Сабақ тақырыбы : М.Әуезов «Көксерек» хикаяты
Мұғалім сөзі:
- Балалар, сендермен бірге оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам үшін қандай маңызы бар? Қалай ойлайсыңдар? (Оқушылар өз пікірін айтады).
-Иә, әдебиет арқылы біз өмірді танимыз. Әдебиет өмірді таныта отырып, адамды тәрбиелейді.
Ой қозғау. Қай ақын, қай жазушының шығармасын алып қарасақ та, табиғат назардан тыс қалған емес. Ендеше мына сөйлемге назар аударайық.
Табиғат - күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі.
- Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді? Табиғат дегеніміз не? Қалай түсінесіңдер?
- Табиғат – халық қазынасы
- Табиғат дегеніміз – қоршаған орта.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Біздің бүгінгі әңгімеміз кеше ғана өзіміз оқып танысқан, көркем фильм арқылы жақсы білетін Көксерек, оның иесі Құрмаш және осы шығармадағы адамдардың іс-әрекеті туралы өрбімек. Шығарманың оқиғалық желісі, яғни сюжеті Көксерек іс-әрекетіне байланысты өрбіп, дамиды. Сондықтан біз осы шығарманың композициялық құрылысына талдау жасап көрейік.
1. Оқиғаның басталуы - Қасқырлар мекені. Бөлтіріктің тағдыры.
2. Байланысы – Көксеректің ұяластарымен табысуы.
3. Дамуы – Қарадыр еліндегі мазасыздық.
4. Шарықтау шегі – Құрмаштың қазасы.
5. Шешімі - Көксеректің жазасын тартуы.
Көксерек деген не? (қасқыр)
Қасқыр деген не?
- Қасқыр табиғаттың тағысы, қатал, ызалы, долы,басты мақсаты – тән азығын табу.
- Адам қандай?
- Адам - саналы тіршілік, өмірді сүйеді мейірімді, қамқор, кешірімді , ұрпақ өсіреді
өмірін жалғастырады.
Ізгілік кестесі
Дж.Лондон
«Ақ азу»
Қасқыр психологиясы М. Әуезов «Көксерек»
Ш.Айтматов
«Жан пида»
О.Сүлейменов «Волчата»
Адам мен табиғат арасындағы бірлік тұтастығы
О.Сулейменов «Волчата» өлеңінен үзінді . Бұл үзіндіден қатыгездікке қатыгездікпен жауап деген ойға келесің
Демек, табиғаттың өз заңдылығы бар,оны түсіну керек
«Көксерек» әңгімесіндегі Көксеректің биологиялық өсуі
1.Көзін ауылға келгеннен кейін екі күннен соң ашты
2.Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң мойнына жіп тағылды.
3.Жаз ортасында үлкейді.
4.Зіңгіттей көк шолақ болып шықты
5.Көксерек – арлан
6.Аш болғанда бірінші рет ұлыды.
7.Көкжал болды
1. Талдау сұрақтары
«Тағылар ұрпақ қамында»
- Қасқырлар тіршілігі қалай суреттелген?
- Арлан қасқыр мен қаншық іс – әрекетін баянда
«Табиғатқа шабуыл»
- Қасқырлар ұясын адамдар неге талқандады?
- Бөлтіріктерге істегендеріне қалай қарайсың?
- Адамдардың іс – әрекеті дұрыс па?
- Ауыл иттерінен Көксерек қандай зәбір көрді?
- Оның себебі не?
- Неге Көксерек адамдар арасына үйреніп кете алмады?
- Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
«Құтырған Көксерек»
- Құрмаш Көксерекке қалай тап болды?(оқушылар өздері әңгімелеп береді)
- Ауыл адамдары ала алмаған Көксеректі Аққасқаның жеңу
себебі не?
- Өзің сонша бағып мәпелеген Құрмашты танымай, Көксеректің
жауыздық істеген себебін қалай түсіндірер едің?
- Оқушының жауабы: - сол адамдардан көрген жәбір-жапасы.
- Бәлкім, қасқыр інін бұзып, табиғат заңына қарсы келген адамдардың
тағылығы деп ойлаймын.
Мұғалім:
- Міне, көрдіңдер ме, балалар, әр
жазушы көркем шығарма жазу үшін өзінің көрген-түйгенін ой елегенен өткізіп,соны
шығармасына арқау етеді.Сөйтіп, тақырып таңдайды.Сонда тақырып деген не?...
Себебі
|
Дәлел
|
Жазушының ойы
|
Соңында Көксеректің Құрмашты
мерт ету сәті арқылы жазушы немересінен айрылған әженің үлкен қайғысын
көрсетеді
|
Мұндай қайғылы оқиғаны көру
кім үшін болса да өте ауыр.Сондықтан әжесінің ыза,өкініш, наласымен қатар түз
тағысына айтылған қарғысын естиміз
|
Кемпір қарғысы арқылы жазушы
озбырлыққа, қаталдыққа қарғыс айтады.Жер бетіндегі адамдарға табиғат
тыныштығын бей – берекет бұзбауға,табиғаттың заңына қарсы келмеуді,қоршаған
ортаны қорғай білуді аманат етеді.
|
Міне, шығарманың негізгі оқиғасы да есімізге түсті. Басты кейіпкерлер кімдер? (Иә, қасқырлар мен адамдар). Олай болса, біз қазір топ болып жұмыс жүргізейік. Әр топтыің жетекшісі мына бағалау парағына өз тобынан жауап берген оқушыларды бағалап отырсын.
«Топтастыру» әдісі. Екі топқа «Адам» және «Қасқыр» сөздері жазылған плакат беріледі. Осы сөздер бойынша топ мүшелері қасқыр мен адамға қатысты сөздер мен сөз тіркестерінен сипаттама жазады. Әр топ өз тапсырмасын қорғайды.
«Еркін жауап» стратегиясы. Сабағымызды жалғастыра отырып, проблемалық сипаттағы талдау сұрақтарына еркін жауап берсек.
1. Көксерек туралы ел адамдары не деді?
2. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
3. Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді, жазалады? Осы жазаға өзің қалай қарайсың?
4. Көксеректің жауыздық істеген себебін қалай түсіндірер едің?
Балалар, шығарманы оқу барысында көкейімізде әлі де жауабы табылмаған сұрақтар қалғаны белгілі. Ұлы жазушының «Көксерек» хикаяты үлкен трагедиямен аяқталады. Неліктен жазушы осындай шешімге келді?
Біз сабағымыздың жалғасын дебат-пікірсайыс түрінде жалғастырсақ.
Шығарманы оқыған кезде туындаған «Адамдар әрекеті дұрыс па?» - деген сауалға біз екі түрлі жауап алдық. Мектебіміздің әдебиетші ұстаздарының бірі: «Менің пікірімше, адамдар әрекеті дұрыс. Қасқыр – түз тағысы. Ол адамды адам деп ешқашан да аяған емес. Ал адамның оны аяуы - осалдық»,- деп бағаласа, екінші бір әдебиетші ұстазымыз: «Менің ойымша, бұл хикаятты жазудағы Мұхтар ағаның ойы адамдар әрекетінің дұрыс емес екендігін таныту, адамдар қолымен табиғатқа жасалған қиянаттың ақыры немен тынатынын паш ету. Адамдардың қатыгездігі аңның да ашуын туғызады», - деп бағалады.
Ендеше, балалар, біз бүгінгі сабағымызда «Адамдар әрекеті дұрыс па?» деген сұраққа екі түрлі көзқарас тұрғысынан баға беріп, өз пікірімізді ортаға саламыз. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «Жігер» - жақтаушы топ, «Дарын» - даттаушы топ.
Дебат
"Жақтаушылар" тобының
резолюциясы:
Адам - ең саналы тіршілік иесі
Барлығы да адамға бағыну керек
Дәлелдері: Қасқырды қанша асырасаң да тауға қарап ұлиды, бөрілігін істейді
Малға да, адам өміріне де қауіпті
Даттаушылардың контррезолюциясы:
Қасқыр да табиғаттың бір
бөлшегі
Табиғаттағы барлық тіршілік иелерінің бірдей өмір сүру
құқы бар
Сайысты жақтаушы топ «Жігер» бастайды. Ұстанымы: «адамдар әрекеті дұрыс». Оқушылар өз пікірлерімен сәйкес айғақтарды өздері шығармадан тауып, пікірлерін дәлелдейді.
«Дарын» даттаушы тобының ұстанымы «адамдар әрекеті дұрыс емес». Екі топтың мүшелері өз пікірлерін, өз ұстанымдарын айғақ-деректермен дәлелдеп, пікір таластырады. Қарсы топқа сұрақтар қойылады. Пікірталас соңында сарапшылар екі топтың сөйлеу қабілетін, өз ойын дәл жеткізуін, шешендік өнерін ескере отырып, сараптама жасайды.
Дәлелдері:Қасқырды асырауға
болмайды, себебі ,ол – табиғаттың тағысы
Қасқыр да қас қылмайды жолдасына
Түйіндеме. «Көксерек» хикаятында жазушы қасқырдың мінез-құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттерін тақырып етіп алып, айнала қоршаған табиғаттың өз заңы, өзіндік ерекшелігі бар, оны адамдардың түсіне білуі қажет деген ойды білдіреді.
Оқушылардан қасқырға қатысты білетін мақал-мәтелдері сұралады.
Әй, табиғат! Шеберсің-ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.
Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің?!
Айың анау, күнің мынау, жер, міне,
Ау, адамдар!
Жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар, ағайын,
Асырайды ол сені, мені, елді де!
Қорытынды .
- «Көксерек» әңгімесі қалай аяқталушы еді?
- Әңгіме кемпірдің қарғысымен аяқталады.
- Қалай ойлайсыңдар, кемпір қарғысымен жазушының әңгімені аяқтауында не себеп бар?
- Бұл кемпір қарғысы арқылы Әуезов жауыздыққа қаталдыққа, қарғыс айтты.
Қоғамдағы ең саналы,биік тұлға адам.Барлығы адам игілігі, адам өмірі үшін жаратылған.Табиғаттағы әр нәрсеге
мейіріммен қарау керек.
Жазушының айтпақ ойы не?
- Адамдардың сол қасқырлардан да қатал тағы екенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |