Сабақ тақырыбы: Текше мен тік бұрышты параллелепипедті оқыту әдістемесі



Дата21.06.2022
өлшемі297,86 Kb.
#37170
түріСабақ
Байланысты:
Текше мен тік бұрышты параллелепипедті оқыту әдістемесі

Сабақ тақырыбы: Текше мен тік бұрышты параллелепипедті оқыту әдістемесі


Пәні: Математиканың теориялық негіздері және бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі


  1. Текше мен тік бұрышты параллелепипед кеңістік фигураларына жатады. Бастауыш сыныпта кеңістік фигураларының ішінде осы екі фигура толық таныстырылып, өтіледі.

Бастауыш сынып математикасындағы текше мен тік бұрышты параллелепипедті оқытудың міндеттері:

  • Текше мен тік бұрышты параллелепипед ұғымын қалыптастыру

  • Текше мен тік бұрышты параллелепипедті тану және ажырату, элементтерін атау, сыза білу

  • Олардың көлемін, бір жағының ауданын таба алуға үйрету

  • Тік бұрышты параллелепипед пен текшенің жазбаларын таныстыру



  1. Бастауыш сыныптарда оқытылатын кеңістік фигураларына текше мен тік бұрышты параллелепипед жатады. Бұлардың элементтері: жақтары, қырлары, төбелері, көлемдерін есептеу формулалары, бір жағының ауданын табу тәсілі таныстырылады, жазбасын, моделін жасау үйретіледі. Кеңістіктің өзге фигуралары (цилиндр, конус, призма, пирамида) және олардың жазбалары қысқаша түрде таныстырылады.

Текшені (куб) таныстыру. «Текше» тақырыбы 3-сыныпта өтіледі.





Текше – барлық жақтары шаршы болып келетін көлемді фигура (дене). Шаршылардың қабырғалары текшенің қыры, ал олардың төбесі – текшенің төбесі деп аталады. Текшенің 6 жағы, 12 қыры, 8 төбесі болады.
Текшенің өлшемдері: ұзындығы, ені және биіктігі, олардың ұзындықтары бірдей болғандықтан, оларды бір сөзбен қыры деп атауға болады.

Текшенің әрбір жағы – шаршы, әрбір қыры – кесінді, төбелері – нүктелер екендігі оқушыға түсіндірілуі тиіс. Яғни оқушы текшенің элементтерін атап, ажыратып, олардың санын білуі тиіс. Текше пішіндес заттарды (ойын сүйегі, кубик, қорапша т.б) көрсету қажет.


Текшенің барлық жақтары (шаршылар) тең болады.
Текшенің жақтары шаршы болғандықтан, оның бір жағының ауданын табу үшін шаршының ауданын табу формуласын қолданамыз: S= a2. Ал текшенің барлық жақтарының ауданын табу үшін бір жағының ауданын 6-ға көбейтеміз.
Осы тақырыпта оқушыларға текшенің моделін ермексаздан, қағаздан жасау, жазбасын дайындау тапсырылады.


  1. Тік бұрышты параллелепипедті таныстыру

Тік бұрышты параллелепипед текшемен қатар 3-сыныпта таныстырылады.

Мұндай фигура математикада тікбұрышты параллелепипед деп аталады.



Параллелепипедтің бетін құрайтын тіктөртбұрыштар жақтары деп аталады. Параллелепипедтің 6 жағы бар, бұған қоса бір-біріне қарама-қарсы орналасқан жақтары тең болады.
Тік бұрышты параллелепипедтің жақтары тіктөртбұрыш болғандықтан, оның бір жағының ауданын табу үшін тіктөртбұрыштың ауданын табу форуласын қолданамыз: S = a ·b
Параллелепипедтің 12 қыры бар, бұған қо­са олар жақтарының да қабырғалары болып та­былады.
Қырларының қиылысу нүктесі параллелепипедтің төбелері деп аталады.





  1. Текше мен тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табуды үйрету

4-сыныпта текше мен тік бұрышты параллелепипедтің көлемдерін табу формулалары енгізіледі.
V = a · b · c
Vтекше = a · a · a = а3

Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі оның ұзындығы, ені, биіктігінің көбейтіндісіне тең.


Текшенің көлемі оның қырын көбейткіш ретінде үш рет көбейткенге тең, яғни қырының кубына тең.
Осы ережелерді формула түрінде қолдану үшін оқушыларға түрлі тапсырмалар берледі. Мысалы: «Қатты қағаздан тік бұрышты параллепипед және текше дайындап, олардың көлемдерін есепте»


  1. «Текше және тік бұрышты параллепипед» тақырыбы бойынша оқушының білім, білік, дағдыларын жетілдіру және кеңістікті ойша сезінуді қалыптастыру мақсатында төмендегідей тапсырмаларды ұсынуға болады:

  1. Бөлменің ұзындығы 8 м, ені 5 м, биіктігі 3 м. Осы бөлменің еденінің ауданын тап. Бөлме қабырғалары бетінің ауданын есепте. Бөлмеде терезе (ұзындығы 2 м және ені 2 м) мен есік (ұзындығы 2 м және ені 1 м) бар екендігін есепке алуды ұмытпа.




  1. Алдарыңда ойын текшесінің суреті мен оның жазбасы берілген:

Текшенің астыңғы жағында? 
Сол бүйір жағында? 

Артқы бүйір жағында қанша дөңгелек бар? 





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет