Павлодар педагог кадрларының біліктілігін арттыру институты
“Тарих, құқық сабақтарында оқу үдерісін
ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер” курсы
Сабақ жоспары
Тақырыбы:
§14. Сақтардың мекендеген жері.
Сақ қоғамы.
Орындаған: Жакиянова А.Н.
Бисенова Г.А.
Хадам Т.
Павлодар, 2013 ж.
Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы
Сынып: 6
Күні:
Сабақтың тақырыбы: §14. Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сақ туралы алғашқы мәліметтер,сақ тайпаларының қоныстануы, сақ
қоғамы жайлы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық: Сақ елінің тарихымен таныстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін
дамыту.
Тәрбиелілік:Елін, жерін сүюге, білімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап, «Даңқ аллеясы»
Сабақтың көрнектілігі: интербелсенді тақта, карта, оқулық, дәптер, қарандаш,
слайдқа жазылған тірек-сызбалар, суреттер, стикерлер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Үй тапсырмасын тексеру
§13. Көшпелі бақтақшылық – шаруашылықтың негізгі түрі.
«Көшпелі өмір салты» тақырыбына құрастырған әңгімелерін тексеру.
Сұрақ-жауап:
1)
Көшпелілердің тіршілігін отырықшы егіншілердің өмірімен салыстыр.
2)
Көктемгі жайылым қайда орналасқан?
3)
Малшылар қыс жақындағанда қай жерге қоныстанған?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жоспары:
1.
Сақ туралы алғашқы мәліметтер.
2.
Сақ тайпаларының қоныстануы.
3.
Сақ қоғамы.
Сақтар – б.з.б. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген
ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған. Жалпы,
сақ тайпалары атауының мағынасы жайында көп пікір бар.
Геродот «Тарих»
І Дарий «Бехистун»
Страбон
Тарихи деректер
Гректер Азиялық скифтер
Парсылар Құдіретті еркектер
Ирандықтар Жүйрік атты турлар
Сақ тайпаларының қоныстануы
№
Сақ топтарының аты
Мекендері
1
Теңіздің арғы жағындағы
сақтар (парадарайа)
Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің
маңында, Сырдария мен Әмударияның
төменгі ағысында
2
Шошақ бөрік киетін сақтар
(тиграхауда)
Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда,
Жетісуда
3
Хаома сусынын дайындайтын
сақтар (хаумаварга)
Мургаб аңғарында өмір сүрді
Сақ қоғамы
Жауынгерлер Абыздар малшылар мен егіншілер
(қызыл) (ақ) (сары мен көк)
Оқушылар 3 топқа бөлініп тапсырмаларды орындайды. Топқа бөлу үшін
оқушыларға қызыл, ақ, сары түсті стикерлер таратылып, әр түс бойынша оқушылар
топтастырылады.Топтарға мынадай атаулар қойылады:
І топ – «Парадарайя»
ІІ топ –«Тиграхауда»
ІІІ топ – «Хаомаварга»
Тапсырма:
Әр топ өзінің атауы бойынша орналасқан жерлерін картадан көрсетеді(топ
басшылары кезекпен тақтаға шығады).
І – топ тапсырмасы: Сақ тайпаларының атауын тауып, кестеге түсіріңдер.
Сақтардың басқа
елдердегі атауы
ІІ – топ тапсырмасы: Көшпелілерге жауынгерлік арбада тұрып
соғысқаннан гөрі, аттың үстінде шайқасқан қолайлы болды. Салт атты
мен жорық арбасының суретін салып, неліктен бұлай екенін дәлелдендер.
ІІІ – топ тапсырмасы:Сақтар туралы айтылған мәліметтердің авторларын
тауып, кестеге жазыңдар.
Тапсырмалар орындалғаннан кейін топтар кезекпен бір-біріне барып
тексереді. Қай топ тапсырманы дұрыс орындағаны анықталып, жіберілген
қателер түзетіледі.
ІV. Бекіту сұрақтары:
1.
«Азиялық скифтер», «құдіретті еркектер», «жүйрік атты турлар» деп қай
деректерде айтылған?
2.
Сақ тайпалары мен тайпалық одақтарының топтарын атап, олардың
қоныстарын картадан көрсет.
3.
Сақ әйелдерінің қоғамдағы орны жөнінде әңгімеле.
4.
Сақ қоғамында көсемдердің рөлі қалай бағаланды?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
V. Сабақ қорытындылау.
Бүгінгі сабақта сақ туралы алғашқы мәліметтермен танысып,сақ тайпаларының
қоныстануын анықтап, сақ қоғамы жайлы толық мағлұмат алдық.
VІ.Бағалау.
Әр топтан бір оқушы «Даңқ аллеясына» шығып, басқа топ мүшелерін бағалайды.
VІІ. Үй тапсырмасы.
§14. Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы. (Мазмұндау)