Сабақ жоспары Тақырып: туынды тарауын қ айталау



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі146,16 Kb.
#5896

Сабақ жоспары

 

Тақырып:ТУЫНДЫ ТАРАУЫН Қ

АЙТАЛАУ 

Сабақ мақсаты:  

1. Білімділік: Оқушылардың туынды, туынды ережелері, күрделі функциялардың 

туындысы жөнінде алған білімдерін тереңдету. 

2. Дамытушылық: Ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру,жеке тұлғалық қасиеттерін 

теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру. 

3. Тәрбиелілік: Оқушылардың бір-біріне көмектесу адамгершілігін, өзіндік дүниетанымын 

қалыптастыру 

Сабақ көрнекілігі: Деңгейлі тапсырмалар, тест жұмыстары,үш түрлі түсті фишкалар және 

толықтыру жасағандарға берілетін үш түрлі түсті жарты фишкалар. 

Сабақ түрі: топтық және ұжымдық  

Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, сабаққа қатысын тексеру, сабақтың 

мақсат міндетін түсіндіру. 

Негізгі бөлім. 

Кезең. Үй тапсырмасын тексеру. 

Оқушыларға «туынды» тарауы бойынша бақылау сұрақтарын қоя отырып, олардың тарау 

бойынша алған білімдерін тексеремін. 

1.1.Екі функцияның қосындысының туындысы 

2.Екі функцияның айырмасының туындысы 

3.Екі функцияның көбейтіндісінің туындысы 

4.Екі функцияның бөліндісінің туындысы 

5.Тұрақты санның туындысы 

6.Дәрежелік функцияның туындысы 

7.n-ші дәрежелі функцияның туындысы 

8.Косинус және синус функцияларының туындысы 

9.Тангенс және котангенс функцияларының туындысы 

10.Күрделі функцияның туындысы 

кезең Ауызша туынды ережелерін пайдаланып есептер шығару 

f(x) = f(x) = f(x) =  

f(x) = 7x3 + 4x4 – 2x f(x) = x3 – 3x2 + x – 8 f(x) = 5sinx f(x) = 4tgx f(x) = 4cosx’»ctgx 

ІІІ кезең Оқулықпен жұмыс.  

Оқушыларды үш топқа бөлемін. 

1 топ. №190 а) f(x)=3ctgx-4xі  

б) f(x)=4-1/4 tgx 

№ 192 fҙ(х)=0, ә) f(x)= соs4х+1 

2 топ. №192 fҙ(х)=0, а) f(x)=-sіnx-1  

ә) f(x)=sіn2x+tgx 

№190 б) f(x)=tgx (соsх+2)  

3. топ №195 а) f(x)= соsх (соsх-1)  

б) f(x)= sіnx(ctgx-1) 

в) f(x)= (4х-1)• sіnx №190 в) f(x)=хІ ctgx  

IVкезең. Тест жұмысы 

Барлық оқушылардың білімін анықтауға мүмкіндік береді, және ойлау, есте сақтау 

қабілетін дамытады, тапқырлыққа дағдыландырады.  

Жауабы интерактивті тақта арқылы тексеріледі.  

(есептер қысқартылды. ред)  

V кезең. Сергіту 

1. Екі мен үштің ортасына қандай таңба қойғанда, екіден үлкен, үштен кіші сан шығады? 



2. Аспанда үш түйеқұс ұшып барады. Аңшы біреуін атып алды. Неше түйеқұс қалды? 

3. Үш майшам жанып тұр. Екеуін сөндірсе, неше майшам қалады? 

4. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? 

VІ кезең. Сабақты бекіту. (ауызша есептеу) 

VII кезең. Оқушыларды бағалау. 

VIII кезең. Үйге 191 (а,ә ) 197 (а)  



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет