Сабақ барысында бөлінген топтар постер қорғап, әртүрлі ойындар ойнап, тақырыпты бекіттік және когнитивті экологиялық білімнің қалыптасуына бір қадам басты



Дата29.11.2022
өлшемі13,63 Kb.
#53474
түріСабақ

Біз экологиялық сауаттылық жұмыстарын жүргізу мақсатындағы іс-шараларды И.Жанболатова атындағы N15 атындағы жалпы білім беретін мектептен бастадық. 22 қараша күні біз 9 “Ә” сыныбына “Экологиялық мәдениет” тақырыбында ашық сабақ өткіздік. Оқушылар сабақтың белсенді өтуіне ат салысып, экологиялық мәдениет пен сауаттылықтың маңызын түсінді.
Сабақ барысында бөлінген топтар постер қорғап, әртүрлі ойындар ойнап, тақырыпты бекіттік және когнитивті экологиялық білімнің қалыптасуына бір қадам басты.
Дәл сол күні біз мақалалар байқауы туралы жариялап, байқаудың шарттарымен таныстырдық. Байқау бір аптаға созылды, нәтижесінде төмендегідей орындармен бекітілді:
- I орын –
- II орын –
- III орын –

Келесі жұмыстарды университет аясында жүргіздік. Google Forms технологиясының көмегімен біз экологиялық сауалнама құрастырып, студенттерге тараттық. Сауалнама еркін әрі шкалалық түрде құрастырылды.


Сауалнама нәтижесі бойынша қатысқан студенттердің
• 51.5%-ы өздерін экологиялық сауатты адам ретінде санайды;
• 80 пайыздан астамы көшеде қоқыстарды арнайы қоқыс жәшіктеріне салады;
• 50.8%-ы қайта өңдеуге қабылдау пункттерінің бар екендігін біледі;
• 77%-ы қалдықтарды қайта өңдеуге тапсырмайды;
• 46.1%-ы отбасында, достар арасында экология туралы әңгіме қозғайды;
• 63.3%-ы экологиялық акциялар мен сенбіліктерге белсенді қатысады.
Осы сауалнама аясында қатысқан студенттердің қаламыздың экологиялық жағдайға берген орта бағасы – 5.7 (10 баллдық шкала бойынша).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет