Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті:Тарих, археология және этнология Тақырыбы:Сақ тайпаларының дүниетанымын жазба және қазба деректер бойынша талдау
СӨЖ
Алматы, 2023 Сақ-усунь дәуірі – Қазақстанның ежелгі заман тарихының аса маңызды кезеңі саналады. Алайда аталған дәуірге қатысты тарихи жазбаларда Ахеменидтер және Қытай деректерінде үзік-үзік жазба мәліметтер ғана сақталғандықтан оған сүйеніп сақ және усунь қоғамының әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси болмысын анықтау мүмкіндігі мүлде жоқ еді.
Осы мақсатта 1954-1961 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты «Іле археологиялық экспедициясы» жұмысын жүргізді. К.Ақышев, Г.Кушаевтың әлемдік тарих ғылымында сенсациялық жаңалықтарға толы зерттеу еңбегі – «Іле өзені аңғарындағы сақтар мен усундардың ежелгі мәдениеті» осы археологиялық экспедицияда жинақтаған материалдар негізінде жазылып, 1963 жылы баспадан жарық көрді. Еңбектің аты айтып тұрғандай, аталған зерттеу тарихи деректерде сақ және усунь деп атаған ежелгі мемлекеттің Іле өзені алқабындағы материалдық мәдениеті тарихын зерттеуге арналды. Кешенді зерттеу нәтижесінде б.з.д. VII ғасырдан б.з. ІV ғасыр аралығына тура келетін хронологиялық көрсеткіші кезеңінде Жетісу жерін қоныстанған көне тайпалардың тарихы мен мәдениеті сақ, усунь және түрік тайпаларымен тығыз байланысты екенін анықтап берді. Сондай-ақ жетісулық сақ тайпаларының сәулет ескерткіштерінің Қара теңіз аймағы, Еділ бойы, Алтай, Моңғолия және Орталық Азиядағы скиф-сақ-сармат тайпаларымен арасындағы тарихи орнын анықтады. Еңбек сақтардың және сақ мәдениетінің шығу тегіне қатысты тың жетістіктері сақтардың шығу тегі, олардың мәдениетінің генезисі туралы көп заманнан бері шешілмеген түйткілді сұрақтарға жауап берді. ... Профессор К.Ақышевтың жарты ғасыр алдында жарық көрген айтулы шығармасы, міне, осындай толып жатқан жаңалықтарға толы еңбек саналады. Ғалым еңбегінің осындай ғылыми жаңалықтары айтулы еңбекті сол кездің өзінде дүниежүзі тарихшыларына танымал еткен болатын. Ең бастысы, айтулы зерттеу өзінің сол ғылыми құндылығын күні бүгін сақтап, жоғары бағаланып келеді.