С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет230/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   396
Фронталды сабақтар да бүгінгі мектепке дейінгі мекемелер 

жағдайында  қажет.  Олардың  мазмұны  көркемдік  сипаттағы 

қызмет  болуы  мүмкін.  Мысалы:  музыкалық  сабақтар, 

инсценировка  көрсету,  ойын-саяхат,  өнер  туындыларымен 

танысу  және  т.б.  Бұл  сабақтарда  баланың  өз  ойын  білдіруге 

итермелейтін, 

ақыл-ой 

белсенділігін 

көтеруге 

әкелетін 

«эмоционалды ықпал мен уйымдау» эффектісі маңызды.  

Сабақтарда  оқыту  оның  ұйымдастыру  нысанына  қарамастан 



бағдарламалылығымен ерекшеленеді. Педагог сабақ барысында 

жүзеге асуы тиіс бағдарламалық мазмұнды белгілейді. 

Сабақтар  мазмұнына  қарай  біріктірілген,  яғни  бірнеше 

саладағы  білімді  біріктіреді.  Бұл  біріктіру  еркін  немесе 

механикалық емес. Білімдердің бірігуін дидактикалық мақсатты 

шешу  үшін  бір-бірін  толықтырып,  бір-бірін  байытатындай  етіп 

қарастыру  қажет.  Мысалы,  П.И.Чайковскийдің  «Қуыршақтың 

ауруы» 


пьесасын 

тыңдар 


алдында 

балаларға 

сәйкес 

инсценировканы көрсетеді (немесе өздерінің сүйікті ойыншығы 

туралы айтып беруді ұсынады). Қыс туралы өлеңді жаттағаннан 

кейін  бөбектер  жалпыға  ортақ  аппликациялық  жұмыс  –  «Қар 

бүршігі»  панносын  жасайды  (немесе  әуенге    имитациялық 

қимылдар  жасайды  «Қар  бүршігі  ұшады»).  Дене  шынықтыру 

сабағына  кеңістіктік  тұспалдауды  құрастыру  бойынша  жұмыс 

кіреді. 


Сабақтардың  белгілі  құрылысы  (құрылымы)  болады,  ол 

көбіне 


оқыту 

мазмұны 


мен 

балалардың 

қызметінің 

спецификасымен жасалады. Осы факторларға тәуелсіз кезкелген 

сабақта жалпы мазмұн және әдістемемен  байланысты негізгі үш 

бөлімге бөлінеді: басы, сабақ барысы (процесс) және аяқтау. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет