия тиеліп келген баркасты кері
алып кетпеуіне қам жасауымыз керек дедім, ол үшін біз
оны жүзуге жарамсыз қылып тастауымыз керек. Біз сол
сәтте қайыққа аттанып, одан қару-жарақ, оқ-дәрі
салынған сауыт, екі бѳтелке – бірінде су, екіншісінде ром,
бір қапшық кепкен нан, үлкен қапшық қант (бес-алты
фунт шамасында) түсіріп алдық. Бұл олжамыз үшін
қатты қуандым, әсіресе, арақ пен қант үшін: ѳйткені
онысын да, мынасын да менің татпағаныма ѳте-ѳте кѳп
жылдар болып еді. Жүктердің бәрін жағаға түсірген соң
(
желкен, ескек, діңгек және рѳл баяғыда алынып
тасталғаны туралы айтқам) қайықтың түбінен үлкен тесік
жасадық. Сондықтан да, біз жаудан жеңілген күннің
ѳзінде, ол енді бізден ѳзінің қайығын әкете алмайтын еді.
Расын айтсам, кемені қолға түсіреміз деп дәмеленген де
жоқпын, ал енді баркасқа келер болсақ, оны қайта жѳндеп
алу еш қиындық тудырмайтын еді, мұндай қайықпен
үнемі оларды ұмытпай, жадымда ұстаған испандық
жолдастарымды жолшыбай ала кетіп, ық жақтағы
аралдарға жетуге болатын. Бәріміз жабылып қайықты су
кѳтерілген кезде де жетпейтін жерге кѳтеріп апарып және
және жуық арада бітей алмайтындай қылып түбінен тесік
тескесін, біз тыныс алуға отырып, енді не істейтінімізді
ақылдаса бастадық. Біздің кеңесе бастағанымыз сол еді,
кемедегілер зеңбірек атып, жалауларын бұлғай бастады.
Бұл сәрі, баркасқа берілген шақыру дабылы еді. Бірақ
баркас қозғалмады. Сәлден кейін екінші атыс гүрс ете
250


қалды, 
сосын 
тағы, 
тағы 
және 
тағы 
атылды.
Жалаушаларымен де белгі берулерін жалғастыра берді.
Атылған оқ пен жалауша белгілеріне еш жауап
болмаған соң, ақырында олар екінші қайықты түсірді
(
мен мұның бәрін дүрбіммен ап-анық кѳріп тұрдым).
Қайық жағалауға бет алды, жақындап келгенде ішінде
адамдардың саны он адамнан кем емес екенін кѳрдік және
олардың барлығы қаруланған еді.
Кемеден жағалауға дейін алты мильдің шамасындай
жер болғандықтан да бізге қайықта отырғандарды
анықтап қарап алуға уақыт болды. Біз қайықты сүйреп
шығарған жерден оларды ағыс сәл шығысқа қарай бұрып
жіберді. Бірақ бұл теңізшілер жағалаумен жүзіп келеді,
алғашқы қайық тоқтаған жерді кѳздеп келе жатса керек.
Осылайша біз, қайталап айтамын, әрбір адамының
жүзін де анық кѳріп отырдық. Капитан бәрін таныды
және қандай адамдар екенін бір-бірлеп сипаттай бастады.
Капитанның айтуы бойынша бұлардың арасында үш
жақсы жігіт бар. Оларды ѳз еріктерінен тыс, қорқытып
кѳндіргендеріне сенімді. “Есесіне бұларды басқарған
боцман және қалғандары оңбағандар, нағыз қарақшылар,
олардан жақсылық күтуге болмайды”, деді. “Бұлар
абыройсыздар, соңына дейін шайқасады, оларға қарсы
тұра алмай қаламыз ба деп қорқамын”, деп сѳзін жалғады.
Мен езу тартып күлдім де, біз сияқты жағдайға душар
болған адамдарда қорқыныш болмауы керек дедім; бізді
алдымызда не күтіп тұрса да, бүгінімізден жақсы болады,
міне, сондықтан да, осы тығырықтан шығудың кез келген
жолын – мейлі ол ѳлім болсын – біз құтылу деп
есептеуіміз керек. Мен одан: “Менің тұрмысым туралы
қандай ойдасыз?” деп сұрадым. Ѳзімнің құтқарылуым
үшін ѳз ѳмірімді оққа байлауым тұрарлық іс деп
таппайсыз ба дедім. «Мырза, – дедім мен, – осы аралда
мен сіздің ѳміріңізді құтқарып қалуым үшін сақталғаным
251


туралы сіздің сеніміңіз қайда, – осыдан аз уақыт бұрын
ғана білдірген сеніміңіз? Ал ѳзіме келер болсақ, алдағы
істе мені бір-ақ нәрсе толғандырады». “Не нәрсе?”– деп
сұрады ол. “Сіз айтып едіңіз ғой, бұл оңбағандардың
арасында үш пе, тѳрт пе, рақымшылық етуге болатын
адамдар бар деп. Бұлардың бәрі жауыз болса, құдайдың
ѳзі олардың сазайын тартқызу үшін біздің қолымызға
беріп отырғаны туралы бір сәтке де ойланбас едім; және
сенімді болыңыз, осы аралға табаны тигендердің барлығы
біздің қолымызда болады, әрі олардың бізге қатынасына
байланысты, – олардың тірі қалуын, не ажал құшуын да
біз біз шешетін боламыз” дедім.
Мен сергек, кѳңілдене, батыл екпінмен сѳйледім.
Менің сенімділігім капитанға беріліп, біз қызу түрде іске
кірістік. Кемеден екінші қайық түскен бойда біз
тұтқындарды бѳлек-бѳлек айырып, жақсылап тұрып
жасырып қойдық. Екеуін, ішіндегі ең сенімсізі ретінде
(
бұл, енді, олардың капитаннан алған бағасы) Жұма мен
капитанның кѳмекшісінің бақылауында ѳз үңгіріме
жѳнелттім. Бұл тұтқындардың дауыстары естілмейтін
және олардың орманнан жол тауып шыға алуы нейғабыл
болғандықтан да қашып шығуы қиын, бір әжептәуір
тасалау жер еді. Оларды байлаулы қалпында отырғызып,
бірақ ас-су қалдырылып, тыныш отырсаңдар бір-екі
күнде босатамыз, ал қашуға ниеттенген бойда – аямастан
ѳлтіреміз деген сѳз айтылды. Олар қамаққа тѳзімділік
танытуға уәде беріп, ѳздерін ас-сусыз қалдырмағанына
және Жұманың берген біздің қолдан жасаған бірнеше май
шамдарымыздың 
арқасында 
қараңғылықта
қалмайтындарына мың да бір рахметін білдірді. Олар
Жұманың үңгірдің кіре берісінде күзетке қалғанына
сенімді еді.
Қалған тѳрт тұтқынға жұмсақтық танытылды. Бірақ,
капитан сенім білдірмегендіктен, екеуін әзірге байлаулы
252


қалпында қалдырдық, ал қалған екеуін, маған деген
адалдықтарына салтанатты түрде ант бергеннен соң,
капитанның ұсынысы бойынша қызметке қабылдадым.
Сонымен, осы екеуін және капитанды екі жолдасымен
қоса есептегенде, қаруланған жеті адам болып шыға
келдік, менің енді келуге тиіс он адамға әліміз жететініне
еш күмәнім болған жоқ, оның үстіне, капитанның айтуы
бойынша, олардың ішінде үш пе, тѳрт пе адал жігіттер
бар екен.
Олар біз баркас қалдырған тұста аралға тақап келіп,
жағаға табан тіреп, шлюпкадан түсті де оны жағаға
сүйреп шығарды, мұнысына мен ѳте қуандым. Шынымды
айтсам, мен олар сақтық танытып, жағаға жақындамай
зәкірлерін түсіріп, біраз адамдарын шлюпканы күзетуге
қалдыра ма деп қорықтым: онда біз оны басып ала
алмас едік.
Жағаға түсе салысымен олар ең әуелі баркасқа
ұмтылды, оның бүкіл жабдықтары мен барлық жүктері
жоқ болып кеткеніне және түбіндегі аңырайып тұрған
тесікті кѳргенде олардың қалай таң қалғанын елестету де
онша қиынға соқпайды. Осы күтпеген жағымсыз сый
жайында ѳзара ақылдасып алған соң, олар енді баркаспен
келгендер естіп қала ма деген үмітпен дауыстап шақыра
бастады. Олар ұзақ тамақтарын қарлықтыра айғайлады,
бірақ еш нәтиже болмады. Енді олар алқа құрып тұра
қалды да, бірі бірдей бір кісінің бұйрығымен
мылтықтарын гүрс еткізді. Орман ішін ауыр жаңғырық
алып кетті, бірақ бұдан олардың ісі алға жылжымады:
үңгірде отырғандар ештеңе ести алмаушы еді; ал біздің
қасымызда болғандар, естісе де, жауап қатуға батылдары
жетпеді.
Олар ѳз жолдастарының аяқ астынан ғайып болып
кеткеніне абдырап қалғандары сондай (кейін ѳздері бізге
айтып бергендей), кемеге оралып, баркас тесілген, ал
253


адамдар, бәлкім, барлығы ѳлтірілген деп мәлімдемекші
болған. Біз олардың шлюпканы асығыс суға түсіріп, оған
отырып жатқанын кѳріп тұрдық.
Осы сәтке дейін кемені басып аламыз деп үміттеніп
тұрған капитанның еңсесі тіпті түсіп кетті. Ол кемедегілер
баркас командасының жоғалып кеткенін білсе, зәкірлерін
кѳтеріп жолға шығады, онда менің барлық үмітіммен қош
айтысқаным ғой деп қорқып тұрды.
Енді біразда оның қорқынышына жаңа бір себеп пайда
болды. Жағадан жиырма сажын да ұзап үлгірмеген
адамдары бар шлюпканың қайта оралып келе жатқанын
біз кѳріп тұрдық: олар ѳзара ақылдаса келіп, жаңа бір
шешімге келген болулары керек. Біз бақылауды
жалғастыра бердік. Олар жағаға табан тіреп, қайықта үш
адамды қалдырды да, қалған жетеуі, жоғалғандарды іздеу
мақсатында болса керек, аралдың түкпіріне қарай жол
тартты.
Іс біз үшін теріске айнала бастады. Біз жағаға түскен
жетеуін қолға түсіргеннің ѳзінде, шлюпкадағы үшеуінен
айырылып қалар болсақ, бұл бізге ешқандай пайда
әкелмес еді: олар оралысымен кемедегілерге болған
жайды бәрібір баяндап жеткізген кезде, кеме зәкірін
кѳтеріп кѳз алдымыздан ғайып болар еді.
Не болса да ақырына дейін тѳзімділікпен күтуден
басқа жол жоқ еді. Жеті адамды түсіріп жіберген соң, үш
адамы бар шлюпка жағадан әжептәуір ұзап барды да
зәкірін түсірді, сѳйтіп бізді ѳзіне жетудің бар
мүмкіндігінен айырды.
Жеті барлаушы жұбын жазбастан менің үйім тұрған
тѳбешікке қарай кѳтерілді. Біз оларды анық кѳріп
тұрғанымызбен, олар бізді кѳре алмайтын еді. Бәріміз
бірдей оларға оқ жаудыру үшін, олар бізге жақынырақ
келер ме екен деп, не болмаса, керісінше, олар алысырақ
кетіп, біз бой тасалап отырған жерімізден шығуға
254


мүмкіндік берер ме екен деп үміттендік. Бірақ түйетайлы
орманды аңғарлармен теңізге қарай түсетін, тѳбесінен
қарағанда 
аралдың 
бүкіл 
солтүстік-шығыс 
бѳлігі
кѳрінетін шоқының жотасына жетісімен, олар тоқтап,
тағы да дауыстары қарлыққанша айғайлап шақыра
бастады. Ақыры, жағадан және бір-бірінен алыс кетуге
қорықса керек, олар бір ағаштың түбіне отыра қалып
ѳзара кеңесе бастады. Алғашқы лекпен келгендердей
бұлардың тек ұйықтаулары ғана қалып еді; онда біздің іс
оңға басар еді. Бірақ қорқыныш ұйқыға жетелемейді,
ѳздеріне қандай қауіп тѳніп тұрғанын және оның қай
жақтан келерін білмесе де, бұл адамдардың бойын үрей
билеп алып еді.
Осы кезде капитанның басына бір тапқыр ой келді,
нақтылай айтқанда, егер олар жоғалған жолдастарына
тағы да мылтық атып белгі беретін жағдай туа қалса, олар
мылтықтарын қайта оқтап үлгергенше, біздер тарпа бас
салуымыз 
керек, 
ѳйткені 
олардың 
мылтықтары
оқталмаған болады деді. Сѳйтіп оларға енді берілуде
басқа ештеңе қалмайды және іс қантѳгіссіз аяқталады деді
ол тағы да.
Жоспар жаман емес еді, бірақ оның жүзеге асуы мына
бір шартты орындағанда ғана жүзегі асуы мүмкін-тін: біз,
жау дүркін оқ атқан мезетте, олар мылтықтарын қайта
оқтап үлгергенше, оның қасына жетііп үлгеретіндей
әжептәуір жақын қашықтықта болуымыз керек еді. Бірақ
дұшпан атуды ойына да алған жоқ. Кѳп уақыт ѳтті. Біз
бәріміз, қандай іске бел шешерімізді білмей, торуылда
отыра бердік. Ақыры мен: меніңше, қараңғы түскенше
бізге бірдеңе істеймін деп ойлаудың да еш реті жоқ дедім.
Қас қарайғанша жетеуі қайыққа оралмаса, онда біз түн
қараңғылығымен жағаға жасырын келіп, қайықта
отырғандарды алдап қолға түсіреміз дедім.
Уақыт тіпті де жылжымай қойды. Жауымыздың
255


қозғалар түрі жоқ. Біз бұлардың кеңесі бүгін аяқталмас
деп ойлағанбыз, ал олар орындарынан тұрып, теңізге
қарай нық қадам басқанда, біздің қалай кѳңіл күйіміз
түсіп қалғанын кѳрсеңіздер ғой. Шамасы, белгісіз қауіптің
қорқынышы жолдастық сезімнен жоғары болса керек,
енді олар барлық іздестірулерін қойып, кемеге оралуға
бел байлады.
Олардың жағаға бет алғандарын кѳргенімде, мен
оқиғаның мән-жайын бірден түсіндім. Менің қаіпімді
тыңдап болып, капитанның ұнжырғасы тіпті түсіп кетті.
Бірақ осы жерде менің басыма кенеттен дұшпанды кері
оралтудың жоспары келе қалды. Бұл жоспар менің
ниетіме керемет сай еді.
Мен Жұма мен капитанның кѳмекшісіне қойнаудан
батысқа қарай, Жұманы азат ететін күні жабайылар
жағаға табан тіреген жерге қарай барыңдар деп бұйрық
бердім; сосын, тѳбеге жарты мильдей қашықтыққа
кѳтеріліп, теңізшілер естігенше жандарыңды салып
айқайлаңдар дедім; аналар жауап берген кезде, орын
ауыстырып, тағы да дыбыс беріңдер, осылайша үнемі
орын ауыстыра отырып, жауды олар адасып кететіндей
болғанша орман түкпіріне алдап шақыра беріңдер де,
ѳздерің мен кѳрсеткен айналма жолмен маған қайтып
келіңдер дедім.
Қойнау жақтан Жұма мен капитанның кѳмекшісінің
даусы естілгенде теңізшілер қайықтарына отырып та
жатыр еді. Олар бірден жауап қатты да дауыс шыққан
тұсқа жағаны бойлап жүгіре жѳнелді; бірақ қойнауға
жеткен кезде тоқтауға мәжбүр болды, себебі су кѳтеріліп,
қойнаудағы су ѳте жоғары тұр еді. Олар ақырында ѳзара
кеңесіп алып, шлюпкада қалғандарға жақындап, бізді ана
жағалауға жеткізіңдер деп айғайлай бастады. Менің
күткенім де осы еді.
Қойнауды кесіп ѳтіп, тағы бір адам қосып алып, олар
256


ары қарай кетті. Осылайша шлюпкада екі адам ғана
қалды. Мен олардың оны қойнаудың ең аяқталар тұсына
апарып, дѳңбекке байлап жатқанын кѳрдім.
Біз үшін қалыптасқан жағдайдың қолайлылығы бұдан
артық болуы мүмкін емес еді. Жұма мен капитанның
жәрдемшісін ѳз істерін тындыра беруге қалдырып,
қалғандарына менің соңымнан еріңдер деп бұйырдым. Біз
дұшпандарымыздың кѳзіне түспей қойнауды кесіп ѳтіп
күтпеген жерден олардың алдынан шыға келдік. Бір
матрос шлюпкада отыр екен де, екіншісі жағада жатып
кѳз шырымын алып жатыр екен. Ѳзінен үш қадам жерде
бізді кѳрген ол орнынан тұрам деп қимыл жасап та
үлгерген жоқ, алдымызда келе жатқан капитан оны
мылтықтың дүмімен бір-ақ ұрды. Содан кейін ана
матростың да есін жидырып үлгіртпей:
«
Беріл, әйтпесе ѳлесің!» деп айғайлап жіберді.
Бес адамға қарсы ѳзі жалғыз екенін кѳріп тұрған, ол аз
дегендей жалғыз серігі кѳз алдында соққыға жығылғанын
кѳрген адамды берілуге кѳндіру үшін аса шешендіктің де
қажеті шамалы еді. Және бұл матрос, қастандыққа ѳз
еркімен емес, кѳпшіліктің қысымымен барған капитан
айтқан үшеудің бірі болып шықты. Сондықтан ол сѳзге
келместен ә дегенде ақ мылтығын жерге тастап қана
қойған жоқ, бірден, шамасы, шын жүректен шыққан
болуы керек, ѳзінің біздің жаққа ѳткісі келетіндігі
жайындағы тілегін білдірді.
Ал Жұма мен капитанның кѳмекшісінің осы кезде ѳз
міндеттерін мүлтксіз орындағандары сондай, бұдан артық
тілеудің де еш реті жоқ еді. Айқайлап, дыбыс беріп және
жауаптарына үн қата жүріп, олар матростарды бүкіл
аралды шарлатып, тѳбеден тѳбеге, орманнан орманға
жетелеп отырып, қас қарайып, түн батқанша шығу еш
мүмкін емес бір қалың жынысты түкпірге алдап апарған.
257


Дұшпандарын қалай естен тандырғандарын олардың
ѳздерінің діңкелеп келгендерінен де кѳруге болар еді.
Енді бізге теңізшілер қайтқан кезде қараңғыда оларды
тосып алып, күтпеген жерден тарпа бас салумен естерін
жиғызбай, нақты жайратып салу ғана қалып еді.
Жұма мен оның жолдасының оралғанына бірнеше
сағат уақыт ѳтсе де, аналардан еш хабардың дерегі
болмады. Ақыры, естідік: келе жатыр. Алдыңғылары
соңғыларына тездетіңдер деп айғайласа, соңғылары
аяғымызды әбден ауыртып алдық, шаршағаннан құлайын
деп келе жатырмыз, сондықтан бұдан тез жүре алмаймыз
деп жауап береді. Бұны есту бізге майдай жақты.
Міне, олар қайыққа жақын келді. Және бір айта
кететіні, осы бірнеше сағат ішінде су қайтып, бағана
айтқанымдай дѳңбекке байланған шлюпка жағаға шығып
қалып еді. Шлюпканың қайраңдап, ал адамдардың
жоғалып кеткенін кѳргенде олардың қандай күйге
түскенін 
суреттеп 
беру 
мүмкін 
емес. 
Олардың
тағдырларын қарғап, не шайтандар не қарақшылар
жайлаған дуаланған аралға тап келдік, не бізді ѳлтіреді, не
қара күштер алып кетеді деген айғайын естідік. Олар
бірнеше мәрте жолдастарының аттарын атап дауыстап
еді, әрине, еш жауап болмады. Күннің батып бара жатқан
әлсіз сәулесінің аясында біз олардың екі қолдарына
тыным бермей жүгіргендерін, кейде жүгіруден шаршап
қатты күйзеліс пен қайғыдан қайыққа мінгендерін, біресе
қайтадан жағаға шығып әрлі берлі адымдап жүргенін,
кейін осының бәрін тағы да тынымсыз қайталағанын
кѳріп отырдық.
Менің 
адамдарым 
қараңғы 
түсісімен
дұшпандарымызға бас салайық деп мені үгіттей бастады.
Бірақ мен қан тѳкпеудің қандай да бір мүмкіндігі болса,
оны болдырмауға тырыстым, әрі, ең бастысы, дұшпанның
мұздай қаруланғанын білгендіктен де, ѳз адамдарымның
258


ѳмірін оққа байлағым келген жоқ. Мен дұшпанның күші
бѳлінгенін күтуге бел байладым және ұрымтал тұстан
әрекет ету үшін торуылды қайыққа жақындатып қойдым.
Жұма мен капитанға бүлікшілер байқап қалмау үшін
еңбектей жылжыңдар және тек қана тіреп қойып атыңдар
дедім.
Олар бұл қалыпта кѳп бола қойған жоқ, ѳйткені
оларға ѳзгелерден бѳлінген екі матрос пен бұрын
айтылғандай бүлікке бастамашы болған, ал қазір мүлде
еңсесі түсіп кеткен боцман жолығып қалып еді. Ѳзінің
бақытсыздығына басты себепкер болған жанды сезген
кезде капитан бар тағатынан айырылып, оның осы кезге
дейін тек даусы ғана естіліп тұрғандықтан, ол ма, әлде ол
емес пе деп кѳзін жеткізу үшін, оның тағы жақын
келгеніне әзер шыдады. Ол жақындаған бойда капитан
мен Жұма орнынан атып тұрып шүріппені басып қалды.
Боцман сол бойда жан тапсырды, екіншісінің кеудесін
оқ тесіп ѳтіп жаралады. Ол да орған баудай құлады, бірақ
екі сағаттан соң ғана жан тапсырды. Үшінші матрос
қашып кетті.
Мылтық даусын естіген мезетте, саны жортуылды
қосқанда сегізге жеткен, армиямның негізгі күштерін алға
бастадым. Оның толық құрамы міне мынадай: мен –
генералиссимус, Жұма – генерал-лейтенант, сосын
капитан екі жолдасымен және олардың шын берілгеніне
сеніп, қатарымызға қосып, мылтықпен қаруландырған үш
тұтқын. Дұшпандарымыздың қасына әбден қараңғы түсіп,
қанша адам екенімізді айыра алмайтын қас қарайған
кезде келдік. Біздің қатарымызға ѳз еркімен жаңа ғана
қосылған, қайықта қалған теңізшіге жолдастарыңның
атын бір-бірлеп ата деп бұйрық бердім. Оқ атпастан
бұрын олармен тілдесіп кѳрмек ойым болды, егер олар
келісімге келсе, бұл істі адам шығынысыз аяқтағым келді.
Менің есебім дұрыс болды, неге екені айтпаса да түсінікті
259


еді. Оларға берілуден басқа амал да жоқ болатын. Менің
елшім тамағын жырта: “Том Смит! Том Смит!” – деп
айқай салды. Әлгі оны даусынан таныған болуы керек,

Сен кімсің, Робинзонбысың?” – деді. “Иә, менмін, менмін.
Том Смит, құдай үшін қарсыласпа, мылтығыңды жерге
таста, беріл, қарсылассаң, қазір-ақ кѳзіңді жояды”, – деді.

Кімге беріл дейсің? Оларың қайда?” – деп сұрады Том
Смит. “Сенің тура қасыңда!” – деді Робинзон. Біздің
капитан да осы жерде, қасында елу адамы бар. Сендердің
соңдарыңа түскеніне екі сағат болды. Боцман ѳлді. Виль
Фрай жарақаттанды, мен тұтқындамын. Тап қазір ѳз
еріктеріңмен берілмесеңдер, сендерді де атып тастайды”.

Ал берілсек, бізді жарылқай ма?” – деп сұрады Том
Смит. “Капитаннан сұрап кѳрейін, жауабын қазір
айтамын”, – деді Робинзон. Осы кезде капитанның ѳзі
сѳзге араласты. “Смит, қайдасыңдар, сендерге айтып
тұрмын. Менің даусымды танып тұрмысыңдар? Егер
мылтықтарыңды тастап, ѳз еріктеріңмен берілсеңдер,
Вилль Аткинстен басқаның бәрін кешіреміз”.

Капитан, құдай үшін, маған рақым ет!» деп ѳтінді
Вилль Аткинс. «Менің басқалардан қандай кемдігім бар?
Бәріміздің айыбымыз бірдей емес пе?” – деп Аткинс
жалына бастады. Әрине, мұның айтқанының бәрі
жалғантын, себебі бүлік шыққанда капитанның қол-аяғын
байлап және ѳте дѳкір мінез кѳрсетіп, жер-жебіріне жетіп
жаман сѳздер айтып, жәбірлеген де осы болатын. Бірақ
капитан оған ешқандай шартсыз беріл, ѳмір сүресің бе,
әлде ѳлесің бе, оны губернатор шешеді деді. Губернатор
деп капитан және басқалары мені атайтын.
Қысқасы, бүлікшілер мылтықтарын тастап, рақым ету
туралы жалына бастады. Менің бұйрығыммен менің
елшім мен тағы бір-екі жігіт олардың бәрінің қол-аяғын
матап тастады, бұдан кейін менің елу адамдық айбынды
армиям, шын мәнінде алдыңғы шепте жүретіндерді
260


қосқанда ол бар жоғы сегіз адамнан тұратын, оларды
қоршап алып, шлюпканы қолға түсірді. Бірақ мен және
Жұма, мемлекеттік тұрғыдан ойлап, тұтқындардың кѳзіне
түскеніміз жоқ.
Біздің бірінші шаруамыз қайықты жѳндеп алып,
кемені қалай басып алуды ойлау еді. Енді бүлікшілермен
еш кедергісіз сѳйлесе алатын капитан, олардың ѳзіне
жасаған қылықтарының пасықтығы мен жүзеге асыра
алмай 
қалған 
жоспарларының 
барып 
тұрған
жексұрындығының шынайы бейнесін ашып берді. Ол
оларға мұндай істер жақсылықпен аяқталмайтынын,
және оларды, бәлкім, дар ағашы күтіп тұрғанын да
айтып ѳтті.
Қылмыскерлер, меніңше, шын жүректен ѳкініп, тек
қана бір нәрсені, шыбын жанымызды қиыңдар деп
жалбарынды. Капитан бұған бұл жерде менің қолымнан
келер қайран жоқ, сендер менің емес, арал билеушісінің
тұтқынысыңдар деп жауап берді; олар оны елсіз, иен
жағаға түсіріп кеткеніне сенімді болатын, бірақ құдайдың
әмірімен 
оларды 
губернаторы 
ағылшын 
болып
табылатын елдік мекенге бағыттаған екен. “Ол қажет деп
тапса, бәріңді дарға асатын еді, бірақ ол енді сіздерге
кешірім берген соң, жазаларыңызды заң жүзінде беру
үшін Англияға аттандыратын шығар. Бірақ Виль
Аткинске губернатор ѳлімге дайындалсын деп бұйырды:
ол «ертең таңға жақын дарға асылады”.
Капитан бұл сѳздердің бәрін, әрине, ойдан шығарған
еді, бірақ оның бұл жорта айтқан сѳзі нысанаға дѳп тиді.
Аткинс капитанның аяғына жығылып, әміршіден араша
сұрап беріңізші деп жалына бастады, қалғандары да
Англияға аттанбауымыз үшін қол ұшын беріңіз деді
жалынып-жалпайып ѳлердегі сѳзін айтып құлдық ұрды.
Маған менің азат болар сағатым соққандай боп және
мына жігіттерді енді бізге кемені басып алуға кѳмектесуге
261


кѳздерін жеткізу, кѳндіру қиын еместей кѳрінді. Олар ѳз
губернаторларының түр-түсін анықтап кѳре алмас үшін,
мен аулақтап ағаштардың түбіне бардым да капитанды
шақырдым. Менің даусымды есітті де, біздің адамдардың
біреуі капитанға барып: “Капитан, сізді губернатор
шақырып жатыр”, – деп еді, капитан: “жоғары
мәртебеліге айтыңыз, қазір барам”, – деді. Губернатор елу
шақты әскерімен жақын жерде тұр деп ойласа керек,
капитанның бұл сѳзі тұтқындарға қатты әсер етті.
Капитан таяу келгенде мен оған кемеге қалай ие болу
керек екендігі жѳніндегі жоспарымды айтып бердім. Ол
менің бұл жоспарыма таңғалды да, ертеңгі күні-ақ жүзеге
асыруға дайын екендерін жеткізді. Жоспарды іске асыру
үшін тұтқындарды әр жаққа таратып, бір-бірінен
ажырату керек еді. Аткинсті қасындағы екі оңбағанымен
қоса қол-аяғын байлап, ѳткенде тұтқындар отырған
үңгірге апару керек болды. Үңгірге апару Жұма мен
капитанның екі жолдасына тапсырылды.
Олар үш тұтқынды менің үңгіріме алып барды,
тұтқындар үшін бұл үңгір абақтыдан кем емес болатын.
Қалғандары әңгіме барысында айтып ѳткен ѳзімнің
аралдағы саяжайыма жѳнелтілді. Саяжай айналасы биік
қорған, тұтқындардың аяқ-қолы байлаулы; олардың
тағдыры енді ѳздерінің тәртібіне байланысты еді.
Келесі күні таңертең олармен келіссѳз жүргізу үшін
капитанды жібердім. Жалпы бұл адамдарға сенуге және
оларды кемемен бірге алып жүруге бола ма деп капитан
олардың тамырын басып, сѳзге тартуы керек еді. Капитан
оларға барып: “Сендер мені жәбірледіңдер, ѳлтірмекші
болдыңдар, арты ѳздеріңді де қайғылы хәлге душар етті,
губернатор сендерді қазір ѳлтірмегенімен, Англияға
барғасын дарға асады, бірақ егер сендер мына
қарақшылардан 
кемені 
қолға 
түсіріп 
алуға
жәрдемдессеңдер, губернатор күнәларыңды кешеді”, –
262


депті. Ертеңгі күндері не болады деп кѳңілдері күпті
болып отырған тұтқындар, мұндай ұсынысты қуана қарсы
алды. Олар капитанның аяғына жығылып, жалынып-
жалбарына бастады; соңғы демі қалғанша адал қызмет
етуге ант беріп, күнәмізді кешетін болса, ѳмір бойы
қарыздар болып ѳтеміз, қамқоршы әке есебінде
қабылдап, жердің түбі болса да бірге барамыз деп ант-су
ішті. “Жарайды, бұл сѳздеріңді губернаторға жеткізіп,
ѳзімнің де сендерге кешірім беруге дайын екенімді айтып
кѳрейін”, – деді капитан. Капитан маған оларға
айтқандарын баян етіп, бұлардың енді арам ниеттері жоқ,
еш күмәнсіз сенуге болады деді.
Одан да сенімдірек болу үшін мен капитанға
теңізшілердің арасына барып, ѳзіне бес кѳмекші таңдап
алуына ұсыныс жасадым; бірақ оларға біздің адамдарға
мұқтаж емес екенінімізді білдіріп, оларға ерекше рақым
ретінде ғана осы қадамға барып отырғанымызды
жеткізіңіз дедім. Ал менің қамалымда (яғни менің
үңгірімде) отырған екеуіне үшеуін қосып губернатор
кепілдікке алады, ал егер олар анттарынан таятын болса,
бесеуі де жағалауда дарға асылады деп айт дедім.
Мұндай қатал шешім губернатормен қылжақтауға
болмайтынын түсіндіруге тиіс еді. Қалай болғанда да,
олардың менің талабымды орындамасқа амалдары жоқ-
тын. Бес тұтқынның қабылдаған анттарынан айнымауы
енді кепілге алынғандардың ѳздерінің және осыны оларға
жақсылап тұрып жеткізуге тиіс капитанның бас ауыртар
уайымына айналып еді.
Сонымен, енді біз мынадай әскери күшке ие болдық: 1)
капитан, оның кѳмекшісі және жолаушы; 2) бірінші
партиямен келгенде қолға түскен екі тұтқын, – капитан
олар үшін кепіл боламын деген соң, екеуіне де еркіндік
беріп, қолдарына қару ұстаттым; 3) қолдарын байлап,
саяжайға апарған екі тұтқын, – оларға да капитанның
263


ѳтініші бойынша еркіндік бергенмін; 4) ақырында, ең
соңынан еркіндік алған бес адам: кепіл есебінде үңгірде
қалған бесеуін есептемегенде барлығы он екі адам.
Мен капитаннан осы күшпен кемеге шабуылдауды
мүмкін деп ойлайсыз ба деп сұрадым, ѳйткені Жұма
екеуміздің бұл арадан алыстауымыз қолайсыздық
туғызады, себебі бізде жеті тұтқын бар, оларды бѳлек-
бѳлек күзетіп, тамақтандырып тұру керек екенін айттым.
Үңгірдегі бес тұтқынға қатаң тәртіп орнаттым. Жұма
оларға күніне екі рет ас-су апарып беріп тұрды. Саяжайда
жатқан екі тұтқынға да азықтарын жеткізіп тұрды. Бірде
саяжайдағы екі тұтқынға капитанмен бірге ілесіп келдім.
Капитан оларға менің губернатордың сенімді ѳкілі
екенімді, тұтқындарды бақылап тұруды губернатор маған
тапсырғанын; оның рұқсатынсыз бір қадам аттай
алмайтындарын, 
егер 
қарсылық 
кѳрсете 
бастаса,
қолдарына кісен салып, қамауда ұстайтынын айтты. Осы
уақытқа дейін олардың губернатор есебінде кѳздеріне
түспесем де, қызметтегі адамның кейпіне еніп, әлгілердің
кѳзінше, губернатор, гарнизон, абақты, тағы да басқа
сѳздерді айту маған аса қиын болған жоқ.
Капитан енді екі қайықты да жабдықтап, біреуінің
түбіндегі тесігін жамап, оларға отыратын адамдарды
тағайындауға кірісті. Ол бір қайыққа жолаушыны
командир етіп тағайындап, қарамағына тѳрт адам берді;
ал ѳзі және кѳмекшісі, бес теңізшімен екінші қайыққа
отырды. Олардың аттанысы сәтті болғаны сондай, түн
ортасында 
кемеге 
барып 
жетіпті. 
Кемедегілердің
дауыстары 
естілетіндей 
жерге 
жеткенде 
капитан
Робинзонға: бастапқыда кемедегілерді дауыстап ұзақ
іздеуге тура келді, қайық пен адамдарды жіберіп отырмыз
деп, сосын әңгімеге тартып алаңдату керек деді. Бұл ѳтірік
әңгімеге алаң боп тұрғанда, қайық кеменің түбіне келіп
жетті. Кемеге жеткен бойда капитан мен кѳмекшісі
264


тездетіп палубаға шығады да, мылтықтың дүбімен
капитанның екінші кѳмекшісі мен кеме шеберін ұрып
жығады. Палубадағылардың бәрін ѳз теңізшілерінің
кѳмегімен тұтқынға алып, содан кейін тѳмендегілер
шығып кетпеуі үшін люктің аузын бекітеді. Сол кезде
кеме тұмсығы жағынан екінші қайық келіп үлгерді, бұл
топ кеме асханасы арқылы түсетін жақтан люкке кіріп, үш
адамды тұтқындады.
Дұшпандарды 
құрықтағаннан 
кейін, 
капитан
кѳмекшісіне үш теңізші отырған каютаның есігін бұзып,
бүлікшілер 
тағайындаған 
жаңа 
капитанды 
алып
шығыңдар деп бұйырды. Бір дүрмектің боларын сезіп
қаруланған іштегілер, тойтарыс беруге дайындалған екен,
капитан кѳмекшісі ѳз адамдарымен каютаның есігін
ашпақ болғанда, іштегі жаңа капитан мен оның
жақтастары бұларға қарсы ұмтылды. Кѳмекшінің қолына
оқ тиді, екі теңізші де жарақат алды, бірақ ешкім ѳлген
жоқ. Капитан кѳмекшісі ѳзінің жарақатына қарамай
жедел 
каютаға 
еніп, 
жаңа 
капитанның 
басына
тапаншасын тақап тұрып атты, оқ аузынан кіріп,
құлағынан бір шықты. Бұл оқиғадан кейін қалғандары
сѳзге келмей беріліп, ешбір қан тѳгілген жоқ.
Жағдайды жайластырған соң, капитан жеті рет
атыңдар деп бұйрық берді. Бұл іс сәтті ѳткен соң, маған
берілер белгі еді. Сағат түнгі екіні кѳрсеткенше мен осы
хабарды 
күттім, 
қалай 
қуанғанымды 
ѳздеріңіз
түсінерсіздер.
Жеті рет берілген белгіден соң, күні бойы жүріп
қалжыраған мен қатты ұйқыға кетіппін. Бір кезде
зеңбірек тағы да атылды, даусынан шошып оянып атып
тұрдым. “Губернатор, губернатор!” деген капитанның
даусын бірден таныдым. Ол тауда, менің қамалымның
алдында тұр екен. Мен оған тездетіп кѳтерілдім, ол маған
құшағын жайып тұр екен, кеме тұрған жақты нұсқап:
265



Менің аяулы досым, құтқарушым, міне, сіздің кемеңіз.
Кеме де, біз де сіздің құзырыңыздамыз”, – деді. Теңіз
жаққа назарымды бұрғанда жағадан жарты миль жерде
тұрған кемеге кѳзім түсті. Ѳзін командир есебінде сезінген
капитан, сол сәтте-ақ зәкір түсіріңдер деп бұйрық беріпті.
Қайыққа мініп, желдің ығымен маған жеткен екен.
Үйімнің түбінде тұрған кемені кѳргенде, қатты
қуанғаннан есім шығып кетті. Менің де аралмен қош
айтысар сәтім келді-ау. Басыма ақ күн туды десем де
болады. Енді еш кедергі жоқ, кѳз алдымда қайда барамын
десем де мініп кете берер үлкен кеме пайда болды. Қатты
толқығаннан тілім күрмеле берді. Егер капитан қуатты
қолдарымен қатты қысып ұстап тұрмағанда, құлап та
қалар ма едім.
Есеңгіреп тұрғанымды түсініп, мен үшін әдейі алып
шыққандай, капитан қалтасынан кішкене бір ыдысты
аузыма тақап, бір жұтқызды да, сүйемелдеп жерге
отырғызды.
Ѳз-ѳзіме келгеніммен, кѳпке дейін сѳйлей алмай тілім
күрмеле берді.
Байғұс капитанның да қуанғанынан есі шықты. Мені
жас баладай жұбатып, маған шын жақындығын сездіріп,
жылы сѳздер айтты. Бірақ оның айтқандарын жѳнді ұға
алмадым, бақыттан басым айналып кетсе керек. Іштегі
шерім кѳзімнен жас болып ақты, кѳңіл шері тарқаған соң
барып, тіл қатуға шамам келді.
Есімді жиған соң барып досымды, құтқарушымды
құшағыма алдым. Екеуміз де қуанышымызды жасыра
алмадық. Мен оған сен құдайдың жіберген адамысың,
біздің басымыздан кешкендеріміздің бәрінде бір құпия
бар, мұндай оқиғалар әлемді билейтін бір тылсым күштің
бар екендігінен хабар береді, әлемнің әр түкпіріндегі
бақытсыздарға жаратушының ѳзі кѳмектеседі дедім.
Кѳкке қарап ризашылығымды білдіруді де ұмытқан
266


жоқпын. Шѳл далада жалғыз қалғанымда сүйеніш болған,
жалғыздықтан есалаң болып кетпеуіме жәрдемдескен,
бүгінгі қуанышты күнім үшін, игілік пен шаттықтың,
қуаныштың бастауы болған жарылқаушыма алғыс
айтпауға бола ма.
Біраз отырғаннан кейін капитан кемені ұзақ уақыт
бойы 
иеленген 
оңбағандардың 
қорынан 
тауысып
үлгермеген кѳңіл сергітерлік бір нәрсесін әкелгенін айтты.
Капитан қайықта отырған теңізшілерге губернаторға
арнап әкелген жүкті түсіріп, жиекке шығарыңдар деп
бұйрық берді. Жүктердің кѳп болғаны сондай, егер мен
аралды мекендей берсем, ѳмірімнің соңғы күніне дейін
жетерліктей.
Әкелінген заттардың арасында қаздай тізілген кѳңіл
сергітер сусындар, бұдан басқа екі фунт темекі, он екі
бѳлек сиырдың еті, алты бѳлек шошқа еті, бір қапшық
бұршақ, жүз фунттай кепкен нан, бір жәшік қант, бір
жәшік ұн, қапшық толы лимон, екі бѳтелке лимон суы
және басқа да түрлі-түрлі тағамдар. Бәрінен бұрын досым
маған ішіп-жер тағамнан гѳрі мың есе қажеттілік
тудырған киім-кешек ала келіпті. Ол маған жаңа
кѳйлектер, алты мойын орамал, қолғап, қалпақ, башмақ,
шұлық, мүлде киілмеген жаңа костюм ала келіпті, бір
сѳзбен айтқанда, мені бастан-аяқ киіндірді.
Менің сол кездегі жағдайым үшін бұл үлкен сый
болғанын елестету қиын емес еді. Алғашқы кездерде бұл
киімдерді кигенімде қобырап, үйлеспей жүрді. Олжалы
заттарымызды қарап болған соң, оларды қамалға
апарыңдар деп бұйрық беріп, содан кейін тұтқындармен
не істеу керектігін кеңесе бастадық. Мәселе, капитан
сенімсіз адамдар деп баға берген екеуін ѳзімізбен бірге
алып жүрсек кесірлері тие ме, жоқ па дегенге тірелді. Біз
бұларды 
тұтқын 
есебінде 
алып 
қол-аяқтары
кісенделгеннің ѳзінде, бұл жексұрындарды алғашқы
267


кездескен ағылшын колониясының сотына тапсыруымыз
керек 
дегенді 
айтты. 
Бұл 
мәселе 
мені 
қатты
мазасыздандырады деді капитан.
Сіз қарсы болмасаңыз, мен бұларды ѳз еріктерімен
осы аралда қалдыруларын жалынып сұрайтындай етіп
берейін дедім. “Әрине, мен бұған тек қуанатын боламын”
деді капитан.

Жақсы, – дедім мен, – қазір мен оларды
адамдарымды жіберіп алдырып, сіздің атыңыздан
сѳйлесемін”. Сосын Жұманы және екі тұтқынды (біз
оларды босатқанбыз) шақырып алып, үңгірдегі бес
тұтқынды алып саяжайға баруға бұйрық бердім, мен
келгенше қол-аяғын шешпеңдер дедім. Біраз уақыт
ѳткеннен соң мен оларға жаңа костюмімді киіп, бұл жолы
губернатордың ѳзі ретінде бардым. Бәрі жиналып,
капитан да қасымнан орын алған соң, аяқ-қолдары
байланып жатқандарды алып келіңдер дедім; мен оларға
капитанға жасаған қастықтарың, кемеде кѳрсеткен
зорлық-зомбылықтарың бүге-шігесіне дейін мәлім етіп,
құдай кѳмекке келмегенде қарақшылық істерің жалғасын
таба берер ме еді, енді, міне, біреуге ор қазып, ѳздерің
түсіп тұрсыңдар дедім. Мен оларға менің ѳкімім бойынша
кеме заңды иесіне қайтарылады және жорыққа аттанғалы
тұр, енді сендер таңдаған жаңа капитанды сатқындығы
үшін лайықты жаза күтіп тұр; оны кѳп ұзамай рейде
асылып тұрғанын кѳресіңдер дедім. Сосын мен олардан
ѳздеріңді ақтап сѳйлейтін сѳздерің бар ма, ѳйткені мен
сендерді де қарақшы деп танып, дарға асуға толық құқым
бар дедім.
Олардың арасынан біреуі шығып: біздің ақталар
сѳзіміз жоқ, бірақ капитан рақым етеміз деп уәде берген,
сондықтан сізден мойынсұна кешірім ѳтініп, жанымызды
аман алып қалуды жалбарына сұраймыз деп барлығының
атынан жауап берді. Мен оларға: “Шынымды айтасам,
268


сендерге 
қандай 
қайырымдылық 
кѳрсетерімді 
де
білмеймін. Мен барлық адамдарыммен аралды тастап
кетуге бел шештім; біз кемемізбен Англияға аттанамыз.
Ал сіздерге келетін болсақ, капитан мен оларды Англияға
келісімен бүлік пен сатқындықтары үшін сотқа беруге
аяқ-қолдарына кісен салып қана ѳзіммен бірге алып жүре
аламын деп отыр. Ал сендерді бұл үшін дар ағашы күтіп
тұрғанын жақсы білесіңдер. Сондықтан сендерді ѳзімізбен
бірге алып жүргеніміз қайырымдылық бола қояр ма екен.
Егер менің ойымды білгілерің келсе: мен сендерге аралда
қалуға кеңес берер едім; осы жерде орын тебуге тырысып
кѳріңдер: тек осы жағдайда ғана, – ѳйткені маған осы
жерден кетуге рұқсат етілгендіктен де, – мен сендерге
рақымшылық жасай аламын».
Олар менің ұсынысымды қуана қабылдады және маған
шексіз алғыстарын білдірді, олар дар ағашының тұзағына
іліну үшін ғана Ангилияға барғаннан гѳрі, шѳл далада
ѳмір сүргеніміздің ѳзі артық дегенді айтты.
Капитан ұсынысыма қарсы болғандай кейіп танытып,
оларды мұнда қалдыруға батылым бармайды деді. Сол
шақта мен де, ѳз кезегімде, оған ашуланғандай түр
кѳрсеттім. Мен оған: «Бұлар менің тұтқыным, сіздікі емес.
Мен оларға рақым етемін деп уәде беріп едім және
сѳзімде тұрамын; егер сіз менімен келісуді мүмкін деп
таппасаңыз, мен қазір оларды бостандыққа қоя беремін,
сосын оларды қалай ұстайты-ныңызды ѳзіңіз білесіз»
дедім.
Оларға ара түскенім үшін тұтқындар тағы да маған
ыстық алғыстарын жаудырды, осылайша іс ѳз ретіне келіп
те қалған еді. Мен олардың қол-аяғын босатуға бұйрық
беріп оларға: “Енді орманның біз сендерді алып кеткен
тұсына барыңдар; мен сендерге бірнеше мылтық, киім-
кешек қалдыруға бұйрық беремін және алғашқы кезеңге
қажетті кеңес айтамын. Егер қаласаңдар, бұл жерде
269


жаман ѳмір сүрмейсіңдер» дедім. Осы келіссѳздерден
кейін үйіме келіп, жолға жинала бастадым. Мен
капитанға 
ескерттім; 
келесі 
таңға 
дейін 
дайын
болмайтынымды айтып, сіз менсіз кемеге барып оны
жорыққа дайындай беріңіз, ал маған таң ата қайық
жіберерсіз» дедім. Айтпақшы, деп сѳзімді жалғадым мен,
осы жерде қалатын ана бесеуіне сабақ болсын, ѳлген
капитанның денесін желкенге керіп қойыңыздар.
Капитан кемеге аттанған бойда мен бес тұтқынды
алдырып, олардың алдағы тұрмысы жайлы әңгіме
қозғадым. Сендердің таңдауларың дұрыс болды дедім
мен, сѳзімді қайталап, егер отандарыңа оралар болсаңдар,
сендерді тек ѳлім жазасы күтіп тұрар еді деп, кеме
желкенінде керіліп тұрған жаңа капитанның жансыз
денесін кѳрсеттім.
Олардың аралда шын кѳңілдерімен, қуана-қуана
қалып тұрғандарына кѳзімді жеткізген соң, аралдағы
ѳмірлерінің алғашқы кезінде қиындыққа душар болмасын
деп, аралдағы ѳмірімнің тарихымен таныстыру ниетімен,
әңгімемді бастап кеттім. Мен оларға аралға келген
күнімнен жүзім жинағанымды, күріш, арпа еккенімді, нан
пісіруді үйренгенімді түгел тәптіштеп тұрып айтып
бердім. Мен оларға қорғанымды, егістігімді, қотанымды
кѳрсеттім, – бір сѳзбен айтқанда, оларды мейілінше
ыңғайлы орналасуы үшін қолымнан келгеннің бәрін
аямадым, 
сондай-ақ, 
жуырда 
оларға 
он 
алты
испандықтың келетінін де айтуды ұмытпадым; мен оларға
келетін 
қонақтарға 
деп 
хат 
беріп, 
оларды 
ѳз
қауымдастықтарына 
тең 
құқықты 
жағдайда
қабылдайтындықтары жайлы уәделерін алдым.
Мен оларға барлық қару-жарағымды, атап айтқанда
бес мушкет, үш аңшы мылтығын және үш шпага, сондай-
ақ бір жарым бѳшке күкірт қалдырдым; оның менде
мұнша кѳп қалған себебі, алдыңғы екі жылды айтпағанда,
270


мен мылтықпен атпадым десе де болады. Мен оларға
ешкілерді бағу, сауу, сүт алу, ірімшік жасау жайлы да кѳп
кеңес бердім. Келтесінен қайырсам, оларға аралда ѳткен
бар күндерімді жайып салдым. Сѳзімді қорыта келе,
капитаннан сендерге тағы жарты бѳшке бытыра, жеміс-
жидектер тұқымын қалдыру жѳнінде ѳтінемін дедім.
Капитанның маған әкелген бір қапшық бұршағын да
тұқымдыққа сақтаңдар деп соларға бердім.
Осы ақыл-кеңесімді оларға айтып, екінші күні
таңертең кемеге келіп жеттім. Бірақ аттануға қанша
асықсақ та, сол түні зәкірімізді кѳтеріп жолға шыға
алмадық. Келесі күні, таң ата бес тұтқынның екеуі қалған
үшеуіне қатты шағым айтып, кемеге жүзіп жетті. Олар
Иса мәсіһтің атымен жалбарынып, одан кейін асып
қоятын болса да ѳзімізбен бірге ала кетуімізді сұрады,
ѳйткені, олардың сѳзіне қарағанда, егер олар аралда қалса
бәрібір ѳлім күтіп тұр екен.
Олардың ѳтініштеріне жауап ретінде, капитан менің
рұқсатымсыз оларды ала алмайтынын ескертті. Бірақ
ақырында, 
олар 
түзеліп, 
ѳздерін 
үлгілі
ұстайтындықтарына салтанатты түрде ант қабылдатуға
мәжбүр етіп, біз оларды кемемізге алдық. Біраз тоқмаш
жеп және дүреленген соң олар ѳте әдепті және кѳнгіш
жігіттерге айналды.
Су кѳтерілген соң капитан аралдағы тұрғындарға
берген уәдесі бойынша, заттарды тиеп шлюпка жіберді.
Менің ѳтінішім бойынша бұл заттарға ол олардың киім-
кешектері салынған сандықты да қосты, олар бұған
керемет риза болды. Мен де оларды ұмытпайтынымды
айтып, егер жолшыбай кеме кездессе сендерге жіберемін
деп уәде беріп, кѳңілдерін бір кѳтеріп қойдым.
Аралмен қош айтысып, ѳткен күндерден белгі ретінде
ѳзіммен бірге ешкі тымағымды, қолшатырымды және бір
тотықұсты алдым. Бір кезде сіздерге айтқан ақшаларды
271


алуды да ұмытпадым, бірақ олар қолданыссыз ѳте кѳп
жатқаны сондай, әбден күңгірттеніп және тот басып
кетіпті, тек жақсылап тұрып тазалағаннан кейін ғана олар
қайтадан күміске ұқсай бастады; мен сондай-ақ испан
кемесінің қирандыларынан тапқан ақшаларды да алдым.
Осылайша мен жиырма сегіз жыл, екі ай, он тоғыз күн
дегенде аралмен қош айтысып, кеме күнтізбесі бойынша
1686 
жылы, желтоқсанның 19-ы күні аралдан аттандым.
Аралмен 
қоштасқан 
уақытым, 
баяғыда 
Салех
маврларынан қашып шыққан уақытыма тура келеді.
Теңізде ұзақ уақыт саяхаттап, отыз бес жыл уақыт
ѳткесін, 1687 жылы маусымның 11-і күні Англияға
жеттім.
Англияға келгенімде барлығына жат, ешқашан мұнда
келмегендей сезіндім. Менің ақшамды сеніп тапсырған
жарылқаушы әйел тірі екен, бірақ кѳп тауқыметті
басынан кешіп, екінші рет жесір қалып, тұрмысы ѳте
нашарлап кетіпті. Маған қарызбын деп уайымдамаңыз,
ешнәрсе де талап етпеймін деп сендірдім. Сіздің маған
шын берілгеніңіз бен қам жегеніңіз үшін деп шамам
келгенше ол әйелге кѳмектестім. Мен бұдан бұрынғы
жақсылықтарыңызды ұмытпаймын деп уәде бердім, ісім
оңға басқасын мен ол әйелге кѳмектесе бастадым. Ол
туралы уақытында айтып берермін.
Бұдан кейін Йоркшир қаласына келдім, бірақ менің
әкем қайтыс болып, анам да о дүниелік болыпты, екі
әпкем мен ағамнан қалған екі баладан басқа менің
әулетінен ешкім де қалмаған екен; мені баяғыда ѳлдіге
санап, әкемнен қалған мұрадан ештеңе қалдырмапты. Бір
сѳзбен айтқанда, мен ақша да, кѳмек те тапқан жоқпын,
ал менің қолымдағы барым, жағдайымды жасау үшін тым
жеткіліксіз еді.
Бірақ та мен ризашылық сезім кѳрінісін, ѳзім үшін
мүлдем күтпеген жерден, оны пәле-қазадан сондай сәтті
272


аман алып қалып, кемесін де, жүгін де құтқарып қалған
кеме капитанынан таптым. Ол кеме қожайындарына мені
әбден мақтап, матростарды қалай құтқарып қалғандығым
жайында кѳп нәрсе айтқаны сондай, олар, жүкке мүдделі
басқа кѳпестермен қосылып мені ѳздеріне шақырып,
кѳңілге жайлы тиер кѳп сѳздер айтып, қолыма екі жүз
фунт стерлинг ұстатты. Алайда ѳз тұрмыс жағдайымды
ойлай келе Англияда орнығып кетуіме үмітім аз болған
соң, Лиссабонға барып қайтуды ойладым. Бразилиядағы
плантацияма барып, мені әлдеқашан ѳлдіге санаған
серігім туралы да хабар алғым келді. Осы мақсатпен
Лиссабонға аттанып, сәуір айында сол жерде болдым, осы
сапарда Жұма үнемі менің жанымда болды және ѳзіме
адал берілгеніне әлденеше рет кѳзім жетті. Лиссабонға
келе салып ѳзімнің зор қуанышыма орай алғаш рет
Африка жағалауына жолаушы есебінде ала кеткен
ѳзімнің ескі досым, португалдық капитанды сұрастыра
келе тауып алдым. Ол қартайып, теңізге шықпайтын
болыпты, ал кемесін ұлына тапсырыпты, ол да біраз
жасқа келіп қалған екен, Бразилия мен сауда-саттықты
үзбей кемені ұлы жүргізетін болыпты. Шал мені
танымады, менің де оны тануым екіталай еді. Бірақ та
оның жүзіне бажайлап қарған соң ғана оның бет әлпетін
еске түсірдім, ол да, мен ѳзімнің кім екенімді айтқан соң,
мені есіне түсірді.
Екі тараптан да болған қызу достық амандық-есендік
сұрасудан соң, мен, әрине, ѳзімнің плантациям мен
серігім туралы сұрауды да ұмытпадым. Шал маған,
Бразилияда болмағаныма тоғыз жылдан асқанын, соңғы
рет барғанымда серіктесің тірі еді, ал сенің плантация
бѳлігін сеніп тапсырған адамның екеуі де қайтыс болған
деді. Соған қарамастан, оның ойынша, мен ѳз плантациям
туралы және онда жүргізілген жақсартулар туралы дәл
мәлімет ала алады екенмін, ѳйткені менің ѳлгеніме не суға
273


батып кеткеніме әбден сенімді болған қамқоршыларым,
менің плантациямнан түскен табыс туралы қазына
шенеунігіне мәлімдеп отырған, ал ол болса, ѳз кезегінде, –
егер мен оралмаған жағдайда, – бүкіл менің мал-
мүкәмалымды тәркілеп, түскен табыстың үштен бірін
қазынаға, ал үштен екісін әулие Августин монастырына
және үндістерді католик дініне шоқындыруға жұмсауға
қаулы еткен. Бірақ мен ѳзім келіп, болмаса біреулер
арқылы ѳз құқымды талап етсем, жыл сайынғы
табысымды есептеп, қайырым-дылыққа жұмсалған
қаражат ѳзіме қайтарылады екен. Ол мені қазына
табысын есепке алушы мемлекеттік шенеунік пен
монастырь экономы серіктестернің жыл сайынғы кіріс
туралы есебін қатаң қадағалап отырды деп сендірді.
Мен капитаннан плантация есебі қаншаға артты,
онымен енді айналыссам пайда бар ма, егер мен ѳз
құқығымды талап етсем, сіздің ойыңызша, еш кедергісіз
ѳз иелігімдегі бѳлікті иемдене аламын ба деп сұрадым.
Ол анығын айта алмайтынын жеткізіп, плантация
ѳнімінің артқаны сондай, тек бір бѳлігін иеленген менің
серіктесім тіпті байып кетті деді. Ал заңды құқығым
жѳнінде сұраудың да қажеті жоқ, ѳйткені сенің
серіктестерің тірі, олар сенің сѳздеріңді растайды және
сенің аты-жѳнің де жер иелерінің тізімінде бар деді.
Сосын ол маған ѳзің қалдырып кеткен мұрагерлерің жан-
дүниелері таза және ѳте ауқатты адамдар, олар сенің
меншіктік иелігіңе кіруге кѳмектесіп қана қоймайды, олар
тіпті плантацияны ѳздерінің әкелері иеленіп, әлі табыс
қазынаға түспеген кезден бастап-ақ, яғни, оның есебі
бойынша, шамамен он екі жылдай мерзімдегі ѳнімдерден
қалған әжептәуір сомадағы ақшаны саған табыстайды
деді.
Бұл хабар мені біраз таңғалдырды, мен бойыма
қорқыныш кіріп, капитаннан менің ѳсиет жазғанымды
274


және жалғыз мұрагер қылып оны, португалдық
капитанды 
тағайын-дағанымды 
біле 
тұрып,
қамқоршыларым менің жеке меншігіммен неге осылайша
иелік еткен деп сұрадым.
– 
Иә, дұрыс айтасың, бірақ сіздің ажалыңызды
айғақтайтын, ѳліміңізді жариялайтын еш белгі болмаған
соң, мен сіздің ѳсиетіңізді орындаушы ретінде әрекет ете
алмадым, – деді шал. – Сіздің плантацияңызды иеленгім
де келмеді, – бұл бір қиыр шет, ѳте алыс жер. Сіздің
ѳсиетіңізді, ѳзімнің құқымды да талап етіп, ѳлгеніңізді я
тірі екеніңізді растай алып, сенімхат бойынша әрекет
еткенде, инджениюге1 иелік етер едім, болмаса
Бразилиядағы ұлыма аманаттар едім. Бірақ, – деді шал, –
мен сізге алдыңғылардан да жайсыз бір хабарды айтуым
керек, сіздің серіктесіңіз бен қамқоршыларыңыз сіз
қайтыс болды деп, – бірақ бәріміз де солай ойладық қой,
– 
алғашқы жеті-сегіз жылда түскен табыстың есебін маған
айтып, ақша берді. Сол кезде плантация шаруашылығы
үшін кѳп қаражат керек болды: зауыттар ашу, құлдар
сатып алуға қыруар ақша жұмсалды. Мен сізге қанша
түсім кѳріп, қаншасын жұмсағаным туралы сосын анық
есеп беремін, – деді ол.
Бірнеше күн ѳткен соң шал маған алғашқы алты
жылдың есебін кѳрсетті. Есепті менің серіктесім мен екі
қамқоршым жазып, қолдарын қойыпты. Кіріс тауар
ретінде кѳрсетіл-гендердің қатарына, мысалы, темекі
орамы, бір жәшік қант, бѳшке ром кірген. Есеп
бойынша 
байқағаным, 
кіріс 
жылдан-жылға 
ѳсіп
отырған. Шығыс болмай, кіріс болмайтыны секілді,
басында кіріс аз болғанымен, соңында әжептәуір
кѳрсеткішке ѳскен. Қарт капитанның есебі бойынша ол
маған тѳрт жүз (1Шекер зауытын солай атайды.) жетпіс
алтын ақша, алпыс жәшік арақ, он бес қос орамды
темекі қарыз екен. Бұл тауарлар менің хабарсыз
275


кеткеніме он бірінші жыл толғанда, Бразилиядан
Лиссабонға келе жатқанда кемемен бірге апатқа
ұшыраған.
Ол басына түскен қиын-қыстау күндері шығындарын
ѳтеу үшін амалсыздан менің ақшаларымды жұмсағанын,
жаңа кеме сатып алғаны жайлы айтты. “Дегенмен, ескі
досым, еш қиындық кѳрмейтін боласың, ұлым келгеннен
соң, ақшаларыңды қайтарады”, – деді де, қалтасынан ескі
әмиянын шығарып ақша берді. Қарыз ақшалары үшін
кепілдік ретінде ұлы Бразилияға аттанған кемені иеленуге
хұқық беретін құжаттарын берді; ол барлық пайлардың
ширегіне, ал ұлы басқа ширегіне ие екен.
Бұған мен енді жол бере алмайтын едім; шалдың
адалдығы мен мейірімділігін кѳріп, қатты толқыдым;
оның маған кѳрсеткен жақсылығы, мені теңізде құтқарып
қалғаны әлі кѳз алдымда; бәрінен бұрын араға жылдар
салып жүздессек те адалдығынан айнымағанын, шынайы
достығын сезінгенімде жанарыма жас тығылып, ѳз-ѳзімді
әрең ұстап тұрдым. “Сіздің жағдайыңыз қарыздарды
толығымен жабуға келе ме, ѳзіңіз қысылып қалмайсыз
ба?” – дедім ыңғайсызданып. “Расын айтсам, кішкене
ауырлау болады, бірақ ақша сенікі ғой, менен гѳрі
мұқтаждық кѳріп тұрған сенсің ғой”, – деді ол.
Шалдың әр сѳзінен маған жанашырлығы сезіліп
тұрды, тұла бойым шымырлап, толқып тұрдым.
Қысқасын айтсам, мен оның жүз мойдорын алдым, сосын
қағаз, қалам сұрап алып, қарыз ақшаларым жѳнінде
қолхат бердім. Ѳз плантациямды ѳз иелігіме алған соң,
қалған ақшаларды да қайтарып беремін дедім, кейін
солай істедім де. Ал кемені менің иелігіме беремін деген
сѳзіне келсек, мен онымен ешқашан келіспес едім: егер
мен ақшаға мұқтаж болса, – ол ѳзі-ақ береді, – оның адал
жан екеніне әбден кѳзім жетті; ал егер мұқтаж болмасам,
ол ѳзі маған үміттенуге негіз бергендей, плантацияма
276


қайта иелік ететін болсам, шалдан қара бақыр да
алмаймын.
Осыдан кейін шал маған плантацияға ѳз хұқығымды
мәлімдеуді үйретейін деп ұсыныс жасады. Мен ол жерге
ѳзім барып келсем деген ойым бар, дедім. Ол қарсы уәж
айтып, әрине, қалап тұрсаң барып келуіңе болады, бірақ
одан басқа да ѳз құқығыңды орнықтырып және тез арада
түсімді пайдалану құқығына кірудің неше түрлі әдістері
бар деді. Тахода Бразилияға аттануға дап-даяр тұрған
кемелердің бар екенін біліп, ол менің аты-жѳнімді ресми
кітаптарға енгізді және менің тірі екенімді, аталмыш
плантацияны салуды жоспарлаған жердің алғашқы заңды
иесі тап осы мен екенімді антпен куәландырды. Содан
кейін мен нотариусте оның Бразилиядағы таныс бір
кѳпесінің атына сенімхат жаздым. Бұл сенімхатты хатпен
жолдап, ал маған жауап келгенше осында қал деп ұсыныс
айтты.
Сенім хат бойынша әрекет еткен Бразилиядағы
кѳпестен ісін адал атқарған адам сірә жоқ шығар: жеті
айға толар-толмаста мен сенім артқан адамдардың, яғни,
мен олардың ѳтініші бойынша Гвинеяға аттанған
кѳпестердің мұрагерлерінен мынадай құжаттар мен хат
та салынған үлкен пакет алдым: Біріншіден, олардың
әкелері менің ескі досым, португалдық капитанмен есеп
айырысқан жылдан бастап алты жылғы түсім есебі: менің
үлесіме мың бір жүз жетпіс тѳрт мойдор тиесілі екен.
Екіншіден, хабарсыз жоғалып кеткен тұлғаның – заңда
бұл азаматтық ѳлім деп аталады – мүлкі ретінде
плантацияны үкімет ѳз қамқорлығына алғанға дейін олар
менің істерімді ѳз беттерінше жүргізген тағы тѳрт
жылдық есеп; плантация ѳнімі жыл сайын ѳсіп отырған;
тѳрт жылдың есебі 380892 крузад немесе 3,241 мойдорға
теңелген.
Үшіншіден, он тѳрт жылдан астам пайда кѳрген
277


Августин монастырінің настоятелінің есебі; настоятель,
әрине, ауруханаларға жұмсаған ақшаларды маған
қайтара алмайтын еді, бірақ ол ѳзінде 872 мойдор
қалғанын және оның маған тиесілі екенін адалдықпен
мойындады.
Келген хатпен бірге менің серіктесімнің жазған
сәлемхаты бар екен. Ол менің оралуыммен шын жүректен
құттықтап, тірі екеніме қатты қуанғанын жасырмаған;
біздің шаруашылық жыл сайын қанша ѳсім беретінін,
қаншалықты пайда барын, қаншалықты құлдар барын
тегіс баяндапты. Одан кейін ол жиырма екі кішкене
айқыш белгі (крестик – ауд.) жіберіпті де, сен тірі деп
естігенде осынша рет «Avе Maria»-ны оқыдым және әулие
қызға шүкіршілік қылдым депті. Әрі қарай серіктесім
менің Бразилияға келуімді және ѳз меншігіме иелік
етуіме кірісуімді қатты ѳтініп сұрапты да, ал әзірге менің
қандай тапсырма беретінімді білгісі келетінін айтыпты.
Хатының соңы ѳзінің және үй ішінің маған деген
шынайы достығына сендіретін сѳздермен аяқталыпты.
Хаттан ѳзге ол маған керемет иленген жеті қабылан
терісін сыйлыққа жіберіпті; шамасы, бұл терілер
африкадан басқа кемемен , – ѳзі жұмсаған және менің
кемеме қарағанда сәтті сапар шеккен кемемен әкелінсе
керек. Сондай-ақ ол маған тағы бес жәшік жоғары сапалы
әртүрлі тәттілер және тым үлкен емес, жүз шақа
соғылмаған алтын жіберіпті. Сол кемелердің ѳзімен менің
сенім артқан кісілерім плантациялардан түскен осы
жылғы түсімді жіберіпті: мың екі жүз жәшік құм шекер,
сегіз жүз орам темекі және қалғандарын алтынмен
жіберіпті.
Иовтың басынан ѳткеніндей, мен үшін де істің соңы
басына қарағанда жақсырақ болды деп айта аламын. Бұл
хаттарды оқу үстінде, әсіресе мен ѳз айналамдағы
осыншама байлығымды кѳргенде жүрегімнің қалай тулай
278


соққанын бейнелеп жеткізу мүмкін емес. Әдетте
Бразилия кемелері тұтас флотилия болып жүреді; маған
хаттарды әкелген керуен, тауарларды да әкелген еді,
сондықтан да, маған хаттарды табыстамастан бұрын,
тауарлар айлақта аман-сау, бүп-бүтін тұр еді. Бұл жайлы
білгенімде мен боп-боз болып кеттім, жүрегім аузыма
тығылды, егер капитан дәрісін уақытында алып
үлгірмегенде, мен күтпеген қуанышты кѳтере алмай, тап
сол жерде тіл тартпай кетер едім. Ақыры дәрігерді
шақыртып, ол менің ауруымның шын себебін тауып, қан
жібергенше бірнеше сағат бойы мен ѳзімді онша жақсы
сезінбедім. Осыдан кейін мен ѳзімді едәуір жақсы сезіне
бастадым; егер мен дер кезінде қан алдырмасам, аман
қалуым екіталай болар еді ғой деп ойлаймын.
Сонымен, мен күтпеген жерден бес мыңнан артық
фунт стерлингтің және Англиядағы жер иеліктерінен
бірде бір кем емес, жылына мыңнан аса фунт пайда
әкелетін Бразилиядағы жер иелігінің иесі болып шыға
келдім: мен ѳзімнің жаңа жағдайыма үйрене алмай, неден
бастарымды, оның маған беруі мүмкін рақаты мен
пайдасын қалай кѳрерімді білмей басым қатты. Әуелі мен
қиын жылдары маған ѳлшеусіз жақсылық жасаған,
басынан аяғына дейін маған деген ізгі ниетінен танбаған,
ѳзімнің жарылқаушым – мейірімді қарт капитанға сый-
сыяпат жасадым. Мен оған маған жіберілгеннің бәрін
кѳрсетіп, 
осының 
бәрін 
орын-орнына 
келтірген
құдіреттен кейін, осының бәріне сенің арқаңда жеттім,
енді саған сый-сыяпат жасау менің қарызым және маған
жасаған жақсылығыңды еселеп қайтарамын дедім. Ең
алдымен мен одан алған жүз мойдорды қайтарып бердім,
одан кейін нотариусқа адам жұмсап, ол бойынша тѳрт
жүз жетпіс мойдорға маған қарыз боп есептелінетін
қолхатты формальды түрде жойдырдым. Одан кейін мен
оған жыл сайын плантациямнан түскен табыстан мен
279


үшін пайда алып тұратындай құқық беретін және менің
серіктесімді оған плантациямның жыл сайынғы кірісінің
есебін хабарлап, түскен жылдық табысты тауар немесе
ақшалай оның атына жіберіп тұруға міндеттейтін
сенімхат бердім. Оның соңындағы қосымша оған
пайдадан жыл сайын жүз мойдор зейтнетақы алу
құқығын берді; ал оның ѳлімінен кейін, елу мойдор
ѳлшеміндегі зейнетақы оның ұлына ѳтуге тиіс еді. Мен
осылайша ѳзімнің ескі досыммен есеп айырыстым.
Енді маған жолымды қай жаққа бұрып, құдіреттің
рақымымен маған берілген дәулетті не істейтінім
жайында ойлануым керек еді. Енді менің аралда жалғыз
ѳмір сүріп, қолымда бар нәрседен басқаға мұқтаж
болмаған, бірақ қажетті нәрседен ѳзге нәрсеге де ие
болмаған кезіме қарағанда уайым-қамым кѳбейе түсті, әрі
жауапкершілігім де артты. Енді менің ақшамды жасырып
қоятын үңгірім де, немесе оларды пайдалану туралы ой
біреудің басына келгенше кілтсіз, құлыпсыз, ақшаларым
кѳгеріп кеткенше жата беретін орным да жоқ еді,
керісінше, енді мен оларды қайда жіберіп, қайда
сақтарымды білмедім. Менің арқа сүйер жалғыз адамым
– 
адалдығына кѳзім жеткен, ескі досым, капитан еді.
Әрі қарай, менің Бразилиядағы мүдделерім мені сол
жаққа шақырғандай болып кѳрінді, бірақ осы жақтағы
шаруаларымды бір жайлы қылмай және капитанымды
сенімді қолға тапсырмай ол жаққа қалай кететінімді
елестете де алмадым. Басында оны мен ѳзіме деген
ниетінің 
түзулігіне 
кѳзім 
жеткен 
ескі 
танысым,
капитанның жесірінің қолына табыстағым келген, бірақ
ол әйелдің жасы келіп қалған және кедей, әрі, меніңше,
қарыздары да болуы мүмкін еді. Қысқасын айтқанда,
ақшаны ѳзіммен бірге алып, Англияға аттануым керек
болды.
Бірақ та осы шешімге келуім үшін бірнеше ай қажет
280


болды; сондықтан да, ѳзімнің бұрынғы жарылқаушым,
қарт капитанды риза қылған соң, марқұм күйеуі маған
ѳлшеусіз жақсылық жасаған, ѳзі де күш-қуаты бар кезде
менің адал қамқоршым мен кеңесшім болған капитанның
байғұс жесірі туралы да ойландым. Менің ең әуелгі
жасаған ісім – бір лиссабондық кѳпеске мынадай ѳтініш
білдірдім: Лондондағы агентіңе мынаны тапсыр: ол әйелге
чек бойынша жүз фунтты тѳлеп қана қоймайсын, оны
тауып алып ѳз қолымен менің атымнан осы ақшаны
берсін, онымен сѳйлесіп, кедейшілігіне жұбату айтсын
және мен тірі тұрғанда, оған әлі де кѳмектесе беретінімді
жеткізсін. Және де мен дәл сол уақытта ауылда тұратын
екі әпкемнің әрқайсысына жүз фунттан жібердім, әрине,
олар менің қаражатыма қарап отырған жоқ, бірақ
дәулетті ѳмір сүріп жатыр деп те айтуға келмейтін еді:
біреуі тұрмысқа шығып еді, енді жесір қалды, екіншісінің
күйеуі тірі болатын, бірақ оған ойдағыдай қарамайтын.
Бразилияға еш уайым-қайғысыз аттану үшін барлық
таныстарым мен туыстарымның арасынан дәулетімді
тұтастай сеніп тапсырар ешбір адам таппадым, бұл мені
қатты абыржытты. Мен Бразилияға кетіп, сонда
қоныстануды әбден шешіп қойғандай да болып едім –
мен, былайша айтқанда, бұл елге сіңдім ғой; бірақ мені
тоқтататын бір кішкене кедергі бар-тын, ол, атап
айтақанда, – дін еді. Шынтуайтына келгенде, дәл осы
кезеңде мені сапарға шығармай, жолымды бѳгеп тұрған
дін емес еді: мен бұрынғыдай, католиктердің арасында
ѳмір сүрген соң, еш жасырмай, ашық түрде осы елдің
дінін ұстанушы едім және оны күнә деп те санамадым;
бірақ мәселенің мәнісі мынада еді – мен, бұрынғыға
қарағанда, қазір бұл туралы анағұрлым кѳбірек
ойланатын болдым, енді мен ѳзіме ѳзім католиктердің
арасында ѳмір сүріп, солардың арасында ѳлетінімді
айтатын болғанымда, кейде ѳзімді папашы деп
281


танығаныма ѳкініш білдіретінмін және менің басыма –
католик діні, бәлкім, ең жақсы дін емес шығар деген ой
келіп және осы діннің аясында ѳлгім келмеуші еді.
Бірақ, алдында айтқанымдай, менің Бразилияға
сапарға шығуыма кедергі болып тұрған басты себеп бұл
емес еді, негізгі себеп – мен шынында да тауарларым мен
ақшамды кімге сеніп тапсырарымды білмедім, ақыры бар
байлығымды ѳзіммен бірге алып, Англияға жол жүруге
бел байладым. Онда келісімен мен таныстар табамын деп,
немесе, арқа сүйер туыс тауып аламын деп сендім. Енді
мен жолға жинала бастадым. Үйіме оралмас бұрын мен
ѳзімнің барлық істерімді бір ретке келтірейін деп шештім
және ең алдымен (бразилиялық кемелер жүзіп кетуге
дайын екенін білгендіктен) ѳз істерімнің толық та шынайы
есебін беріп, маған Бразилиядан келген хаттарға жауап
берейін деп ұйғардым. Мен августиндік монастырдың
настоятеліне 
хат 
жазып, 
оның 
адалдығына
ризашылығымды білдірдім және менен сый ретінде
жұмсалмаған сегіз жүз жетпіс екі мойдор ақшаны қабыл
алуын ѳтіндім, оның бес жүзін ғибадатханаға, ал үш жүз
жетпіс екісін жарлы-жақыбайларға ѳз қалауынша
таратып, мейірімді падреден мен үшін дұға қылуын
сұрадым және т.б. Бұдан кейін мен олардың адалдығы
мен әділдігінің лайықты бағасын бере отырып, екі сенім
артқан кісіме хат жаздым; оларға сыйлық жіберуден мен
тартындым: себебі олар ѳте дәулетті адамдар еді.
Ал ең соңында, оның шаруашылықты жүргізу, істің
аясын кеңіту мен пайданы кѳбейтудегі ептілігіне таң қала
отырып, серіктесіме хат жаздым; содан кейін болашақта
менің бѳлігіммен не істейтіні туралы нұсқау бердім:
португалдық капитанға қандай ѳкілеттіліктер бергенім
туралы оны хабардар етіп, ендігі жерде менен хабар
келгенше, маған тиесілінің барлығын оның атына
жіберуін ѳтіндім; және де мен ѳзімнің жер иелігіме жай
282


ғана келіп-кетіп қана қоймай, ѳмірімнің соңына дейін сол
жерде ѳмір сүруге ниетті екенім жайлы оны сендіре
жаздым. Хатқа мен сыйлықтар қостым: оның әйелі мен
қыздарына кѳйлекке деп италияның жібек матасы, – оның
әйелі мен қыздары бар екенін мен ѳзімнің таныс
капитанымның ұлынан біліп едім, – одан кейін,
Лиссабоннан табуға болатындардың ішіндегілердің ең
жақсысы боп есептелетін екі кесек жұқа аглиц шұғасы,
бес кесек қара байкі және қымбат флагмандтық шілтері.
Осылайша ѳз істерімді реттеп, тауарларды сатып және
ақшаларды сенімді қағаздарға айналдырып, мен тыныш
қана жолға шыға алар едім. Бірақ енді келесі бір қиындық
пайда болды: Англияға қалай жетем, құрлықпен бе, әлде
теңізбен бе? Мен теңізге әбден үйренген адаммын, бірақ
осы жолы теңізбен не үшін жүргім келмегенін еш
түсіндіре алмаймын, ішімде бұл тілегімнің ѳршігені
сондай, кемеге жүктерімді тапсырып қойып, оларды
қайта түсіріп алдым. Бұл бір емес, екі не үш рет болды.
Шынтуайтына келгенде, теңіздегі сапарым онша сәтті
болмайтын және бұл кѳп себептің бірі болуы мүмкін,
бірақ дегенмен басты мәселе алдын ала сезуде болатын, ал
мұндай жағдайларда адам ешқашан жүректегі осы
сезіміне қарсы шықпауы керек. Мен сапарға шықпақшы
болған екі кеме – тіпті мен: басқалардың ішінен таңдап
алғаным, – деп айта аламын – тіпті біреуіне мен
жүктерімді апарып, ал келесі кеменің капитанымен баға
жѳнінде келіскен едім – бұл екі кеме де діттеген жеріне
жетпеген. Оның біреуін алжирліктер басып алса, екіншісі
Торбейдің маңында апатқа ұшыраған, үш адамды
есептемегенде кемедегілердің барлығы суға кеткен;
сондықтан екі кемеде де оңбас едім, қайсысында кѳбірек
азаптанатынымды айтудың ѳзі қиын.
Бар сырымды білетін, ойымдағы аласапыранды кѳріп
тұрған менің ескі досым капитан теңіз жолымен
283


жүрмеуге үгіттей бастады, не құрлықпен Коруньяға
жетіп, сосын әрі қарай Бискай шығанағы арқылы Ла
Рошельге, ал ол жерден жеңіл әрі қауіпсіз, Парижге жету
оңай, сондай-ақ Калэге және Дуврға; не болмаса
Мадридке жетіп алып, одан әрі үнемі құрлықпен жүре
отырып Париж арқылы жетуге болады деді.
Менің ол кезде кез келген, Калэдан Дуврға жетуді
қоспағанда, теңіз саяхатына қарсы болғаным сондай,
бүкіл жолды құрлықпен жүріп ѳтемін деп шештім,
сондай-ақ мен асықпағандықтан да және жол шығынына
сараңдық танытпағандықтан да бұл жол ѳте тамаша
болды. Ал бұл жолды тіпті де жанға жайлы қылу үшін
қарт капитан менің қасыма серік тауып берді, ағылшын,
лиссабондық кѳпестің ұлы; сондай-ақ, біз ѳзімізбен бірге
тағы да екі ағылшын кѳпесі мен екі жас португалдықты
ертіп алдық, – соңғылары тек Парижге дейін ғана
баратын болып шықты; осылайша біз алты адам, бес
қызметші болдық, – кѳпестер мен португалдықтар,
шығынды азайту үшін екеу ара бір-ақ қызметші алды. Ал
мен қызметші ретінде бір ағылшын матросы мен ѳзімнің
Жұмамды алдым, оның еуропалық тәртіпке үйренбегені
сондай, ол маған жол бойы қызметшінің орнын
алмастыра алмас еді.
Осылайша мен Лиссабоннан шықтым, біз барлық
қажетті нәрселерді алдық, жақсы қаруланған едік және
бәріміз қосылып бір кішігірім жасаққа айналдық; менің
сапарластарым маған капитан деген атақ беріп, құрмет
кѳрсетуіне себеп болған, біріншіден, менің жасымның
бәрінен үлкендігі болса, екіншіден, менің екі қызметшім
болғандығы және осы сапарға шығуға себепші болуым еді.
Мен оқырмандарыма кеме журналына барлық
жазғандарымды 
оқып, 
олардың 
зықысын 
қалай
шығармасам, құрлықтағы күнделігіме түсіргендерімді де
түгелдей баяндап ығырын шығармайын, бірақ осынау
284


қиын-қыстау сапарда кейбір басымыздан кешкен
оқиғаларды айтпай үнсіз тағы қала алмаймын.
Испания топырағын алғаш басқан біздер Мадридке
келген соң, Испания сарайларын, басқа да кѳруге
тұрарлық нәрселерді қызықтау үшін бұл елде қалғымыз
келді, бірақ жаз аяқталып қалғандықтан да біз асығып,
Мадридтен қазан айының ортасына қарай шығып кеттік.
Наввараның шекарасына жеткен кезде, таудың Францияға
қараған бѳлігіне қалың қар түсіп, жолаушылардың кѳбі
таудан асып ѳтеміз деген бос және ѳте қауіпті
талпыныстан 
кейін, 
Пампелунға 
қайтуға 
мәжбүр
болыпты деген үрейлі хабар алдық.
Пампелунға жеткен соң біз де бұл айтылғандарға
кѳзіміз жетті. Ѳмір бойы ыстық аймақта, жалаң
кѳйлекпен ғана күн кешкен мен үшін күннің суықтығы
ѳте ауыр тиді. Және де ауыр тиіп қана қойған жоқ, жылы
болса бір сәрі ғой, тіпті ыстық болған кѳне Кастилиядан
аттанғанымызға бар жоғы он күн болғаннан кейін, осының
артынан іле-шала Переней тауларынан соққан мұздай
суық қатты желдің ѳтінде қалып, оған шыдаудың ѳзі
мүмкін болмағанын айтпағанның ѳзінде, қол-аяғымызды
үсітіп алу қаупі туғанының ѳзі таң боп кѳрінді. Тұтастай
қар жапқан тауды, ешқашан ѳмірінде сезініп кѳрмеген
суықты сезгенде – байғұс Жұманың тура зәресі
ұшып кетті.
Осының 
бәріне 
қоса 
біздің 
келуімізге 
орай
Пампелунада қардың ұзақ та мол жауғаны сондай,
жұрттың бәрі қыстың ерекше ерте түскеніне таң қалып
жатты.
Бұрында онша ашық болмаған жолдар, енді тіпті
жабылып қалды; кей жерлерде қардың қалыңдығы
сондай, жол жүрудің ѳзі ақылға сыйымсыз еді; бұл жерде
солтүстік елдеріндегідей қар қатпағандықтан да, бізді
әрбір қадам сайын тірідей кѳмілу қаупі күтіп тұрар еді.
285


Пампелунада біз тұтастай жиырма күн болдық, қыс әні-
міні жақындап қалып әрі ауа райының түзелер түрі де
кѳрінбегендіктен де, ѳйткені бүкіл еуропаға түскен
қыстың қаттылығы сондай, тіпті кѳне тұрғындардың ѳзі
мұндайды есіне түсіре алмады, мен серіктеріме
Фонтарабияға бару туралы ұсыныс жасадым, ары қарай
теңізбен Бордоға жетеміз, кѳп уақытымыз да кетпейді
дедім.
Біз 
ақылдасып-келісіп 
болғанша 
жолсеріктің
кѳмегімен таудың ар жағынан ѳтіп Пампелунаға тѳрт
француз келіп жетті, ол оларды Лангедоктың шеткі
жағымен, қар аз түскен, тіпті болғанның ѳзінде жүруге
кедергі келтірмейтін, ал кѳп түскен жерлердегі қардың
қаттылығы сондай, оның үстінен адамдар мен жылқылар
ѳте беретін жерлермен жүргізіп отырып, тау арқылы
алып ѳткен.
Біз осы жолсерікке кісі жіберіп едік, ол бізге қарларды
айналып ѳтіп, тура осы жолмен алып ѳтуге уәде берді, тек
біздің 
мұздай 
қаруланып, 
жабайы 
аңдардан
қорықпайтындай болуымызды талап етіп шарт қойды,
ѳйткені, оның айтуы бойынша, тау етегіне қар кѳп
түскенде, ашыққан ызалы қасқырлардың кѳзге кѳрінетін
кездері де аз болмайды екен. Егер ол екі аяқты
қасқырлардан, 
әсіресе 
таудың 
француз 
жақ
беткейдегілерден қауіп тѳнбейтініне сенімді болса, біз
оған тѳрт аяқты қасқырлардан қорықпайтынымызды,
олармен кездесуге әбден дайын екенімізді айттық.
Ол біз жүретін жолда қауіп жоқ деп бізді
тыныштандырған соң, біз және бұрын таудан ѳтуге
талпыныс жасап, бірақ кері қайтуға мәжбүр болған он екі
саяхатшы (ѳз қызметшілерімен) оның соңынан еруге
қуана-қуана келістік.
Міне, осылайша біз бәріміз он бесінші қарашада
Пампелунадан аттандық. Жолсерік әрі қарай, тау жаққа
286


жүрудің орнына, кері қарай оралып, біз Мадридтен
келген жолмен қайта жүргенде – мен қатты таң қалдым:
осылай біз жиырма миль жүрдік, екі ѳзенді кешіп ѳттік
және кѳрер кѳзге әдемі, жазық жерге шықтық, бұл жер
қайтадан жылы болды және еш жерде қар кѳрінбеді.
Бірақ одан кейін, кенеттен солға бұрылып, жолсерік бізді
тауға қарай басқа жолмен бастап жүрді: тау мен тік
жарлар сондай үрейлі кѳрінсе де, жолсерік қаншама
айналым, қаншама шеңбер жасап, сондай бір иір-иір
жолдармен жетелеп отырғаны сондай, біз қардан аса бір
қиындық кѳрмей тау жотасының екінші беткейіне қалай
шығып қалғанымызды да аңғармай қалдық. Осы кезде
біздің кѳз алдымызда кѳз қуантарлық, жасыл желекке
малынып гүлдеп тұрған Лангедок және Гасконь
провинциялары шыға келді, бірақ олар әлі алыс болатын,
оларға жету үшін біз қиын да азапты жолды жүріп
ѳтуіміз қажет еді.
Сол күні күні бойы және түн баласында бір тынбай
қар жауды, қатты жауғаны сондай, жүру мүмкін болмады;
бұған біз сәл абыржыңқырап қалдық, бірақ жолсерік
біраздан кейін қардың ауқымынан шығамыз деп бізді
тыныштандырып қойды. Расымен де, біз ѳзіміздің
жолсерігімізге толықтай сенім артып, солтүстікке қарай
сұғына түсіп, күннен-күнге тѳмен қарай түсе бердік.
Жолсеріктің сұлбасы әзер кѳрініп, бізден алдыға қарай
әжептәуір ұзап кетіп, күн батып, қараңғылықтың
орнауына екі сағаттай уақыт қалған болатын, бір кезде
орманға жапсарлас кѳрші қойнаудан үш қасқыр, олардың
артынан бір аю атып шықты. Екі қасқыр жолсерікке
атылды, егер ол бізден жарты мильдей болған кезде, біз
кѳмекке келіп үлгергенше оны талап та тастаушы еді.
Біреуі оның астындағы атын тарпа бас салды, ал екіншісі
оның ѳзіне сондай жойқын күшпен атылғаны сондай,
байғұс жігіт тапаншасын алып шығуға жѳпелдемеде
287


уақыты да, рухы да жетпей, тек қана бізді жан ұшыра
кѳмекке шақыра берді. Қасымда атқа мінген менің
Жұмам келе жатыр еді; мен оған алға қарай шауып
барып, 
істің 
мән-жайын 
біл 
деп 
бұйырдым.
Жолсерігіміздің қандай жағдайға түскенін кѳрген Жұма:

Қожайын, Қожайын” деп одан да бетер айғайлай
бастады. Ол батыл жігіт болатын, атына қамшы басып,
айқас болып жатқан жерге тура шауып барды да,
тапаншасын суырып алып қасқырды бастан атып салды.
Бейшараның бақытына қарай, кѳмекке тап Жұманың
жетіп барғаны абырой болды; ол ѳз отанында
қасқырларды 
кѳріп 
әдеттенгендіктен 
де, 
олардан
қорықпай, 
тура 
жанына 
барып, 
жоғарыда
бейнелегеніміздей қасқырды атып салды. Ал басқамыз
болсақ алыстан атып мүлт кетудің не жолсеріктің ѳзін
атып алудың қаупін туғызушы едік.
Бұл менен де батыл адамның үйрейін ұшырар еді,
шынында да, мылтық атылғаннан кейін екі жақтан бізге
тау жаңғырығымен қайталанып қасқырлардың ұлыған
даусы жеткенде, біздің барлық отряд әбігерге түсті, тіпті
қасқырлар ѳте кѳп боп кѳрінді; біз ештеңеден мүлдем
қорықпайтындай алаңсыз да бола алмадық, ѳйткені
шынында да олар аз болмағанға ұқсайды.
Қалай болғанда да, Жұма қасқырды ѳлтірген кезде,
жылқыға ауыз салған қасқыр оны бірден босатып жіберіп,
қаша жѳнелді; құдай оңдағанда, ол оның басына
жармасқанда тісі жүгеннің темір әшекейлеріне тиіп, ол
оған онша зиян тигізе қоймаған секілді. Есесіне жылқыға
қарағанда, адамның жағдайы қиын болды: ызалы,
долылық қысқан қасқыр оны екі рет тістеген, бір мәрте
қолынан, екіншісі – тізеден жоғары, сѳйтіп біздің
жолсерік атынан құлауға шақ қалғанда, Жұма үлгіріп
келіп қасқырды атқан.
Мылтық даусы естілісімен, болған жайдан тезірек
288


хабар алғымыз келіп, жолдың жайсыздығына қарамай, –
ѳйткені бұл жер ѳте шұғыл ылди болатын, – біз
жүрісімізді шапшаңдатып, жолдың бар мүмкіндігін
пайдаланып 
шаба 
жѳнелдік. 
Бұрын 
біздің 
кѳз
алдымыздағыны 
кѳлегейлеп, 
кѳрсетпей 
тұрған
ағаштардың тасасынан шыға келісімен, біз істің мән-
жайын бірден түсіндік, қалайша Жұманың бейшара
жолсерікті ажалдан арашалағанын кѳрдік, ал ѳліп жатқан
қандай аң екенін ажырата алмадық.
Содан кейінгі болған Жұма мен аюдың арасындағы
шайқастың ерекше әрі қан қыздырар таң-тамашасынан
асқан кѳріністі елестету де мүмкін емес еді. Басында біз
менің адал қызметшім үшін әрі таңғалып, әрі қорқып
кетсек те, олардың арасындағы шайқас біздің бәріміздің
кѳңілімізді кѳтерді. Аю – қасқыр секілді, зулай жѳнелуге
қабілетсіз, епті әрі жеңіл жүгіре алмайтын ауыр, ебедейсіз
мақлұқат; есесіне онда әдетте оның әрекеттерін басқарып
отыратын екі арнайы қасиеті бар. Біріншіден, жалпы ол
адамға шабуыл жасамайды, жалпы дейтінім, дәл қазіргі
жағдайдағыдай, тѳңіректің бәрін қар басқанда аштық оны
қандай жағдайға душар қыла алатынын мен білмеймін, –
тағы да қайталап айтамын, адам ѳзі шабуыл жасамаса, аю
бірінші болып шабуыл жасамайды; егер сіздер оны
орманда кездестіріп қалып, оған тиіспесеңіздер, ол да
сіздерге тиіспейді, бірақ сіздер онымен ѳте сыпайы болып
жол беруге тиіссіздер, ѳйткені ол барып тұрған нағыз
мырза және корольдің ѳзіне де жол бермейді. Ал егер
сіздер қорқып қалсаңыздар, онда, абзалы, жүрістеріңізді
баяулатпай, басқа жаққа қарау керек, ѳйткені сіз аялдап,
оған кѳз тоқтатып қарайтын болсаңыз, ол ренжіп қалуы
мүмкін; ал егер сіз әйтеуір бір нәрсені, – тіпті ол
саусағыңыздың жуандығына да жетпейтін бұтақ болса да,
– 
лақтырып оған тигізетін болсаңыз, онда ол міндетті
түрде ашуланып, бар істерін тастап, сізден кегін алуға
289


кіріседі, – ѳйткені ол намыс мәселесінде ѳте шікәмшіл, –
және бұл оның бірінші қасиеті. Ал екіншісі, ол егер ѳзін
ренішті сезінер болса, ол енді сізді жайыңызға
қалдырмайды, күні-түні артыңыздан қалмай ірі желіспен
желіп отырып, сізді қуып жетіп, кегін қайтарғанша
тыншымайды.
Сонымен, Жұма бейшара жолсерікті біз жақындаған
минутта бәледен құтқарып қалды, ѳйткені байғұс
қорқыныш пен жарадан – зардап шеккеннен гѳрі
қорыққаны басым – әлсіреп қалғаны сондай, оған аттан
түсуге кѳмектесіп жатты. Кенет орман ішінен шығып келе
жатқан аюды кѳрдік; бұл жойдасыз зор аң болатын;
мұндай алыпты мен әлі ешқашан кѳрмеп едім. Енді
үлкендігі адам таңғаларлықтай аң екен. Мұншалықты
үлкен аюды кѳзіммен кѳріп тұрғаным осы. Оның шыға
келгеніне бәріміз таңғалдық, бірақ Жұманың жүзінде
аңды кѳргенде қуаныш пен батылдық ойнап шыға келді.
Ол: “О! О!, О! деп үш рет айқайлап жіберіп, аңды
нұсқады: «О, мырзам, маған онымен амандасуға рұқсат ет,
мен сені жақсы күлдірет!».
Оның неге сонша қуанып тұрғанын түсінбей,
таңғалдым.
«
Сен ақымақсың! Ол сені жеп қояды ғой!». – «Мені
жеу!, мені жеу! Менікі оны жеді: менікі сізді жақсы
күлдірет болат!» Сіздер бәріңіз осы жерде тұрыңыздар,
меніки сіздерге қызық кѳрсетеді». Ол жерге отырды, кѳз
ілеспес жылдамдықпен етігін шешіп, қалтасында жатқан
тѳплиін киді (үндістер киетін жалпақ башмақтар), атын
қызметшіге беріп, мылтығын оңтайлап желдей зулай
жѳнелді.
Аю ешкімге тиіспей маң-маң басып келеді; бірақ
Жұма оған тым жақын жүгіріп барып, ол оны бір
түсінетіндей былай деді:
«
Тыңда! Тыңда! Менікі саған айтады!» Біз оның
290


артынан аулақтау жүріп отырдық. Осы кезде біз гасконь
беткейімен тѳмен түсіп келе жатыр едік, ағаштар кѳп
болғанмен, олар селдірей ѳскеннен алдымыздағы кѳз
жетер жердің бәрі кѳрініп тұрды. Жұма, алдында
айтқанымыздай, аюдың соңынан қалмай ѳкшелеп жүріп
отырып, ақыры онымен теңесті, теңескен бойда жерден
бір үлкен тас алып аюды жіберіп ұрды. Тас аңның басына
тиді; оның зардабы, мысалы, қабырғаға соғылғандай ғана
болса да, дегенмен Жұма дегеніне жетті – қу жігіт одан
зәредей де қорыққан жоқ, ол осының бәрін аю соңымнан
қусын, тамашалаған жұрт қызыққа батсын деп істеді.
Аю тастың тигенін сезіп және жауды кѳрген бойда,
бұрыла салып Жұманың соңынан қорбаңдап жүгіре
жѳнелді, оның адымдарының үлкендігі сондай, тіпті
жылқының ѳзі шауып отырып қана құтыла алар еді.
Жұма желдей зулап, тап бізден қорған іздегендей, тура
бізге қарай салды, біз бәріміз бірдей қызметшімді
құтқарып қалу үшін аюға оқ жаудыруға бел байладық,
бірақ мен шынымды айтсам, ѳз жѳнімен кетіп бара
жатқан аюды бізге қарай айдап салғаны несі деп оған
ренжідім; әсіресе, менің кѳңіліме келгені, аюды бізге
айдап салып, ѳзінің қаша жѳнелгені, мен оған: «Әй, ит!
Қатырдың! Тез жаныңның барында атқа отыр да бізге
аңды атып ѳлтіруге мұрсат бер», – дедім. Ол менің
айғайлағанымды естіп: «Атпаңдар! атпаңдар; тыныш
тұрыңдар, ѳте қызық болады» – деп жауап беріп, аюдан
екі есе жылдамдықпен әрі қарай жүгіре берді. Бір кезде
ол қолайлы ағашты кѳрді де, бізге жақындаңдар деп бас
изеп, одан сайын жылдам жүгіре жѳнелді де, мылтығын
ағаш діңгегінен алты қадамдай жерде жерге қойды да, ѳзі
кѳз ілеспес жылдамдықпен ағашқа ѳрмелеп шығып кетті.
Кѳп ұзамай аю да ағашқа жүгіре жетті де, ең әуелі
мылтықтың қасына тоқтады, оны иіскеп, бірақ тиіспестен
ѳзінің алып денесіне қарамай ағашқа мысықша ѳрмелей
291


жѳнелді. 
Мен 
қызметшімнің 
ақымақ 
адамның
қылығындай боп кѳрінген мына ісіне таңғалып, аюдың
ағашқа шығып кеткенін кѳріп, біз жақындап келгенше
қанша тырыссам да, бұдан ешбір күлкілі нәрсе таба
алмадым.
Ағашқа жақындап келіп, біз Жұманың жуан бұтақтың
жіңішке ұшына мініп алғанын кѳрдік, ал аю болса
бұтақтың жіңішке әрі иіліп тұрған орта кезіне жетті.
Жұма бізге: «Га!, – деп айғайлады, – енді сендер
кѳресіңдер: менікі аюды билеуге үйретеді». Ол енді
секіріп, бұтақты шайқай бастады; аю шайқалып кетті,
бірақ орнынан қозғалмай, бас аман, ден сауда аман-есен
кері оралсам жарады дегендей жан-жағына қарай
бастады; бұл тамашаны кѳріп тұрып біз шынында да
рахаттана күлдік. Бірақ Жұмаға бұл аз еді; аюдың тыныш
тұрғанын кѳріп, аю бір ағылшынша түсінетіндей, оны:
«
Сен неге тоқтап қалдың? Ѳтінемін, әрі қарай жүр» деп
шақыра бастады да бұтақты сілкілеп шайқауын доғарды.
Аю бейне бір оған айтқанды түсінгендей, ары қарай
ѳрмеледі; Жұма тағы да секіре бастады, аю тағы да
тоқтады.
Біз енді аюды атып ѳлтіретін кез енді келді ғой деп
ойлап, Жұмаға тыныш тұр, біз аюды атамыз деп едік, ол
шыр-пыры шығып қарсы болды: «О, ѳтінемін! Мен ѳзім
қазір атады!» Қысқасын айтқанда, Жұма бұтақта ұзақ
билеп, аю аяғын ішек-сілемізді қатыра тырбаңдатқанына
рахаттанып тұрып бір күлдік, бірақ ержүрек үндістің
кѳздеген мақсатын түсіне алмай-ақ қойдық. Басында біз
ол аюды жерге сілкіп түсіре ме деп ойлағамыз: бірақ аю
оңай жау болмай шықты: ол бойын билей алмай, тепе-
теңдігін жоғалтып алатын жерге дейін жетпей, ағашқа
темірдей тырнақтарымен, күшті аяқтарымен жабыса
түсті, сондықтан біз бұл ойынның немен бітерін біле
алмай дал болдық.
292


Бірақ кѳп ұзмай Жұма бізді белгісіздіктен құтқарды.
Аюдың тырнағын батырып, бұтаға мықтап жабысып
алғанын кѳрген ол: “Міне, міне, сенікі жүрмейді, менікі
жүреді, менікі жүреді; сенікі маған келгісі келмейді,
менікі саған барғысы келеді” деп сѳйлей бастады. Осы
сѳздерді айтып ол оның салмағымен иілген бұтаның
жіңішке басына дейін жылжып, бұтаның бойымен
ақырын жерге сырғып түсіп мылтығына қарай жүгіре
жѳнелді.

Ал, Жұма, тағы не ойлағаның бар? Сен неге енді оны
атпайсың?” дедім. “Атып керек емес, әлі атуға болмайды;
енді менікі атады, мені ѳлтіреді, сенікі сонда әлі күледі” –
деді ол. Оның расымен де бізге күлкі сыйлағанына қазір-
ақ куә боласыздар. Аю дұшпанының кѳзден таса
болғанын кѳріп, ақырындап кейін шегіне бастады, ол әр
қадам жылжыған сайын, мылтыққа жақын келгенше жан-
жағына қараумен болды, сосын ѳткір тырнақтарымен
тырбаңдап, ѳте сақтықпен ағаштан түсе бастады. Аң
артқы аяғын жерге тигізе бергенде Жұма оның қасына
жетіп келіп, мылтығының аузын оның құлағына тақап,
атып кеп жіберді.
Әумесер біз күліп тұрмыз ба, жоқ ба деген оймен
артына бұрылып қарады да, біздің мәз болып
тұрғанымызды кѳріп ѳзі де бар даусымен қарқылдап
күліп: «Біздің елде аю осылай ѳлтіреді» деді. «Сендер
қалай ѳлтіресіңдер, сендерде мылтық жоқ қой» дедім мен.
«
Жоқ, мылтық жоқ, бірақ бізде кѳп ұзын жебе бар»
деді ол.
Аюмен болған оқиға бізді кәдімгідей сергітіп тастады,
дегенмен де біз адам аяғы баспайтын жерде болдық,
жолсерігімізді қасқырлар қатты талап тастады, біз енді не
істерімізді білмедік; менің құлағыма әлі қасқырдың
ұлығаны келіп тұрды; шынында да, менің сіздерге бұрын
айтқанымдай, – африка жағалауында естіген ақырудан
293


кейін, мен мұндай адамның жанын түршіктіретін
дыбыстарды ѳмірімде естімеп едім.
Түн таянып, қасқырлардың даусы да жақыннан шыға
бастаған соң кетуге асыға бастадық, әйтпегенде Жұманың
ыңғайына кѳніп, әрине біз ѳлген аюдың терісін сыпырар
едік: аңның үлкендігі сондай, бұл бір тұрарлық іс болар
еді; бірақ бізге әлі он мильдей жүру керек еді; жолсерік те
бізді асықтырды; сондықтан да біз аюды қалдырып ары
қарай жылжыдық.
Таудағыдай қауіпті әрі терең болмаса да, бұл жерді де
қар басқан еді; кейін біздің білгеніміздей, тамақ іздеп
ашыққан аңдар таудан аңғарға түсіп, ауылдарда кѳп ылаң
салған екен – тұрғындарды қорқытып, қойлар мен
жылқыларды тартып, тіпті бірнеше адамды талап
тастаған. Біздің жолсерігіміз жеткізгендей, жол қауіпті
жер арқылы ѳтетін еді, егер бұл ѳңірде әлі қасқырлар бар
болатын болса, сіздер міндетті түрде осы жолда
кездестіресіздер деді; ол бір жан-жағын орман қоршаған
кішігірім ѳзек болатын, одан әрі орман арқылы біз қонуға
бел байлаған ауылға апаратын тар шатқал басталатын. Біз
бірінші кішігірім орманға кіргенде күннің батуына жарты
сағат қалған, ал одан жазыққа шыққан шақта күн ұясына
қонған-тын. Бұл бірінші орманда айтқаларлықтай
ешқандай оқиға болған жоқ, тек орман арасындағы
ұзындығы жүз сажын кішкентей алаңқайда бірінің
артынан бірі, бейне бір жемтігін қуып келе жатқандай,
жолды тез кесіп ѳткен бес үлкен қасқырды кѳрдік; олар
бізді байқаған жоқ және бірер мезеттен кейін кѳзден
ғайып болды.
Біздің жолсерігіміз нағыз қорқақтың ѳзі екен, осы
қасқырлардан кейін басқалары келуі мүмкін деп, бізді сақ
болуға шақырды.
Біз бойымызды жиып, мылтығымызды оңтайлап
алдық, бірақ біз жарты мильге созылған орманнан
294


жазыққа шыққанша енді қайтып қасқырларды кѳрген
жоқпыз. Жазықтықта, шынында да, жан-жағымызға
қарап жүруге тура келді; біздің кѳзімізге бірінші болып
шалынған, қасқыр тартып кеткен жылқы болатын және
оның үстінде жұмысқа кіріскен он шақты аңдарды кѳруге
болатын – жемтіктерін жеп жатыр деп айта алмаймын,
ѳйткені олар бәрін жеп бітіп, енді сүйектерін кеміріп
жатыр еді.
Біз олардың ұлан асыр тойына кедергі келтіргіміз
келген жоқ және олар да бізге алабѳтен назар аудара
қойған жоқ. Оларға қаратып Жұманың сондай оқ атқысы
келді, бірақ мен, онысыз да машақатымыз кѳп және бұдан
да кѳп болуы мүмкін деп ыңғай бермедім. Біз
жазықтықтың орта шеніне жетіп де үлгірген жоқпыз,
кенет сол жағымыздан адам жанын түршіктіретін ұлу
естілді және дәл сол мезетте іле-шала бізге қарай жүгіріп
келе жатқан бақандай бір үйір қасқырларды кѳрдік, кѳбі
бір қатарға тізіліп тұрып алыпты, бейне бір тәжірибелі
офицер бастап келе жатқан тұрақты армия секілді.
Бұларға қалай қарсы тұруды білмесем де, ойлана келе
жалғыз амалы – бәріміз тізе қосып тығыз бір қатарға
тұруымыз керек дедім: біз осылай істедік те. Мылтық
атқанда арада үлкен үзіліс болып қалмауы үшін, кісі
аралатып атуға бұйрық бердім, ал атпағандарға егер
қасқырлар бірінші дүркіннен кейін бұрылмаған жағдайда
ату үшін мылтықтарыңды дайын күйінде ұстаңдар дедім;
ал әрі қарай, бірінші боп ататындарға, бір атқан соң
мылтықтарыңды екінші рет оқтаймын деп әуре
болмаңдар, оданда тапаншаларыңды дайындап қойыңдар
деп ескерттім; бірақ біздің әрбіреуімізде бір мылтық екі
тапаншадан бар болатын, сондықтан да біз бұл жүйемен
екіге бѳлініп алып кезек-кезек атқанда, қатарынан алты
дүркін ата алатын едік. Алайда, қазір бұған қажеттілік те
болмай қалды, ѳйткені бірінші дүркіннен кейін жау
295


мылтықтың дауысынан қанша қорықса, жарқ еткен
жалынынан сонша қорқып қаққан қазықтай орнында
тұра қалды; тѳрт қасқыр тұрған жерінде тіл тартпай кетті;
бірақ басқалары жараланып, артында қанды ізін қалдыра
қашып кетті. Мен қасқырлардың тоқтағанын айттым,
бірақ олар бірден кейін шегінген жоқ; сонда ең жыртқыш
аңдардың ѳзі адамдардың дауысынан қорқады деп
әңгімелерден естігенім бойынша, мен біздің барлық
тобымызға бірден бар дауысымен айғайлап қалуға
бұйырдым және бұл әңгімелерде біраз шындық бар
екендігіне кѳз жеткіздім; біздің айғайымызды естіген соң
қасқырлар кейін шегініп, тайсақтай бастады. Сонда мен
жаудың тылына тағы бір дүркін оқ жаудыруды
бұйырдым; жау дүркірей қашып ағаштардың ар жағында
кѳзден таса болды.
Сәл тынысты пайдаланып, біз мылтықтарымызды
оқтай бастадық, уақыт жоғалтпай, алға қарай жылжи
беру керек деп шештік, бірақ біз оқтап алып жаңа дүркін
оқ атуға дайындалғанымыз сол еді, біз баратын бағытта,
бірақ алдымыздан, тап сол орманның ішінен қатты шу
естідік.
Түн жақындап келе жатты, минут санап қараңғы бола
түсті, бұл бізге ѳте қолайсыз еді; бірақ шу ұлғая түсті, енді
біз еш қиындықсыз одан қасқырлардың ұлығанын айыра
алатын едік; күтпеген жерден біз алдымыздан үш бірдей
қасқырдың үйірін кѳрдік – біреуін солдан, біреуін
артымыздан және біреуін алдымыздан – біз бейне бір
қасқырлардың қоршауында қалғандай болдық; бірақ олар
бізге шабуыл жасамағандықтан, біз, мүмкін болғанша,
аттарымызды қамшылап, жолымызда жалғастыра бердік,
бірақ жол қолайсыз болғандықтан да, аттар тек ірі
желіспен ғана жүре алды. Осылайша біз жолымызда
жатқан екінші орманның шетіне де жеттік, бірақ орман
арасындағы жолдың кіре берісінде қаптаған қасқырларды
296


кѳріп ѳте қатты таңғалдық. Бір кезде орманның екінші
жағынан мылтық дауысы естілді; орманнан жүгенделген
және ер-тұрманы бар жылқы шауып шыға келді; ол
құйындай ұшып келе жатты, ал оның артынан он жеті
шамалы қасқыр барын салып қуып келеді екен; жылқы
олардан оқ бойы озып кетті, бірақ біз бұл шабысқа оның
ұзақ шыдамайтынын, ақыры қасқырлар оны қуып
жететінін білдік: шамасы ол солай болған да шығар.
Жылқы шауып шыға келген шатқалда кѳз алдымызға
қорқынышты сурет кѳрініс берді; біз басқа аттың ѳлген
жемтігін және жыртқыштар талап тастаған екі адамды
кѳрдік. Оның біреуі, шамасы, мылтық атқан болуы керек,
ѳйткені қасында атылған мылтық жатты, бірақ оның басы
мен денесінің жоғарғы жағы жеп қойылған еді.
Бұл кѳрініс біздің бойымызды үрейге толтырды, енді
біз не істерімізді, қайда қадам басарымызды білмедік,
бірақ қасқырлар бізді шешім қабылдауға мәжбүр етті:
олар жаңа олжаға үміт артып, бізді қоршап алды;
олардың саны үш жүзден кем болмағанына мен
сенімдімін. Біздің бақытымызға орай, орманның шетінде,
жолдан сәл аулақтау, былтыр құлатылған және, шамасы,
осы жерде алып кеткенше қалдырылған бірнеше алып
ағаш жатыр екен. Мен ѳзімнің кішігірім қосынымды
ағаштарға қарай бастадым; менің ұсынысым бойынша, біз
бәріміз аттан түсіп, ұзын ағаштың тасасында брустверді
қалқалағандай жасырынып, аттарды ортаға алып, үш
бұрыш құрадық.
Осыны істегініміз жақсы болды, ѳйткені қасқырлар
бірден бізге шабуыл жасады; бұдан артық сұрапыл
шабуылды елестету де мүмкін емес.
Олар ырылдап жетіп келіп, аузына түсетін сенімді
олжадай бізге қалқан болып тұрған бѳренеге секіріп
мінді; олардың ызасы біздің артымыздағы ѳздері кѳздеген
жылқыларды кѳргенде одан сайын арта түсті. Мен
297


біздікілерге бағанадағыдай, кісі аралатып ат деп
бұйырдым, олардың атқандары нысанаға дәл тигені
сондай, кѳптеген қасқырлар бірінші дүркіннен-ақ
ѳлтірілді, бірақ бұл әлі жеткіліксіз еді: бізді қасқырлар
үсті-үстіне үймелей, соңғылары алдыңғыларын итере
қаптады, сондықтан үзбей ату қажет еді. Екінші дүркін
атқаннан кейін бізге қасқырлар тоқтап қалғандай боп
кѳрінді, мен оларды кетіп қала ма деп үміттеніп едім,
бірақ бұл бір сәтке ғана созылды, – табан астында тағы
басқалары келіп жетті; біз оларға тапаншадан екі дүркін
оқ атып, жалпы алғанда он жеті ме, әлде он сегіз бе
қасқыр ѳлтірдік, осыдан екі есін жараладық, бірақ
қасқырлар шабуылдауын тоқтатқан жоқ.
Мен оқ-дәрілерімізді тез бітіріп тастағым келген жоқ,
сондықтан басқа жұмыспен шұғылданып жатқан
Жұманы емес, басқа қызметшімді шақырдым: Жұма кѳз
ілеспес ерекше жылдамдықпен және ептілікпен ѳзінің де
менің, де мылтығымды оқтап үлгеріп еді, – Жұманы емес,
басқа қызметшімді дейтінім де сондықтан, – мен оған оқ-
дәрі салынған қорапты беріп, бѳрененің бойындағы
жолды кеңірек қылып күкіртпен сеуіп таста деп
бұйырдым. Ол айтқанымды екі еткізбей орындап болып
алыстауы мұң екен, қасқырлар күкірт себілген жолдан
аттап бізге қарай ұмтылды. Сонда мен оқталмаған
тапаншамен күкірттің қасына келіп шырт еткізіп оны
тұтатып жібердім (ол кезде тапаншалар шақпақтастан
жасалатын, Робинзон, темір шүріппені шақпақтасқа
шырт еткізіп, күкірті тұтатып жіберді), бѳрененің үстінде
болғандар күйіп қалды, ал алтау-жетеуі құлап түсті,
дұрысы, оттан шоршып және қорқыныштан не болғанын
білмей біздің үстімізге секірді; бұлардың шаруасын біз тез
бітірдік, ал қалғандары қою қараңғылықта одан сайын
жарқырай 
түскен 
кѳз 
қарықтырар 
жарықтан
корыққандары сондай, кішкене кейін шегінді. Осы жерде
298


мен соңғы рет бірге атыңдар деп бұйрық бердім, сосын біз
бәріміз бір ауыздан айғайлап қалып едік, қасқырлар бізге
сырт берді: жараланып, жерде жанталасып жатқан
жиырма шақты қасқыр ғана қалды; біз бірден оларға
тарпа бас салып, қылышпен шаба бастадық, біздің
атқанымыздан гѳрі, олардың ұлығаны мен арс-арс етіп
қауып түскендері жолдастарына түсініктірек болады ғой
деп ойладық, ол солай болып шықты да: қасқырлардың
бәрі қашып кетіп, бізді жайымызға қалдырды. Олардың
біз алпысқа жуығын ѳлтірдік, егер орман іші жарығырақ
болғанда, сазайларын бұдан да бетер тартар еді.
Осылайша ұрыс майданы тазартылғаннан кейін, біз ары
қарай жылжыдық, ѳйткені бізге әлі үш мильдей жүру
керек болатын. Жол бойы біз орманда жырқыштардың
ішін тарта ышқына ұлығанын сан мәрте естідік және бізге
олар ағаштардың арасында қараңдағандай да болып
кѳрінді, бірақ қар кѳзімізді кѳлегейлеп, жақсылап кѳре
алмадық. Бір сағаттан кейін, не соған жуық уақытта, біз
қоналқаға бір қалаға келіп тоқтауға ұйғардық, келсек бәрі
қаруланып алған, қатты абыржу үстінде екен; сѳйтсек,
жақында ғана түнде қасқырлар мен бірнеше аю қалаға
басып кіріп, тұрғындардың зәресін алған, енді олар
күндіз-түні, әсіресе, түнде кірпік қақпай күзетіп, мал мен
бастың амандығын күйттеуде екен.
Келесі күні таңертең қасқырға таланып қалған
жолсеріктің қол-аяғы күп болып ісіп, хәлі мүшкілдене
бастады. Оның әрі қарай қарай жүруге шамасы келмеген
соң, басқа жолсеріктің кѳмегіне жүгінуге тура келді. Осы
жаңа жолсерікпен қары да, қасқыры да жоқ, ауа райы
жылы, кѳз тоймайтын кѳрікті әрі құнарлы мекен Тулузаға
жеттік. Бұл жерге келген соң, жол бойы кѳргендеріміз бен
басымыздан кешкендерімізді айтқан кезде, тау етегіндегі
үлкен орманда, әсіресе жердің бәрін қар басқан осы
шақта қасқырлармен кездесу қалыпты іс десті; бірақ
299


жылдың қатал мезгілінде, осындай жолмен алып жүруге
бел байлаған біздің жолсерікке барлығы таңғалды және
қасқырлардың біздің барлығымызды парша-парша
қылмағаны ғажайып іс десті. Біздің аттарды қорғаштай
отырып қасқырлармен шайқасқанымыз туралы әңгімеміз
кѳпшіліктің жазғыруын туғызды; барлығы бір ауыздан
мұндай жағдайда біздің қасқырлардың қанды аузынан
аман қалуымыздың мүмкіндігі елуге бір, ѳйткені оларды
осыншама ѳлермен ѳжет етуге, сүйікті асы –
жылқылардың жалғыз бейнесінің ѳзі жетіп жатыр деді.
Әдетте олар, мылтықтың бір дауысының ѳзінен қорқатын,
ал бұл жолы аштық оларды ыза мен долылыққа бастаған,
оның үстіне жылқыларды тым жақыннан кѳрген кезде,
қауіп-қатерді мүлде ұмытып кеткен; егер біз оларды
үздіксіз атқан мылтық оғымен және ақыр соңында оқ-
дәріні жарып жуасытпағанда, олар бізді паршалап
тастайтынын қалыптасқан жағдайдың кѳбі-ақ айтып тұр
еді; біз атымыздан түспей, аттың үстінде тұрып-ақ ата
бергенде, қасқырлар мұншама қаһарына мінбес еді,
ѳйткені олар жылқы жалғыз болған жағдайларға
қарағанда, оның үстінде адам бар екендігін кѳргенде, оны
онша-мұнша ѳзін ғана тиесілі деп санамайды екен.
Сондай-ақ, олар бізге тағы: егер сіздер аттарды тағдырдың
жазуына қалдырып, тастап кетер болсаңыздар, қасқырлар
оларға сондай қомағай ашкѳздікпен бас салушы еді де,
сіздер осы кезде аман-есен кетіп үлгеруші едіңіздер, оның
үстіне сіздер әрі кѳп, әрі қолдарыңызда отты қару бар
болатын, – деді.
Мен ѳзім ѳмірімде мұндай қорқып кѳрмеппін: дәл
алдымызда ауыздарын арандай ашып, ырылдап, бізді
жалмап қоюға әзір боп, бізге қарай құйындатып келе
жатқан үш жүзге тарта жынды кѳргенде, тығылар жер
болмағандықтан, мен шаруам бітті деп ойладым; бірақ
менің кѳргенімнің ѳзі жеткілікті емес пе: мен енді
300


ешқашан да тау асып, қыр басуды ойламастай болдым
ғой деймін; одан да апта сайын жойқын дауылға
ұшырасам да, мың миль теңізбен жүрудің ѳзі артық.
Францияға сапарым туралы ѳзге саяхатшылардың
айтқанынан артық, – оның үстіне олардікі менікінен
әлдеқайда қызық болуы мүмкін, – жарытып ештеңе айта
алмаспын. Мен Тулуздан Парижге келдім, одан кейін,
онда ұзақ аялдамастан, ары қарай Калэге келдім және
аман-есен 14 қаңтар күні Дуврде түсіп, жылдың ең қатал
да суық кезеңінде саяхатымды аяқтадым.
Енді мен діттеген мақсатыма жеттім және кѳп ұзамай
жақында ғана пайда болған барша дәулетіме иелік ете
бастадым, 
ѳйткені 
ѳзіммен 
бірге 
алып 
келген
аударылымдар бойынша маған еш кедергісіз бірден
тѳленген еді.
Осы жерде мейірімді кемпір, капитанның жесірі менің
басты жетекшім мен кеңесшім болды. Ол менің ақша
жібергеніме қатты риза болғаны сондай, менен еңбегін де,
қамқорлығын да аямады; ал мен болсам ол кісіге шексіз
сенім арттым және бұған бірде-бір рет ѳкінер себебім
болған жоқ: басынан аяғына дейін бұл мейірімді де
ақылды әйел менімен қатынасында ѳзін мүлтіксіз ұстады.
Мен енді оған ѳзімнің тауарларым мен ақшамды
табыстап, Лиссабонға, одан әрі Бразилияға кету туралы да
ойлана бастадым, бірақ мені дінге қатысты ойларым
ұстап қалды. Менің католик зінін туралы күмәнім жаһан
кезіп жүрген кездерімде-ақ, әсіресе мен жалғыздықта
болғанда пайда болып еді; егер мен католицизмді
қабылдамасам, менің Бразилияға баруым және тіпті онда
қоныс тебуім мүмкін емес екенін мен білетінмін; – немесе,
керісінше, 
мен 
дін 
үшін 
қасірет 
шегіп 
және
инквизицияның қанды тырнағында жан тапсырып, ѳз
сенімімнің құрбандығына айналуды алдыма мақсат қып
қоюым керек еді. Сондықтан да мен үйде қаламын және,
301


егер мүмкіндік туса, плантациямды сатамын деп шешім
қабылдадым.
Мен бұл жѳнінде Лиссабондағы ескі досыма жазып
едім, ол бұл мәселені осы жерде де шешуге болар еді,
бірақ егер мен оған ѳз атымнан харекет етуге рұқсат берер
болсам, 
ол 
менің 
плантациямды 
бұрынғы
қамқоршылардың орнына иелік етуші Бразилияда
тұратын, оған мәлім болғандай, ѳте бай әрі атақты,
сондықтан да плантацияның шын бағасын білетін екі
кѳпеске ѳте тиімді бағамен ұсына алатынын айтып жауап
жазды. Олар менің бѳлігімді қуана-қуана сатып алып, кез-
келген басқа сатып алушыдан тѳрт-бес мыңға артық
беретініне капитан сенімді еді.
Мен оның уәждерін әбден сенім тудырарлық деп
таптым және осы ұсынысты жасауын тапсырдым, ал сегіз
ай ѳткен соң Португалиядан келген кеме маған хат әкеп
берді, ол хатта менің ескі досым кѳпестердің менің
ұсынысымды 
қабылдағанын 
және 
Лиссабондағы
агенттеріне маған отыз үш мың алтын ақша тѳлеуін
тапсырғанын жазыпты. Мен ѳз кезегімде, маған
Лиссабоннан жіберілген барлық формасы сақталып
жасалған сату жѳніндегі қағазға қол қойып, оны кері
шалға жібердім, ол болса маған отыз үш мыңға чек
жіберді. Бұл тѳленген бір реттік тѳлемнен басқа сатып
алушылар жыл сайын капитанға жүз мойдор, ал оның
ѳлімінен кейін плантациядан түскен түсімнен жыл сайын
оның ұлына елу мойдор тѳлеп отырамыз деп міндеттеме
алды.
Осылайша бұл ѳмірде сирек кездесетін сан түрлі
материалдардан 
тұратын, 
құдіреттің 
ѳз 
қолымен
жасалған ѳрнекке ұқсайтын кездейсоқтықтар мен
оқиғалардан тұратын менің ѳмірімнің, ессіздікпен
басталып, үміт отын жағуға мүмкіндік беретін оның кез-
302


келген бѳлігіне қарағанда бақыттырақ аяқталған ѳмірдің
бірінші кезеңі аяқталып еді.
Осындай бақ пен бақытқа жетіп, мен енді ѳзімді
кездейсоқтықтың иіріміне тастамайтынымды оқырман
ойлап та қойған болар; егер маған жағдайлар кѳмекке
келгенде, ол шынында да осылай болар еді, бірақ мен
кезбелік ѳмірге үйреніп қалып едім, менің байлығыма
қарамастан, отбасым да, үлкен таныстықтарым да, кѳп
туыстарым да жоқ еді. Сондықтан да, мен Бразилиядағы
иелігімді сатып жіберсем де, мен бұл елді ұмыта алмай-
ақ қойдым, мені жиһан кезу туралы ой биледі де тұрды,
әсіресе мен ѳзімнің аралыма барып, байғұс испандықтар
онда әлі ѳмір сүріп жатыр ма екен және біз тастап кеткен
оңбаған матростар оларға қалай қарайтындықтарын
кѳргім келді. Менің шынайы досым, капитанның жесірі,
мені бұл сапарға барма деп үгіттегенінің әсері сондай, мен
жеті жылға жуық ешқайда шықпастан Англияда ѳмір
сүрдім. Осы уақыт ішінде мен ѳз қамқорлығыма екі
немере інімді, менің ағаларымның бірінің ұлдарын
алдым; үлкенінің ѳзінің аз ғана қаражаты бар болатын;
мен оны ақсүйек ретінде тәрбиелеп, оның капиталына
үстеме ретінде біраз соманы ѳсиет қағазымда жазып
қалдырдым. Келесісін мен теңізші болуға дайындадым;
бес жылдан соң, одан ақылды, батыл, іскер жігіт
шыққанын кѳріп, оған арнап кеме жабдықтап, теңізге
аттандырдым; тап осы жас жігіт кейін мені, қартайған
адамды, одан арғы шытырман оқиғаларға қатысуыма
себепкер болды.
Осы уақыттың ішінде мен белгілі бір деңгейде
Англияға орнықтым және ең бастысы үйлендім, ол
пайдалы және барлық жағынан сәтті болды, осы некеден
менің үш балам болды – екі ұл және бір қыз.
303



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет