Рұқсат етілмейді:
Сабақтан кешігуге, сабақтан кетіп қалуға болмайды.
Сабақ кезінде ұялы телефонды қолдануға болмайды
Алдауға, өзгелер орындаған жұмыстарды ұрлап алуға болмайды
Тапсырмаларды уақытынан кешіктіруге болмайды
Лекциялардың модульдік мазмұны
Аталған пән 2 модульмен тұрады:
Қазақ тілінің тарихы фонетикасы.
Қазақ тілінің тарихы морфологиясы.
1-модуль
«Қазақ тілінің тарихы фонетикасы» деп аталатын 1- модуль мына тақырыптарды қамтиды: 1. Кіріспе. Қазақ тілінің түркі тілдері жүйесіндегі орны. 2. Сөз басындағы дауыссыздар сәйкестігі. 3.Дауыссыз дыбыстардың түпкітектері (архетиптері) 4. Дауысты дыбыстардың түптіктектері.
Сингармонялық варианттар мн параллельдер. 5. Потезалық,эпетезалық, эпитезалық дауыссыздар мен дауыстылар. 6. Үнемдеу заңы және оның көне тіл мен жаңа тілдегі көріністері. 7. Қазақ тіліндегі сіңісу, жылысу, ығысу құбылыстары.
1-лекция
Кіріспе. Қазақ тілінің түркі тілдері жүйесіндегі орны
Түркі тілдерінің тілдік тұрғыдан топтастыру, сөйтіп әрбір тілдің түркі тілдері құрамындағы орын айқындау Махмуд Қашғарижен басталады. Өйтсе де классикалық тіл білімі түркі тілдерін ғылыми негізге сүйеніп топтастырудың тарихын ХІХ ғасырдан бастайды. Отандық және шетелдік түркология өкілдерінің ішінде көп таралып, қолдау тапқан топтастыру- академик А.Н.. Самойловичтікі. Оның топтастыру бойынша қазақ тілі территориялық жағынан солтүстік-батысқа, этникалық белгісі бойынша қыпшақ тобына жататын, фонетикалық белгісі бойынша сөз ортасы мен сөз соңында ғ,г дыбыстарының орнына у жартылай дауыстысын, морфологиялық белгісі бойынша өткен шақ есімшесі -ған яғни ғ дыбысын түсірмей қолданатын тілдердің бірі болып табылады.
Тек қана тарихи принципке негізделіп, тілдердің «жас мөлшерін» анықтауға құрылған классикафикация С.Е.Маловтың топтастыруы еді. С.Е. Малов түркі тілдердін ең көне, ескі, жаға , ең жаға топтарға жіктейді. Бұл топтастыру бойынша қазақ тілі жаға тілдер тобына жатқызылады.
Алайда бұл келтірілген топтамалардың қайсысына да бір негізгі мәселе ескерілмеген. Ол- халықтардың тарихы, тілдердің қалыптасу, даму тарихы. Қандай да бір тілдің қалыптасуы мен дамуы сол халықтың қалыптасуы мен даму тарихынан келіп шығады. Осы мәселе ескерілмесе, тілдің дамуын, қалыптасуын ескермеді. Оны назардан тыс қалдырады деген сөз. Қазіргітүркология қолданып жүрген Н.А. Баскаков топтамасы тілдердің этнологиясы мен грамматикалық ортақ заңдылықтарын ғана қарастырып қоймайды, халықтардыі қалыптасу, даму тарихын да тілдің қалыптасу мен дамуы заңдылықтарын айқындайтын факторлардың бірі депбасшылыққа алады.
Бұл топтама бойынша қазақ тілі түркі тілдерінің Батыс Хун тармағының қыпшақ тілдік тайпалық бірлестігінің құрамына қалыптаса бастаған.Қыпшақ тілдерінің негізінде қалыптасқандардың ішінде қазақ тілі (қарақалпақ, ноғай тілдермен бірге) қыпшақ халықтары мен тілдерінің ішінде кейін, кеш қалыптасқан қыпшақ –ноғай бірлестігіне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |