Сабақ. Дәнекер тіндері: тығыз қалыптасқан және қалыптасқан, арнайы қызмет атқаратын дәнекер тіндері боөЖ. Ситуациялық есептер



Дата08.12.2022
өлшемі1,12 Mb.
#55871
түріСабақ

13 сабақ. Дәнекер тіндері: тығыз қалыптасқан және қалыптасқан, арнайы қызмет атқаратын дәнекер тіндері»


БОӨЖ. Ситуациялық есептер.



  1. Дәнекер тінінің екі препараты берілген. Екі препаратта да коллаген талшықтарының будаларының көптігімен және негізгі затының аздығымен ерекшеленеді. Бірақ бірінші препараттағы коллаген талшықтары бір-біріне параллель орналасқан, ал екіншісінде әртүрлі бағытта орналасады. Осы тіндердің атын атаңыздар.

  2. Терінің дерма қабатының емізікті және торлы қабаттарының құрылыстары әртүрлі. Осы қабаттарды түзетін тіндерді атаңыздар.




  1. Дәнекер тіні берілген,оның құрамында тығыз бір бағытта орналасқан талшықтар мен аздаған жасушалық элементтері мен оның арасындағы негізгі заты бар. Дәнекер тінінің қай түрі берілген? Борпылдақ пен тығыз талшықты дәнекер тіндерінің құрылыс айырмашылығы мен ерекшеліктерін түсіндіріңіздер.




  1. Тәжірибелік жануарға коллаген талшықтарының (латироген) түзілуін бұзатын зат енгізілді. Сіңірлердің механикалық қасиеттері қалай өзгереді?

  2. Сіңірде коллаген талшықтары бір бағытта, ал терінің торлы қабатында әртүрлі бағытта орналасады. Мұны қалай түсіндіруге болады?

  3. Қызыл сүйек кемігінің негізін процесс жасушалары және олардың арасында орналасқан жасушааралық зат құрайды. Ол қандай тіннен түзілген? Жасуша аралық заттың морфологиялық құрамы қандай?

  4. Қан түзуді реттеуде микроқоршау маңызды қызмет атқарады. Микроқоршау қай тіннің жасушаларынан түзіледі?

  5. Лимфа түйінінің демонстрациялық микропрепараты. Бояуы гематоксилин-эозин.

Ретикулярлы тіннің құрылымдық элементтерін ажыратыңыздар.

9. Гематоксилин-эозинмен боялған дәнекер тінінің препаратын зерттеу барысында бір-бірімен өсінділері арқылы байланысқан жасушалар көрінеді. Осы жасушалар түзген торларда баулар түзе орналасқан лимфоциттерді көруге болады. Бұл қандай тін деген сұраққа бір студент ретикулярля тін,- деп жауап берсе, екінші студент –сүйек тіні,-деп жауап берді. Қай студенттің жауабы дұрыс?
10.Дәнекер тінінің арнайы қасиеті бар шар тәрізді жасушасы берілген, оның орталық бөлімін бір үлкен нейтральды май тамшысы алып жатыр, цитоплазмасында органеллалары нашар дамыған, ядросы жалпақ бір шетіне жылжыған. Жасушаның пішіні жүзікке ұқсайды. Осы жасушаның атын атаңыздар.

11. Дәнекер тінінің адипоциттерінің цитоплазмасында көптеген майда май қосындылары бар. Жаңа туылған балаларда болатын дәнекер тінінің арнайы қасиеттері бар түрін атаңыздар.


12. Жаңа туылған нәрестелердің қоңыр май тініндегі адипоциттердің электронды- микроскопиялық үлгісі.


Үлгіде адипоциттердің жасуша ішілік органеллалары, қосындылары және оны қоршаған құрылымдары берілген. Қандай жасуша ішілік органеллалар мен қосындылар жақсы жетілген?


Кестелер.

  1. Меншікті дәнекер тінінің түрлерінің жасушааралық затының құрылысының айырмашылықтарын көрсетіңіздер (Оқулықтан 205-211 беттер)

    Дәнекер тінінің түрлері

    аморфты затының мөлшері

    Талшықтырының бағыттары

    Борпылдақ талшықты
    Тығыз талшықты қалыптаспаған
    Тығыз талшықты қалыптасқан









  2. Дәнекер тінінің арнайы қасиеттері бар түрлерін «+» белгілеңіздер. (Оқулықтан 211-213 беттер)

Дәнекер тінінің арнайы қасиеттері бар түрлері

Қызметтері

Амортиза-
циялық

Метаболизмдік

Терморегу-ляция

Мүшелердің стромасын түзетін

















Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет