Сабақ тақырыбының аталуы Тақырып мазмұны 1 тақырып



Дата16.03.2023
өлшемі16,99 Kb.
#74787
түріСабақ
Байланысты:
Семинар және практика сабақтарының қысқаша сипаттамасы 2


Семинар және практика сабақтарының қысқаша сипаттамасы

Тақырып №

Сабақ тақырыбының аталуы

Тақырып мазмұны

1 тақырып

Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуына өмір сүру жағдайларының әсері.

Балалардың өсу және дамуының жалпы заңдылықтары. Акселерация, ретардация гетерохрониялық даму ерекшеліктеріне түсінік беру.

2 тақырып

Балалар мен жасөспірімдердің өсіп дамуына қоршаған ортаның әсері

Оқушылардың физикалық даму анықтамасы. Жеке қаралу картасы, физикалық даму ерекшелігінің құрылысы



3 тақырып

Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің функционалдық маңызы.

Жүйке орталықтарының құрылысы және қасиеттері

4 тақырып

Балалардың орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу үрдістері

Шартты рефлекстердің пайда болуының механизмі.
Шартты рефлекстердің тежелуі. Шартсыз тежелу және олардың жас ерекшеліктері. Тежелудің қорғаныстық сипаты. Шартты тежелу. Шартты тежелудің түрлері және балалардағы ерекшеліктері. Шартты тежелудің дамуы - тәрбиенің физиологиялық негізі.

5 тақырып



Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері

Жоғары жүйке әрекетінің онтогенезі. Жоғары жүйке әрекетінің типтері, олардың пластикалығы. Балалардың жоғары жүйке әрекетінің типологиялық ерекшеліктері

6 тақырып

Оқушылардың көру және есту қызметінің бұзылуының алдын алу

Көру талдағышы. Көздің құрылысы мен оптикалық қасиеті. Аккомодация және оның жасқа байланысты өзгерісі. Көру өткірлігі. Алыстан көру және жақыннан көргіштік. Кеңістікті көрудің жас ерекшеліктері. Әр түрлі жаста жарықты және түсті сезгіштік. Балалар мен жасөспірімдердің көру қабілетінің бұзылыстарының алдын алу. Көру гигиенасы.

7 тақырып

Мектеп жасында ішкі секреция бездері қызметінің бұзылыстары және алдын алу

Балалық және жасөспірімдік шақтарда ішкі секреция бездері қызметінің бұзылыстары. Балалар мен жасөспірімдер арасында тараған йод тапшылығы және қант диабеті, олардың алдын алу.

8 тақырып

Жыныстық тәрбиелеудің маңызы

Жыныстық тәрбиелеу – жастарды отбасылық өмірге дайындаудың маңызды бөлімі. Медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбиелеудің қағидалары, түрлері, амалдары мен әдістері.

9 тақырып

Оқушылардың қимыл белсенділігі және гиподинамияның зияны

Адам қаңқасы. Буындардың құрылысы мен қызметтері. Омыртқа жотасының иілістері, олардың қалыптасуы мен маңызы. Қаңқа сүйектерінің қалыптасуы. Ет жүйесі. Бұлшық еттің құрылысы мен қызметі. Ет салмағы мен ет күшінің жас ерекшеліктері. Қозғалыс дағдыларының дамуы, жасқа сай қозғалысты үйлестіруді жетілдіру.

10
тақырып

Мектеп жасында жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылыстары, алдын алу.

Организмнің ішкі ортасы. Қанның ұюы. Қан топтары. Қан аздылық және оның балалар мен жасөспірімдер арасында таралуының алдын алу.

11
тақырып

Тыныс алу ағзаларының қызметтерінің бүзылуы, себептері және алдын алу.

Тыныс алу маңызы. Тыныс алу ағзаларының құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері. Тыныс алудың реттелуі мен оның жас ерекшеліктері. Оқу бөлмелеріндегі ауаның гигиеналық маңызы.

12
тақырып

Асқорыту ағзаларының ауруларымен күресу және алдын алу.



Бала жасындағы ас қорыту ағзаларының құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері. Балалар мен жасөспірімдердің арасында ас қорыту ағзаларының кеңінен тараған аурулардың алдын алу.

13
тақырып

Мектеп жасындағы балалардың тамақтануын ұйымдастыру. Балалар мен жасөспірімдерде семіздік пен қант диабетінің алдын алу.

Балалар мен жасөспірімдерде тамақтануға қатысты гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

14
тақырып

Оқушылардың тері жамылғылары құрылысының жас ерекшеліктері. Терінің қызметі. Терінің туындылары.

Терінің құрылысы мен қызметтерінің жас ерекшеліктері. Терінің тазалығы мен біртұтастылығының маңызы.

15
тақырып

Бейімделу механизмдерінің жас ерекшеліктері. Оқушылар арасындағы жаман әдеттердің алдын алу мен күресу.

Жастар арасында темекі тарту, алкогольдік ішімдіктерді көп мөлшерде ішу және есірткі пайдаланудың алдын алу мен күресу.
АИТВ/ЖҚТС және жыныстық жолмен таралатын жұқпалы аурулар. Инфекция көздері, берілу жолдары және қатерлі топтар. ЖҚТС-ның клиникалық белгілері. Алдын алу шаралары.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет