Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Жүрегімде жақсылық»
Мақсаты:
Білімділік:
ӛзара достық, «жақсылық» ұғымдары ,адамгершілік құндылықтары
жӛнінде түсінік беру.Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін
кеңейту.
Дамытушылық:
Ӛзін және айналасын сүюге,жақсы кӛруге деген ниеттерін ояту.
Тәрбиелік:
Қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.
Кӛрнекіліктер
: слайд
Әдіс – тәсілі:
сұрақ-жауап, баяндау.
Оқу іс-әрекет түрі: саяхат сабақ
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
Біздің топта балалар
Тату-тәтті ойнайды.
Дос кӛңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды.
-Балалар бүгін біздер «Алтын жүрек» қалашығына саяхатқа шығамыз. Ол елге
бару үшін ӛз жүрегіміздің қандай екенін білейікші.
«Жүректен жүрекке» шеңбері
«Жүрек жылуы» тренинг
Тәрбиеші: -.Қане, оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп
соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп кӛрейікші.
- Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?
- Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?
- Менің жүрегім қамқоршы
- Менің жүрегім жылы.
- Менің жүрегім қуанышты./Балалардың жауаптары тыңдалады./
Әңгімелеу «Мейірімді балапан» ертегісі
-Балапан нелерді кездестірді?
-Қандай жақсы істерді істеді?
Тыныштық сәті.
Балалар бір сәтке кӛзімізді жұмып, бойымызға сіңірген жақсы қасиеттерді ,
жүрегіміздегі жақсылық
алауындағы жылуды
тұла бойымызға таратайық.
Балалар біз бүгін адам бойындағы жақсы қасиеттер жӛнінде әңгімелейміз.
- Балалар «жақсылық» деген сӛзді қалай түсінесіңдер?
Жақсы адам – ол қандай адам?
(балалардың жауаптарын тыңдап, тәрбиеші толықтырады)
Балалар,
дұрыс айтасыңдар, яғни адам бойындағы жақсы қасиеттер ол –
үлкендерге кӛрсеткен кӛмегі, кішіге қамқор болуы, ұлы табиғатты аялап,
мәпелеуі, яғни ағаштарды сындырмау, жерге, суға қоқыс заттарды тастамау,
құстар мен жан – жануарларды қамқор етіп ,туған жерге деген сүйіспеншілігі
жақсы адамгершілік қасиеттері арқылы кӛрінеді.
Балалар сендердің бойларыңда осындай қасиеттер бар ма?
(балалардың жауаптарын тыңдайды)
Сендердің жақсы бала екендеріңді сынап,тексеріп, мүмкін бұл сұраққа
ӛздеріңнің іс-әрекеттеріңмен жауап берерсіңдер.
«Жақсылық жасау үшін не істеу керек?»
1 тапсырма
Отбасы мүшелеріне қалай жақсылық жасаймыз?
2 тапсырма
Достарымызға қалай жақсылық жасаймыз?
3 тапсырма
Отанға қалай жақсылық жасаймыз?
4 тапсырма
Табиғатқа қалай жақсылық жасаймыз?
Дидактикалық ойын «Не қажет?»
Шығармашылық жұмыс
/Геометриялық пішіндерден құстарға ұя жасау./
«Иә,жоқ» ойыны
Мен бәріне әрқашан,
Кӛмектесуге дайынмын
Осындай іс болғанда
Мен әрқашан деймін иә-иә-иә!
Үлкендерді сыйлаймыз ба?
Ағаш отырғызамыз ба?
Анамызға кӛмектесеміз бе?
Балаларды ұрамыз ба?
Інімізді киіндіреміз бе?
Мысықты бағамыз ба?
Құсқа жем саламыз ба?
Ауаны ластаймыз ба?
Гүлге су құямыз ба?
Ұяны бұзамыз ба?
Жақсылық жасаймыз ба?
Дәйексӛз
«Жақсылық жасау да – бақыт...»
Сергіту сәті
Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталады,
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы атқарады.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау менің – сол қолым
Барлық істі атқарады.
Мынау - менің оң аяғым,
Мынау - менің сол аяғым
Жақсылыққа апарады.
« Табиғаттың даналық асыл сӛздері»
Әркімге сүйіспеншілік сыйлап,Күндей бол!
Лотос гүліндей бол:Жүрегің әрқашан ашық болсын!
Ағашқа ұқса- Жақсы істер жаса,жасаған ісіңе мақтау күтпе!
Теңіздей бол: - Сенің ойларың таза болсын!
Аққудай бол:Ӛмірден тек жақсысын таңда, жақсыға ғана қара,жақсыны тыңда
және тек жақсылық жаса!
Құмырсқадай бол- Басқалармен бӛлісе біл!
Жақсы болсаң, жердей бол
Бәрін шыдап кӛтерген.
Таза болсаң судай бол
Бәрін жуып, кетірген.
Біреуге жақсылық етсең –
Ол жақсылықты міндет етпе! (М.Әуезов)
Жақсылық жүрген жерде, таршылық болмайды.Осымен
біздің саяхатымыз
аяқталды.
-Біз «Алтын жүрек» қалашығында не үйрендік?
Жақсы сӛз – жақсы тілек,
Болайық ізгі ниетті.
Жақсылық ойлап кісіге,
Тілейік үлкен – кішіге
– деп тамаша сӛздермен «Жақсылық жасаған бақыт» -
деп айналаңа жақсы істер жасап, қуантсаң, кӛңілін әрдайым қуанышқа толып,
бақытты боласың.Әрдайым жүрегімізде мейірімділік пен жақсылық болсын.