Сабақтың жоспары Алдын алу шаралары; 3 4



Дата21.12.2023
өлшемі4,25 Mb.
#141992
түріСабақ
Байланысты:
ашық сабақ 2023

«Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» КМҚК


Тақырыбы: «Гамазоид кенелерінің морфологиясы және олармен күрес шаралары»
Саратовка, 2023

Сабақтың жоспары


Алдын алу шаралары;

1

2



3

4

5


Гамазоид кенелеріне сипаттама;
Биологиялық дамуы;
Эпизоотологиялық деректер;
Ауру белгілері;
Анықтау және емі;
6
Мал дәрігерлік арахнология- Parasitiformes (паразитиформдық) және Acariformes (акариформдық) класына жататын кенелерді зерттейді. Паразитиформды кенелер індетті және инвазиялық аурулар қоздырғыштарын тасымалдайды.
Parasitiformes (паразитиформдық) кенелер
Ixodidae- жайлым кенелері
Argasidae-аргазид кенелері
Gamasoidae-гамазоид кенелері
Гамазоид кенелері паразитиформ тегіне жататын буынаяқтылар болып табылады. Бұл кенелер тобы ішінде Dermanyssus gallinae тауық кенесінің практикалық маңызы зор. Бұл кене боррелиоз, орнитоз, тырысқақ және оба ауруларының қоздырғыштарын тасымалдайды. Сонымен қатар бұл кенелер құс денесіне жаппай жабылғанда олар азады, жұмыртқалау қабілетгілігі төмендейді, тірілей салмағы кеміп, балапандар өлім-жітімге ұшырайды.
Гамазоид кенелеріне сипаттама;
Биологиялық дамуы;
Тауық кенелері Dermanyssus gallinae - ұсақ, тұрқы 0,75 мм-дей (аш кезінде) қозғалымпаз буынаяқтылар болып табылады. Аш кенелер ашық сары түсті, қан сорған соң олар қызарады, сосын қоңырқай тартады. Пішіні сопақ, үстінде көптеген қылдары бар. Дене сырты көптеген қалқаншалардан құралған, ал олардың арқасында созылымпаз жарғақ бар, ол кененің қан сорғанда 2 есе үлкеюіне мүмкіндік береді. Аяқтары үзын, оның ең бірінші буыны - қозғалыс қызметін атқарады, ал ең соңғы буын табанында жұп тырнақшалары және мөлдір жабысқағы бар. Бірінші жұп аяқтары сезім қызметін атқарады, кене қозғалғанда алдыңғы аяқтары жылдам көтгеріліп және жылдам төмен түседі, кене өз жолын сипап көргендей болады, себебі тауық кенесінің көзі жоқ.
Ауыз мүшелері тесіп-соруға бейім: Кененің еркегі ұрғашыларынан кішірек, балаң кенелері қан сормайды, сыртқы қабыршағы мөлдір, шыны түсті.
Тауық кенесінің толық даму циклі тиімді жағдайда 6-12 күнге созылады. дамуы бірнеше сатыда жүреді:
  • Жұмыртқа, дөңгелек немесе сопақ пішінді;
  • Балаңқұрт 3 жұп аяқтары бар. Бұл сатыда тамақтанбайды;
  • Протонимфа, 4 жұп аяқтары бар. Осы кезеңнен бастап қоректене бастайды;
  • Дейтеронимфа, денесінде қатты жамылғысы пайда болады, ол сары немесе қоңыртүсті болады;
  • Имаго немесе ересек кене.

Эпизоотологиялық деректер;
Тауық кенелері құс қораларында, құс ұяларында мекендейді. Әсіресе көктем күз айларында пайда бола бастайды. Олардың жиылатын жерлері: қабырғаның саңлауы мен жарықтары, құс қораларындағы қоқыс және шаң басқан орындары. Жылы құс қораларында (жылылығы 20-25°С шамасында) тауық кенелері жьл бойы тіршілік етеді. Олар әсіресе жаздың ыстық кезеңінде тез өсіп өнеді. Әдетге бұл кенелер түнде шабуыл жасайды, бірақ тым көбейіп кетсе, күндізде шабуыл жасай береді. Кене 11 айдай аштыққа шыдайды. - 5°С тан төмен суықтыққа кене шыдамайды, қырылып қалады.
Ауру белгілері;
Тауық кенесі (dermanyssus gallinae) құстың күйзеліске ұшырауына және өсіп өнуінің азаюына әкеледі. Сондай-ақ, тауықтарды анемияға ұшыратуы мүмкін. Жұмыртқа өндірісі төмендейді. Жұмыртқалар қан дақтарымен шығады. Сондай-ақ, фермада жұмыс істейтін қызметкерлерде тері аурулары пайда болады.
Тауық кенесінен өлген тауықтарды жарып сойып қарағанда: Ішкі бұлшықеттер мен органдарда анемия белгілері пайда болады, теріде кене шағуынан нүктелік белгілер көрініс береді. Құс қораларында кене шектен тыс көбейгенде түн ортасында тауықтар шулай бастайды, күндіз жемге деген тәбеттері азайып қауырсындары түсе бастайды.
Анықтау және емі;
Анықтау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық белгілерге және зертханалық зерттеулерге сүйене отырып анықталады. Құс қораларында тауық кенелерін табу үшін таяқшаға мақта немесе мата орап оған вазилин жағып, қораның қараңғы бұрыштарына жүргізу арқылы анықтауға болады немесе төмендегідей:
Тауық кенесін (dermanyssus gallinae) жою схемасы паразиттердің дамуының биологиялық циклдарын ескере отырып жасалады. Құс қауіпсіз дәрі — дәрмектермен емделу үшін - Ивермек ОR және Ивермек-он препараттарын қолдану тиімді болып саналады. Олар эмбриотоксикалық әсері жоқ, бұл асыл тұқымды құсты өсіру кезінде маңызды.
Тауық кенесін (dermanyssus gallinae) жою – ауыр және ұзаққа созылатын процесс, толығымен жою мүмкін емес.
Шаруа қожалықтарының жұмысшылары үшін ең бастысы мақсат — құс пен сонда жұмыс жасайтын қызметкерлерге зиян келтірмеу үшін оның санын минимумға дейін азайту болып табылады.
Алдын алу шараларының түрлері:
  • Ең бастысы-векторлық корпустар арасында кененің қоныс аударуына жол бермеу үшін жалпы ветеринариялық-санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау;
  • Қора ішін қүс саңырағынан мұқият тазалап, ағаштан жасалған буйымдарды сыртқа шығарады. Құс қора ішінде дератизация жүргізіледі, көгершін, қарлығаш және торғай сияқты құстардың ұяларынан тазарту;
  • Дәріленген қорада кенелер бір бөлмеден екінші бөлмеге көшіп кетпес үшін дәрілеуді біртіндеп ең алдымен аналық қүс тұрған және жұмыртқалайтын тауық түрған бөлімшелерден бастау;
  • Ветеринарлық зоогигиеналық талаптарды қатаң сақтау;
  • Тауық қорадағы тауық нәжістерін биотермиялық өңдеуден өткізу, шаң тозаңдардан тазарту;
  • Құс қораларын 2 рет 1-2% хлорофос ерітіндісімен, 0,5% карбофос эмульсиясымен өңдеу қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер
  • https://www.referat911.ru/Veterinariya/akariformdy-keneler-olarmen-kresu-sharalary/244547-2503223-place1.html
  • К.У.Сулейманова, Жануарлардың инвазиялық аурулары, Қостанай, 2016ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет