Уақыт — ұлы күш. Абай Құнанбаев. «Сағаттың шықылдағы емес ермек»
Сабақ тақырыбы:
Уақыт — сый.
Білімділік:
Тілдік құрылымдар негізінде оқушыларға уақытты үнемдеу жайлы түсінік беру. Лексикалық тақырып аясында сын есімнің шырайларын меңгерту.
Дамытушылық:
Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану арқылы оқушы- лардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды сипаттау мәтіндері арқылы өз уақытын үнемдеуге тәрбиелеу.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, сын есім шырайларының қызметін біледі.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжай алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер келтіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз ойын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады.
Сабақта қолданы- латын материал- дар:
Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты буклеттер, слайдтар, плакат, маркерлер, кесте, смайликтер.
Оқыту әдістері:
Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассо- циограмма, ойбөліс, жағдаяттық тапсырма, жұптық жұмыс, «Қос шеңбер ішінде танысу» тәсілі, диалог, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.
Мұғалім «шаттық шеңберін» құрғызып, ын- тымақтастық атмосферасын орнату үшін оқу- шыларға: — Балалар, сендер қарым-қатынас барысында бір-біріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?-деп сұрайды.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын!