Сабақ басқа мұғалімдердің қатысуымен тәжірибелі мұғалімнің өткізетін сабағы



Дата14.11.2022
өлшемі14,27 Kb.
#49999
түріСабақ
Байланысты:
Глосарий


Баранбай Айнұр Қайратқызы
Глосарий
Ашық сабақ – басқа мұғалімдердің қатысуымен тәжірибелі мұғалімдердің қатысуымен тәжірибелі мұғалімнің өткізетін сабағы.
Әдіс – көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі.
Мектеп – мұғалімнің басшылығымен жас ұрпаққа білім беру, тәрбие мәселелері жүзеге асырылатын оқу – тәрбие мекемесі; білім беру жүйесінің негізгі буыны.
Сабақ – жалпы білім беретін орта мектептерде, кәсіби –техникалық және арнайы орта оқу орындарындағы оқытудың сыныптық – сабақтық жүйесіндегі оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі нысаны.
Сабақ барысы – сабақты жүргізу тәртібі. Сабақ мазмұнын іске асыратын әдіс – тәсілдерді қолдану.
Сыныптағы сабақ жүйесіоқу материалдарын баяндау, барлық оқушылардың жұмысын бақылау, оқу материалдарын сұрау.
Рефлексия – субьектінің психикалық акты мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі.
Топ – әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауысдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі.
Өздік жұмыс – оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша өзі ізденіп, орындайтын жеке тапсырмасы.
Шағын комплектілі мектеп – әрбір сыныпты толық комплектілеуге балалардың саны жетпейтін, халқы аз, шағын ауыл, елді мекендерде жаппай оқуға қамту мақсатында құрылатын мектептер.
Баранбай Әйгерім Қайратқызы
Глосарий
Баға – оқушылардың білім, білік, дағдыны меңгеру дәрежесін шартты белгімен – балмен анықтау және көрсету.
Сабақ жоспары – өткізілетін сбақтың берілу жүйесі. Сабақтың тақырыбы, мақсат – міндеттері, сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер мен техникалық құралдар, пайдаланылатын әдебиеттер тізімі, мазмұны қамтылады.
Сабақ мазмұны - әрбір тақырып бойынша қастылатын материалдар, оны оқытудың әдістері, сабақтағы жеке дара және ұжымдық жұмыстар.
Сынып жетекшісі – жалпы білім беретін мектепте сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырумен үйлестірумен және жүргізумен айналысатын ұстаз.
Критерий – бағалауға, пікір айтуға не топтастыруға негіз болатын белгі; қайсыбір құбылысты пайымдау, бағамдау өлшемі. Педагогикада белгілі бір құбылыстардың кңритерийлерін талдап – белгілеу қиын, өйткені педагогика пәнінің өзқі күрделі және көріністері сан алуан.
Комплект – біріккенде белгілі бір тұтастықты құрайтын қандай да бір нәрсенің толық, тұтас нақты жиынтығы.
Оқу мәселесі - мұғалімнің белгілі бір кіріспе жағдай тудыратындығымен ерекшеленетін оқыту, студенттерге проблемалық тапсырманы бөлуге, оны түсіну және «қабылдау» көмектеседі;
Ұжым – бір мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында оқитын оқушылардың, студенттердің және т.б. тобы.
Өздік жұмыс – оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша өзі ізденіп, орындайтын жеке тапсырмасы.
Шағын комплектілі мектеп – әрбір сыныпты толық комплектілеуге балалардың саны жетпейтін, халқы аз, шағын ауыл, елді мекендерде жаппай оқуға қамту мақсатында құрылатын мектептер.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет